Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы




НазваниеШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
страница1/8
Дата конвертации10.02.2016
Размер0.67 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.agro.vko.gov.kz/kz/files/program_01.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі


Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын

дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған

бағдарламасы


(Агроөнеркәсіптік кешені)


Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-IV шешімімен бекітілген.


Өскемен қ. 2010 жыл


2.2.1.2 Агроөнеркәсіп кешені

Облыс экономикасын дамытуда агроөнеркәсіп кешені маңызды рөл атқарады. Онда біршама әлеуетті экономика топтасқан. Оның дамуы облыстың және республиканың азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтайды. Облыс ішіндегі жалпы өнімнің 10%-ы аграрлық сектордың үлесіне тиесілі болып отыр.

Облыстың ауыл шаруашылығы саласы негізінен мал шаруашылығына және өсімдік шаруашылығына негізделген. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінде мал шаруашылығының өнімі 60%-ын құрайды.

Мал шаруашылығы көпсалалығымен ерекшеленеді. Табиғи-климаттық жағдайларға және шаруашылық жұмыстарға байланысты облыста сүт және ет, биязы жүнді, қылшық жүнді қой шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, құс шаруашылығы, марал және бұғы шаруашылығы, омарта шаруашылығы, түйе шаруашылығы дамыған. Марал және бұғы шаруашылығын дамыту, панты өнімдерін өндіру бойынша облыс монополист болып табылады.

Қой шаруашылығы мен жылқы шаруашылығы белсенді дамып келе жатқаны байқалады. Соңғы бес жылда олардың өсімі 40% болды. Сүт және ет бағытындағы мал шаруашылығының дамуы баяу, ірі қара мал саны бес жылда 10,8% ғана артты. Шошқа шаруашылығында үрдіс орнықты емес: жылдар бойынша мал басының өсімі бірде артып, бірде азайып отыр. Ол мал азығының тапшылығы және өнімнің сұранысқа ие болу деңгейіне де байланысты. Құс шаруашылығы негізінен облыстағы құс фабрикаларының есебінен дамып отыр, онда жалпы облыс бойынша құстың төрттен үш бөлігі ұсталады.

Мал табынында негізгі үлесті (53,4%) ірі қара малы алып отыр. Біршама бөлігін жылқы (17,4%) және қой мен ешкі (20,2%) алады.

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінде өсімдік шаруашылығы 40% құрайды. өсімдік шаруашылығы өнімдері облыста 6 егіншілік аймақта өсіріледі.

Егіс алқаптары негізінен тәлімі жерлерде орналасқан. Онда дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар өсіріледі.

Ауылшаруашылық дақылдарының егіс алқаптары құрылымының негізгі үлесін барлық санаттағы шаруашылықтарда дәнді дақылдар (50,1%) және майлы дақылдар (31,1%) құрайды, дәнді дақылдардың егіс алқабы құрылымында 70% бидай алады. Қалған бөлігі мал азықтық дақылдарға (15,8%), картоп (2,1%) және бақшалық дақылдарға (0,9%) тиесілі.

Облыс республикадағы күнбағыс дәнін негізгі өндіруші болып табылады. Рсепубликада өндірілетін күнбағыс дәнінің 60% біздің облыста өндіріледі.

2005-2009 жылдары ауылшаруашылық өнімін өндіру көлемі 98,5-тен 165 млрд. теңгеге немесе 1,7 есе дерлік артты. Нақты көлем индексінің 2005-2009 жылдардағы даму серпіні 6-кестеде көрсетілген.

6-кесте

Нақты көлем индексінің 2005-2009 жылдардағы даму серпіні


Көрсеткіштер/жылдар /

2007

2008

2009

Нақты көлем индексі

105,5

88,6

128,7

оның ішінде өсімдік шаруашылығы

109,6

67,3

180,6

мал шаруашылығы

103,3

102,0

101,7


Мал шаруашылығы серпінді дамып келеді. Соңғы үш жылда барлық санаттағы шаруашылықтарда ірі қара малы 2,4%-ға өсіп, 782,6 бас болды, қой мен ешкі 10,9% өсіп, 2278,8 бас болды. 2009 жылы облыстың 19 аймағының 16-да әр шартты басқа шаққанда мал мен құс саны артты.

2007 жылмен салыстырғанда ет өндіру көлемі 5,8%, сүт - 3,1%, жүн - 15,3 % артты.

Мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемі бойынша облыс республикада жетекші орындардың бірін алып отыр. 2009 жылы сүт және бал өндіруден облыс республикада - бірінші, ет өндіруден - үшінші, жүннен – төртінші, жұмыртқа өндіруден бесінші орын алды. Жалпы республикада малшаруашылық өнімін өндіру көлемінде облыстың үлесі 12,6% және үшінші орында тұр.


Нақты көлем индексінің 2007-2009 жылдардағы даму серпіні





Барлық санаттағы шаруашылықтарда ірі қара малы 6,5%, қой мен ешкі 29,3%, жылқы 131,5% және құс 11,2% артты.


2005–2009 жылдары мал бас санының өзгеру серпіні



2009 жылы мал және құс саны шартты бірлікке шаққанда облыстың 19 аймағының 16-да өсті. Барынша өсу қарқыны (7%-ден артық) Глубокое және Үржар аудандарында, Курчатов қаласында болды. Аягөз, Бородулиха, Зайсан, Тарбағатай аудандарында және Курчатов қаласында мал мен құстың барлық түрі, Абай ауданында барлық мал түрлерінің саны артты.

2010 жылдың басында малдың ең көп бөлігі Аягөз (облыстағы мал табынының 9%), Үржар (9,4%), Тарбағатай (12,5%) аудандарында және Семей қаласында (8,1%) ұсталды.


2005-2009 жылдарда мал шаруашылығы өнімін өндіру

көлемінің өзгеру серпіні


Рис. 17

Сүтті мал шаруашылығы облыстың ірі қалалары төңірегінде орналасқан сүт белдеулеріне кіретін аудандардың шаруашылықтарында барынша дамыған. Олар - Глубокое, Ұлан, Шемонаиха, Зырян, Бородулиха, Бесқарағай аудандары.

Сүт өнімділігі бойынша жоғары көрсеткіштерге Глубокое ауданында қол жеткізілді, онда 1 сауын сиырдан бір жылда алынатын сүт 3780 кг, Шемонаиха - 3533 кг, Бородулиха - 3143 кг құрайды.

Тауарлы сүттің барынша көп бөлігі Шемонаиха ауданында өндіріледі (жалпы сүт көлеміндегі үлесі - 58%), Зырян (29%), Ұлан (27,8%) аудандарында және Семей қаласында (32,4%).

Басқа аудандарда ұсақ тауарлы өндіріс дамыған, онда сүттің 82% тұрғындар ауласында өндіріледі. Бұл аудандарда сүтті қайта өңдеу дамымаған.

Облыста панты өндіретін бұғы шаруашылығы бар. Соңғы жылдары марал мен бұғылар саны 10-11 мың басты құрап отыр. Аталған кәсіппен облыстың 7 аймағы: Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Күршім, Ұлан аудандары және Өскемен қаласы айналысады. Марал мен бұғының жартысынан астамы Катонқарағай ауданында бағылады.

Аралар жұқпалы ауруларға төзімсіз болғандықтан бал ара ұяларыының саны тұрақты емес. Бал ара ұяларының сақталуына климаттық жағдайлар да әсерін тигізеді. Соңғы бес жылда бал ара ұяларының саны 33,2-ден 40,3 мыңға дейін болды.

Сүтті мал шаруашылығының өнімділігін көтеруге жақсы ұйымдастырылған мал тұқымын асылдандыру жұмысы да оң ықпал етеді. Ол ең алдымен Шемонаиха ауданына қатысты, онда асыл тұқымды малдың жалпы мал табыны құрылымындағы үлесі 44,5%.

Семей және Өскемен қалаларында, Бесқарағай ауданында осы уақытқа дейін асыл тұқымды мал табыны жоқ.

Етті мал шаруашылығының дамуына жасалған талдау, облыстың көптеген аудандарында бұл сала экстенсивті тәсілмен немесе өнімділік жағынан емес, мал санының артуы есебінен дамып отырғанын көрсетті.

Етті бағыттағы асыл тұқымды табынның жоқтығы Катонқарағай, Аягөз, Күршім, Зайсан аудандарында ет өндіру көлемінің өспеуіне ықпал етіп отыр. Тарбағатай, Абай аудандары және Семей қаласында асыл тұқымды шаруашылық бір-бірден ғана бар.

Қой еті негізінен облыстың оңтүстік аудандарында өндіріледі. Оның ішінде Тарбағатай - 2,8 мың тонна, Аягөз – 2,5 мың тонна, Абай – 2,1 мың тонна, Жарма - 1,8 мың тонна, Үржар– 1,8 мың тонна.

Етті мал шаруашылығындағы сияқты қой шаруашылығында да мал тұқымын асылдандыру жұмысы жеткілікті жүргізілмейді. Катонқарағай ауданының жалпы мал табыны құрылымында небары 2,9% асыл тұқымды қой, Көкпектіде - 1,8 %, Зайсанда - 1,6%, Күршімде – 2,3%. Бесқарағай және Үржар аудандарында шаруашылықтарында асыл тұқымды қой жоқ.

Жұмыртқа өндірумен облыстағы 2 ірі құс фабрикасы айналысады: Семей қаласындағы «Семей Құс» АҚ, Глубокое ауданының «Черемшанская птицефабрика плюс» ЖШС. Биылғы жылы құсты ұстау және азықтандыру режимінің бұзылуы салдарынан «Черемшанская птицефабрика плюс» ЖШС-да жұмыртқа өндіру төмендеп кетті.

Облыс бойынша алынған жалпы өнім көлемі облыс халқын мал шаруашылығы өнімімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығы өнімін өндіруді арттыруға осы саланы қаржылай қолдау, қосымша мал бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды шаруашылықтар құру, қатты және құнарлы жем дайындау ықпал етті.


6 кесте

2005–2009 жылдары мал шаруашылығын дамытудың

негізгі көрсеткіштерінің өзгеру серпіні


Көрсеткіштер атауы

2006ж.

% алдағы жылға

2007ж.

% алдағы жылға

2008ж.

% алдағы жылға

2009ж.

% алдағы жылға

Мал басы (мың бас):

























МІҚ

757,6

103,1

764,1

100,9

765,6

100,2

782,6

102,2

қой мен ешкі

1920,3

108,9

2055,1

107,0

2173,3

105,8

2278,8

104,9

Жылқы

160,4

107,1

171,7

107,0

184,1

107,2

196,9

107,0

Шошқа

116

111,2

114,5

98,7

90,8

79,3

87,4

96,3

Бұғы

11,5

101,8

12,8

111,3

10,8

84,4

10,4

96,3

Құс

2983,2

103,7

3355,1

112,5

3231,3

96,3

3198,8

99,0

Мал басының өнімділігі:

























1 сауын сиырдан сауылған сүт, кг

2105

102,9

2108

100,1

2109

100,0

2126

100,8

1 қойдан қырқылған жүн, кг

2,5

96,2

2,5

100,0

2,5

100,0

2,5

100,0

100 аналықтан алынған төл:

























бұзау, бас

86

103,6

84

97,7

85

101,2

86

101,2

қозы, бас

97

101,0

97

100,0

96

99,0

96

100,0

құлын, бас

89

104,7

87

97,8

86

98,9

86

100,0

торай, бас

1051

122,5

954

90,8

988

103,6

1144

115,8

Өнім өндіру, мың тонна

























ет тірі салмақта

174,3

108,2

186,5

107,0

194,5

104,3

197,2

101,4

ет, барлығы сойылған салмақта

99,9

109,4

106,9

107,0

110,6

103,5

112,5

101,7

с.і.: сиыр еті

51,5

111,2

52,5

101,9

55,2

105,1

54,1

98,0

қой еті

16,9

113,4

18,5

109,5

19,8

107,0

20,9

105,6

Шошқа еті

9

92,8

9,8

108,9

10,2

104,1

9,2

90,2

Сүт

660,8

104,1

675,8

102,3

678,2

100,4

697,9

102,9

Жұмырытқа, млн. дана

282,4

100,6

308,4

109,2

309,9

100,5

305,4

98,5

жүн, тонна

3431,8

98,2

3900

113,6

4152,1

106,5

4522,1

108,9


2008-2009 жылдары мал шаруашылығы саласын қолдау және дамытуға республикалық бюджеттен 2,3 және 2,6 млрд. теңге субсидия бөлініп, игерілді, 2005 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға ғана республикалық бюджеттен 88 млн. теңге бөлінген болатын.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста 192 мал бордақылау алаңы және 52 сүт-тауарлы ферма құрылды. Бұл нысандардың барлығы 2006-2009 жылдары құрылды.

Асыл тұқымды шаруашылықтардың саны 5 жыл ішінде 78 бірлікке артып, 112 бірлікті құрады.

Өсімдік шаруашылығында егістіктерді кеңейту шаралары жүргізілді. Ауылшаруашылық жерлердің жалпы аумағы 2009 жылғы 1 қарашада 22661,6 мың. га немесе жалпы жер аумағының 79,9% құрады.

Ауылшаруашылық жерлердің жалпы құрылымында егістіктің үлесі – 1254,9 мың га (ауылшаруашылық жерлердің жалпы аумағының 5,5%), көпжылдық көшеттер – 5,8 мың га (0,03%), тың жерлер – 373 мың га (1,6 %), шабындық – 1056,9 мың га (4,7 %), жайылым – 19960,3 мың га (88,1 %).

Шаруашылықтарға бекітіліп берілген ауылшаруашылық мақсаттағы қолда бар егістік жерлер мен тың жерлерге жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы облыстағы егістік жер аумағы 55,4 мың га артты. Егістік жер әсіресе Бородулиха ауданында кеңейген.

2005-2009 жылдары ауылшаруашылық дақылдарының егістігі 113,7 мың гектарға немесе 11,2% арттырылды.

Ауылшаруашылық дақылдарының егістігі құрылымында дәнді дақылдар 50-55% құрайды, бұл 2009 жылы 567 мың га болды. Бородулиха, Шемонаиха, Глубокое, Көкпекті, Ұлан және Үрджар сияқты негізгі астық өсіруші аудандардың үлесіне 83 % дәнді дақылдар аумағы кіреді.

Барлық дәнді дақылдардың ішіндегі басым дақыл болып отырған бидай, 397,7 мың га немесе 73%. Арпа 17,4%, қарақұмық – 5,3%, сұлы – 2,7%, дәнді бұршақ -2%.

Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Күршім және Тарбағатай аудандарының егістік жерлерінде қарашірік аз және топырақтың бонитет балы төмен болғандықтан өздерінің астыққа сұранысын қанағаттандыра алмайды. Аталған аудандарда азық-түлік астығының тапшылығы облыстың астық өсіруші басқа аудандарының есебінен жабылады.

Облыс бойынша дәнді дақылдар егістігінің аумағы 5 жылда 2005 жылғы 264,6 мың гектардан году до 304,8 мың га в 2009 году или на 15%.

Күнбағыс дәнін өсірумен айналысатын негізгі аудандар - Бородулиха (69,2 мың га), Глубокое (25,9 мың га), Зырян (19,8 мың га), Катонқарағай (17,0 мың га), Көкпекті (33,3 мың га), Ұлан (18,1 мың га), Үржар (62,6 мың га), Шемонаиха (34,1 мың га) аудандары. Барлық күнбағыс егістігіндегі олардың үлесі 93%. Аталған дақылдың тиімділігі кейбір жылдары 90%-ға дейін жеткен.

Әртүрлі топырақ-климаттық жағдайларға байланысты күнбағыстың өнімділігі облыстың әр ауданында 4 цен/гектардан 14 цен/гектарға дейінгі аралықта болады. Глубокое, Зырян, Шемонаиха аудандарында майлы дақылдар егістігінің әр гектарынан алынатын өнім (12-16 цен/га), Бородулиха, Катоқарағай, Көкпекті, Ұлан және Үржар аудандарына қарағанда (4-6 цен/га) біршама жоғары.

2009 жылы күнбағыс дәнінің тазартылғаннан кейінгі салмақтағы көлемі 190,6 мың тонна, яғни 2005 жылғы деңгейден 21,2 мың тоннааға артық болды. Облыста өндірілетін күнбағыс дәнінің көлемі халықтың күнбағыс майына сұранысын толық қамтамасыз етеді, өнімнің біршама бөлігі (70%-ға дейін) облыстан тысқары жерлерге қайта өңделген түрінде сатылады.

Алайда, соңғы жылдары күнбағыс өсіруге берілетін субсидия мөлшері арттырылғанына байланысты ауылшаруашылық дақылдары егістігін жетілдіру бойынша шаралар жүргізілмей отыр. Облыстың егістік құрылымында күнбағыстың үлесі 30%-ға дейін өсіп, ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйесінің бұзылуынға әкеліп соқты. Айталық, 2009 жылы Үржар ауданында егіс алқабының 45,9%, Көкпекті – 27%, Катонқарағай – 26%, Бородулиха – 25% бөлігіне күнбағыс егілді. Одан басқа, минералдық тыңайтқыштар мен өсімдік қорғау құралдары жеткілікті қолданылмайды. Осы факторлардың барлығы жер құнарының азаюына және өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соғады.

Облыста рапс (0,05 мың га), сафлор (2,4 мың га), қытайбұршақ (1,2 мың га) сияқты майлы дақылдар өсіріледі. Алайда олардың дәнінің құрамында майдың аздығына байланысты облыста аталған дақылдар кең ауқымда пайдаланылмай отыр.

Мал шаруашылығында жеткілікті мал азығының қорын құру мақсатында мал азықтық дақылдар егістігі артып келеді. Талдау жасалып отырған кезең ішінде облыс бойынша мал азықтық дақылдар аумағы 39,4 % артты және 178,8 мың га құрады.

Салада егіншілікті әртараптандыруу жұмыстары басталды және жалғасуда. Егер 2006 жылы ылғал ресурстарын сақтау технологиясы 4 мың гектарда қолданылды, аталған технология 2009 жылы 191,3 мың гектарда қолданылған болатын.

Облыста 205,2 мың га суармалы жер бар. Оның ішінде пайдаланылатыны 65,2 мың га. 2006-2009 жылдары облыс аудандарында су пайдаланушылардың 25 кооперативі құрылды. Алайда бүгінгі күні облыста 140 мың гектар суармалы жер пайдаланылып отыр, оның ішінде су пайдаланушыларда қаражат тапшылығынан 26 мың гектар Күршім, Тарбағатай, Аягөз және Жарма аудандарында, жердің мелиоративтік жағдайының нашарлауынан - 38,2 мың га Үржар, Ұлан, Жарма, Аягөз және Бородулиха аудандарында және қалған аумақ – суару жүйесінің ақаулығынан, қажетті техниканың жоқтығынан және басқа да себептермен.

2009 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын уақтылы және тиімді мерзім ішінде жүргізу үшін облыстың дихандарына 1662 млн. теңге субсидия бөлінді және игерілді, бұл 2005 жылғы қаржыландыру көлемінен біршама артық. 2005 жылы өсімдік саласын қолдауға республикалық және жергілікті бюджеттен 937 млн. теңге қаражат берілді.

2009 жылы қабылданған шаралар және қолайлы ауа райы жағдайы ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары түсім алуға септігін тигізді. Облыс бойынша дәнді дақылдардың түсімі гектарынан 15,9, картоп - 150,6, көкөніс - 229,3, бақшалық дақылдар 202,9 центнер болды. Облыстың тауар өндірушілері 885,3 мың тонна астық, 352,0 мың тонна картоп және 194,9 мың тонна көкөніс, 39,6 мың тонна бақшалық дақылдар, 190,6 мың тонна күнбағыс дәнін жинап алды.

Сонда да саланың жұмыс нәтижесі көп жағдайда табиғи-климаттық жағдайға байланысты. 2008 жылы қатты құрғақшылық салдарынан ерте пісетін майлы және дәнді дақылдар зардап шекті, сол себепті өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі алдыңғы жылдардағыдан біршама төмен болып шықты. Соның салдарына 2008 жылы облыс бойынша 138,5 мың га дәнді дақыл піспей қалды. Бұл жалпы дәнді дақылдар алқабының 23% және 43,6 мың га күнбағыс немесе осы дақылдар егістігінің 17%.

  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы Сессияның №8/104-v шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Туризм
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы №27/336-iv, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде...
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы №27/336-iv, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде...
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconЗайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт
Рақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы...
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 27 сәуiрдегi n 98 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2012 жылғы...
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon«электрондық әкімдігін» қалыптастырудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы өскемен қаласы
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарын ақпараттандыру жөніндегі осы үлгі бағдарлама Қазақстан Республикасында «Электрондық...
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница