Лекция: 15 сағат




НазваниеЛекция: 15 сағат
страница3/12
Дата конвертации13.12.2012
Размер1.86 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://212.154.248.210/CDO/Sillabus/PP/Mirzalieva.Akzent.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2-лекция.

Мінез-құлық – жеке тұлға қасиеттерінің бірі ретінде.

(1 сағат)


Жоспары:

  1. Мінез-құлық сипаттамалары.

  2. Жеткіншектер мінез-құлқы туралы Р.Бенедикттің теориясы.



Пайдаланатын әдебиеттер:


Негізгі:

  1. Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.

  2. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.

  3. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.

  4. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.

  5. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.


Қосымша:

  1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2001.

  2. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. М.,2001.

  3. Алдамуратов Жантану негіздері. А.,2001.

  4. Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1980.

  5. Батаршев А.В. Тестирование основной инструментарий практическогог психолога. Ростов-на-Дону., 2000.



Лекцияның мәтіні:


20-30 - жылдарда әр түрлі елдерде нақты зерттеулер жинақталғандықтан биогенетикалық универсализмге қарама-қарсы бағыт күш ала бастады, ал бұл зерттеулерде жеткіншектің жеке басының кейбір қасиеттерінің оның әлеуметтік қатыстылығына тәуелділігі көрсетілді. Осындай теориялық бағыттылық советтік психологиядағы (оның қалыптасу кезеңінде) бірқатар зерттеулерде де болды. Қиын жеткіншектерді тәрбиелеу практикасының елеулі маңызы болды; мәселен, А.С.Макаренкода мұндай жеткіншектер қысқа мерзім ішінде түзелетін еді.

Биогенетикалық универсализм теорияларына американ антропологтары (этнографтары) күшті соққы берді; олар адамда «табиғаттан» не «мәдениеттен», яғни өмірмен дамудың нақты қоғамдық-тарихи жағдайларынан болатын не екенін анықтау үшін қарадүрсін цивилизациялар деп аталатындарды зерттеді. Самоа аралындағы жеткіншектерді зерттеген М.Мид жеткіншектік шақта дағдарыстар мен дау-жанжалдардың болмай қоймайтындығы туралы түсініктің қисынсыздығын дәлелдеді, сөйтіп олардың биологиялық емес, әлеуметтік шарттастығын көрсетті. Мид Самоадағы жеткіншек қыз балалардың балалықтан ересектікке үйлесімді, дау-жанжалсыз өтетінін байқады да балалардың тіршілік жағдайларын, тәрбиеленуі мен айналадағылармен қарым-қатынастарының ерекшеліктерін егжей-тегжейлі сипаттап жазды. Қыз балалардың жеткіншектік шағын Мид балалық және ересектік көзбен салыстырғанда тұтас алғанда неғұрлым, жақсы және ерікті кезең деп бағалады. Кейініректе ол қыз балада жыныстық толысудың басталуы, біріншіден, оның өзі үшін төтенше субъективтік маңызы болмауы және мүлдем дерлік еленбей өтіп кетуі мүмкін екенін және, екіншіден, қыз баланың өмірінде оның әр түрлі маңызы болуы мүмкін екенін де көрсетіп берді: бір жағдайда жыныстық толысудың басталуы оны бой жетті деп тауып, некелесу салтанатына қамданудың белгісі болуы мүмкін, ал басқа жағдайларда оның праволары мен міндеттері ғана өзгереді.

Антропологтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталды. Балаларды "Эдип комплексінің" міндеттілігі туралы пайымдау да теріске шығарылып, жеткіншектің инициациядан кейін алатын ересектік статусына арнайы әзірлік жағдайында да, сондай-ақ бұл статустың талаптарын біртіндеп меңгергенде де жеткіншек ер балаларда дағдарыстың болмау мүмкіндігі анықталды.

Антрополог Р. Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің екі типін бөліп көрсетті: 1) үздіксіз және 2) баланың балалық шағында оқып үйренгені мен ересектің ролі жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет тәсілдері мен түсініктер арасында үзілістер болатын типі. Өтудің бірінші типі балалар мен ересектерге арналған бірқатар маңызды нормалар мен талаптардың ұқсастығы жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда даму бірқалыпты өтеді, бала ересектік іс-әрекет тәсілдеріне біртіндеп үйренеді де, ересектің статусының талаптарың орындауға даяр болып шығады. Өтудің екінші типі балалар мен ересектерге қойылатын мәнді талаптарда болған кезде байқалады (Бенедикт пен Мид оны қазіргі заманғы американ қоғамына және өнеркәсібі жоғары дамыған елдерге тән деп санады). Мұндай жағдайларда балалықтан ересектікке өту әр түрлі қиыншылықтармен қабаттасып, оның өзіне тән нәтижесі болады - ресми кемелділікке жеткен кезде ересектің ролін атқаруға дайын болмау келіп шығады. Балалықтан ересектікке өтетін жол, деп атап көрсетті Бенедикт, әр түрлі қоғамдарда әркелкі болады және оның ешқайсысы да кемелділікке жеткізетін «табиғи» соқпақ деп қарастырылмайды.

Антропологтар зерттеулерінің теориялық маңызы зор. Бала өмірінің нақты әлеуметтік жағдайларына: 1) жеткіншектік кезеңнің ұзақтығына; 2) дағдарыстың, талас-тартыстың, қиыншылықтардың болуына; 3) балалықтан ересектікке өтудің өзінің сипатына қарай анықталатыны дәлелденді. Бүл зерттеулерден фрейдизмге қарама-қарсы, адамдағы табиғи дүние әлеуметтік болғандықтан ондағы табиғи дүниені әлеуметтік дүниеге қарсы қоюға болмайды деген қорытынды шығады.

Антропологтар жеткіншектік шақты бала өзінің қоғамдағы орнына жетер жолда болатын, оның ересектердің қоғамдық өміріне өтуі жүзеге асатын кезең деп қарады. Бұл идеяны дамытуда К.Левин (АҚШ) ерекше орын алады, ол жеткіншектің қазіргі қоғамдағы жағдайы мен балалықтан ересектікке талас-тартыспен өтуіне талдау жасауды жалғастырды. Ол қоғамда ересектер тобы мен балалар тобының бар екенін, әрқайсысының өзіне тән артықшылықтары болатындықтан олардың бір-бірінен бөлінгендігін, жеткіншектік кезеңде баланың балалар тобынан ересектер тобына қарай ілгерілейтінін атап көрсетті.

Жеткіншекте ересектер тобына өтуге және үлкендердің балаларда жоқ кейбір артықшылықтарымен пайдалануға деген ұмтылысы болады. Алайда ересектер оны әлі қабылдамағандықтан ол топтар арасындағы жағдайда болып шығады. Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин қоғамда балалар тобы мен ересектер тобының қатаң бөлінуіне және жеткіншектер топтарының аралығындағы жағдайда болатын кезеңінің ұзақтығына байланысты етіп қояды. Левиннің жеткіншектің «өз орнын таппауы» туралы идеясын қазіргі уақытта Д.Коулмен және басқа шетел психологтары дамытуда, олар жеткіншектердің ерекше бір «субмәдениеті» бар дегенді, яғни ересектер қоғамында жеткіншектер қоғамы бар дегенді айтады.

Л.С.Выготский сын жастарды зерттеуде жаңа проблемалар: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін қойды, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын құрайды деп пайымдады.

Сонымен, жеткіншектік кезеңдегі «дағдарысты» түсіндіруде теориялық ой-пікірдің дамуы жеткіншектік кезеңнің көріністері мен өтуінің ерекшеліктері жеткіншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайымен анықталатынын көрсететін қорытындылардың біртіндеп жинақталуы болды.

Адамның психикалық қасиеттерін зерттеп, оның қыр-сырына түсінуге қызығушылық адам өмірінде барлық уақытта үлкен орын алады. Адам өзі өмір сүретін ортаның қасиеттерін, тірі табиғат қасиеттерін, жеке тұлға ерекшеліктерін зерттеуді ежелде басталған. Қазіргі кезде жер бетінде өмірдің пайда болуы, олардың эволюциялық дамуы заңдылықтарын түсінгеніне сүйене отырып, өсімдіктер мен жануарлардың көптеген табиғатта жоқ жаңа қасиеттері бар түрлерін адамдар жасап шығарып жатыр. Дегенмен адам өзінің, психикалық ерекшеліктерін әлі де болса терең және жан-жақты танып біліп алуға шамасы келген жоқ.

Психофизиологиялылық зерттеулер нәтижесінде барлық жекелік қасиеттердің көптеген ерекшеліктерін сандық және сапалық жағынан толық бағалауға, сол қасиеттердің дамуы нормада, немесе одан ауытқуы бар екенін бағалауға мүмкіндік жасалған. Жеке тұлға, оның психикалық қасиеттерінің ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеу және оны анықтау әдістемелерін жасау 19 ғасырдың ортасынан басталып қазірге дейін жетілдіруде. Осы зерттеулер нәтижесінде жеке тұлға анықтамалары, адамдардың жекелік ерекшеліктеріне байланысты оларды типологиялау, әр адамның жан дүниесінің профилін жасау т.б. өте күрделі зерттеу жүргізуге арналған әдістемелер қалыптасты.

Типологиялық зерттеулер 20 ғасырдың басында Кречмер, Шелдон зерттеулерінен басталды. Бұл ғалымдар адамның мінез ерекшеліктерінің дене құрылысымен байланысты деп болжамдап, осы болжамды дәлелдеу үшін көптеген зерттеулер жүргізді. Кречмер Еуропе елдері мен АҚШ-тағы психоз ауруға ұшырағандарды зерттеу барысында адамның дене құрылысы мен оның психикалық ауруының түрі арасында корреляциялық байланыс бар екенін анықтады. Осы байланыстың заңдылықтарын зерттей отырып ол адамдар мінездерінің типологиясын жасады.


3-лекция.

XX ғасырдың басында қалыптасқан мінез типологиясы.


(1 сағат)


Жоспары:


  1. Мінез-құлық – тұлға негізі.

  2. Мінез-құлық көрсеткіштерінің ерекшеліктері.

3. Жеткіншектік кезеңдегі мінез-құлық ерекшеліктері.


Пайдаланатын әдебиеттер:


Негізгі:

  1. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.

  2. Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.

  3. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.

  4. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.

  5. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.

  6. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.

  7. Тесты, тесты, тесты. Под. ред. М.Мацковского. М.,1990.

  8. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М.,1995.



Қосымша:

  1. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.

  2. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұй ымдастыру. А.,2003.

  3. Битянова М. Практическая психология. М.,1996.

  4. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.

  5. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.

  6. Дубровина И. В. Положение о школьной психологической службе. М.,1985.



Лекцияның мәтіні:


Мінез деген - адамның іс-әрекетінде және мінез-құлқында тұрақты көрініс беретін жеке ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез адамның барлық тіршілігіне әсерін тигізіп тұратын қасиет болғандықтан типологиялық зерттеулерді мінез сипатынан бастаған.

Адамға мінездеме бергенде оның не істегенін ғана айтып қоймай жұмысының сапасын, басқа адамдармен қарым-қатынасын ерекше көрсетеді. (қалай орындағаны үлкен роль атқарады). Біреулер жалқау, ұяң, бірақ сиысымды, көпшілікті сыйлайды, ізеттілік көрсетеді. Ал біреулер іскер, қатал, тілектестік білдіреді, бірақ жұмысты сапалы орындауды талап етеді. Үшіншілер аз нәрсені шала істеп оны жұртқа түгел мәліметтеп шығады, басқалардың табысын көре алмайды, ашушаң, ызақор, сыйымсыз болады.

Басқа адамға ескерту бергенде басшылардың кейбіреулері жылатып айтады, ал біреулері кеңес беріп, тез үйренуге жәрдемін тигізеді. Адамның жекелік қасиеттерінің барлығына мінез үлкен әсерін тигізіп, оның жалпы адамгершілігін, іскерлігін, қарым-қатынасқа икемділігін, сыйысымдылығын анықтап отырады. Мінез адамның барлық психикалық қасиеттерімен тығыз байланысты, сондықтан оның ерекшеліктерін көптеген жекелік қасиеттердің көрінісі бойынша сипаттауға болады.

Егер адамды танитын, білетін болсаңыз ол өмірдің әр түрлі жағдайында қандай мінез көрсететінін болжамдап айтуға болады. Мінез-құлықты басқаруға, оны басқаларға ыңғайлы, сыйысымды етіп, дұрыс жол көрсетіп отыруға болады. Сондықтан мінез тәрбиеленетін қасиеттерге жатады. Адамдардың мінез-құлқы тарихи-әлеуметтік жағдайға байланысты көрініс береді. Мысалы: өзінің намысын, отбасының намысын қорғау үшін дуэльге шақырып, намысына тиген адамға қастандық, қатыгездік көрсетіп, оны атып тастаған. Вендетто - қанға-қан, жанға-жан деген кек алу дәстүрі т.с.с. қалыптасқан әдет-ғұрып кеңінен орын алады. Қазіргі кезде цивилизацияның дамуымен байланысты ең үлкен құндылық адам өмірі болып саналады. Сондықтан адам өміріне қауіп туғызу немесе өлтіру ең үлкен қылмыс болып есептеледі. Сондықтан өрескіл мінез көрсеткендерге дәл сондай дөрекілік көрсетіп, балағаттап немесе басқа түрлі қастандықтар көрсету кеңінен орын алады. Оның барлығы мінездің теріс көрсеткіштері, сыйысымсыздық, арамзалық деп бағаланады.

Адамның мінезінің қалыптасуына отбасы, қоршаған ортадағы жетекші салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, өзінің қарым-қатынас жасайтын кіші тобы, сынып оқушылары, группадағы студенттер, жолдастар мен достар, оқыған кітап, көрген кино кейіпкерлері үлкен әсерін тигізеді. Өйткені адам басқаларға қарап, олардың тәжірибесін меңгеріп адам болады.

Мінез детеминиз ұстанымына сай барлық психикалық қасиеттермен тағыз байланысты. Мінезге темпераменттің тигізетін әсері өте үлкен. Холериктің жеңілтектігі мен қызбалығы, сангвиниктің сөзшеңдігі, флегматиктің байсалдылығы, меланхоликтің тұйықтығы мен ұстамадылығы мінезге әсерін тигізіп тұрады. Мінез бен темпераменттің өте тығыз байланыстылығы психиканың динамикалық ерекшеліктерімен анықталады. Дегенмен темпераментті өзгертуге болмайды, ал мінез тәрбиеленеді. Холерик пен сангвиникке белсенділікті, шығармашылық қасиетті қалыптастыру оңай, ал флегматик ерінбестен оның бәрін меңгеруге шамасы келеді, меланхоликке ашық-жарқын болу өте қиын. Осы ерекшеліктерді ескерсе отырғанда тәрбие нәтижелі болады. Мінез - тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесі.

Психолог өз қызметін ұйымдастыру үшін психолог басқа адамдардың мінезін біліп, ол адамның неше түрлі жағдайларда өзін қай жағынан көрсететінін болжамдауға болады. Сондықтан мінез ерекшеліктерін біліп алу негізінде ол адамды тәрбиелеуге, жекелік ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік туады.

Мінез өзі өте күрделі психикалық қасиет. Ол бірнеше көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан жеке тұлғаға мінездеме бергенде оның ерекшеліктерін басқалармен салыстыра отырып қарама-қарсы көрсеткіштермен сипаттайды: кеңпейілді - іші тар; жеңілтек - байсалды; адал - арам; сыйысымды - сыйысымсыз; қорқақ - батыл, сезімтал - қатыгез т.с.с. Бұл жеке көрсеткіштер мінездің құрамды бөліктері, оның көрсеткіштері болып табылады. Осы көрсеткіштердің ішінде біреу жетекші, доминанта болады. Адамды бағалағанда сол доминантасы бойынша мінездеме береді.

Мінездің барлық көрсеткіштері бір-бірімен тәуелді байланыста. Сондықтан егер адам қорқақ болса ол көп жерде белсенділік көрсетіп жүруі өте қиын. Қорқақтың сыйсымдылығы, басшыларға ерекше ізет көрсетіп, иланушылық (ұйып сенуі), тілалғыштықпен көзге түсіп жүруі мүмкін. Олар өте сараң, материалдық байлықты қорғау үшін басқаларды сатып кетуі, сөзінен айнып кетуі жиі кездесіп тұрады.

Сондай ақ, батыл, шешім қабылдағыш, адам қорқақ болуы мүмкін емес, ол мырзалық көрсете алады, басқалардың пікірін сыйлайды, бірақ кейде тік мінездік көрсетіп, керек емес жерде тәуекелшіл болып, өз өміріне қауіп тудыруы мүмкін.

Мінездің бір-бірімен тәуелді байланыстағы көрсеткіштерінің ішінде біреуі доминанта болып, барлық басқа көрсеткіштеріне әсерін тигізіп тұрады. Доминантасының ерекшелігі: мінездің құрамды бөліктерінің ішінен біреуі жетекші және барлығына бағыт беріп тұратын болады, ал қалғандары қосалқы болып негізгінің көрінісін тереңдетіп, құлпыртып тұрады. Оны келесі мысалдармен дәлелдеуге болады:

а) кең пейілділік доминанта, жетекші көрініс берген адамның басқа
мінез сипаттарының барлығы жалпы ол адамды «жақсы адам» деп
қабылдатады. Ол тірлікті асығыс, шала, үстіртін істейтін, кейде сөзінде
тұрмайтын болса кеңпейілділігі бұл осалдылығын жұмсартып көрсетеді;

б) сыйымсыздық, қатыгездік доминанта болса ол адамның барлық басқа қасиеттеріне теріс белгі береді. Доминантасы қатыгез болса ол адам іскер, білімі терең, барлық мәселені шешу жолдарын тез анықтайтын болғанымен қоршағандар жалпы оның мінезі теріс деп қабылдайды.

в) доминантасы сыйысымдылық, кешірімді, ұрысқақ емес, басқалардың жағдайын түсінетін болса, ол адам шалағай, сөзінде тұрмайтын болса да оны басқалар оң қабылдайды, жақсы адам деп санайды.

Доминантадан басқа мінез құрылымының келесі көрсеткіштері бар.

1. Қоршаған ортаға көзқарасы. Қоршаған ортадағы ең маңызды құндылық - басқа адамдар. Егер әр адам басқа адамдарды сыйласа, олармен тіл табысып өмір сүргісі келсе, ешкімге зиян келтірмесе, туған-туысқандарына қамқорлық білдірсе оны басқаларда силайды.

  1. Өзіне деген көзқарасы. Адам өзін сыйлап, өзінің беделін, іскерлігін, қоршаған өмірге икемділігін барлық уақытта жетілдіріп жүрген адамның өзін-өзі бағалап, сыйлағанын көрсетеді. Эгоизм, эгоцентризм, өзін ерекше деп есептеп, өзінен басқа ешкімді сыйламау - теріс көрсеткіш.

  2. Іс-әрекетке, еңбеккке көзқарасы. Адамды адам қылған еңбек. Жұмысқа ынталы болу, тілалғыштық, өз мамандығының барлық қыр-сырына жақсы түсініп, шебер, іскер болу - оң көрсеткіштер. Барлық уақытта тәртіп бұзып, тапсырманы уақытында орындамай жүрген теріс көрсеткіштер, өзін сыйламағандықтың белгісі.

  3. Заттарға көзқарас. Барлық заттар адамның еңбегінің нәтижесі. Оны ұқыпты ұстау керек. Заттарға деген салақтық, өзіңдікі емес заттарға, киім-кешекке, оқу құралдарына көзқарастар адамгершіліктің көрсеткіштері.

Мінезінің оң көрсеткіштері басым келсе ол адамды адамгершілігі күшті, жақсы адам деп бағалайды. Сондықтан, мінез адамдық қасиеттердің қалыптасқандығын, адамдар ортасында өмір сүруге икемділігін анықтайтын қасиет болып табылады.

Мінез адамның барлық басқа жекелік қасиеттерімен тікелей байланысты.

  1. Ерікпен тығыз байланыстылығы адамның барлық істеген тіршілігін тиянақты, уақытында орындауы, іс-әрекет барысында басқа адамдармен қарым-қатынасын қалыптастыруы, ұйымдастырғыштық, іскерлік, жауапкершілік т.б. көрсеткіштермен сипатталады.

  2. Сезіммен байланыстылығы оның іс-әрекет барысында күйгелек немесе жайбарақаттығы, байсалдылықпен мәселелерді шешу жолдарын іздеуі, өзінің және басқалардың табысына қуанатындығы, ашушаңдығы, көңіл-күйінің тұрақты немесе тұрақсыздығы, тілектестіктің көрініс беруі.

  3. Ақыл-оймен байланыстылығы интеллектуалдық қабілеті, іс-әрекетте пысықтық, іскерлік, ізеттілік, жеңілтектік, шалғайлық көрсетуі.

Сондықтан мінездің анықтамасында бұл қасиет көптеген жеке ерекшеліктер жиынтығы екені көрсетілген. Мінез көп аспектілі қасиет. Мінездің осы көріністері әр адамда әр түрлі вариантта болады. Дегенмен адамның өмірінде қалыптасқан мақсаттарга байланысты әр адамның өмірге деген көзқарасы және бағыттылығы болады. Адам мінезінің бағыттылығы дегеніміз оның қызығушылығының, идеалдарының және сенімінің жиынтығы (неге сенеді, нені көздейді). Екі адамның мақсаты, бағыттылығы бірдей болуы мүмкін ал сол мақсатқа жету үшін қолданған әркеттері және әдіс-тәсілдері әр түрлі болады.

Адам мінезінің көрсеткіштері көп түрлі. Дегенмен әр ортада мінез ерекшеліктеріне, тәртіп сақтауға, үлкен-кішілер қарым-қатынас ерекшеліктеріне қойылатын талаптар бар. Мінездің әр құрамды бөлігі адам өмір сүретін ортада қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа сай болуы керек. Дәстүрлі қалыптасқан нормалардың бұзылуы адамдар ортасында басқаша бағаланады және норма шегінен асып немесе одан төмен көрсеткішке ие болған жеке адам мінезінің акцентуациясы анық байқалады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Лекция: 15 сағат iconЛекция практика
Жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарына арналған биология қолданбалы курсы бағдарламасының көлемі жылына 34 сағат, аптасына...
Лекция: 15 сағат iconЛекция 30 сағат Семинар 15 сағат Ағымдық бақылау саны 2 соөЖ (аудиторлық) сағат 45 Барлық аудиторлық сағат саны 90 Өскемен, 2010 Пәннің аты және коды : ba442 «Биржалық іс»
Хурмет Жигер, экономика магистрі, «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушысы, жұмыс өтілі – 2 жыл, №9 оқу ғимараты, «Қаржы және есеп»,...
Лекция: 15 сағат icon«Сырдария» университеті «Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне 5-семестрде «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәніне оқу...
Лекция: 15 сағат icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Морфология» пәні бойынша
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне 5-семестрде «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәніне оқу...
Лекция: 15 сағат iconЛекция: 15 сағат
Лекция сабақтарының мазмұны Семинар сабақтарының жоспары
Лекция: 15 сағат icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне 5-семестрде «Қазақтілін оқыту әдістемесі» пәніне оқу жоспарына...
Лекция: 15 сағат iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Кредит саны: 2 (аптасына аудиториялық сағаттар саны: 2 сағат лекция сағаты және 2 сағат соөЖ сағаты)
Лекция: 15 сағат iconЛекция 3 0 сағат

Лекция: 15 сағат iconЛекция: 30 сағат

Лекция: 15 сағат iconЛекция: 8 сағат

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница