Мемлекеттік рәміздер




НазваниеМемлекеттік рәміздер
Дата конвертации08.02.2016
Размер26.8 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://9schoolpavl.ucoz.ru/Zannama/simvolika/memlekettik_r-mizder.doc
Мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.

Азаматтыққа және отансүйгіштікке, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіндіру мақсатында оларды оқыту жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарының негізгі жалпы білім беру бағдарламаларына енгізіледі.

Жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында арнайы оқшауланған көрнекті орынға ұдайы Мемлекеттік Ту тігіледі, Мемлекеттік Елтаңба не олардың бейнесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мемлекеттік тілдегі мәтіні орналастырылады.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шоты Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым.

Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады.

Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi.

Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.

Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні


Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Похожие:

Мемлекеттік рәміздер icon1992 жылы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері ретінде- мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран алғаш рет
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран алғаш рет бекітілді. Бұл күн -ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер...
Мемлекеттік рәміздер iconҚарағанды облысы білім басқармасының «пдтбалаларға арналған мектеп интернаты» кмм
Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік...
Мемлекеттік рәміздер iconТақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер»
...
Мемлекеттік рәміздер iconАудандық ішкі саясат бөлімінің 2010 жылдың 1-ші жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы анықтама
Дайға үнемі зерттеу жасалып отырады. Осы уақыт аралығында «Зайсан ауданның қоғамдық-саяси жағдайы», «Жемқорлық індет» атты, тіл мәселесі...
Мемлекеттік рәміздер iconЕреж е
Бөлім мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет саласында мемлекеттік саясатты және қалада бірыңғай мемлекеттік...
Мемлекеттік рәміздер icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
Мемлекеттік рәміздер iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, мемлекеттік қызметшілердің...
Мемлекеттік рәміздер iconМемлекеттік Университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
«Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару» пәні бойынша 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері...
Мемлекеттік рәміздер iconТөмендегі шешімді қабылдады
«Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» республикалық мемлекеттік кәсіпорының (Мемсараптама) рмк жамбыл аумақтық еншілес...
Мемлекеттік рәміздер iconМемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының 2013 жылға арналған жоспар-кестесі
Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: негіздері, принциптері және даму перспективалары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница