1 Бөлім. Ежелгі кезеңдегі Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тайпалық және ежелгі мемлекеттік одақтар




Скачать 437.44 Kb.
Название1 Бөлім. Ежелгі кезеңдегі Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тайпалық және ежелгі мемлекеттік одақтар
страница1/3
Дата конвертации19.09.2012
Размер437.44 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://portal.vkgu.kz:1010/6273/4.doc
  1   2   3
ДӘРІСТІК КЕШЕН


1- Бөлім. Ежелгі кезеңдегі Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тайпалық және ежелгі мемлекеттік одақтар Глоссарий:

А

антропогенез – адамның шығу тегі туралы ілім.

аналық рулық қауым - өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы

Б

бифас – екі жағы ұшкірленіп өңделген тас еңбек құралы.

Г


гуньмо – үйсіндердің әскери көсемі немесе билеушісінің титулы.

Д

динар – Шығыс елдерінің ежелгі алтын теңгесі.

дирхем – ежелгі араб күміс теңгесі.

З

зекет – мал шаруашылығымен айналасатын шаруалардан алынатын салық

Қ

қыстырма техникасы – заттың негізі сүйектен немесе ағаштан жасалып, оған саңылаулар тесіліп, ұзындығы 2-1 см пышақ сияқты тас қалақшадан істелген өткір ұш салынып, қара маймен немесе қара майлы затпен бекітіледі.

Л

леваллуа – дайындалған нуклеустан дұрыс формадағы пластинаны қиып алатын тас өңдеу техникасы.

М

«малта тас мәдениеті» - өзен тастарының жарықшалып бөлініп, бір жағы өңделген тас өңдеу техникасы.

микролит – жебе ұштары және еңбек құралдарының қыстырмасы ретінде пайдаланатын (2-3 мм) ұсақ тастар.

Н

неолиттік революция - табиғат өнімдерін пайдаланушы түрінен (аңшылық және терімшілік) өңдеуші шаруашылыққа (мал шаруашылығы мен егіншілік) ауысу.

О

отырықшылық – балық аулаушылық пен теселі егіншіліктің пайда болуына байланысты бір орында өмір сүру образы

П

паритет – теңдік, тең қатынастар

патриархат – аталық ру – ер адамдар басты рөл атқаратын рулық қауым кезеңі.

Т

тарих – нақтылы және әлеуметтік өмірдің алуан түрлі деректеріне негізделген адамзаттың өткен заманы туралы қоғамдық және гуманитарлық ғылымы.

тарихылық – дүниеге келтіру себептерімен табиғи байланыста, өмір мен құбылыстарды қалыптасу және даму сатында тану қағидасы.

Ш

шаньюй – ғұндардың жоғарғы билеушісінің титулы.

Э

этноним – тайпа, халық атауы.


1-Тақырып. Палеолит дәуіріндегі Қазақстан

Дәріс тақырыбы: палеолит кезеңіндегі Қазақстанның даму ерекшеліктерін ашу

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Ежелгі палеолит кезеңіндегі Қазақстан

  2. Қазақстанның мустьерлік ескерткіштері

  3. Соңғы палеолит кезеңіндегі Қазақстан

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):

Адамзат өмірі белгілі әлеуметтік-экономикалық формацияларға байланысты бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Археология ғылымының өзіне тән кезеңдерге жіктеу жүйесі қалыптасқан: тас, қола, темір дәуірлері және ортағасырлар. Бұл дәуірлер өз кезегінде бірнеше кезеңдер мен мәдениеттерге бөлінеді.

Адамзат өмірінде алғашқы қауымдық кезең негізгі рөл атқарады. Ол тас дәуірінен басталады. Бұл кезеңде адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалды. Сонымен қатар, өндіргіш күштердің төменгі деңгейімен сипатталады, себебі, адам табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен ғана шектелді.

Ежелгі палеолит (б.з.б. 2 млн.-140 мыңжылдықтар). Ежелгі Қазақстан климаты: Таулар аласа болғандықтан оңтүстіктен, Үнді мұхит жақтан Қазақстанға ылғалды жылы ауа соғып тұрды. Жылы жаңбыр жиі жауды. Субтропиктік ормандар жайқалды. Сонымен қатар, 1,5-1 млн жыл бұрын Гиндукуш, Гималай, Қарақорым, Тянь-Шань мен Алтай таулары муссондарды өткізбейтін кедергілерді қалыптастырып, ландшафты өзгеріске ұшыратты. Муссондар мен циклондардың қозғалысының өзгеруі кейбір территориялардың шөлге айналуына себепші болды. Бірақ ол Қазақстанның барлық аумағына бірдей әсер еткен жоқ. Каспий теңізі ойпаты мен Үстірт қыратында палеолиттен неолитке дейін тұрақты климаттың болуы үздіксіз эволюцияны дәлелдейді. Сонымен қатар, бұл аймақтағы шикізаттың молдығы, аң аулаушылық қоныстарының болуы тікелей әсер етті.

Ал Қаратау жоталары да өтпелі аймақтар болып таьылады. Себебі, оның бір жағынан Солтүстік Тянь-Шань жоталарының сілемдері болуы (мұзарттар болуы мүмкін) және екінші жағынан ол Орта Азияның құмды даласы мен Бетпақдаланың саздақты даласын бөліп жатты. Сондықтан Қаратау жотасының климаты қолайлы болып, ол ұзақ уақытқа дейін созылған.

Біздің заманымыздан 100 - 80 мың жылдай бұрын климаты өзгеріп, ауа- райы суытып, тауларды мұз басты. Ауа-райының суытуы ұзаққа созылды. Тек 12 мыңыншы жылда жылынып, климат қалыптасты.

Ежелгі палеолит үш ірі кезеңге немесе мәдениетке бөлінеді: олдувэй (бұдан бұрынғы 2,6 млн.жыл – 700 мың жыл), ашель ( бұдан бұрынғы 700 мың – 150-120 мың жыл) және мустье (бұдан бұрынғы 150-120 мың – 35-30 мың жыл).

Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм – алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте қалыптаса бастады. Ал мустье кезеңінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі қалыптасып, қауымның басты нысандары шыға бастады. Соңғы палеолитте алғашқы қауымның барлық объективті белгілері пайда болды.

Ежелгі адамдар ежелгі палеолит (б.з.б. 800-140 мыңжылдықтар) дәуіріне жатады.

Қоныстар: Оңт. Қазақстандағы Қаратау жотасы, Арыстанды өзенінің бойы, Жамбыл облысындағы Шабақты, Бөріқазған, Тәңірғазған (екі қырлы және бір қырлы шапқықұралдар, шапқылар, аур тас сынықтар, Ірі ұра тастар – нуклеустер) , Ақ көл 1 тұрақтары, Шу өзенінің оң жағасындағы Қазанғап шатқалындағы Қарасу тұрағы,

Орталық Қазақстандағы Құдайкөл тұрағы (екі жақ беті өңделген құралдар – бифас, жануарлардың терісін өңдеуге және ағашты ұсатуға арналған қырғыштар, нуклеустер), Жезқазған қаласының маңындағы (150 км) Жаман-Айбат және Қарағанды облысындағы Обалысай тұрақтары (шапқы құралдар). Мунда құралдар қара және сұрғылт-жасыл түсті шақпақ тас жыныстарынан жасалған.

Солтүстік Балқаш өңірі – тұрақтар шұңқырлар тізбектерінің үстіне, өзен және көл қабақтарының, шикізат шығатын шоқылардың басында орналасқан. Жезқазған облысындағы Саяқ поселкесінің шығыс жағында 60 шақырым жерде Семізбұғы алқабы орналасқан.

Алғашқы еңбек құралдары: чоппер, чопплинг, қол шапқы, шақпақ тас, қырғыштар, үшкір тастар, піспектер, шой балғалар

Бұл кезеңде адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне –бірін ұрған. Мұндай өңдеу тәсілі – «соққылау техникасы» немесе «малта тас мәдениеті» деп. Аталады. Себебі, тас өңдеу үшін өзендегі малта тастар пайдаланылған. Тас құралдардың бір шеті өңделген, екі жағынан мол сындырылып жұқартылған, өткірленген имек жүзі бар, ал қарсы жағы өңделмеген.

Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: ірі жануарларға аңшылық, терімшілік дамып, отты пайдалана бастады. Түрғын үйлерін (ірі жануарлардың сүйектерін терімен жабу арқылы) қалыптастырып, үңгірлерді де пайдалана білді. Қауымдық меншік адамдар арасындағы теңдікті қалыптастырды.

Орта палеолит( мустье ) (б.з.б. 140 – 40 мың жылға дейін, 80 мыңжылдықта жер бетін мұз басу дәуірі басталды). Мустье дәуірі – ежелгі адамның дамуы мен мәдениетіндегі жаңа кезең.

Еңбек құралдары: тас жарықшақтары, тілгіштер, қырғыштар, үшкір тас, балта. Бұл кездегі адамдардың басты кәсібі – аңшылық пен терімшілік болды. Аң аулаудың басты әдісі – аңды қуып жүріп, болдыртып, қаумалап ұстау болды.

Ежелгі мустье кезеңіндегі адам неандертальдық деп аталды. Маңдайы тайқы, мойыны қысқа, тістері өте ірі, иегі қалыптаспаған, мағыналы сөйлей алмаған.

Археологиялық ескерткіштер: Орталықтардың бірі – Оңтүстік Қазақстандағы Қаратаудан жер бетіне жақын орналасқан бірнеше адам тұрағы табылды. Бұлар – Топалы шатқалынан табылған және Ақкөл көлінен оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан Қызылрысбек тұрақтары, Арыстанды мекеніндегі Шоқан Уәлиханов тұрағы, Орталық Қазақстандағы Обалысай тұрағы, Үшбұлақ қойнауынан аңшылардың шағын топтарының тұрағы табылды. Мустье дәуірінің еңбек құралдары, сондай-ақ Сарысу өзенінің орта ағысындағы Мұзбел деген жерден және Есіл өзенінің жоғарғы жағынан, яғни Қарағандының солтүстігіндегі Батпақ (8,12) шатқалынан және Шығыс Қазақстанда Қанай ауылынан табылған. Ал Жезқазған облысының Ағадыр ауданында Өгізтау – 1 және 2, Үлкен Ақмая тұрақтарынан сұрғылт кварциттен жасалған еңбек құралдары кездеседі.

Кейінгі палеолит (б.з.б. 40 –35 – 12 мың жыл бұрын). Бұл дәуірде саналы адам қалыптасты. Мұндай адам сүйегі бірінші рет Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен табылды. Оны кроманьондық деп атайды.

Бұл кезеңде қазақстанның ландшафтында, палеоклиматында, жануарлар мен өсімдіктер әлемінде өте үлкен өзгерістер болады. Жер бетінің құрылысы қазақстанның қазіргі жағдайына ұқсас болды. Климаттың ерекшелігі - өте суық және құрғақшылық кезең болып табылады. Екі негізгі палеогеографиялық жағдай болады – 1) Қазақстанның шығыс бөлігінде көлемді таулы аймақтар пайда болады; 2) Сарыарқа аймағында су желісінің нашарлауы және тоңдану үрдісінің басталуы. Бұл жануарлардың кетуіне ықпал жасады.

Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: Тамақ табудың негізі – аң аулау болып қала берді. Аңшылардың аң аулау барысында ұзақ жорықтар жасауы – тұрғын үйдің бір түрі ретінде күркелі уақытша қоныстардың пайда болуына әсер етті.

Адам бұрынғысынша жеуге жарайтын жеміс-жидектерді терумен айналысты. Осындай жағдайда қоғамдық қатынастар жетіліп, адамның бірлескен ұйымының алғашқы түрі­ рулық қауым болды.

Өз бетімен жұмысқа арналған тапсырма:

  1. Ежелгі тұрақтар Қазақстанның қандай бөлігінде табылған?

  2. Қазақстан территориясында палеолиттік мәдениеттің ескерткіштері қандай жерлерде шоғырланған?

Әдебиеттер:

1. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. Алматы 1993.

2. Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана. – Алма-Ата, 1979.

3. История первобытного общества. Эпоха родовой общины. – М., 1986.

4. Логвин В.Н. Каменный век Казахстанского Притоболья. Алма-Ата. 1989.

5. Палеолит СССР. - М., 1984

6. Вислогузова А.В. К вопросу о геологическом возрасте древнего палеолита хребта Каратау // Археологические исследования в Казахстане. – Алма-Ата, 1973 – С. 97-101.

7. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2005.


2 Тақырып. Мезолит және неолит дәуіріндегі Қазақстан

Дәріс мақсаты: мезолит пен неолит кезеңдеріндегі Қазақстанның тайпаларының ерекшеліктерін анықтау

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Мезолит кезеңіндегі Қазақстан. Чаглы мезолиттік мәдениеті.

  2. Қазақстан территориясындағы неолиттік кезеңнің ерекшеліктері мен ескерткіштері

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):

Мезолит дәуірі­ ежелгі тас дәуірі мен жаңа тас дәуірі­неолит арасын жалғастыратын көпір. Сонымен қатар, бұл дәуірді көшпелі және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетінің қалыптасу және даму уақыты ретінде сипаттауға болады. Бұл кезеңде екі маңызды оқиға болған – жебелі садақтың және үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент формасындағы ұсақ тас пластиналар – микролиттердің пайда болуы.

Өзгерістер: ауа – райы күрт жылынды; мұздар еріді; шөбі мол далалардың көлемі азайды; жануарлар құрып кетті; адамдар жануарлар артынан көіп отыруға мәжбүр болды.

Шаруашылығы: “Мамонттық ” жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, тіршілік құралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттілігін туғызды. Ұсақ жануарларға аңшылық етіп, итпен жеке аңшылық ету қалыптасты. Кейбір аймақтарды егіншілік пен мал шаруашылығы элементтері пайда болып, ал кейбір жерлерде балық аулау мен аңшылық қалыптасты.

Шаруашылықта болған өзгерістер қауымның бқлшектенуіне әкеп соқты, яғни қауымда 30 –дан 100 ге дейін адамдар болды.

Еңбек құралдары: жебелі садақ пен бумеранг. Еңбек қүралдарын жасауда қыстырма техникасы қолданылды. Бұл техника бойынша заттың (пышақтың, қанжардың, жебе мен найза ұшының) негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды. Олардың негізінде ұзынша қиықтар-саңылаулар жасалып, оларға ұзындығы 2-1 см пышақ сияқты тас қалақшадан істелген өткір ұш салынып, қара маймен немесе қара майлы затпен бекітілген. Осындай сапқа бекітудің негізінде кез-келген еңбек құралын дайындауға болатын еді. Мысалы: жебелердің, шанышқылардың, найзалардың ұштары, тері өңдеуге арналған қырғыштар мен сүргілер, пышақтар, сүйек пен ағашты өңдеуге, саңылау тесуге арналған сүргілер мен біздер, кескіштер, жебе сабын өңдеуге арналған қырғылар.

Ескерткіштері:

        1. Солтүстік Қазақстанда – шағалалы мәдениеті (Виноградовка – 2а,12 тұрақтары)

        2. Орталық Қазақстанда - Әкімбек, Қарағанды – 15 тұрақтары

        3. Оңтүстік Қазақстанда – Жаңа шілік, Маятас тұрақтары

        4. Батыс Қазақсстанда – Дүзбай – 6, Дачная, Евгеньевка тұрақтары

Неолит дәуіріндегі табиғи орта осы заманғы бейнеде болды. Өзгерістер: адамдар табиғи жануарларды қолға үйретті, жер өңдеумен айналыса бастады; қыш ыдыс – керамика жасаудыүйренді. Олардың сыртында геометриялық өрнектер салынған; тас өңдеу әдістері жоғарғы дәрежеге жетті. Тас қалдықтардан сына дайындады. Тастың тұтқыр түрлерінен балта, кетпен, келі, келісап, ал граниттен – дән үккіштер жасады. Жаппай отырықшылыққа көшу басталды. Кен кәсібі мен тоқымашылық қолға алынды. Неолит дәуірі – тас өңдеу техникасының гүлденген кезеңі болып табылады. Себебі, жаңа технологиялық әдістер – арамен кесу, бұрғылау, жылтырата тегістеу пайда болған.

Еңбек құралдары: тас балталар, кетпендер, дәнүкіштер, келілер, келсаптар

Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: Неолит дәуірінде адамдар тұтынушы шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншілікпен айналыса бастайды. Осы кезеңде адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығуына себепші болды. Кен кәсібі, қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды.

Әлеуметтік жағынан алғанда бұл кезеңде рулық қауым дәуірі болып табылады. Мұнда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Қоғамның ұйымдасу түрлерінің неғұрлым жоғары дамыған уақыты болды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас-туысқандық байланысына қарай және шаруашылығының біртекті сипатына қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан құрылды.

Ескерткіштері:

Батыс Қазақстан – келтеминар мәдениеті (б.з.б. ІҮ мыңжылдық аяғы –ІІ мыңжылдықтың басы). Негізгі тұрақтары: Шатпакөл, Құлсары-1-5, Шаңдыауыл, Қыземшек, Жыланқабақ, Қойқара, Сарықамыс, Шаянды, Қосқұдық –1.

Солтүстік Қазақстан –1) атбасар мәдениеті (б.з.б. ҮІІ мыңжылдықтың аяғы – ҮІ мыңжылдықтың басы). Негізгі тұрақтары: Виноградовка-2, Тельман-1,10, Қарлыға, Боголюбово, Жабай-Покровка-3.

2) маханжар мәдениеті. Негізгі тұрақтары: Маханжар, Тұздыкөл-2, Дүзбай-1-4, -12, Сор-2, Бестамақ, Амангелді, Алқау-2.

Шығыс Қазақстан – усть-нарым мәдениеті.

Орталық Қазақстан – Жасыл Балка, Қарағанды-15.

Өз бетімен жұмысқа арналған тапсырма:

  1. Микролиттер Қазақстанның қандай бөліктерінен табылған?

  2. Неолит кезеңіндегі Қазақстанның тайпаларына шаруашылықтың қандай түрі тән?

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. – Т. 1. - Алматы. – 1996.

2.Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. Алматы 1993

3. Логвин В.Н. Каменный век Казахстанского Притоболья. Алма-Ата. 1989.

4. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2005.


3 Тақырып. Қола дәуіріндегі Қазақстан

Дәріс мақсаты: Қазақстан территориясындағы андронов мәдениетінің даму ерекшеліктерін сипатта

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпаларының шығу тегі мен этникалық ерекшелігі мәселелері

  2. Ежелгі қола кезеңіндегі Қазақстан

  3. Орта қола кезеңінің ескерткіштері. Андронов мәдениеті.

  4. Қазақстанның соңғы қола дәуірі кезеңіндегі ескерткіштері

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):

Б.з.б. 2 мыңжылдықта Еуразия далалық аймақтарында қола алу тәсілі ойлап табылып, тас құралдарды күнделікті өмірден ығыстырып шығарды. Бұл кезеңдегі негізгі өзгерістер: рулық қатынастар ыдырап, орнына тайпалық бірлестіктер құрыла бастады; түсті металдар мен алтын өндірістік жолмен игерілді; мал шаруашылығы қалыптасты; біртіндеп көшпелі мал шаруашылығына ауыса бастады. Бұл екі бағыт-мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы ер адамның еңбегіне қажеттілікті арттырып, аталық отбасылық рулық қатынас орнады.

Қола дәуірінің негізгі кезеңдері:

б.з.б. ХҮІІІ – ХҮІ ғғ. – ерте қола дәуірі

б.з.б. ХҮ – ХІІ ғғ. орта қола дәуірі

б.з.б. ХІІ – ҮІІІ ғғ. кейінгі қола дәуірі

Қола дәуірі 3 түрлі ерекшелігімен ерекшеленеді.

  1. Ежелгі қола металургиясымен.

  2. Бақташылық мал шаруашылығымен.

  3. Теселі егіншілікпен.

Андронов мәдениеті. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстанның және Орта Азияның териториясын тегі жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеген. Бірінші ескерткіштің табылған жері Ачинск маңындағы Андроново селосының атына қарай бұл мәдениет – Андронов мәдениеті деп аталады. Бұл ескерткіштер тобы Минусинск қазан шұңқырынан Орал тауларына, солтүстікте Батыс Сібір жазығынан-Памир тауларына дейінгі аймақты алып жатыр. Андронов мәдениеті Қазақстанның Орталық Қазақстан бөлігінде көптеп кездесіп, 30 елді мекен, 150 қабір қазылып зерттелді. Солтүстік және Батыс Қазақстанда – Алексеевка,Ұралысай, Тастыбұлақ және Қостанай мен Челябі обл. түйіскен жері – Арқайым ескерткіштері. Шығыс Қазақстанда – Ертіс, Бұқтырма, Күршім, Қызылсу, Алтай таулы ауданы, Тарбағатай мен Сауыр тауларынан табылды. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда Таңбалы тас және Қаратау жоталарынан, Аралда – Түгіскен кесенесі зерттелді.

Археологиялық қазба материалдары бұл кезеңде Қазақстан аумағында адамның негізгі кәсібі үй маңында мал өсіру болғандығын дәлелдейді. Негізгі мал түрі – ірі қара, ал қой мен жылқы аз мөлшерде болған.

Еңбек құралдары: тас кетпендер, тастан жасалған астық түйгіштер, тоқпақшалар, түйгіштер, келілер, келсаптап, қола және мыс қол орақтар, төрт қырлы қола балға шоттар, тастан жасалған ауыр қайлалар, балға шоттар, балғалар, сыналар, руданы үгетін келсаптар.

Қоғамдық қатынастар: мал шарушылығының жедел дамуы ең бірінші кезекте ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің, халықтың басқа бұқарасынан бақташы тайпалардың бөлініп шығуына негіз болды. әлеуметтік және әскери-саяси құрылымдарда рулық-тайпалыұ бөлімшелер пайда болды.

Еркек –көсем, еркек – жауынгер, қоғамда, материалды игіліктерді өндіруде үстем дәреже алды. Ол рулық қауымның басшысы болып, туыстық әкелік жақтан есептеле бастады.

Әлеуметтік қауым отбасылық - өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндіріс өнімдеріне ортақ меншік болған еді. Кейінірек, күшейген патриархаттық әулеттік қауымдар оқшаулана түсті. Бұл алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, отбасылық меншіктің пайда болуына әкелді.

Ескерткіштері: Шығыс Қазақстанда – Трушниково, Мало-Красноярка, Усть-Нарым, Қанай; Батыс Қазақстанда – Алексеевка, Тастыбұтақ; Солтүстік Қазақстанда – Явленко –1, Арқайым; Орталық Қазақстанда – Беғазы-Дәндібай мәдениеті, Ақсу-Аюлы-2, Атасу; Оңтүстік Қазақстанда – Таутары

Өз бетімен жұмысқа арналған тапсырма:

  1. Қазіргі кезеңде Қазақстан территориясында андронов мәдениетінің қанша ескерткіштері табылды?

  2. Андронов мәдениеті бойынша қандай ғалымдар зерттеулер жүргізді?

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. Алматы, 1996, том 1.

2. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. Алма-Ата, 1979.

3. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2005.

4. Ткачев А.А., Ткачева Н.А. Итоги исследования археологических памятников Усть-Каменогрского микрорайона (1994-1998 гг.) // Вестник археологи, антропологии и этнографии. – Тюмень, 1999.

5. Маргулан А.Х. и др . Древняя культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата, 1966.

6. Ирмуханов Б. Древняя история Казахстана, Алматы, 1998.

7. Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. МИА. 1960.

8. Федорова Р.С. Основы исторического краеведения и музееведения. – Вып. 2 – Часть 1. – Усть-Каменогорск, 2004.


4 Тақырып. Сақ дәуіріндегі Қазақстан

Дәріс мақсаты: тас ғасырындағы сақ тарихының даму кезеңдерін талдап, ерекшеліктеріне сипаттама жасау.Сақ мәдениетінің қазіргі өркениетте алатын орнын айқындау.

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

1. Сақ этнонимі, деректер және территориясы

2. Сақтардың саяси тарихы

3. Сақтардың шаруашылығы мен әлеуметтік құрылымы

4. Сақтардың өнері

5. Сақтардың археологиялық ескерткіштері

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):

Сақтар біздің жыл санауымызға дейінгі 3-2 ғасырларда өмір сүрген.. Сақтардың мекен жайы- Орта Азия мен Қазақстан және Шығыс Түркістан өңірі. Сақтар тарихи жылнамалар мен көркем әдебиетте «Азиялық скифтер, Құдіретті еркектер, Жүйрік атты турлар, Скиф- сақтар, Савроматтар» деп аталады. Сақтар туралы алғашқы мәліметтер антикалық авторлардың еңбектері мен парсы-иран жазбаларында кездеседі.

Шығыстанушылардың пікірінше сақтар үшке бөлінген. Олар: теңіздің ар жағынан келген сақтар, хаома сусынын даярлайтын сақтар және шошақ бөрікті сақтар.

Теңіздің ар жағынан келген сақтар: Қара теңіздің солтүстігін, Арал маңын және , Сырдариянның төменгі ағысын мекендеген

Шошақ бөрікті сақтар: Сырдарияның орта ағысы, Тянь- Шань мен Жетісуды мекендеген.

Хаома сусынын даярлайтын сақтар: Мургаб алқабы мен алтынға бай Алтайды мекендеген.

Жазбаша деректер мен археологиялық деректер б.з.б. ҮІІІ – ҮІІ ғғ. Қазақстан және Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеттерімен – Ассириямен және Мидиямен, ал б.з.б. ҮІ ғ. ортасында Ахеменидтер мемлекеті құрылған уақыттан бастап – Персиямен байланысты болғанын көрсетеді. Кир Лидия патшасы Крезбен соғысу барысында сақтармен одақтасып, әскери көмек алған. Кейінен Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындырғысы келіп, көптеген қол жинап соғыс ашады. Бұл жорығы б.з.б. 530 жылға тұспа –тұс келеді. Бірақ жорықта Кир сақ патшайымы Томиристен жеңіліс табады.

Б.з.б. 518 жылы Кирдің жорықтарын І Дарий жалғастырып, массагет-сақтармен соғысады. Бірақ ол жеңіліске ұшыраған.

Б.з.б. ҮІ ғ. аяғы – Ү ғ. Басында ежелші Шығыста гре-парсы соғыстарының басталуымен байланысты ірі саяси оқиғалар болған. Кейбір сақ тайпалары бұл соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде парсылар жағында қатысты. Б.з.б. 500 – 449 жж. Грек-парсы соғыстары парсылардың жеңілуімен аяқталды. Бұл кезде Грецияда экономикалық және саяси дағдарыс шиеленісіп, құл иеленушілер бұдан шығу жолын Шығысқа шабқыншылық жорық ұйымдастыру деп білді. Б.з.б. ІҮ ғ. 30 – жылдарында македондық – гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменид, ІІІ Дарий Кодоманның әскерін талқандап, Орта Азияға басып кірген. Маракандты (Самаркандты) алып, Сырдарияға бет алды.

Александр Македонскийдің әскерлеріне қарсы күресте сол кезде Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеушілер ретінде массагеттер белсене қатысты. Македондық-гректер Сырдария бойындағы қалаларды қоршаған кезде олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен басқарды. Спитамен массагет-сақтардың қолдауын пайдалана отырып, македондық-гректердің әскеріне бірнеше дүркін соққы берген. Оларды әлсірету үшін Александр Маедонский араларына жік салып, өзара арандатушылық тудырып отырған. Үш жыл бойы болған соғыстың нәтижесінде македондық-гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындырады. Тек Сырдарияның арғы бетіндегі сақ тайпалары өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды.

Шаруашылығы. Сақ тайпалары көшпелі мал шаруашылығы (әсіресе қой шаруашылығы) және кей жерлерде жартылай отырықшылықпен айналысты.

Көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Орталық Қазақстанның далалы, шөлдері мен шөлейтті аймақтарында жыл бойы көшіп-қонып жүрумен сипатталды. Бұл жерлерде егіншілік дамымаған, ал шөп шабу аздаған жерлерге ғана таралды. Өсірілетін мал түрі: негізінен, қой, түйе, жылқы, ал ірі қара аз болған.шаруашылықытың қосалқы түрі ретінде аң аулау дами бастаған.

Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Жетісу, Шығыс Қазақстанның дала, орман және биік таулар араласып отыратын аудандарында, сонымен қатар, Тянь-Шань мен Алтай таулары сілемдерінде дамыған. Бұл шаруашылық түрінде маусымдық жайылымдар кеңінен қолданылып, олардың арақашықтығы жақын болған. Мұнда тік әдіс қолданылған, яғни өзен бойларындағы қыстаулардан тау баурайларындағы көктемгі жайылымға, одан әрі биік таулардағы шөбі қалың жайлауларға көшетін болған.

Отырықшы мал шаруашылығы Оңтүстік Қазақстан аудандарындағы Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, Қаратау жоталарының баурайларында дамыған.

Сақтардың шаруашылығында малдың басым көпшілігін жыл бойы жайып бағу болып табылатын шаруашылықтың жайылымдық-экстенсивті сипаты мал шаруашылығы экономикасының барлық нұсқаларының ортақ сипаты болды. Кейбір сақ тайпаларында қосалқы кәсіп ретінде аңшылық пен балық аулау да қоса жүргізілген.

Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты – қой шаруашылығы болды. Жылқы малы да көшпелі және жауынгер сақтың өмірінде маңызды рөл атқарды.

Б.з.д. 1 мыңжылдықта Ұлы Жібек жолының жұмыс жасай бастауына байланысты сақтарға жібек, иран кілемдері келіп, өздері лазурит пен нефритті саудалай бастады. Сонымен қатар ішкі сауда да дами бастады.

Қоғамдық құрылысы. Сақ тайпасын- тайпа көсемі басқарды ол әрі әскердің қолбасшысы болды. Тайпа одақтарының көсемдері: жайылым, көш, жер бөлу, жер дауы, ру мен тайпа арасындағы дау жанжалдарды қадағалады. Сонымен қатар сақ қоғамында адамдардың үш әлеуметтік тобы болды. Олар: жауынгерлер, абыздар және қауым адамдары болды. Әр қоғамдық топтың өзіне тән киімі болды. Жауынгерлер - қызыл, абыздар – ақ ал қауым адамдары – сары және көк болды.

Мәдениеті. Сақтарда ата-баб аруағына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сыйыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген туыстарының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүниелік өмір бар деген сенімге негізделді. Осыған байланысты өлген адам бұл дүниедегі дәрежесі, материалдық игіліктерімен қоса жерленген.

Сонымен қатар, олар отқа, жылқыға, күнге және басқа да аспан шырақтарына табынған. Кейбір деректер бойынша сақтардың сыйынатын негізгі құдайы – Күн.

Сақ тайпаларының көркем өнерінде қолданбалы өнер ерекше орын алады. Сақтардың әйгілі даналық өрнектері- «аңдық стиль» өрнек үлгілерімен жасалған заттар Алтайдағы Пазырық, Шілікті, Берел, Алматы түбіндегі Есік қорғандарынан табылды. Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:

Көне заманғы – б.з.б. ҮІІІ – ҮІІ ғғ.

Гүлдену, өрлеу кезеңі – б.з.б. ҮІ – ІҮ ғғ.

Құлдырау кезеңі – б.з.б. ІІІ – ІІ ғғ.

Қолданбалы өнерде әртүрлі ою - өрнектер қолданылған: геометриялық, өсімдік тектес, зооморфтық, символдық.

Жартастардағы суреттер – петроглифтер сақтар мәдениетінің бір көрінісі болып табылады.

Археологиялық ескерткіштері:

Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда – Бесшатыр қорымы, „Есік” обасы, Қарғалы-1, Алтынемел-2, Қадырбай – 2.

Шығыс Қазақстанда сақтардың материалдық мәдениеті үш кезеңнен тұрады:

Майәмір кезеңі – б.з.б. ҮІІ – ҮІ ғғ.

Берел кезеңі – б.з.б. Ү-ІҮ ғғ.

Құлажорға кезеңі – б.з.б. ІІІ – І ғғ.

Негізгі ескерткіштері: Мәйәмір, Шілікті, Берел

Солтүстік Қазақстан – Бірлік-2, 5, Бірлік, Алыпқаш -1, 13, Покровка-1, Бектеңіз-3,

Орталық Қазақстанда тасмола мәдениеті дамыған. Ол үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – б.з.б. ҮІІ – ҮІ ғғ. (Тасмола – 1-5, Қарамұран -1, Нұрманбет-4 қорымдары)

Екінші кезең – б.з.б. Ү – ІІІ ғғ.

Үшінші кезең – б.з.б. ІІІ – І ғғ. (Нұрманбет-1, Қарамұрын-2 қорымдары)

Батыс Қазақстанда савромат-сармат мәдениеті негізгі рөл атқарды (Елек өзені бойында, Целинный-1, Сынтас, Бесоба, Нагорный қорымдары)


Өз бетімен жұмысқа арналған тапсырма:

1. Есік қорғанынан табылған сақ көсемі сақтардың қай тобына жатады?

2. Шығыс Қазақстан территориясынан ежелгі тас ғасырының қандай ескерткіштері табылған?

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. Алматы, 1996, том 1.

2. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. Алма-Ата, 1979.

3. Аманжолов Қ., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. – Алматы, 1996.

4. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2005.

5. Ирмуханов Б. Древняя история Казахстана, Алматы, 1998.

6. Қазақтың көне тарихы /Дайынд. М.Қани. – Алматы: Жалын, 1999.

7. Федорова Р.С. Основы исторического краеведения и музееведения. – Вып. 2 – Часть 1. – Усть-Каменогорск, 2004.


5 Тақырып. Үйсін мемлекеті

Дәріс мақсаты: үйсіндердің қоғамдық құрылысынын, саяси тарихының, шаруашылығы мен мәдениетінің ерекшеліктерін айқындап, көрсету.

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Үйсіндердің этникалық шығу тегі мәселесі мен территориясы.

  2. Қоғамдық құрылысы.

  3. Саяси тарихы.

  4. Шаруашылығы, мәдениеті, археологиялық ескерткіштері.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

Б.з.д. бұрын 1- ғасырдың аяғында Қазақстан далаларына Орта азиядан келген үйсіндер сақтарды ығыстырып, тарих сахнасына келіп, б.з.б. 3-2 ғасырларда өмір сүрген. Негізгі териториясы- Іле алқабы- батысы Шу мен Талас арқылы Қаңлылармен, шығысында ғұндармен, оңтүстігінде Ферғанамен ұштасты. Астанасы- Чигучен (Қызыл алқап қаласы) Ыстық көлдің жағасында орналасқан.

Қазіргі деректер бойынша, үйсіндер Жетісуды қосқанда неғұрлым байтақ даланы алып жатқан. Үйсіндер көптеген жылдар бойы сюнну-ғұндарға саяси жағынан тәуелділікте болған. Б.з.б. 177 жылы өз мемлекетін құрайды.

Б.з.б. 53 жылы үйсін тайпасы ішінде таққа таласуға байланысты өзара алауыздықтар етек алып, екіге бөлінеді: Ұлы гуньмо мен кіші гуньмо пайда болып, территориялары белгіленген. Кіші гуньмоны Өжет, ұлы гуньмоны – Янгуйби басқарған. Үйсіндердің одан кейінгі саяси тарихы екі гуньмо арасындағы өзара қайшылықтарға толы болды. Өзара қақтығыстарда ұлы гуньмо Қытайға, екіншілері кангарлар мен ғұндарға арқа сүйенген. Бірақ ғұндар империясы құлағаннан кейін, оның одақтасымен қатынастары бұзылып, б.з.б. 49 жылы Өжет шекаралық шайқастарда жеңіліске ұшырап, б.з.б. 44 жылы ғұндар Чигучен қаласын тонайды. Бұл оқиғалар үйсіндердің Қытаймен қарым-қатынастарының нығаюына әсер етіп, б.з.б. 36 жылы олар солтүстік ғұндарға қарсы жорық жасайды.

Б.з.б. 30 – жылдары ұлы және кіші гуньмо арасындағы қайшылықтар шиеленісіп, кейіннен екі иелік те өз бетіндіктерін жоғалтып, Қытаймен басқарылады. Тек б.з. ІІ ғ. Қытай тәуелділігінен босаған.

ІҮ ғ. Жетісуды монғол тілдес халық – сяньбидің қолында болып, ІҮ ғ. Соңынан ҮІ ғ. Ортасына дейін бұл территорияны жужандар билей бастайды. Жужандардың жиі шабқыншылығының нәтижесінде үйсіндер Жетісудан Тянь-Шань жаққа көшуге мәжбүр болған. Кейінірек, 425 ж. Үйсіндер Қытайға өз елшіерін жіберіп, 436 ж. Вэй империясының жауапты елшілерін қабылдаған. Осыдан бастап үйсіндер Қытайға жыл сайын сыйлықтарымен елшілерін жіберіп отыратын болады. 5 ғ. Бастап үйсін атауы тарих жазбаларында кездеспейді.

Шаруашылығы. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен (әсіресе жылқы шаруашылығымен) және Талас, Сырдария өзендерінің бойында егіншілікпен айналысты. Үйсіндер мыс, қорғасын, қалайы, алтын, темірді кеңінен қолданған.

Қоғамдық құрылысы. Үйсін қоғамы- тайпа мен ру дәулеттілері, жасауылдар мен абыздар, қатардағы бұқара малшылар мен егіншілерден тұрды. Басшысы- гуньмо (күн бегі) деп аталған.

Үйсін қоғамында малға жеке меншік және қауымдық, тайпалық, рулық жайылымдарға меншік қалыптасты.

Мәдениеті. Діні- ата бабаның аруақтарына табыну. Материалды мәдениетінде үйсіндер екі түрлі тұрғын жайларда: кірпіш және тас үйлерде тұрған. Қысқы үйлер шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай құйылып қаланған. Керамика ыдыстар жасау кең тараған. Олар пайдалану жағынан – тамақ ішетін, тамақ пісіретін және шаруашылық ыдыстар болып бөлінеді. Тұрмыстық заттардан басқа әртүрлі зергерлік бұйымдар да жасалған. Олар алтын, мыс немесе қола сымнан бұрап, асыл тасты алқалары бар сырғалар жасалған. Соңғы үйсін кезеңінде зергерлік заттарға түсті тастардан көз салу кеңінен қолданылды. Сонымен қатар, тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен бұйым жасау ісі дамыған.

Археологиялық ескерткіштері: Үйсін ескерткіштері қорымдар, обалар түрінде өте көптеп кездеседі. Мысалы: Қапшағай- 3, Өтеген-3, Қызыл еспе, Қызыл ауыз, Қызыл қайнар, Қарлақ, Алтын Емел, Қаратума, Алтын Емел, Талғар, Шолақжиде, Үңгіркөр, Қалқаман, Үңгір қара, Арал төбе, Ақтас обалары мен Луговое ауылының маңынан табылған қоныстар мен 2300 м. биіктіктегі тау шатқалынан табылған атақты “ Қарғалы диадемасы” мысал бола алады.

Өз бетімен жұмысқа арналған тапсырма:

  1. «Гуньмо» титулына толық сипаттама жасау қажет.

  2. Үйсін мемлекетінің екіге бөлінуі нәтижесінде екі бөліктің сыртқы саясаты қалай айқындалды?

  3. Үйсіндер туралы деректерге сипаттама жасау.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. Алматы, 1996, том 1.

2. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. Алма-Ата, 1979.

3. Аманжолов Қ., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. – Алматы, 1996.

4. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2005.

5. Ирмуханов Б. Древняя история Казахстана, Алматы, 1998.

6. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – Алматы, 1991.

7. Қазақтың көне тарихы /Дайынд. М.Қани. – Алматы: Жалын, 1999.


6 Тақырып. Қаңлы мемлекеті

Дәріс мақсаты: қаңлылардың қоғамдық құрылысынын, саяси тарихының, шаруашылығы мен мәдениетінің ерекшеліктерін айқындап, көрсету.

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

1. Қаңлылардың этникалық шығу тегі мен территориясы.

2. Қоғамдық құрылымы.

3. Саяси тарихы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):

Қаңлылар б.д.д. 3-2 ғасырда үйсіндермен бір кезеңде сақтарды тарих сахнасынан ығыстырып, Қазақстанның оңтүстігінде үлкен тайпалық бірлестік құрды. Қаңлылардың ұлы билеушісіне бес иелік бағынышты болған. Территориясы: Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерді мекендеді. Қытай деректерінде халқының саны 600 мың немесе 120 мың үй делінген. Астанасы: Битянь қаласы.

Б.з.б. ІІ ғасырдың екінші жартысында қаңлылардың солтүстік жерлері ғұндарға, оңтүстігі – юечжилерге тәуелді болғаны туралы мәліметтер кездеседі. Б.з.б. 101 ж. Қаңлылар Қытай әскерлерінің басқыншылық шабуылына қарсы ферғаналықтарды жақтады. Б.з.б 85 ж. Шығыс Түркістан жерлерін иемденбекші болған қытайлықтарға қарсы көтеріліске шыққан Қашғар билеушісіне әскер жібереді. Мұндағы қаңлы саясатының жалпы бағыты Ферғана арқылы Шығыс Түркістанға өтетін сауда жолына ықпалын сақтап қалу еді.

Б.з.б 47-46 жж. каңлылардың билеушісі үйсіндерге қарсы күресте солтүстік ғұн шаньюі Чжи Чжимен одақтасқан. Оған өз қызын ұзатып, өз иеліктерінің шығыс шептерінен жер бөледі, өз әскерінің бір бөлігін оған басқаруға берген. Бірақ Чжи Чжи үйсін жерлеріне бірнеше рет шабқыншылық жасағанымен, оларды жеңіліске ұшырата алмайды. Соның нәтижесінде қаңлылар мен ғұндар арасында өзара келіспеушілік пайда болады.

Ү ғ. ортасында қаңлылардың күш-қуаты әлсіреп, Эфталит мемлекетінің құрамына енеді.

Шаруашылығы. Қаңлылар мал шаруашылығымен ( жылқы, қой, сиыр, түйе және ешкі өсірді) және суғармалы егіншілікпен айналысты. Сонымен қатар қосалқы шаруашылық ретінде аң аулап, балық ұстады. Қаңлылар Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстап, Қытай, Парфия, Рим, Кавказ елдерімен тығыз сауда- саттық жасап тұрған.

Қоғамдық құрылысы. Қаңлылардың қоғамдық құрлысында мүлік теңсіздігінің шығуына байланысты Ру басшылары, ақсақалдар мен әскери көсемдер байып, үстем тапқа айнала бастады. Сонымен қатар еңбекші бұқара дәулеттілерге тәуелділікке түсіп, ал соғыста қолға түскен тұтқындар құлға айнала бастады. Қаңлы тайпаларында билік мұрагерлікпен берілді.

Мәдениеті. Қаңлыларда қабырғалы бекіністер мен лайдан салған үйлері бар қала мәдениеті дамыды. Мысалы: Ақтөбе, Көкмардан т.б. көркемдік талғаммен металл, керамикалық ыдыстар жасаған. Ыдыстар айналып тұратын тұғырда таспалау әдісімен жапсырып жасалған. Безендіру және сапасын жақсарту үшін ангобтық қаптама, жылтырату, ойып өрнектеу қолданылған. Темір ұсталығы, қола құю, зергерлік іс дамыған. Сүйектен ою оятын қолөнер де дамыған. Қауыншы және отырар-қаратау мәдениеттері.

Археологиялық ескерткіштер: Мардан- күйік, Қауыншы, Жаушықұм, Жамантоғай, Төребайтұмсық, Алтыасар, Ақтөбе, Қарауылтөбе, Шаштөбе, Қостөбе т.б.

Өз бетімен жұмысқа арналған тапсырма:

  1. Қаңлылар туралы мәліметтер қандай дереутерде сақталған?

  2. Қаңлы мәдениетін сипатта.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. Алматы, 1996, том 1.

2. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. Алма-Ата, 1979.

3. Аманжолов Қ., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. – Алматы, 1996.

4. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2005.

5. Ирмуханов Б. Древняя история Казахстана, Алматы, 1998.

6. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – Алматы, 1991.

7. Қазақтың көне тарихы /Дайынд. М.Қани. – Алматы: Жалын, 1999.


7 Тақырып. Ғұн мемлекеті

Дәріс мақсаты: ғұндардың қоғамдық құрылысынын, саяси тарихының, шаруашылығы мен мәдениетінің ерекшеліктерін айқындап, көрсету.

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

1. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.

2. Ғұндардың сыртқы саясаты.

3. Ғұн мемлекетінің саяси және қоғамдық құрылымы.

4. Ғұндардың шаруашылығы, мәдениеті және діни-нанымдары.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):

Б.з.д. 2-1 ғасырда тарихқа “Халықтардың ұлы қоныс аударуын” әкелген ғұндар Қазақстан жеріне Орта Азиядан келді. Тарихи әдебиеттерде олар “хунну, сюнну” деген атпен белгілі. Ғұндар Атилланың басшылығымен Европаны ойрандап, атақты Рим империясын құлатып халықтардың ұлы қоныс аударуына негіз болды. Территориясы: Забайкальеден тибетке дейін, Хуанке өзенінен Шығыс Түркістанға дейін болды. 55 жылы құдіретті ғұн мемлекеті – оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Хань империясына ал Чжи-чжи бастаған солтүстік ғұндар Монғолияның солтүстік-батысына орналасқан Қырғыз нұр көлінің маңына орналасты. Ол қаңлылармен бірігіп үйсіндермен, қытаймен ұзақ соғысып, жеңе алмай өзара жанжалдасып тынды. Ғұндардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы б.з. 93 жылынан басталды. Олар Сырдария, Арал жағасын, Оңтүстік және Батыс Қазақстанды одан әрі Дунайға дейінгі жерлерді алды.

Ғұндардың алғашқы билеушілерінің бірі – Мөде. Ол б.з.б 202-203 жылдары Саян, алтай және Жоғарғы Енисей тайпаларын бағындырған. Осылайша, ғұн державасының солтүстік шекарасын анықтаған. Б.з.б. 200-188 жж. ғұндар Хань династиясы әскерлерімен соғысып, Баден қаласының маңында оларды жеңіліске ұшыратады. Олардың арасында некеге негізделген бейбіт келісімге қол қойылады.

Б.з.б.174-161 жж. Мөде және оның мұрагері Лаошань юечжи тайпасын жеңіп, Шығыс Түркістандағы ғұндардың батыс шекарасын анықтайды. Б.з.б. 133-71 жж. ғұн тайпалары қытай, үйсін, дунху және енисей динлиндерінің бірлескен күштерінен жеңіліске ұшырайды. Осылайша ғұндардың Орталық Азиядағы саяси үстемдігі дағдарысқа ұшыраған.

Б.з.б. 56-47 жж. ғұндар солтүстік және оңтүстік ғұндар болып екіге бөлінеді. Хуханье- шаньюй бастаған оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын мойындаса, Чжи Чжи – шаньюй бастаған солтүстік ғұндар қаңлылар территориясына көшіп кетеді. Б.з.б 42 ж. біріккен қаңлы және ғұн әскерлері үйсіндердің астанасын талқандаған. Ал б.з.б. 37-36 жж. қаңлы-ғұн одағы ыдырап, Талас жазығында Чжи Чжи ордасы пайда болады.

Б.зб. 36 жылы ғұн ордасы қытайлармен талқандалып, Чжи Чжи өлтіріледі.

Б.з. 93 ж. Солтүстік ғұндардың Жетісу мен Шығыс Қазақстан территориясына қоныстануының екінші толқыны басталады. Бұның нәтижесінде ғұндар Жоңғария мен шығыс ТяньШаньдағы гегоманияға жету мақсатында жеңіліске ұшырайды.

Б.з. 437 ж. Аттила басқаруымен ғұн әскерлері Бургун корольдығын жеңілісіске ұшыратады. Б.з. 448-451 жж. Аттиланың Шығыс және Батыс Рим империясына қарсы соғыстары жүріп, ал б.з. 452 ж. Солтүстік Италияға жорық жасайды.

Б.з. 453 ж. Ғұн империясы өзара ішкі қақтығыстар мен сыртқы соғыстардың нәтижесінде ыдырайды.

Шаруашылығы. Ғұндар негізінен көшпелі мал шаруашылығы, сонымен қатар отырықшылық пен егіншілік және аң аулау дамыды. Сонымен қатар ғұндар көршілерімен үнемі сауда-саттық жасап тұрған.

Қоғамдық құрылысы. Мемлекет басында шексіз билікке ие болған шаньюй тұрды. Оған түменбасы аталған князьдар (көбінде өзінің балалары мен інілері және туыстары) болды. Шаньюй мыңбасы, жүзбасы, онбасыын сайлады. Бұл лауазымдар ұрпақтан-ұрпаққа берілді. Ғұн қоғамы 24 руға бөлінді. Сонымен қатар құлдар, дәйекшілер, бақташы, кәсіпқой, малшы, егіншілер болып бөлінді. Малға әулеттік және жеке меншік болған.

Мәдениеті. Ғұндардың ең көркем дүниесі алтыннан, күмістен, қоладан, асыл тастардан жасаған көркем өнер үлгілері болып табылады. Сонымен қатар, алтынмен зерлеп тіккен әсем киімдері мен бас киімдерімен де ерекшеленеді. Ғұндарда қолөнер, металл, сүйек пен мүйіз, тас пен саз және ағашты өңдап пайдаланған.

Археологиялық ескерткіштер: Алтай төңірегі, Пазырық, Қотанды, Шибэ.

Өз бетімен жұмысқа арналған тапсырма:

  1. Ғұндар туралы мәліметтер қандай деректерде сақталған?

  2. Аттиланың қандай жорықтары Еуропаны басып алуда маңызды болды?

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. Алматы, 1996, том 1.

2. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. Алма-Ата, 1979.

3. Аманжолов Қ., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. – Алматы, 1996.

4. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2005.

5. Бернштам А.Н. Очерки истории гунов. Л., 1951.

6. Ирмуханов Б. Древняя история Казахстана, Алматы, 1998.

7. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – Алматы, 1991.

8. Қазақтың көне тарихы /Дайынд. М.Қани. – Алматы: Жалын, 1999.

9. Өтенияз С. Аттила. – Алматы, 2000.


2 – Бөлім. Қазақстанның мәдени дамуы. Көшпелі әлем мен отырықшы өркениеттің өзара байланысы мәселесі.

Глоссарий:

А

антропогенез – адамның шығу тегі туралы ілім.

аналық рулық қауым - өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы

Б

бифас – екі жағы ұшкірленіп өңделген тас еңбек құралы.
  1   2   3

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

1 Бөлім. Ежелгі кезеңдегі Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тайпалық және ежелгі мемлекеттік одақтар iconБөлім Ежелгі кезеңдегі Қазақстанның этникалық территориясы Глоссарий: Тақырып 1
Дәріс мақсаты: Ежелгі Қазақстандағы ежелгі тайпалар мемлекеттерінің орналасуы туралы түсінік беру

1 Бөлім. Ежелгі кезеңдегі Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тайпалық және ежелгі мемлекеттік одақтар iconСӨож (Студенттің оқытушының көмегімен өз бетімен жұмысы)
Ежелгі қазақ және Орта Азия жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс және тайпалық одақтар мәдениеті

1 Бөлім. Ежелгі кезеңдегі Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тайпалық және ежелгі мемлекеттік одақтар iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Тақырыбы: Қазақстанның ежелгі тарихы: Қазақстан территориясындағы палеолит және мезолит

1 Бөлім. Ежелгі кезеңдегі Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тайпалық және ежелгі мемлекеттік одақтар iconБөлім Бірікен Ұлттар Ұйымының жүйесі
Дәріс мақсаты: Ежелгі Қазақстандағы ежелгі тайпалар мемлекеттерінің орналасуы туралы түсінік беру

1 Бөлім. Ежелгі кезеңдегі Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тайпалық және ежелгі мемлекеттік одақтар iconҚазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер
Түріктік этно- және глоттогенездік (этнос пен тілдің қалыптасқан жері) ежелгі ошақтары. «Түрік» этнонимі. Ашина түркілері-«Түрік...

1 Бөлім. Ежелгі кезеңдегі Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тайпалық және ежелгі мемлекеттік одақтар iconҚазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер
Түріктік этно- және глоттогенездік (этнос пен тілдің қалыптасқан жері) ежелгі ошақтары. «Түрік» этнонимі. Ашина түркілері-«Түрік...

1 Бөлім. Ежелгі кезеңдегі Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тайпалық және ежелгі мемлекеттік одақтар icon«ежелгі дүние және орта ғасырлар тарихы» пәні бойынша № Мазмұны
Орталықтандырылған жалпы Египет мемлекетінің қалыптасуы және Ежелгі патшалық дәуіріндегі оның гүлденуі

1 Бөлім. Ежелгі кезеңдегі Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тайпалық және ежелгі мемлекеттік одақтар iconРеферат жазу. Философия тарихы түрлері, кезеңдері, бағыттары Ежелгі Үнді философиясы. Ежелгі Қытай философиясы Таным мәселелері. Джайнизм философиясы. Буддизм. Ежелгі Үнді философиясы. «Ежелгі Қытай философиясы»
Мифология. Дін. Философия. Материализмнің тарихи түрлері. тақырыбына реферат жазу

1 Бөлім. Ежелгі кезеңдегі Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тайпалық және ежелгі мемлекеттік одақтар iconЕжелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері  (сократтыққа дейін)
...

1 Бөлім. Ежелгі кезеңдегі Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тайпалық және ежелгі мемлекеттік одақтар iconЕжелгі Қазақстан тарихы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница