Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу»




НазваниеЛекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу»
страница5/9
Дата конвертации05.02.2016
Размер1.17 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/katalog.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жеке табыс салығының ставкалары және салық декларациясы

Коллоквиум

5 апта 2-балл


Жеке тұлғалардың салығы


Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары


Жеке табыс салығы


Жеке табыс салығының ставкалары


Жеке табыс салығының кезеңдері


Салық салынатын табыс


7-тақырып. Резидент еместердің табысына салық салу ерекшеліктері

Жоспар:

1. Резидент емес және резидент түсініктері

2. Резидент еместердің табысына салық салу ерекшеліктері


Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орныққан немесе жеке тұлғалар ҚР резиденттері деп аталады.

Жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде аяқталмаған кез келген үздіксіз он екі айлық кезеңде кемінде бір жүз сексен үш күнтізбелік күн ҚР болса, ол ағымдағы салық кезеңі үшін ҚР тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.

Егер ағымдағы салық кезеңінде және өткен екі салық кезеңінде ҚР болған күндердің санына мынадай: ағымдағы салық кезеңінде болған күндердің санына - 1 өткен бірінші салық кезеңінде болған күндердің санына 1/6 коэффиценттерін әрбір салық кезеңіне қолдана отырып анықталған күндердің саны кемінде бір жүз сексен үш күнтізбелік күн болған жеке тұлға да ағымдағы салық кезеңі үшін ҚР тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.

Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде ҚР отыз күнтізбелік күннен аз тұрған болса, онда мұндай жеке тұлға ҚР тұрақты болатын адам деп танылмайды.

Егер жеке тұлға ҚР болуы аяқталмаған жылдан кейінгі жылда резидент болмаса, ол тұлға ҚР болатын соңғы күнінен кейінгі кезең үшін осы тармақтың мақсатында резидент емес ретінде қаралады.

Мынадай шарттар бір мезгілде орындалған жағдайда:

1) Жеке тұлға ҚР-ң азаматы болса немесе оның ҚР тұруға рұқсаты болса;

2) Жеке тұлғаның отбасы және жақын туыстары ҚР тұрса;

3) Кез келген уақытта жеке тұлғаның тұруы және оның отбасы мүшелерінің тұруы үшін оған және оның отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығындағы немесе өзгеде негіздерде тиесілі жылжымайтын мүлкі ҚР бар болса, жеке тұлғаның өмірлік мүдделерінің орталығы ҚР орныққан деп қарастырылады.

ҚР азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар ҚР азаматтығына қабылдау туралы өтініш немесе ҚР қабылдамай, ҚР тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтініш берген мынадай жеке тұлғалар:

1) Мемлекеттік билік органдары шетелге іс-сапарға жібергендер, оның ішінде дипломатиялық, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай – ақ аталған жеке тұлғалардың отбасы мүшелері;

2) Тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын ҚР заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесілі көлік құралдарының экипаж мүшелері;

3) ҚР шегінен тыс жерлерде орналасқан әскери базарлардың, әскери бөлімдердің топтардың, құрамалардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері;

4) ҚР шегінен тыс жерлерде орналасқан және ҚР меншігі немесе ҚР субьектілері болып табылатын обьектілерді жұмыс істейтіндер;

5) Оқу немесе практикадан өту мақсатымен ҚР шегінен тыс жерлерде жүрген студенттер стажерлер мен практиканттар оқу немесе практикадан өтудің бүкіл кезеңдері;

6) Сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатымен ҚР шегінен тыс жерлерде жүрген оқушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудің немесе аталған жұмыстарды орындаудың бүкіл кезеңінде ҚР тұрған уақытана және көзделген басқа да өлшемдерге қарамастан резидент жеке тұлғалар деп танылады.

ҚР заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және өздерінің тиімді басқару орны ҚР орналасқан өзде заңды тұлғалар да резиденттер деп танылады.

Негізгі басқаруды жүзеге асыратын және заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажет стратегиялық коммерциялық шешімдерді қабылдайтыын орын тиімдідеп басқару орны деп танылады.

Осы ережелерге сәйкес резидент болып танылмайтын жеке және заңды тұлғалар резидент еместер деп танылады.

Резиден емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесіне байланысты емес табыстарына мыналарды:

1) ҚР тұрақты мекеме арқылы жеке кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстарды;

2) Банк депозиттері бойынша сыйақыларды;

3) ҚР аумағына сыртқы сауда операциялары бойынша тауарларды беруге байланысты төлемдерді;

4) Бағалы қағаздарды сату кезінде құн өсімінен түскен табыстарды;

5) Мемлекет бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен жүргізілген операциялардан түскен табыстарды;

6) Сатып алушы – резиденттер борыштық бағалы қағаздарды сатып алу кезінде резидент еместерге төлеген, олар бойынша жинақталған сыйақылар сомасын қоспағанда, төлем көзінен салық салынуға тиіс.

Резидент емес жеке тұлғаның табыстарға белгіленген өзге де табыстарын қоса отырып, осындай табыстарға қатысты шегерімдерді жүзеге асырмай төлем көзінен салық салынуға тиіс. Борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылардан төлем көзінен табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Мемлекет бюджетке төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу жөніндегі міндеттеме мен жауапкершілік табыстарды төлеуші тұлғаға жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті болып табылады.

Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстар төлеудің көзі осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті болып табылады.

Төлем көзінен салықты, табыс төлемін жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан салық агенті ұстайды.

3. Резиден емес жеке тұлғалар табыстарынан жеке табыс салығын есептеу және төлеу мынадай шарттар бір мезгілде орындалған:

1) Салық агенті болып табылатын ҚР қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға жұмыс беруші болып табылған;

2) Жеке еңбек шарты резидент емес жеке тұлға мен салық агенті арасында жасалған;

3) Резидент емес жеке тұлғаға табыстарын төлеу ҚР тыс жерде жүргізілген кезде осы ережелерге сәйкес жүргізіледі.

Резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан бірінші салық кезеңі үшін жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық салынатын табыстарын белгіленген ставкалары қолдана отырып салық шегерімдерін есепке алмай, жеке еңбек шартында көрсетілген резидент емес жеке тұлғаның табыс сомасынан жүргізеді.

Бұдан кейінгі салық кезеңінде жеке табыс салығын салық агенті өткен салық кезеңінде шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынған жеке тұлғаның іс-жүзіндегі салық міндеттемесінің сомасын негізгі ала отырып есептеледі. Бұл ретте алдыңғы салық кезеңі ішіндегі жеке табыс салығының есебі тапсырылғанға дейінгі кезең үшін жеке табыс салығы бойынша аванс төлемдерін есептеу есеп беріліп отырған салық кезеңі ішіндегі жеке табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып, бірақ өткен табыс кезеңі ішіндегі жеке табыс салығы бойынша орташа айлық аванс төлемдерінің есептелмеген сомасынан кем емес мөлшерде жүргізіледі.


Әлеуметтік салықты төлеушілер және салық салу объектілері

Жазбаша бақылау

5 апта 2 балл

Әлеуметтік салық


Әлеуметтік салықты төлеушілер


Әлеуметтік салықтың ставкалары


Әлеуметтік салықтың кезеңдері


Әлеуметтік салықтың салық салу объектілері


Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі.

8-тақырып. Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі

Жоспар:

1. Әлеуметтік салықты есептеу

2. Әлеуметтік салықты төлеу тәртібі


Қызметтік әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға жыл. ж.т-ң кем дегенде тоқсан проценттік, қайрымдылық көмек өтеусіз берілген мүлік, өтеусіз негіздегі аударымдар мен қайтарылмалдық түрінде алынған табыстар сондай – ақ қызметінің мынадай түрлерінен:

1 косметологиялық қызметтерді қоспағанда, мед-қ қызметтер көрсетуден.

2 мектепте дейінгі тәртібіне және оқыту, бастауыш, негізгі, орта, қосымша жалпы білім беру, қызметтің осы түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын қайта даярлау және біліктілікті арттыру саласында қызмет көрсетуден.

3 ғылым, спорт, мәдениет саласында қызмет, тарих және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау бойынша, сондай – ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді қорғау және оларды әлеуметтік қамту саласында қызмет көрсетуден

4 кітапхана қызметін көрсетуден алынуға тиіс кіріс құрайтын ұйымдар жатады.

Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай шарттарға сай келетін:

Салық кезеңінде мүгедектердің саны қызметтердің жалпы санының кемінде 51 проценті болатын;

Салық кезеңінде мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 процентін (есту, сөйлеу, сондай – ақ көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда кемінде 35 құрайтын ұйымдар да жатады.

Акцизделетін тауарлар өндіру мен өткізу жөніндегі қызметтен және акцизделетін қызмет түрлерінен табыстар алатын ұйымдарға қатысты осы ережелер қолданылмайды.

Осы ұйымдардың табыстары, сондай – ақ грант, қайрымдылық көмек, өтеусіз берілген мүлік, өтеусіз негіздегі аударулар мен қайырмалдықтар түрінде алынған қаражат аталған қызмет түрлерін жүзеге асыруға жұмсалған кезде салық салуға жатпайды. Осы көзделген шоттар бұзылған жағдайда, алынған табыстарға кодексте белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.

Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері

Глоссарий

6 апта 3 балл


Қосылған құн салығы


Қосылған құн салығын төлеушілер


Қосылған құн салығының ставкалары


Қосылған құн салығының кезеңдері


Қосылған құн салығын есептеу


Қосылған құн салығының салық салу объектілері


Қосылған құн салығының төлеу тәртібі


9-тақырып. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою

Жоспар:

1. ҚҚС-ты Қазақстанда құру ерекшеліктері

2. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою


Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай – ақ ҚР – ның аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым.

ҚР – да қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынандай тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.

  1. жеке кәсіпкерлер

  2. заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда)

  3. қызметін ҚР – да тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер

  4. заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері

  5. ҚР – ның кеден заңдарына сәйкес тауарларды ҚР – ның аумағына импорттайтын тұлғалар.

Қосылған құн салығының негізгі салық салу объектілері:

  1. салық салынатын айналым

  2. салық салынатын импорт

Кез келген (12 айдан аспайтын ) кезеңнің қорытындысы бойынша тауарларды өткізу бойынша айналымның мөлшері белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 мың еселенген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асатын болса, жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, қызметін ҚР – да тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер кез келген кезең (12 айлық кезеңнен аспайтын) аяқталған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш беруге міндетті.

Шаруа қожалығына арналған арнаулы салық режимінде бюджет пен есеп айрысуды жүзеге асыратын салық төлеуші, өткізу бойынша айналым мөлшерін анықтау кезінде осы арнаулы салық режиміне кіретін қызметті жүзеге асырудан түскен өткізу бойынша айналымды есепке алмауына болады.

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда, өткізу бойынша айналым көлемі осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өткізу бойынша айналымдары ескеріле отырып, айқындалады.

Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі салық кезеңінің соңғы айына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 мың (2006 жылы 1 қаңтардан бастап) еселенген шамасын құрайды.

Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірақ қосылған құн салығын салуға жататын тауарларды өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде бере алады. Тұлға қосылған құн салығы бойынша –ол есепке қою туралы өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады. Жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, заңды тұлғалар және олардың құрылымдылық бөлімшелері қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.


Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импорт

Тест

6 апта 3 балл


1. Тауар өндіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналымы процесінде қосылған құн өсімінің бір бөлігін бюджетке аударымы. Бұл қандай салық?

а) қосылған құн салығы;

ә) жеке табыс салығы;

б) акциз салығы;

в) корпорациялық табыс салығы;

г) көлік құралдарына салынатын салық.

2. ҚҚС-да салық салынатын айналымға не жатады?

а) барлық жауап дұрыс;

ә) тауар сату, тиеу;

б) тауарға алмастыру;

в) тауар экспорты;

г) тауарды тегін беру.

3. ҚҚС-нан қандай айналымдар босатылады?

а) барлық жауап дұрыс;

ә) пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері;

б) уәкілетті органдар жүзеге асыратын қызметтер;

в) адвокаттық қызметтер;

г) нотариаттық қызметтер.

4. Барлық ҚҚС төлеушілер үшін міндетті құжат болып табылады:

а) шот-фактура;

ә) салық салынбайтын минимум;

б) салық жөніндегі құжат;

в) барлық жауап дұрыс емес;

г) барлық жауап дұрыс.

5. Заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату бұл салықтың қай элементі?

а) салық жеңілдіктері;

ә) салық объектісі;

б) салық субъектісі;

в) салық төлеу мерзімі;

г) барлық жауап дұрыс.

6. Салық салу объектісінің өлшеміне байланыссыз тұрақты бір пайызбен тағайындалатын салық ставкасының қай түрі?

а) үйлесімді ставкалар;

ә) үдемелі ставкалар;

б) кемімелі ставкалар;

в) нольдік ставкалар;

г) барлық жауап дұрыс.

7. Өнімнен алынатын және тауардың бағасына қосылатын қандай салық?

а) акциз салығы;

ә) жеке табыс салығы;

б) жер салығы;

в) көлік салығы;

г) барлық жауап дұрыс.

8. ҚҚС-ның кезеңі тоқсан болып табылады, егер:

а) алдынғы тоқсан үшін бюджетке тиіс ҚҚС-ның орташа айлық сомасы 1000 айлық есептік көрсеткіштен кем болса;

ә) алдынғы тоқсан үшін бюджетке тиіс ҚҚС-ның орташа айлық сомасы 2000 айлық есептік көрсеткіштен кем болса;

б) алдынғы тоқсан үшін бюджетке тиіс ҚҚС-ның орташа айлық сомасы 1500 айлық есептік көрсеткіштен кем болса;

в) алдынғы тоқсан үшін бюджетке тиіс ҚҚС-ның орташа айлық сомасы 10000 айлық есептік көрсеткіштен кем болса;

г) алдынғы тоқсан үшін бюджетке тиіс ҚҚС-ның орташа айлық сомасы 5000 айлық есептік көрсеткіштен кем болса;

9.Қосылған құн салығының салық салу объектілері:

а) салық салынатын айналым және салық салынатын импорт;

ә) тұлғалардың жасаған операциялары;

б) мүліктер;

в) әлеуметтік төлемдер;

г) ақшамен жасалатын операциялар.

10. Қосылған құн салығы бұл:

а) қосылған құн өсімінің бір бөлігін бюджетке аудару;

ә) салық салу әдістеріне сәйкес салық ставкасы;

б) жылдық жиынтық табыс;

в) салық декларациясы бойынша төлем;

г) жеке тұлғадан алынатын табыс.


10-тақырып. Акциз салығын төлеушілер, акцизделетін тауарлар және қызмет түрлері

Жоспар:

1.Акциз салығы

2.Акцизделетін тауарлар

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ тізбесі анықталған қызмет түрлеріне акциз салынады.

Төлеушілер:

  1. Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;

2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын;

3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынының көтерме, бөлшек саудасын жүзеге асыратын;

4) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын;

5) Қазақстан Республикасының аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз телеушілер болып табылады.

Акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлерінің тізбесі:

1) спирттің барлықтүрлері;

2) алкоголь өнімі;

3) темекі буйымдары;

4) құрамында темекі бар басқа бұйымдар;

5) бекіре және қызыл балық уылдырығы;

6) алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар;

7) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;

8) жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);

9) атыс және газ қарулары (мемлекеттік билік органдарының қажеттіліктері үшін алынғандардан басқа);

10) газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнай акцизделетін тауарлар болып табылады.

Қызметтің акцизделетін түрлері мыналар болып табылады:

1) ойын бизнесі;

2) лотереяны ұйымдастыру мен өткізу.

Акциз ставкалары

1. Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және тауар құнына процентпен (авторлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді.

2. Алкоголь өніміне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттік) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі.

3. Спирттің барлық түрлеріне акциз ставкалары спирттің бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.

Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.

4. Ойын бизнесі объектілеріне акциздің базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шегерістерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бір жылға есептеп белгілейді.

Жергілікті өкілді органдар ойын бизнесі объектілеріне белгіленген базалық ставкалар шегінде қызметін бір әкімшілік-аумақгық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай акциз ставкасын белгілейді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconЛекция: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Семинар: 15 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Жалпы экономикалық теория»
Кәсіпорынды (фирма) басқару жүйесіндегі маркетингтің орны. Маркетинг тұжырымдамасы
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconЛекция: 45 СӨЖ: 45 обсөЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Бухгалтерлік есеп және аудит»
Сабақтас серіктестіктің шоғырландырылған есеп беруі және инвестицияларды есепке алу
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconЛекция: 45 СӨЖ: 45 обсөЖ: 45 а б 30 а б -30 е б- 40 ∑ 100 Лектор: Дүйсебеков Ш. Жетісай 2008 «Шетел бухгалтерлік есебі»
Есеп және Аудит” 3--курс студенттеріне 6 семестрде “Шетел бухгалтерлік есебі” пәнінен оқу бағдарламасының жоспарына сәйкес 3-кредит...
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconЛекция: 45 СӨЖ: 45 обсөЖ: 45 Лектор: Тасжанов Б. Р. Жетісай 2008 «Метеорология және климатология»
Материалдық өндірістің техникалық экономикалық негіздері” пәні бойынша 050116-«География» мамандығының студенттерінің білімін бақылауға...
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconЛекция: 30 Семинар: 15 СӨЖ: 45 обсөЖ: 45 1 рб-30 б. 2 Рб -30 б. Емт: 40 б. ∑: 100 б. Лектор: Сариева Ш. Ж. Жетісай, 2008 «Қазақстанның физикалық географиясы»
«География» 3- курс студенттеріне 6- семестрде «Қазақстанның физикалық географиясы» пәніне типтік оқу жоспарына сәйкес 3 – кредит...
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconЛекция: 45 СӨЖ: 45 обсөЖ: (22)45 р б- 30 балл Р. Б- 30 балл Емтихан -40 балл ∑: 100 балл Лектор: Сырбаева А. А. Жетісай 2009 «Сулы жүйелер экологиясы»
...
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconҚорытынды Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе
Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі,...
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconЛекция: 30 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 р б- 30 балл Р. Б- 30 балл Емтихан -40 балл Лектор: Сырбаева а жетісай 2008ж «Физикалық географиялық аудандастыру.»
«Физикалық географиялық аудандастыру» пәні бойынша 050116-«География» мамандығының студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөЖ...
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» iconЛекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 р б- 30 балл Р. Б- 30 балл Емтихан -40 балл ∑: 100 балл Лектор: Сырбаева а жетісай 2009ж «Қазақстан табиғатын зерттеу тарихы»
«Қазақстан табиғатын зерттеу тарихы» пәні бойынша 050116-«География» мамандығының студенттерінің обсөЖ сабақтарының білімін бақылауға...
Лекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу» icon«Қаржы менеджменті» мен «Салық және салық салу» мамандануы бойынша магистрлік диссертациялардың тақырыптары

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница