№ исх: 32-42. 80-4 от: 03. 07. 2012 9: 37: 59




Название№ исх: 32-42. 80-4 от: 03. 07. 2012 9: 37: 59
страница15/18
Дата конвертации13.12.2012
Размер2.59 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.hrc.nabrk.kz/collect/HRCkz/import/adam_pav_kz/spech_doklad_kaz.doc
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


1 кесте. Дерек көзі – БҰҰ БЖКБ ішкі статистикасы, Адам құқықтары жөніндегі комитеттің 2008 жылғы есебі; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және ҚР ІІМ.


полотно 142

2 кесте. Дерек көзі – БҰҰ БЖКБ ішкі статистикасы, Адам құқықтары жөніндегі комитеттің 2008 жылғы есебі.


Ресми есептерден өзгеше басқа дерек көздері Қазақстанда шамамен 4000 босқын бар дегенді айтады (2010 жылғы ҮЕҰ түсініктемелері). Бұл сан адамдарды Қазақстанда тіркеусіз және ресми босқын ретінде танусыз өмір сүруге болатынына сенетін босқындарға жақын жағдайға қосады. БҰҰ БЖКБ 2010 жылы босқындардың 4558 жалпы санының ішінен 80%-дан астамы (3692 адам) босқындарға жақын жағдайда болғанын атап өтеді (http://www.unhcr.a13.kz/eng/).

Қазақстандағы босқындардың ең үлкен тобы Ауғанстаннан шыққандар болып табылады. Соңғы бірнеше жылдарда Қазақстан Үкіметі 1600-ден астам ауғандықты 1951 жылғы Конвенцияның талаптарына сәйкес босқындар ретінде таныды (2009 жылғы БҰҰ БЖКБ зерттеулері). Ауған босқындары этникалық топтары бойынша әртүрлі. Мысалға, үкімет мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылы 622 босқынның (243 отбасы) үлкен топтары Ауғанстаннан келген. Этникалық құрамы бойынша хазарлар – 104, пуштундар – 142, тәжіктер – 338, өзбектер – 26, басқалары Сомалиді – 1, Нигерияны – 1, Эфиопияны – 2 қоса алғанда барлығы 12 адам болған.

Сондай-ақ Қытайдан келген босқындар, қытай азаматтығына ие этникалық ұйғырлар бар. Ұйғыр босқындарының нақты саны белгісіз, бірақ 1990 жылдардың аяғынан бері БҰҰ БЖКБ протекциясына 100-ден астам адам ие болған ((2009 жылғы БҰҰ БЖКБ зерттеулері). 2010 жылы босқын мәртебесін Өзбекстаннан 15 адам (3 отбасы), Қырғызстаннан 8 адам (2 отбасы) алған ((БҰҰ БЖКБ мәліметтері, 201; Адам құқықтары жөніндегі комитет) (3 кесте).

полотно 49

3 кесте. Қазақстандағы БҰҰ БЖКБ өкілдігінің мәліметтері


Қазақстанда босқындардың көпшілігі екі өңірге тұрақталған: Оңтүстік Қазақстан өңірінде – 11% және Алматы қаласында – 88,1% (2009 жылдың ресми мәліметтері бойынша). Адамдарды Алматыға тартатын басты факторлар тіршілік ету көздері мен ірі қаланың экономикалық әлеуетіне қол жеткізу мүмкіндігі, еңбек нарығы мен БҰҰ БЖКБ өңірлік офисіне жақын болу болып табылады (4 кесте).


полотно 19прямоугольник 1

4 кесте. ҚР ІІМ және Қазақстандағы БҰҰ БЖКБ өкілдігінің мәліметтері


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес, 2009 жылы аталған министрлік «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК-мен бірлесіп «Босқындар» ресми базасын жасағанын атап өткен жөн.

4.1 Өмір сүру және өзін-өзі қамтамасыз ету қаражаттары


Бұл зерттеу негізінен Қазақстан ресми танылған босқындардың, сондай-ақ босқындар мәртебесі туралы ресми өтініш берген адамдардың өзі-өзі қамтамасыз етуімен байланысты мәселелерге қатысты.

БҰҰ БЖКБ «Өзін-өзі қамтамасыз ету жөніндегі құралы» (2005 ж.) өзін-өзі қамтамасыз етуді «адамның немесе қоғамдастықтың тұрақты негізде, қадыр-қасиетіне нұқсан келтірмей қажетті (қорғауды, тамақты, суды, жеке басының қауіпсіздігін, денсаулығы мен білімді қоса алғандағы) мұқтаждықтарын қанағаттандыруға әлеуметтік және экономикалық қабілеттері» ретінде анықтайды.

БҰҰ БЖКБ өзін-өзі қамтамасыз етудің әлеуметтік және экономикалық аспектілерін анықтайды. Соңғысы қоғамдастықтың келісім, әлеуметтік жауапкершілік және өзара байланыстылық – шешімдер қабылдау, ресурстарды мобилизациялау, жалпы тиімділік үшін мәселелер мен бастамаларды шешу үшін тұлғааралық қабілеттерді құру және арттыру деңгейінде жұмыс істеу қабілеттілігіне жатады. Экономикалық өзін-өзі қамтамасыз ету материалдық және қаржылық активтерге қол жеткізу мен оларды басқаруға негізделеді.

БҰҰ БЖКБ босқындарды қалалық жағдайда қорғауға қатысты саясаты (2009 ж.) босқындар қалалық жағдайда тап болатын заңгерлік, қаржылық, мәдени және тілдік кедергілердің кең ауқымы тұрғысынан қалалық босқындардың жұмысқа тұру не болмаса өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы қажетін табу әрекеттерін қолдайтынын атап өтеді.

БҰҰ БЖКБ өзін-өзі қамтамасыз ету жөніндегі стратегиясы ұлттық мүдделі тараптармен: мемлекеттік органдармен, даму институттарымен, шағын қаржы ұйымдарымен, банктермен, жеке сектормен және азаматтық әлеуметтік институттармен тығыз ынтымақтастықта жергілікті проблемалар мен мүмкіндіктерді кешенді бағалау негізінде құрылады.

Жоғарыда келтірілген БҰҰ БЖКБ саясатының принциптері кешенді стратегия мен Қазақстандағы қалалық босқындардың өзін-өзі қамтамасыз етуі жөніндегі іс-қимыл жоспарын дамытуға негіз болады.

5. Босқындар құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық

заңнама мен құқық қолдану практикасын талдау


5.1 Көші-қон саясатындағы өзгерістер


1998 жылы Қазақстан 1951 жылғы Босқындар мәртебесі туралы Женева Конвенциясы мен оның 1967 жылғы Хаттамасына қосылды, бұл осы халықаралық құқықтық актілер шеңберіндегі міндеттемелерге қатысты берік жақтастықты көрсетеді.

1998 жылдан бері босқындар мәселесі жөніндегі функционалдық жауапкершілік үш ведомство арасында болған:

Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография агенттігі (1998-2004 ж.ж., ҚР КДА);

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (2004 жылдан – 2010 жылғы қыркүйекке дейін, ЕХӘҚМ КК);

ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (2010 жылғы қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін, ҚР ІІМ КПК).

2001 жылы Қазақстан 2001-2010 жылдарға арналған ҚР Көші-қон саясатының тұжырымдамасын қабылдады. Қабылданған құжат босқындарды қабылдаушы қоғамда ынтымақтастыруға және этникалық қазақтарды (оралмандарды) шыққан елдеріне еркін репатриациялауға арналған жағдайларды дамытуды атап көрсетті.

2001-2010 жылдардың көші-қон саясаты басқа саяси құралдардан басқа мыналарды қамтиды:

өңірлік және республикалық деңгейлерде босқындардың ұлттық деректер базасын құру;

1951 жылғы Босқындар мәртебесі туралы Конвенция мен оның 1967 жылғы Хаттамасына және Қазақстан ратификациялаған басқа да халықаралық келісім-шарттарға сәйкес босқындар құқықтарын қамтамасыз ету.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы №399 Жарлығына сәйкес, Қазақстан 2007-2015 жылдарға арналған ҚР Көші-қон саясатының екінші тұжырымдамасын қабылдады. Егер де 2001-2010 жылдардағы көші-қон саясаты тұрақты демографиялық даму, мемлекеттік қауіпсіздік және иммигранттар құқықтарын қорғау туралы ережелерді атап өтсе, ал 2007-2015 жылдардағы көші-қон саясатының мақсаты ұлттық сәйкестілік пен ел қауіпсіздігін сақтау шеңберінде көші-қон процестерінің теріс ықпалын төмендету, сондай-ақ заңсыз көші-қонды барынша төмендету және көші-қонның селективті стратегиясын белгілеу болып табылады. Бұл саясат «Қазақстан 2030» елдің ұзақ мерзімді әлеуметтік және экономикалық даму стратегиясына негізделген.

ҚР Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары туралы» Жарлығына сәйкес, ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон жөніндегі комитетінің кейбір функциялары жаңадан құрылған ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі №1066 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы №1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шетелдік жұмысшы күшін квоталау және көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандар мен оның отбасыларының мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеу жөніндегі функцияларынан басқа көші-қон саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне берілді.


5.2. 2009 жылғы Босқындар туралы заң


Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының ұсынымдарына сәйкес, Парламент 2009 жылғы 4 желтоқсанда «Босқындар туралы» ҚР заңын қабылдады.

Босқындар туралы заң 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

Босқындар туралы заң босқындар мен Қазақстанда пана іздеуші адамдарға (бұдан әрі – құзырына кіретін адамдар) арналған негізгі құқықтық саланы анықтайды. Ол босқындарды негізгі екі топқа жіктейді: мәртебесі бойынша босқындар және пана іздеуші адамдар.

Босқын «Босқындар туралы» заңда көрсетілген себептер (1-бап) бойынша қудалаудан негізделген қауіптену негізінде мемлекет заңды пана берген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылады.

Пана іздеуші адам босқын мәртебесін беру туралы өтініш берген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылады.

Өтініш беруші мәртебесін уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін пана іздеуші адам мәртебесін сақтайды (1-бап, 6) тармақша).

Босқындар туралы заң БҰҰ БЖКБ құзырына жататын адамдарға өзін-өзі қамтамасыз етуге қатысты келесі құқықтарды береді:

Қазақстан заңнамасына сәйкес еңбек ету не болмаса кәсіпкерлікпен айналысу бостандығы (8-бап, 1 тармақ, 8) тармақша; 9-бап, 1 тармақ, 6) тармақша);

Қазақстан заңнамасына сәйкес денсаулық сақтауға қол жеткізу (8-бап, 1 тармақ, 7) тармақша; 9-бап, 1 тармақ, 5) тармақша);

Конституцияда, заңдарда және Қазақстан ратификациялаған халықаралық келісім-шарттарда көзделген басқа да құқықтар мен бостандықтар (8-бап, 3 тармақ; 9-бап, 3 тармақ).

Босқындар туралы заңның маңызды сипаттамасы БҰҰ БЖКБ құзырына жататын адамдардың өзін-өзі қамтамасыз етуіне қатысы бар құқықтардың басқа нормативтік құқықтық актілерге сілтемені қамтитындығында.

Өзін-өзі қамтамасыз етуге қатысты Босқындар туралы заң қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасайды және сондықтан да өзін-өзі қамтамасыз етуге қатысты құқықтық шеңберді өзгертпейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы Республика ратификациялаған халықаралық келісім-шарттардың оның заңдарының алдында басымдыққа ие екенін және халықаралық келісім-шартқа орай оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайлардан басқа кезде тікелей қолданылатынын белгілейді (4-бап, 3 тармақ). Алайда, практикада 1951 жылғы Конвенцияның ережелерінің Қазақстанда БҰҰ БЖКБ құзырына жататын адамдарға қатысты тікелей қолданылу оқиғалары орын алмаған.

Қазақстан 2009 жылғы Босқындар туралы Заңмен бір мезгілде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң қабылдады. Ішінара алғанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі мен «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

ҚР Әділет министрлігінің заң жобаларымен жұмысты негізгі үйлестіруші ретінде Қазақстандағы заңдар мен заңнаманың сапасын айтарлықтай жиі сынайтынын атап өткен жөн. Сапаны қамтамасыз ету Әділет министрлігінің 2011-2015 жылдардағы кезеңге арналған стратегиялық жоспарының негізгі міндеті болып табылады. Стратегиялық жоспарға сәйкес «Қазақстандағы заңнамалық базаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның сапасын жақсарту, тәуелсіз сарапшыларды, үкіметтік емес сектор өкілдерін құқықтық құжаттар әзірлеуге тарту мақсатында, … тікелей қолданылатын заңдарды қабылдау практикасын ұлғайтып, олардың қосалқы құқықтық құжаттарды бағалауында мемлекеттік органдардың қызметін жандандыру жоспарланады (Әділет министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары)».

Қазақстанда нормативтік құқықтардың сапасын қамтамасыз етуге сұраныс жаңалық емес. Іс жүзінде Әділет министрлігі өзінің 2009-2011 жылдарға арналған сттарегиялық жоспарында да басымдықтар тізіміне құқықтық құжаттардың сапасын таза заңгерлік мәселелер көзқарасы тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге статистикалық ақпаратты талдауға, құқықтық нормалардың іске асырылуын талдауға және халықаралық оң тәжірибелерді пайдалануға негізделген әлеуметтік, экономикалық және қаржылық проблемалар көзқарасы тұрғысынан да жақсарту мақсатын қосқан болатын.

Стратегиялық жоспарлар ҚР Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасына (бұдан әрі – Құқықтық саясат) сәйкес келеді. Бұл құжат әсіресе нормативтік-құқықтық қызметті жетілдірудің мүмкіндігінше ескі және қайталанатын нормаларды, заңдардағы ақтаңдақтарды, қолданыстағы заңдардағы ішкі қарама-қайшылықтарды, Конституцияға сәйкес тікелей қолданылатын заңдардың орнына қабылданатын көп сілтемелерді барынша азайта отырып, қолданыстағы заңнамалық нормаларды жүйелендіру жөніндегі ұзақ мерзімді жұмысты көздейтінін атап көрсетеді.

Құқықтық саясат сондай-ақ сараптамалық бағалау жүргізу мен заңгерлік техниканы жетілдіру қажеттігін атап көрсетеді, олар нормативтік актілердің сапасы мен мемлекеттік қызметшілердің заңнамалық актілермен жұмыс істеудегі кәсіби деңгейін анықтайды.

Таяуда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне норма шығармашылық қызметті одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң (2011 жылғы 1 сәуір, № 4252-IV ҚР3) жаңа процедураларды анықтайды: мемлекеттік органдар тұрақты негізде заңдарды әзірлеу мен іске асыру мәселелеріндегі мәліметтерді жинау, бағалау және талдау жолымен жүзеге асыратын нормативтік актілердің құқықтық мониторингі.

5.3 Еңбек ету құқығы

Мына актілер босқындар еңбегі мәселелерін қарайтын заңнамалық актілер болып табылады:

1. 1995 жылғы 19 маусымдағы «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заң;

2. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» заң (2001 жылғы 23 қаңтардағы №149-ІІ);

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмысшы күшін тартуға квотаны анықтау және жұмыс берушілерге рұқсат беру ережелері» (бұдан әрі – Квота ережелері);

5. 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының заңы;

6. 2009 жылғы 4 желтоқсандағы «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының заңы.

1951 жылғы Конвенцияның ережелері (17-бап) босқындармен осындай жағдайларда шетел мемлекеттерінің азаматтарына сәйкес келетін қолайлы қарым-қатынас жасалуы тиіс екенін, ақылы еңбекке құқылы екенін көрсетеді.

1995 жылғы Шетелдіктер туралы заңға (6-бап) сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарындай құқыққа және жауапкершілікке ие. Қазақстанда тұрақты тұратын шетел азаматтары – бұлар уәкілетті органның рұқсаты мен олардың тұрақты тұруына құқықтарын куәландыратын құжаттар алған адамдар. Қазақстанда басқа құқықтық шарттармен қалатын шетелдіктер уақытша тұратын шетелдіктер деп саналады.

Босқындар мен пана іздеуші адамдар жаһандық мәжбүрлі көші-қонның бір бөлігі болып табылады. Алайда, мигранттардан21 олардың өзгешелігі, олар өз елдерін немесе тұратын жерлерін экономикалық ахуал үшін емес, шыққан елінің қорғауын алуға қабілетсіздігінен тастап шыққан. Сондықтан, сарапшылардың пікіріне сәйкес, БҰҰ БЖКБ құзырына жататын адамдар пана алу туралы өтініш толтыру кезінде де, босқын мәртебесін алғаннан кейін де уақытша еңбек мигранты ретінде қарала алмайды. БҰҰ БЖКБ құзырына жататын адамдар босқындар туралы халықаралық заңда белгіленген қорғаудың халықаралық стандарттары мен процедураларына жатады.

«Босқындар туралы» заңға сәйкес Қазақстанда пана іздеуші адамдар, сондай-ақ босқындар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек ету мен кәсіпкерлік қызмет бостандығы құқығына ие (8-бап, 1 тармақ, 8) тармақша және 9-бап, 1 тармақ, 6) тармақша).
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Похожие:

№ исх: 32-42. 80-4 от: 03. 07. 2012 9: 37: 59 iconКоринт туристическое агентство
Даты вылета: 18. 12. 2012, 15. 01. 2012, 29. 01. 2012, 12. 02. 2012, 26. 02. 2012, 11. 03. 2012, 18. 03. 2012, 25. 03. 2012
№ исх: 32-42. 80-4 от: 03. 07. 2012 9: 37: 59 icon"Санитарно-эпидемиологические требования к объектам черной металлургии"
Казахстанская правда" от 14. 03. 2012 г., №70-71 (26889-26890); от 15. 03. 2012 г., №72-73 (26891-26892); от 20. 03. 2012 г., №76-77...
№ исх: 32-42. 80-4 от: 03. 07. 2012 9: 37: 59 iconЗакон Республики Казахстан от 6 января 2012 года №527-iv "Казахстанская правда" от 17. 01. 2012 г., №19-20 (26838-26839)
Казахстанская правда" от 17. 01. 2012 г., №19-20 (26838-26839); "Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 17 қаңтардағы №18-19 (27090)
№ исх: 32-42. 80-4 от: 03. 07. 2012 9: 37: 59 iconПриродопользования и экологии республики башкортостан
Минэкологии рб от 16. 02. 2009 №49к, протоколом комиссии Минэкологии рб от 18. 07. 2012 №2, за достижение высоких показателей, успешное...
№ исх: 32-42. 80-4 от: 03. 07. 2012 9: 37: 59 iconРеспублики Казахстан «О республиканском бюджете на 2012 2014 годы»
Статья  Утвердить республиканский бюджет на 2012 – 2014 годы согласно приложениям 1, 2 и 3 соответственно, в том числе на 2012 год...
№ исх: 32-42. 80-4 от: 03. 07. 2012 9: 37: 59 iconКодекс мазмұнымен толықтырылды; 2012. 17. 02. №564-іv қР
Р заңымен  (бұр ред.қара); 2012. 17. 02. №565-іv қр заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр ред.қара); 2012....
№ исх: 32-42. 80-4 от: 03. 07. 2012 9: 37: 59 iconБиблиографический указатель Өскемен 2012 ж. Усть-Каменогорск 2012 г
Автомобиль жолдары. Құрылыс – жол машиналары = Автомобильные дороги. Строительно дорожные машины: указ. / Научная библиотека вкгту...
№ исх: 32-42. 80-4 от: 03. 07. 2012 9: 37: 59 iconПромышленная выставка «expo-russia kazakhstan 2012» 29-31 мая 2012 года Республика Казахстан г. Алматы
Министерством индустрии и торговли рк и Министерством нефти и газа рк, отраслевыми Министерствами Казахстана, в период с 29 по 31...
№ исх: 32-42. 80-4 от: 03. 07. 2012 9: 37: 59 iconКнига содержит биографические справки обо всех зарегистрированных и незарегистриро-ванных кандидатах, которые выдвигались на российских президентских выборах 4 марта 2012 года
П 73      Претенденты-2012. Кто есть кто на президентских выборах / В. Прибы-ловский, Г. Белонучкин, К. Миньков. – М.: Роо центр...
№ исх: 32-42. 80-4 от: 03. 07. 2012 9: 37: 59 icon2012 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі
Фараби ауданы әкімі аппаратында жұмыс 2012 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілуде. 2012 жылдың қаңтар-маусым айларында...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница