Дипломдық жобалауға әдістемелік нұсқаулықтардың беттік парағы




Скачать 393.77 Kb.
НазваниеДипломдық жобалауға әдістемелік нұсқаулықтардың беттік парағы
страница1/3
йіндіков М М
Дата конвертации10.02.2016
Размер393.77 Kb.
ТипДиплом
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/43107.doc
  1   2   3


Дипломдық жобалауға әдістемелік нұсқаулықтардың беттік парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/21



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Металлургия кафедрасы


050709 «Металлургия» мамандығы бойынша дипломдық жобалауға


ӘДIСТЕМЕЛIК НҰСҚАУЛЫҚТАР


Павлодар





Дипломдық жобалауға әдістемелік нұсқаулықтардың бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/25


БЕКIТЕМIН

ММжКФ деканы

_____________ Т.Т. Тоқтағанов

20___ж. «___»_________


1.1



Составитель: т.ғ.к., профессор Сүйіндіков М.М.

магистр, аға оқытушы Быков П.О.


Металлургия кафедрасы


050709 «Металлургия» мамандығы бойынша дипломдық жобалауға


ӘДIСТЕМЕЛIК НҰСҚАУЛЫҚТАР


Кафедра отырысында ұсынылды, №___хаттама, «___»__________20__ ж.


Кафедра меңгерушiсi ________________________Сүйiндiков М.М.


Металлургия, машина жасау және көлiк факультетінің әдiстемелiк кеңесi қолдады.


Хаттама № _____, «_______»__________20__ ж.


ОӘК төрағасы_____________________ Ж.Е. Ахметов


МАЗМҰНЫ





  1. Жалпы қағида 4

  2. Дипломдық жоба тақырыбы 4

  3. Дипломдық жоба тапсырмасы 4

  4. Жоба жетекшісінің негізгі міндеттері 5

  5. Жоба құрамы мен мазмұны 5

  6. Түсініктеме жазбасының құрамы 6

  7. Жоба тарауларының мазмұны 6

  8. Негізгі жабдықты есептеу 11

  9. Дипломдық жобаның түсініктеме жазбасы 22

  10. Дипломдық жобаның сызба жұмысы 24

Қолданылған әдебиеттер тізімі 25

А қосымшасы 26


1 ЖАЛПЫ ҚАҒИДА



Қазіргі өндірістік объектілер жобалау техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және экономикалық сұрақтардың кешенді шешімдерін орындаумен байланысты. Сондықтан дипломдық жобалау тәлімгердің шығармашылық сипаттағы жұмысы болып, инженер даярлаудағы оқу үрдісінің қорытынды кезеңі болып табылады.

Дипломдық жобалау нақты жағдайға жақын орындалу керек. Өндіріс технологиясы, технологиялық және энергетикалық есептеулер, технологиялық режімді негіздеу, негізгі құрал – жабдықтарды таңдау және есептеу толығырақ орындалу керек.

Жобада сметалық және техника – экономикалық бөлімдерге үлкен көңіл бөліну керек. Негізгі цехтың іргелес цехтармен, көмекші бөлімдермен өндірістік байланысы ашылу керек. Сонымен қатар техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария, өндірістік лас суды тазалап залалсыздандыру және қоршаған ортаны қорғау сұрақтарына ерекше көңіл бөліну керек.

Дипломдық жоба екі бөліктен тұрады:

  1. түсініктеме жазбасы;

  2. графикалық бөлік.

Түсініктеме стандартқа сәйкес А 4 форматында компьютерде терілген 60 – 70 бет мәтіннен тұрады. Графикалық бөлік ең кемі 5 – 6 бет (А1 форматы) сызбадан тұрады.

Дипломдық жоба кафедра шешімі бойынша ғылыми - зерттеу сипатындағы дипломдық жұмыспен ауыстырылуы мүмкін.

Дипломдық жоба шығарғы жұмыс болып табылады да соның негізінде Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы (МАК) дипломданушы – тәлімгерге инженер – металлург біліктілігін (атағын) беру туралы шешім шығарады.

2 ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ



Дипломдық жоба тақырыбы актуальды, ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес және өндірістің нақты мұқтаждығына жауап беруі керек.

Дипломдық жобаның объектісі ретінде металлургиялық өндіріс орындарының жаңадан салынатын немесе қайта құрылатын негізгі өндірістік цехтары алынады.

Жобаланатын цехтың өнімділігі (негізгі өнімі бойынша) өндіріс талабымен анықталып немесе тәлімгер іс – тәжірибе өткен цехтың өнімділігінен өзгеше болуы керек.

Арнайы кафедра дипломдық жоба тақырыбын айқындап, оның актуальдігі мен мазмұнына жауапты болып табылады.

3 ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА ТАПСЫРМАСЫ




Дипломдық жобаны орындауға берілетін тапсырма жоба тақырыбын ашып, өзара байланыстағы техникалық, ұйымдастырушылық немесе экономикалық сипаттағы инженерлік есептің кешенді шешімін қарастыруы керек.

Техникалық, конструкциялық, ұйымдастырушылық немесе экономикалық сипаттағы бір сұрақ жобаның арнайы тапсырмасы (бөлігі) болып, толығырақ және тереңірек шешімі берілуі керек. Жобаның арнайы бөлігін тәлімгердің курстық ғылыми зерттеу жұмысымен байланыстырған жөн.

Дипломдық жоба тәлімгердің курстық жобасының (жұмысының) кең де терең қарастырылған жалғасы болғаны абзал. Дипломдық жоба тапсырмасында жұмыстың шешімін табатын барлық сұрақтары (соның ішінде электронды есептеу машинасымен) және графикалық материалдың міндетті сызбалары көрсетілуі тиіс.

4 ЖОБА ЖЕТЕКШІСІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ



Дипломданушы – тәлімгер дипломдық жобаны кафедра шешімі бойынша университет ректоры бұйрығымен бекітілген жетекшінің басшылығымен орындайды. Жобаның негізгі бағыттарын жоба жетекшісі мен кеңесшілері айқындайды.

Жетекші жобаға жетекшілік және оны орындау тапсырмасын, тәлімгермен бірге келісіп жобаны орындау кестесін және оны бақылау, сонымен қатар жобаға пікірсарап жасайды.

Тәлімгер диплом алдындағы іс – тәжірибеден кейін жетекші және кеңесшілермен жоба тарауларының тапсырмасын тағы да пысықтап, жұмыс кестесін жасайды. Дипломдық жобаны орындау барысында тәлімгер жұмысына бір рет жетекшіге (кеңесшіге) келуі тиіс.

Тәлімгер дипломдық жобаны аяқтаған соң тексеруге кафедраға тапсырады.

5 ЖОБА ҚҰРАМЫ МЕН МАЗМҰНЫ



Жоба құрамы мен мазмұны негізделген жобалық шешімдер, есептеулер мен көрсеткіштер түрінде, графикалық материалмен бірге дипломдық жобада қойылған міндеттерді орындауды көздейді.

Нақты объектіні жобалаудың мемлекеттік жүйесі мына міндеттерді шешуден тұрады:

а) жаңадан салынатын немесе қайта құрылатын өнеркәсіптік объектінің керектігін негіздеу;

б) ұйымдастырушылық, әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерінің өндірістік тиімділігі;

в) техникалық құжаттарды жасау – жобаланған объектіні салу және пайдалану сызбаларын жасау.







6 ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ



Түсініктеме жазбасының мазмұнына қойылатын жалпы талаптар кәсіпорын (ПМУ) стандарты (СТП СК – 03 - 02) бойынша анықталып, негізінен мыналардан тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және т.б.

Негізгі бөлімге кіреді:

  1. Жалпы түсініктеме жазбасы.

  2. Бас жоспар мен көлік.

  3. Технологиялық шешімдер, энергия қорымен қамтамасыз ету.

  4. Еңбекті қорғау

  5. Еңбекті ұйымдастыру және кәсіпорынды басқару.

  6. Құрылыс шешімдері

  7. Табиғи қоршаған ортаны қорғау.

  8. Сметалық құжат.

  9. Инвестицияның талдауы.

  10. Арнайы бөлім.

4 – тарау «Еңбекті қорғау» бөлімі кеңесшінің талаптарына сәйкес жазылады.

5, 8 және 9 – тарау ПМУ – дің “Сала экономикасы” кафедрасының талаптарына сәйкес жазылады.


7 ЖОБА ТАРАУЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


7.1 Жалпы түсініктеме жазбасы

“Жалпы түсініктеме жазбасы” дипломдық жоба түсініктеме жазбасының қорытынды кезеңі болғандықтан, технологиялық, жобалық шешімдер және негізгі техника – экономикалық көрсеткіштерді жалпылама қамтып, мыналардан тұрады:

7.1.1 Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы және оны жобалаудың бастапқы берілімдері.

7.1.2 Өнімнің номенклатурасы, сапасы және техникалық деңгейі. Шикізат базасы.

7.1.3 Негізгі технологиялық және жобалық шешімдер.

7.1.4 Жұмыс істеушілердің кәсіби – біліктілік құрамы мен саны.

7.1.5 Энергияға мұқтаждық.

7.1.6 Бас жоспар туралы негізгі шешімдер.

7.1.7 Табиғатты қорғау шаралары.

7.1.8 Шикізатты кешенді пайдалану.


7.2 Бас жоспар мен көлік

Тарауға кіреді:

7.2.1 Цехтың жерін таңдау және оның қысқаша сипаттамасы, басқа цех, кәсіпорын, жолға байланысты орналасуы.

7.2.2 Жер, топырақ және су рельефінің, сонымен қатар ауа райының сипаттамасы.

7.2.3 Инженерлік жүйе мен коммуникациялар туралы шешімдер.

7.2.4 Көлік (көлік пен жүк айналымының түрі, автомабиль мен теміржол торабы).

7.3 Технологиялық шешімдер, энергиямен қамтамасыз ету.

Бұл тарау түсініктеме жазбасының негізгі тарауы болғандықтан, дипломдық жобаны жазуды осы тараудан бастап толығырақ жазған жөн.

Бұл тараудың негізгі баптарының қысқаша мазмұны.

7.3.1 Шикізат базасы, шикізат сипаттамасы.

Шикізат көздері, шикізат базасы. Бастапқы шикізаттың сандық және сапалық сипаттамасы.

7.3.2 Цех жұмысының режімі және оның өнімділігі.

Жыл және тәулік бойғы цех жұмысының режімін таңдау металлургиялық саланы технологиялық жобалаудың бекітілген әдістемелігі мен нормасы бойынша орындалады.

7.3.3 Ғылыми – зерттеу жұмысын талдау.

Мұнда берілген шикізат туралы, мүмкіндігінше кейінгі кезде жүргізілген, ғылыми – зерттеу жұмысының маңызды нәтижелері қарастырылады. Алдымен цехтағы технологияның негізі болған ғылыми жұмыстардың нәтижесі келтіріледі. Жалпы технологияны және оның жеке бөлімдерін жетілдіруге бағытталған жұмыстар қысқаша баяндалып, соңында қорытындылар келтіріледі.

7.3.4 Істеп тұрған кәсіпорын жұмысын талдау.

Цех технологиясын жетілдірудің негізгі инженерлік шешімдері қысқаша баяндалып, орын алған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар келтіріледі.

7.3.5 Технологияны негіздеу және таңдау.

Технологияны негіздеу мен таңдау жобалаудың ең жауапты кезеңі болғандықтан, жобалаушының шығармашылық қабілетін керек етеді.

Бап құрамы:

7.3.3 және 7.3.4 тармақтары бойынша негізделген қорытынды. Базалық технологиядан жоба технологиясының айырмасы. Техногиядағы өзгерістерді негіздеу және олардың ғылым мен техниканың дамуына сәйкестігі.

Таңдалып алынған технологияны техника – экономикалық есептеулермен негіздеуге болады.

Ұсынылған технологиялық сұлба түсініктеме жазбасында А4 немесе А2 форматты бетте келтіріледі.

7.3.6 Негізгі технологиялық үрдістерді баяндау, сипаттау.

Негізгі технологиялық үрдістердің режімін, химизмін, алынатын өніммен, оның сапасын қысқаша жазу.

7.3.7 Технологиялық үрдісті есептеу.

Материалдық, жылулық, электрлік және т.б. баланстарды есептеу.

7.3.8 Негізгі технологиялық жабдықтарды таңдау және есептеу.

Негізгі агрегаттардың түрі мен конструкциясын негіздеп таңдау, олардың қуаты мен санын есептеу. Негізгі агрегаттың өлшемін анықтау.

7.3.9 Көмекші жабдықтарды таңдау және есептеу.

Көмекші жабдықтарға көтергіш кран, көліктік жабдықтар, ауа сорғыш, желдеткіш және т.б. жатады. Мысал ретінде 1 – кесте келтірілген.


1 - кесте – Желдіткіштердің жүйеленген кестесі

Желдеткіштің қолдану мақсаты.

Өнімділік

м3/сағ

Түрі

Номері

Қысым

Қуат,

кВт

1. Ерітінді күбілерінің газын жергілікті сору

4420

Ц4 - 70

5

110

10

2. және т.б

















7.3.10 Сынама және бақылау.

Технологиялық үрдісті сынама алу арқылы бақылаудың мақсаты мен әдістері келтіріледі

7.3.11 Жөндеу шаруашылығы.

Жөндеу қызметінің құрамы, жөндеу жабдықтарының түрі көрсетіледі. Жөндеу әдістері анықталады.

7.3.12 Шанақ пен қойма.

Шикіқұрам мен өнімге керекті шанақ пен қойманың сыйымдылығы мен геометриялық өлшемдері есептеліп анықталады.

7.3.13 Көмекші қызмет көрсету.

Көмекші қызмет түрлері анықталып, қысқаша сипатталады.

7.3.14 Қалдықтарды жинау және көму.

Металлургиялық қоғысты төгетін орынды жинау және оны пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру. Зиянды өнеркәсіп қалдықтарын көму. Осы шараларды жүргізуге керекті жабдық пен құрылыстың сипаттамасы.

7.3.15 Технологиялық үрдістерді автоматтандыру.

Автоматты басқарылатын объектілер мен оларды басқарудың параметрлері. Технологиялық маңызды бір үрдісті автоматты түрде басқаруды келтіру.

7.3.16 Электрмен қамтамасыз ету және электрлік жабдықтар.

Бөлім мыналардан тұрады:

        1. Электроэнергия тұтынушыларының сипаттамасы.

Жобаланатын ток қабылдағыш үшін желідегі кернеу.

        1. Электроэнергияның жүктемесін анықтау және шығынын есептеу.

Есептеудің нәтижесі кесте түрінде беріледі (кесте 2). Осындай есептеулер барлық обьектілер үшін жүргізіледі.

        1. Электрмен қамтамасыз ету көздерінің, ток параметрлерінің, төмендеткiш, үлестіргіш, түрлендіргіш подстанциялары мен электрлік беріліс жүйелерін баяндаудың қысқаша сипаттамасы. Сипаттаманың соңында обьектінің электрмен қамтамасыз етудің негізгі сұлбасын келтіруге болады.

        2. Жарық беру жүйесі.

7.3.17 Технологиялық жылу, сығымдалған ауа, оттек және т.б. қамтамасыз ететін энергетикалық қондырғылар мен жабдықтардың сипаттамасы.

Энергетикалық қондырғылар мен орнатылған жабдықтардың тізімін келтіреді.


Кесте 2 - Энергетикалық кернеулерді анықтау

Қолданушылар

дың тізімі (атауы)

Ток қабылдағыш

тардың мөлшері

Ортақ орнатылған қуат (кВт)

Қуаттық пайдалану коэф-ті (К)


Жұмыс сағаты

Электр

лік энер

гияның жылдық шығы

ны (кВт)

Жұ

мыс істей

тін

Қор

да тұрғандар

Жұ

мыс істейтін

Қор

да тұрғандар

Тәулік

те

Бір жыл

дағы




Сілтілеу цехы

























1.Технология

лық

























а) бұл

ғауыш

тар жетегі

10

2

100

20

0,65

24

7920

514800

б)...













Синхронды(үйлесімді)электродвигательдер үшін К=0,95










в)...













Басқа э/д үшін К=0,65










Және т.б.

























Барлығы

























2.Сантех

никалық жүктеме - “Б”-ның 5%-ы

























3.Жөндеу жүктемесі-“Б”-ның

7-9%-ы

























4.Жарық беру

Есептеу бойынша 100м2 ауданға 1кВт қуат



2-ші кестенің жалғасы

5. Жүйеде

гі шығын

дар

“Б”-ның

0,5%-ы



















Обьект бойынша барлығы

























    1. Құрылыс шешімдері.

      1. Сәулетті - құрылыстың шешімдері.

        1. Негізгі ғимараттар мен құрылыстар бойынша (қабаттар; аралықтардың (пролетов) саны мен өлшемдері, бағанның торы, қолданылатын құрылыс конструкциялары және стандартты элементтері, қабырғалар, төбесі, қолданылатын құрылыс материалдары, соның ішінде жергілікті де) сәулетті – құрылыстың шешімдерін баяндау (суреттеу) және жинақтау.

        2. Өндірістік шуды және дірілді төмендету.

        3. Электро-, жарылыс-, өртқауіпсіздігі бойынша шаралар.

        4. Құрылыс конструкцияларын, желілерін және кешендерін коррозиядан қорғау.

        5. Құрылыс көлемдерін есептеу.

Құрылыс көлемдерін есептеудің нәтижелері кесте түрінде келтіріледі.


Кесте 3 – Құрылыс көлемдерін есептеудің нәтижелері

Ғимараттар мен кешендердің атауы

Аудан,

м2

Көлем,

м3

Металлоконструкциялары

Құрылыс

тық

технологиялық

барлығы

1.Шикіқұрам дайындау цехы

1500

22500

45

22,5

67,5

2.Шикіқұрамды бункерлер (шанаптар)

-

1000

1

2

3

3.Көлікті галерея

750

1500

1,5

-

1,5

Және т.б.

















1000м3 металды фермамен жабылған ғимаратқа 2,0 тонна құрылыстың металлоконструкцияларын есептеумен алынады. 1000м3 ғимаратқа 1,0 тонна технологиялық металлоконструкцияларын есептеумен алынады.

7.4.2 Жылыту, желдетіс, кондициялау.

Жылыту және вентиляциялау үшін сыртқы ауаның есептелген параметрін, орташа температурасын және жылыту кезеңінің ұзақтығын, жылутасымалдығыштың көзі мен параметрлерін қамтитын жобалау үшін керекті бастапқы мәліметтерді баяндау жүргізіледі. Жылудың жылдық шығынын үлкейтілген көрсеткішпен есептейді. Жылыту, желдетіс және кондициялау жүйелерінің қысқаша баяндамасы келтіріледі.



      1. Сумен қамтамасыздау және канализация.

Сумен қамтамасыздау және канализация жүйесін жобалау үшін керек бастапқы мәліметтер келтіріледі: технологиялық және шаруашылық қажеттілігіне кететін судың шығыны, өртті сөндіру үшін кететін судың шығыны. Сумен қамтамасыздаудың көзі және сорғылық (насосные) станциялары.

Шаруашылық фекальдық ағындарының саны

Сумен қамтамасыздау және канализация жүйелерінің қысқаша баяндамасы.

7.5 Табиғи қоршаған ортасын қорғау.

      1. Өнеркәсіп лақтырындысының тізімі.

Газдың лақтырындысының, шаң-газдың және шаң-ауалық қоспаларының, қойыртпақ және ерітінділер түріндегі сұйық лақтырындыларының орны мен мөлшері бойынша мәліметтер осы пункте келтіріледі. Жылдық лақтырындылардың көлемі келтіріледі.

      1. Ауа бассейнін қорғау.

Осы пункте лақтырындылардың көзі, лақтырылатын ластайтын заттардың атауы, олардың сапалық және мөлшерлік сипаттамалары келтіріледі. Апатты лақтырындылар. Ластанғыш заттардың пайда болуын және атмосфераға бөлінуін болдырмау жолдары бойынша тиянақты шешімдер. Атмосфераға бөлінетін лақтырындыларды тазалауға арналған жабдықтар.

      1. Сулы жерлерді және топырақты ақаба сулармен ластанудан қорғау.

Осы пункте ақаба сулардың мөлшері (жеке цехтар, өндірістер, ғимараттар бойынша келтіріледі) туралы мәліметтер келтіріледі. Тұтас кәсіпорын бойынша және негізгі өнеркәсіп үрдістері бойынша су тұтыну және субұру балансы. Ақаба судың сипаттамасы, олардың химиялық құрамы. Қабылданған тазарту технологиясы, негізгі үрдістердің химизмі, шығын коэффициенттері, зиянсыздандыру аппаратурасы. Зиянсыздандырылған қосылыстарды кәдеге асыру туралы мәліметтер. Суайналымы .

Жоғарыда қарастырылғаннан басқа бөлімшеде экологиямен байланысқан да пункттер болуы мүмкін. Мысалы, өсімдік және жан-жануарлар әлемін қорғау.


8 НЕГIЗГI ЖАБДЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ


8.1 Глинозем өндірісіндегі негізгі жабдықты есептеу

Глинозем өндірісінде қолданылатын жабдықты есептеу үшін алдын-ала технологиялық үрдістің есебін жүргізу қажет. Шикізаттың, материалдардың және аралық өнімдердің технологиялық ағындарын, глиноземді өндірудің материалдық баланстарын есептеудің әдістемесі (4,5) әдебиеттерде келтіріледі және бұл жағдайда қарастырылмайды.

Бокситтерді Байер және күйежентектеу әдісімен жылына глинозем бойынша 500000 тонна өнімділікпен қайта өңдеу үшін керек негізгі жабдықты есептеу үшін шикізатты материалдардың және аралық өнімдердің технологиялық ағынының алдын-ала жүргізілген есебі бойынша келесі қажетті мәліметтер келтіріледі:


  1. Байер әдісі бойынша бокситтерді қайта өңдеудің есептеулерінің мәліметтері:

боксит – 110,3 т/сағ

әктас – 3,2 т/сағ

сілтілеуге арналған шикі қойыртпақ – 391,3 м3/сағ

сілтілеуге түскен өткір будың мөлшері – 74,2 т/сағ

декомпозицияға жіберілетін алюминатты ерітіндінің көлемі – 729,2 м3/сағ

1т глиноземға керек өнімділік гидрооксидіндегі Al2O3-ң мөлшері – 870,1кг;

буландыруға жіберілетін күңгіртті ерітіндінің көлемі – 714,2 м3/сағ

1т глиноземға керек түрткілі гидрооксидіндегі Al2O3-ң мөлшері – 4150,2 кг;

1 сағаттың ішінде буланатын судың мөлшері – 390,8 т;

2) бокситтерді күйежентектелу әдісімен қайта өңдеу кезіндегі есептеулердің мәліметтері:

ұсатылатын және ұнтақталатын бокситтер – 27,9 т/сағ;

ұнтақталатын әктас – 9,5 т/сағ;

1 сағатта алынатын күйежентектің мөлшері – 41,3 т;

сілтілеуден кейін кремнийсізденуге түскен алюминатты ерітіндінің көлемі – 89,4 м3/сағ;

кремнийсіздеу кезіндегі конденсаттың көлемі – 11,9 м3/сағ;

кремнийсіздеуден кейінгі алюминатты ерітіндінің көлемі – 89 м3/сағ;

буландыруға жіберілетін әлсіз күңгіртті ерітіндінің көлемі – 67,3 м3/сағ;

сілтілеуге жіберілетін күнгіртті ерітіндінің көлемі – 19,5 м3/сағ;

1т глиноземға керек түрткілі гидрооксидіндегі Al2O3-ң мөлшері – 545,6 кг;

1т глиноземға керек өнімділік гидрооксидіндегі Al2O3-ң мөлшері – 127,2 кг;

1 сағаттың ішінде буланатын судың мөлшері – 37,9 м3;

Бұдан ары есептеулерді жүргізуге қажетті қабылданған жабдықтың түрі, оның өнімділігі және пайдалану коэффициенті 4-кестеде келтірілген.


Кесте 4 – Жабдықтың өнімділігі және пайдалану коэффициентті

Жабдықтың түрі

Өнімділік

Пайдалану коэффициенті

Балғалы ұсатқыштар 1200 х 1000мм, т/сағ

200

-

Шарлы диірмендер 2,7 х 3,6м, т/(м3 * сағ)

0,97

0,9

Бокситті сілтілеуге арналған автоклавтар

(V=24 м3)

-

0,95

Қызыл шламдарды қойылтуға арналған бес камералық қойылтқыштар (F=880м2), м/сағ

0,125

0,9

ЛВАЖ 125 сүзгілері, м/сағ

1

0,92

Ау Ауамен араластырылатын декомпозерлар

( ( V=1120м3), кг/м3 тәулігіне

20

0,95

Алюминий гидрооксидін қойылтуға арналған екі камералық қойылтқыштар (F=306м2), м/сағ

0,25

0,96

Алюминий гидрооксидін сүзгілеуге арналған барабанды сүзгілер БОУ-40, БОУ-10, т/(м2*сағ);

2,4

-



4-ші кестенің жалғасы

Төрт корпусты буландыру батареясы (F=3200м2), кг/(м2*сағ)

18

0,87

Құбырлы диірмендер Ф 2 х 10,5м, т/(м3*сағ)

0,65

-

Күйежентектеу пештері Ф 4 х 70м, т/сағ

25

0,9

Күйежентекке арналған қысқаконусты ұсатқыштар Ф 1750мм, т/сағ

40

-

Сөлалумен сілтілеуіш, т/сағ

50

-

Кремнийсіздеуге арналған автоклавтар (V=24м3)

-

0,95

Ақ шламның қойылтқыштары (F=150м2), т/сағ

0,7

-

Кальциндеу пештері Ф 3,5/3,8, l=75м, т/сағ

19

0,9


Есептеу : Бокситті ұсақтау.

Бокситтің бір сағатық ағынын () бір ұсатқыш өткізеді. Үздіксіз жұмысты қамтамасыздандыру үшін екі ұсатқыштарды орнату қажет: жұмыс істейтін және қорда тұратын.

Байер әдісімен қайта өндеу үшін есептеудің мысалы

Бокситті ұнтақтау.

Қажетті санды (1) теңдеуден табамыз:

(1)

мұндағы - диірменнің құрғақ боксит бойынша өнімділігі, т/сағ;

- диірмендердің пайдалану коэффициенті, бөлшек бірлігі;

- бір типті диірмендердің саны;

- құрғақ бокситтің ( шикіқұрамның ) шығыны, т/сағ;



бокситтің құрғақ бөлігі, бөлшек бірлігі;

диірменнің жұмысшы көлемі,

7 диірменді орнату керек, олардың пайдалану коэффициенті мынаны құрайды



Бокситті сілтілеу.

Реакциондық автоклавтардың керекті санын теңдеу бойынша табамыз:



мұндағы сілтілеудің ұзақтығы, сағ;

шикі қайыртпақтың және конденсаттың сәйкес көлемі, ;

автоклавтың көлемі,

автоклавты батареялардың пайдалану коэффициенті, бөлшек бірлігі;





41 реакционды автоклавты орнатқан кезде олардың пайдалану коэффициенті мынаны құрайды.



Қызыл шламды қойылту.

Қойылтқыштардың қажетті санын теңдеу бойынша табамыз



мұндағы қойылтқыштан ағызу жылдамдығы, м/сағ;

бір қойылтқыштың шөктіру ауданы, ;

бір типті қойылтқыштардың саны;

алюминатты ерітіндінің көлемі, м3/сағ;

қойылтқыштардың пайдалану коэффициенті.



алюминатты ерітіндінің температуралық коэффициентінің ұлғаюы;

Сондықтан керекті қойылтқыштардың саны , олардың пайдалану коэффициенті

.


Қызыл шламды жуу.

Қойылту ауданының жуу ауданына қатынасын 3:1 деп аламыз. Сонда бес рет жуу кезінде ауданы 880 м2 болатың жуғыштарды орнату талап етіледі.




мұндағы қойылтқыштардың саны;

жуу сатыларының саны;

қойылту ауданының жуу ауданына қатынасы.

  1   2   3

Похожие:

Дипломдық жобалауға әдістемелік нұсқаулықтардың беттік парағы iconӘдістемелік ұсыну мен нұсқаулықтардың титулдық парағы
Пәнді оқытудың мақсаты – тыңдаушыны стратегиялық басқарудағы жетістіктердің экономикалық білімділікке, жекебасының ынтасына, ахуалды...
Дипломдық жобалауға әдістемелік нұсқаулықтардың беттік парағы iconДипломдық жобалауға (жұмысқа)
Рабат Ондабек Жанахметұлы, Сабралиев Нұрлан Сабралиевич, Кардасинов Саят Мамырбаевич
Дипломдық жобалауға әдістемелік нұсқаулықтардың беттік парағы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Жұмыстың мақсаты: амперметр, вольтметр, ваттметр аспаптардың нақтылығын зерттеу. Аспаптардың вариацияларын және тынышталу уақытын...
Дипломдық жобалауға әдістемелік нұсқаулықтардың беттік парағы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Белгіленбеген уақытта ұстаздың рұқсатынсыз, лабораторияда ұстаз немесе лаборант болмаған жағдайда лабораторияда жұмыс істеуге тыйым...
Дипломдық жобалауға әдістемелік нұсқаулықтардың беттік парағы iconӘдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы

Дипломдық жобалауға әдістемелік нұсқаулықтардың беттік парағы iconӘдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы

Дипломдық жобалауға әдістемелік нұсқаулықтардың беттік парағы iconӘдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы

Дипломдық жобалауға әдістемелік нұсқаулықтардың беттік парағы iconӘдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы

Дипломдық жобалауға әдістемелік нұсқаулықтардың беттік парағы iconӘдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы
Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығының студенттеріне арналған
Дипломдық жобалауға әдістемелік нұсқаулықтардың беттік парағы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды бекіту парағы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница