Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша




Скачать 234.08 Kb.
НазваниеАқша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша
Дата конвертации08.02.2016
Размер234.08 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://axi-referat.ucoz.kz/_ld/6/681_-_.doc
Кіріспе


Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.

Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.

Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді.

Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.


І –Тарау. Төлем балансы және оның мәні


1.1. Төлем айналымы түсінігі


Қазақстанда ТМД елдері бойынша банктік қызмет көрсету жүйесін әлемдік стандарттар бойынша жүзеге асыруға және қаржы экономикалық дағдарысқа қарсы тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйесі (О.А. Жандосов пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін ірі төлемдер жүйесі; әр жолғы төлемдер клиенттік аударымдар, карточкалық төлемдер және т.б. келесі күнге есеп айырысумен; бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу, корпоративті қоса алғанда) әрекет етеді.

Банк функциясының ішкі нысаны – төлем айналымы бойынша әсері – банктердің халықаралық төлемдер және ақша аудару операцияларын жүргізуден тұрады, сондықтан аталған функция халықаралық құқық аясында қарастырылады. Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:

1) ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);

2) капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар - тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;

3) тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;

4) қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі.

Халықаралық банк құқығында төлемдегі қатынастар коммерциялық келісімшарттар бойынша ақшаны төлеудің есеп айырысу міндеттемесі ретінде қарастырылады, оған мына төрт элемент қатысады: уақыт, тәсіл, орын және төлем валютасы. Бұл орайда халықаралық есеп айырысу міндеттемелері халықаралық жеке құқықтың дәстүрлі құқықтық нормаларын, мемлекет ішілік нормаларын және банктер арасында қалыптасқан тәжірибедегі ережелерін есепке алу арқылы реттеледі. Олар бойынша есеп айырысу міндеттемелеріне жататындар:

  • валюталық тәуекелдердің сақтандырылу нысаны;

  • халықаралық қаржы есеп айырысу нысандары;

  • банктік кепілдік етудің типтері.

Есеп айырысу нысаны дегеніміз төлемнің тәртібі, қолданылатын төлем құралдарының түрлері, сондай–ақ құжат айналымын рәсімдеу болып табылады. Әлемдік банктік тәжірибеде банктік аударым, құжаттамалық инкассо және құжаттамалық аккредитивтік кеңінен таралған. Қазақстанда төлем айналымы бойынша қатынастардың және оларды реттеудің өзіне тән ерекшеліктері бар.

Қазақстанда ақшалардың төлемдері және аударымдары негізінен банктер арқылы жүзеге асырылады, сонымен бірге бұл қатынастар Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен реттеледі. Соның мысалы ретінде, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңы жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде банктік корреспонденттердің олардың банктік шоттары бойынша тапсырмасымен есеп айырысуды жүзеге асыру белгіленген және аударым операциялары банк операцияларын жатқызады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңында Қазақстан Республикасында төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәртібін, жүйесін және нысанын айқындайды, ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстандық теңге мен банктер арасындағы аударымдардың уақытылы және кідіріссіз жүргізілуін қамтамассыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асырады, банктердің қолданылатын автоматтандырылған жүйелерінің сенімді әрі қауіпсіз болуын және банк ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ең төменгі талаптарды белгілейді.

Қазақстанда төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәсілдің заңнама актілермен және олардың негізінде қабылданған құқықтық актілермен, оның ішінде Қазақстан Ұлттық банкі актілерімен белгіленеді. Ақша төлемі мен аударымын Қазақстан Республикасынан аумағынан тыс жерде ұлттық валютамен де, шетелдік валютамен де жүзеге асыру кезінде, сондай ақ Қазақстан Республикасы аумағында валюталық заңнама талаптарын сақтаумен шетелдік валютамен ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде белгіленген нысандағы бланктерде ақша аударуға өтініш пайдаланылады, ол ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы банкке жөнелтушінің төлем тапсырмасы болып табылады. Ақшаны аудару өтінішіне банктің аталған өтінішті өңдеу не Қазақстан Республикасы заңнамасы талап ететін жағдайлар үшін оған қажетті деген жөнелтуші туралы қосымша мәліметтерді қосуға болады.


1.2. Төлем айналымы әрекет етуі бойынша қатынастарды реттеу


Банктің негізгі функцияларының бірі (қызметтің негізгі бағыттары) төлем айналымы бойынша әрекет ету функциясы болып табылады. Банктің функциялары қаражаттарды құраудан, несие беруден, төлем айналымына әсер етуден, өзге де функциялардан тұрады. Бұл функциялардың әр қайсысы жоғарыда аталған топтарға бөлінуге орай белгілі бір операциялардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Төлем айналымы әсер ету жөніндегі операцияларға банк әр түрлі төлем операцияларын олар бойынша орындауды міндетіне алады: чектерді төлеу, аударымдар жасау, вексельдер және өзге де құжаттар бойынша төлемдер қабылдау және т.б. Осы операциялар арқасында банктер жалпыға ортақ кассирлерге айналады.

Қазіргі кезде әлемде, оның ішінде Қазақстанда банктердің функциясы – төлем айналымына әсер етуі – елеулі, сапалы өзгерістерге ұшырауда, бұл компьютерлік және телекоммуникациялық байланыстардың дамуының салдары деуге болады, мұның өзі төлемдер мен ақша аударылымдарының өтуін тездетеді. КСРО тараған кезде және оның үйіндісінде тәуелсіз мемлекеттер құрылған кезеңде ақшалардың төлемдері мен аударылымдары айға тіпті жылға созылды.

Қазақстанның қазіргі банк жүйесінде аударымдардың жасалуы әлемдік талаптарға сәйкес келеді, мысалы «Қазақстанның халық жинақтау банкі» заңды тұлғалар арасындағы есеп айырылысуды «күніне күн» есеп айырылысуға мүмкіндік береді. Аталған функцияның маңызын өсіре бағалау қиын, өйткені ол ақшалар мен – «кез келген елдің экономикасының өзегімен» байланысты. Бұл орайда аталған функцияның рөлі Қазақстанның әлемдік экономикаға енуі нәтижесінде ақшалардың төлемдер мен аударымдарын өткізуге тездету және жетілдіру міндетін алға қояды және қолма қолсыз түрде есеп айырысудың жүзеге асуы өскен кезде ерекше маңызды.

Төлем айналымына байланысты операциялардың дамуына неғұрлым күшті фактор Қазақстанның саяси жағынан да, экономикалық жағынан да егемендік алуы болып табылады, себебі нағыз мемлекеттік егемендік елдің төлем жүйесінің сенімді де берік болуына мүмкіндік беретін әлемдік стандарттар мен талаптарға жауап беретін банк жүйесін құруды ұсынады. Бұрын коммерциялық банктер депозиттер бойынша қойылымдарды көтеру сияқты халықтың жинақ ақшаларын тартудың тиімді құралын еркін қолдана алмады. Ірі банктік мекемелерге арналған әмбебаптануға қатысты жалпы тенденция олардың мамандануымен сәйкес келеді. Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жекелеген түрлерімен ерекше дамиды. Мұнда әмбебап типтегі мекемелердің қайта мамандануы қажет. Сол сәтте бұл тенденция қызмет сапасының жоғарлауына ықпал етеді және ең алдымен ұсақ және орташа банктерді қамтиды. Банктік операциялардың дамуында ақпарат пен коммуникацияның қазіргі кездегі техникалық құралдары айрықша роль атұарады. Банк ісі ақпаратты дер кезінде беру, оны жедел өңдеу және мәмілеттердің ақиқаттылығы, экономикалық жағдайды талдау және ақша нарығының даму болашағын дұрыс бағалау сияқты жағдайларға тәуелді болады. Қаржы нарығының қатысушылары өз істерін жүргізу үшін ақпараттың өте үлкен көлемін талап етеді. Сондықтан да банк ісіне ҒТР дың соңғы жетістіктерін енгізбей, коомпьютерлік техниканы игермей банк қызметін жақсарту мүмкін емес [2].

Банк жүйесінің дамуындағы елеулі құбылыс ретінде мынаны атап көрсетуге болады, яғни несиелңк мекемелердің көтерме операциялардан бөлшек операцияларға өту оның клиенттері шеңберінің кеңеюіне әкеледі.

Қазіргі кезде көптеген банктер өз стратегияларын өзгертті. Кәсіпкерліктің барлық салаларына белсенді түрде жүре отырып және шағын бизнесті қамти отырып, олар жаппай клиентураға, яғни халықтың әл ауқаты нашар топтарға бағытталады. Ол қазіргі кездегі ірі банктің келбетін, оның саясатын өзгертеді [5].

Біз дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің қазіргі кездегі несие жүйесін сипаттаушы маңызды мәселелеріне тоқталдық. Өз экономикасын нарықтық жолда қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесінің қазіргі кездегі даму тенденциялары үлкен қызығушылық туғызады, өйткені нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық несие жүйесін құруды талап етеді. Республикамыз үшін шетел тәжірибесін толығымен меңгерген тиімді болады, өйткені экономикалық нарыққа өтудің ең басында тұр. Ал Батыс болса мұнда бұрыннан қызмет етуде [8].

Қазақстан Республикасында ақшалардың қолма қолсыз төлемдері мен аударымдарын жүзеге асырудың ең көп тараған тәсілі төлем тапсырмасы болып табылады. Заң бойынша төлем тапсырмасын пайдалануға байланысты жөнелтуші мен қабылдаушы банк арасындағы міндеттер мен құқықтар, олардың арасындағы шартпен белгіленеді, ал оларды нақты түрде жүзеге асыру қабылдаушы банкке төлем тапсырмасын көрсету сәтінен басталады. Алушы банк ондай нұсқауды алғаннан кейін оны акцептеуге не оны акцептеуден дәлелді түрде бас тартуға тиіс. Алушы банк төлем тапсырмасын акцептеген жағдайда жөнелтушінің акцептелген төлем тапсырмасының орындалуы жөнінде талап ету құқығы туындайды. Төлем тапсырмасы белгіленген нысандағы банкте басқа кәсіпорынға оның шотынан ақша қаражатының сомасын аудару туралы банкке берілетін бұйрық болып табылады. Төлем тапсырмасы несие аударымына алушы банкке бастамашының ұсынуы арқылы жүргізілетін қолма қолсыз төлемдерге жатады. Тапсырмада көрсетілген сомада бенефициар пайдасына оның ақшасын аудару туралы жөнелтушінің қызмет көрсететін алушы банкке тапсырмасы ретінде болады. Ақшаны жөнелтуші қызмет көрсететін алушы банкке төлем тапсырмасын белгіленген нысандағы банкте ұсынады. «Төлемнің мақсат» деп аталатын бағанаға ақшаны жөнелтуші ақшаны аударуды жүзеге асыруға негізде құжаттың атауын, нөмірі мен күнін және Қазақстан Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілерімен тікелей көзделген болса, өзге де реквизиттерді көрсетуге міндетті, сонымен қоса «төлем мақсатының коды» бағанасына – төлемнің белгісі қойылады.


ІІ – Тарау. Төлем айналымы және ақша-несие саясаты

2.1. Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері

Бағалардың ұтымды жүйесін қалыптастыру қатаң ақша –несие және икемді салық саясатын көздейді. Мемлекет тапшылықсыз бюджетті қамтамассыз ету үшін және инфляцияға қарсы күрестің барлық шараларын қолдануға міндетті. Бұл шараларда мемлекеттік шығындарды қысқартудың, ақылға сиымды шеңберде бюджеттің салық базасын ұлғайтудың, ең әрі кеткенде халық шаруашылығының барлық салаларындағы тиімсіз өндірістерге жәрдемақы беруді шұғыл қысқартудың өзара байланысты қадамдары көзделінеді. Ал мұндай шаралар өнім өндірушілердің ешқайсысын да жігерлендірмейді. Мемлекеттік бюджеттен онда да ақша басатын станоктың жұмысы есебінен қаржы алуға және беруге арқа сүйеу әлде қайда жеңіл сияқты. Ал дербес өзіндік шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін толық жауап беретін бола тұра өндірісті дамытуға, өз қызметкерлерін материалдық жағынан ынталандыруға қажет ақша табу айтарлықтай қиын. Алайда біз алғашқы жолмен жүрсек онда «жұмыс істемейтін» ақша тасқыны ұлғаятыны сөзсіз. Осы жағдайда тауарлардың қажетті саны болмағанда бағаның бақылаусыз өсуі орын алады да еркін баға белгілеу сияқты өзін өзі реттеу механизміне қол жеткізе алмаймыз. Бізде бағаларды үнемі өсіріп отыратын мехенизм қалыптасатын жіне әрекет ететін болады.

Жоғарыда көрсетілген шараларды бір мезгілде және кешенді жүзеге асыру ділгерлікті жеңу еркін, нарықтық бағалар жүйесін өмірге енгізуге мүмкіндік береді. Әрине, бұл жылдам іске аса қоймайтын үрдіс екендігі белгілі. Нарыққа өтпелі кезеңнің өне бойында бірқатар өнім түрлерінің бағасын әкімшәләк жолмен реттеп отыру әлі де сақталынатын болады. Экономиканың тұрақтандырылуына, оның нарықтық негіздерінің нығайтылуына қарай орталықтан белгіленетін мұндай бағалар шеңбері тарыла түспек. Болашақта мемлекеттік баға реттеу өз мәнін біршама сақтайтыны байқалады. Экономиканың тұрақтандырылуына, оның нарықтық негіздерінің тұрақтануына бұлайша баға белгілеуді реформаларды белгілеудің күрделі қиындыққа, үлкен әлеуметтің тәуекелге толы жол екендігін де мойындаған жөн. Әйтсе де бұл қазіргі заманғы ділгерсіз, жоғары өнімді экономикаға жеткізетін бірден бір жол [21].


2.2. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер

Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша- несие жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгерді.

Еліміздің ақша- несие саясаты халықаралық несиелік саясатпен жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы зор.

Несиені өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг агенттіктері елдің несие рейтингін әзірлейді, бұл орайда мына аспектілерге назар аударады:

  1. Демократиялық саяси жүйені жасаудағы прогресс: мұны демократиялық саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы, экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды тәжірибеде жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.

  2. Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер. Олар өзіне мыналарды біріктіреді: фискалдық және манетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдағы кезінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұруы.

  3. Нарықтық экономикаға көшудегі прогресс: экономикадағы және меншік сектордың рөлі (мемлекеттік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын өзгерту, корпарациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы өзгерістер және төлем тәртібі, экономикалық ырықтандыру, баға еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін нарықтың ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық қызметтегі ақықтық), қаржы секторының ақуалы (банк секторының дамуы және оны реттеу, қаржы делдалдылығының дамуы, қор нарығының және банктік емес қаржы мекемелерінің дамуы), нарықтық институттардың дамулығы (тиімді инфрақұрылым мен заңнаманың болуы).

  4. Сауда ағындарын қайта бағдарлау. Экспорт пен импорттың өсу серпіні мен құрылымы, халықаралық экономикалық сауда ұйымдарына қатысу, қаржыландырудың көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың рөлі, менеджменттің деңгейі технологияларды беру арқылы бағаланады [26].

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір несиелер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарды шығарған кәсңпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы тиіс [2].


2.3. Валюталық саясат және оның төлем балансындағы маңызы

Әлемде нарық экономикасында несие жүйесі екі дәрежеде қызмет атқарады, олар «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді. Осыған сәйкес экономикалық талдау да макроанализ және микроанализ деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Еңбекке тарту, процент пен ақшаның жалпы теориясы » деген еңбегінде батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан.

Микроэкономикада - жеке буын немесе негізгі экономикалық буынның қызмет ету саласы. Микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты табыс табу [17].

Макроэкономикада - бұл жалпы экономикалық процестер саласы, қоғамдық фирмалардың жиынтығы болып табылады.

Қазіргі кездегі несие жүйесі соңғы жылдары едәуір өзгерістерге ұшырады. Әлемдік экономикадағы құрылымдыұ қайта құрулар нәтижесіндегі өзгерістерге байланысты банк жүйесінің барлық компоненттері қайта жаңғыртылуда. ҒТР-дің даму әсерінен өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануы мен орталықтануын талап етті. Сәйкесінше банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды ұлғайтуға қарай модификациялайды, яғни қазіргі кездегі банк жүйесінің экономикадағы дамуының өзгермелі жағдайына бейімделуі жүзеге асады: банк жүйесінің құрылымдық қайта құрылуы айқын; белгіленген мамандануды сақтай отырып, банктер қызметінің шоғырлануы және әмбебаптануы орын алады. Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозиттік шоттарды жүргізу, қолма қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр алуан несиелерді беру, құнды қағаздарды сатып алу, сенімхат бойынша мүліктерді басқару және басқа көптеген банктік және банк маңындағы қызметтерді көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін жүзеге асырады. Несиелік мекемелер қызметінің көпжақты сипаты қазіргі кездегі қаржылық капиталға толық жауап береді [15].

Несиелік мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншісі - дәстүрлі емес банктік операциялардың кеңеюі арқылы. Коммерциялық банктер сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпараттық кеңістік принципке және т.б. енуге тырысады. Олар қаржылық қызмет көрсету, атап айтқанда жылжымайтын мүлікпен мәмілелер, бухалтерлік және компьютерлік қызмет көрсету, лизингтік іс салаларына қатыса отырып, несиелік мекемелердің басқа топтарымен тікелей конфронтацияға шығады.

Екінші - банктік емес мекемелердің банктік нарықтағы енуі арқылы. Банктік емес мекемелер қазіргі таңда банктермен инвестициялық салада депозиттік саудалық операцияларды барынша бәсекелес келеді.

Соңғы жылдары банктік жіне басқа арналардағы қаржы несие мекемелері арасындағы қаржы, халықтың жинақ ақшалары және фирмалар мен компаниялардың жинақтары үшін күрес өткір сипат алады [5].


ІІІ- Тарау. Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары.

3.1. Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны.

Халықаралық ақша-несие саясаты - бұл қайтарымдылық, жеделдік және процент төлеу шарты бойынша өзге елге валюталық және тауар ресурстарының несиеге берілуін қадағалайтын саясат.

Халықаралық несиелік қарым қатынастардың негізгі формалары әр түрлі. Олар заемдық қаражаттарды пайдалануда дүниежүзілік шаруашылықтың қажеттіліктерінің өсуін керек етеді. Халықаралық ақша - несие саясаты олардың тағайындалуына, экономикалық мазмұнына, несиені беру көздерін қамтамассыз етеді. Халықаралық ақша-несие саясаты көбінесе сыртқы сауда ағымдарына әсер етумен, инвестициялық обьектілердің құрылысын қаржыландырумен, көрсетілген қызметтерге ақы төлеумен, ғылыми-техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді. Сонымен қатар, оның маңызды бір бөлігі тек қана сыртқы экономикалық несиелерді қаржыландыру үшін ғана емес, сол сияқты барлық несиелер беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу саясатына пайдаланылады. Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер бір жағынан, экспорттық және қаржы несие зайымдары ретінде, екінші жағынан, жеке және халықаралық несие түрінде

қарастырылған [7].

Несиенің бағасына несиеге сатылатын тауарлар бағасына жасырын түрде болатын пайыз мөлшерлемесі, комиссиондық және басқа да мезгілдік ақылар, сыйақылар береді. Бағаның негізгі компоненті бұл пайыз мөлшерлемесі. Пайыз мөлшерлемесінің құрылысы мен қозғалысы халықаралық қарыздық капиталдар нарығының дамуының негізгі заңдылықтарын көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашылық нарық конъюктураларының өзгерісін шұғыл түрде ескере отырып, несие үшін пайыз ішкі және сыртқы нарық ағымындағы жағдайларды тез арада бағалауға және оның алдағы уақыттағы дамуына қорытынды беруге мүмкіндік жасайды. Халықаралық ақша несие нарығының жекелеген сфераларындағы қарыздық капитал қозғалысының заңдылықтары саудаға ықпал етеді.

Халықаралық несие нарығындағы пайыз мөлшерлемелерінің қазіргі құрылымы да несиенің қолданылу аясына және пайдалану бағыттарына сәйкес анықталады. Сондықтан да мынадай халықаралық несие категориялары: экспорттық және қаржы несиелерінің пайыз мөлшерлемелерінің қозғалыс ерекшеліктерін қарастыру қызығушылық тудырады.

Орташа пайда нормасына қарағанда дүниежүзілік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы өзгеріп отырады. Дегенмен өндіріс пен айырбастан және несиелік жүйелермен жинақталған несие капиталының өсуі, халықаралық сауда және батыс елдері арасындағы төлем есеп айырысу қатынастарының нығаюына әкеліп отыр. Мұндай несиелік нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынас дүниежүзілік дағдарыстың тұсында болған [27].

Экспорттық несиелер бойынша пайыз нормасының қозғалысына ортақ заңдылықтар белгілеу өте қиын. Жоғарыда аталған факторларға қоса, бұл несие бағасының қалыптасуына дүниежұзілік нарықтағы тауарлар қозғалысынан сондай-ақ жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы несиелік қатынастардың ерекшелігінен туындайтын факторлар жиі ықпал етеді. Мұнымен экспортты несиелеу жүйесінің негізгі аспектілері: атап айтсақ, несиелеу мерзімі, формасы және түрлері, қамтамасыз ету сипаты, нарықтың шарттары мен тәртібі т.б. тығыз байланысты. Сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне, кейде саяси қажеттіліктен туындайтын несие нарығындағы бәсеке де үлкен әсер етеді. Мұның бәрі сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемелерінің құрылымының күрделенуіне әкеліп соғады. Несиенің кейбір формалары мен түрлері бойынша қандайда бір тенденцияны айқындау мүмкін емес.

Тікелей мемлекеттік несиелер бойынша халықаралық несие саласындағы пайыздар төмен болып келеді, мұндағы мөлшерлемелер мемлекеттік бюджет немесе арнайы қордағы қаражаттар есебінен жабылады. Мұндай несие бойынша пайыз мөлшері экономикалық емес, саяси формаларға байланысты анықталады. Батыс елдері бюджет есебінен арзан несие беруді және инвестициялар мен тауар экспортын ынталандыру үшін пайдаланады және нәтижесінде сыртқы экономикалық экспансияға тиімділік жасайды [8].

Евровалюта нарығындағы қаржы несиелері бойынша пайыз мөлшерлемелерін қалыптастырудың бірқатар ерекшеліктері бар. Оның басты элементі - «либор» мөлшерлемесі. Ол нарық конъюктурасына байланысты ауытқи отырып, банктің жалпы ағындағы өтімділік жағдайын көрсетеді.

Сыртқы сауда мәмілелерін қаржыландырудағы несие мерзімі несиеленетін тауарлар немесе объектілердің сипатына және контрактінің мөлшеріне байланысты. Контракт қаншалықты ірі сомаға жасалса, несие соғұрлым ұзақ мерзімді болуы мүмкін.

Инфляциялық процестердің ұлғаюы барысында ақша-несие саясатының маңызы арта түсуеді. Сондықтан валюта бағамының динамикасы, қарыз алушылардың несие мерзімін таңдауы нарықты тауарда маңызды роль ойнайды [3].


3.2. ҚР-ның ақша-несие саясатының қазіргі даму ерекшелікткрі.


Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарады.

Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады [3].

ҚР Ұлттық банкі түрлі күрделі операцияларды орындайтын және ақша айналымын реттейтін, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамассыз ететін негізгі буын болғандықтан бірінші деңгейлі банк болып есептеледі.

Ұлттық банктің үкіметтен белгілі бір тәуелсіздігі - оның ақша-несиелік және валюталық тұрақтылықты сақтаудағы іс әрекеттеріндегі тиімділігіне қажетті жағдай. Ұлттық банктің мұндай тәуелсіздігі еліміздің экономикалық тұрақтылығы үшін маңызды.

Дегенмен Ұлттық банктің Үкіметтен тәуелсіз қызмет істеуі мүмкін емес. Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі элементі - ақша-несие және қаржы саясатын мүлтіксіз орындау Ұлттық банк қызметінің түйіні. Сондықтан Үкіметтің макроэкономикалық бағыты Ұлттық банктің ұзақ мерзімдегі саясатын анықтайды. Сайып келгенде кез келген Ұлттық банкте әрі банктің, әрі мемлекеттік органның белгілері тоғысады.

Кез келген Ұлттық банктің міндеті - ұлттық ақша өлшемінің төлем қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулылығын қамтамасыз ету, банк жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін Ұлттық банк негізінен мынадай қызметтерді орындайды:

  • Банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;

  • ақша-несиелік қатынастарды реттеу;

  • сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу;

  • банктердің банкісі болу;

  • үкімет банкісі болу.

Осы аталған қызметтер Ұлттық банктің балансында көрініс табады [12].

Ақша-несиелік саясат жүргізу үшін Ұлттық банктің заңды бекітілген құралдары мен операциялары бар, олар: қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар, вексельдерді қайта есепке алу және т.б.

Оларды пайдаланудың тиімділігін республикада 2001-2004 жж. қалыптасқан инфляция деңгейімен (6,4-6,8%) шамалауға болады.

Сонымен қатар болашақта артық өтімділікті «депозиттерге тарту» Ұлттық банктің басты құралы болатын жоспары бар. Алайда инфляциялық қысым көзі сырттан (сыртқы валюталық түсімдер) болса, артық өтімділікті шексіз азайту бұл операцияның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайда сыртқы түсімдерді реттеу бағытында шаралар қолдану қажет [8].

Институционалдық жағынан қарасақ несие жүйесі валюта қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Ақша-несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.

Мемлекеттік бюджет тапшылығы оны жабуға бос қаржы ресурстарын тарту қажеттігін туғызады. Бұл ресурстар мемлекет ішінде (үкімет, қаржы-несие ұйымдары) және халықаралық қаржы несие институттарында шоғырланады. Қаражаттарды тартудың басты тәсілі болып мемлекеттік несие табылады.

Мемлекеттік несие жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және несие қатынастарының жиынтығы.

Ақша-несие жүйесінде мемлекет мынадай рольдер атқара алады: несие беруші, қарыз алушы және кепіл.

Мемлекеттік несие ақша-несие қаражаттарын қайтару шарты негізінде қайта бөлу қызметін атқарады. Бұл халықтың жеке шаруашылық субъектілерінің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл қызметте мемлекеттік несие жинақтарды ұйымдастырудың бір нысаны болып табылады [17].

Мемлекеттік несие бос ақша қаражаттарын мемлекеттік билік органдарының қарамағына жұмылдыру және оны мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын қатынастар. Несие көмегімен орташа жинақтар мемлекетте жинақталады және оның қажеттіліктерін өтеуге бағытталады. Бұл мемлекеттік займ облигацияларын шығарып, оны тұрғындар, шаруашылық субъектілері арасында орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздар (қазынашылық бондар, сертификаттар) шығару арқылы да болуы мүмкін. Тек еркін айналатын мемлекеттік займдардың болуы жинақ иелеріне жинақ нысандарының ұйымдастырылуын таңдауға мүмкіндік береді. Істің объективті қорытындылары болып кеңейтілген өндірістің көлемін жоғарлату табылады.

Қазіргі нарықтық экономикада зейнеткерлер қоры, сақтандыру компаниялары, өзара қорлар, инвестициялық банктер, ипотекалық банктер, қарыз сақтау ассоциациялары және т.б. осы сияқты арнаулы қаржы несие институттары ерекше орын алады. Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландырған бұл институттар капиталды тиімді орналастыру және қорлану процесіне белсене қатысады [11].


Қорытынды


Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің даму жолында шетелдермен төлем балансы және оның ақша-несие және валюталық саясатын, олардың өзара байланысы мен даму ерекшеліктерін қалыптастыру мен нарық талаптарына түсіру міндеттерін жоспарға алып, бұл мәселенің кезек күттірмей шешілу еліміздің экономикасы мен ертеңі үшін ауадай қажет екендігін айқындады.

Ақша-несие саясатын пайдалана отырып, мемлекет инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі дәрежесі тән экономиканы құруға ұмтылады. Бұл міндетті орындау үшін ол ақша ұсынысына бақылау орнатуы керек.

Ақша ұсынысының көлемін реттей отырып, Ұлттық Банк экономика дамуына белсенді түрде ықпал ете алады. Макроэкономикалық тепе теңдіктің кейнсиан үлгісі бойынша ақша ұсынысының ЖҰӨ дамуына ықпалы ең ақырында пайыздық мөлшер арқылы жүзеге асады, оның нақты көлемі ақша-несие саясатымен анықталады. Ең бірінші кезекте инвестициялық шығындарға ықпал ете отырып, пайыздық мөлшер жиынтық сұраныс көлемін, содан кейін ЖҰӨ-нің тепе теңдік көлемін өзгертеді.

Ұлттық банк ақша-несие саясатының бағыттарын бұрын бір жылға анықталып келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға анықтау тәжірибесіне көшті, және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған өзгертулер енгізіледі. Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық принципіне өту.

Ақша-несие саясаты ғана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар, ақша-несие саясатына деген нарықтың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді.

Ақша-несие саясаты қаржы нарығының әрі төлем балансын әске асыруда, олардың тұрақтылығын сақтауда, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономиканың өсуіне жағдай жасауға, сондай жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады. Қазақстандық ақша-несие саясатының төлем балансын жүзеге асырылуында айқындалатын екі артықшылығы бар:

  1. Бірінші артықшылығы - Ұлттық банк ақша-несие саясаты стратегиясын таңдау мүмкіндігіне ие. Ал ресми долларизациялануды немесе валюталық басқаруға көшкендерде мұндай мүмкіндік жоқ.

  2. Екінші артықшылығы - сеньораждан табыс алу мүмкіндігі. Бұдан туындайтын кез келген төтенше жағдайда экономикада Ұлттық банк ақша шығарып, мемлекеттің бюджет тапшылығын жаба алады. Ұлттық банк соңғы кредиторлық саты есебінде банктің қаржы саласының тұрақтылығын ұстап тұра алады. Дж. Кейнстің айтуы бойынша басқа амал болмаған жағдайда үкімет осындай табыстың арқасында өмір сүреді.

Қорыта келе, банктер үшін экономикалық нормалар орнату, ашық нарықта бағалы қағаздармен операциялар жүргізу, міндетті резервтердің нормасын анықтау, ең бастысы - төлем баланстарын жүзеге асыру мақсаттарына жету үшін елімізде ақша-несие және валюталық саясат дұрыс әрі қарқынды жүргізілуі қажет.


Қолданылған әдебиеттер

1. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең экономикалық теориясы», «Дәнекер», Алматы -2004ж. [99-119 беттер].

2. Н.Н.Хамитов «Банк ісі» «Экономика», Алматы -2006ж. [49-55 беттер].

3. «Егемен Қазақстан» 6.ХІІ.2006. №235 [3 бет].

4. А.А.Ильясов «Денежно-кредитная политика» «Экономика», Алматы -2007 [3-9стр.], [55-59стр.], [91-92стр.], [102-105стр.].

5. «Экономика и право Казахстана» 2007 г. №2 [8стр.].

6. П.А.Самуэльсон «Основания экономического анализа» «ЮНИТИ», Москва -2002 г. [561-562стр.].

7. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана -2006 ж.

8. «Банки Казахстана» 2006 г. №3 [11-12стр.], 2006 г.

№49 [7-11 стр.], 2006 г. №6 [4 стр.], 2007 г. №2 [29-32 стр.], 2007 г. №3 [7-10 стр].

9. Финансово-экономический казахско-русский словарь. Алматы-2007 г. Под научной редакцией д.э.н., проф. А.А.Абишева.

10. УМК «Финансы и кредиты» Алматы -2006 г. [58-65 стр.].

11. Д.С.Моисеев «Денежно-кредитная политика: теория и практика» «ЭкономистЪ», Москва -2005 г. [3стр.], [81-86стр.], [161-163стр.].

12. Б.Н.Жаналинов «Инфляция и антиинфляционная политика в Казахстане» «Экономика», Алматы -2007 г. [132-135стр.].

13. С.Б.Мақыш «Коммерциялық банктер операциялары» «Экономика», Алматы -2004 ж. [74-77 беттер].

14. ІІ Халықаралық ғылыми теориялық конференция, Ақтөбе -2005 ж.

15. «Основы экономики» 2006 г. № 2(8) [30-31стр.].

16. «ҚР валюталық реттеу және бақылау туралы» Заңы №57-1;13.06.05.

17. С.С.Сахариев «Әлем экономикасы» ІІ том. Алматы-2003ж. [38-47беттер], [128-131беттер].

18. Мәуленова, Бекмолдин «Экономикалық теория» «Экономика», Алматы -2004 ж. [50-53беттер].

19. М.К.Бункина «Монетаризм» «Экономик'С», Москва -2004 г.

20. «Аль-Пари» 2007 г. №2 [15-18стр.].

21. Т.Қ.Қожаниязов, Ж.Т.Қожаниязова «Қазіргі экономика» Тараз -2006 ж. [155-156 беттер].

22. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер» «Экономика», Алматы -2005 ж. [72-81 стр.].

23. «Финансы и кредиты» 2006 г. №9 [10-11 стр.].

24. С.Б.Мақыш «Ақша айналысы және несие» «Маркет», Алматы -2004 ж.

25. В.Д.Мельников, В.Д.Ли «Қаржының жалпы курсы» «Экономика», Алматы -2005 ж. [158-165стр.].

26. «Қаржы - қаражат» 2006 ж. [24-29 беттер].

27. Крымова, Болатханова «Экономикалық теория» , Алматы -2003 ж. [101-108 беттер].

Похожие:

Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша iconОрта Азия мемлекеттерінің ақша несие саясаты
Оны Қр президентi Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында да айтып өткен болатын. Ал осы ақша-несие саясатын дұрыс жүргiзу барысында ақша айналымын...
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша iconЖоспар кіріспе І ақша жүйесінің теориялық негізі
Тақырыптың өзектілігі. Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастару ақша жүйесі болып табылады. Әрбір...
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша iconНесие ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. Ол экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму
Дэем базасында басқару құрылғысы, дисплей, иілгіш магниттік дискілерде жинақтауыш, мәліметтерді теруге арналған клавиатура, принтер...
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша iconҰйымның қарыз қаражаттарын тиімді басқару
Ақша қаражаттары мен ақша ағынын тиімді басқаруын талдау қаржы менеджері қызметінің ең маңыздысы болып табылады. Ол өзіне ақша қаражаттарын...
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша iconАқша айналамы және ақша айналымының заңы
Себебі ақша құрылымының есебін ескермеген жағдайда халық шаруашылығы жағдайларын экономикалық саясаттың мақсаттарын анықтау және...
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша iconАударымдық төлем және ақша аудару тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде
Республикасының төлем жүйесінде ақша қозғалысына жан-жақты талдау жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы...
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша icon«Ақша,несие, банктер» пәні
Эквиваленттік құн формасының ерекшеліктері. Ақша жалпылама құн эквиваленті ретінде. Ақша тауарының спецификасы. Акшаның тарихи, қоғамдық...
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша iconСалықтың мәні оның атңаратын қызметіне тікелей қатыс-ты. Ескере кететін жай, қаржы санаты түрғысынан алғанда Салықтар түгелімен қосалқы санат болып табылады
Аражаттың мемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз ететін салықтың қазыналық (фискалдьщ) қызметі тарихи түрде бірінші болып табылады....
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша iconҚазақстанның ТӨлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) Дайындаған: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті Алматы
Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылқы 21 қарашадағы №242 қаулысымен бекiтiлген Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi...
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша iconБанктің несиелік саясаты және оның стратегиялық мақсаттарға жету қҰралы ретіндегі маңызы
Нің көмегі арқылы жеңуге болады. Бір қалыпты ұдайы өндіріс процесін қалыптастыру үшін несие бостатылған капиталды шоғырландырып және...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница