Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы




Скачать 280.55 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы
страница1/2
Дата конвертации10.02.2016
Размер280.55 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kargoo.gov.kz/files/loader/34_upfiles_16315.doc
  1   2
Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 629 Қаулысы

 




      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006 - 2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспары (бұдан әрi - Ұлттық жоспары) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, сондай-ақ мүдделi ұйымдар Ұлттық жоспарда көзделген іс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей жыл қорытындылары бойынша Ұлттық жоспар iс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Жергiлiктi атқарушы органдарға адам құқықтары саласындағы бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi өңiрлiк iс-қимыл жоспарын әзiрлеу және бекiту ұсынылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Ұлттық жоспарды белгiленген тәртiппен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөнiндегi халықаралық гуманитарлық құқық және халықаралық шарттар жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясына енгiзсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне 2007 жылғы 15 желтоқсанға қарай Ұлттық жоспар іс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң      
2006 жылғы 30 маусымдағы
N 629 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы
бiлiм беру жөнiндегi 2006 - 2007 жылдарға арналған
ұлттық iс-қимыл жоспары

Мазмұны

1.  Кiрiспе
2.  Ұлттық жоспардың мақсаттары мен басымдықтары
3.  Адам құқықтары саласындағы бiлiмге шолу
4.  Ұлттық жоспардың iс-шаралары
5.  Қорытынды
6.  Ұлттық жоспардың iс-шаралар жоспары
7.  Ескертпелер

1. Кiрiспе

      Қазақстан Республикасы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы ұсынған Адам құқықтары саласындағы дүниежүзiлiк бағдарламаның мақсаттарын қолдайды және адам құқықтары саласындағы бiлiм беру адам құқықтарын жүзеге асыру iсiне зор үлес қосатынын атап өтедi.
      Дүниежүзiлiк бағдарламаның бiрiншi кезеңiнiң (2005-2007 жылдар) шеңберiнде адам құқықтары жөнiндегi комиссияның 2004/71 қарарында бастауыш және орта бiлiм беру жүйелерiне басты назар аударылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы өзiне орта мектеп жүйесiнде адам құқықтары саласындағы бiлiм беру мәселелерi бойынша зерттеулер жүргiзу және Адам құқықтары саласындағы 2006 - 2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын (бұдан әрi - Ұлттық жоспар) әзiрлеу жөнінде мiндеттемелер алды.
      Тәуелсiздiк жылдарында Қазақстан заңнаманы жетiлдiру және оны бiздiң ел ратификациялаған адам құқықтары туралы халықаралық құжаттардың нормаларына сәйкес келтiру жөнiнде орасан зор жұмыстар атқарды.
      Қазақстан өзiне алған мiндеттемелерге сәйкес құқықтық реформаларды белсендi жүргiзуде. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 шiлдедегi N 999 қаулысымен Қазақстан Республикасында Әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi ұлттық iс-қимылдар жоспары бекiтiлдi. Бiлiм беру саласында да реформалар белсендi жүргiзiлуде. Қазақстанның Дакар iс-қимыл шеңберiне қол қоюы баршаға арналған Бiлiм беру жөнiндегi кешендi ұлттық iс-қимыл жоспарын әзiрлеу қажеттiлiгiн негiздедi.
      Осыған байланысты Қазақстанның Адам құқықтары саласындағы дүниежүзiлiк бiлiм беру бағдарламасы бойынша науқанға қатысуы адам құқықтарын қалыптастыру, дамыту және қамтамасыз ету жағына жасалған тағы да бiр оң қадам деп бағалауға болады.
      Аталған бағдарлама адам құқықтары саласындағы бiлiм берудiң көп жылдық процесiндегi алғашқы емес екендiгiн атап айту керек. Адам құқықтары мәселелерi бойынша ағарту саласындағы бастамаларға жәрдем көрсету мақсатында ұлттық деңгейде адам құқықтары саласындағы бiлiм беру мүддесiнде бәрiн қамтитын, тиiмдi және тұрақты стратегиялар әзiрлеуге және жүзеге асыруға ықпал еткен БҰҰ-ның 1995 - 2004 жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы бiлiм берудiң онжылдығы сияқты нақты халықаралық iс-қимыл шеңберi қабылданды.
      Дүниежүзiлiк бағдарлама бiлiммен алмасу, дағдыларды бойына сiңiрту және:
      адам құқықтарын және негiзгi еркiндiктердi құрметтеудi нығайтуға;
      адамдық жеке тұлғаны және адамгершiлiк ар-намыс сезiмiн жан-жақты дамытуға;
      өзара түсiнiстiкке, шыдамдылыққа, ер адам мен әйел адам арасындағы теңдiкке және барлық ұлттардың, байырғы халықтың және нәсiлдiк, ұлттық, этникалық, дiни және тiлдiк топтар арасындағы достыққа жәрдем көрсетуге;
      құқық үстемдiк ететiн еркiн және демократиялық қоғам өмiрiне барлық адамдардың тиiмдi қатысу мүмкiндiктерiн қамтамасыз етуге;
      бейбiтшiлiктi құруға және қолдауға;
      қоғам және әлеуметтiк әдiлдiк мүддесiнде тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымдарды қалыптастыру жолымен адам құқықтарының жалпыға бiрдей мәдениетiн қалыптастыру үшiн қабылданатын бiлiм беру, оқыту мен ақпараттандыру жөнiндегi күш ретiнде айқындалуы мүмкiн "адам құқықтары саласындағы бiлiм беру" ұғымының контексiн және оны айқындауды көздейдi.
      Тиiмдiлiктi арттыру және мәселеге неғұрлым сапалы келу мақсатында осы Ұлттық жоспарды әзiрлеу процесiнде Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi сарапшылар мен социологиялық ұйымдарды тарта отырып, жалпы орта бiлiм беретiн мектептерде адам құқықтары саласындағы бiлiм беру мәнiне ұлттық зерттеу жүргiздi.
      Осыған сәйкес адам құқықтары жөнiндегi бiлiм мониторингi үшiн көрсеткiштер әзiрлендi. Олардың iшiнде: адамның негiзгi құқықтары туралы мектеп оқушыларының хабардар болу көрсеткiшi, адам құқықтарын оқытуға бөлiнетiн сағаттар саны, адам құқықтары жөнiндегi оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз етiлу т.б. бар.
      Жүргiзiлген зерттеулер жиынтығында орта мектептегi адам құқықтары саласындағы бiлiм бойынша жалпы көрiнiстi көруге мүмкiндiк бердi.
      Әртүрлi сыныптарда адам құқықтарын оқытуға арналған сағаттар саны айына төрттен беске дейiнгi сағатты құрайды, осыған қосымша факультативтер, сынып сағаттары, мектептен тыс iс-шаралар өткiзiледi.
      Сұрау салу нәтижелерi оқушылардың мектептегi өз құқықтарын неғұрлым терең зерделеуге үлкен қызығушылық (96%) танытатынын көрсеттi. Егер құқықтары бұзылса, қайда жүгiнетiнiн бiлетiн балалардың пайызы төменгiден жоғарғы сыныптарға қарай (43-тен 58-ға дейiн) ұлғайып отырады.
      Адам құқықтары мәселелерi бойынша балалардың бiлiмiн қалыптастыруда және оларға практикалық көмек көрсетуде ата-аналар мен отбасылардың рөлi аса зор, өйткенi оқушылардың жартысынан көбi адам құқықтары туралы ақпаратты өз ата-аналарынан алады және егер олардың құқықтары бұзылса, олар тағы да ата-аналарына жүгiнедi.
      Зерттеу нәтижелерiн кеңiнен талқылау, сондай-ақ әзiрленген ұсынымдар мен ұсыныстар адам құқықтары саласындағы бiлiм берудi жетiлдiруге, азаматтануды және адам құқықтарын оқытудың маңыздылығын ескере отырып түзетуге жәрдемдеседi. Ұлттық зерттеу жобасын талқылау мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлмен, үкiметтiк емес ұйымдармен бiрлесiп, ЕЫҚҰ орталығының қолдауымен бiрқатар iс-шаралар өткiзiлдi.
      Республикада адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жағдайындағы оң үрдiстердi атап өту маңызды. Адам құқықтары барлық бiлiм беру жүйесi шеңберiнде және бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде енгiзiледi және iске асырылады.
      Сонымен қатар Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру мәселелерi нақты пысықтауды талап етедi. Ұлттық жоспарды әзiрлеу кезiнде министрлiктер мен ведомостволардың түскен материалдар адам құқықтарына нақты тоқталмай-ақ, құқықтық және азаматтық бiлiм беру туралы куәлiк етедi.

2. Ұлттық жоспардың мақсаттары және басымдықтары

      Адам құқықтары мәдениетi бiлiмiн жетiлдiру;
      адам құқықтары саласындағы бiлiм берудiң негiзгi қағидаттары мен әдiстерiн жалпы түсiнуге қол жеткiзу;
      ұлттық және халықаралық деңгейлерде адам құқықтары саласындағы бiлiм беруге деген ерекше назарды күшейту;
      барлық мүдделi тараптардың адам құқықтары саласындағы бiлiм берудi дамыту мен жетiлдiру iсiндегi өзара iс-қимылын және ынтымақтастығын кеңейту;
      Қазақстан Республикасында мектептiк және кәсiптiк-техникалық бiлiм берудiң және формальды және формальды емес оқытулардың барлық деңгейлерiнде адам құқықтары саласында бiлiм берудi одан әрi дамытудың қажеттiлiгiн бағалау және оның тиiмдi стратегияларын әзiрлеу;
      жаңа бағдарламалар әзiрлеу және қолданыстағыларын түзету, адам құқықтары саласында бiлiм беру үшiн педагогтар мен оқытушыларды даярлау (қайта даярлау);
      адам құқықтары саласында бiлiм беруге арналған оқулықтар және оқу-әдiстемелiк материалдар әзiрлеудi үйлестiру;
      адам құқықтары саласындағы бiлiм берудi көтермелеу iсiнде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлi мен мүмкiндiктерiн нығайту.

3. Адам құқықтары саласындағы бiлiмге шолу

      Қазақстанда орта бiлiм беру жүйесi 2,8 млн. оқушы контингентi бар 8171 мектептi қамтиды, оның iшiнде 1246 - бастауыш, 218 - негiзгi, 5423 - орта мектеп. Олардың 6034-i 1,3 млн. оқушылар контингентi бар ауылдық мектептер, 1853-i 1,4 млн. оқушы контингентi бар қалалық мектептер.
      Республика заңнамасының нормативтiк құқықтық базасы халықаралық деңгейде қолданылатын контексте және айқындамада орта бiлiм беруде адам құқықтары саласындағы бiлiм берудi жетiлдiруге сәйкес келедi.
      Нормативтiк базаға енгiзiлетiн бiрқатар елеусiз өзгерiстер адам құқықтары саласындағы бiлiм берудi нақтылауға және жетiлдiруге мүмкiндiк бередi.
      Адам құқықтары бiлiм беру мақсаттарының бiрi ретiнде және бiлiм берудi бағалаудың сапалы өлшемдерi сияқты бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi негiзгi нормативтiк құжаттарға енгiзiлуi қажет.
      Адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiнде ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарлар мен симпозиумдарды өткiзу, халықаралық ынтымақтастық шеңберiнде бiлiмдi тарату және ересектердi оқытудың қажеттiлiгiн атап өткен жөн.
      Адам құқықтары саласындағы бiлiм беру мәселелерiн көрсететiн бағдарламалық нормативтiк құқықтық кесiмдердi талдау мемлекеттiң салааралық деңгейде барлық билiк құрылымдарының өзара iс-қимыл жасауы жолымен адам құқықтары саласындағы бiлiм беру бойынша ұзақ мерзiмдi айқын саясат жүргiзiп отырғанын көрсетедi.
      "Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 мамырдағы N 591 қаулысымен Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқудың 1996 - 1998 жылдарға арналған кешендiк бағдарламасы бекiтiлдi. Yкiметтiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1382 қаулысымен Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi 2005 - 2007 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы қабылданды.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бiлiм алушылардың құқықтық дайындығын нығайту арқылы адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу негiзгi мiндеттердiң бiрi болып табылады.
      "Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуетiн одан әрi пайдалану жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 4 мамырдағы N 1568 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне бiлiм беру ұйымдарында осы ұйымдарға қажеттi әдiстемелiк көмек көрсете отырып, конституциялық құрылыстың негiздерiн, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын оқытудың сапасын арттыру жөнiндегi шаралар қабылдау тапсырылды.
      Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарға сәйкес жалпы бiлiм беретiн мектептерде қоғамдық-құқықтық пәндер топтамасы: бастауыш сыныптарда "Дүниетану", жоғары сыныптарда "Тарих", "Қоғамтану негiздерi" мен "Құқықтану негiздерi" пәндерi оқытылады. Бұдан басқа әр түрлi курстар, мысалы 670 мектептiң 44 мыңға жуық оқушысын қамтитын "Азаматтануға кiрiспе" бағдарламасы бойынша Сайлау Жүйелерiнiң Халықаралық Қоры әзiрлеген курс өткiзiлуде.
      Адам құқықтары бойынша да, қоғамдық-құқықтық пәндер бойынша да жекелеген оқу құралдарының белгiлi бiр саны бар. Республика мектептерiнде барынша кеңiнен пайдаланылатын оқу құралдарына мыналарды жатқызуға болады:
      Ғ.С Сапарғалиев. Қазақстан мемлекетi мен құқығының негiздерi. - Алматы: Атамұра, 1998.
      H.P. Күнқожаев. Адам және қоғам. - Алматы: Мектеп, 2002.
      К.М.Жүкеш. Адам және қоғам. - Алматы: Глобус, 2003.
      Дж. Пилон және басқалар. Азаматтық бiлiм беруге кiрiспе - Алматы: СЖХҚ, 2003.
      Дж. Пилон және басқалар. Азаматтық және басқаруға қатысу - 21 ғасырдың азаматтық қоғамындағы сiздiң рөлiңiз. - Алматы: СЖХҚ, 2004.
      Бiрқатар құралдар үкiметтiк емес ұйымдардың тiкелей қатысуымен, ал құқықтық пәндер бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң қатысуымен дайындалды және жарияланды. Бұл Ө. Акыпбековтың "Құқық әлiппесi", Р.Завотпаевтың "Терроризм әлiппесi", Көшi-қон жөнiндегi халықаралық ұйымның сынып сағаттарын өткiзу жөнiндегi "He соглашайся на рабство" атты құралы, "Қамқор" дағдарыс орталығының "қазiргi заманғы қоғам балалары" деген материалдар жинағы, "Құқық және бiлiм" деген электрондық материалдардың жинағы.
      Адам құқықтары саласындағы бiлiм беру контексiндегi бiлiм беру қызметiнiң қосымша нысандары аудиториялық сабақ жүйесiне енбейтiн түрлi мектептен тыс іс-шаралар түрiнде iске асырылды. Республикада адам құқығы мен демократия мәселелерi бойынша жасөспiрiмдердiң құқықтарын қорғау форумдары, құқықтық олимпиадалар, семинар-тренингiлер, құқықтық бiлiм викториналары, құқықтың ең үздiк бiлгiрлерiне арналған конкурстар, құқықтық идеялар фестивалдары, әлемдегi және елдегi саяси оқиғаларды талқылау жөнiндегi брифингтер сияқты iс-шаралар өткiзiледi.
      Қазақстанда адам құқықтары саласындағы бiлiм беруге арналған кадрларды даярлау мәселелерiмен Бiлiм беру жүйесiнiң басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру республикалық институты, облыстық бiлiктiлiктi арттыру институттары, әдiлет органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру институттары, үкiметтiк емес ұйымдар айналысады.
      Адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметi тұтастай алғанда мемлекеттiк қолдаудың қажеттi деңгейiн көрсетедi. Алайда, осы мәселе бойынша олардың өзара iс-қимылы мен келiсiмдiлiгi әлi де пысықтауды талап етедi. Адам құқықтары саласындағы бiлiм беру процесiне бiлiм беру органдарымен қатар құқықтық мәдениет пен халықты ағартудың ұдайы және тұрақты өсуiне барынша мүдделiлер ретiнде әдiлет органдары мен құқық қорғау органдары белсендi түрде тартылған. Адам құқықтары саласындағы бiлiм берудi жетiлдiру мемлекеттiң қаржылық-ұйымдастырушылық қолдаумен тiкелей байланысты. Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру үшiн ғана республикалық бюджет қаражатынан 198 млн. теңге бөлiндi.
      Адам құқықтары саласындағы бiлiм берудi жүзеге асыру процесiне үкiметтiк емес ұйымдардың қатысу үлесi елеулi. Yкiметтiк емес ұйымдардың адам құқықтары саласындағы бiлiм берудi жетiлдiруге қатысуы қажеттiлiгiн қосымша ұйымдастырушылық-қаржылық және оқу-әдiстемелiк ресурстар ретiнде қарастыруға толық негiзделген алғышарттар бар. Бiлiм беру ұйымдарымен бiрлесiп, адам құқықтары бойынша мектептiк бiлiм беру саласындағы белсендi қызметтi мынадай үкiметтiк емес ұйымдар: Сайлау Жүйесiнiң Халықаралық Қоры халықаралық ұйымдар өкiлдiгi, "Street-Law-Казахстан", "Ашық әлем" Қоғамдық ақпараттық орталығы", "Тең-теңге", "Бiтiмгершiлiк", Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөнiндегi Қазақстан халықаралық Бюросы, "Жас көшбасшылар ассоциациясы", "Конфликтологиялық орталық" қоғамдық ұйымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Қызыл Жарты ай қоғамы және басқалар жүзеге асырады.
  1   2

Похожие:

Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында 2006 2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2009 2011 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында 2006 2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2009 2011 жылдарға арналған iс-шаралар...
Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013 2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасының "жасыл экономикаға" көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013 2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын...
Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекiту туралы
Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекiту туралы
Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы iconҚазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2011- 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы
Жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға
Республикасы Конституциясының 44-бабының 8 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн дамыту мақсатында...
Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының 2015 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Республикасының 2015 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница