Павлодар Кереку 2009




НазваниеПавлодар Кереку 2009
страница1/7
Н Э Пфейфер
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://library.psu.kz/fulltext/transactions/350_aringazin_k.sh._belyaeva_l.m._majimova_m.b.khura
  1   2   3   4   5   6   7
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


қОРШАҒАН ОРТАНЫҢ МОНИТОРИНГІ


050727 "Азық – түлік өнімдерінің технологиясы", 050731 "Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау"

мамандықтарының студенттеріне тәжірибелік сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулық


Павлодар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Сәулет – құрылыс факультеті


Азық – түлік өнімдерінің технологиясы және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы


қОРШАҒАН ОРТАНЫҢ МОНИТОРИНГІ


050727 "Азық – түлік өнімдерінің технологиясы", 050731 "Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау"

мамандықтарының студенттеріне тәжірибелік сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулық


Павлодар

Кереку

2009

УДК 504. 064. 36 (07)

ББК 20.18я7

Қ66


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің сәулет – құрылыс факультетінің азық – түлік өнімдерінің технологиясы және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының отырысында басуға ұсынылды


Пікірсарапшы:

техника ғылымдарының кандидаты, доцент Акимханов Н.Ж.


Құрастырушылар: К.Ш. Арынғазин, Л.М. Беляева, М.Б. Мажимова

Қ66 Қоршаған ортаның мониторингі : 050727 "Азық – түлік өнімдерінің технологиясы", 050731 "Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" мамандықтарының студенттеріне тәжірибелік сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулық / құраст. : К.Ш. Арынғазин, Л.М. Беляева, М.Б. Мажимова. – Павлодар : Кереку, 2009. – 47 б.


Әдістемелік нұсқаулықта «Қоршаған ортаның мониторингі» пәнінен тәжірибе сабақтарына дайындық үшін тапсырмалар беріліп оларды орындау бойынша ұсыныстар жазылған.

Әдістемелік нұсқаулық 050727 "Азық – түлік өнімдерінің технологиясы", 050731 "Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" мамандықтарының жұмыс оқу жоспары мен жұмыс бағдарламасына сәйкес өңделген.


УДК 504. 064. 36 (07)

ББК 20.18я7


© Арынғазин К.Ш. және т.б.,2009

© С. Торайғыров ат. ПМУ, 2009


Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

БЕКІТЕМІН


С. Торайғыров атындағы

ПМУ-дың оқу ісі

жөніндегі проректоры

__________Н.Э. Пфейфер

2009 ж.«____» __________


Құрастырушы: т.ғ.к., профессор К.Ш. Арынғазин

аға оқытушы Л.М. Беляева

ӨО мастері М.Б. Мажимова


Азық – түлік өнімдерінің технологиясы және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы


Қоршаған ортаның мониторингі


Кафедра мәжілісінде бекітілді 2009 ж. «_____» _____№____ хаттама­­­

Кафедра меңгерушісі _________________ К.Ш. Арынғазин


Саулет және кұрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған

2009 ж. «_______» _____ №_____ хаттама


ОӘК төрғасы _______________ В.А. Козионов

КЕЛІСІЛДІ


Саулет және кұрылыс деканы ______________ М.К. Кудерин

2009 ж. «____»_______


СМ бөлімінің н/б ______________ Г.С. Баяхметова

2009 ж. «___»________


МАҚҰЛДАНДЫ

ОҮЖ ж ӘҚБ бастығы _____________ А.А. Варакута

2009 ж. «____»____


Кіріспе


Қоршаған ортаның мониторингі – адамның щаруашылық әрекеті мен табиғат факторларының әсер етуіне байланысты қоршаған орта жағдайын болжау мен бағалау, бақылау жүйесі.мониторингтің құрамына:

- қоршаған ортаға әсер ететін факторлардың әсерінен қоршаған орта сапасының өзгеруін бақылау;

- табиғат ортасының нақтылы жағдайын бағалау;

- орта сапасының өзгеруін болжау.

Бақылау физикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштер арқылы жүзеге асырылады. Экологиялық бақылау жүйесінің құрамына ортаның техногенді пайда болатын қауіпті ластауы, мысалы газды ластағыштар, ауыр металлдардың қоспасы кіреді. Бағалауды өткізу барысында негізгі ақпарат көзі болып қоршаған ортаны бақылау үрдісінде алынған берілгендер (данные) қызмет атқарады.

Әсер ету масштабына байланысты мониторингтің глобальды, ұлттық, аймақтық және аумақтық түрлерін ажыратады. Глобальды (биосфералық) мониторинг күлі табиғат ортасын бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық қатынастар негізінде жүзеге асырылады. Ұлттық мониторинг арнайы құрылған органдармен мемлекет шекарасында жүргізіледі. Құбылыстар мен үдерістерді үлкен территориялар, аймақтар көлемінде бақылау мониторингтің аймақтық жүйесіне жатады. Нақтылы антропогенді көздің әсер ету мониторингі – аумақтық дәреже болып табылады.

Мониторингтің объектілері болып: атмосфера, гидросфера, литосфера, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, космостық кеңістік табылады.

Студенттердің тәжірибелік жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері:

- әдебиет көздерімен өздігінен жұмыс істей білуді үйрену;

- қоршаған ортаның мониторингі бөлімінің материалдарын тереңірек оқып білу;

- оқылған материалды өздігінен мазмұндай, талдай білу, экологиялық мониторинг бағдарламаларын құрастыра алу.


1 Экологиялық мониторинг


Экологиялық мониторинг – экологиялық қауіпсіздік пен табиғатты қорғау қызметін басқаруды ақпараттық қамтамассыздандыру.

Мақсаты: таңдалған территорияның (қала, облыс, Қазақстан түгелдей) экологиялық жағдайын бағалаумен қоршаған орта мониторингісінің объектілерін, міндеттерін оқып білу.

Экологиялық мониторинг қоршаған орта жағдайын бақылаудың кешенді жүйесін, табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен жағдайының өзгеру болжамы мен бағасын көрсетеді (1-сурет).


Бақылау

Нақтылы жағдайды бағалау



ҚО сапасын реттеу



Жағдайды

болжау

Жобаланатын жағдайды

бағалау




1 сурет – Мониторингті өткізу сұлбасы


Мониторингтің объектілері болып қоршаған ортаны құрастырушылар – су, ауа, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі, космостық кеңістік табылады.

Экологиялық мониторингтің негізгі міндеттеріне:

  1. антропогенді әсер ету көздерін бақылау;

  2. әсер ету факторларын бақылау;

  3. табиғат ортасы мен онда жүріп жатқан үрдістерді бақылау;

  4. табиғат ортасының нақтылы жағдайын бақылау;

  5. антропогенді әсер нәтижесіде табиғат ортасы жағдайының өзгерісін болжау жатады.

Біздің міндетіміз Павлодар қаласының, Павлодар облысының және бүкіл Қазақстан территориясының экологиялық жағдайын бағалау болып табылады.

Нақтылы бір территорияның экологиялық жағдайын бағлау үшін оның орналасу орнын, климаттық параметрлерін, өнеркәсіптік потенциалын, территорияның даму бағдарламасын және бағалауға қажетті басқа да мәліметтерді білу қажет.


1.1 Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы

Мысалы ретінде Қазақстан Республикасының түгелдей экологиялық жағдайын қысқаша қарастырайық.

Қазақстан Республикасы территориясының көлеміне қарай 272,5 млн. га. әлемде тоғызыншы орынды алып отыр және төрт климаттық зонаға – жазық, орманды жазық, шөлейт және шөл болып бөлінеді. Бағалы пайдалы қазбалардың бүкіл зоналарда бар болуы халық шаруашылықтық қолданыс орбитасына Қазақстанның барлық территориялық зоналарын кірістірген. Қазіргі уақытта қуатты өнеркәсіптік және ауыл – шаруашылықтық инфраструктура құрылған. Техногенді дамуда Қазақстанға техногенді даму мен тез экономикалық өсуді қамтамассыз еткен ауыр және жағу өнеркәсіптері, қара және түсті металлургия, химиялық және мұнайхимиялық өнеркәсіптері алдағы орында.

Қазақстан территориясында 11 территориялды - өнеркәсіптік кешен құрылған (Алматы-Талдықорған, Қарағанда-Теміртау, Балхаш, Павлодар-Екібастұз, Манғыстау, Ақтөбе, Өскемен, Жезқазған, Ақтау, Байқоныр). Техногенді дамудың нәтижесінде табиғи экожүйелердің бұзылуы мен деградациясы орын алған.

Негізгі экологиялық мәселе болып қалалардағы ауаның ластануы, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың ілгері түрде жиналуы, жерлердің шөлденуі мен деградациясы, жер асты және жер үсті су көздерінің ластануы қалып отыр. Әмудария және Сырдария өзендері бассейіндеріндегі суармалы (орошаемого) жердің интенсивті және рационалсыз дамуы Аралдың апатына әкеп соқты. Бұрынғы және қазір де әрекет етуші соғыс және испытательный полигондардың территориялары радиоактивті және химиялық ластауларға шалдыққан (Сары-Шаған, Капустин Яр, Азгир).

Қалалық және өнеркәсіптік алгомериялардың негізгі орындарында тұратын халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетін басты факторлар ауаның ластануы мен ауыз суының жетіспеушілігі болып келеді.

Қазақстанда қоршаған орта мен оның өзгерісін мониторингтің барлық – аумақтық, аймақтық және глобальды түрлері бойынша бақылайтын бірнеше салалы қызмет құрылған. Үш деңгей бойынша алынған нәтижелерді жалпылай келе елдің түрлі аймақтарындағы антропогендік және табиғи үрдістердің объективті көрінісін алады. Бақылау жұмыстарының басты көлемін Қазгидромет орындайды. Атмосфералық ауаның ластануына бақылау Республиканың үлкен қалалары мен өнеркәсіптік орталықтарында жүргізіледі.

Ауа ортасы. Ауаның ластану жағдайы бақылау жерлерінің стационарлы орындарынан алынған ауа пробаларын өңдеуді талдаудың нәтижелері бойынша бағаланады. Сапаның негізгі критерийлері болып рұқсат етілген шекті концентрация (РШК) табылады. Атмосфераның ластану деңгейі РШК-ға ең үлкен мөлшерленген мәндері бар бес түрлі заттар арқылы есептелетін атмосфера ластануының кешенді индексінің шамасы бойынша бағаланады (А қосымшасы).

Ластанудың ең үлкен деңгейі Балхаш, Теміртау, Лениногорск, Өскемен, Алматы, Шымкент байқалады. Басты ластаушы заттар болып шаң, күкірт диоксиді, азот және көмертегі, көмірсутектер табылады. Ең үлкен ластаушыларға жылу энергетикасы өнеркәсіптері жатады. Мысалы: қазіргі заманғы 2,4 млн. кВт қуатты ЖЭО тәулігіне 20 мың тонна көмір жағып атмосфераға 680 тонна күкіртті газдарды, 200 тонна азот оксидтері мен 120 тоннадан аса қатты шаң түріндегі бөлшектерді тастайды. Сонымен қатар атмосфераны ластаушы көздердің бірі болып көлік-жол транспорттары табылады. Мысалы, Алматыда барлық тастаулардың (200 мың тонна жылына) 93 % көлік транспорттарына келеді.

Қазақстанның қалалары бойынша атмосфералық ауаның ластану динамикасының индекстері Б қосымшасында көрсетілген.

Су ресурстарының жағдайы. Су ресурстарының Қазақстан территориясында бөлінуі мүлдем біркелкі емес, ал жер үсті сулары аймақтар мен экономика салаларын тұрақсыз сумен қамтамассыздандыруға әкеп соқтыратын, жылдар мен маусымдар бойынша мәнді өзгерістерге ұшырайды. Жер үсті суларының сапасын бақылау жүйесіне әрекет етуші гидрометеорологиялық қызметтің нидропостары кіреді. Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша су сапасының негізгі критерийлері болып балық шаруашылық су қоймалары, шаруашылық және коммуналды – тұрмыстық суды қолдану үшін ластаушы заттардың РШК мәндері табылады (В қосымшасы).

Жер үсті суларының ластану деңгейі су сапасының өзгеру динамикасын салыстыру мен анықтау үшін қолданылатын су ластануының кешенді индекс (СЛИ) шамасы бойынша бағаланады (1 - кесте).

1 кесте – Жер үсті суы сапасының өзгеру сипаттамасы


Сапа класы

Жер үсті суы сапасының

сипаттамасы

СЛИ шамасы

1

Өте таза

СЛИ <0,3

2

Таза

0,3 < СЛИ < 1

3

Азды – көп ластанған

1,0 < СЛИ < 2,5

4

Ластанған

2,5 < СЛИ < 4,0

5

Лас

4,0 < СЛИ < 6,0

6

Өте лас

6,0 < СЛИ < 10

7

Төтенше ластанған

СЛИ > 10


Қазақстанның дерлік барлық өзендері ластанған, ал шекаралас территорияларда қалыптасатын Орал, Ертіс, Сырдария сынды өзендер ластанған болып түседі. Суды ластаушылардың құрамына өнеркәсіптік, тау кен өңдеуші және қайта өңдеу кәсіпорындарынан басқа жануарлар фермалары, суармалы жер өрістері, тұңдырғыштар мен қалдықтарды сақтау қоймалары кіреді.

Жер ресурстарының жағдайы. Республикада жердің 48,2% ауыл шаруашылығының қажеттілігіне қолданылады, олардың ішінде көп бөлігін жайылым өрістер құрайды.

Барлық өнеркәсіптік өңірлерде экологиялық қауіпті әсер ету зоналары: террикондар, үйінділер, ашық кеніштер, бұрғы құдықтары, тау кен өндірісінің қалдықтары бар. Ғарыштан түсірілген түсірілім берілгендеріне сәйкес Арал маңында қалыптасатын тұзшаңды ағындар 150 – 300 км-ге таралады. Бұл өз кезегінде территорияның одан арғы уақытта шөлге айналу үрдісіне алып келеді. Республикада жер ресурстары өнімдерін қарқынды қолданудың нәтижесінде өндіріс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд.т. жинақталған. Республикада жылына бір адамға шаққанда таужыныс заттарының 50 т. Табылады және қайта өңделеді. Олардың ішінде 95 % қалдықтарға кетеді.

Орман ресурстары. Республикада мемлекеттік орман қоры жерінің ауданы 25,56 млн. га. құрайды, оның ішінде орман 11,4 млн. га. жер алып жатыр. Ормандардың көп бөлігі сексеуіл, бұталы және тек аздаған бөлігі жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар тұқымды болып келеді.

Қорытынды. Қазақстандағы қоршаған ортаның жағдайы шиеленісті болып қала береді. Республикадағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қоршаған ортаны қорғаудың тұрақты дамуы үшін іс әрекеттің Ұлттық жоспары қалыптастырылған. 2007 жылдың қаңтар айынан бастап Республикада Экологиялық кодекс іске қосылған.

Стратегиялық мақсаттардың құрамына:

- қоршаған орта жағдайын бақылауға мониторингтің біртұтас жүйесін құру;

- табиғатты пайдалануды жоспарлау, экологиялық бағдарламаларды өңдеу;

- табиғат ортасы сапасының жағдайын бағалау, экологиялық аудандастыру;

- табиғатты қорғау заңнамасын толық жетілдіру;

- экологиялық бақылау және мөлшерлеу жүйесін толық жетілдіру;

- экологиялық білім беру және тәрбиелеу жүйесін дамыту;

- қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықаралық әріптестік бағдарламасын өңдеу.


Бақылау сұрақтары


1 Қазақстан территрриясындағы ауа бассейінінің ластану көздерін атаңдар.

2 Қазақстанда қоршаған орта жағдайын бақылауды жүзеге асыратын негізгі қызмет қандай?

3 Ауа және су ортасы қандай параметрлер бойынша мөлшерленеді?

4 Қоршаған орта жағдайын жақсарту бойынша қандай шараларды қабылдау қажет?

  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Павлодар Кереку 2009 iconС. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті А.Қ. Тұрышев МӘШҺҮр жүсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку 2009
Ш. Т. Жұмаділова – Павлодар облысының білім беру басқармасы, Тілдерді дамыту бөлімінің бастығы. Ы. Алтынсарин атындағы сыйлықтың...
Павлодар Кереку 2009 iconМәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы А.Қ. Тұрышев МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері Оқу құралы 2 бөлім Павлодар Кереку 2009
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі басуға ұсынған
Павлодар Кереку 2009 iconМәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы А.Қ. Тұрышев МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері Оқу құралы 2 бөлім Павлодар Кереку 2009
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі басуға ұсынған
Павлодар Кереку 2009 iconКереку-Баян өңірінің батырлары бойынша мақалалар мен материалдар жинағы Павлодар Кереку 2008
Арын Е. М. (бас редактор), Артықбаев Ж. О. (жауапты редактор), Кадысова Р. Ж., Ақышев А. А., Нұрбаев Қ. Ж., Ерманов А. Ж
Павлодар Кереку 2009 iconАзақ тілі пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Павлодар Кереку 2009
С. Торайғыров атындағы пму-дың қазақ тілі кафедрасының оқу-әдістемелік кеңесі басуға ұсынған
Павлодар Кереку 2009 iconЖ. аймауытұлы прозасының тілі оқу құралы қайта басып шығарылған
Г. Т. Кәріпжанова – Павлодар: Кереку, 2009. 154 б., қайта басып шығарылған,келісімшарт №12
Павлодар Кереку 2009 iconЛттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009
Ж. А. Усин – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, пмпи, Дене шынықтыру және спорт факультетінің деканы
Павлодар Кереку 2009 icon050301 «Заңгер» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқу құралы (Жалпы бөлім) Павлодар Кереку
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі баспадан шығаруға ұсынған
Павлодар Кереку 2009 iconЖобалау негіздері 050208 Зоотехния мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерге арналған курстық жобалаудың әдістемелік нұсқауы Павлодар Кереку 2009
С. Торайғыров атындағы пму-дың биология-химия факультетінің жалпы биология кафедрасының отырысында басуға ұсынылды
Павлодар Кереку 2009 iconЕсеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009
С. Торайғыров атындағы пму-дың қаржы-экономика факультетінің есеп және аудит кафедрасының отырысында басуға ұсынылды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница