Төтенше жағдайлар министрінің




Скачать 217.18 Kb.
НазваниеТөтенше жағдайлар министрінің
Дата конвертации10.02.2016
Размер217.18 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://emer.kz/laws/underlaws_act/metodichka_kaz.doc


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2010 жылғы 4 қазандағы

№ 336 бұйрығымен бекітілген


Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының Операциялық жоспарын, жұмыс жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жасауға бақылау жөніндегі Әдістемелік нұсқаулық


  1. Жалпы ережелер


Осы Әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Операциялық жоспарын (бұдан әрі – Операциялық жоспар), орталық аппарат (бұдан әрі – ОА) құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыс жоспарларын әзірлеуге, іске асыруға, мониторинг жасауға және бақылауға әдіснамалық көмектесу мақсатында әзірленді.

Операциялық жоспар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдары жоспарланатын қаржы жылындағы стратегиялық жоспардың мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың ресурстарымен, жауапты орындаушыларымен және жүзеге асыру мерзімдерімен байланысқан нақты іс-қимылын қамтитын құжат екенін білдіреді.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 135 бұйрығымен және Министрліктің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 276 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жасау, бағалау жөніндегі нұсқаулығымен бекітілген мемлекеттік органдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, стратегиялық жоспарларын іске асыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтарымен Операциялық жоспарды іске асыру арқылы Министрліктің Стратегиялық жоспарын іске асыру жүзеге асырылады.

Мемлекет Басшысының осы Жарлығына сәйкес және Министрліктің ОА құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының Операциялық жоспарын іске асыру барысын талдау негізінде Стратегиялық жоспардың мониторингін жасау жүзеге асырылады.

Операциялық жоспарға өзгерістер енгізу Стратегиялық жоспар өзгерген жағдайда және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі – Министр) шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Операциялық жоспардың негізінде Министрліктің ОА құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыс жоспарлары Операциялық жоспардың құрылымына және мазмұнына толығымен сәйкестікте әзірленеді.


  1. Операциялық жоспарды әзірлеу


Операциялық жоспар жоспарланатын қаржы жылындағы стратегиялық жоспардың мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі ірілендірілген, негізгі, аса басымды іс-шараларды қамтитын құжатты білдіреді.

Операциялық жоспар Министрліктің Стратегиялық жоспарының және ОА құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволардың, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттерінің мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың ұсыныстары негізінде әзірленеді.

Министрліктің Операциялық жоспарын әзірлеуге – Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаменті іске асыруға – барлық Министрлік ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары жауапты.

Операциялық жоспардың жалпы құрылымы төмендегідей бөлімдерден тұрады(осы Әдістемелік нұсқаулыққа 1-қосымша):

1-бөлім. Операциялық жоспардың тұтастай Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша іс-шаралары;

2-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту;

3-бөлім. ТЖ алдын алу саласындағы тәуекелдерді басқару.

Операциялық жоспар мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) ағымдағы қаржы жылына Министрліктің Стратегиялық жоспарында көзделген мақсаттарын, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге қажетті іс-шаралардан тұруы;

2) Министрлік қызметінің барлық саласын, ОА құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін қоса алғанда қамтуы;

3) Министрліктің Стратегиялық жоспарының мақсаттарымен, міндеттерімен және нәтижелер көрсеткіштерімен, сондай-ақ олардың жүзеге асу мерзімімен және жауапты қызметкерлерімен іс-шаралардың өзара қисынды байланысы мен келісімділігі сақталуы;

4) қысқа әрі нақты тезисті форматта баяндалуы тиіс.

Министрліктің Стратегиялық жоспарын аса сапалы әзірлеу мақсатында Операциялық жоспар жобасына ұсыныстарды әзірлеуге тікелей жауапты ОА құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволардың өкілдерінен сараптау құрылады. ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволар, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері, ведомстволық бағынысты ұйымдар осы Әдістемелік ұсыныстарға сәйкес 25 қазанға дейінгі мерзімге Операциялық жоспардың бөлімдері мен кіші бөлімдерін қалыптастыруға жауапты (Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаменті, ТЖАД, ТЖЖД, АҚД, КҚД, ІБАД, АБД, ҚҚД, ӨҚҚК, ТЖжӨҚМБК, ММРК, ХЫБ, АМжПСБ, Баспасөз қызметі) ОА құрылымдық бөлімшелеріне және Комитеттерге өз ұсыныстарын енгізеді.

Бұл ретте, Операциялық жоспардың бөлімдері мен кіші бөлімдерін қалыптастыруға жауапты құрылымдар бірге орындаушы болып табылатын ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволар, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері , ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсыныстарын қорытындылайды және 5 қарашаға дейін Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаментіне жиынтық ұсыныстарды береді.

Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаментінің басшылығымен сараптау тобы 21 желтоқсанға дейінгі мерзімге Операциялық жоспар жобасын қалыптастырады және Министрлік басшылығына ұсынады.

Операциялық жоспарды әзірлеуге тұрақты бақылауды Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаменті жүзеге асырады.

Операциялық жоспарды әзірлеуге жалпы бақылауды Министрліктің аппарат басшысы жүзеге асырады.


1-бөлім. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Операциялық жоспарының іс-шаралары


Осы бөлімде ағымдағы қаржы жылына бюджеттік бағдарламаның кодын, нақты көрсеткіштердің сандық мәндерін, жауапты орындаушыларды, орындау мерзімі мен аяқталу нысанын көрсете отырып, іс-шаралардың іске асырылу шеңберінде Министрліктің Стратегиялық жоспарының бөлігінде мақсаттарға, міндеттерге тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар келтіріледі.

Операциялық жоспардың іс-шаралары (бұдан әрі – Іс-шаралар) ағымдағы жағдайларды талдау негізінде қалыптастырылады және Министрлік, оның ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері, ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметін жетілдіруге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, Азаматтық қорғаныс, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы бар проблемаларды шешуге және оларды шешу жолдарына бағытталуы тиіс.

Осы бөлім Министрліктің ОА, ведомстволары, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде әзірленеді және Стратегиялық жоспардың жоспарланатын қаржы жылына көрсеткіштердің нақты маңызы, жауапты орындаушылары, орындау мерзімі және аяқтау нысаны көрсетіле отырып «3.1.Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және көрсеткіштер нәтижелері» ірілендірілген бөлімді көрсетеді.

Бірінші бөлімнің іс-шаралары мынадай міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс:

  • жұмылдыру керек-жарақтарына арналған материалдық құндылықтар қорын құру, төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдау, нарыққа реттеуші ықпал жасау, ізгілік көмек көрсету, сондай-ақ сақтау пункттерін жетілдіруді және жаңартуды жүргізу. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (төтенше жағдайларды жоюға арналған материалдық құндылықтарды жинақтау бөлігінде)Төтенше жағдайларды жою департаментімен және Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесе отырып, міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды қалыптастырады.

- тәуекелдерді азайту және техногендік авариялардан, апаттар мен дүлей апаттар залалдардың барынша азайту бойынша жағдайлар жасау. Міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар Министрліктің ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары – Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, «Қазавиақұтақру» РМК, кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару құралымдары және жедел құтқару жасақтары ұсыныстарының негізінде төтенше жағдайларды жою, төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтық қорғаныс, ақпараттандыру және байланыс департаменттері (бұдан әрі – ТЖЖД, ТЖАД, АҚД және АБД тиісінше) қалыптасады;

  • апаттар медицинасы қызметін жетілдіру: апаттар медицинасының құралымдарын дамыту, кәсіби медициналық авариялық-құтқаруға, оның ішінде жол-көлік оқиғаларының салдарын медициналық-санитарлық жоюға, олардың материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсартуға; төтенше жағдайлар және техногендік сипаттағы апаттар туындаған кезде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға, уақытында және дәл диагностикалауды қамтамасыз етуге, ҚӘУЗ қолданумен болған төтенше жағдайлар кезінде зақымдану салдарынан зардап шеккендерді емдеуге арналған құралымдарын құру. Апаттар медицинасы және психологиялық қызмет басқармасы, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ, «Апаттар медицинасының теміржол госпиталі» АҚ міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды қалыптастырады;

  • төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және азаматтық қорғаныс саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, халықты, объектілерді және аумақты төтенше жағдайлардан қорғаудың кешенді ғылыми негізін құру. Министрліктің ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсыныстарының негізінде Кадрлық қамтамасыз ету, Азаматтық қорғаныс, Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаменттері міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды қалыптастырады;

  • дағдарыс жағдайларында басқарудың жеделдік және тұрақтылық деңгейін арттыру. Министрліктің ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары – Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, «Қазавиақұтақру» РМК, кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару құралымдары мен жедел құтқару жасақтарының орталық штабы ұсыныстарының негізінде АБД, АҚД міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар қалыптастырылады.

  • халықты және аумақты төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, төтенше жағдайлардың алдын алуын мониторингтеуді жүргізу. Министрліктің ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары, оның ішінде «Қазселденқорғау» ММ ұсыныстарының негізінде Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті (бұдан әрі – ТЖААД) міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды қалыптастырады;

- қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру. Облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері, кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару құралымдары мен жедел құтқару жасақтарының орталық штабы, «Өнеркәсіптік қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» РМК ұсыныстарының негізінде міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – ТЖӨҚМБК) қалыптастырады.

Осы бөлімде Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін, Министрлік алқасының қаулыларын, Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының, Министрліктің ғылыми-техникалық кеңесінің, Жарылыс ісі жөніндегі кеңесінің, Мұнай төгілулеріне ден қою жөніндегі ұлттық комиссиясының хаттамаларын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін арттыруға және жетілдіруге, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін, Азаматтық қорғанысты арттыруға, мемлекеттік материалдық резервті жақсартуға бағытталған Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмаларын орындауға бағытталған іс-шараларды көздеу қажет.


2-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған іс-шаралар


Бөлімде ағымдағы қаржы жылына Министрліктің функционалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған іс-шаралар келтіріледі.

Функционалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған іс-шараларға Министрліктің ішкі қызметін ұйымдастыруды жақсарту, функционалдық мүмкіндіктерді дамыту, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттерімен, ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара іс-қимыл, оның қызметі нәтижелерін жақсартуға және стратегиялық мақсаттарға аса тиімді қол жеткізуге қажетті көрсететін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру (персоналдың кәсіби даярлығының деңгейі және оны дамыту шаралары, ақпараттық ресурстардың сапасын арттыру, атқарушылық тәртіпті арттыру) бойынша іс-шаралар енеді.

Министрліктің функционалдық мүмкіндіктерін дамыту жөніндегі іс-шараларды Министрлік стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттарымен, мақсаттарымен және міндеттерімен байланыстыра құрастыру қажет.

Бөлімде төмендегідей отырыстар тақырыбы көрсетіледі:

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясындағы бар проблемалы мәселелерді талдау негізінде Министрліктің ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының келісімі бойынша отырыстың күн тәртібін ТЖААД қалыптастырады);

Министрлік алқасы (Министрлік қызметінің аса өзекті және проблемалы мәселелерін ескере отырып Министрліктің ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсыныстарының негізінде ІБАД отырыс күн тәртібін қалыптастырады);

Министрліктің ғылыми-техникалық кеңесі (төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы қазіргі заманғы технологияларға қол жеткізуді Министрліктің күнделікті қызметіне міндеттеріне сәйкес іс жүзінде енгізу бойынша Министрліктің ОА, ведомстволары, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары құрылымдық бөлімшелерінің келісімі бойынша СЖ АТЖ ҒЖЖТД отырыс күн тәртібін қалыптастырады);

Жарылыс ісі жөніндегі кеңесі (республиканың қауіпті өндірістік объектілеріндегі ағымдағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жай-күйін ескере отырып, ТЖӨҚМБК отырыс күн тәртібін қалыптастырады);

Мұнай төгілулеріне ден қоюдың ұлттық комиссиясы (ағымдағы жағдайларды және мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздігін арттыру жөніндегі мұнай өндіруші компаниялардың қабылдаған шараларын ескере отырып, ТЖӨҚМБК отырыс күн тәртібін қалыптастырады.

Сондай-ақ осы бөлімде мына:

Нормативтік құқықтық және әдістемелік базаларды жетілдіру – іс-шараларды Министрліктің ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволар, облыстар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдар енгізеді және Құқықтық қамтамасыз ету департаменті қорытындылайды. Осы кіші бөлімде жоспарланатын Үкіметтің заң жобалары, қаулы жобалары, өзге де жарғылар, әдістемелік ұсынымдар, жәрдемақылар және т.б. көрсетіледі.

Кадрларды оқыту, даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру; Семинарлар, жиындар, жаттықтырулар, байқаулар – іс-шараларын Министрліктің ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары енгізеді және олардың құзыретіне сәйкес КҚД, АҚД, ТЖЖД қорытындылайды. Осы кіші бөлімдерде ОА құрылымдық бөлімшелернің, ведомстволар, Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының кадрлық әлеуетін дамытуға және ТЖ шарттарындағы іс-қимылға халықты оқыту жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-шаралар көрсетіледі.

Бақылау-тексеру іс-шаралары – іс-шараларын ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттері, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары енгізеді және ІБАД қорытындылайды. Осы кіші бөлімде ОА құрылымдық бөлімшелер, ведомстволар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттер, ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыстарындағы кемшіліктерді уақытында анықтау және жоюға, төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі іс-қимылға әзірлігін арттыруға бағытталған бақылау-тексеру іс-шаралары көрсетіледі.

Ақпараттық – талдау қызметі – іс-шараларын ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттері, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары енгізеді және Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаменті қорытындылайды. Осы кіші бөлімдерде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігін, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесін, Қазақстан Республикасы Үкіметін, Министрлік басшылығын Министрлік қызметі туралы ақпараттық-талдау материалдармен ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар және ақпараттық-талдамалы құжаттардың тақырыптар көрсетіледі.

ТЖ саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту – іс-шараларын ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттері, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары енгізеді және Халықаралық ынтымақтастық басқармасы қорытындылайды. Осы кіші бөлімдерде ТЖ саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен күшейтуге бағытталған іс-шаралар көрсетіледі.

Министрліктің оң имиджін қалыптастыру жөніндегі жұмыс – іс-шараларын ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттері, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары енгізеді және Министрлік баспасөз қызметі қорытындылайды. Осы кіші бөлімдерде Министрліктің ақпараттандыру-насихаттау жұмыстарын қамтамасыз ету және жүргізу жөніндегі іс-шаралар көрсетіледі.

3-бөлім. ТЖ алдын алу саласындағы тәуекелдерді басқару


Осы бөлімде ықтимал сыртқы және ішкі тәуекелдерге бөле отырып: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, Азаматтық қорғаныс, мемлекеттік материалдық резерв, кадрлық әлеует саласындағы ықтимал тәуекелдер және оларды алдын алу және (немесе) еңсеру жөніндегі жоспарланатын іс-қимыл және мынадай:

  • алыс елді мекендердегі өрт ауқымдарының, дала және орман өрттерінің, олардан зардап шеккендер мен қаза тапқандар санының, сондай-ақ материалдық залалдың ұлғаюы;

  • республика аумағында өртке қарсы қорғау деңгейінің жоқтығы немесе төмендігі;

  • қауіпті өндірістік объектілерде авариялар мен жарақтанудың өсуі;

  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендер мен қаза тапқандар санының, материалдық залалдың өсуі;

  • Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарын іске асыруда бірге орындаушылар – орталық және жергілікті атқарушы органдардың дайын еместігінен Стратегиялық жоспардың индикаторлары мен міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеуі;

  • төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қойылған міндеттерді орындау үшін білікті және даярланған кадрлардың жетіспеуі;

  • кәсіптік мүмкіндіктерінің күрт төмендеуі және білікті кадрлардың азаюы салдарынан болатын тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды қабылдамаған жағдайда ықтимал салдар келтіріледі.

Сондай-ақ жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізбеу тәуекелдері туындаған жағдайда қабылданатын нақты іс-шаралар көрінеді.

Мысалы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың саны мен ауқымының, олардың салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың санының өсу тәуекелін басқару жөніндегі іс-шаралармен кешенді алдын алу іс-шаралар өткізілетін және құтқару бөлімшелерінің апат аймағына уақытында келуін және авариялық-құтқару жұмыстарын жедел жүргізуді қамтамасыз етілетін болады.

Бұл ретте, ведомствоаралық деңгейде орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:

  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау

қаупі дәрежесін алдын ала анықтау;

  • қауіпті учаскелерді аэро шолу, жер үсті зерттеулерін жүргізу;

  • халықты болжанатын және туындайтын төтенше жағдайлар,

олардың алдын алу алдын алу және жою шаралары туралы хабардар ету және ұйымдастыру;

  • халықты төтенше жағдайлардың жағымсыз салдарынан қорғау

әдісімен оқыту;

  • басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты әзірлікте

дамыту және қолдауды ұйымдастыру;

- төтенше жағдайлар кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін (Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, аумақтық, объективті құралымдар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметінің құралымдары, жедел-құтқару жасақтары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін) іс-қимылға тұрақты әзірлігін даярлау және қолдау жөніндегі іс-шаралар көзделеді.

  • салалар мен шаруашылық жүргізуші объектілері жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыру жөніндегі кешенді іс-шараларды өткізу;

  • маусымды су тасқындарына және су басуларға, селдерге, сырғымаларға, көшкіндерге, тұрмыстық, өндірістік және ландшафты өрттерге қарсы іс-қимыл;

  • қауіпті өндірістік объектілерді аварияға қарсы беріктілік деңгейін арттыру;

  • қорғану құрылыстарының, жеке қорғану құралдары запастарының және Азаматтық қорғаныстың басқа мүлігінің қажетті қорын әзірлікте жинақтау және ұстау.

Бөлім Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департамент, ӨҚҚК, ТЖжӨҚМБК, ТЖАД, АҚД, ТЖЖД, АБД, АМжПҚБ, Баспасөз қызметі облыстардың, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

1.Операциялық жоспарды іске асыру және мониторингтеу


Операциялық жоспарды іске асыру Операциялық жоспарда көзделген іс-шараларды орындау жолымен жүзеге асырылады.

Министрліктің Операциялық жоспарын іске асыру туралы ақпаратын жинаудың, жүйелендірудің және талдаудың үздіксіз үдерісі мониторингтеу болып табылады.

Операциялық жоспардың мониторингтеу мақсаты болып, Министрліктің Стратегиялық жоспарының мақсаттарына, міндеттеріне және көрсеткіштеріне тиісінше және уақытында қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін оның іске асыру барысын жақсарту табылады.

Операциялық жоспарды мониторингтеу:

  1. Операциялық жоспарды іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты алудың тұрақтылығын;

  2. Операциялық жоспарды іске асыруда ОА, ведомстволары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттерінің құрылымдық бөлімшелері мен Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының іс-қимылдарының келісімділігін;

  3. Операциялық жоспарды өзгерген шарттарын ескерер отырып, уақытында өзекті етуді қамтамасыз етеді.

Операциялық жоспарды мониторингтеуді ай сайын Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаменті жүргізеді.

Министрліктің ОА, ведомстволары құрылымдық бөлімшелерінің Операциялық жоспарын мониторингтеу үшін, Операциялық жоспардың іс-шараларын іске асыруға жауапты болып табылушы орындаушылар Министрліктің аумақтық органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының есептерін жинауды, жүйелендіруді, талдауды және қорытындылауды жүргізеді және Операциялық жоспардың орындалғаны туралы қорытындыланған ақпаратты Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаментіне ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 2 күніне дейін ұсынады.

Ақпаратты ұсынуға жауапты ОА, ведомстволары құрылымдық бөлімшелері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшысы ұсынылатын ақпараттың сенімділігіне, толықтығына және уақтығына дербес жауапкершілікте болады.

ОА, ведомстволар, облыстар, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұсынған ақпараты нәтижелердің мақсаттарының, міндеттерінің, көрсеткіштерінің бөлігінде жоспарланған іс-шаралардың (орындалмау себептерін көрсете отырып) орындалғаны және орындалмағаны туралы ақпаратты білдіруі тиіс.

Ұсынылған ақпарат негізінде Операциялық жоспарды іске асыру туралы есеп дайындалады.

Операциялық жоспарды іске асыру туралы есеп:

  1. Операциялық жоспарды іске асыру барысын талдаудың қорытындысын;

  2. басқару жүйелерін жақсартуға, жоспарланған іс-шараларды жауапты орындаушылардың уақытында іске асыруын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға, жоспарланған іс-шараларды іске асыру тиімділігін арттыруға және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қажетті шараларды лауазымды тұлғалардың қабылдауы бойынша ұсынымдар және басқа ұсынымдарды;

  3. Қажетіне қарай Операциялық жоспарға өзгерісте енгізу жөніндегі ұсыныстарды көрсетуі тиіс.

Операциялық жоспарды іске асыру туралы есепті Министрліктің басшылығына Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаменті ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың екінші сейсенбісінде Министрліктің аппараттық кеңесінде ұсынады.

Мониторинг нәтижесі бойынша Министрлік басшылығына:

  • Министрліктің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу мақсатында жоспарланған іс-шараларды (өзге іс-шараларды айқындау) іске асыру тиімділігін арттыруға;

  • анықталған проблемалы мәселелер бойынша шаралар қабылдауға бағытталған шешімдер енгізеді.

Операциялық жоспарды мониторингтеу нәтижелерінің сенімділігіне және толықтығына Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаменті жауапты болады.


4. Операциялық жоспардың іске асырылуын бақылау

Операциялық жоспардың іске асырылуын бақылауды Министрлік басшылығы және Ішкі бақылау және аудит қызметі жүзеге асырады.

Операциялық жоспардың іске асырылуын бақылау операциялық жоспарға жүргізілген мониторинг негізінде, сондай-ақ бұзушылықтарды айқындау, жою және жол бермеу мақсатында бақылау іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.


5. ТЖМ құрылымдық бөлімшелері, облыстар, Астана және Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері, ведомстволық бағынысты ұйымдары жұмыс жоспарларын әзірлеу.


Министрліктің ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, облыстар, Астана және Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері, ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыс жоспары (бұдан әрі – жұмыс жоспары) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің үздіксіз, сабақтастық және дәйекті қағидаттарына сәйкес болуы тиіс.

Жұмыс жоспары толығымен Операциялық жоспардың құрылым мен іс-шараларына сәйкестенуі тиіс. Операциялық жоспардың барлық іс-шараларын бөлімшелері болып табылатын орындаушылары/бірге орындаушылары іске асырудың нақты мерзімін көрсете отырып, осы бөлімшенің жұмыс жоспарында көрсетуі тиіс. Осы іс-шаралар егжей-тегжейлі ашылуы және қажетіне қарай тармақшаларға бөлінуі тиіс.

Жұмыс жоспарлары Министрліктің ОА, ведомстволар, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар құрылымдық бөлімшелерінің, әрбір бөлімшенің және құрылымдық бөлімше қызметкерінің жұмысын бағалау негізі болып табылады.

Жұмыс жоспары Министрліктің ОА құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, облыстар, Астана және Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері, ведомстволық бағынысты ұйымдарының, әр бөлімше үшін және құрылымдық бөлімше қызметкері үшін жұмысты бағалау негізі болып табылады.

Жұмыс жоспарларын әзірлеу кезінде сондай-ақ Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін, Министрлік алқасының қаулыларын, Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының, Министрліктің ғылыми-техникалық кеңесінің, Жарылыс ісі жөніндегі кеңесінің, Мұнай төгілулеріне ден қою жөніндегі ұлттық комиссиясының хаттамаларын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін арттыруға және жетілдіруге, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін, Азаматтық қорғанысты арттыруға, мемлекеттік материалдық резервті жақсартуға бағытталған Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмаларын орындауға бағытталған іс-шараларды көздеу қажет.

Ағымдағы сипаттағы іс-шаралар Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту 2-бөлімнің тиісті кіші бөлімінде көрінуі тиіс.

Бөлімде:

  • төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның;

  • облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары жанындағы кеңестерінің тақырыптары көрсетіледі.

Сондай-ақ осы бөлімде бөлімшелер мен Министрлік қызметінің нәтижелерін жақсартуға қажетті ішкі қызметті ұйымдастыруды жақсарту, функционалдық мүмкіндіктерді дамыту, көрсетілетін қызмет көрсетулерді арттыру жөніндегі іс-шаралар, тұтастай алғанда:

  • нормативтік құқықтық және әдістемелік базаны жетілдіру;

  • кадрларды оқыту, даярлау және қайта даярлауды жетілдіру;

  • семинарлар, жиындар, машықтанулар, байқаулар;

  • бақылау-тексеру іс-шаралары;

  • ақпараттық-талдау қызметі;

  • ТЖ саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

  • жалпы алғанда бөлімшелер мен Министрліктің оң имиджін қалыптастыру жөніндегі жұмыс келтіріледі.

Жұмыс жоспарларын әзірлеу және оларды ОА құрылымдық бөлімшелерімен және комитеттерімен келісу Операциялық жоспарды әзірлеумен қатар жүзеге асырылады және 21 желтоқсанға дейінгі мерзімде аяқталуы тиіс.

ОА құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, облыстар, Алматы және Астана қалалары төтенше жағдайлар департаменттерінің жұмыс жоспарлары Операциялық жоспар бекітілген күннен бастап бір апталық мерзімде Министрдің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 110 «Министр, вице-министрлер және Министрліктің аппарат басшысының арасындағы міндеттерді бөлу туралы» бұйрығына сәйкес жетекшілікке сай бөлімшенің тікелей бірінші басшысы Министрлік басшылығына бекітуге енгізеді.

Министрліктің ОА құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, облыстар, Алматы және Астана қалалары төтенше жағдайлар департаменттерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары жұмыс жоспарларының уақытында және сапалы әзірленуіне, белгіленген тәртіпте бекітуге енгізуге, іске асырылуына, мониторингіне және бақылауға жеке жауапкершілікте болады.

Қалалар мен аудандардың ТЖ қалалық басқармалары мен бөлімдерінің жұмыс жоспарлары облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері жұмыс жоспарларының құрылымы мен іс-шараларына толығымен сәйкес келуі тиіс. Осы жоспарларды облыстардың Төтенше жағдайлар департаменттерінің бірінші басшысы бекітеді.


_______________________________________


Похожие:

Төтенше жағдайлар министрінің iconТөтенше жағдайлар комитетінің Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Азақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі Қр іім) Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Шығыс Қазақстан...
Төтенше жағдайлар министрінің iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы «21» желтоқсандағы №442 бұйрығымен бекітілген
Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы «21» желтоқсандағы №442 бұйрығымен бекітілген
Төтенше жағдайлар министрінің iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы туралы
Төтенше жағдайлар министрінің iconТөтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы «25» шілдедегі
Республикасы энергетика, индустрия және сауда Министрінің 2001 жылғы 7 тамыз №192 бұйрығымен бекітілген Металлургия өнеркәсіп ұйымдары...
Төтенше жағдайлар министрінің iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы n 35 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу n 4126
Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы n 35 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006...
Төтенше жағдайлар министрінің iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1 тармақшасына сәйкес...
Төтенше жағдайлар министрінің iconТөтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «28» сәуірдегі
Осы Талап ұңғыма жинағын бұрғылауға және пайдалануға арналған жобаланатын және реконструкцияланатын көп сатылы теңіздің стационарлық...
Төтенше жағдайлар министрінің icon«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 12-бабының 41 тармақшасына
Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м а. 2014 жылғы 27 мамырдағы №256 бұйрығы
Төтенше жағдайлар министрінің iconТөтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «28» сәуірдегі
Осы геологиялық барлау кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік Талабы (бұдан әрі-Талап) осы мақсаттарға арналған пайдалы қазбаларды іздестіру...
Төтенше жағдайлар министрінің iconОсы Талаптар айналысатын басшы қызметкерлер мен мамандардың қолданылуына арналған
Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Өнеркәсіп...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница