Лекция көрнекіліктер мен тірек схемасымен таныстыру




Скачать 206.85 Kb.
НазваниеЛекция көрнекіліктер мен тірек схемасымен таныстыру
Дата конвертации19.09.2012
Размер206.85 Kb.
ТипЛекция
источникhttp://bylym-shyely.narod.ru/bake_portfolio/jana_tehnologia/148bagila_tinisalu.doc
Шиелі аудандық білім бөлімі

№148 қазақ орта мектебі


Тыныс алу жүйесі


Ағыбаева Бағила


2011жыл


Қызылорда облысы, Шиелі аудандық білім бөлімі

әдістемелік кеңесінде қаралып, басып шығаруға ұсынылды


№148 қазақ орта мектебінің биология пәнінің

мұғалімі Ағыбаева Бағиланың

іс-тәжірибесінен әдістемелік құрал ретінде шығарылды.


Бұл әдістемелік құралда жалпы білім беретін мектептегі 8 сыныптарда

биология пәнінен модульдік оқыту технологиясы бойынша

мұғалімнің сабақ өткізу технологиясы жазылған.


Тыныс алу жүйесі


Құрылымы

Сабақ саны

Сабақ түрі мен мазмұны





Кіріспе


1- сабақ

Модуль құрылымымен мақсатымен міндетімен таныстыру.

Лекция көрнекіліктер мен тірек схемасымен таныстыру.

Тірек-сызбаны көшіру дәптерімен жұмыс.

Үйге тапсырма.



5


20

15

5


Диалог

2 - сабақ

Материлды меңгерту ,дамыту.

Оқулықпен жұмыс

Үйге тапсырма



40

5

3 - сабақ

Материалды пысықтау., бекіту

Жұбымен жұмыс.

Қорытындылау. Үйге тапсырма.



40

5

Қорытынды

4 - сабақ

Тест.

Сынақ.

15

30


Оқушы нені білу керек:

Тыныс алу жүйесінің маңызы, құрылысы,қызметі

Тыныс алу механизмін, өкпедегі, ұлпадағы газ алмасу, жүйкелі, гуморальді реттеу.

Темекінің тыныс алуға зияны, тыныс мүшелерінің аурулары

Алғашқы көмек көрсету


Оқушы нені істей білу керек:


Тыныс алу мен тыныс шығарудың механизмін көрсете білуі.

Таблицадан тыныс алу мүшелерін көрсете білу, атай білуі.

Негізгі терминдер мен түсініктер


Мұрын қуысы, кеңірдек, кеңсірік, ауатамыры, дыбыс сіңірлері, дыбыс саңлауы, өкпе сіріқауызы , өкпенің тіршілік сыйымдылығы, спирометр, газ алмасу, туберкулез, өкпе көпіршіктері.


Тыныс алау тарауы бойынша шығармашылық жұмыс тақырыптары.


  1. Темекінің тыныс алу жүйесіне тигізетін әсері.

  2. Ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулар .



КІРІСПЕ БӨЛІМІ.

1 сабақ

Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады яғни оттекті қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі.. Тынысалу тірі ағзаларға тән қасиет.Ағзада оттектің қоры болмайды. Ағза тыныс алғанда оттекті қабылдайды, ыдырау өнімдері ағзадан сыртқа шығарылады. Тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі, ағза мен қоршаған орта арасында газ алмасуды қамта-масыз етеді.

Тынысалу мүшелерінің құрылысы. Тынысалу жүйесіне – мұрын қуысы ,кеңсірік, жұтқын-шақ, көмей, кеңірдек, бронхылар, өкпелер жатады

 Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады..Кеңсіріктегі ауаны кілегейлі қабық-шадан бөлінген заттар ылғалдандырады; капилляр қантамырлары ауаны жылытады; лейкоциттер микробтарды жояды. 

. Мұрын қуысы ішкі танау тесігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Тамақ жұтқыншақтан өңешке, ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тынысалу мү-шелер жүйесіне жатады.

Көмей – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектерден түзілген.. Көмекейдің артқы жағында 3 жұп майда шеміршектер болады. Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан. шеміршектерге бұлшық-еттер бекінеді. Шеміршектердің арасында – 2 дыбыс сіңірлері болады, олар да шеміршекке бе-кінеді. Дыбыс сіңірлері бір-біріне қатарлас жатқан иілгіш, серпімді талшықтардан түзілген. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.Адам дем шығарғанда дыбыс саңылауы тарылып дыбыс шығады. Ер адамда көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм, әйелдердікі 36 мм. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға тіл, ерін, жақ сүйектері қатысады.

Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9–12 см, диаметрі 15–18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бір-бірімен сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады.

Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады. Бронхылар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары брон-хиолдар деп аталады. Бронхиолдардың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршіктерімен (альвеолалармен) аяқталады. диаметрі 0,2–0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасуша-ларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас капилляр қантамырлары торлап жатады.  

Өкпе – кеуде қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпінді, борпылдақ мүше . Оң жақ өкпе3 бөлікке, сол жақ өкпе 2 бөлікте тұрады..Өкпенің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша – өкпе плеврасы қаптайды. Кеуде қуысының ішкі қабырғасы да плеврамен қапталған. Плевра қабаттарының арасында плевра қуысы болады, онда ауа болмайды. Плевра қуысында үйкелісті азайтатын сұйықтық болады.

      

 


 

Тынысалу қозғалыстары. Тынысалу қозғалыстары – тынысалу және тыныс шығару арқылы жүзеге асады. Жаңа туған нәрестенің тынысалу қозғалыстары минутына 60 рет, ересек адамдарда 16–18 рет.Демді ішке алғанда қабырғалар сәл көтеріліп, көкет тегістеледі. Кеуде қуысы кеңейеді Көкет – диафрагма кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұл-шықетті перде. . Тынысалуға көкет пен қабырғааралық бұлшықеттерден басқа кеңірдек пен бронхылардың шеміршек арасындағы бұлшықеттер де қатысады..

Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу. Өкпедегі газ алмасу – тыныс алғанда атмосфералық ауаның құрамында 79% – азот, 21% – оттек, 0,03% – көмірқышқыл газы және т. б. болады. Тыныс шығарғанда оттектің мөлшері азайып (16%), көмірқышқыл газы (4%) көбейеді . Тыныс алу мен тыныс шығару кезінде азоттың мөлшері өзгермейді. Тыныс алу актысы кезінде өкпе көпіршіктерінен оттек қанға, көмірқышқыл газы өкпеге өтеді.Оттекті тасушы – гемоглобин. Өкпеде қан көмірқышқыл газынан тазарып, оттекке қанығады. Оттекке қаныққан қан үлкен қанайналым шеңберімен ағзаның барлық ұлпаларына таралады.

Ұлпалардағы газ алмасу. Ұлпа жасушаларындағы оттектен артерия қанындағы оттектің мөлшері көп болады. Оттек капиллярлардың қабырғаларынан жасушаларға өтеді де, олардың тіршілік әрекеттеріне жұмсалады. Артерия қанымен жасушалардың газ алмасуы диффузия жолымен жүреді. Түзілген көмірқышқыл газы ұлпа жасушаларынан қанға өтіп, артерия қаны вена қанына айналады. Ұлпаларда қан оттекті беріп, көмірқышқыл газына қанығады.

Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – сыртқы (өкпелік), екіншісі – газдардың қан арқылы тасымалдануы, үшіншісі – ішкі (ұлпалық) газ алмасу деп аталады 

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең дем алып, терең дем шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы → тыныстық сыйымдылық (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС=500 мл+1500 мл+1500 мл=3500 мл

Қаншама терең дем шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылығы деп атайды. Сондықтан да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін арнайы құралды спирометр дейді. Неғұрлым өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемі көбірек болса, соғұрлым адамның денсаулығы күшті болады.

Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі.. Сопақша мида тынысалу, тыныс шығару орталығы орналасады Тынысалу орталығы жөтелу, түшкіру сияқты қорғаныш рефлекстерін тудырады.

Гуморальдық реттелу. Адреналин мен тироксин гормондары да тыныс алуды жиілетеді.

Жасанды тыныс алу жолдары. Адам суға кеткенде, ток соққанда, газбен уланғанда есінен танып қалуы мүмкін. 5–7 минут ішінде жүрек пен өкпенің жұмысын қалпына келтіру керек. Жедел жасанды тыныс алдырып, жүрекке массаж жасау қажет

Тынысалу мүшелерінің аурулары және оның гигиенасы. Өкпені жарақаттайтын ауру – туберкулез. Ауырған адам терлегіш, әлсіз, дене қызуы көтеріңкі болады. Тамаққа тәбеті тартпайды, жөтеледі, қан түкіреді.Күтіну шаралары: витаминді, қуатты тамақ ішу; бойды таза ұстау; таза ауада көп серуендеу; дәрігер белгілеген дәрілерді уақытында ішу.

Тұмау – бүкіл ағзаны әлсірететін өте кең тараған қауіпті жұқпалы

Темекі шегудің тыныс мүшелеріне зияны. Темекі түтінінде адам ағзасына зиянды 200-ден астам улы заттар болады.. Темекі түтінінде болатын күйе (сажа) мен қара май (деготь) ұсақ брон-хиолалар мен өкпе көпіршіктерін бітеп тастайды. Темекінің түтініндегі радиоактивті заттар ағзаға жиналады. адамның өкпес. Темекі құрамындағы улы зат – никотин. Ол орталық жүйке жүйесін зақымдайды.

 3. Тірек сызбаны дәптерге жазу. Тірек-сызбаны мұғалім түсіндіреді, оқушылар жазып алады. (5 мин). Содан соң мұғалім тірек-сызбаны түсініп қарауға 3 минут уақыт беріп, 1-2 оқушы қайталайды.

Үйге тапсырма. §41- 43 қайталау тірек-сызбаны жаттау.

Тыныс алу жүйесіне тірек-сызбанұсқа

Тынысалу жолдары .Өкпе мен бронхылардың құрылысы:







1 – мұрын қуысы; 2 – кеңірдек; 3 – оң жақ және сол жақ өкпе; 4 – бронхылар; 5 – көмекей; 6 – бронхиолалар мен өкпе көпіршіктері; 7 – өкпе көпіршігінің құрылысы; 8 – қантамырлар; 9 – өкпе көпіршіктері; 10 – жарып көрсетілген өкпе көпіршіктері; 11 – көпіршіктердегі капиллярлар торы


Тыныс алу жүйесі. Тірек-сызба.


СО2 О2

б
Тыныс алудың маңызы
өліп шығару қанығу







Органикалық

заттардың

тотығуы


зат синтезі

зат тасымалы

Энергия

Жұмыс (механ)

Жылу бөлу

Тыныс алу – О2

Тыныс шығару – СО2 бөліп шығару


Тыныс алу жолы:

Мұрын қуысы


Кеңсірік


Көмей




Кеңірдек


Бронхылар




Бронхиолалар


Өкпе




Өкпе көпіршіктері (альвеола -350 млн)


ӨКПЕДЕ

О2=СО2

Диффузия !


ҰЛПАДА




Тыныс алу жүйесіне тірек-сызбанұсқа

Тынысалу қозғалыстары:





а) ауаның құрамы: 1 – тыныс алғанда; 2 – тыныс шығарғанда; ә) ауа жолының өзгерісі: 1 – ауаның өту жолы; 2 – тамақ жегенде ауа жолының бітелуі; 3 – тамақ түйірінің өңешке өтуі (стрелканың бағыты тамақтың өтуін көрсетеді)

 




 


Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын кеуде (көкірек) қуысындағы бұлшықеттердің қозғалысы:

1 – ауаның өкпеге енуі; 2 – төссүйек; 3 – тыныс алғанда көкеттің тегістелуі; 4 – көкет бұлшықетінің босаңсуы; 5 – тыныс шығарғанда көкеттің күмбезденуі; 6 – көкет бұлшықетінің жиырылуы.

 


 

Дем алып, дем шығарғандағы өкпе көлемінің ұлғайып-кішіреюінің сызбанұсқасы (стрелка ауаның өту бағытын көрсетеді)

 

       

Жасанды тыныс алуда көрсетілетін жәрдем (бағдарша кеуде қуысын қолмен басу бағытын көрсетеді) 


Сөйлесу бөлімі

2 сабақ Өткен сабақты меңгерту, дамыту.

Сабақтың мақсаты: Тарау бойынша алған білімдерін өздігінен оқып,

Меңгеруге, дамытуға ықпал ету.

Шарты: Оқушылар өздігінен кітаппен жұмыс жүргізеді.

  1. Әр оқушыға алдын-ала дайындалған жеке тапсырмалар беріледі.

  2. Дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексереді.

  3. Өзін-өзі бағалау парағына бағалайды.


1 тапсырма

  1. Тыныс алу жүйесінің маңызы?

  2. Тыныс алу мүшелерін ата.

  3. Мұрын қуысында ауа неге ұшырайды

  4. Тыныс алу қозғалысын ата.

  5. Тыныс алу этаптарын ата.




3 тапсырма

Мұрын қуысының ішкі қабырғасын неге сілімейлі қабықша мен түтікті эпителий қаптайды.

4 тапсырма. Дұрыс жауапты тап.

Тыныс алудың маңызы:

  1. Қоректік заттар жеткізеді.

  2. Ағзаны салқындатады.

  3. Оттегін сіңіреді.

  4. Су буы бөлініп шығады.

  5. СО2-бөліп шығарады.

  6. Энергия босап шығады.




2 тапсырма

  1. Өкпедегі өкпе көпіршіктерінің саны.

  2. Дауыс қалай пайда болады?

  3. Кімнің дауысы жіңішке, ер кісі әлде әйел?

  4. Терең тыныс алу мен оның жиілігі неге байланысты?

  5. Тыныс алуға зиянды факторларды ата.
№1 №



5 тапсырма

Төмендегі терминдердің (1-10) дұрыс анықтамасын (І-ХІІ) тап.

Төмендегі терминдердің (1-10) дұрыс анықтамасын тап. (І-ХІІ)

1.Сілемейлі қабықша. І. Асты көмейге жібермейді.

2. Өкпе көпіршіктері ІІ. Кеңірдекті қабыстырмайды

3.Өкпе ІІІ. Ауаны залалсыздандырады

4. Ауатамыр ІҮ. Тыныс алу жолының алғашқы қабаты.

5.Кеңірдек Ү. Тыныс алу жолының басталуы.

6.Бөбешік ҮІ. Өкпенің сыртын қаптайды.

7.Көмей ҮІІ. Кеуде қуысын астарлап жатады.

8.Шеміршекті жартысақина ҮІІІ. Дыбыс сіңірлері орналасады.

9.Сіріқауыз ІХ. Тыныс алу жолының ең ұзын бөлігі.

10.Мұрын қуысы Х. Көмей мен өкпе капиллярларын қосады

ХІ.Өкпемен қандағы газ алмасу орны..

ХІІ. Газдардың диффузия жүретін орны.




6 тапсырма

  1. Тыныс алу орталығын ата.

  2. Оттегі қайда сіңіріледі.


7 тапсырма

Мұрынмен тыныс алудың маңызы.


8 тапсырма

Тыныс алудағы қорғаныс рефлекстерін ата.

Тыныс алу ауруларын ата.



Тапсырма жауаптары


1 тапсырма

  1. О2-сіңіріп, СО2 шығару, органикалық заттарды тотықтыру.

  2. Мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, ауа тамыры, өкпе.

  3. тазарады, жылиды, ылғалданады.

  4. Тыныс алу, тыныс шығару.

  5. Тыныс алу, газ алмасу, қанмен газдың тасымалдануы, ұлпадағы газалмасу




2 тапсырма

1.350 млн-ға жуық.

2. Тыныс шығарғанда ауа дыбыс сіңірлерін қозғалысқа келтіреді.

3.Әйелдерде

4. Жасына, жынысына, денсаулығына байланысты

5. Ауаның ластануы, темекі, жұқпалы аурулар.





3 тапсырма

Себебі олар ауаны залалсыздандырады, тазартады, жылытады.



4тапсырма

3,4,5,6

Тыныс алу ауруларын ата.


5 тапсырма

І-6, ІІ-8, ІІІ-10, ІҮ-4, Ү-10, ҮІ-9, ҮІІ-9, ҮІІІ-7, ІХ-4, Х-5, 4. ХІ-2, ХІІ-2




6тапсырма

Сопақша мида.

Жасуша митохондриясында.




7 тапсырма

Ауа залалсызданады жылынады, ылғалданады.




8 тапсырма

Жөтел түшкіру.

Тұмау, туберкулез, силикоз, суық тию.



Оқушыларды бағалау парағы


р/с

Аты-жөні

1

2

3

Қорытынды баға

1
















2
















Үйге тапсырма. §41- 43 қайталау тірек – сызбаны жаттау.


3 сабақ Материалды пысықтау және бекіту. Жұбымен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Тіршілік үшін тыныс алу қозғалыстарының маңызын өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен терең тыныс алудың маңызын білуде оқушыларды өзін-өзі жүйелеп, алған білімін дамыта білуге, бірін-бірі бағалай білуге үйрету. Тақырыпты бекіту.

Шарты: 1. Әр оқушы берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

2. Жауап эталоны бойынша бірін-бірі тексеріп, бағалайды.


1 тапсырма

  1. Өкпедегі газ алмасу механизмін жаз.

  2. Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауаның құрамы..




2 тапсырма

  1. Бір оқушы минутына 500м3 ауа жұтады, 16 рет тыныс алады. Егер сыныпта 25 оқушы болса, олар 45 минутта тыныс алу үшін қанша ауа (м3) жұмсайды.

  2. Ұлпадағы газ алмасу механизмін жаз.




3 тапсырма

  1. Тыныс алуда оттегінің жолын көрсет.

  2. Тыныс алу қозғалысына қандай бұлшық еттер қатысады.




4 тапсырма

  1. Өкпенің құрылысы.

  2. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегенімізі не?




5 тапсырма

  1. Тыныс алу мен тыныс шығару қалай іске асырылады.

  2. Тыныс алу қозғалыстарына жүйке және гуморальдық әсер ету..




6 тапсырма

  1. Көмекейдің құрылысын жаз.

  2. Тыныс алудың маңызы.




7 тапсырма

  1. Кеңірдектің құрылысын жаз.

  2. Тыныс алу қозғалысы ненің әсерінен болады.




8 тапсырма

  1. Тыныс алу жүйесі эволюциялық дамуды қай жүйемен тығыз байланыста?

  2. Тыныс алу жүйесіне кері әсерін тигізетін факторлар..



3 сабақ


Тапсырма жауаптары


№1 тапсырма

  1. Өкпедегі газ алмасу О2 мен СО2 қанықпасына негізделген. Өкпе көпіршіктерінде оттегінің қанықпасы қылтамырларға қарағанда жоғары болады. Сондықтан оттегі қылтамырларға өтеді де мүшелерге барады.

  2. Оттегі -21%, СО2-0,03%, N2-79%.

Тыныс шығарғанда О2- 16%, СО2-4%, N2--79%.




№2 тапсырма

  1. 11,0 м3

  2. Салатамыр қылтамырларындағы оттегінің қанықпасын ұлпадағы оттегінің қанықпасына қарағанда жоғары болады сондықтан оттегі ұлпаға өтеді.




3 Тапсырма.

  1. Мұрын қуысы көмей, кеңірдек, ауатамыр, өкпе, көпіршіктері, қантамырлары, ұлпа, жасуша.

  2. Көкет және қабырға аралық бұлшық еттер.




4 Тапсырма.

  1. Өкпе көпіршіктерден құралған борпылдақ дене. Әрбір өкпе бөлігінің сыртын дәнекер ұлпасынан тұратын жылтыр тегіс қабықша-өкпе сіріқауызы (плевра) қаттайды. Оң жақ өкпе 3, сол жақ 2 бөлікте тұрады. Кеуде қуысының ішкі қабырғасын да сіріқауыз атарлап жатады, олардың арасындағы ылғалды қуыста ауа болмайды аздаған сероз деп аталатын сұйықтық болады. Ол өкпенің үйкелісін жеңілдетеді.

  2. Адам терең тыныс алғанда және шығарғанда шамамен 1500 см3 ауа жұтып, шығарады. Терең тыныс алғандағы жұтқан және шығарған ауаның ең үлкен көлемі өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп аталады. (ӨТС). Оны спирометрмен өлшейді.




5Тапсырма.

1. Тыныс алғанда импульс ырғақты түрде тыныс алу орталығына беріледі де жүйке жасушалары арқылы қабырғааралық бұлшық еттерге және көкетке әсер етіп олар жиырылады. Қабырға көтеріледі бұлшық ет жиырылуынан көкет жазылып кеуде қуысының көлемі ұлғаяды. Өкпе кеуде қуысының қозғалысымен қозғалады. Тыныс алу жүреді. Сонан соң қабырғааралық бұлшық еттермен көкет босаңсып кеуде қуысының көлемі кішірейеді де өкпе сығылып, тыныс шығару пайда болады.

2.ныс алу жүйке және гуморальды жолмен реттеліп отырады.

3.Жүйкелік: Сопақша мида тыныс алу және тыныс шығару бөлімдері болады.

4. Гуморальді: Қандағы СО2 концентрациясына байланысты. Неғұрлым қан құрамында СО2 көп болса, соғұрлым адам жиі тыныс алады.





6 Тапсырма.

  1. Көмекей 4-6 мойын омыртқалар тұсында орналасқан және жоғары ұшымен тіл асты сүйегіне, ал төменгі ұшымен кеңірдекке бекінген. Көмекей қабырғалары жұп және тақ шеміршектерден түзілген қуыс мүше, бұл шеміршектер сіңірлермен, буындармен және бұлшық еттермен қозғалмалы болып байланысқан. Көмекейдің қалқан тәрізді, оймақ тәрізді шеміршектері және тілшік шеміршегі – сыңар шеміршектер. Ал көмекейдің ожау тәрізді және сына тәрізді шеміршектері – жұп шеміршектер- буындармен байланысқан және сіңірлермен өзара жалғасқан. Бұл көмекейдің қозғағыштығы мен оның дауыс дыбыстарының түзілуіне қатысуын қамтамасыз етеді.

  2. О2- сіңіріп, СО2 органикалық заттарды толықтыру.




7 Тапсырма.

  1. Кеңірдек көмекейдің жалғасы болып табылады. Ол ұзындығы ересек адамдарда 9-13 см келетін түтікше. Кеңірдек оның қабысуына кедергі жасайтын 16-20 шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады.

  2. Сана. СО2- нің қандағы концентрациясы







8 Тапсырма.

  1. Қан айналымы мен тірек қимыл жүйесі.

  2. Ауаның ластануы, темекі , жұқпалы ауру.





Үйге тапсырма. §41- 43 қайталау тірек – сызбаны жаттау.


4 сабақ

Қорытынды бөлімі:

  1. Тест

  2. Сынақ.

І вариант

1. Тыныс алу орталығы:

А) Өкпе ә) Сопақша ми б) Мишық в) Өкпе көпіршіктері

2. Тыныс алу қозғалысына не әсер етеді.

А) Сана. Ә) СО2 қандағы мөлшері. Б) Өсімді Ж.Ж. В) Орталық Ж.Ж

3. Тыныс алу алуға қатынсатын бұлшық еттер

А) Көкет Ә) Арқа бұлшықеті. Б) Қабырға аралық бұлшықет В) Құрсақ бұлшық еті

4. Сөйлемді аяқта.

Тыныс алу жүйесі эволюциялық дамуда қан айналым жүйесімен және __________________________________________________байланысты.

5. Оттегінің өкпе көпіршіктерінен қылтамырға өту себебі ______________байланысты.

6. Оттегін _______________________сіңіреді.

7. Дұрыс па: О2 мен СО2 газ күйінде болады.

А( иә Б) жоқ.

8. Тыныс алуда өсімдіктердің маңызы О2 бөлінуде

А) иә Б) жоқ.

9. (1-15) дұрыс анықтамасын тап.

1. Өкпе а) Тыныс алу жолының алғашқы қабаты

2. Көмей ә) Өкпедегі және қандағы газ аласу орны

3. Мұрын қуысы б) Өкпенің сыртын қаптайды

4.Сілемейлі қабықша в) Тыныс алу жолының басталуы

5.Плевра г) Дыбыс сіңірлері орналасады.

10. Тыныс алу жолын ретімен орналастыр.

1. Кеңсірік

2. Кеңірдек

3. Бронхылар

4. Өкпе

5.Мұрын қуысы

6. Көмей

7. Өкпе көпіршіктер

ІІ вариант

  1. Тыныс алудың ағза үшін маңызы.

а/ суыту ә/ СО2 шығару б/ энергия бөлу, г/ АТФ түзу

  1. Оксигемоглобин өкпеден жасушаларға қарай ---------------------жылжиды.

  2. Ауатамырдың маңызы ауаны еркін өткіздіруінде а/ иә, б/ жоқ.

  3. Өкпе көпіршіктері безді эпителийден тұрады. а/ иә, б/ жоқ

  4. Оң өкпенің бөлігі : а/ 2, ә/ 3, б/ 4, в/ 1.

6.Тыныс алудағы салатамырдың маңызы ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- байланысты.

7. / 1-5/ дұрыс анықтамасын тап.

1/ Ауатамыр а/ Асты кеңірдекке жібермейді

2/ Көмей қақпашығы ә/ Тыныс алудың ең ұзақ жолы

3/ Өкпе көпіршіктері б/ Өкпе көпіршектеріне жалғасады

4/ Шеміршекті жарты сақиналар в/ Бронхиолаларды қабыстырмайды

5/ Бронхиолалар г/ Өкпедегі газ алмасу орны.

8. Тыныс алу этаптарын ретімен жаз:

1/ Газ алмау а/

2/ Тыныс алу б/

3/ Ұлпадағы газ алмасу в/

4/ Қан мен газдың тасымалдануы г/

  1. Ересек адамның өкпесінің салмағы :

а/ 500 г ә/ 1 000 г б/ 90 г в/ 200 г

  1. Сіріқауыз қай ұлпадан тұрады?

а/ бұлшықет ә/ жүйке б/ жалпақ эпителий в/ дәнекер


Тест жауаптары :

І вариант

1-ә, 2-а,ә, 3- а,б 4- тірек қимыл, 5- концентрация айырмашылығы,

6 - Митохондрия, 7- а, 8-а, 9 - 1-ә, 2-г, 3-в, 4-а, 5-б

10 - а-5, б-6, ә-1, в-2, г-3, д-4, е-7.

ІІ вариант

1- ә,б,б, 2- қанайналым шеңберлері мен жүрек арқылы 3-а, 4-б, 5-ә,

6 – оттегін сіңіреді, көктамыр қанын өкпе салатамырынан өкпеге тасиды.

7- а-2, ә-1, б- 5, в- 4, г-3, 8 – а-2, б-4, в-1, г-3, 9-ә, 10-в

СЫНАҚ


№ 1 билет

1. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз не ?

2. Ұлпадағы газ алмасу механизмін түсіндір




№ 2 билет

1. Өкпедегі газ алмасу механизмін түсіндір

2. Жасанды тыныс алдыру дегеніміз не?




№ 3 билет

1. Тыныс алу мүшелерін ата

2. Ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулар




№ 4 билет

1. Тыныс алудың маңызы

2. Тыныс алудың жүйкелік, гуморальді реттелуі




№ 5 билет

1. Темекінің тыныс алу мүшелеріне зияны

2. Өкпе көпіршіктерінің маңызын түсіндір




№ 6 билет

1. Тыныс алу мүшелері мен жолы

2. Дыбыс сіңірлері қайда орналасқан, олардың маңызы.



Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Әлімқұлова Р, Р.Сәтімбеков Биология Алматы «Атамұра» 2004 жыл

2.Жөкебайқызы. С.Сейсенбекқызы. Тәнтану. Алматы «Рауан» 1996 ж

3.О.А.Петришина. Е.Попова. Мектеп жасындағы балалар гигиенасы. Алматы «Мектеп»1984 ж

4.Қазақ совет энциклопедиясы ХІ-том 180-бет, ХІІ –том 108-бет.

5.Ә.Өмешұлы. Шаңырақ шаттығы мен ләззаты. Алматы. «Ғылым» 1994 ж.





Ағыбаева Бағила Ертайқызы


1959 жылы Жамбыл облысында дүниенге келген.

С.М Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін 1984 жылы биология-химия оқытушысы мамандығы бойынша үздік бітірген. 1986 жылдан №148 қазақ орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді.

2004 жылы Республикалық білім беру жүйесі кадрлар біліктілігін арттыру институтында «Модульдік оқыту теххнологиясы» бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен. «Модульдік оқыту технологиясы» бойынша іс-тәжірибесі аудандық семинарларда, облыстық «Жазғы тәжірибе алаңында» таратылған және республикалық ғылыми әдістемелік жинаққа енген.

Похожие:

Лекция көрнекіліктер мен тірек схемасымен таныстыру iconСеминарлық сабаққа арналған әдістемелік ұсыныс
Мақсаты: Есімдік, жіктеу есімдіктері ережесімен таныстыру, меңгерту, жаңа тақырып бойынша алған білімдерін сараптап, меңгерген тірек...
Лекция көрнекіліктер мен тірек схемасымен таныстыру iconЛекция Есептің экономикалық және баланстық теориялары
Лекция мақсаты: Студенттерді экономикалық және баланстық теориялармен таныстыру
Лекция көрнекіліктер мен тірек схемасымен таныстыру iconҚарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Оқыту мақсаты: Сөйлемнің мүшелері туралы жалпы мағлұмат беру, тұрлаулы сөйлем мүшелерімен таныстыру, ауызекі сөйлеуде қолдана білуді...
Лекция көрнекіліктер мен тірек схемасымен таныстыру iconҚарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Еліктеу сөздер жайында түсінік беру, мағыналық түрлерімен таныстыру, ауызекі сөйлеуде қолдана білуді меңгерту. «Экономикалық тәуелсіздік»...
Лекция көрнекіліктер мен тірек схемасымен таныстыру iconЛекция тақырыптары
Тірек сөздер: тілдірдің шығуы, тілдің ортақ сипаттары, тіл білімі, тіл білімінің салалары, тіл ғылымының теориясы, жалпы тіл білімі,...
Лекция көрнекіліктер мен тірек схемасымен таныстыру iconХан Д. Планирование и контроль: концепция контролинга / Пер с нем
Мақсаты: Студенттерді мемлекеттік бюджет түсінігімен, (таныстыру) оның құрылымының жалпы шарттарымен таныстыру. Мақаланың негізгі...
Лекция көрнекіліктер мен тірек схемасымен таныстыру iconТәрбие сағаттың тақырыбы: «Кім жүйрік ойға- сол алда.»
Көрнекіліктер: ақылды тақта, суреттер, қағаздар. Белгілер,Әділ-қазы жазылған сөз, сандар т б
Лекция көрнекіліктер мен тірек схемасымен таныстыру iconҚазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған мектепішілік ашық іс-шаралар
Көрнекіліктер: Слайдтар, қанатты сөздер, мерекелік безендірулер, кітап көрмесі, баспасөз материалдары
Лекция көрнекіліктер мен тірек схемасымен таныстыру iconЛекция Практик
Курс міндеті: студенттерді жалпы экологияның негіздерімен таныстыру: оларға ағзалардың әртүрлі ортада әртүрлі өзара байланысын,бейімдеушілік...
Лекция көрнекіліктер мен тірек схемасымен таныстыру iconЛисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, карта, әр оқушыға деңгейлік тапсырма беті, суреттер, ребус, кеспе сандар, сыйлықтар
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница