2009 жылы атқарылған жұмыстар




Скачать 147.11 Kb.
Название2009 жылы атқарылған жұмыстар
Дата конвертации08.02.2016
Размер147.11 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://zaysan.vko.gov.kz/kz/files/political3.doc
2009 жылы атқарылған жұмыстар


Зайсан ауданы бойынша 2009 жылғы 6 наурыздағы Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауының ақпараттық-насихаттау жөніндегі жоспары жасалып, аудан әкімімен бектілді. Жоспар бойынша 2009 жылдың 13 наурызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауын насихаттауға арналған аудан активінің жиналысы өткізілді.

Жиын соңында аудандық ақпараттық-насихат топтарының елді-мекендерді аралау кестесі бекітіліп, насихат топтарына әдістемелік құралдарға қосымша ауданның 2008 жылғы даму қорытындысы, Зайсан ауданы әкімдігінің дағдарыс жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған іс-қимыл жоспары тапсырылды. Осы кестеге сәйкес ауданның 33 елді-мекенінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ауданында түсіндіру жұмыстарын құрамында 167 адамы бар 43 ақпараттық-насихат тобы жүргізді.

8 ауылдық округте қоғамдық пікір көшбасшылары кеңінен тартылған актив жиындары өтті. Түсіндіру жұмыстары барлық еңбек ұжымдарында жүргізілді.

Өткізілген жиындар жөнінде есептер алынып, сараптама жасалды. Сараптама қорытындысы аудан жұртының Елбасы Жолдауын кеңінен қолдайтындарын көрестті.

Зайсан қаласында Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауының негізгі бағыттарын насихаталған 11 банер, 15 қалқан орнатылды.

Сәуір айында Елбасы Жолдауын насихаттауға бағытталған автопоездың ауыл жастарын барынша қамту мақсатында елді-мекендерге шығу кестесі жасалды. Автопоездың мақсаты Елбасы Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру мен қатар өнерлі жастарға қолдау көрсетуге бағытталған концерттік бағдарламалар қою.

Халықаралық әйелдер күніне орай Зайсан қаласында Нұр Отан халықтық демократиялық партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ерлер мен әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі-саналы қажеттілік,- тақырыбында «Пікірталас» дөңгелек столының кезекті отырысы өтті.

«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Әйел денсаулығы-ұлттың денсаулығы» атты аудандық конференция өтті.

6 наурыз күні аудан әкімі Ә.М.Мұхтархановтың халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік қабылдауы өтті.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай орталық алаңда халықтық тойлау өткізілді. Халқымыздың ұлттық мерекесіне халық көптеп жиналды. Аудан әкімі Ә.Мұхтарханов аудан халқын мерекемен құттықтады.

26 наурыз күні ауданымызға облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев жұмыс іс-сапарымен келді. Облыс басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық өмірімен, өндіріс орындарымен танысты.

9 сәуір күні «Жолдауды жастар қалай түсінеді?» тақырыбында «Пікірталас» дөңгелек үстелі өтті.

23 сәуір күні 2017 әскери бөлімінде Елбасының Жолдауын насихаттау мақсатындағы дайындалған «Қазақстандық даму» тақырыбында насихат-түсінік жұмыстары жүргізілді. Оған барлығы 300 әскери қызметші тартылды.

Сәуір, мамыр айларында ауыл жастарына Елбасы Жолдауын, оның әлеуметтік-гуманитарлық өлшемдерін түсіндіру мақсатында, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 1-тоқсандағы қорытындысы бойынша елді-мекендерді үгіт тобы аралады. Оның жұмысына «Бастау-Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігінің өнерлі жастары тартылды. Үгіт тобы 22 ауылда болып, барлығы 2800 ауыл жастарына түсінік жұмыстарын жүргізді.

Жолдау насихаттау және түсіндіру іс-шаралар жоспары негізінде мемлекеттік және бұқаралық мерекелердің үйлестіруші факторын барынша пайдалану мақсатында барлық даталы күндерде қолданылды. Жыл басынан бері аудан әкімінің мақсатты топтармен кездесулерінде, оның ішінде ауылшаруашылық құрылымдары, кәсіпкерлер, азаматтық қоғам өкілдері: Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымы, әйелдер өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, дін өкілдері, жастар, жасалған баяндамаларда Жолдауды насихаттау және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпараттық-насихат топтарының кездесулер барысында түскен өтініштерге жүйелі түрде жауап беріліп отырды, жүргізілген мониторинг барысында Елбасының биылғы Жолдауы шыққаннан бері аудан тұрғындарынан әлеуметтік, саяси-экономикалық сипаттағы сұрақтар азайғаны байқалды.

Сәуір айында «Рудный Алтай» газетінің тілшісі Азмухамбетов Шакерхан ауданда 1 апта жұмыс істеп, материалдар жинақтады. Оған бөлім тарапынан аудан көлемінде Елбасы Жолдауын насихаттау жұмыстары жөнінде ақпараттар беріліп, қазіргі уақытта газетте жариялануда. «Дидар» газетінің тілшісі Ардақ Бөлдекбайға жұмыс орыны мәселесі шешіліп, жағдай жасалынғанмен, жұмысы әлі де жеткіліксіз.

Президенттің Жолдауын түсіндіру және насихаттау жөніндегі материалдар облыс және аудан әкімдерінің сайтына жүйелі түрде орналастырылып отыр.


Ауданда 1- мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі мерекесіне арналған «Біз салауатты өмір сүреміз!» атты жанұялардың ұлттық спорт ойындар конкурсы өткізілді.

Мерекеге орай орталық алаңда ретродискотека ұйымдастырылды. Закиев атындағы саябақтың жаздық маусымының ашылуы - «Жастық шақ..Достық..Ынтымақ..» атты жастарға арналған би кеші жастар арасында кең қолдау тапты.

2 мамыр күні аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Бастау – Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігімен бірлескен тапқырлар клубының аудандық чемпионатының 2 туры болып өтті.

Мамыр айы - әскери - патриоттық тәрбие айы болып жарияланды. 1-7 мамыр аралығында аудандық, ауылдық және мектеп кітапханаларында «Еліміздің қуаты -бірлікте» атты тақырыптық шолулар, кітап көрмелері ,«Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмтылмайды» атты ертеңгіліктер мен кездесулер ұйымдастырылды.

7 мамыр күні әскерге шақырылған және әскерге дейінгі жастардың Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерімен кездесулері, патриоттық әндері фестивалі өткізілді. Әскерге шақырылған жастар аллеясы ашылып, көшеттер отырғызылды. 2017 әскери бөлімінде «Ашық есік» күні өткізілді.

9 мамыр Ұлы Жеңіс Күні аудан әкімінің салтанатты қабылдауында «Бастау-Зайсан жастары» ұйымының ұйымдастыруымен жасалған мерекелік бағдарламасымен әрленді.

Мамыр айының 20-27 аралығында аудандық ақпарат-насихат топтары “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс 12-ші съезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ — БІЗДІҢ ОРТАҚ БОЛАШАҒЫМЫЗ ҮШІН» атты сөзін насихаттау мақсатында жұмыстар жүргізді.

Ағымдағы жылдың 28 - 31 мамыр аралығында – Саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған «Зайсан ауданы қуғын сүргін жылдарында» атты ғылыми конференция өткізілді.

Аудандық мұражай директоры Ә.Әбілмәжінов «Зайсандағы қуғын сүргін» тақырыбында мұражай экспонаттарынан көрме ұйымдастырды. Аудандық мұрағат директоры Қ.Жақсылықова «Құжаттардан алынған 1930 - 1940 жылдардағы қуғын сүргін туралы», аудандық кітапхана қызметкерлері де репрессия жылдарындағы Зайсан ауданы жайлы баяндама жасап, көрме ұйымдастырды.

Зайсан қаласының орталық алаңында айтулы мерекеге арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты салтанатты жиын Қазақстан Республикасының көк байрақты туының сахнаға енгізілуінен басталды.

Мемлекеттік ән ұран орындалғаннан кейін, аудан әкімі, «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық бөлімшесінің төрағасы Ә.М.Мұхтарханов қала тұрғындарын мерекемен құттықтау үшін сөз алды.

Салтанатты жиын аудан оқушыларының «Ту ұстаушы» шеруімен жалғасты.Ту ұстаушылардың шеруін жүргізушілер жалынды сөздермен әрледі. Салтанатты жиынның екінші бөлімі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Бастау – Зайсан жастары» ұйымының ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен ұласты.

4-6 шілде аралығында Зайсан ауданында Астана күніне және Зайсан қаласының 140 жылдығына арналған «Біз жалынды жастармыз» атты жастар форумы өткізілді. Форумға Өскемен қаласының дебат қозғалысының, «Өр алтай» «Қазақ КТК лигасының», ұлттық пікір – сайыс ойындарының және облыс орталығының КТК командаларының белсенді мүшелері, Семей қаласының және Тарбағатай ауданының жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Форум аясында «Шылымсыз 1 күн» акциясы (350 адам), «Қазақстандық идеология және жастар саясаты» дөңгелек үстел (45 адам), «Салауатты өмір сүрейік» семинар – тренинг (400 адам), облыстық КТК лигасының жазғы ойындары (600 адам) өткізілді.

Форум «Зайсаным - Жайсаңым» атты гала - концертпен, дискотекамен және от шашумен аяқталды. Форумға Зайсан ауданының жастары, қалада орналасқан әскери жасақтың сарбаздары белсенді қатысты. Форумның оңды әсері жоғары деңгейде болды, жергілікті «Достық» газетінде мақала жарияланды.

Шілде айында Астана күніне арналған іс – шаралар өткізілді.

Барлық кітапханаларда «Еліміздің жүрегі – Астана» атты сөрелер мен ертеңгіліктер, «Астана – бейбітшілік әлемі» атты асфальтқа сурет салу байқауы, «Астана – арман қала» викторинасы Зайсан қаласының орталық саябағында және ауыл округтерінде өткізілді.

Абайдың шөбересі К. Исраиловамен «Бастау – Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі А. Есімбекова Астана қаласына саяхатқа баруы ұйымдастырылды.

Бөлімнің дайындауымен Дайыр ауылындағы шипалы минералды су зауытының, жасанды мини – футбол алаңының, күрделі жөндеуден өткен орталық стадионның салтанатты ашылу рәсімдері өткізілді.

Аудан әкімінің 31 шілдеде Өскемен қаласында өткен пресс – конференциясына баспасөз парақтары және басқа да журналистерге арналған әдістемелік материалдар топтамасы дайындалып берілді.

30 тамыз Конституция күніне арналған «Жаңашылдықтың жаңа көкжиегі» атты үгіт – насихат топтары жайлауда орналасқан малшылармен кездесуді 18 шілдеден бастады. Бөлім тарапынан насихат тобына «Жол картасы» бағдарламасының Зайсан ауданындағы іске асу барысы» және «Зайсан ауданының жарты жылдық әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы» тақырыптарында дәрістер дайындалып берілді.

8 тамыз күні аудандық ішкі саясат бөлімінің, «Бастау Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандағы бір қатар құрлыс компанияларын мерекелерімен құттықтады.

Зайсан қаласының негізін қалаған, атақты құрылысшы Баязит Сатпаевқа берілген көшенің ашылу рәсімі өткізілді. Салтанатты жиынға қала жұршылығы қатысып, мерекелік концертті тамашалады.

3-17 тамыз аралығында «Бастау - Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігі және 2017 Әскери бөлімімен бірелскен Елбасы Жолдауын насихаттау, 18-тамыз шекарашылар күніне, 30-тамыз Конституция күніне арналған «Ата Заңымыз. Елбасының саясаты-біздің болашақ» атты жастар агитпоезды құрылды. Тамыз айының 4 -17 күндері үгіт тобы «Шілікті» шекаралық комендатурасында, «Күзен», «Шаған - Оба», «Комсомол», «Ақжон», «Лесная», «Майқапшағай», «Майшілік», «Аққолқа», «Обалы» заставаларында болды.

Сарбаздарға «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Елбасы жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша әдістемелік құрал, Қазақстан Републикасының Конституциясы, еліміздегі діни ағымдар жайлы толық ақпарат беретін кітапшалардан көрме қойылып, застава кітапханаларына сыйға тартылды.

10 тамыз күні Зайсан қаласы бойынша «Жемқорлық індет» атты Жалғыз терезе, Әділет басқармасы, аудандық мұрағат, Қалалық аурухана мекемелерінде «Еламан», «Береке», «Жібек жолы» базарларында сауалнама жүргізілді.

12 тамыз күні аудандық соғыс және тыл ардагерлері кеңесінің, ақсақалдар алқасының, қоғамдық кеңестерінің бірлескен отырысы болып өтті.

24 тамыз күні аудандық әкімшілікте «Сыбайлас жемқорлыққа қандай тосқауыл?» тақырыбында «Пікірталас» дөңгелек столының кезекті отырысы өтті.

28 тамызда Конституция күніне орай барлық ауылдық округтерде салтанатты жиындар болып өтті. Еліміздің мемлекеттік мерекесіне орай аудандағы «Жол картасы» бағдарламасы аясында жөнделген ғимараттар, мектептердің ашылу салтанаты әр ауылда өтті. Жарықтандырылған Қаратал, Дайыр ауылдық округтерінде және Зайсан қаласында Манапов және Жақсылықов көшелерінің ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатына аудан әкімі Ә.Мұхтарханов қатысып, көше лентасын қиды.

29 тамыз күні Конституция Күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Жиынға 500-ге жуық қала тұрғындары, мекемелер қызметкерлері, жастар және ауылдық округтерден делегациялар қатысты.

Конституция күні 30 тамызда орталық алаңда жалғасын тапты. Аудан мекемелерінің арасында гүл көрмесі ұйымдастырылды.

Діни мәселелер бойынша барлық ауданда орналасқан мешіттердің жерлерін рәсімдеу құжаттары тексерілді.

Аудандық «Достық» газетінің мемлекеттік саясатын ақпараттық қамтамасыз ету барысы тексеріліп, аудандық әкімдікте есеп берілді.

Зайсан қаласының 140 жылдығы, Конституция күнін өткізу, ҰОС Жеңісіне 65 жылдығына байланысты, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өту жоспалары жасалынып бекітілді.

Зайсан ауданының табиғаты туралы фотоальбом және видеофильм жасалды.

Аудандағы пайдаланудағы мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкестігі тексеріліп, ұсыныстар берілді.

Ауданның барлық мектептерінде, ауыл округ әкімшіліктерінде, аудандық және ауылдық мәдениет үйлерінде Елбасының Жолдауын насихаттау мақсатында стендтер жасалынып, барлық кітапханаларда арнайы тақырыптық сөрелер ұйымдастырылды.

Аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы Елбасы Жолдауын насихаттауға бағытталған стендтердің жобасы дайындалып, ауыл әкімдіктеріне, мекемелеріне ұсынылды.

Сондай ақ аудан мектептерінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Жолдаумен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Аудан тұрғындарының ақпараттану деңгейі туралы қоғамдық пікірді зерттеуге бағытталған «Жолдауды білесіз бе?» атты сауалнама мамыр айына жүргізілді.

1 қыркүйек Білім күні аудандағы барлық мектептерде ақпарат насихат топтары кездесулер өткізіп, дәрістер оқыды. Кездесулерге ішкі саясат бөлімі тарапынан арнайы әдістемелік құралдар дайындалып, берілді.

08– 24 қыркүйек аралығында «Мәдениет пен тілдердің көп түрлілігі – бұл Қазақстанның ұлттық байлығы» атты тақырыпта ақпарат насихат топтарының елді мекендерде кездесулер өткізілді.

10 қыркүйек күні аудандық мәжіліс залында «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының, «Бастау Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігінің «Болашақ» дебат клубының ұйымдастыруымен «Құқықтық білім мектеп бағдарламасына қажет пе?» атты пікір сайыс өткізілді.

12 қыркүйекте аудандық мүгедектер қоғамының спартакиядасы өткізілді.

19 қыркүйек күні Зайсан қаласының 140 жылдық мерейтойын атап өту аудандық мәдениет үйінен басталды.

Зайсан қаласының тарихын тереңірек зерттеу мақсатында ғылыми – практикалық конференция болып өтті. Конференция аудан әкімі Ә.Мұхтархановтың салтанатты жиынды ашуымен басталды. Қазақстан Республикасының әнұраны ойналғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі Б.М.Сапарбаевтың аудан жұртшылығына жіберген құттықтау хаты оқылды.

Аудан жастарының шығармашылық - интелектуалдық мүмкіндіктерін дамытуды, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында «Бастау Зайсан жастары» қоғамдық ұйымымен бірлскен аудан жастары арасында аймақтық КТК (КВН) маусым ашар ойындары өтті.

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын аудандық мәдениет үйінде өтті. «Бастау Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігімен бірлескен 16 желтоқсан күні Қ.Рысқұлбеков атындағы ескерткішінің жанында патриоттық гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті. Акция аудандық мәдениет үйінде мерекелік концертпен жалғастырылды

1-желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат,білім бөлімдерінің , «Бастау – Зайсан жастары» жастар ұйымының ұйымдастыруымен «Аудандағы салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары қандай деңгейде?» пікірталас өткізді. Қала мектептерінің мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушылары салауатты өмір салтын насихаттап отырған сала өкілдерімен және бастаулықтардың «Болашақ» дебат клубының дебатшыларымен кездесті.

«Салауаттану – болашағыңды сәулелендіру» - дегендей, дені сау ұрпақ - болашақ кепілі. Денсаулық кепілі ұқыптылық, тазалық,дұрыс тамақтану, спортпен айналысу.Сондықтан да «Денсаулық- зор байлық» деген мақалдың мәні осында жатса керек. Басты байлығымызды қорғайық. Еліміздің болашағы дені сау азаматтың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық.

Бүгінгі кездесуде «Аудандағы салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары қандай деңгейде?» екенін екі топ ақтаушылар мен даттаушылар тілге тиек етті.

Бірінші сөз кезегін аудандық білім бөлімінің жыл көлемінде атқарған жұмыстары жайлы Гагарин орта мектебінің мұғалімі Дауылбаева Шынар «Тәрбие тал бесіктен басталады» атты баяндамасымен бастады.

Жас дебатшы Фаимова Гүлден сұрағын қойып, өз ойын айтып өтті.

Келесі кезекте «Ауданда салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары » жайлы аудандық салауатты өмір салтын насихаттау кабинетінің жетекшісі дәрігер Н.Әшімханов ой бөлісті.

Тұраров Тілектес СПИД жайлы сұрақтар қойып, өз тұжырымын айтып өтті.

Аудандық аурухана дәрігері Тұрсын Жақыпбаев «СПИД қоздырғышы немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусы» тақырыбында баяндама жасады.

Дәрігерге залдан көптеген сұрақтар қойылды.

«Аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдалану» тақырыбында

аудандық «Бастау Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігі жетекшісі

Есімбекова А. қысқаша түсініктеме берді.

Жас дебатшы Мұқанова Әсел сұрақтар қойып, жастардың бос уақыты жайлы өз пікірін айтып өтті. Залданда бірнеше сұрақтар қойылып , жауап қайтарылды.

Кездесуді «Болашақ» дебат клубының жетекшісі Нұрасыл Гафур қортындылады. Кездесуге келгендерге «Құлақ салыңыз», «Сақ болыңыз», «Ғасыр тажалына айналған дерт», «Теңдеусіз жау-темекі» атты үн парақшалары таратылды.

4 желтоқсан күні 2017 әскери бөлімінде күзгі әскери жасақ сарбаздарының Әскери Ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді.

Бүгінгі күнде аудандық әкімдік пен 2017 әскери бөлімі арасында тығыз қарым қатынас қалыптасқан. әскери бөлім басшылары салтанатты жиынға тыңғылықты дайындалған.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізумен басталды. Бөлім командирі А.Заманбеков салтанатты жиында жас сарбаздарды Әскери Ант қабылдау рәсімімен құттықтады.

Сонымен қатар салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Қ.Биқадамов, «НұрОтан» ХДП аудандық филиалы төрағасының І орынбасары Ш.Оралбаев, «НұрОтан» ХДП аудандық филиалының «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Б.Серіков, «Бастау Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Есімбекова қатысып, жас сарбаздарды Әскери Ант қабылдау рәсімімен құттықтады.

Жас сарбаздардың ата аналары да жиында құттықтау сөз сөйлеп, балаларының әскери өмірімен танысты.

Аудандық мәдениет үйінде өткен Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға аудан жұртшылығы лық толды. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы жоғары Кеңесінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданып, содан бергі 18 жылда Тәуелсіздік күні мерекеленуде.

Салтанатты жиынды аудан әкімінің орынбасары Қ.Биқадамов осындай айтулы күнге жоғары жетістікпен жеткен ауданымыздың тыныс – тіршілігі жайлы баяндамасымен ашып, жиылған қауымды мерекемен құттықтады.

«НұрОтан» ХДП аудандық филиалы төрағасының І орынбасары Ш.Оралбаев, аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығы Б.Қинашев, ақсақалдар кеңесінің мүшесі Жанат Әбдилдиновтар аудан жұртшылығын құттықтады.

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Биқадамов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай ауданның әлеуметтік -экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттап, аудан әкімдігімен мен аудандық маслихат хатшысының құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын тапсырды.

Ауданымыздың белсенді азаматтарына облыс әкімінің грамоталары тапсырылды. Келесі кезекте ауданымыздың айнасы, «Достық» газетінің редакторы Ә.Сақажанованы салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі болып өтті. Әмина Зәкиқызына аудан әкімінің «Құрмет грамотасы» мен бағалы сыйлық табыс етілді.

Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты жиыннан кейін аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің Мерекелік концерттік бағдарламасы, мерекелік қойлым өтті.



  1. Ақпараттық бағыт

«Аудандық «Достық» газетінің Жарғысына сәйкес, газеттің негізгі мақсаты ішкі саяси тұрақтылықты, мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін ақпараттық қамтамасыз ету, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің және Үкіметінің, облыс және аудан әкімідігінің қызметі туралы халықты хабардар ету; мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатты, экономиканы, білімді, мәдениет және спортты, шағын және орта бизнесті, сауданы, кәсіпкерлікті дамыту, адам мен қоғамның өзара қарым-қатынастары мәселелері жөніндегі ақпараттарды жеткізу болып табылады.

Оқиғалар тізбесіне және басқа да қоғамдық-саяси маңызды іс-шараларына сәйкес, «Достық» газетіне жарияланатын ақпараттар бойынша төмендегі медиа-жоспарлар дайындап, газет редакциясына ұсынған:

1. «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Президенттің халыққа Жолдауын ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету;

2. «2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Азаматтық қоғамды дамыту концепциясын» 2009 жылы түсіндіру мен насихаттауды ақпараттық сүйемелдеу;

3. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу;

4. Энергияны үнемдеу жөніндегі шараларды ақпараттық сүйемелдеу.

5. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел күші-халық бірлігінде» атты ХІV сессиясын ақпараттық қамту;

6. “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының ХІІ съезіндегі «Қазақстанның индустриялық-технологиялық дамуы-біздің ортақ болашағымыз үшін» атты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзіндегі қойылған міндеттерді ақпараттық тұрғыда қамтамасыз ету;

Осы медиа-жоспарлардың негізінде газеттің 1 жылдық жоспары жасалынып, аудан әкімімен бекітілген.

Сонымен қатар, облыстық ішкі саясат департаменті дайындаған ақпараттық күн тәртібі жұма сайын беріліп, жоспарларға өзгерістер енгізіліп отырды.

Жолдауды насихаттау бойынша медиа-жоспар жасалынып бекітілген, газет беттерінде пікір алмасуда және барлық өткен шаралар барыстарында аудан тұрғындары Жолдауды толық қолдайтындарын білдірді. Осы Бағытта «Елбасы Жолдауын орай», «Жаңғыру Жолдауы», «Жолдау жүгі», «Жолдаудың міндеттері» айдарлары ашылып, аудандық «Достық» газетінің 12 наурыз күнгі №11 санында Елбасы Жолдауының толық мәтіні және Жасалған мониторингтің қорытындысы бойынша газетке Елбасы Жолдауына байланысты 113 мақала жарияланған.

Похожие:

2009 жылы атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыстар атқарылды
2009 жылы атқарылған жұмыстар iconБасшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайын әкімдердің халықпен кездесіп, атқарылған жұмыстарының есебін беріп отыруы бүгінде маңызды мәселелердің біріне айналды. Бүгінгі есепті кездесуге дейін қалаға қарасты ауылдық округтер, кент, мөлтек аудандар бойынша
М. Жайымбетовтің 2011 жылы атқарылған жұмыстар бойынша тұрғындар алдындағы есептік баяндамасы
2009 жылы атқарылған жұмыстар iconАқсу ауданы әкімі Ә. Дүйсембаевтың және поселкелік, ауылдық округ әкімдерінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы 2012 жылдың ақпан наурыз айларында аудан
Ақсу ауданы әкімі Ә. Дүйсембаевтың және поселкелік, ауылдық округ әкімдерінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы 2012 жылдың ақпан...
2009 жылы атқарылған жұмыстар icon2009 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар
Округте сарып ауруының ошағын жою және таралып кетпеуіне байланысты барлық профилактикалық шаралар жүргізілді
2009 жылы атқарылған жұмыстар iconШілікті ауыл округі бойынша 2010 жылы і-ші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы анықтама
Округі көлемінде 12–қаңтар,18-қаңтар аралығында ауыл әкімінің халық алдында есеп беру жиналысы өтті. Сын-ескертпелер жинақталып,...
2009 жылы атқарылған жұмыстар iconҚарқаралы ауданының
«2009 жылы азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы» №1...
2009 жылы атқарылған жұмыстар icon2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар
Зайсан аудандық мәслихатының 1 шешімі мен Зайсан ауданының әкімдігінің 10 қаулысы келіп түсті. Келіп түскен қаулылар бойынша атқарылар...
2009 жылы атқарылған жұмыстар iconҰлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі Құрметті кент ауылдық
Сіздерге 2011 жылда атқарылған жұмыстар туралы ой бөлісіп, алдағы жұмыстар туралы бөліскім келеді
2009 жылы атқарылған жұмыстар icon2010 жылы атқарылған жұмыстар және 2011 жылға қойылған міндеттер
Елбасы Н. Назарбаев ағымдағы жылғы 28 қаңтар күні халыққа Жолдау арнағаны барлықтарыңызға мәлім. Осы Жолдауда Елбасы 3 негізгі бағыттағы...
2009 жылы атқарылған жұмыстар iconАуылдық округі бойынша 2009 жылы атқарылған
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница