Кеңес Нүрпейісұлы Нүрпейістің




НазваниеКеңес Нүрпейісұлы Нүрпейістің
страница3/28
Дата конвертации19.09.2012
Размер4.18 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kazmkpu.kz/attachments/425_2010 Tarih g.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

ҒАЛЫМ САЛҒАН ЖОЛ


Аширбекова Ж.Б.-т ғ.к.,доцент м.а.(Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


Ғалым, қоғам қайраткері, Республика Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер тарихшы Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейістің кеңестік кезеңдегі ғылыми зерттеулері 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы революциялық оқиғаларға, кеңестердің құрылуына, Кеңес өкіметі тұсындағы Қазақстанның қоғамдық-экономикалық өмір жолдарына, азамат соғысына арналып, осы бағытта мұрағат құжаттарына сүйене бірнеше іргелі ғылыми жүргізіп, кітаптар шығарды. Бұл ретте ғалымның 1962 жылы шығарған «Қазақстандағы Октябрь революциясы мен азамат соғысының тарихы», 1963 жылы шығарған «Қазақстандағы Кеңестер билігі үшін күрес», 1972 жылы басылған «Қазақстанның шаруалар Советтері (1917-1929)», Г. Дахшлейгермен бірлесе жазған «Қазақстан шаруаларының тарихы» және тағы басқа іргелі зерттеу еңбектерін айтуымызға болады. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдары ғалым Қазақстан тарихында «ақтаңдақ» саналған мәселелерді қарастыруға кірісті. 1990-2007 жылдар аралығына дейін ғалым Алаш мәселесіне, қуғын-сүргінге, қазақ ұлт зиялыларының тағдырына арнаған жүздеген ғылыми зерттеу мақалаларын жазып, осы мәселе төңірегінде шәкірттерін тәрбиелей де білді.

Ғалымның қоғамдық-саяси қызметі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен тығыз байланысты. Себебі, 1958 жылдың ақпанынан бастап осы институтқа ғылыми қызметке шақырылып, өмірінің соңына дейін институтта еңбек жолы өтті. Еңбек жолын кіші ғылыми қызметкерден бастап Ұлттық ғылым академиясының академигіне дейін өсті. Белгілі А. Нүсіпбеков, Б.Сүлейменов, Г.Ф. Дахшлейгер, М. Қозыбаев, М.-А. Асылбеков, П.Белан, Т.Балақаев, Н. Едігенов және тағы басқа тарихшы-ғалымдармен қызметтес болды.

К. Нұрпейіс 1976 жылдан 2007 жылға дейін институттың Кеңес дәуірі кезеңіндегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Осы жылдар аралығында академик ағамыздың қатысуымен және басшылығымен бірнеше іргелі зерттеулер жүргізіліп, жарық көрді. Мәселен, 1976-1980 жылдар аралығында Т.Б. Балақаев, Г.Ф. Дахшлейгер, Х.А. Арғынбаев, Ф.К. Михайлов, В.К. Савосько сияқты тарихшы-ғалымдармен бірлесе «Кеңестік Қазақстанның шаруалар тарихы» тақырыбында іргелі зерттеу жүргізуге қатысып, статистикалық, мұрағат және арнаулы ғылыми зерттеулерді жинастыру нәтижесінде Қазақстандағы аграрлық қатынастардың қалыптасуы, азамат соғысы тұсындағы ішкі және сыртқы жаулармен күресу барысы, республикада ауылшаруашылығының қалыптасу барысы, ауылшаруашылығындағы шаруалардың әлеуметтік жағдайы мәселелерін ашып көрсетті /1, 117-б./.

Одан кейінгі жылдары ғалым «Ұлы Октябрь және азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік құрылысы (1917-1920 жж.)» тақырыбына ғылыми жетекшілік жасап, Казақ Кеңестік мемлекеттің құрылуы мен оны құру жолындағы басты қиыншылықтар мәселесі зерттеу нысанына алынды. Ал 90-жылдары К. Нұрпейістің қатысуымен «Қазақ шаруаларының тарихи тағдыры», тікелей басшылығымен Қазақстан ауыл-селоларының қоғамдық-саяси және мәдени өмірі», «ХХ ғ. басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі Алаш партиясының орны мен рөлі», «Қазақстандағы саяси қуғын тарихы», «Саяси рухани сала бойынша тоталитарлық жүйеге қарсылық», «ХХ ғасырдағы Қазақстанның территориялық тұтастығы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының қалыптасуы» атты тақырыптарға іргелі зерттеулер жүргізілді /2, 118-125-бб./.

К.Нұрпейіс ерікті тарихи-ағарту бағытындағы «Әділет» қоғамының қызметіне де белсене қатысты. Ғалымның тікелей қатысуымен қуғындалған қазақ азаматтарының аттары ақталып, жазықсыз жалған жалаға ұшырағындығы анықталды. Қуғындалғандарға арналған конференция, дөңгелек үстел өткізуге ат салысты.

Көрнекті ғалымның есімі елімізде ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттерге де белгілі болды. Ол тарих саласы бойынша Стамбұл, Бішкек, Ереван, Москва және Қазақстан қалаларында өткізілген конференция, басқосу, дөңгелек үстелдерге қатысып, әр түрлі тақырыптарда баяндамалар жасады. Саяси құрғын-сүргін құрбандары болған А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, С. Қожанов, Х. Досмұхамедов, Н. Төреқұлов, С. Сейфуллин, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков, М. Тынышбаев, М. Шоқай, Е, Бекмаханов, О. Жандосов, Н. Сырғабеков және т.б. ХХ ғасыр басынан 30-жылдардың соңына дейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан қайраткерлерге арналған конференция, бас қосуларда баяндамалар жасап, аталмыш тұлғалардың тағдыры жайында құнды мәліметтер бере білді. Ол сонымен қатар ХVIII-XX ғасырдың қазақ халқын сыртқы жаулардан (жоңғар шапқыншылығынан, орыс экспанциясынан) қорғаған қазақ батырларына арналған ғылыми конференцияларда да баяндама жасап, ел үшін ерлік көрсеткен батырлардың батылдығын тарихи тұрғыда дәлелдеп берді /3, 58-67-бб. /.

К.Нұрпейіс Қазақстан тарихының кейбір мәселелерін қайта қарау қажеттігін де ұсынды және коммунистік идеология шеңберінде жазылған еңбектердің барлығын бірден жоққа шығармау керектігін де баса көрсеткен. Жаңа деректерге сүйене отырып, бұрынғы ғылыми зерттеулерді де негізге ала, өзекті мәселелерге жаңа пайымдаулар жасаудың аса маңыздылығын нақтылады.

Ғалым «Қазақстан тарихы» бойынша мектеп оқулықтарын жазуға қатысты және сол оқулықтарда бұрындары қарастырылмаған тың тақырыптарды енгізді. Сонымен қатар ол «Қазақ ССР ҒА Хабарлары» және Тарих және этнология институтының «Отан тарихы» журналдары редакциясының алқа мүшесі, «Қазақ тарихы» журналының редакциясына мүше болды. Оның басшылығымен Орталық мұрағатта «Туған өлке» атты журнал шығарылды. Бұл журнал қазір де жалғасын тауып, қызықты материалдармен оқырмандарын қауыштыруда.

Кеңес Нұрпейісұлы 1959-2007 жылдар аралығында 500-ден аса ғылыми зерттеу мақалалары мен бірнеше жинақтар, ғылыми зерттеу еңбектерін монография түрінде жариялады. Бұл ретте 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты ғалым қатысқан «Ақкөз батыр» атты жинағын атауымызға болады. Сондай-ақ 2003-2007 жылдары институт қызметкерлерімен бірлесе «Алаш қозғалысы» атты көп томдық құжаттар мен материалдар жинағын шығаруға қатысты. Ғалым бұл жинаққа ұзақ жылдар бойы жинастырған ХХ ғасыр басындағы мерзімді басылым материалдары мен мұрағат құжаттарын енгізіп, Алаш қозғылысының құпия тұстарын шешуге елеулі үлес қосты. «Алаш қозғалысының» бірнеше томы жарық көрді.

Қайраткердің тікелей редакциялық қатысуымен 40-тан аса еңбектер мен жинақтар жарық көрді. Бұлардың ішінен Н.Төреқұлов, О.Жандосов, Т.Рысқұлов, О.Әлжанов, Х.Досмұхамедов шығармалар жинағын айта аламыз. Бұл шығармалардың кейбіреулеріне алғысөз жазып, қайраткердің өмір жолдарын, қоғамдық қызметтері жайында бұрындары белгісіз болып келген тұстарына байланысты мәліметтер бере білген. Т. Рысқұловтың шығармалар жинағындағы «Тұрар Рысқұлов және оның кезеңі» деп аталған мақаласында ол Тұрардың балалық шағынан бастап, ірі қайраткер болғанға дейінгі өмір жолдарын, оның қайраткер ретінде қалыптасуына себепші болған барлық жәйттерді талдап береді және ашаршылық тұсындағы оның батыл қадам жасап жоғары орынға хат жазып, елді аштық пен індет жайлап жатқандығын, мал басының азайып, халықтың халі өте төмендеп кетуін баяндап жазуын, одан кейінгі жылдары да Қазақстанның экономикасының дамуына елеулі үлес қосқандығын саралап берді /4, 3-48-бб./.

Ал Отыншы Әлжановтың шығармалар жинағына жазған алғы сөзінде оның ХІХ-ХХ ғасырларда белсенді қоғамдық-саяси және шығармашылық қызметпен айналысқандығын және Ә.Бөкейханов басқарған ұлт-азаттық Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлерінің бірі болғандығын келтіреді. Қайраткердің шығармаларының аса маңыздылығын: «О.Әлжанов мақалаларында қазақ қоғамының арғы-бергі тарихындағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани мәселелер сөз болады. Мақалалар тақырыбының кеңдігі, оларда көтерілген мәселелердің танымдық тәрбиелік мәнінің тереңдігі, жасалған ұстанымдардың өзектілігі мен өткірлігі олардың авторы Отыншы Әлжановтың жан-жақты білімді парасат иесі болғандығын көрсетеді», - дейді /5, 6-б. /.

Ғалым ғылым жолында әріптестерінің арасында сыйлы, әрі құрметті және өзі де үлкенге ізет, кішіге қамқор болған жан. Ғылым жолына аяқ басқандарға ұлағатты ұстаздық еткен. Ол тарих саласында бірнеше буынды тәрбиелеуге үлес қосты, өз мектебін қалыптастырды. Оның жетекшілігімен 10-нан аса докторлық диссертация мен 40-тан аса кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Кеңес Нұрпейісұлы ғылым жолын білім жолымен де ұштастырды. Қазақ Қыздар педагогикалық университетінде өмірінің соңына дейін дәріс беріп, қазақ ұлт интеллигенциясы, Алаш мәселесі және т.б. өзекті тақырыптарда лекция оқып, институт түлектерін ғылым жолына тартты.

Академик, ұстаз, ғалым К. Нұрпейістің тарих ғылымындағы жолын біз шәкірттері жалғастырамыз деген сенімдеміз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Қазақстанның тарих ғылымы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 60-жылдығына арналады. –Алматы, 2005.

2 Қазақстанның тарих ғылымы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 60-жылдығына арналады. –Алматы, 2005.

3 Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейіс: Қазақстан ғылымдарының биобиблиографиясына материалдар/ Құрастырушылар: С.О. Смағұлова, А.Т. Саурықова, А.А. Бурыбаева. – Алматы, 2005.

4 Рыскулов Т. Собр. соч. В 3-х т. Том 1. –Алматы, 1997.

5 Әлжанов О. Шығармалар жинағы. Алматы, 2004.


Түйіндеме

Бұл мақалада академик К. Нұрпейісұлының ғылыми мұрасы қарастырылған.


Резюме

В статье рассматривается научное наследие академика К. Нүрпеиса.

Саналы ғұмырын Қазақстан тарихына арнаған

ғалым аға


Бегімқұлова Ш.-т.ғ.к.доцент (Қызылорда қ., Қорқыт ата атын. ҚМУ)


Уақыт шіркін көз ілестірмей зымырап өтіп жатыр, өмір алға жылжып, көш жүріп, керуен көшуде. Міне, сол уақыт ырғағымен ілесіп аса да қадірлі, құрметті Кеңес ағаның өмірден озғанына да екі жылдың көлемі болыпты.

Кеңес ағаны танымайтын қазақ кемде-кем шығар. Мектеп табалдырығынан Қазақстан тарихын оқып ұшқан баладан бастап, өзінің төл тарихын сүйіп оқитын азаматтардың бәрі, бүкіл исі түркі әлемі, тіпті әлемнің көптеген мемлекеттері Кеңес ағаны мойындады десек артық болмайды.

Әлі есімде 1990 жылы кандидаттық диссертация қорғау үшін көрші қырғыз еліне бардым. Тарих ғылымының докторы профессор Кеңес Нұрпейіс ағамызды менің бірінші ресми оппонентім етіп тағайындады. Сол жылдары Қырғызстан Ғылым академиясының президенті А.Ақаев (Қырғызстанның бұрынғы президенті) болатын. Ол кісі бізге Алматыдан келетін қонақтарды аса құрметпен күтіп алып, жақсы қонақ үйге орналастыруды тапсырды және «тарих ғылымының докторы, профессор ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Кеңес Нұрпейістің келуінің өзі диссертациялық кеңестің мәртебесін жоғары дәрежеге көтерді» - деп ескертті. Кеңес ағамыздың абыройының өте жоғары екеніне мен сол кездері тәнті болдым.

К.Нұрпейіс отанымыздың төл тарихын зерттеу барысында көптеген халықаралық симпозиумдарға, конференцияларға қатысып құнды баяндамалар жасап, Қазақстанның тарих ғылымын алыста-жақын шетелдерге: Ресей, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан, АҚШ-қа және Түркияға танытты. Сондықтан да Кеңес ағамызды әлем таныған академик деп айтсақ та артық болмайды.

Кеңес ағамыздың өмір дерегіне көз жүгіртсек, ағамыз бала кезден тағдырдың қатал сынын көріп, тақсіретін тартып өскен екен. Ол кісінің балалық, жастық шағы бүкіл қазақ халқын қамтыған 30-шы жылдардың зұлматы, одан кейін ел басына күн туған қиямет соғыс заманымен сәйкес келген. Сондықтан да ғалым аға әуелі балалар үйінде тәрбиеленіп, бастауыш мектепті ауылда, сонан соң Алматыға келіп орта мектепті үздік бітіргеннен кейін тарихшы мамандығын таңдаған. Қатал тарих сынынан өткен ағамызды өмірдің өзі осылайша тарих ғылымына жетелеп әкелген сияқты.

К.Нұрпейіс С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетіне түсіп, оны 1957 жылы тәмәмдаған соң әуелі осы университетте, ал 1958 жылдан бастап ғылым жолын қуып ҚР Ғылым Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтына қызметке орналасқан екен. Кеңес ағамыздың жарты ғасырға жуық ғұмыры, бүкіл саналы өмірі осылайша осы институтпен тікелей байланыста болған. Ол кісі осы аталмыш институтта қызмет атқара жүріп кандидаттық, докторлық диссертацияларын қорғап, Қазақстанның тарих ғылымын дамытуға өзіндік үлес қосты.

Кеңес ағамыздың кемеліне келіп толысқан, шыңдалып қаламы төселген, өмірінің мәнді де мазмұнды шақтары еліміздің тәуелсіздік алуымен тұспа-тұс келді. Қазақстанның егемендік алуымен қоғамдық-саяси өмірдегі түбегейлі өзгерістар, тарих ғылымында ұлттық мүдде тұрғысынан шынайы обьективтік тұрғыда зерттеудің қажеттігін күн тәртібіне қойды. Кеңестік дәуірде зерттеуге тиым салынатын тақырыптардың, «ақтаңдақтардың» ашылуына мүмкіндік туды. К.Нұрпейіс ең алғашқылардың бірі болып Тарих және этнология институтының мүшелерімен бірге «ақтаңдақтарды» жоюға, егеменді Қазақстанның объективті, шынайы тарихын жаңа тарихи ауысымда зерттеп, зерделеуге тарихи, мәдени мұраны жаңғыртуға ат салысты.

Кеңес Нұрпейістің ауыз толтырып айтып, тебірене толғанып, сомдап зерттеген тақырыптары: ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысы, Алаш және Алашорда тақырыптары болды. К.Нұрпейіс аталмыш мәселені жаңа тарихи контексте, шынайы объективті тұрғыда талдап, зерттеп қазақ реформаторларының қозғалысы - Алаш қозғалысының ұлт-азаттық мәнін ашты, «Алаш һәм Алашорда» атты құнды монографиясын жариялады.(Алматы, 1995ж.) Сонымен бірге Кеңес ағамыз Алаш ұлт-азаттық қозғалысы және Алашорда автономиясының тарихын зерттейтін ғылыми мектептің негізін қалаушыларының бірі болды.

Академик К.Нұрпейіс ХХ ғасырдағы қазақ халқының адам төзгісіз қайғы-қасіретін, қызыл империяның екі дүркін қолдан жасаған аштықтарының сырын ашты, кеңестік дәуірдегі «Үлкен террор» деген атпен тарихқа енген 1937 жылғы қуғын-сүргін шараларының сырын ашты. Ол «патшалық дәуірдің, большевиктік, кеңестік биліктің репрессияны ұйымдастырғандағы басты мақсаты – Қазақстанды отар елге айналдыруға барынша жан-тәнімен қарсы шыққан көш басшыларды (элитаны) құрту, ал халықтың қалған бөлігін билеушілер не айтса соған көнетін тобырға айналдыру болды» - деп ашшы шындықты дәлелдеді. (Үлкен халықтың кішкене халыққа қиянаты әлі аяқталған жоқ .// Қазақ әдебиеті, 2007 жыл. 23 наурыз. 4 б.)

Осылайша Кеңес ағамыз қызыл империя тұсындағы қазақ халқының қаймағы болған қазақ зиялыларының қуғын-сүргінге ұшырағанын, абзал азаматтарға кезінде «халық жауы» деп жала жауып, қара күйе жағылғанын ашына дәлелдеп, оларды қайтадан өз халқымен, елімен табыстырды. Тарихи тұлғаларымыздың есімдерін, олардың қазақ елі үшін атқарған ұлан-ғайыр қызметтерін жаладан арашалап, Қазақстан тарихының тарихнамасына қосты десек артық айтқан болмаймыз.

К.Нұрпейіс Қазақстанның жаңа тарихын жазуға да барынша қомақты үлес қосты. Ағамыз өз еңбектерінде кеңес үкіметі тұсындағы тарихты батыл сынады, жетпіс жылдан астам үстемдік еткен қызыл империя тұсындағы тарихымыздың қарама-қайшылыққа толы, күрделі тарих болғандығын дәлелдеді.

К.Нұрпейісұлы жаңа Қазақстан тарихын жазуда жаңа дерек көздерді пайдалануды басты назарда ұстады. Әсіресе, қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың, қазақ хандарының, халыққа танымал болған батырлардың, билердің саяси тарихи портреттерін обьективті тұрғыда сомдап жасауға өте қатты назар аударды.

К.Нұрпейіс ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғалымдарына жаңа Қазақстан тарихын жазуды науқанға айналдырмай, әуелі Қазақстан Республикасында жаңа тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасын жасау қажеттігін ескертті. 90-шы жылдардың ортасына қарай бұл тұжырымдама дайын болды. Кеңес Нұрпейіс дәлелдеген тұжырымдаманың басты қағидалары мынаған саяды: «Бұдан былай Қазақстан тарихы біріншіден, әлемдік тарихтың құрамдас бір бөлігі ретінде; екіншіден, шығыс әлемінің құрамдас бөлігі ретінде; үшіншіден, ислам әлемінің құрамдас бөлігі ретінде қараластырылуын, одан кейінгі кезеңдер Қазақстанның Ресей империясымен Кеңес Одағының құрамындағы тарихы ретінде қарастырылуы мен зерттелуі қажет» - деді. (Қазақстанның жаңа тарихы. // Егемен Қазақстан, 2005 жыл. 28 қазан. 3 б.)

Кеңес Нұрпейіс ғылым жолымен қатар ұстаздық қызметті де қоса атқарып жүрді десек артық болмайды. Ол бүкіл саналы ғұмырын ұстаздық қызметке де арнады. Бойындағы білім нәрі мен ағалық қамқорлығын жас ұрпақты тәрбиелеуге жұмсап, тер төге еңбек етті. Өзінің өмірінің соңғы сәтіне дейін Кеңес Нұрпейіс Қазақ қыздар педагогикалық институтында қызмет етіп, тарихшы мамандарды дайындауға ғұмырын арнады. Кеңес ағаның жарты ғасырлық ұстаздық еткен тарихында ол кісінің алдынан бірнеше жүздеген, мыңдаған тарихшы мамандар дайындалып шығып, олар Қазақстанның түпкір-түпкірінде жас жеткіншектерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде.

Академик К.Нұрпейіс Қазақстанның жоғары оқу орындары үшін ғылыми кадрлар дайындауға да өзіндік үлкен үлес қосты. «Ағаш жапырағымен көрікті» дегендей Кеңес ағамызды өзінің ғылымға жетелеп, шыңдарға шығарған ғалым шәкірттерімен көрікті деп те айта аламыз. Оның ғылыми жетекшілігімен 40-тан астам кандидаттық диссертация, 10-нан астам докторлық диссертация қорғалды.

Өзінің ғұмырында академик К.Нұрпейіс Қазақстан тарихының өзекті проблемаларына арнап 400-ден астам ғылыми еңбектерді, оның ішінде 20-дан астам монографияларды өзінен кейінгі ұрпаққа өшпес ғылыми мұра ретінде қалдырды. Кеңес ағаның бұл тарихи мұралары жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға жалғасын тауып жас ұрпақтарды білім нәрімен сусындатып, жаңа ғылыми кадрларды дайындауға қызмет ете беретініне күмән жоқ.


ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада автор еліміздің көрнекті ғалымы академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен ғылымдағы жетістіктері баяндалады.


РЕЗЮМЕ

В статье рассказывается об некоторой странице жизни и научной деятельности академика К.Нурпейса.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Похожие:

Кеңес Нүрпейісұлы Нүрпейістің iconДиссертациялық кеңес мүшелерінің барлық саны 15. Кеңес құрылатын ұйым негізгі жұмыс орны болып табылатындар 10, шақырылғандар 5
Халықаралық қазақ-түрік университетінің 13. 00. 01-Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика, 13. 00. 08-Кәсіптік...

Кеңес Нүрпейісұлы Нүрпейістің iconОпкба және Қди кеңесінің шешімімен бекітілді Хаттама №3. 24. 12. 2010 ж опкба және Қди ректоры, Кеңес төрағасы
Институт кеңес органдарының жұмыс жоспары, циклограмма

Кеңес Нүрпейісұлы Нүрпейістің icon2. 1 тмд-ғы интеграция тарихы
Жалпы алғанда, сексенінші жылдардың екінші жартысындағы экономикалық, саяси жағдайлар Кеңес Одағының тоқырауы мен күйреуіне негіз...

Кеңес Нүрпейісұлы Нүрпейістің iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы

Кеңес Нүрпейісұлы Нүрпейістің iconДокторы ғылыми дәрежесін қорғайтын диссертациялық кеңес мүшелері туралы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы 07. 00. 02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы...

Кеңес Нүрпейісұлы Нүрпейістің iconҚазақ халқының ұлы перзенті, қаhарман жауынгер, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлы-xx ғасыр биігінде тұрған дара тұлға
Алық шағын Қаратау, Алатау қойнауларында өткізіп, асау заманмен арпалыса жүріп есейген, қоғамның небір сұралып, қиян-кескі кезеңдерінде...

Кеңес Нүрпейісұлы Нүрпейістің iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасының
Тәртіптік кеңес хатшылығымен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және...

Кеңес Нүрпейісұлы Нүрпейістің icon1 Кеңес әскерінің кіргізілуі ІІ. Соғыс барысы
Кіріспе

Кеңес Нүрпейісұлы Нүрпейістің iconҒылыми Кеңес отырысына қатысқандар саны 21. Қатысқандар тізімі қатысу парағында көрсетілген
Кеңес отырысына қатысқандар саны 21. Қатысқандар тізімі қатысу парағында көрсетілген

Кеңес Нүрпейісұлы Нүрпейістің iconИп №6 умс при Казгма
Тақырыбы: «Отбасын жоспарлау мәселелері туралы кеңес берудің негізгі принциптері»

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница