Лекция: 34 сағат




НазваниеЛекция: 34 сағат
страница7/10
Дата конвертации13.12.2012
Размер1.04 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://212.154.248.210/CDO/Sillabus/Til/Kuralbaeva.TilBilKir.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

13-Лекция


Тақырыбы: Сөз тіркесі.

Жоспары:

  1. Сөз тіркесі және оған тән басшы белгілер.

  2. Сөз тіркесінің түрлері.


Сөз тіркесі – мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өз ара байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі.

Сөз тіркесі- кемінде екі дербес (толық мағыналы) сөздің бағыныңқы- басыңқы грамматикалық байланыстың негізінде тіркесуінен жасалған синтаксистік единица. Сөз тіркесі күрделі сөзбен де, фразеологиялық сөз тіркестерімен де, атауыш (дербес) сөз Бен көмекші сөздің тіркесімен де, сөздердің салалас қатарларымен де (тізбектерімен) сырттай ұқсас келгенімен, олардан түбірлі айырмашылықтары бар.

Сөздің, соның ішіндегі күрделі сөздің, бөлшектерінің арасындағы байланыс сөз тіркестерінің сыңарларының арасындағы байланыстан анағұрлым басым және бекем болады. Осыдан келіп, күрделі сөз, жалаң сөз тәрізді, сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұрған еденица ретінде сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына оның бір мүшесі ретінде емін- ер кін енеді де, ер кін сөз тіркесі сөйлеу белгілі бір үлгілер бойынша жасалады, оның құрамындағы сыңарлар ыңғыйына қарай басқа бір сыңарлар мен ауыстырыла алады. Сыңарлардың басқа бір сыңарларымен ауыстырылуынан ер кін сөз тіркесінің грамматикалық табиғыты өзгерілмейді.

Сөз заттары, құбылыстарды, сапа- белгіні, іс- әрекетті және т.б. жеке- дара күйінде атаса, сөз тіркесі оларды бір- бір імен байланысында, өз ара қарым- қатынасында атайды. Сөз тіркесінің сыңарларының арасында анықтауыш анықталғыш, толықтауыш толықталғыш, пысықтауыш пысықталғыш тәрізді синтаксистік қатыныстар сақталынса, күрделі сөздің сыңарларының арасында мұндай синтаксистік қатынастар жойылады да, күрделі сөздің әрқайсысы бір бүтін лексикалық единица ретінде ұғынылады. Күрделі сөздің әрбір сыңары сөйлемнің дербес мүшесі бола алмаза, сөз тіркесінің әрбір сыңары синтаксистік дербестігін сақтап, өздігінен сөйлем мүшесі бола алады.

Синтакситік сөз тіркесі сырттай фразеологиялық единцалар мен ұқсас болғанмен, олардан түбірлері айырмашылықтары бар. Сөз атауының сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұрған еденица ретінде сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына енетін сияқты, фразеологиялық еденицалар да (сон дай- ақ жалпы тұрақты сөз тіркестері) .

Жеке сөздің эквиваленті ретінде жұмсалатын фразеологиялық оралымды құрастырушы сыңарлар, дербестігінен айырылып, бүтіндей фразеологиялық оралым сөйлемде бір ғана мише ретінде қызымет атқарса, синтаксистік (еркін) сөз тіркесінің сыңарларының әрқайсысы дербестігін сақтап, сөйлемнің дербес мүшелері бола алады.

Ер кін сөз тіркестерінің мағынасы өзін құрастырушы сыңарлардың мағыналарынан туатын болса және емін- ер кін мүшелене алатын болса, атауыш сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалған аналитикалық конструкція лексикалық және грамматикалық идиоматизм сипатына ие болып, синтаксистік жағынан мүшеленбейді. Ер кін сөз тіркесі мүшеленетін тіркес бола отырып, мағыналық және құрылымдық бүтіндігін сақтайды да, семантикалық тиянақтылық қасиетімен сипатталады. Ол осы қасиеті жағынан дербес сөз бен көмекші сөздің тізбегінен ажырытылады.

Сөз тіркесі сөздің салалас қатарын құрылымдық ерекшелігі жағынан ажыратылады. Салалас қатардың құрамындағы сыңарлар (сөздер) тең дәрежедегі сыңарлар ретінде өз ара салаласа байланысса, сөз тіркесінің сыңарлары басыңқы, бағыныңқысыңарлар болып, бірі екіншісіне бағына байланысады. Сөз тіркесінің құрамындағыс сыңарлардың орнының алмасуы оның мазмұны мен грамматикалық табиғатына әсер етсе, салалас қатардың сыңарларының орнының алмасуы оның мазмұны мен грамматикалық табиғатына әсер етпейді.

Бағыныңқы байланыстың негізінде сөз тіркесі жасалса, предекативті байланыс негізінде предикативті тізбек жасалады Предикативті емес сөз тіркесі номенативті қызымет атқарса, предикативті тізбек мұндай қызыметке ие бола алмайды. Сөз тіркесінің формулалар жүйесі ұйытқа сөздің формулалар жүйесіне негізделсе, предикативті тізбектің парадигмасы грамматикалық шақ пен объективті модальдыққа негізделеді.

Маңызда мәселелердің бірі - сөз тіркестерін топтастыру мәселесі. “Қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында” сөз тіркестері жаңаша топтастырылған. Құрамына қарай сөз тіркестері жалаң сөз тіркесі, күрделі сөз тіркесі және ар алас сөз тіркесі (комбинирование словосочитание) болып үшке бөлінеді. Сөз тіркестерін бұлайша топтастыруда сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің саны емес, оның қандай байланыстың негізінде жасалғандығы ескері леді.

Жалаң сөз тіркесі деп. Сөздердің бір еселі, екі еселі немесе үш еселі байланысына негізделген тіркесін айтамыз. Жалаң сөз тіркестері екі мішелі (мысалы: сөзді тыңдау), үш мүшелі (мысалы: кітапты оқушыға беру, шөпті қораға тасу), төрт мүшелі (мысалы: шығырманы орысшадан қазақшаға аудару) болып бөлінеді.

Күрделі сөз тіркесі екі немесе одан да көп жалаң сөз тіркесінің қосындысына жасалады да, бір ғана ұйытқы сөзге келіп тірелетін әр басқа байланыстардың жиынтығына негізделеді. Мысалы: Шығарманы қызығып оқу деген күрделі сөз тіркесі екі жалаң сөз тіркесінен (шығарманы оқу және қызығып оқу) құралып, бір ғана ұйытқы сөзге (оқу) келіп тірелетін екі түрлі байланыс- мегеру (шығарманы оқу) мен қабысудың (қызығып оқу) түйісуіне негізделген.


Тапсырмалар.


  1. Сөз тіркесіне тән болатын белгілерді жазу.

  2. Сөз тіркесіне көркем әдебиеттен мысалдар келтіру.



Пайдаланылатын әдебиеттер.

  1. К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы- 2003ж.

  2. Н. Сауранбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлемдер. Алматы- 1991ж.

  3. М. Балақоев. Т. Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы- 1974ж.



14-.Лекция

Тақырыбы: Сөйлем.

Жоспар:


  1. Сөйлем ж\е оған тән басты белгілер.

  2. Сөйлемнің түрлері.

  3. Сөйлеммен байымдау.

Сөйлем-ең басты тілдік единициналдың бірі. Ол өзімен сырттай ұқсас

тілдік басқа құбылыстардан ең алдымен коммуникативті қызметі яғни шындық болмыстың әйтеуір бір бөлшнгі жайында хабар беру қызыметі жағынан ажыратылады.Демек, сөйлем толық коммуникативті қызыметі бар синтаксистік еденица бір деме жайында хабарлау қызыметі она синтаксистік басқа құбылыстардан мысалы, сөз тіркесінен ажырататын белгі ретінде қаратылады. 1)Жер жыртылады дегенмен 2)жер жырту деген мысалдарды салыстырудан мынаны көруге болады.1) сөйлемде, 2)сөз тіркесі. Сөйлем-құрылымдық үлгісі басқа синтаксистік канструкциялардан, мысалы, сөз тіркесіен өзгеше болады.Сөйлемнің құрылымдық үлгісі оның дербес еденица ретінде,атап айтқанда,сөйлемнің дербестігін бар бөлшегі ретінде, қызымет атқаруына мүмкіндік береді.Тілдік еденица ретіндегі сөйлемге дербес қолдануға мүмкіндік беретін құрылымдық үлгі-бастауыш-баяндауыштың құрылымдық үлгісі.Бастауыш-баяндауыштық құрылым –синтаксистік басқа канструкцияларға емес, сөйлемге коммуникативті қасиетімен, яғни бірдеме жайында хабар беру қызыметімен сипатталатын синтаксистік еденица.

  1. Сөйлем- коммуникативті қызыметімен, яғни шындық болмыстың бір бөлщегі жайында хабар беретін қызыметімен, сипатталатын синтаксистік еденица.

  2. Сөздің де, сөз тіркесініңде де қызыметі-моминативті қызымет болса, сөйлемнің қызыметі- коммуникативті қызымет.

  3. Сөйлемнің құрылымдық үлгісі бастауыш-баяндауыштық үлгісі. Бастауыш-баяндауыштың құрылым –синтаксистік басқа канструкцияларға емес- сөйлемге ғана тән.

  4. Сөйлемге тән белгілердің бірі- интонация. Сөйлем тілдік басқа құбылыстардан интонациялық белгісі жағынан да ажыртылады.

  5. Сөйлем объективтілік модальдік котегориясы, синтаксистік шақ ж\е рай котегорияларымен ж\е осы котегорияларды білдіретін құралдардың жүйеімен сипатталады.

  6. Прдикативтілік - әрбір сөйлемге тән басты белгі. Прдикативтік сөйлемнің грамматикалық мағанасы ретінде танылады.

  7. Сөйлемде объективті- модальдык мағанадан басқа субъективі

модальдылық мағана да болады. Субъективті – модальдык мағананың қатарына күшейту мен әсерлеу, құптау мен жақтырмау, сену мен күдіктену ж\е т.б осылар тәріздес мағаналар енеді. Субъективті – модальдык мағана алуан түрлі құрал тәсілдер, атап айтқанда, интонация тәслі, әр түрлі тұрғыдан қарастырылады да, осыған орай, оларға түрліше классификация жасалады.

Хабардың мақсатына қарай сөйлемдер 2 топқа бөлінеді:1- хабарлы

сөйлем, 2- сұраулы сөйлем.

Сөйлемдер өзін құрастырушы сыңарлардың сипатына қарай жай сөйлем ж\е құрмалас сөйлем болып 2 топқа бөлінеді.Жай сөйлем сөздерден, сөздердің формулаларынан жасалса, яғни жай сөйлемді құрастырушы сыңарлар сөздермен сөз формулалары болса, құрмалас сөйлем жай сөйлемдерге тән қасиеті бар сыңарлардан жасалады.

Жай сөйлемнің 2 түрлі құрылымдық үлгісі бар:оның бірі- екі құрамды

үлгі, екіншісі – бір құрамды үлгі. Екі құрамды сөйлемнің құрылымдық үлгісі бір ғана бас мүшеден құралады.Мұндай бос мүше бір компонентті де, екі компонентті де болуы мүмкін.

Мысалы:1)Түн. Вокзал. Өрт! Ж\е т.б 2)Мыңдаған жүргіншілер.Сіркіреген жауын.

Құрмалас сөйлем жай сөйлемнен өзін құрастырушы компоненттердің табиғаты мен сипаты жағынан ажыратылады.Жай сөйлем сөзжердің формаларынан, олардың тіркесінен құралса құрмалас сөйлем жай сөйлемге тән қасиеттері бар компоненттерден құралады.

Құрмалас сөйлемді құрастырушы компоненттер прдикативтілік котегорияға ие болды.

Құрмалас сөйлемді компоненттерінің арасындағы байланыс салалас байланыс ж\е бағыныңқы байланыс түрінде болуы мүмкін. Осыған орай құрмалас сөйлемдер салалас құрмалас сөйлем ж\е сабақтас құрмалас сөйлем болып екі топқа бөлінеді.

Сабақтас құрмалас сөйлем деп құрастырушы компоненттері салаласа байланысқан

сөйлемді айтамыз.Салалас құрмалас сөйлем іштей ашық құрылымды ж\е жабық құрылымды салалас сөйлемдер болып бөлінеді.

Сабақтас құрмалас сөйлем деп құрамындағы компоненттерінің бірі екіншісіне бағына байлансқан сөйлемді айтамыз. Мысалы:Күштілермен сөз айтыса, бас изеимін шыбындап.(Абай). Әдейі барған жұмысы көңілдегідей аяқталған соң Ыбырай мақтанғандай болып қалды (С.Мұханов)

Сөйлем қатынас жасаудың негізгі формасы ретінде жұмсалады.Сөйлем ойды айтып берудің ж\е хабарлаудың негізгі құралы ретінде пайымдаумен тығыз байланыста болады.Сөйлем байымдаудың тікелей шындығы, байымдауды айтып берудің құралы. Бірақ бұдан сөйлем тек даяр тұрған байымдауды ғана білдіреді байымдаудың жасалу процесі сөйлемнің жасалу процесіне тыс болады екен деген ұғым тумасқа тиісті.Шындығында байымдаудың жасалу процесі сөйлемнің жасалу процесцмен қатар, бір мезетте іске асады.

Сөйлем мен байымдау бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ ол байланыс өте-мөте күрделі байланыс. Бұлардың арасындағы байланыс пен айырмашылықты жете түсіну үшін байымдау мен сөйлемнің әрқайсысына тән белгілердің ж\е олардың әрқайсысының құрылымдық ерекшеліктерін айқындап айту қажет.

Сөйлем – байымдауда логикалық субъект пен предикаттың қатынасынан көрінетін прдикативтілік пен екі құрамды сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың қарым-қатынасынан көрінетін ж\е сөйлемнің ретіндегі баяндауышты сипаттайтын синтаксистік категория- баяндауыштық бір емес .

Прдикативтіліктің баяндауыштықтан айырмасы сол, ол сөйлемнің шындық болмысқа қатысын сипаттайды; прдикативтілік сөйлемнің бір ғана мүшесінің, мысалы, баяндауыштың емес, бүтіндей сөйлемнің қасиеті болып саналады.

“Бастауыш немесе бастауыштың тобы логикалық субъектіні, ал баяндауыш немесе баяндауыштың тобы логикалық предикатты білдіргенде ғана, баяндауыштық пен предикативтілік бір-бірімен сәйкес келеді.

Сөйлем байымдауды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге айтылған ойға, берілген хабарға адамның қатысын, алуан түрлі эмоциясын да білдіреді


Тапсырмалар:

1. Сөйлемге тән басты белгілерді жатқа айту

2. Дәрісханалық сабақ бойынша конспект жазу

3. Сөйлеммен байымдауды ажырату


Негізгі әдебиеттер:

1. К. Аханов Тіл білімінің негіздері А-2002

2. А. Ысқақов қазіргі қазақ тілі А-1999

15-Лекция



Тықырыбы: Жазу және оның даму кезеңдері.

Жоспар:

  1. Жазу және жазба тіл.

  2. Алфавить, Графика, Орфографія.


Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазіргі

жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық үлкен мәні бар.

Қазір де біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша тіл де әріптердің тіркесімен белгіленуі деп. түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып кеді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.

Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар

бүтіндей сөзді, не буынды, немесе дыбысты белгілейді. Әрбір жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай, жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады: 1) Пиктографиялық жазу, 2) Идеографиялық жазу, 3) Буын жазуы (слоговое письмо), 4) Әріптік немесе дыбыстық жазу. Енді осылардың әрқайсысына арнайы тоқталайық.

Бұл – жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу- суретке

негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы (рисуночное письмо) деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары (суреттері) пиктограммалар деп аталады. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Әрбір сурет (пиктограмма) өздігінен бүтіндей хабарды (сообщение) білдіре алады.

Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық

жазу пайда болады. Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталады. Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болады және пиктограммалардан пайда болған идеограммалардың алғашында пәлендей айырмашылығы да болмады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырында олар (идеограммалар) белгіленетін заттың сыртқы формасында дәлме- дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастаған. Идеографияның пиктографядан ең бастр айырмашылығы таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. Идеографиялық таңба (идеограмма) не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін (мысалы, қытай тілінде бір буынды сөздерден құралған күрделі түбір морфемаларды немесе жапон және корей тілдеріндегі громатикалық жақтан өзгеретін сөздердің негіздерін) белгілейді.


Идеографиялық жазудың үлгілерін өте ертедегі қтыай жазуы мен шумер жазуынан (древнейшее шумерское письмо) көруге болады. Қытай жазуының идеографиялық жүйесі осыдан төрт мың жыл бұрын жасалған болатын. Қытайдың жазу жүйесі әрбір таңбаның дыбыстық тілдегі белгілі бір сөзге сәйкес келіп, соған телінуіне негізделген. Қытай жазуындағы таңбалар біртіндеп өзгеріп, жетіліп, белгілейтін заттар мен құбылыстардың шартты таңбаларына айналған.

Жазудың буын жүйесі шығу тегі жағынан да үш топқа бөлінеді.

1) Логографиялық жазудың даму барысында жасалған крит, майя, кипр буын жазулары.

2) Эфиопия, индия (брахма, кхарошти және осылардан жасалған жазулар) буын жазулары.

3) Жапон буын жазуы (жапондық кана) мен лигатуралы- дыбыстық жазу жүйесі (корейлік кунмун).

Әріп жазу буын жүйелі жазудан кейін пайда болады. Таза күйінде

консонантты – дыбыстық жазу II-мың жылдықтың екінші жартынсында пайда болса,вокалданған-дыбыстық жазу(вокализованно-звуковое письмо) Біздің дәуіріміздің І мың жылдығының басында пайда болған.

Әріп жазуының пайда болуының дүнйе жүзілік мәдениеттің даму

үшін үлкен маңызы болды.Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы- ең қолайлы жазу.Әртүрлі тілдерді бубн саны мен сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз.Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін,әдетте,20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді,сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы – сөздерді ғана емес,сонымен бірге,олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларында дәлме-дәл белгілеу үшін өте-мөте қолайлы жазу.

Әдетте,сөз құрамында айтылатын тіл дыбыстарының жазба тілде қағаз

бетіне түсіп жазылуы және соған орай оқылуы үшін олардың белгілі бір таңбалармен белгіленуі шарт.Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңба-әріптермен таңбаланады.Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталады.

Ал графика дегеннен белгілі бір тілдегі фонемаларды және олардың

тіркесін белгілеу тәсілдерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Л.В Щерба графиканы <<алфавиттің ережелері (қағидалары)>> деп атайды.


Тапсырмалар.

1.Дәрісханалық сабақ бойынша конспект жазу.

2.Жазудың түрлеріне тоқталу.


Пайдаланатын әдебиеттер.

1.К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы 2002

2.Ө. Айтбаев Қазақ теминалогиасының қалыптасуымен дамуы


16-.Лекция


Тақырыбы: Терминдер мен Терминология

Мақсаты: Алуан түрлі салаларда қолданылатын терминдер мен терминологияның маңызын оқып үйрену.

Жоспары:


  1. Терминдер мен терминология

  2. Терминдердің жасалу жолдары.

Тіл-тілдің лексикасында ғылым мен техниканың алуан түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздер бар. Олар терминдер деп аталады. Терминдер дара және көп мағыналы болып келеді. Дара мағыналыболу – терминдерге тән басты қасиет. Мысалы, афоринат, аффикс, артикль, артикулляция агглютинация деген терминдер қандай бір котексте қолданылсын, олардың әрқайсысы өзіне тән негізгі бір ғана мағынасында ұғынылады. Терминдердің көп мағыналы болып келуі – оның кемшілігі. Егер белгілі бір термин көп мағыналы болса, ондакейде қате түсінік тууы мүмкін. Өндіріс пен техниканың, ғылым мен өнердің, саясат пен дипломатияның және тағы басқалардың әр саласынан тән терминдердің жиынтығы терминология деп аталады.

Терминдердің ішіндегі тек бір саладағы терминологяға қатысты терминдер де, әр басқа терминологияға бірдей қатысты терминдер де кездеседі. Мысалы, Метатеда, флекция, аффикс, префикс, идиана деген терминдер тек лингвистикада ғана қолданылады.

Терминдер әр түрлі жолдармен жасалады.

1). Әдеби тілде бұрыннан бар кейбір топ сөздер терминдік мағына алып, белгілібір саланың терминологиясына иеленеді де, сонда әбден орнығып қалыптасады. Мысалы, қазақ тіліндегі айналым, қосымша құн, жаратылыстану, өндіргіш күштер, нұсқау, үстеу екпін, тырнақша т.б. сөздер білімнің әр саласында қолданылатын термин сөздерге айналып, қалыптасып кетті.

2). Ғылым мен техниканың алуан түрлі салаларына қатысты терминдердің ішінде дүние жүзіндегі тілдердің бәріне бірдей ортақ көптеген терминдер бар. Барлық тілдерге ортақ көптеген терминдер сөздердің халықаралық қоры болып саналады да интернациональдық терминдер деп аталады. Мысалы,демократия, революция, конститутция, изотерма, циклон, меридиан т.б.


Тапсырмалар:

1.Тақырыпқа қажеттті анықтаманы жатқа айту

2.7-дәрісханалық сабақ бойынша конспектілеу


Пайдаланылатын әдебиеттер.

  1. К.Аханов. Тіл білімінің негіздері А-2002ж.

  2. Ө. Айтбаев. Қазақ терминалогиясының қалыптасуы мен даму А-1988ж.



17-лекция


Тақырыбы:Тілдің классификациасы.

Жоспары:

1.Тілдерді зерттеудің салыстырмалы – тарихи методы.

2.Тілдердің генологиалық классификациасы.

3.Тілдердің типологиялық классификациясы.

Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдер екі түрлі тұрғыдан:1)Тілдік материалдың(түбірлер мен аффикстердің және сөздердің) бірлігі, яғыни шығу тегінің бірлігі тұрғысынан,2)Шығу тегіне баланыстырылма,құрлысымен типінің, ең алдымен, грамматикалық құрылысының, ыңғайластығы, ұқсастығы тұрғысынан топтастыоылады. Топтастырудың бірінші түрі тілдердің генеологиялық классификациясы делініп, екінші түрі тілдердің типалогиялық (немесе формолргиялық ) классификациясы делініп аталады. Енді осы топтастырулардың әрқайсысына арнайы тоқталайық.

Әр түрлі тілдірдің өз ара бір- бірімен туыстығы, туыстас тілдердің

топтары дүнйе жүзіндегі тілдерді тарихи және салыстыра зерттеудің нәтйжесінде, салыстырмалы- тарихи методты пайдалана білудің арқасында ғана айқындалады. Атап айтқанда, роман тілдері, Герман тілдері, иран тілдері, түркі тілдері, финугор тілдері деп. топтастыру және дүние жүзіндегі басқа да тілдерді әр түрлі топтарға бөліп жіктеу салыстыра зерттеудің нәтйжесінде ғана іске асты.

Ең алдымен салыстырмалы- тарихи метод тілдердің адам баласт тілінің

шығу процесінен бастап түрлі- түрлі болу фактісіне, яғни сол кездің өзінде әр түрлі тілдердің өзіне сай әр түрлі сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысының жасалу фактісіне негізделеді. Демен, салыстырмалы- тарихи метод ең алғаш жасалынған көптеген тілдерде белгілі бір зат немесе құбылыс әр түрлі лексикалық ата улар мен (сөздермен) аталғанын, біркелкі грамматикалық категориялардың түрлі-түрлі формаға ие болып, әр түрлі грамматикалық тәсілдермен берілгенін

негід етіп, соған сүйенеді.

Генеалогиялық классификация бойынша дүнйе жүзіндегі тіл дер тілі білім інде былайша топтастырылады.

Үндіевропа тілдердің құрамына туыстыс тілдердің төменгі топтары мен жеке тіл де енеді.

Индия тобі. Бұл топқа мына тілдер енеді: бенгалки тілі (Индия мен Пакистанда), маратхи тілі (Индияда), пенджаби тілі (Индия мен Пакистанда).

Иран тобы. Бұл топқа мына тіл дер енеді: фарсы тілі (Иранның мемлекет тілі, жазуы араб алфавитіне негізделген), пушту (пошта) тілі (Ауғаныстанның мемлекет тілі).

Славян тобы. Тілдердің славян өз ішінде кіші үш топқа бөлінеді. Шығыс славян тобы енетін тілдер. Оңтүстік славян тобі енетін тілдер.

Балтық тобы. Бұл топқа енетін тілдер: литва тілі (Литвада, Америка Құрама Штаттарында), латыш тілі (Латвияда), прус тілі (өлі тілі).

Роман тобы: Бұл топқа енетін тілдер: француз тілі (жазу латин алфвитіне негізделген; Францияда Алжир және Америка Құрама Штаттарында). Типалогиялық тұрғыдан мынадай типтерге ажратуға болады.

Даралаушы тип. Даралаушы тілдердің (изолирующие языки) қатарына

веьтнам тілі, қытай тілі, бирма тілі, таи тілі, тибет тілі, малайя- полинезей тілдері және Африканың кейбір тілдері енеді. Даралаушы тілдерде сөздер түрлене бермейді, сөз таптарының формалық жақтан жігі ашық- айқын емес. Сөздің құрамына бір буынды омонимдес сөздер өте мол, олар бір- бірінен музыкальды екпін арқылы ажыратылады. Синтаксистік тәсілдердің ішінде қабысу негізгі тәсіл ретінде қызмет атқарады, қиысу тәсілі ұшырамайды. Синтаксистік қатынастар даралаушы тілдерде сөздердің орын тәртібі, көмекші сөздер және интонация арқылы беріледі. Сөз тудырудың ең басты тәсілі ретінде біріктіру тәсілі қолданылады.

Полесинтетикалық тип . Полесинтетикалық тілдердің қатарына

америкалық индеецтердің тілдері, полеозият тілдері (ительмен тілі, чукот тілі, коряк тілі, нивх тілі, юкагир тілі және т.б.) жатады.

Агглютинативті тип. Агглютинативті тілдердің қатарына түркі тілдері, монғол тілдері, угро- фин тілдері және т.б. тіл дер жатады.

Флективті тип. Флективті тілдердің қатарына орыс тілі, неміс тілі, грек тілі, араб тілі және т.б. тілдер енеді.


Тапсырмалар.


  1. Дәрісханалық сабақ бойынша конспект жасау.

  2. Тіл туралы пікірлер


Пайдаланылатын әдебиеттер.


  1. К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы – 2002ж.

  2. Ә. Хайдар. Қазақ тілінің өзекті мәселесі. Алмати- 1998ж.

  3. Т. Қордабаев. Тюркология және қазақ тіл білімі. 1998ж.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


“Сырдария” университеті




“Филология ” факультеті


“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы


“Тіл біліміне кіріспе” пәні бойынша 050117 мамндығының студенттері үшін


СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Лекция: 34 сағат iconЛекция практика
Жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарына арналған биология қолданбалы курсы бағдарламасының көлемі жылына 34 сағат, аптасына...
Лекция: 34 сағат iconЛекция 30 сағат Семинар 15 сағат Ағымдық бақылау саны 2 соөЖ (аудиторлық) сағат 45 Барлық аудиторлық сағат саны 90 Өскемен, 2010 Пәннің аты және коды : ba442 «Биржалық іс»
Хурмет Жигер, экономика магистрі, «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушысы, жұмыс өтілі – 2 жыл, №9 оқу ғимараты, «Қаржы және есеп»,...
Лекция: 34 сағат icon«Сырдария» университеті «Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне 5-семестрде «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәніне оқу...
Лекция: 34 сағат icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Морфология» пәні бойынша
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне 5-семестрде «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәніне оқу...
Лекция: 34 сағат iconЛекция: 15 сағат
Лекция сабақтарының мазмұны Семинар сабақтарының жоспары
Лекция: 34 сағат icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне 5-семестрде «Қазақтілін оқыту әдістемесі» пәніне оқу жоспарына...
Лекция: 34 сағат iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Кредит саны: 2 (аптасына аудиториялық сағаттар саны: 2 сағат лекция сағаты және 2 сағат соөЖ сағаты)
Лекция: 34 сағат iconЛекция 3 0 сағат

Лекция: 34 сағат iconЛекция: 30 сағат

Лекция: 34 сағат iconЛекция: 8 сағат

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница