Жылдың үздік мұғалімі сайыскері




Скачать 168.32 Kb.
НазваниеЖылдың үздік мұғалімі сайыскері
Дата конвертации13.12.2012
Размер168.32 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://ipk.ucoz.kz/mayeriali_konkursa_kaz.doc
Білім басқармасының бұйрығына 1- қосымша

№ _______ ___________ 2012 ж.


«Астананың жыл мұғалімі - 2012» сайысының

Т Ұ Ж Ы Р Ы М Д А М А С Ы


Елімізде адами капиталды сапалы дамыту, білім беру саласына инновациялық нысандар мен оқыту технологияларын енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына жəне кəсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қояды. Білім беру сапасы, бірінші кезекте, сапалы даярлығы бар мұғалімдермен айқындалады.

«Астананың жыл мұғалімі - 2012» сайысы Астана қаласы білім беру ұйымдарындағы талантты мұғалімдерді анықтау арқылы педагог мамандығының мәртебесін көтеру мақсатында өткізіледі.

Конкурстың басты міндеттері – білім беру ұйымдарындағы жаңашылдықпен жұмыс істейтін шығармашыл педагогтарды анықтау, мұғалім еңбегін қолдау және ынталандыруды күшейту, педагогтің әлеуметтік және қоғамдық мәртебесін көтеру.

«Астананың жыл мұғалімі - 2012» сайысын өткізу педагогтарға Тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарын оқыту мен тәрбиелеудегі үлкен жауапкершіліктерін сезіндіреді.

Жылдың үздік мұғалімі сайыскері – құзыретті әріптес, мектеп ұжымы мен қоғамдық ортада байсалды және белсенді ұйымдастырушы, оқушылардың өзіндік таным әрекетіне, өз бетімен жаңа ақпараттар іздеуіне және ғылыми жобалар мен зерттеулер жүргізуіне жол ашушы, өз ұстанымын ғылыми-педагогикалық ортада, конференцияларда, саяси-қоғамдық іс-шараларда белсенді білдіруші, мұғалімдердің көшбасшысы және өз кәсібінің маңыздылығы мен ұлылығын насихаттаушы.

Сайыс жеңімпазы – жаратылысынан мұғалім, қызығушылығы жан-жақты, өз пәнін ғылыми негізде жетік білетін, жалпы педагогикалық және психологиялық мәдениеті қалыптасқан, жаңашылдық негізде жұмыс жасайтын, білім берудің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгерген, оқушыларды өз-өзіне сенімділігін, бәсекеге қабілеттілігін, шығармашыл тұлғасын қалыптастырушы.

Сайыс – мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің ғылыми-әдістемелік мазмұнын талдауға және бағалауға, шығармашылық әлеуетінің дамуына, кәсіби шеберлігінің артуына, білім беру жүйесінде және қоғамда құнды жаңа идеялардың туындауына себепші.

Сайыс – іскерлік кездесу клубы, ал жас педагогтар үшін кәсіби даму мен өсудің және тәжірибе алмасудың орталығы болуы тиіс.


Білім басқармасының бұйрығына 2-қосымша

№ _______ ___________ 2012 ж.


«Астананың жыл мұғалімі -2012» сайысын өткізу туралы

Е Р Е Ж Е


  1. Жалпы ереже



«Астананың жыл мұғалімі – 2012» қалалық сайысы Астана қаласы Білім басқармасы, Астана қалалық білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты, білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподақ комитетінің және сайысқа қызығушылық танытқан басқа мекемелер мен жеке тұлғалардың қатысуымен өткізіледі.

Сайыстың мақсаты: Астана қаласы білім беру ұйымдарындағы талантты мұғалімдерді анықтау және педагог мамандығының мәртебесін көтеру.


Сайыстың міндеттері:

  • Астана қаласы білім беру ұйымдарының шығармашылықпен жұмыс істейтін және талантты мұғалімдерін анықтау;

  • астаналық білім берудің жаңашылдық педагогикалық тәжірибесін насихаттау;

  • Астана педагогтарының шығармашылық өсуін қолдау;

  • мұғалім еңбегін қолдау және ынталандыру;

  • педагогтің әлеуметтік және қоғамдық мəртебесін көтеру.

Сайысқа жалпы білім беретін барлық түрдегі орта мектептердің (жоғары біліктілік санаты бар, алдыңғы жылдарда осы сайыстың жеңімпазы болмаған) мұғалімдері қатыса алады.


2. Сайыстың ұйымдастырылуы

Сайыс кезеңдері:

  • мектепішілік кезең;

  • қалалық кезең (кәсіби шығармашылықты бағалау-сырттай; кәсіби шеберлікті бағалау-тікелей бақылау);

  • қалалық кезеңнің мәресі;

  • сайыс жеңімпаздарын марапаттау.

Мектепішілік кезең:

Сайыстың қалалық кезеңіне ұсынылатын сайыскерді іріктеу тәртібін әр білім беру мекемесі өздері белгілейді. Іріктеу барысында мұғалімнің педагогикалық тұжырымдамасының болуы, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын шығармашылықпен меңгеруі, мұғалімнің кәсіби жетістіктері мен нәтижелілігі ескеріледі.

Мектепішілік кезең нәтижесі бойынша қалалық кезеңге ұсынылған мұғалім туралы мәліметті сайысты ұйымдастыру комитетіне қалалық кезең басталғанға дейін өткізілуі тиіс (5,6-қосымшаларға сәйкес).

Қалалық кезең:

а) кәсіби шығармашылықты бағалау: «Педагог шығармашылығы».

Мақсаты: сайыскердің кәсіби шығармашылығын бағалау – сырттай.

Сырттай бағалау көрсеткіштері:

  • педагогтың шығармашылық портфолиосы;

  • педагогикалық тәжірибесінің ғылыми-әдістемелік бағытын сипаттайтын мақала;

  • фотокөрме «Ұстаз атына лайық ... »

Сайыстың келесі кезеңіне сырттай бағалау нәтижесінде жоғары көрсеткішке ие болған сайыскерлер жіберіледі.

ә) кәсіби шеберлікті бағалау: «Мұғалім шеберлігі» (мұғалімнің сабағын тікелей бақылау).

Мақсаты: педагогтың кәсіби құзыреттілігі деңгейін және оқытудың заманауи технологиясын меңгеруі дәрежесін анықтау.

Мұғалім шеберлігін бағалау көрсеткіші:

– пәні бойынша сабақ (ұйымдастыру комитетінің бекіткен кестесі бойынша) және өткізген сабағын өзіндік талдауы.

Сабақтың тақырыбы пәнді оқытудың күнтізбелік жоспарына сай болуы тиіс. Сабақтың ұзақтығы 45 минут.

Кәсіби шеберлігі бойынша жоғары ұпай жинаған сайыскер қалалық сайыстың мәресіне қатысады.

«Астананың жыл мұғалімі-2012» сайысының мәресі:

Мақсаты: Сайыскерлердің кәсіби құзіреттілігін, зияткерлік қабілеттерін және тұлғалық қасиеттерін ашу.

Сайыс мәресінің бағалау көрсеткіштері:

  • педагогикалық тәжірибесін жарнамалау ( 5 минутқа дейін);

  • педагогикалық жағдаяттарды талдау (3 минутқа дейін);

  • бос уақыттағы сүйікті ермегі (3 минутқа дейін);


3. Сайысқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттарды ресімдеу талаптары

Мектепішілік кезең нәтижесі бойынша қалалық кезеңге қатысатын мұғалімдерді тіркеу үшін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттар өткізіледі:

1. Мектепішілік сайыстың қазылар алқасы хаттамасынан үзінді.

2. Мұғалімнің сайысқа қатысуға жеке өтініші (өтініштің үлгісі 5-қосымшада).

3. Педагогтың шығармашылық портфолиосы (шығармашылық портфолио құрылымының үлгісі 6-қосымшада).

4. Педагогикалық тәжірибесінің ғылыми-әдістемелік бағытын сипаттайтын мақала (көлемі А-4 парағында 10 беттен кем емес).

5. «Ұстаз атына лайық ... » фотокөрмесіне суреттер. 15 фотокөрініс: жеке портрет, мектепте, отбасында, бос уақыттағы сүйікті ермегі т.с.с. Фотосуреттердің өлшемі: көріністер – 30X40(см), портрет – 20X30(cм). Алдымен электрондық түрде өткізіледі.

Сайысқа қатысушының құжаттары қазақ немесе орыс тілінде MS Word мәтіндік редакторымен терілуі керек:

– жиектері: жоғарғы – 2,5 см, төменгі – 2 см, оң жақ – 1,5 см, сол жақ – 2,5 см;

– қаріп: KZ Times New Roman, кегль өлшемі – 14,

– жол аралығы – 1қабат;

– азат жол – 0,78см;

– құжат атауы бас әріпті қалың қаріппен жазылуы керек.

Өтініш қабылдау уақытынан кешіккен, құжаттар толық болмаған, ресімдеу талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда құжаттар қабылданбайды.

Сайысқа қатысуға өтініш пен қажетті деректер ұйымдастыру комитетіне мына мекен-жай бойынша тапсырады: Конституция көшесі, 24. Астана қалалық білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты.


4. Сайыстың қорытындысын шығару

Сайыстың Бас жүлдесіне ие болған жеңімпазға «Астананың жыл мұғалімі - 2012» атағы беріледі, «Астананың жыл мұғалімі-2012» деген жазуы бар атлас лента тағылып бағалы сыйлық тапсырылады.

I, II, III орынды иеленген жеңімпаздарға сәйкесті диплом мен бағалы сыйлықтар тапсырылады.

Сайысқа қатысушылар түрлі номинациялар бойынша арнайы дипломдармен марапатталады:

  • Дарынды мұғалім (ең жас, балашағынан көп үміт күттіретін сайыскер)

  • Зерттеуші мұғалім (педагогикалық тәжірибесі ғылыми негізделген, әдістемелік зерттеу бағыты анықталған).

  • Эрудит мұғалім.

  • Әдіскер мұғалім.

  • Сабақ шебері.

  • Шығармашыл мұғалім.

  • Оқушылардың сүйіктісі.

Сайысқа қызығушылық танытқан ұйымдар мен жеке тұлғалар өз қалауынша арнайы номинациялар тағайындап, жеңімпаздарды марапаттауларына болады.

Сайыстың қорытындысы мен жеңімпаздарын марапаттау мұғалімдер күні салтанатында арнайы дайындалған бағдарлама бойынша өтеді.



5. Сайыстың қазылар алқасы

Сайысқа қатысушылардың кәсіби құзіреттілігін анықтау, зияткерлік қабілеттері мен тұлғалық қасиеттерін ашу және бағалау, жеңімпаздарды анықтау мақсатында қазылар алқасы құрылады.

Қазылар алқасының жекелік құрамын Білім басқармасының бастығы бекітеді.

Қазылар алқасы құрамына:

  • Астана қаласының Білім басқармасы мамандары;

  • Астана қалалық білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты қызметкерлері;

  • Білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподақ комитеті қызметкерлері;

  • Жоғары оқу орындарының ғалымдары;

  • Педагогтардың тәуелсіз ассоциациясы мүшелері;

  • «Астананың жыл мұғалімі» сайысының алдыңғы жылдардағы жеңімпаздары кіреді

Қазылар алқасының жұмысын ұйымдастыру

Қазылар алқасы мүшелері сайыстың әрбір кезеңінің әрбір бағалау көрсеткіші бойынша бағалау парағын толтырады.

Сайыстың әрбір кезеңі соңында әрбір бағалау көрсеткіші бойынша сайыскердің қорытынды ұпайы шығарылады.

Қазылар алқасының қорытынды шешімі сайыскерлердің қорытынды ұпайы бойынша қабылданады. Дауыстар бірдей болған жағдайда қазылар алқасының төрайымының пікірі шешуші болып табылады.

  • Қазылар алқасының шешімі хаттама арқылы, төрайым мен хатшының қолдарымен бекітіледі.

  • Қазылар алқасының іс-қағаздарын толтыру, оларды сақтау және пайдалану хатшыға міндеттеледі.



Сайысты бағалау көрсеткіштері бойынша берілетін ұпайлар:

  • пәні бойынша сабақ (25 ұпайға дейін);

  • педагогтың шығармашылық портфолиосы (10 ұпайға дейін);

  • педагогикалық тәжірибесінің ғылыми-әдістемелік бағытын сипаттауы (20 ұпайға дейін);

  • фотокөрме «Ұстаз атына лайық ... » (10 ұпайға дейін);

  • педагогикалық жағдаяттарды талдау (15 ұпайға дейін);

  • педагогикалық тәжірибесін жарнамалау (10 ұпайға дейін);

  • бос уақыттағы сүйікті ермегі (10 ұпайға дейін);

Сайыстың 7 бағыты бойынша ұпайдың ең жоғары мүмкін саны: 100 ұпай.


6.Сайыстың ұйымдастыру комитеті


Сайысты жоспарлау, дайындау және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- сайыстың басталуы туралы хабарлама жасайды;

- сайысқа қатысуға өтініштер қабылдайды және құжаттарға сараптама жасайды;

- қазылар алқасын құрады;

- туындаған даулы мәселелерді шешеді;

- сайыстың өтілу мерзімін, тәртібін және мәрелік сайыстың орнын белгілейді;

- сайыс жеңімпаздарын салтанатты марапаттауды ұйымдастырады;

Ұйымдастыру комитетінің құрамы Білім басқармасы бастығының бұйрығымен бекітіледі.



  1. Сайыстың насихатталуы

Ұйымдастыру комитеті сайысты насихаттау мақсатында сайыстың ұйымдастырылуы мен өтілу барысын, нәтижесін бұқаралық ақпарат құралдары мен Астана қаласы Білім басқармасының және Астана қалалық білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты сайттарына орналастырады, бейне түсірілімдер жасайды, сайысқа қатысышылардың педагогикалық тәжірибесін ғылыми-әдістемелік журналдарда жариялануын қамтамасыз етеді.


Білім басқармасының бұйрығына 3-қосымша

№______ _______2012 ж.


«Астананың жыл мұғалімі -2011» сайысын

ұйымдастыру комитетінің құрамы



1.

Ә.Т. Бимендина

Астана қаласы Білім басқармасының бастығы –

төрайым

2.

Ә.Д.Қоржықова

Астана қаласы Білім басқармасы бастығының орынбасары

төрайым орынбасары

3.

Л.А.Саинова

Астана қалалық білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты директоры – төрайым орынбасары

4.

Курило Л.И.

Астана қаласы Білім басқармасы бастығының орынбасары

5.

Қ.Қ.Ахметова

Астана қалалық білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

және қайта даярлау институты директорының орынбасары – хатшы

6.

Б.М.Наурызбаева

Білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағының

төрайымы

7.

Г.Ә.Жақыпова

Астана қаласы Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі



Білім басқармасының бұйрығына

4-қосымша

№______ _______2012 ж.


«Астананың жыл мұғалімі -2012» сайысы

қазылар алқасының құрамы


1.

Ә.Т. Бимендина

Астана қаласы Білім басқармасының бастығы - төраға

2.

Ә.Д.Қоржықова

Астана қаласы Білім басқармасы бастығының орынбасары –

төрағаның орынбасары

3.

Л.А.Саинова

Астана қалалық білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты директоры – төрағаның орынбасары

4.

Қ.Қ.Ахметова

Астана қалалық білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты директорының орынбасары – хатшы

5.

Б.М.Наурызбаева

Білім қызметкерлерінің Астана қалалық «Әділет» кәсіподағының төрағасы

6.

Г.Ә.Жақыпова

Астана қаласы Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің

меңгерушісі

7.

АлбытоваН.И.

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

педагогика кафедрасының доценті, п.ғ.к.

8.

Кемайкина Л.Н.

Еуразия Гуманитарлық институты педагогика кафедрасының

доценті, п.ғ.к.

9.

Абдрашитова Г.А.

Қазақстан психологтары ассоциациясының вице-президенті,

пс.ғ.к., доцент.

10.

Рябова В.И.

Астана қаласы оқушылар сарайының директоры

11.

Ғ.Ш.Әлібекова

Астана қаласы Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің ғылыми - әдістемелік жұмыстар жөніндегі әдіскер

12.

С.М. Әзімханова

№ 30 МГ директоры, «Астана жыл мұғалімі-2009»сайысының

жеңімпазы

13.

Г.Қ.Қопабаева

Астана қаласы Білім басқармасы жетекші маманы

14.

С.С. Жұманова

Астана қаласы Білім басқармасы қазақ тілі әдіскері

15.

Б.Б. Түлкібаева

Астана қаласы Білім басқармасы орыс тілі әдіскері

16.

Ә.Ә. Сайлыбаев

Астана қаласы ББЖ КБА ҚДИ білім берудегі инновациялар

кафедрасының меңгерушісі

17.

Г.Т. Дюсембаева

Астана қаласы ББЖ КБА ҚДИ математика-жаратылыстану

пәндері кафедрасының меңгерушісі

18.

Б.С. Дюсембинова

Астана қаласы ББЖ КБА ҚДИ 12 жылдық білім беруге көшу

зертханасының меңгерушісі

19.

М.Ж. Дюсебаева

Астана қаласы ББЖ КБА ҚДИ ТКББ орталығының меңгерушісі




Білім басқармасының бұйрығына

5-қосымша


№______ _______2012 ж.


«Астананың жыл мұғалімі – 2011»

конкурсын ұйымдастыру комитетіне


Ө т і н і ш (үлгі)


__________________________________________________________________

(мектептің толық атауы)


__________________________________________________________

(конкурсқа қатысушының лауазымы мен жұмыс орнының атауы)


(сайысқа қатысушының толық аты – жөні)


«Астананың жыл мұғалімі – 2011» қалалық сайысына қатысуға ұсынады.


Директор ________________________________ _____________________

(тегі, аты, әкесінің аты) (қолтаңбасы)


М.О.


Білім басқармасының бұйрығына

6-қосымша


№______ _______2012 ж.


Шығармашылық портфолио құрылымының үлгісі


1.Жалпы мәлімет

Тегі




Аты




Әкесінің аты




Туған жылы (күні, айы, жылы)

 

Туған жері




2. Жұмысы

Қызметі




Жұмыс орны




Сынып жетекшілік жұмысы




Педагогикалық қызмет өтілі




Біліктілік санаты




3. Білімі

Білімі ( оқу орнының атауы, факультеті, бітірген жылы)




Тілдерді білуі (меңгеру деңгейі)

 

Ғылыми атағы, дәрежесі




4. Жетістіктері

Үкіметтік, қоғамдық және халықаралық наградалары (атауы мен алған уақыты)




5. Негізгі басылымдар



Атауы

Басылымның аты, мақаланың тақырыбы,беті

Негізгі идея(әр басылымға ең кемі 50 сөзбен)

1










2










6. Авторлық білім беру бағдарламалары, әдістері және технологиялары



Атауы

Сипаттау (әр бағдарлама, әдістеме, технология жайлы 20 сөз көлемінде)

Нәтижелілігі (әр бағдарлама, әдістеме, технология жайлы 20 сөз көлемінде)

1










2










7. Жалпы сұрақтар



Сіздің басты тілегіңіз?






Өз кәсібіңіздегі бас иетін адам?






Өзіңіздің педагогикалық тәжірибеңізден қызықты сәтті айтып беріңіз






«Астананың жыл мұғалімі - 2012» конкурсының жеңімпазы – бұл …. (ойды аяқтаңыз).






Өз әріптестеріңізбен қандай инновациялармен бөлісер едіңіз?






«Астананың жыл мұғалімі-2013» конкурсын ұйымдастырушыларға айтар кеңесіңіз?







8. Біліктілігін арттыруы

    1. Қалалық курстар

    1. Республикалық курстар

    1. Халықаралық курстар

    1. Съездер, конференциялар, семинарлар, т.б.




9. Отбасы

Отбасылық жағдайы (жұбайыңыздың жайлы мәлімет)




Балаларыңыз (балаларыңыз жайлы мәлімет)




10. Қызығатын ісі

Хоббиіңіз




Сахнада қандай өнеріңізбен таңқалдыра аласыз?




11. Байланыс

Үй телефоны



Ұялы телефоны




Жеке электронды поштасы




* Жауап беру өз еркімен


11. Конкурстың іштей кезеңі сабағына сұраныс

Пән аты




Сынып






Қолы Күні




Похожие:

Жылдың үздік мұғалімі сайыскері iconТүсіп, 1974 жылы үздік дипломмен бітіріп, тарих пәні мұғалімі мамандығын алып шықты
Оқу жылынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтау қаласындағы №13 орта мектеп-гимназиясында тарих, адам және қоғам, құқықтану пәндерінен...
Жылдың үздік мұғалімі сайыскері iconУниверситеттің үздік профессоры, Университеттің үздік доценті
«Университеттің үздік профессоры, «Университеттің үздік доценті» байқауының Ережесі
Жылдың үздік мұғалімі сайыскері iconСтуденттердің табиғи, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік ғылыми жұмыстарының республикалық байқауы туралы ереж е
Студент жастар арасында үздік ғылыми жұмыстар үшін республикалық байқауды (әрі қарай Байқау)  ұйымдастыру мен өткізудегі мақсат
Жылдың үздік мұғалімі сайыскері iconСтуденттердің табиғи, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік ғылыми жұмыстарының республикалық байқауы туралы ереж е
Студент жастар арасында үздік ғылыми жұмыстар үшін республикалық байқауды (әрі қарай Байқау)  ұйымдастыру мен өткізудегі мақсат
Жылдың үздік мұғалімі сайыскері iconЛекция жинағы, тезистер, оқу құралдар
Абай атындағы педагогикалық институты, бастауыш сынып мұғалімі және ұлт мектептерде орыс тілі пәнінің мұғалімі
Жылдың үздік мұғалімі сайыскері icon«Университеттің үздік оқытушысы» байқауының Ережесі Жалпы Ереже
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің Ғылыми Кеңесінде талқыланып, №1 хаттамасымен...
Жылдың үздік мұғалімі сайыскері iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің үздік дәрігері
Ағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) үздік дәрігеріне конкурс Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары медициналық...
Жылдың үздік мұғалімі сайыскері iconТілі мен әдебиеті пәні мұғалімі факультетін бітірген. «№11 мамандандырылған физика- математика мектебі» мемлекеттік мекемесінде 2005- 2006 оқу жылынан бастап
«№11 мамандандырылған физика- математика мектебі» мемлекеттік мекемесінде 2005- 2006 оқу жылынан бастап еңбек етіп келеді. «Қазақ...
Жылдың үздік мұғалімі сайыскері icon«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Мамандығы бойынша үздік-2012» конкурсының финалын өткізгені туралы хабарлайды
Ж. 21-24 қазан аралығында «Интергаз Орталық Азия» АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ құрамына кіреді) өзінің 15 жылдығын тойлауға және «Мұнай-газ...
Жылдың үздік мұғалімі сайыскері iconАлматы қаласының сырттан келу туризмін дамыту саласындағы үздік туристік кәсіпорындары
«Алматы қаласының сырттан келу туризмін дамыту саласындағы үздік туристік кәсіпорындары» конкурсы (әрі қарай-Конкурс) Бүкіләлемдік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница