1. Бағдарламаның паспорты




Название1. Бағдарламаның паспорты
страница1/10
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.96 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://qz.government.kz/docs/24.01.05.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Облыс әкiмдiгiнiң

2005 ж «19» қаңтардағы

№ 11 қаулысына қосымша


Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау

iсiн реформалау мен дамытудың

2005-2007 жылдарға арналған

бағдарламасы


Петропавл қаласы, 2005 ж.

Мазмұны


1. Бағдарламаның паспорты 4

2. Кiрiспе 8

3. Халық денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесiнiң 9

жай-күйiн талдау 9

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi 19

5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны iске асырудың тетiктерi 20

5.1. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметiн дамыту және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету 20

5.2. Ана мен бала денсаулығын нығайту 22

5.3. Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың алдын алуды, диагностикалауды және емдеудi жетiлдiру, халыққа медициналық және дәрiлiк көмектiң қолжетiмдiгiнiң сапасын жақсарту және қамтамасыз ету 24

5.4. Кадрлық қамтамасыз ету 26

және денсаулық сақтау жүйесiн басқаруды жетiлдiру 26

5.5.Денсаулық сақтау объектiлерiнiң 28

материалдық-техникалық базасын нығайту 28

5.6. Бағдарламаны iске асырудың тетiктерi 29

6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi 29

7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер 31

Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар
ЖОСПАРЫ 34

1. Бағдарламаның паспорты





Бағдарламаның атауы

Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау және дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн

негiз

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қазандағы №1050 қаулысы

Әзiрлеушi

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi

Мақсаты

Бастапқы медициналық-санитарлық көмектiң басым дамуы (әрi қарай БМСК) және азаматтарға медициналық көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесi арқылы облыс халқының денсаулығын жақсарту

Мiндеттерi

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметiн дамыту және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету;

ана мен бала денсаулығын нығайту;

әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың алдын алуды, диагностикалауды және емдеудi жетiлдiру, халыққа медициналық және дәрiлiк көмектiң сапасын жақсарту және қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;

кадрлармен қамтамасыз ету және облыстың денсаулық сақтау жүйесiн басқаруды жетiлдiру;

денсаулық сақтау объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту

Iске асыру мерзiмдерi

2005-2007 жылдар

Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi

Бағдарламаны 2005-2007 жылдары iске асыруға республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған басқа көздерi қолданылады.

Бағдарламаның iске асыруға жұмсалатын жалпы шығындар 20 642,7 млн. теңгенi, соның iшiнде 2787,1 млн. теңге республикалық бюджеттен, 17 881,2 млн. теңге жергiлiктi бюджеттен және бюджеттен тыс көздерден 6,9 млн. теңгенi құрайды.





Жылдар бойынша

Барлығы

Республикалық бюджет

Жергiлiктi бюджет




2005ж.

6 659,7

1 094,6

5 559,8




2006ж.

6 868,8

903,0

5 963,5




2007ж

7 149,7

789,5

6 357,9




Барлығы

20 642,7

2 787,1

17 881,2




2005-2007 жылдары Бағдарламаны iске асыруға қажеттi қаржыландыру көлемi тиiстi қаржы жылына сәйкес бюджеттердi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.


Күтiлетiн нәтижелер

Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:

халықтың сұранысын қанағаттандыратын медициналық көмек көрсетудiң оңтайлы жүйесi құрылады;

бекiтiлген нормативтерге сәйкес күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу және қазiргi заманғы медициналық жабдықтармен, санитарлық автокөлiкпен жарақтандыру жолы арқылы облыстың денсаулық сақтау объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасы жақсарады;

2007 жылға қарай денсаулық сақтау объектiлерi, әсiресе, БМСК ұйымдары дәрiгерлермен және орта медицина қызметкерлерiмен толық қамтамасыз етiледi;

қазiргi заманғы медициналық технологияларды, анықтау әдiстерiн және емдеудiң халықаралық стандарттарын қолданысқа енгiзу арқылы халыққа көрсетiлетiн медициналық қызметтiң сапасы және көлемi жоғарылайды;

алдын алу, сауықтандыру iс-шараларының көлемi ұлғаяды, ауруларды диспансерлеудiң тиiмдiлiгi және сапасы артады;

БМСК деңгейiнде тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемi кеңейедi;

айналымда жүрген және медициналық ұйымдар сатып алатын сапалы дәрi-дәрмекке қолжетiмдiлiгi жақсарады;

аурушаңдықтың, еңбекке жарамсыздықтың уақытша және тұрақты деңгейi төмендейдi;

шұғыл шақыртулардың саны төмендейдi және жедел медициналық көмек көрсетудiң сапасы жоғарылайды;

ұрпақты болу жасындағы әйелдердiң денсаулық индексi артады, ана мен бала денсаулығын сақтау саласына жаңа технологияларды енгiзу нәтижесiнде 2007 жылға қарай, ана өлiмi көрсеткiшi 100 мың тiрi туғандарға шаққанда 13,0 деңгейiнде тұрақтанады және сәби өлiмi 1000 тiрi туғанға шаққанда 13,0-ден 12,0-ге дейiн төмендейдi;

әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың алдын алу және оларды емдеу саласында iлгерiшiлдiкке қол жетедi;

2007 жылға қарай қатерлi iсiк және туберкулез ауруларының көрсеткiштерi тұрақтанады;

халықтың жұқпалы аурушаңдылығы төмендейдi;

қаржыландыруды жетiлдiру арқылы бюджеттiк қаражатты пайдалану тиiмдiлiгi артады;

азаматтардың медициналық көмекке тең қолжетiмдiлiгi қамтамасыз етiлетiн болады және азаматтардың өз денсаулығын сақтауда ынтымақтасқан жауапкершiлiк принципi iске асырылатын болады;

халықты сапалы ауыз су және азық-түлiк өнiмдерiмен қамтамасыз ету мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды күшейту және мониторингтi өткiзу арқылы жақсарады.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

1. Бағдарламаның паспорты iconМазмұны бағдарламаның паспорты
Кіріспе
1. Бағдарламаның паспорты iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты icon«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты > Кіріспе
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
1. Бағдарламаның паспорты icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
1. Бағдарламаның паспорты icon1. Бағдарламаның паспорты 3
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 шілдедегі №827...
1. Бағдарламаның паспорты icon1. бағдарламаның паспорты
Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің...
1. Бағдарламаның паспорты icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
1. Бағдарламаның паспорты iconБағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның мақсаты: тыңдаушыларға электронды кестелерді пайдалану мүмкіндігі мен пайдасын, Microsoft Excel бағдарламасымен жұмыстың...
1. Бағдарламаның паспорты icon«Мойылдинцы» атты балалар ұжымының паспорты
Форма организации работы до: штаб «Лидер», штаб «Тимуровец», клуб «Вожатенок», центр «Радуга»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница