Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу»




НазваниеЛекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу»
страница8/9
Дата конвертации05.02.2016
Размер1.17 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/katalog.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Салық режимінің бөлінуі


Жалпы салық режимі


Арнаулы салық режимі


Арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар


Арнаулы салық режимдері және оның ерекшеліктері.


18-тақырып. Бір жолғы талон және патент негізіндегі арнаулы салық режимі

Жоспар:

1. Бір жолғы талон

2. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі


Бір жолғы талон – аранулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзінен ұсталатын жеке атыс салығын қоспағанда жеке табыс салығы бойынша бюджетпенесеп айрысу фактісін растайтын құжат.

Бір жолғы талон негізіндегі аранулы салық режимін қызметі ара тұра сипатта болатын жеке тұлғалар қолданады.

Жылына бәрін жинақтағанда тоқсан күннен аспайтын қызмет ара тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет деп аталады.

Біржолғы талондардың құны кіріс алынатын объектінің орналасқан жерін түрін қызметті жүзеге асыру жағдайларын сапасы мен көлемін сондай – ақ қызметпен шұғылдану тиілділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып салық органы жүргізген орташа күндік хронеометраждық қадағалау мен зерттеу деректері негізінде жергілікті өкілді органдарыдң шешімімен белгіленеді.

Жалдамалы еңбекті қолданбай біржолғы талон негізінде ара тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтік салқы төлейді және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады.

Патент – аранулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленгенін растайтын құжат.

Белгілі бір арнайлы салық режимін қолдануға арналған патент нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Патент жоғалған немесе бүлінген жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша дубликат беріледі, ал салық төлеуші бүлінген патентті салық органына тапсырады.

Салық органдары берілген патенттерді тіркеуді патенттерді тіркеу (беру) журналында жүргізеді.

Тіркеу журналдарының нысандарын және олардың толтыру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгңлейді.

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынандай талаптарға сай келетінін жеке кәсіпкерлер қолданады:

  1. жалдамалы қызметкрелердің еңбегін пайдаланбау

  2. жеке кәіспкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыру

  3. жыл ішіндегі табысы 2,0 млн теңгеден аспауы.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар ретте, салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде аранулы салық режиміне не салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне өтініш негізінде ауысады.

Аталған өтініш патент негізінде аранулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде беріледі.

Патент жеке кәсіпкерге бір күнтізбелік жыл шегінде кемінде бір ай мерзімге беріледі.

Жеке кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыртын жері бойынша салық органына қызмет түрін көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда өтініш және жеке кәсіпкерді мемллекттік тіркеу туралы куәлікті табыс етеді.

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі

Коллоквиум

13 апта 2 балл


Декларация


Оңайлатылған декларация


Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі


Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану


Салық есептілігі


Декларацияның жүргізілуі


19-тақырып. Алымдар мен оны төлеушілер

Жоспар:

1. Алымдар туралы түсінік

2. Алымдарды төлеушілер

Алым дегеніміз – белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.

2002 жылы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап “Елтаңбалық алым” алынып тасталынды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: 3.1 “Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым” және 6.1 “Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің импотекасын мемлекеттік тіркеу үшін” және 8.1 “Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылармен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін” алымдары қосылды.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым заңды тұлғаларды және олардың филиалдарымен өкілдіктерін құрумен қызметін тоқтатуды мемлекеттік (есептік) тіркеу, оларды қайта тіркеу, сондай – ақ олардың мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәліктің дубликатын алу кезінде алынады. Тіркеуді ҚР заң актісінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті орган (Әділет органдары) жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелетін заңды тұлғалар, сондай –ақ олардың филиалдарымен өкілдіктері алым төлеушілер болып табылады.

Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым жеке кәсіпкерлер ретінде ҚР аумағында заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай – ақ олар мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.

Тіркеуді ҚР заң актісінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда салық қызмет оргнадары жүзеге асырады.

Алым сомасы ҚР Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша есептеледі және тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді. Алым сомасы салық төлеушіл ретіндегі алым төлеушінің мемлекеттік тіркеу орны бойынша бюджетке енгізіледі.

Алымды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиіситі құжаттарды бергенге дейін тіркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды. Бұл орайда алым сомасы тиісті тірккеу органы берген, тіркеу іс әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенін растайтын құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін қайтарылады.


Алымдарды есептеу және төлеу тәртібі

Тест

13 апта 3 балл


1.Мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін төлемдер:

а) салықтар;

ә) трансферттер;

б) преференциялар;

в) зейнетақы аударымдары;

г) табыстар.

2. ҚР-дағы салық жүйесі туралы заңы қай жылы қабылданды?

а) 1991 ж. 25 желтоқсан;

ә) 1990 ж. 10 сәур;

б) 1992 ж. 2 қараша;

в) 1993 ж. 31 желтоқсан;

г) 1994 ж. 2 ақпан.

3. Заңды іс-әрекеттерді жасау және уәкілетті мемлекеттік ұйымдардың құжаттарын беру үшін қандай төлем алынады ?

а) мемлекеттік баж;

ә) мемлекеттік алым;

б) салық;

в) төлем;

г) міндетті аударым.

4. Анықталған құқықтық мәртебені бергені үшін қандай төлем алынады ?

а) алым;

ә) төлем;

б) салық;

в) баж;

г) айыппұл.

5. Белгілі бір қызметті жүзеге асыру құқығын бергені үшін алынған төлем:

а) алым;

ә) төлем;

б) салық;

в) баж;

г) айыппұл.

6. Ағымдағы салық кезеңі үшін ҚР-да тұрақты болатын жеке тұлға деп танылу үшін жеке тұлға кемінде ҚР-да неше күн болуы тиіс :

а) 183;

ә) 180;

б) 90;

в) 30;

г) 7.

7. ҚР Салық кодексі қашан қабылданды?

а) 2001 ж. 12 маусым;

ә) 2002 ж. 1 қантар;

б) 2001 ж. 12 шілде;

в) 1995 ж. 24 сәуір;

г) 1999 ж. 12 ақпан.


20-тақырып. Төлемақы және оны төлеушілер

Жоспар:

1. Төлемақы туралы ұғым

2. Төлемақы сомасы


Төлемақы дегеніміз – белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.

Төлемақының 9 түрі бар. 2005 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді. Радио жиілік спектірін пайдаланғаны үшін төлемақыға қосымша ретінде “Қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы” енгізілді. Мемлекеттің жер учаскелерінің өтемін төлеп (жалға) уақытша жер пайдалнуғабергені үшін жер учаскелерін пайдалану төлемақысы алынады.

Жер учаскелерін өтемін төлем уакқытша жер пайдалануға беру тәрітбі ҚР заң актісімен белгіленеді. Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері тосқан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 – нен кешіктірмей өзінің орнаалсқан жері бойныша салық органына уәкілетті мемлекетті орган белгілеген нысан бйоынша мәліметтер табыс етеді.

Жер учаскесін өтемін төлем уақытша жер пайдалануға алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

Құрылыстарды, техникалық құралдарды немесе құрылғыларды қолдана отырып жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар төлемақыны төлеушілер болып табылады.

Төлемақы салынатын объектілерге жатады:

  • Жер үсті су көзінен алынған судың көлемі

  • өндірілген электр энергиясының көлемі

  • су көлігімен тасымалдау көлемі

Төлемақы сомасы – жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық уәкілетті органмен жасаған өтемін төлеп уақытша жер пайдалану шартының негізінде есептеледі. Төлемақының жыл сайынғы сомалары жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтар уәкілетті органдар жасаған есеп қисаптарда белгіленеді. Шарт талаптары сондай – ақ кодексінде белгіленген жер салығын есептеудің тәртібі өзгерген жағдайда жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық өкілетті орган төлемақы сомаларының есеп қисаптарын қайта орайды. Салық кезеңінде төленуге тиіс төлемақы мөлшері есеп қисаптарда көрсетілген төлемақы ставкаларына және жер учаскесін салық кезеңінде пайдалану кезеңіне қарай белгіленеді.

Төлемақы мөлшері – салық кодексінде сәйкес осы жер учаскесі бойынша есептелген жер салығының сомасына кем болмайтындай мөлшерде белгіленген.


Төлемақыны есептеу және төлеу тәртібі

Глоссарий

14 апта 3 балл


Төлемақы


Міндетті төлем


Төлемақы ставкалары


Төлемақы сомасы


Есеп қисаптар


Төлемақы мөлшері


Төлемақы төлеушілер


21-тақырып. Мемлекеттік бажды төлеушілер және баж алу объектілері

Жоспар:

1. Мемлекеттік баждың алатын орны

2. Мемлекеттік бажды төлеушілер


Баж салығы - мемлекетпен немес өзара кәсіби қатынастар жасайтын жеке адамдардан, заңды ұйымдардан өндіріп алынатын тұтыну салығының бір түрі (мәселен жалгерлік туралы шарт жасасу, бағалы қағаздар беру, қамқоршылық туралы келісім).

Баж салығының екі түрі бар:

  • мемлекеттік баж

  • кедендік баж

Мемлекеттік баж – уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немес лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Заңдық мәні бар іс қимылдар жасау және құжаттар беру жөнінде мемлекет уәкілдік берген органдарға немесе лауазымды адамдарғаи өтініш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.

Кедендік баж салығы – мемлекетітк шекарадан өткізер кезде мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы тауарлардан, мүліктерден, және құнды заттардан алынатын ақшалай төлем.

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өткен кезде және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген басқа да жағдайларда кеден төлемдерінң мынандай түрлері төленеді:

  1. кедендік баж

  2. кедендік рәсімдеу үшін кедендік алу

  3. тауарларды сақтау үшін кедендік алым

  4. кедендік ілесіп алып жүру үшін кеденгдік алым

  5. ҚР кеден органдарының лицензия бергені үшін алым

  6. Кедендік рәсімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым

  7. Алдын ала шешім үшін төлемақы.


Мемлекеттік баж ставкалары

Реферат

14 апта 4,5 балл




Тапсырма алған студенттің аты жөні

Тақырып атаулары

Орындалу мерзімі

Жұмыстың бағалануы

1




Мемлекеттік баж ставкалары







2




Мемлекеттік баж салығы







3




Консулық алым және кедендік төлемдер







4




Төлемның түрлері және оны есептеумен төлеу түрлері







5




Алымдармен және оларды есептеу мен төлеу тәртібі







6




Арнаулы салық режимдері және оның ерекшеліктері







7




Мүлік салығы







8




Бір жолғы талон және патент негізіндегі арнаулы салық режимі








22-тақырып. Мемлекеттік баж төлеуден босату

Жоспар:

1. Мемлекеттік баждың соттардағы ставкалары

2. Мемлекеттік баж төлеуден босату


Соттарда мемлекеттік баждан төлеуден босату:

  1. талапкерлер – еңбекақы төлеу соималарын өндіріп алу туралы талап қоюлар және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша

  2. талпкерлер – авторлық құқықтан, сондай – ақ жаңалық ашуға, өнертабысқа, рационализаторлық ұсынысқа және өнеркәіптік үлгілеріне, құқықтардан туындайтын талап қоюлар бойынша

  3. талапкерлер – алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюлар бойынша

  4. талапкерлер - мертігуге немес денсаулығына зақым келтіруге сондай –ақ асырушысының қайтыс болуына байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша

  5. талапкерлер – қылмыспен келтірілген материалдық залалдың орын толтыру туралы талап қоюлар бойынша.

Мемлекеттік баж қолма қол ақшамен, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленеді.

Мемлекеттік баж мына жағдайларда төленеді:

  1. сот қарайтын істер бойынша – тиісті арыздар (шығмдар) немес апеляциялық шағымдар сот бұйрығын шығару туралы өтініш бергенге дейін, сондай – ақ сот құжаттарының көшірмелерін берген кезде

  2. нотариаттық іс әрекеттерді орындағаны үшін, сондай – акт құжаттардың көшірмелерін, дубликаттарын бергені үшін жасалған нотариалдық іс әрекетті тіркеген кезде

  3. азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегені үшін, тиісті арыздар берген кезде азаматтық хал актілерінің жазбаларына түзетулер мен өзгерістер енгізгені үшін, сондай – ақ куәліктермен анықтамаларды қайтадан бергені үшін – оларды берген кезде

  4. кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі зайыптылардың өзара келісім бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркегені үшін – актілерді тіркеген кезде

  5. азаматтардың тұрғылықты жерін тіркегені үшін – тиісті құжаттарды бергенге дейін.

Сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүрізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), апеляциялық шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы, апеляциялық шағымдарға қосылу туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін мынадай мөлшерде мемлекеттік баж алынады:

  1. мүліктік сипаттағы талап арыздардан:

    • жеке тұлғалар үшін – талап қою сомасының 1 пайызы

    • заңды тұлғалар үшін – талап қою сомасына 3 пайызы

  2. мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс әрекетіне шағымдардан – 500 пайыз

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconЛекция: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Семинар: 15 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Жалпы экономикалық теория»
Кәсіпорынды (фирма) басқару жүйесіндегі маркетингтің орны. Маркетинг тұжырымдамасы
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconЛекция: 45 СӨЖ: 45 обсөЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Бухгалтерлік есеп және аудит»
Сабақтас серіктестіктің шоғырландырылған есеп беруі және инвестицияларды есепке алу
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconЛекция: 45 СӨЖ: 45 обсөЖ: 45 а б 30 а б -30 е б- 40 ∑ 100 Лектор: Дүйсебеков Ш. Жетісай 2008 «Шетел бухгалтерлік есебі»
Есеп және Аудит” 3--курс студенттеріне 6 семестрде “Шетел бухгалтерлік есебі” пәнінен оқу бағдарламасының жоспарына сәйкес 3-кредит...
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconЛекция: 45 СӨЖ: 45 обсөЖ: 45 Лектор: Тасжанов Б. Р. Жетісай 2008 «Метеорология және климатология»
Материалдық өндірістің техникалық экономикалық негіздері” пәні бойынша 050116-«География» мамандығының студенттерінің білімін бақылауға...
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconЛекция: 30 Семинар: 15 СӨЖ: 45 обсөЖ: 45 1 рб-30 б. 2 Рб -30 б. Емт: 40 б. ∑: 100 б. Лектор: Сариева Ш. Ж. Жетісай, 2008 «Қазақстанның физикалық географиясы»
«География» 3- курс студенттеріне 6- семестрде «Қазақстанның физикалық географиясы» пәніне типтік оқу жоспарына сәйкес 3 – кредит...
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconЛекция: 45 СӨЖ: 45 обсөЖ: (22)45 р б- 30 балл Р. Б- 30 балл Емтихан -40 балл ∑: 100 балл Лектор: Сырбаева А. А. Жетісай 2009 «Сулы жүйелер экологиясы»
...
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconҚорытынды Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе
Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі,...
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconЛекция: 30 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 р б- 30 балл Р. Б- 30 балл Емтихан -40 балл Лектор: Сырбаева а жетісай 2008ж «Физикалық географиялық аудандастыру.»
«Физикалық географиялық аудандастыру» пәні бойынша 050116-«География» мамандығының студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөЖ...
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconЛекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 р б- 30 балл Р. Б- 30 балл Емтихан -40 балл ∑: 100 балл Лектор: Сырбаева а жетісай 2009ж «Қазақстан табиғатын зерттеу тарихы»
«Қазақстан табиғатын зерттеу тарихы» пәні бойынша 050116-«География» мамандығының студенттерінің обсөЖ сабақтарының білімін бақылауға...
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» icon«Қаржы менеджменті» мен «Салық және салық салу» мамандануы бойынша магистрлік диссертациялардың тақырыптары

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница