Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
страница1/23
Дата конвертации13.12.2012
Размер2.27 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.egemen.kz/img/Каулы-1195.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылғы 13 қыркүйек №1195 Астана, Үкімет Үйі


Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

2) «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

3) «Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

4) «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

5) «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

6) «Аса жеңiл авиация әуе кемесi данасының сәйкестік куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

7) «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

8) «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

9) «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

10) «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

11) «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

12) «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

13) «Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

14) «Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік қызмет стандарты;

15) «Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

16) «Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

17) «Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

18) «Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

19) «Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:

реттік нөмірлері 131, 132, 133-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

131.

Авиация персоналына куәлiктер беру

Заңды тұлғалар

ККМ

ККМ Азаматтық авиация комитеті

ККМ Азаматтық авиация комитеті

Қағаз түрінде (куәлiк)

132.

Пайдаланушы сертификатын беру

Заңды тұлғалар

ККМ

ККМ Азаматтық авиация комитеті

ККМ Азаматтық авиация комитеті

Қағаз түрінде (серти-фикат)

133.

Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат беру

Жеке және заңды тұлғалар

ККМ

ККМ Азаматтық авиация комитеті

ККМ Азаматтық авиация комитеті

Қағаз түрінде (рұқсат)

»;

реттік нөмірлері 138, 139, 140-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

138.

Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру

Заңды тұлғалар

ККМ

ККМ Азаматтық авиация комитеті

ККМ Азаматтық авиация комитеті

Қағаз түрінде (шешім)

139.

Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру

Заңды тұлғалар

ККМ

ККМ Азаматтық авиация комитеті

ККМ Азаматтық авиация комитеті

Қағаз түрінде (серти-фикат)

140.

Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнiнде сертификат беру

Заңды тұлғалар

ККМ

ККМ Азаматтық авиация комитеті

ККМ Азаматтық авиация комитеті

Қағаз түрінде (серти-фикат)

»;

реттік нөмірі 141-жол алынып тасталсын;

реттік нөмірлері 143, 144-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

143.

Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін атқаратын шетелдік тасымалдаушылар-ды тіркеу туралы куәлік беру

Заңды тұлғалар

ККМ

ККМ Азаматтық авиация комитеті

ККМ Азаматтық авиация комитеті

Қағаз түрінде (куәлiк)

144.

Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөнiндегі ұйымның сертификатын беру

Заңды тұлғалар

ККМ

ККМ Азаматтық авиация комитеті

ККМ Азаматтық авиация комитеті

Қағаз түрінде (серти-фикат)

»;

реттік нөмірі 149-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

149.

Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру

Жеке және заңды тұлғалар

ККМ

ККМ Азаматтық авиация комитеті

ККМ Азаматтық авиация комитеті

Қағаз түрінде (рұқсат)

».

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «13» қыркүйектегі

№1195 қаулысымен

бекітілген


«Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшасының (Чикаго, 1944 ж.), «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54 және 14-бабының 16) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 138 бұйрығымен бекітілген Авиация персоналына куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны авиация персоналына куәліктер (бұдан әрі – куәліктер) беру не қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды уәкілетті органға тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 күн;

2) уәкілетті органда осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

3) уәкілетті органда куәліктер алу кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-дан 14:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органның дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған, күту және құжат толтыру орындары, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден үзінділері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған ғимараттарда жүзеге асырылады.

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сапаға талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында уәкілетті органда жеке және заңды тұлғалар үшін шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін немесе оның сенім білдірген уәкілетті өкілі уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді:

1) еркiн нысандағы өтiнiш;

2) азаматтық авиация ұйымдарының қолымен және мөрiмен расталған объективтi деректерi бар авиация персоналына ұсынымдар;

3) Қазақстан Республикасының азаматтығын немесе Қазақстан Республикасының тұруға ықтиярхатын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;

4) екi фотосурет (түрлi түстi, күлгiн, 3,5х4,5 өлшемде);

5) азаматтық авиацияның оқу орнын аяқтағаны туралы құжаттардың көшiрмелерi (ұшу училищесi, авиациялық-техникалық училище, авиациялық институт, авиациялық техникумы, колледж, оқу орталығы):

әуе кемесіне қызмет көрсету жөнiндегi инженерлер мен техниктер үшiн – азаматтық авиацияның авиация-техникалық және ұшу орталығын, авиация институтын немесе әуе кемесі және оның жабдықтарын техникалық немесе ұшуда пайдалану мамандығы бойынша авиация техникумын аяқтау туралы құжаттардың көшiрмелерi;

зертханалар немесе шеберханалар жағдайында құрауыштарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi инженерлер, техниктер, механиктер үшiн – азаматтық авиацияның авиация-техникалық және ұшу орталығын, авиация институтын немесе авиация техникумын немесе техникалық колледждi, училищенi немесе техникалық мамандықтар бойынша институтты аяқтау туралы құжаттардың көшiрмелерi;

аса жеңiл авиацияға қызмет көрсету жөнiндегi техниктер үшiн – аса жеңiл авиация техниктерiнiң курстарын аяқтау туралы құжаттардың көшiрмелерi;

6) «Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, міндетті медициналық тексеріп қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 қаулысына сәйкес медициналық қорытындылардың көшiрмелерi (ұшу персоналы, экипаждың қызмет көрсететiн персоналы және ӘҚКД диспетчерлерi үшiн);

7) мамандығы бойынша бiлiктiлiгiн арттыру курстарын уақыт бойынша соңғы өтуi туралы құжаттардың көшiрмелерi:

азаматтық авиацияның оқу мекемесiнде тек теориялық курстардан өткен пилоттар мен штурмандар тренажерлық және ұшу дайындығы актiлерiн қосымша ұсынады;

әуе кемелерінің техникалық қызмет көрсету жөнiндегi инженерлер мен техниктер, аса жеңiл авиация техниктерi, құрауыштарға қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi техниктер үшiн – «Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетуге қатысты адам мүмкiндiктерi» курсын өткенi туралы куәлiктiң көшiрмесi, оны өту мерзiмi уәкiлеттi органның құжаттарды қарауға қабылдау күнi сәтiне кемiнде 3 жыл болуы тиiс.

12. Мемлекеттік қызметті алуға өтініш еркін нысанда ұсынылады.

13. Осы стандарттың 11-тармағында санамаланған құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша ұсынылады.

14. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы талон береді.

15. Сертификатты уәкілетті органның қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жеке өзіне берілген сертификаттарды тіркеу және есептеу журналында қол қойғызып береді.

16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздеме осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша дәлелді жауап беріледі.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарау туралы жазбаша дәлелді жауап береді.


3. Жұмыс қағидаттары


17. Уәкілетті органның қызметі адамдардың конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауға және сыпайылық, барынша толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 шілдедегі №901 қаулысы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы №958 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы  қаулысын іске...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы №168 Қаулысы
Р Үкіметінің 2005. 28. 06. №643 (бұр ред. қара); 2007. 14. 05. №382 (бұр ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы
Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 желтоқсан №2021 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы iconҚылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 26 тамыздағы n 803 қаулысы
Р Үкіметінің 28. 12. 01 ж. N 1755; 05. 03. 04 ж. N 277 (бұр ред. қара); 2005. 30. 06  №662   (бұр ред. қара)   қаулыларымен тақырып...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы iconАвторлы қ құқ ы қ пен ж ә не саба қ тас құқ ы қ тармен қ ор ғ алатын туындылар ғ а
Конвенциялар мен шарттардың принциптерін басшылыққа алып және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы n 174 Қаулысы
Бiлiм туралы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница