Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері: бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек ?




Скачать 204.23 Kb.
НазваниеБейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері: бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек ?
Дата конвертации14.12.2012
Размер204.23 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://bzav266.ucoz.org/bejimdi-2.doc
Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері:

бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек ?


Қазіргі кезде әр мұғалім, мектеп басшылығы, аудандық оқу бөлімі немесе облыстық білім департтаменттері бұрынғыдай тек қана жоғарғы жақтың нұсқауын, бұйрығын орындаушы деңгейінде қалуларына болмайды. Себебі, қоғам дамуының бұл кезеңінде жоғарғы жақ бұрынғыдай атқарылуға тиісті жұмыстың бүге-шігесіне дейінгі нақтылап беріп әр қызметкерді тек қана мүлтіксіз орындаушы, деңгейінде пайдаланбайды, жоғарғы жақ атқарылуға тиісті іс-әрекеттің нормативті – құқықтық негізін қалыптастырады. Ал, әр облыс, аудан, мектеп осы құжаттар аясында қандай-да мәселені іске асу жағдайын өз бастарымен көптеген жергілікті жағдайларды ескере отырып іс жүзіне асыруға тиісті. Себебі, бейімді-бағдарлы оқытудың мақсаты: оқушылардың қызығушылық бағытын, қабілетін, келешекте ие болуға тиісті мамандыққа бейімделуін қанағаттандыру немесе басқа сөзбен айтсақ жеке тұлғаға бағытталған яғни оқытуды дифференциациялау және индивидуализацилау.

Бейімді-бағдарлы оқыту жағдайы да осындай жүйеге негізделген. Ал міндеттері:

- бірнеше пәнді қандай-да деңгейде тереңдетіп оқыту

- оқушылардың жеке қабілеттерін оқыту барысында жан-жақты ескеру

- орта және жоғарғы білім салаларының сабақтастығын жетілдіру.

Демек, мектеп басшылығы, мектеп ұжымы мұнда мынандай мәселелерді өз беттерімен шешуге тиісті.

- мектептің жоғарғы сатысының бейімі

- сыныптың бағдары

- жұмыстың оқу жоспары

- қолданбалы курстардың бағдарламасы, мазмұны

- таңдау курстарының бағдарламасы, мазмұны

- сынып оқушыларын топтарға бөлу т.б.

Әрине, бұл мәселелерді бірден әр мектептің өз бетімен сапалы түрде шешіп кетуі де оңай емес. Сондықтан да осы орайда мен де өз білгеніммен бөліспекпін.

Бейімді-бағдарлы оқытуға көшудің әдістемесі, алгоритмі қандай ? Мұнда мен Қазақстандағы білім стандарттары, бейімді-бағдарлы оқыту мәселелерін шын мәнінде зерттеуші саусақпен санарлық ғалымдардың бірі Сәулеш Дімкешқызы Мұқанованың пайымдауларымен толық келісемін және ол кісінің кейбір пункттеріне өз тұжырымдарымды қоса отрып педагог-мамандарға ұсынамын.

  1. Мектептің жоғарғы сатысының әсіресе оның 10-шы сыныбының бейімі анықталуға тиіс. Жоғарғыда айтқандай қазірше яғни 12-жылдық білім беру жүйесіне көшкенге дейін бейімді-бағдарлы оқытудың екі бағыты айқындалып отыр. Олар қоғамдық – гуманитарлық және жаратылыстану – математикаоық пәндерді бейімдеп оқыту (12-жылдық оқытуда жаратылыстану – математикалық бейімнен технологиялық бейім өз алдына бөлініп шықпақшы).

Мектеп бұл бағыттардың екеуін де алуға немесе біреуін ғана алуға құқылы. Бұл таңдау мынандай жағдайларға байланысты:

а) оқушылардың қызығушылық бағыты, қабілеті, талабы.

ә) 1-9 сыныптарда жүргізілген бейімалды (предпрофильный) жұмыстарының бағыты, мақсаты, мазмұны, ол жұмыстардың нәтижесі. Бұл жағдайды ашыңқырап айтсақ, қазіргі қолданыстағы типтік оқу жоспарларының (бастауыш және негізгі сатыдағы) мектептік және оқушы компонентіндегі сағаттатирды педагогикалық ұжым жүйелі, саналы,сауатты яғни болашақтағы мектептің жоғарғы сатысы былай болады деп ойлай отырып, соған сабақтасып кететіндей деңгейде пайдалана алды ма ? Әлде, ол сағаттар «ойбай, пәленше келер жылы зейнетке шығады, соған дұрысырақ ақшамен шығу үшін» немесе «пәленбайдың жүктемесін бір ставкаға жеткізу үшін» немесе «пәленшенің өзі жақсы, болмаса көзі жақсы» тіпті болмаса «пәленше бәленбайдың балдызы сол үшін» деген пайымдаулар негізінде оқушы мүддесі емес, мұғалім мүддесі ескеріліп пайдаланылды ма ? Егер осы екінші жағдаймен өмір сүріп келсек онда мектепте бейімалды жұмыс жүргізілген жоқ деп біржақты кесіп айтуға болады.

Ал, республика мектептері өзіміз дайындаған типтік оқу жоспарына көше бастаған 1997-98 оқу жылынан бастап (егер 1-сыныптан бастаса), тіпті болмаса 2001-2002 оқу жылынан бастап (егер 5-сыныптан бастаса) жүйелі бейімалды жұмыстар жүргізген мектептер оқушыларын жоғалтпай әртүрлі бағыттағы, бағдардағы 10-сыныптарды еркін аша алады.

б) мектеп мұғалімдерінң кәсіби деңгейі. Қандай-да бағыттағы сыныптар ашу үшін сол сыныптарға сабақ беретін мамандардың бар-жоғы ескерілетіні айқын. Егер мектеп математика пәні мұғалімі жалпы білім беретін орта мектеп математикасының есептерін зорға шығарып жүрсе онда ол математиканы әрі теориялық әрі пратикалық тұрғыдан қандай-да деңгейде тереңдетіп оқыта ала ма ? Математика бойынша қолданбалы, таңдау курстардың бағдарламасын жасай ала ма, мазмұнын анықтай ала ма ? Демек, бұл жағдайда математиканы бағдарлап оқытатын сыныпты ашу аса қауіпті болуы мүмкін.

в) мектептің материалдық – техникалық жағдайы.

г) көрші мектептердің немесе көрші ауылдағы мектептердің жоғарғы сатысының бейімі. Бұл жағдайды ескеру қажеттілігі мынадан туындап отыр. Егер А ауылындағы мектептің жоғарғы сатысының бейімі қоғамдық – гуманитарлық бағытта болса, онда онымен көрші Б ауылындағы мектептің жоғарғы сатысы жаратылыстану – математикалық бағытта болғаны жөн. Себебі, бірлі-екілі оқушулардың өз ауылдарында ашылған 10 сыныптың бейімі мен өз талаптары сәйкес болмауына байланысты бір мектептен екінші мектепке ауысу жағдайы болуы мүмкін.

Негізінен осындай жағдайлар ескеріле келе мектепте ашылуы мүмкін не екі бейімдегі 10 сыныптар немесе бір ғана бейімдегі 10-сынып.

Ескерте кететін бір жай бір ғана сыныпта екі бейімді де оқыту мүмкін емес.

II. 10 сыныптың бейімі анықталған соң осы сынып үшін жұмыстың оқу жоспары дайындау мәселесі қолға алынады.

10-сыныптың жұмыстық оқу жоспары дегеніміз – типтік оқу жоспарлары негізінде, оқыту бейімі ескеріліп, жалпы білім беретін оқу орындарында жасалатын нормативті құжат.

Демек, жұмыстың оқу жоспарын дайындау үшін 10-сыныптың алынған бейіміне қарай мемлекеттік деңгейде бекітілген екі бағыттағы типтік оқу жоспарының бірі (егер 10-сынып біреу болса) немесе екеуі (егер 10-сыныптар екеу болса және әр 10-сынып әр бағыттағы бейімді таңдаса, немесе 10-сынып екеу болып және екуеі де бір ғана бейімді таңдағанның өзінде де) негізге алынады. Демек, жұмыстың оқу жоспарын дайындау мәселесі.

Типтік оқу жоспарлары қазіргі кезде әр мектепте бар «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Негізгі ережелер» атты құжаттың 32 және 33 беттерінде келтірілген. Және де бұл типтік оқу жоспары осы жердегіге қарағанда практикалық тұрғыдан тағы да жүйеленіп, ыңғайланып С.Мұқанованың «Проектирование рабочих учебных планов пролфильного обучения в 10-11 классах общеобразовательных учебных заведений» атты әдістемелік құралының 38 (сызба № 1) ,37 (сызба № 2) беттерінде келтірілген. Менің ойымша, практик-педагогтарға осы екінші құралдағы типтік оқу жоспарлары ыңғайлы (Ескерте кететін жай бұл жоспарлардың бір-бірінен теориялық айырмашылығы жоқ).

Бұл 10,11- сыныптарға арналып жасалған типтік оқу жоспарларынан 10-шы сыныпқа арналған жұмыстың оқу жоспарын шығарып алу үшін практик – педагогтар мұндағы қолданбалы курстар, таңдау курстары мәселелерін толық түсінулері керек.

а) Қолданбалы курстар дегеніміз - бағдарлы пәндер бойынша оқушылардың білімін тереңдетуге, кеңітуге және олардың қандай-да қолданылуы жайлы оқушыларда білім қалыптастыруға арналған курстар.

Жалпы бағдарлы пән дегеніміз – жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы саралап оқыту сипатын анықтайтын оқу пәні. Егер оқытудың бейімі жаратылыстану математикалық болса, онда бағдарлы пәндер математика, физика, химия, биология, география,информатика пәндерінің ішінен таңдалады. Егер оқытудың бейімі қоғамдық-гуманитарлық болса, онда бағдарлы пәндер қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, шет тілі, жалпы тарих, Қазақстан тарихы, қоғамтану негіздері, құқық пәндерінң ішінен таңдалады. (Ал таңдау сипаты жайлы мәселені алда айтпақпыз)

ә) Таңдау курстары дегеніміз – оқушылардың талап-тілегін, қызығушылығын қанағаттандыруға арналған курстар. Олар сыныптық бейімі мен бағдарына байланысты болуы мүмкін немесе байланысты болмауы да мүмкін. Сол сияқты әр бейімдегі типтік оқу жоспарларының айырмашылықтарын мына сызбадан байқауға болады




Басты ерекшеліктері

Қоғамдық-гуманитарлық бейім

Жаратылыстану – математикалық бейім

1

Модульдер саны

VII

VI(Өнер блогы оқытылмайды)

2

Пәндер саны

19

18

3

Ішінен бағдарлы пәндер таңдалатын пәндер

Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, шет тілі, жалпы тарих, Қазақстан тарихы, қоғамтану негіздері, құқық

Математика, физика, химия, биология, геграфия, информатика

4

Ішінен бағдарлы пәндер таңдалмайтын пәндер

Математика, физика химия, биология, география, информатика

Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, шет тілі, жалпы тарих, Қақақстан тарихы, қоғамтану негіздері, Құқық

5

Екі бейімге ортақ пәндер

Технология, физкультура, алғашқы әскери дайындық, этика мен психология (жоспардың мектептің компонентіндегі пән).

6

Бір ғана бейімге тән пән

өнер

-------
Кестеден көрініп тұрғандай қоғамдық – гуманитарлық және жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жоспарларының базалық компоненттерінің айырмашылықтары бар. Атап айтқанда қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жоспарын базалық компонентінің пәндері жеті блокқа бөлінген. Ал, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жоспарын базалық компонентінің пәндері жеті блокқа бөлінген, яғни мұнда «Өнер» блогы және осы блок негізінде оқытылатын өнер пәні жоқ.

Жоғарыдағы оқу құралдарындағы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жоспарлары зерделенген соң, сыныптың нақты бағдарын анықтау керек.

III. Сыныптың бағдарын немесе бағдарларын анықтау дегеніміз оқушылардың білім алу бағытын ары қарай тарылтудың, нақтылаудың, жүйелеудің 2-ші кезеңін жүзеге асру дегенді білдіреді.

Егер сынып қоғамдық-гуманитарлық бейімдеп оқытатын болса, лингвистикалық, филологиялық, филология-тарихи, тарихи-құқықтық, тарихи-қоғамдық ж.т.б. бағдарлардың біреуін, екеуін т.б. таңдауы мүмкін.

Егер сынып жаратылыстану-математикалық пәндерді бейімдеп оқытатны болса, онда сынып математикалық, физика-математикалық, математика-экономикалық, физика-технологиялық, биология-химиялық, геграфия-биологиялық, биология-экологиялық ж.т.б. бағдарлардың біреуін, екеуін т.б. таңдауы мүмкін.

Демек, мемлекет оқытудың бейімін ұсынады ал мектеп әрбір 10-шы сынып үшін осы ұсынғандардың біреуін ғана таңдайды және де мемлекет оқытудың бағдарын анықтамайды, оны әрбір10-сынып үшін оқыту бейімінің аясында мектеп өзі анықтайды.

Сонымен бірге сынып өзі таңдаған оқытудың бейімі ауқымында оқытудың бір бағдарын немесе екі, үш бағдарын алуы мүмкін.

Егер сынып бір ғана бағдарлы болса, ондай сыныпты монобағдарлы сынып, ал бірнеше бағдарлы болса полибағдарлы сынып деп атайды.






Білім салалары және оқу пәндері

Апталық сағат саны

10-сынып

Жүктеме сағат




апталық

жылдық

Базалық компонент

І

Филология

8

8

272

1

Ана тілі

1

1

34

2

Әдебиет

2

2

68

3

Қазақ тілі / Орыс тілі

2

2

68

4

Қазақ әдебиеті / Орыс әдебиеті

1

1

34

5

Шет тілі

2

2

68

ІІ

Математика және информатика

5

5

170

6

Математика

4

4

136

7

Информатика

1

1

34

ІІІ

Жаратылыстану

10

10

340

8

Физика

3

3

102

9

Химия

3

3

102

10

Биология

2

2

68

11

География

2

2

68

ІV

Қоғамтану

3

3

102

12

Дүниежүзі тарихы

1

1

34

13

Қазақстан тарихы

1

1

34

14

Қоғамдық білім негіздері

-

-

-

15

Құқық негіздері

1

1

34

V

Технология

2

2

68

16

Технология

2

2

68



Дене шынықтыру және АӘД

4

4

136

17

Дене шынықтыру

2

2

68

18

Алғашқы әскери дайындық

2

2

68




Инвариантты оқу жүктемесі

32

32

1088




Мектеп компоненті

1

Этика және психология

1

1

34

2


Қолданбалы курстар:

1.1. Математикадан станд. емес және олимпиадалық есептерді шешу

1.2. Физика және Қазақстан энергетикасы

1.3. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

2.1 Аналитикалық химия

2.2 Химиялық технология

3,1Компьютерді іс-қағаздарын жүргізу

3,2 Компьютерлік технология

9

1


1


1


2

1

2

1

9

1


1


1


2

1

2

1


306

34


34


34


68

34

68

34





Оқушы компоненті

1

Таңдау курстары

1. Логикалық есептерді шешу

2. Биофизика негіздері

3. Радиотехника негіздері және электроника

4. Шахмат үйрену курсы

5. Қолданьалы физика

6. Органикалық химия негіздері

7. Бей. органикалық химия

8. Интернет технолог

9. Компьтерлік графика

11

1

1

1


1

1

2

1

2

1

11

1

1

1


1

1

2

1

2

1

374

34

34

34


34

34

68

34

68

34




БАРЛЫҒЫ

53

53

1802
Сызба № 1






Білім салалары және оқу пәндері

Апталық сағат саны



Жүктеме сағат




Апталық

Жылдық

Базалық компонент

І

Филология

12

12

402

1

Ана тілі

2

2

68

2

Әдебиет

2

2

68

3

Қазақ тілі / Орыс тілі

2

2

68

4

Қазақ әдебиеті / Орыс әдебиеті

2

2

68

5

Шет тілі

4

4

136

ІІ

Математика және информатика

4

4

136

1

Математика

3

3

102

2

Информатика

1

1

34

ІІІ

Жаратылыстану

4

4

136

1

Физика

1

1

34

2

Химия

1

1

34

3

Биология

1

1

34

4

География

1

1

34

ІV

Қоғамтану

4

4

136

1

Дүниежүзі тарихы

1

1

34

2

Қазақстан тарихы

1

1

34

3

Қоғамдық білім негіздері

1

1

34

4

Құқық негіздері

1

1

34

V

Өнер

2

2

68

1

Өнер

2

2

68



Технология

2

2

68

1

Технология

2

2

68

VІІ

Дене шынықтыру және АӘД

4

1

136

1

Дене шынықтыру

2

2

68

2

Алғашқы әскери дайындық

2

2

68




Инвариантты оқу жүктемесі

32

32

1088




Мектеп компоненті

1

Этика және психология

1

1

34




Қолданбалы курстар:

6

63


102


2

Тіл тарихы

1

1

34

3

Салыстырмалы грамматика

1

1

34

4

Сөйлесу мәдениеті

1

1

34

5

Әлем әдебиеті

1

1

34

6

Шешендік өнер

1

1

34




Оқушы компоненті




Таңдау курстары

5

5

102

1

Әлемдік көркемөнер мәдениеті

1

1

34

2

Мәнерлеп оқу

1

1

34

3

Стилистика

1

1

34

4

Аударма ісі

2

2

68

5
















Жоғарғы шекті жүктеме

44

44

1332



Сызба № 2


Ж.Т.Қайыңбаев

Педагогика ғылымдарының кандидаты, Республикалық институт, Білім мазмұны және сапасы кафедрасының меңгерушісі, институт профессоры.

(Жалғасы келесі санда)






Похожие:

Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері: бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек ? iconБейімді –бағдарлы оқытудың мәселелері: Неге бейімді – бағдарлы оқу жүйесіне көшуіміз керек?
Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес еліміздегі жалпы орта білім беретін мектептерінің ІІІ сатысы бейімді – бағдарлы оқыту жағдайына...
Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері: бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек ? iconДеп бағдарлы оқытуды білім беретін бір ғана мекеменің күшімен ұйымдастыруды айтады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мекеме бірбағдарлы немесе көпбағдарлы болуы мүмкін. Бірбағдарлы
Ол үшін біріншіден бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері дегеніміз не соған тоқталайық. Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері деп...
Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері: бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек ? iconҚызылорда облысы Шиелі ауданы №46 А. С. Пушкин атындағы орта мектебі
Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап бағдарлы оқуға көшуді жоспарлауда. Осыған байланысты...
Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері: бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек ? iconЖас ерекшелік физиологиясы
Оод жалпыміндетті пән, бд-базалық пән, пд-бағдарлы пән, дво-оқытудың қосымша түрі
Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері: бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек ? iconЖалпы педагогика мен психология
Оод жалпыміндетті пән, бд-базалық пән, пд-бағдарлы пән, дво-оқытудың қосымша түрі
Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері: бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек ? iconТӘрбие жұмысының теория мен оқУ Әдістемесі
Оод жалпыміндетті пән, бд-базалық пән, пд-бағдарлы пән, дво-оқытудың қосымша түрі
Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері: бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек ? iconЖалпы педагогика және психология
Оод жалпыміндетті пән, бд-базалық пән, пд-бағдарлы пән, дво-оқытудың қосымша түрі
Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері: бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек ? icon2 3 4 5 6 «Құлыншақ балалар үйі» мм жк ж. Е. Алькенова қарызды өндіру туралы Баймолдин Ж. Х
«Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандырылған мектеп-интернаты» мм
Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері: бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек ? iconМиржакупова Гульнар Токтархановна кмм «Қазақстан-Ресей гимназиясы» гимназиялық ОҚыту үрдісінде қҰзыретті тұЛҒаны қалыптастыру
Сонымен қатар мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы құндылықты-бағдарлы, мәнедиет-танымдық, оқу-танымдық комуникативті,ақпараттық-технологиялық,...
Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері: бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек ? iconКазахский государственный женский педагогический
Тұрлығұл Т. Т. 11-сыныпқа арналған қазақстан тарихы бағдарлы курсының Ғылыми-әдістемелік ерекшеліктері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница