2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру




Скачать 308.33 Kb.
Название2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру
страница1/3
Дата конвертации10.02.2016
Размер308.33 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish130269_6006.doc
  1   2   3
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

2001 жылғы 20 сәуірдегі № 120

Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру,

актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын

тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру

тәртібі туралы ереженi бекiту жөнiнде қаулысы

 

«Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы ереже бекiтiлсiн, ол және осы қаулы 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiлсiн.

2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):

1) Заң департаментiмен (Шәріпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

 

 

 

 

Г. Марченко






















Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2001 жылғы 20 сәуірдегі

120 қаулысымен

бекітілген

Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру,

актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын

тоқтату және  айыру , актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру

тәртібі туралы ереже

 

 

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi, Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногындағы актуарийлiк қызметтi (бұдан әрi актуарийлiк қызмет) жүзеге асыру талаптарын, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және  айыру  негiздерi мен тәртiбiн белгiлейдi.

2. Актуарийлiк қызмет Заңға, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтiк құқықтық актiлерiне және актуарийлiк қызметтi жүзеге асырудың халықаралық принциптерiне (стандарттарына) сәйкес жүзеге асырылады.

3. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрi - лицензия) беру уәкiлеттiгi бар бiрден-бiр лицензиар болып табылады.

4. Лицензия иелiктен алынбайтын, яғни лицензиат басқа жеке және заңды тұлғаларға бермейтiн болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

5. Лицензиясы бар жеке адам актуарий ретiнде қызмет етуге құқылы.

6. Актуарийдiң лицензия ережелерiн сақтауына уәкiлеттi мемлекеттiк орган бақылау жасайды.

2. Актуарийлiк қызмет

7. Актуарийлiк қызметтiң мiндетi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгiнiң қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер мөлшерiн экономикалық-математикалық есептеудi жүзеге асыру болып табылады.

Актуарийдiң қызметiне мынадай қызметтер көрсету кiредi:

1) сақтандыру резервтерiн қалыптастыру әдiстерi мен көздерi жөнiнде консультациялар мен нұсқамалар;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабiлеттiлiгiн бағалауға байланысты мәселелер бойынша қызметтер;

3) сақтандыру тарифтерiн есептеу методологиясы мен экономикалық негiздемелер әзiрлеу;

4) заңнамада қабылданған сақтандыруды жiктеуге сәйкес сақтандыру тәуекелдерін зерттеу және жүйелеу;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру ережелерiнде көрсетiлген сақтандыруды жүзеге асыру жөнiндегi талаптарды экономикалық негiздеудi бағалау;

6) сақтанушыларға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша берiлетiн заемдар мөлшерiн айқындау;

7) актуарийлiк есептеулер мәселелерi бойынша консультациялық қызмет көрсету;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қаржы рыногындағы өзге де қызметтер.

8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қабылданған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуі үшін актуарий есептеген көлемде қалыптастырылған сақтандыру резервi мiндеттi түрде болуы тиiс.

9. Актуарийлiк есептеулердi мынадай түрлерге бөлуге болады:

1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша:

міндетті - есепті жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бірінші жарты жылдықта, есепті жылдың 15 тамызына дейінгі мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылатын, сондай-ақ Заң талаптарын ескере отырып және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге жағдайларда есепті жылда 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептіден кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға ұсынып, жүзеге асырылатын;

бастамамен - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бастамасы бойынша жүзеге асырылатын;

2) сақтандыру саласына (сыныбына) жатқызылуына байланысты және қайта сақтандыру бойынша - "өмiрдi сақтандыру" саласы немесе "жалпы сақтандыру" саласы бойынша, қайта сақтандыру немесе Заңмен белгiленген жiктеуге сәйкес сыныптар бойынша жүзеге асырылатын;

3) жасалу мақсаты бойынша:

есептi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен есеп беру кезеңi iшiнде жасалған және есеп беру кезеңiнiң аяғында жарамды болатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есеп берiлетiн күнi жүзеге асырылатын;

жоспарлы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәжiрибесiне уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген сақтандыру ережелерiне сәйкес сақтандырудың жаңа сыныбы бойынша сақтандыруды (қайта сақтандыруды) енгiзу кезiнде;

кейiнгi - бұрын жүргiзiлген актуарийлiк есептеулердi түзету мақсатында;

4) қолданылу масштабы бойынша:

жалпы - Қазақстан Республикасының барлық аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде пайдалануға есептелген

аймақтық - Қазақстан Республикасының жекелеген облыстары мен аймақтары үшін жасалған;

жеке - жекелеген сақтанушының немесе сақтанушылар тобының (заңды және/немесе жеке тұлғалар) деректерi бойынша орындалған.

10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерінiң мөлшерiн актуарийлiк бағалау толық болуына және объективтiлiк принциптерiне негiзделедi және актуарий қорытындысы нысанында ресiмделедi.

Актуарий мiндеттi немесе бастамалық актуарийлiк есептеулер шегiнде жүргiзiлген сақтандыру резервтерiнiң талап етiлетiн мөлшерiн бағалауға байланысты жасаған актуарийлiк қорытынды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде орындауы қажет.

11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы толық және объективтi түрде актуарийлiк қорытынды жасау үшiн актуарийге өзiнде бар құжаттарды (деректердi) және олар қосымша сұратқан негiзгi сақтандыру қызметiне қатысты, актуарийге актуарийлiк есептемелер жасау қажеттi деректердi ұсынады.

12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызметіне актуарийлік бағалауды өткізу нәтижелері бойынша жасалған актуарийлік қорытындыда:

актуарийлік есеп айырысуларды модельдеу мен жүзеге асыру әдістемесінің, прициптерінің сипаттамасы;

актуарийлік есеп айырысуларда қолданылған статистикалық және өзге де деректер;

қолданылып электрондық жеткізушідегі жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын есепке алу журналының көшірмесі;

электрондық жеткізушідегі есепті кезеңде жарияланған шығындарды есепке алу журналының көшірмесі;

қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру резервтерін есептеген кезде қолданылатын, оның ішінде сақтандырудың ерікті және міндетті нысандары бойынша жеке есепті кезеңде жарияланған шығындардың жалпы мөлшері;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қосымша тәуекелдің болуы немесе болмауы туралы қорытынды. Қосымша тәуекел болған жағдайда қажетті қосымша резервтердің мөлшерін көрсету қажет;

өмірді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін есептеген кезде қолданылатын қайтыс болу кестесі (қалыптасу көзі, құру әдістемесі) жөніндегі қорытынды;

тартылған мамандар тарапынан актуарий алған көмектің сипаты;

актуарийдің қарауы бойынша актуарийлік қорытындыға енгізілуге жататын өзге де материалдар болуы тиіс.

13. Актуарийлiк қорытынды кемiнде үш дана етiп № 1 Қосымшаға сәйкес үлгi нысанға сәйкес ресiмделедi және актуарийдің өзi қол қояды.

Актуарийлiк қорытындының бiр данасы актуарийде сақталады, бiр данасы уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiледi (мiндеттi актуарийлiк қорытынды жасалғанда), ал қалғаны - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқаруына берiледi.

14. Актуарий:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық есебiмен және актуарийлiк есептеулер жүргiзу не актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңнамада рұқсат етiлген өзге де қызмет түрлерiн көрсету үшiн пайдалану (зерделеу) қажет болатын өзге де құжаттарымен танысуға;

2) мемлекеттiк органдарға және басқа да ұйымдарға актуарийлiк қорытынды әзiрлеу (басқа да қызмет көрсету) үшiн қажеттi мәлiметтер мен мәселелер бойынша құжаттар беру туралы ресми сұраныс жiберуге;

3) тиiстi шарттар (келiсiмдер) жасауға және басқа актуарийлерге немесе мамандарға жасалатын актуарийлiк қорытынды шеңберiнде жекелеген мәселелердi зерттеу мен талдауды тапсыруға құқылы.

15. Актуарий:

1) Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына актуарийлiк есептеулердi жүзеге асыруға, актуарийлiк қорытынды жасауға және/немесе өзге де қызметтер көрсетуге тиiстi шарт жасасу үшiн негiз болып табылатын құжаттарды беруге;

2) актуарийлiк қорытындыны және қажеттi актуарийлiк есептеу нәтижелерiн, пайдаланылған әдiстемелер мен актуарийлiк рұқсат берулерге сипаттамаларды, тиiстi негiзделген деректердi және басқа да қолда бар материалдарды қоса бере отырып басқа ресми құжаттарды жасауға;

3) олар жасайтын шарттардың (келiсiмдердiң), жасалатын актуарийлiк қорытындының және өз қызметi туралы басқа да деректердiң есебiн уақтылы әрi толық жүргiзуге;

4) уәкiлеттi мемлекеттiк органға актуарийлiк есептеулердiң нәтижелерiн, олардың сипаттамаларын және қолда бар растау құжаттарының көшiрмелерiн қоса бере отырып, сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтамауы жөнiнде өздерi анықтаған фактiлер туралы кейiнге қалдырмай жазбаша нысанда хабарлауға;

5) уәкiлеттi мемлекеттiк органға әзiрленген актуарийлiк қорытындылардың саны мен түрлерi (өзге де қызмет түрлерi), олар бойынша шағым талаптардың бар екендiгi туралы әрбiр жарты жылдық қорытынды бойынша ақпарат беруге;

6) актуарийлiк қызметке байланысты барлық құжаттарды кемiнде бес жыл сақтауға;

7) сақтандыру құпиясы мен коммерциялық құпияны сақтауға мiндеттi.

16. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган актуарийден олар жасаған актуарийлiк қорытындыға байланысты ақпаратты сұратуға құқылы.

17. Сақтандыру саласы (сыныбы) бойынша сақтандыру резервтерiнiң актуарийлiк есептеулерiн жүзеге асырудың жалпы методологиясы мен әдiстемесi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады және реттеледi.

3. Лицензия беру тәртiбi

18. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға лицензия алу үшiн мыналар өтiнiш беруге құқылы:

1) жоғары бiлiмi және осы Ереженiң 19-тармағының 7) тармақшасында көрсетiлген бағдарлама бойынша оқуға қатысқан жеке тұлға;

2) актуарий мәртебесі бар және Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі мәртебесі бар актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын жеке тұлға.;

3) осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес Актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасына қатысты курстар бойынша 80%-дан кем емес рейтингі бар «Актуарий» мамандығы бойынша іскерлік басқару магистрінің дипломы бар жеке тұлға.

19. Лицензия алу үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға мынадай құжаттар ұсынылады:

1) осы Ереженің 1-1 қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;";

2) осы Ереженің 4-қосымшасына сай нысан бойынша лицензия алуға өтініш беруші (бұдан әрі - өтініш беруші) туралы мәліметтер;

3) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

4) жоғары бiлiм туралы дипломның нотариат куәландырған көшiрмесi;

5) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.27.11. № 320 қаулысымен алып тасталды

6) лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

6-1) өтініш иесін салық органында есепке қою туралы куәліктің нотариатта куәландырылған көшірмесін;

7) лицензия алуға өтініш берушінің актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасы бойынша оқуға қатысқанын және тиісті емтихандарды сәттi тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелері № 5 қосымшада көрсетiлгендер тiзбесiне сәйкес (осы Ереженiң 18-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдар үшiн).

№ 5 қосымшада көзделген ең төменгi бағдарламаны орындауды қамтамасыз ететiн ұйымдардың Қазақстан Республикасында актуарийлердi оқытуға құқығы бар;

8) актуарийдің мәртебесін, актуарийлер қауымдастығына (қоғамына немесе өзге де бірлестікке) мүшелігін (толық мүшелігін) және осы қауымдастықтың Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі ретінде мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмесі (осы Ереженің 18-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін);

9) тиiстi актуарийлер қауымдастығының (қоғам немесе өзге де бiрлестiктiң) ұсыным хаты (осы Ереженiң 18-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар үшiн);

10) «Актуарий» мамандығы бойынша дипломға қосымшаны ұсыну арқылы іскерлік басқару магистрі дипломының көшірмесі (осы Ереженің 18-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін).

19-1. Уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясын алған актуарий он күндік мерзімде уәкілетті мемлекеттік органды растаушы құжаттарды қоса беріп, осы Ереженің 19 тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардағы өзгерістер туралы хабардар етеді.

20. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға толық құжаттар жинағының осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес түскен күнi лицензия беруге арналған құжаттарды ұсыну күнi болып есептеледi.

21. Егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, шетелдiк ұйымдардан шығатын құжаттар нотариат куәландыра отырып мемлекеттiк тiлге немесе орыс тiлiне аударылуы және Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнiң заңдастырылуы тиiс.

22. Лицензия алуға өтініш беруші өздерi ұсынған құжаттардағы мәлiметтердiң шынайы және толық болуына жауап бередi.

23. Лицензия беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган  Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде   қарауы тиiс.

23-1. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарын білуіне тестілеуден өткеннен кейін оған сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беріледі.

Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарын білуіне тестілеуді уәкілетті мемлекеттік орган 30 сұрақ бойынша 30 минут ішінде компьютерлік тестілеу нысанында жүзеге асырады. Тест сұрақтарында жауаптардың кемінде үш нұсқасы болуы және олардың біреуі дұрыс болуы тиіс.

Тестілеу сұрақтарын уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам бекітеді.

23-2. Уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі өтініш берушіні (актуарийді) тестілеудің өткізілетін күні туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Өтініш беруші (актуарий) дәлелді себептермен белгіленген мерзімде тестілеуден өту үшін келмеген жағдайда ол уәкілетті мемлекеттік органға келмей қалған себептерін және тестілеуден өту күнін көрсете отырып бұл жөнінде хабардар етеді.

23-3. Тестілеу кезінде тестіленетін адаммен бірге бір бөлмеде тек уәкілетті мемлекеттік органның жауапты бөлімшесі қызметкерлерінің және қажет болса, аудармашының қатысуына ғана рұқсат етіледі.

Өтініш беруші (актуарий) тестілеуден өткен кезде қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа да ақпараттық материалдарды пайдалануға рұқсат етілмейді. Осы тармақта аталған талаптарды бұзу тестілеудің теріс қорытындыларына теңестіріледі.

23-4. Өтініш беруші дұрыс жауаптардың кемінде 70 процентін алған жағдайда тестілеу қорытындылары оң деп саналады.

Өтініш беруші тестілеуден өткеннен кейін дереу қол қоя отырып тест қорытындыларымен танысады.

23-5. Өтініш беруші тестілеу қорытындыларымен келіспеген жағдайда ол тестілеу рәсімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік органға жазбаша түрде шағымдана алады.

23-6. Аппеляциялық комиссияның құрамы уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

23-7. Аппеляциялық комиссия шағымды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарайды.

23-8. Аппеляциялық комиссияның мәжілісін өткізу үшін кворум Аппеляциялық комиссияның Төрағасын (Төрағаның орынбасарын) қоса алғанда, Аппеляциялық комиссия мүшелері санының кемінде үштен екісі құрайды.

Аппеляциялық комиссияның әрбір мүшесі бір дауысқа ие. Аппеляциялық комиссияның шешімдері Аппеляциялық комиссияның мәжілісіне қатысып отырған мүшелері санының жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда Аппеляциялық комиссия Төрағасының дауысы не ол болмаған жағдайда Аппеляциялық комиссия Төрағасы орынбасарының дауысы шешуші болып табылады.

23-9. Аппеляциялық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді және ол екі дана етіп жасалып, оған осы мәжіліске қатысқан Аппеляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

23-10. Аппеляциялық комиссия мәжілісінің хаттамасын Аппеляциялық комиссия мүшелерінің арасынан тағайындалатын хатшы жүргізеді.

23-11. Аппеляциялық комиссия шағымды қарау нәтижелері бойынша мына шешімдердің бірін қабылдайды:

тест қорытындыларын өзгеріссіз қалдыруға, ал шағымды қанағаттандырмауға;

өтініш берушінің (актуарийдің) шағымын қанағаттандыруға және оны қайта тестілеуге жіберуге.

23-12. Компьютерлік тестілеу қорытындылары теріс болған жағдайда өтініш беруші бұрын өткен тестілеу күнінен бастап бір айдан бұрын емес, бірақ соңғы он екі ай ішінде үш реттен артық емес тестілеуден өтуге арналған құжаттарды қайталап тапсырады.

24. Лицензия № 6 қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.

25. Лицензия беруден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкiн:

1) егер лицензия алуға өтініш беруші осы Ереженiң 17-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) егер осы Ереженiң 18-тармағында көзделген барлық құжаттар ұсынылмаса;

3) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабы 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензияны айыру туралы  деректер болса;

4) тестілеудің теріс қорытындысы болса.

26. ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.28.05. № 153 қаулысымен алып тасталды

27. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге бас тарту негiздерiн көрсете отырып лицензия беруден бас тарту туралы хабарлайды.

28. ҚР ҚҚА Басқармасының 16.02.04 ж. № 38 қаулысымен алынып тасталды

29. ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.28.05. № 153 қаулысымен алып тасталды

30. Лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның дубликатын беруді уәкілетті орган "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңында  көзделген негіздеме мен тәртіп бойынша жүзеге асырады.

31. Лицензияны беру, қайта ресiмдеу және лицензияның көшiрмесiн беру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде және тәртiппен лицензиялық алым төлейдi.

32. 2007.30.04  № 119 қаулысымен  алып  тасталды  

 

4. Лицензияның қолданылуын тоқтату және  айыру

 

33. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган актуарийдiң лицензиясын тоқтату немесе айыру туралы  шешiмдi Заңда көзделген негiздер бойынша қабылдайды.

34. Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешiмде оның қолданылуын тоқтату мерзiмi және Заңда көзделген негiздеме көрсетiлуi тиiс.

35. Осындай шешiм актуарийге жiберiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатылған деп саналады.

36. Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органның ресми басылымдарында жарияланады.

37. Заңнаманы бұзу және лицензияның қолданылуын тоқтату үшiн негiз болған өзге де жағдайлар жойылғаннан кейiн актуарий заңдардың бұзылуын немесе лицензияның қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болып табылған өзге талаптарды жою фактісін растайтын құжаттарды қажет болғанда қоса бере отырып лицензияның қолданылуын тоқтату мерзiмiн қайта қарау не лицензияның қолданылуын тоқтатуға белгiленген мерзiм бiткенге дейiн оның қолданылуын жаңарту туралы өтініш беруге құқылы.

38. Актуарий лицензияның қолданылуын тоқтату үшiн негiз болған жөнсiздiктер немесе өзге де жағдайлардың жойылғанын куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру қызметіне қадағалауды жүзеге асыратын бөлiмшесi өз қорытындысын әзiрлейдi, уәкiлеттi мемлекеттiк орган соның негiзiнде лицензияның қолданылуын жаңарту туралы шешiм қабылдауға құқылы.

39. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган актуарийдiң лицензияны тоқтату мерзiмiн қайта қарау немесе лицензияның қолданылуын жаңарту туралы өтiнiшiн қарауға және өтiнiш берiлген күннен бастап он күннен кешiктiрмей тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi.

40. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензияны айыру туралы шешiмiнде оны айыру  негiзi көрсетiлуi тиiс.

41. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның актуарийдiң лицензиясын айыру туралы  шешiмi мұндай шешiмдi актуарийге жiберген күннен бастап күшiне енедi. Лицензияны айыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органның ресми басылымдарында жарияланады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.28.05. № 153 қаулысымен 5-тарау алып тасталды

 

5-1. Біліктілік емтиханы

45-1. Актуарий лицензия берілген күннен бастап әр екі жыл сайын тестілеу нысанында біліктілік комиссиясы өткізетін және актуарийдің осы Ереженің 5-қосымшасына сай ең төменгі бағдарламаға сәйкес қажетті білім деңгейі мен біліктілігінің бар екенін растайтын біліктілік емтиханын тапсыруға міндетті.  Біліктілік емтиханынан өту үшін беретін өтініш осы Ереженің 7 қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

Біліктілік емтиханы 40 сұрақ бойынша 60 минут ішінде өтеді.

Тест сұрақтарында жауаптардың кемінде бес нұсқасы болуы және олардың біреуі дұрыс болуы тиіс.

Тестілеуден өту рәсімі осы Ереженің 23-2, 23-3-тармақтарына сәйкес өтеді.

Тестілеу сұрақтарын уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам бекітеді.

45-2. Актуарий лицензияны алған не бұрынғы біліктілік емтиханынан өткен сәттен бастап екі жылдық мерзім аяқталғаннан кейін екі ай ішінде уәкілетті мемлекеттік органға осы Ереженің 7-қосымшасына сай нысан бойынша өтінішпен хабарласады.

Актуарийдің өтінішіне мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның көшірмесі;

3) бұрынғы біліктілік емтиханының тапсырылғаны туралы мәліметтер;

4) барлық растайтын құжаттармен қоса (қызмет көрсету шарттарының көшірмелері, актуарийлік қорытындылардың көшірмелері) сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру жөніндегі ақпарат.

Актуарий көрсетілген мерзім ішінде хабарласпаған жағдайда актуарий біліктілік емтиханын тапсырмаған деп саналады.

5) біліктілік емтиханын тапсыру туралы өтінішті беру сәтіне актуарийлердің тиісті қауымдастығында (қоғамында немесе өзге де бірлестікте) оның мүшелігін (толық мүшелігін) растайтын құжаттар;

6) ол мүше (толық мүше) болып табылатын актуарийлердің тиісті қауымдастығының (қоғамының немесе өзге де бірлестіктің) не мемлекеттік қадағалау органының актуарийдің соңғы екі жыл ішінде заңдарды бұзуының және санкциялардың болмауы жөніндегі хаты.

5) және 6) тармақшалардың талаптары тек актуарий мәртебесі бар және Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі деген мәртебесіне ие актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшелері (толық мүшелері) болып табылатын актуарийлерге ғана қолданылады.

45-3. Біліктілік емтиханын өткізу сәтіне лицензиялардың қолданылуы тоқтата тұрылған актуарийлерге, актуарий лицензиясының қолданылуы актуарийдің бұрынғы біліктілік емтиханын тапсырмауы нәтижесінде тоқтата тұрылған жағдайды қоспағанда, біліктілік емтиханынан өтуге рұқсат берілмейді.

45-4. ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.28.05. № 153 қаулысымен алып тасталды

45-5. Актуарийді тестілеу осы Ереженің 5-қосымшасына сай актуарийлерді оқытудың ең төменгі бағдарламысында көзделген тақырыптар бойынша өткізіледі.

45-6. Актуарий осы Ереженің 19-тармағы 7)-тармақшасының екінші абзацында көрсетілген ұйымдарда тестілеуден өте алады. Мұндайда, актуарий уәкілетті мемлекеттік органға тестілеу қорытындылары көрсетілген, аталған орган берген тестілеуден өтуін куәландыратын құжатты ұсынады.

45-7. Тест сұрақтарына дұрыс жауаптардың кемінде 60 процентін алған жағдайда біліктілік емтиханының қорытындылары оң деп саналады.

Актуарий тестілеуден өткеннен кейін дереу қол қоя отырып тест қорытындыларымен танысады.

Уәкілетті орган актуарий мәртебесі бар және Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі деген мәртебесіне ие актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын актуарийдің біліктілік емтиханын тапсырғаны немесе тапсырмағаны туралы шешімді олар осы Ереженің 45-2-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды тапсырған жағдайда компьютерлік тестілеуді өткізбестен қабылдай алады.

45-8. Актуарий біліктілік емтиханын тапсырмаған жағдайда ол біліктілік емтиханынан өту үшін бұрынғы біліктілік емтиханынан өткен күннен бастап кемінде 30 күнтізбелік күннен, бірақ 45 күнтізбелік күннен кешіктірмей кейін, бірақ соңғы он екі ай ішінде үш реттен астам емес құжаттарды қайта ұсынады.

Актуарий көрсетілген мерзім ішінде хабарласпаған жағдайда, ол біліктілік емтиханын қайталап тапсырмаған деп танылады.

45-9. Актуарий біліктілік емтиханын қайта тапсырмаған жағдайда (күнтізбелік жыл ішінде қатарына екі рет) лицензиясының қолданылуы актуарийдің біліктілік емтиханын сәтті тапсырғанын растайтын құжат тапсырылғанға дейінгі мерзімге тоқтатылады.

Актуарий біліктілік емтиханының қорытындысымен келіспеген жағдайда ол тестілеу рәсімі аяқталғаннан кейін уәкілетті органға шағыммен хабарласады. Аппеляциялық комиссияның жұмыс тәртібі мен талаптары осы Ереженің 23-6-23-11-тармақтарына сәйкес айқындалады.

 

6. Қорытынды ережелер

46. Уәкілетті мемлекеттік органның шешіміне лицензия алуға өтініш беруші, актуарий шешім қабылдағаннан кейін он күндік мерзім ішінде уәкілетті мемлекеттік органның жоғары органына не сотқа шағым жасауына болады.

47. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

Төраға



  1   2   3

Похожие:

2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру iconСақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 қаулысы
2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру iconСақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы
Азақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 20 сәуiрдегi n 120 Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде...
2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру icon01. 02. 11ж жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиялардын тоқтату және айырлу туралы Реестрі
Ос сериялы №20-11/1 және Дос сериялы №20-11/1 және қайта сақтандыру жөніндегі кызметті жүзеге асыру құқығына 2006 жылғы 23 мамырда...
2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру iconУәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Уәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге...
2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру iconСақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы...
2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру iconБағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға және өзге жабдықтарға қойылатын талаптарды бекіту жөнінд
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №165 Қаулысы
2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру icon«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30...
2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру iconСақтандыру рыногының кәсіби қатысушылары мен және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерінің құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі
Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Архивтерді және құжаттарды басқару жөніндегі комитетінің Орталық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница