«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов




Название«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов
страница2/7
Дата конвертации13.12.2012
Размер0.84 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://shyely-mektep142.narod.ru/jospar/2012-2013jospar.doc
1   2   3   4   5   6   7


9 – сыныптың 11 оқушысы мемлекеттік емтихандар тапсырды. 3 оқушы арнаулы орта оқу орындарына оқуға түсті.

Сыныптан – сыныпқа көшу, мемлекеттік емтихан қорытындылары шығарылып, мониторинг жасалынды.

Мектеп - әдістемелік жұмыстарының негізгі орталығы. Кез келген педагогикалық іс - әрекет дұрыс орындалуы үшін тура байланыс пен кері байланыс та ойдағыдай жүзеге асырылуы керек. Ал кері байланыстың ең ықпалды түрі – бақылау. Бақылау – мұғалімге көмек беру деген сөз.

Мектеп жұмысын басқару, мектепішілік бақылау ұйымдастыру аса күрделі де сан – салалы мәселе. Мектеп әкімшілігі өзінің басқарушылық білім мен шеберлігін, бірлігі, әдіс – тәсілдерін игеру, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту жолында біраз жұмыстар атқарады. Мектеп әкімшілігі арасында еңбек бөлінісі мен міндеттерін нақты айқындау ісі жүргізіліп, әрбір сабақтастықты сақтау жолдарын анықтады. Мектепішілік бақылау жыл бойы барлық пәндер бойынша жүргізілді. Сол жүргізілген бақылау деректемелері негізінде төмендегідей кемшіліктер байқалды:

1.Кейбір мұғалімдер мамандық – кәсіптік деңгейінің төмендігін;

2. Үйірме, таңдау курстарының өз деңгейінде жүргізілмеуін;

3 . Оқушылар білімдерін объективті бағаламаушылықты;

4. Оқу үрдісін ұйымдастыруда мұғалімдердің оқушылардың нақты қызығушылықтарын ескермеуін:

6. Дәстүрлі сабақ жүйесінің тиімсіздігін, педагогикалық жүйеге жаңа технолгиялық бағыттылықты енгізудің керектігін т.б.

Жаңа оқу жылында мектепішілік бақылау жоғарыда аталған кемшіліктерді жою бағытындағы жұмыстарды басты нысанаға алып отыр.

Педагог қызметкерлерді аттестаттау – педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім. Педагогтарды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы №16 бұйрығына (аттестаттаудың екінші кезеңі) сәйкес өткізілді.

Аудандық аттестаттау комиссиясының шешімімен 2 мұғалім І біліктілік санатқа өтті, 3 мұғалім І біліктілік санаттарын қайта бекітті.

Аудандық білім бөлімі білім қызметкерлерінің еңбегін бағалау, жұмыс нәтижелері бойынша ынталандыру, марапаттау мақсатында рейтинг жүйесінің үлгі жобасын ұсынған болатын. Үлгі – жоба барлық пән әдіс бірлестігі отырыстарында талқыланып, қолдауға ие болды. Рейтингі мұғалімнің өзін - өзі бағалауынан, әдістемелік бірлестік жетекшісінің бағалауынан, мектеп әкімшілігі бағалауынан тұрды. Бағалау қорытындысынан мұғалім рейтингісі шықты. Рейтингі қорытындысы бойынша төмендегі пән мұғалімдер жоғары балл жинады:

1. Кенжебаев Хамаш – АӘД пәнінің мұғалімі

2. Қалмұратова Райхан – математика пәнінің мұғалімі

3. Жүсіпбаев Талғат– технология пәнінің мұғалімі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 24 қыркүйек 2002 жылғы №693 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жалпы орта білім беретін мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқыту қарастырылған.

Бейінді бағдарлы оқыту оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқу болғандықтан 9 – сынып оқушыларының кәсіби деңгейін анықтау мақсатында сауалнамалар алынды. Қорытынды нәтижесінде оқушылардың тұлғалық бейімділігі, қабілеттері мен мүмкіндіктерінің кәсіби ой – мұраттарына сәйкестігімен 9 – сыныпты бітіруші 11 оқушының 9 – ы жаратылыстану – математикалық бағытын, кәсіптік –техникалық мектепті -1 оқушы, арнаулы орта оқу орнын 2 оқушы таңдағаны анықталды.

2011-2012 оқу жылында жаратылыстану – математикалық бағытты 11 сыныпта – 14 оқушы, 10 – сыныпта – 14 оқушы таңдады. Жоғарыдағы бағдарға сәйкес типтік оқу жоспарының вариативті бөлігінен қолданбалы және таңдау курстарының бағдарламалары жасалынып, оқушы сұранысына сәйкес оқытылды.

Оқу жылының қорытындысы бойынша қолданбалы білім курстарының білімділік сапасы төмендегідей:


Р/с

Курстың тақырыбы

Сыныбы

Білімділік сапасы

Пән мұғалімі

1

Адам – биологиялық түр

10

78%

Сыздықбаева Ә

2

Микроэлементтер – тіршілік тірегі

10

71%

Сыздықбаева Ә

3

Тілдік талдау

10

71%

Байдалиева А

4

Қазақстан – тәуелсіздік жолында

10

78%

Базарханова Н

5

Элементар математика есептерін шығару тәсілдері

11

42%

Бейсбаева Н

6

Деңгейлік тапсырмалар арқылы физика жаттығуларын орындау

11

64%

Тоқмұханбетов Қ

7

Тілдік талдау

11

69%

Байдалиева А

8

Тарихи тұлғалар

11

78%

Алтынбаева Ж


Сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 1 – 11 сыныптар аралығында мамандыққа байланысты, мамандықтың қыр-сырын түсіндіру мақсатында іс-шара өтті.

“Дарын” ОҒҚ-ң мүшелері және секция жетекшілерімен жыл басына жүйелі жұмыстар атқарылып, “Жас ғалым - 2011” атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференциясының өлкетану секциясында белсенді қатысқаны үшін 10 - сынып оқушысы Дайырбеков Қыдырәлі жүлделі ІІ орынмен марапатталды (жетекшісі Базарханова Назерке), аудандық “Мен және менің болашағым” тақырыбында 10 – сынып оқушылары арасында жоба қорғауда Дайырбеков Қыдырәлі жүлделі ІІІ орынмен марапатталды (жетекшісі Қалмұратова Райхан) “Жас ғалым - 2012” аудандық ғылыми – тәжірибелік конференциясының тарих секциясында 10 – сынып оқушысы Уали Наргиз жоба қорғады (жетекшісі Алтынбаева Ж)

Мектебіміздегі үздік 8 оқушы “Қазақстанның үміт күтерлері” республикалық жинағына ұсынылды.


Мектеп оқушыларының пәндік олимпиадаларға қатысу көрсеткіші:


Оқу жылы

Олимпиада деңгейі

Қатысқан оқушы саны

Нәтижесі

І орын

ІІ орын

ІІІ орын

Алғыс хат

2010 - 2011

Аудандық

8

-

3

-

1

Облыстық

-

-

-

-

-

2011 - 2012

Аудандық

9

1

2

1

1

Облыстық

1

-

-

-

-


Жалпы мектепте беріліп жатқан курстардың мазмұнды берілуі, оқушылардан ғылыми негізде алынатын олимпиадалардан, ғылыми жобалардан, жоғары нәтижелерге жетуі болып табылады. Жыл басынан бері оқушылар түрлі интеллектуалдық марафондарға зор қызығушылықпен қатысып жүлделі орындарға ие болды.


Интеллектуалдық марафондарға қатысу көрсеткіші




Интеллектуалдық ойындар

Қатысу саны

Жүлделі орындар

1

Ақбота

27

-

2

Русский медвежонок

5

-

3

Кенгуру

-

-

4

Золотое руно

5




5

Вritish Bulldog

5

-


Мектепте бағдарлы сынып оқушылары барлық пәндер бойынша оқулықпен 100 пайыз қамтылған. Бағдарлы сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің І санаттылар – 8, ІІ санаттылары – 3.

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында нақтыланған 12 бағыты болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті ел ұланы етіп өсіру мақсатындағы сұранысты қанағаттандыратын мемлекеттік құжат. Бағдарламадағы тәрбие түрлері бір – бірімен тығыз байланысты әрі кешенді сипатта жүзеге асырылады.

Мектебімізде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында мектеп мұғалімдерінен полиция қызметкерлеріне көмек ретінде арнайы жасақ тобы құрылып, жыл көлемінде ата – аналар құқық бұзушылық және қылмысқа қарсы күрес айлықтары болып өтті. Аудандық ІІБ-нің КТІЖБ-де тәртіп бұзушылық пен қылмысы үшін есепте тұрған оқушы жоқ.

Әрбір жеке тұлғаның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, зиянды затарды қолданудан бас тартуына және салауатты өмір салтын ұсынуына ықпал ету мақсатында, оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, өмір жайлы түсініктерін қалыптастыруға, дарынды, жігерлі, батыл оқушылардың өзін - өзі көрсетуіне, ерік – жігерін шыңдауға бағытталған түрлі шаралар өткізуде сынып жетекшілердің өзіндік үлесі бар.

Тәрбие үрдісін басқару, сынып жетекші болу – күрделі іс. Сынып ұжымын ұйымдастыру және дамыту, оқушы тұлғасын қалыптастыру – сынып жетекшінің тікелей міндеті.

Сынып жетекшілер бірлестігінің – 11 мүшесі бар. Сынып жетекшілердің 2-еуі арнаулы орта, 9 жоғары білімді мамандар.

Мектептегі тәрбие жұмысының өткен оқу жылындағы негізгі мақсаттарының бірі – оқу – тәрбие әрекетінде өз Отанын сүйіп, құрметтейтін, өзара қарым – қатынас жасай білетін, өзін -өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, адамгершілік құндылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре алатын құзырлы тұлға қалыптастыру болды.

2011 -2012 оқу жылында мектебіміздегі 105 оқушының әлеуметтік жағдайына тоқталсақ, 19-і жартылай жетім, 26 - көп балалы және тұрмысы төмен отбасының балалары. Жыл көлемінде осындай ерекше қамқорлықтағы 22 оқушыға қаржы бөлініп, бір мезгіл құрғақ тамақ ішсе, 40 оқушы жалпы оқу қорынан бөлінген қаржы есебінен киім –кешекпен қамтамасыз етілді. 4 оқушы аудандық «Сыр ұланы», 1 оқушы «Талдысу» лагерінде демалды.


Жаңа оқу жылында алға қойылатын негізгі міндеттер.


Мектепте 2011-2012 оқу жылында атқарылған оқу – тәрбие жұмыстарына жасалған талдаулар негізінде мектептің 2008-2013 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасының ІІІ кезеңін іске асыру мақсатында және аталған кемшіліктерді жою, әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында 2012 – 2013 оқу жылына басым бағыттар белгіленіп, оны орындау мақсатында төмендегідей міндеттерді қадағалаймыз:

  • Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы.

  • Білім беру сапасын арттыру мақсатында пән сабақтарында интерактивті оқыту технологияларын кеңінен пайдалану;

  • ҰБТ орталығын құру, білім сапасының орта балын көтеру бағытындағы жүйелеу, үздіксіздендіру, нәтижеге бағыттау;

  • «Ұлағат» мұғалімдердің шығармашылық тобының жұмысын жандандырып, озат тәжірибелерді ақпараттандыру, насихаттау;

  • Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік білім беру стандартын, мемлекеттік білім беру стандартын, нормативтік құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру, жұмыстарын ұйымдастыру;

  • «Дарын» оқушылардың шығармашылық тобының жұмысын жетілдіру;

  • Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету, өзара кәсіби бәсекелестік орнату;

  • Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;

  • Мұғалімдердің оқушылар білімдерін бағалауда объективтік принципін ұстауға бағыттау;

  • Жеке оқушымен жұмысты жетілдіру жолдарын қарастыру;

  • Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарының деңгейін көтеру;

  • Математика, физика пәндерін оқушылардың үлгірім көрсеткіштерін көтеру, математика, физика және орыс тілі пәндері бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру;

  • Сынып журналдарының дұрыс жүргізілуіне семинар, оқулар ұйымдастыруды қолға алу

  • Мұғалімдерді зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру.

  • Оқушыларды бейінді оқыту жағдайында бағдары кәсіби ағартушылық, кәсіби насихат және кеңес беру мақсатындағы мазмұнды іс – шараларды жүргізу;

  • Оқушыларды даралап және саралап оқытуда жаңа технологиялармен жүргізетін жұмыстарды жандандыру;

  • Элективті курстарды оқушы сұранысына сай мазмұнды жүргізу;

  • Бейінді оқыту жұмыстарын ұйымдастыруда сынып жетекшілерімен жүргізілетін жұмыстарды күшейту;

  • ҰТБ-ға жан – жақты дайындық жүргізу;

  • Оқушылардың білім сапасын арттыру, олардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне ықпал ететін интеллектуалдық шараларды өз дәрежесінде ұйымдастыру;

  • Сынып жетекшілерінің жеке оқушылармен, тәрбие деңгейі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстарын ерекше бақылауға алу;

  • Қолайсыз отбасыларды жете анықтап, ауыл әкімшілігімен, ата – аналар комитетімен бірлесе жұмыс жүргізу;

  • Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында сыныптан тыс үйірмелер, спорттық секциялар жұмысын жандандыру;

  • Ата – аналар, ауыл жұртшылығымен ынтымақтастықты нығайту;

  • Балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды көбейту, сапасын арттыру;

  • Сынып жетекшілерінің кәсіби біліктілігін арттырудағы жұмысты жетілдіру.


1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов iconБекітемін: келісемін: Мектеп директоры: А. Мәдибаев
Осы ереже Қр еңбек кодексіне және мектеп- жарғысына сай құрастылған, қызметкерлер мен әкімшілік ішкі еңбек тәртібін анықтайды және...

«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов icon«Таран қазақ орта мектебі» мм бекітемін: Мектеп директоры: А. Мәдибаев

«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов iconБекітемін: Мектеп директоры
Сынып жетекшілермен оқушылар Қ. Р кешенді тәрбие бағдарламасы бойынша жүйелі жұмыс жүргізе отырып төмендегідей көрсеткіштерге қол...

«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов icon«Бекітемін» Мектеп директоры: Ш. Байжанова
Атап айтатын болсақ 5-11 сыныптардағы білім сапасының қорытындысы өткен оқу жылында 69,4 болса, биыл 71,1% болып отыр

«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов icon41 орта жалпы білім беретін мектеп бекітемін мектеп директоры: Ихсанова В.Қ
Бағдарламаны жасақтағандар: №41 орта жалпы білім беретін мектептің пән мұғалімдері

«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов icon«Бекітемін» «Келісемін» Ә/б отырысында №3 мектеп-лицей директоры оқу ісінің меңгерушісі қаралды
Жоспар пән бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 №367 бұйрығымен білім беру стандартында көрсетілген...

«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов icon«Бекітемін» «Келісемін» Ә/б отырысында №3 мектеп-лицей директоры оқу ісінің меңгерушісі қаралды
Жоспар пән бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 №367 бұйрығымен білім беру стандартында көрсетілген...

«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов iconБекітемін «Қазпочта» АҚ жоф директоры
Тараз қ., Төле би к., 79 мекен-жайы бойынша орналасқан, «Қазпочта» АҚ жоф директоры М. Кәрібаев баға ұсынысы тәсілімен жылжымайтын...

«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов icon«Бекітемін» «Келісемін» «ӘБ отырысыңда қаралды»
Мұстафин ат. №83 ом директоры Директордың ож жөн-гі орынб. МӘБ жетекшісі «Утверждаю» «Согласовано» «Рассмотрено на заседании мо»

«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов iconБекітемін: «Қазпочта» АҚ ОҚоф директоры
Казпочта АҚ (010000, Астана қаласы, Әүезов к., 13 ү.) Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 24 үй

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница