2012 жылы 20-22 сәуір аралығында экология пәнінен өтетін VI республикалық мектеп оқушыларының олимпиадасы туралы ереже




Скачать 135.99 Kb.
Название2012 жылы 20-22 сәуір аралығында экология пәнінен өтетін VI республикалық мектеп оқушыларының олимпиадасы туралы ереже
Дата конвертации19.09.2012
Размер135.99 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sgpi.kz/userfiles/file/Ереже.doc


2012 жылы 20-22 сәуір аралығында экология пәнінен өтетін VI Республикалық мектеп оқушыларының олимпиадасы туралы

ЕРЕЖЕ

Олимпиада – республика аймақтарындағы экологиялық білім жағдайының мониторинг құралы, мектеп білімініңмазмұнынтұрақты даму аясында жетілдіруді қалыптастыратын құрал.

Олимпиада мақсаты: Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке, терең патриоттық сезімге тәрбиелеу, ғылыми – зерттеу және белсенді өмір ұстанымын дамыту. Олимпиада республика аймақтарында экологиялық білімдер сапасы мониторингін өткізуді және тұрақты даму мақсатында орта білім модернизациясын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Осы мақсатпен экология-химия және география пәндері кафедрасы бірнеше жыл экология пәнінен қалалық, облыстық, республикалық оқушылар олимпиадаларын өткізіп келеді. 2007 жылдың 20-22 сәуір аралығында экология пәнінен I Республикалық оқушылар олимпиадасы болды, олимпиадаға Қазақстан Республикасының 13 облысы, 23 қаласынан 120 оқушы қатысты. 2008 жылдың 18-20 сәуір аралығында экология пәні бойынша кезекті II Республикалық оқушылар олимпиадасы өтті, бұл жолы республикамыздың 12 облысынан 91 оқушы қатысты. 2009 жылдың 17-19 сәуір аралығында экология пәні бойынша III Республикалық оқушылар олимпиадасы өтті, оған 13 облыстан 150 оқушы қатысты. 2010 жылдың 23-25 сәуірінде экология пәнінен кезекті IV Республикалық оқушылар олимпиадасы өтті, бұл жолы республикамыздың 13 облысынан 220 оқушы қатысты. 2011 жылдың 22-24 сәуірінде экологиядан мектеп оқушыларының V Республикалық мерейтойлық олимпиадасы өткізіліп, оған Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан 132 оқушы қатысты.

Біз Қазақстан орта мектептерінің 9-11 - сынып оқушылары экология пәні бойынша өткізілетін келесі VI Республикалық оқушылар олимпиадасына белсене қатысады деген сенімдеміз.


Олимпиада міндеттері :

  • Жеке адамның адамгершілік, құндылық қасиеттері күрделі де жылдам өзгеріп отырған әлемді байқап түсіну мүмкіншіліктерін кеңейтуге, заманның құбылыстарына бейімделуге жағдай жасайтын гуманитарлық негізі бар тұлғаны қалыптастыру;

  • Қоршаған ортаны қорғау аясындағы ғылыми зерттеу жұмыстарының дағдыларын дамыту;

  • Экологиялық білімнің және оның қолданбалы аспектілерінің теориялық негіздерін білу үшін білім мен ғылымды интеграциялау;

  • Табиғатты қорғауда азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін оны сақтау және жақсарту;

  • Жаратылыстық және табиғатты қорғау пәндері бойынша белсенді түрде білім мен тәрбие жұмыстарын жүргізген педагогтарды мадақтау.


Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті:

Төрағасы: Сарыбеков М.Н. - ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі

Төраға орынбасары: Кәрімжанов Б.С. - ҚР БжҒМ-нің мектепалды және орта білім беру департаментінің директоры

Тең төрағалары:

Ескендіров М.Ғ. - Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор

Кирабаева Ш.А - Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының директоры

Панин М.С. – СМПИ-дың ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, экология – химия және география пәндері кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор


Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

Сейсембина Н.У. - Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының бастығы

Алтынбекова Г.К. - Семей қ. білім бөлімінің бастығы

Стеблецова И.С. - Шығыс Қазақстан аймақтық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры

Жакеева Г.С. - Семей қ. «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры

Сатаева А.Р. - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің экология және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор

Ильдербаев О.З. - Семей мемлекеттік медициналық университетінің молекулярлық биология кафедрасының профессоры, м.ғ.д.

Аралханов М.С. – Қазақ инновациялық гуманитарлық–заң университетінің стратегиялық даму және ғылым проректоры, б.ғ.д.

Тазабаева К.А. - Қазақ инновациялық гуманитарлық–заң университетінің ақпараттық технологиялар мен экономика факультетінің деканы, б.ғ.к., доцент

Ибраева Л.С. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының доценті, жаратылыстық ғылымдар факультетінің деканы, х.ғ.к.

Қалиева С.К. - СМПИ-дың жалпы биология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., доцент

Белгібаев М.Е. – СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының профессоры, г.ғ.д.

Артамонова Е.Н. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының доценті, х.ғ.к.

Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:


  • олимпиаданың дайындық кезеңін ұйымдастыру;

  • олимпиаданың өткізілетін уақыты мен орнын анықтау;

  • олимпиаданы өткізуге ғылыми әдіснамалық жетекшілік жасау;

  • олимпиаданың қазылар алқасын құру;

  • олимпиаданың қорытындыларын жасау, жеңімпаздарын марапаттау,

  • олимпиаданың барлық кезеңдерінің өткізілуіне бақылау жасау;

  • ғылыми және педагогикалық ортада олимпиаданың ашылу салтанатын өткізу.


Олимпиаданың қазылар алқасы:

Қазылар алқасы төрайымы:

Евлампиева Е.П. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының доценті, ғылым, халықаралық байланыстар және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы, б.ғ.к.

Қазылар алқасы төрайымының орынбасары:

Төлеуғалиева С.С. – Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті (Семей қ.) «Қайнар» университетінің әдістемелік қамтамасыз ету, менеджмент сапасы, магистратура бөлімінің бастығы, б.ғ.к.

Қазылар алқасы мүшелері:

Сапарова Г.С. – СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының доценті, педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығының меңгерушісі, б.ғ.к.

Карипбаева Н.Ш.- СМПИ-дың жалпы биология кафедрасының доценті, б.ғ.к.

Хромов В.А. - СМПИ-дың жалпы биология кафедрасының доценті, б.ғ.к.

Қуанышбаева М.Г. - СМПИ-дың жалпы биология кафедрасының доценті, б.ғ.к.

Полевик В.В. - СМПИ-дың жалпы биология кафедрасының аға оқытушысы

Зверкович Р.М. - СМПИ-дың жалпы биология кафедрасының аға оқытушысы

Бурулько В.П. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының аға оқытушысы

Нұрқасымова Б.Н. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының аға оқытушысы Нұрмұханбетова А.Н. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының оқытушысы, жаратылыстық ғылымдар факультеті деканының орынбасары, экология магистрі

Дюсенбекова А.К. - «Назарбаев интеллектуальдық мектебі» (Семей қ.) АҚ биология мұғалімі

Байгапанова Г.С. - «№18 ОБМ» ММ (Семей қ.) биология мұғалімі

Коновалова С.Н. - «№1 ОБМ» ММ (Семей қ.) биология мұғалімі

Алиманова Ж.Ж .– «Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын облыстық мамандандырылған мектеп» ММ (Семей қ.) химия мұғалімі, экология магистрі

Қазылар алқасының құрамына сонымен қоса, оқушыларға жетекшілік ететін республиканың орта және жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері де кіреді.


Қазылар алқасының міндеттері :

  • олимпиаданың сұрақтары мен тапсырмаларын дайындау;

  • оқушылардан сұрау және білімдерін бағалау;

  • олимпиадаға қатысушылардың білімін бағалау бойынша даулы мәселелерді шешу;

  • олимпиаданы қорытындылау және жеңімпаздарды анықтау;

  • олимпиада жеңімпаздарын ұйымдастыру комитетімен бірлесіп марапаттау;

Қазылар алқасының барлық шешімдеріне хаттама жасалынып, ұйымдастыру комитетіне ұсынылады. Олимпиаданың тапсырмаларын қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитеті жарияламауға жауапты. Егер оның жарияланғаны белгілі болса, қазылар алқасының мүшелерінің басым көпшілігінің тексеруімен ол жұмысқа 0 балл қойылады.


Аппеляциялық комиссия:

Қасымова Ж.С. (комиссия төрайымы) - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының доценті, б.ғ.к.

Поливкина Е.Н. (төрайым орынбасары) - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.к.

Бурулько В.П. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының аға оқытушысы

Нұрмұханбетова А.Н. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының оқытушысы, жаратылыстық ғылымдар факультеті деканының орынбасары, экология магистрі


Аппеляциялық комиссияның міндеттері:


  • нәтижелері жаярланған кейін олимпиада қатысушыларының талаптарын қанағаттандыру;

  • қойылған бағаны дәлелдеу үшін жюри, сараптаушы комиссияның кез келген мүшелерін өзінің жұмысына тарту;

  • турдың қорытынды бағасы туралы (оны көтеру, және төмендету жағдайында) шешім шығару;

  • аппеляциялық комиссия шешімінің хаттамасын жазу және оның нәтижесін олимпиада қатысушысына (қол қою арқылы) жеткізу.


Сараптау комиссиясы:

Ибраева Л.С. (комиссия төрайымы) - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының доценті, жаратылыстық ғылымдар факультетінің деканы, х.ғ.к.

Калентьева Н.В. - (төрайым орынбасары) – Семей қаласы Мемлекеттік медициналық университетінің биохимия және химия пәндері кафедрасының оқытушысы, б.ғ.к.

Тазабаева К.А. - Қазақ инновациялық гуманитарлық–заң университетінің ақпараттық технологиялар мен экономика факультетінің деканы, б.ғ.к., доцент

Евлампиева Е.Н. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының доценті, ғылым, халықаралық байланыстар және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы, б.ғ.к.

Карипбаева Н.Ш. - СМПИ-дың жалпы биология кафедрасының доценті, б.ғ.к.


Сараптаушы комиссиясының міндеттері:


  • экологиялық жобаның сараптамасын жүргізу;

  • институт кафедраларының мамандарының – рецензенттердің алдыңғы бағалауда жіберілген объективтік емес қате бағасын түзету;

  • ұсынылған жобаның көрсетілген талаптарға сәйкестігін және оның бағасы туралы қорытынды шешім қабылдау;

  • қорытынды бағалау парағын құру және оны өз отырысында бекіту.

Жұмыс тобының құрамы:

Жұмыс тобының төрайымы:

Артамонова Е.Н. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының доценті, х.ғ.к.

Жұмыстарды атқару тобының төрайымының орынбасары:

Каримова А.В. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының оқытушысы, химия магистрі

Жұмыс тобының мүшелері:

Поливкина Е.Н. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.к.

Нуржуманова Ж.М. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының аға оқытушысы, в.ғ.к.

Онтагарова Д.Р. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.

Баяхметова Б.Б. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының аға оқытушысы, х.ғ.к.

Нұрқасымова Б.Н. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының аға оқытушысы

Жылқышинова Д.С. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының аға оқытушысы, география магистрі

Мукаев Ж.Т. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының аға оқытушысы, география магистрі

Мельник М.С. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының оқытушысы, «Экология» мамандығы бойынша жаратылыстық ғылымдар магистрі

Акимжанова Х.Г. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының оқытушысы, «Химия» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі

Махмутова Л.С. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының ассистенті, «География» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі


Олимпиада қатысушылары :


VI Республикалық оқушылардың экологиялық олимпиадасы ҚР облыстары мен қалаларының Білім департаменттерінің 9, 10,11- сынып оқушылары үшін жыл бойы өткізілген олимпиадалар циклін аяқтайды. Республикалық олимпиадаға іріктеу турының жеңімпаздары жіберіледі.

Олимпиадаға қатысуға ұйымдастыру комитетінің талаптарына сай келетін, шығармашылық жұмыстарын жеке экологиялық жоба түрінде ұсынған оқушылар қатыса алады (қосымшаларды қара).

Олимпиаданы қаржыландыру:


Семей мемлекеттік педагогикалық институты қаржыландырады:

  • ақпараттық хаттарды тарату, көшірмелер жасау шығындары, олимпиада ережесі және тәртібі;

  • олимпиада турларын өткізу үшін тапсырмалар мәтіндерін дайындау шығындары;

  • дипломдарды, мақтау грамоталарын, алғысхаттарды жасату;

  • кездесулер ұйымдастыру.

Олимпиадаға қатысушылар мен оларды әкелетін адамдардың жол жүру, жататын орын, тамақтану шығындары жіберуші жақ есебінен (аудандық, облыстық департаменттер, мектеп басшылары, ата-аналар) жүргізіледі.


Олимпиаданы қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау:


Олимпиада жеңімпаздары 4 турдың қорытындысы бойынша жоғары балл жинағандар бола алады және олар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, «Дарын» республикалық, аймақтық, қалалық ғылыми – практикалық орталығының, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының 1,2,3 - дәрежелі дипломдарымен марапатталады.


Олимпиаданы өткізу тәртібі:


Олимпиада 4 тур бойынша өткізіледі.

1- тур алдын ала олимпиадаға ары қарай қатысу үшін экологиялық жобаларын іріктеп алып, дайындалған зерттеу жұмыстарына институт кафедраларының сол салаға сәйкес мамандары пікір жазады.


Дайындалған жобаларды қабылдау

2012 жылдың 20 наурызына дейін

Мекенжайы: 071410 Қазақстан Республикасы, Семей қаласы, Тәңірбергенов көшесі 1, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, экология-химия және география пәндері кафедрасы, тел. (8-7222) 42-29-37, 42-49-41 (Панин Михаил Семенович, б.ғ.д.,профессор), 87755382781 (Кәрімова Айгуль Валентиновна) 64 -37-58

Белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған жобалар қаралмайды!


Шығармашылық жұмыстарды бағалау өлшемдері:


  1. Тақырыптың өзектілігі және таңдауының негізділігі.

  2. Тәжірибелік құндылығы.

  3. Қолдану әдістемелерінің дұрыс алынуы.

  4. Нәтижелерінің объективтілігі,

  5. Орындалған зерттеудің толықтығы мен сапасы немесе әдеби талдауы.

  6. Қорытындыларының дәлелділігі.

  7. Ерекшелігі.

  8. Өзіндік еркіндік дәрежесі.

  9. Күрделілігі.

  10. Сапалылығы: жұмыс құрылымы, қосымшалары

( * - тек зерттеу жұмыстарына)

2 тур – теориялық (бетпе-бет)«Эрудит» - Семей мемлекеттік педагогикалық институтында тест түрінде өткізіледі

Олимпиадаға қатысушылардың білімдері экология негіздері бойынша тестілеу әдісімен өткізіледі. Тестілеудің жоғары бағасы орындалған тест сұрақтарының санына байланысты. Жас ерекшеліктеріне байланысты 9,10,11 – сынып оқушыларына жеке тест беріледі. Тест сұрақтарының 60 % - ы базалық білім деңгейі негізінде (ботаника, зоология, жалпы биологиядан) және 40 %- ы биологиялық және қолданбалы экология және тұрақты даму мәселелері бойынша. Тапсырмаларды орындауға 9 – сыныпқа 40 мин, 10 – сыныпқа 60 мин, 11 – сыныпқа 90 мин беріледі. Олимпиадаға қатысушылар тест жауаптарын (дөңгелектеу, +, белгілерінің біреуімен белгілейді), егер қатысушы жауапқа түзету жасаса, онда қате белгілегенін сызып тастап, дұрысын белгілеуі керек. Олимпиаданың тест тапсырмаларын қазылар алқасының мүшесі жинап алады. Теориялық кезең аяқталғаннан кейін тест тапсырмаларының дұрыс орындалғандығы тест жауаптары бланкілеріне сәйкес тексеріледі.

3 тур практикалық“Дұрыс шешімін тап ”– ептілікке және жалпы дамуға, экология пәнінен келесі бағыттар бойынша тапсырмалар:

- ғаламдық экология және тұрақты даму;

- жалпы экология (өмір сұру үшін күрес және оның формалары), қоректік тізбектер (негізгі топтарына сипаттама және олардың таксондарын анықтау), экологиялық сукцессия (түрлері, үрдістерді модельдеу), популяциясы (құрылымы, популяция динамикасы), биоценоз экологиялық жүйе (олардың морфологиялық белгілеріне байланысты тірі организмдердің мекендеу орнын анықтау), экологиялық пирамидалар (пирамидалардың құрылысы) және т.б;

- Қазақстан Республикасы экологиясы;

- топырақтың, өсімдіктердің, жануарлардың экологиясы.

4 тур – экологиялық жобаны қорғау бетпе –бет өткізіледі. Олимпиадаға қатысушылардың үш турда жоғары балл жинағандары қатысады (қорғау ұзақтығы 5 минуттан 7 минутқа дейін). Ұсынылған материалды меңгеруі, оны мазмұндау стилі, тақырыпты ақпараттық жағынан терең жеткізуді және зерттеген мәселесі бойынша оқу және ғылыми әдебиеттерін пайдалануы, жоба бойынша қазылар алқасының қойған сұрақтарына нақты жауап беруі және экологиялық білім сапасы бойынша қорғайтын жобасына сәйкес қойылатын сұрақтарға берген жауаптары бағаланады.


Жобаны жасау мазмұнына қойылатын талаптар:


Жоба объективті бағалануы үшін бірыңғай түрде жасалады.

1. Жұмыстың негізгі мазмұны компьютерде теріліп А4 форматына әдебиеттер тізімін қосқанда 20 беттен аспайтындай жазылуы қажет. Қосымша бөлек тігіледі.

2. Жобаның сыртқы беті берілген үлгі бойынша жасалуы керек (үлгіні қараңыз)

3. Жобада келесі бөлімдер ұсынылуы қажет:

  • кіріспе, онда қарастырылатын мәселенің өзектілігі көрсетіледі;

  • қойылған мәселені шешу үшін біреудің бұрын орындаған жұмысына талдау жасау;

  • жұмыстың орындалған жері, уақыты, егер жұмыс ұжым болып орындалса, оны көрсету;

  • қолданылған әдістемеге қысқаша түсінік беріп оның авторларына міндетті түрде сілтеме жасау;

  • жүйеленген қорытындысының статистикалық жағынан есептелген зерттеулердің нәтижелері, оларды талқылау;

  • жұмыс бойынша негізгі қорытынды;

  • жобаның негізін нақты пайдалану (енгізу);

  • пайдаланылған әдебиеттер;

  • қосымша: фотографиялар, схемалар, сызбалар, кестелер, статистикалық есептеулер, табиғи объектілер, видеофильмдер, жұмыстарды тексеру барысында олардың экологиялығы, яғни, оларды субъективті және объективті қатынаста бағалау, онда субьект ретінде тірі жүйе, ал объект ретінде оған әсер ететін қоршаған орта, сонымен қоса басқа тірі жүйелер қатысады.(популяция, экожүйелер).Сәйкесінше кез келген экологиялық зерттеудің қорытындысы тірі жүйенің қоршаған ортада тіршілік етуінің қолайлылығын бағалау болып табылады. Осыдан ескерілетіні – экология - тірі ағзалар жүйесі туралы ғылым екендігі.

Стендті жасауға қойылатын талаптар:





  • стендті мүмкіншілігінше А-1 форматында жасау;

  • егер бірнеше стенд ұсынылатын болса, онда біреуінде жұмыстың атауы және оның мақсаты

көрсетілуі тиіс;

  • барлық стендтер (стендтегі суреттер) нөмірленуі және атауы болуы тиіс;

  • барлық жазулары баспа шрифтімен қара, көк немесе жасыл түспен орындалуы тиіс, стендтегі берілгендер анық және 5-6 метр жерден көрінетін болуы керек;

  • графиктер, диаграммалар, кестелер 3 түрлі түстен артық түспен берілмеуі тиіс;

  • стендті бекіту (скотч, рейка, кнопка) қарастырылуы қажет.



Қосымша

(Бірінші бет қалай жазылуы керектігінің үлгісі)


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы

50 орта мектебі


Тақырыбы: Ақтау қаласының ауыз суларына экологиялық сипаттама.


Авторы:

Жанболатова Томирис, 11- сынып оқушысы

Жетекшісі:

биология пәнінің оқытушысы

Қасымова Күләнда Медеуқызы

Ғылыми кеңесшісі:

б.ғ.к. Ахметов Арман Ерланұлы


Семей 2012ж.


Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

2012 жылы 20-22 сәуір аралығында экология пәнінен өтетін VI республикалық мектеп оқушыларының олимпиадасы туралы ереже icon2012 жылы 20-22 сәуір аралығында экология пәнінен өтетін VI республикалық мектеп оқушыларының олимпиадасы туралы ереже
Олимпиада – республика аймақтарындағы экологиялық білім жағдайының мониторинг құралы, мектеп білімініңмазмұнынтұрақты даму аясында...

2012 жылы 20-22 сәуір аралығында экология пәнінен өтетін VI республикалық мектеп оқушыларының олимпиадасы туралы ереже iconМектеп директорларына !
Ббж кбари педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру мақсатында 2007 жылдың сәуір айының 9-ы мен 13-і аралығында физика пәнінен...

2012 жылы 20-22 сәуір аралығында экология пәнінен өтетін VI республикалық мектеп оқушыларының олимпиадасы туралы ереже iconӨту мерзімі: 2012 жылғы 13-14 сәуір Өтетін орны

2012 жылы 20-22 сәуір аралығында экология пәнінен өтетін VI республикалық мектеп оқушыларының олимпиадасы туралы ереже iconҚазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Жансүгіров атындағы Жетісу мелекеттік университеті ҚР білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2012 жылдың 11-13 сәуір аралығында...

2012 жылы 20-22 сәуір аралығында экология пәнінен өтетін VI республикалық мектеп оқушыларының олимпиадасы туралы ереже icon2012 жылғы 19 сәуір №488 Астана, Үкімет Үйі Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан...

2012 жылы 20-22 сәуір аралығында экология пәнінен өтетін VI республикалық мектеп оқушыларының олимпиадасы туралы ереже icon2011-2012 оқу жылы Факультет: Жаратылыстану Кафедра: Биология, география және экология Мамандықтың шифрі мен атауы: 5В060800 -экология Элективті пәндер
Постреквизиттер: экология және табиғи ресурстарды пайдалану, ауыл шаруашылығы экологиясы

2012 жылы 20-22 сәуір аралығында экология пәнінен өтетін VI республикалық мектеп оқушыларының олимпиадасы туралы ереже iconБілім беру саласының өзекті 13 мәселесі бойынша 2010 жылдың қазаны мен 2011 жылдың желтоқсаны аралығында өтетін қашықтықтан оқыту курстарының оқу-тақырыптық жоспарлары бекітемін
Желтоқсаны аралығында өтетін қашықтықтан оқыту курстарының оқу-тақырыптық жоспарлары

2012 жылы 20-22 сәуір аралығында экология пәнінен өтетін VI республикалық мектеп оқушыларының олимпиадасы туралы ереже iconЕртіс экология департаменті мемлекеттік экология инспекторларының қоршаған ортаны қорғау саласындағы 2011 жылдың 8 шілдесі мен 15 шілде аралыңындағы атқарған жұмыстары туралы ақпарат
...

2012 жылы 20-22 сәуір аралығында экология пәнінен өтетін VI республикалық мектеп оқушыларының олимпиадасы туралы ереже icon2009/2010 оқу жылындағы Леонард Эйлер Олимпиадасы туралы ереже
Олимпиада – осы Ереженің 1 және 2 тармақшаларына сай келетін, Ресей Федерациясының оқу орындарында оқитын оқушыларына арналған математикалық...

2012 жылы 20-22 сәуір аралығында экология пәнінен өтетін VI республикалық мектеп оқушыларының олимпиадасы туралы ереже icon2012 жылғы 16 мамырдағы №325 Қаулысы Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы
Азақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница