Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы




Скачать 231.04 Kb.
НазваниеЗайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы
Дата конвертации08.02.2016
Размер231.04 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.zaysan.vko.gov.kz/kz/files/program_19.doc


Зайсан аудандық мәслихатының

2009 жылғы 23 сәуірдегі

№ 13-3/13 шешімімен бекітілген.


ЗАЙСАН АУДАНЫНЫҢ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ

ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУДЫҢ 2009-2011 ЖЫЛДАРҒА

АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ


Зайсан қаласы

2009 жыл



1

Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлігін дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының төлқұжаты





3-4 бет

2

Кіріспе


4 бет

3

Шағын кәсіпкерліктің даму жағдайына талдау



4-6 бет

4

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері



6 бет

5

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері



6-7 бет

5.1

Шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық шарттарын жетілдіру, кәсіпкерлікті дамытуда кедергілерді жою



7 бет

5.2

Шағын кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік және инвестициялық қолдау.


8 бет

5.3

Индустриялық - инновациялық бағыттағы кәсіпкерлікті дамыту, шағын кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру


8-9 бет

5.4

Шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту


9-10 бет

5.5

Шағын кәсіпкерлікке оқыту, ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау


10-11бет

5.6

Өңірлік даму

11 бет

6

Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері



11 бет

7

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер



11-12 бет

8

Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлігін дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары


12-15 бет



1. Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлігін дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының төлқұжаты


Атауы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлігін дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)


Әзірлеу үшін негіздеме


«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 Заңы

Әзірлеуші

Зайсан аудандық кәсіпкерлік және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі


Мақсаты

Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлігінің серпінді және кешенді дамуын қамтамасыз ету


Міндеттері

1) кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және мемлекеттік органдардан кәсіпкерлік қызмет бойынша келісулер мен рұқсатнамаларды алу үдерістерін, есеп пен бақылауды оңтайландыру жөнінде ұсыныстар беру;

2) шағын бизнесті қаржыландыруға бағытталған несиелік қаражатты алуға ықпал жасап, көмек көрсету; 3) экономиканың нақты секторында шағын кәсіпкерлікті дамыту, қазіргі заманғы және ғылыми технологиялардың негізінде шағын бизнес субъектілерінің қызметін ұйымдастыру;

4) шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының тиімділігін арттыру;

5) шағын бизнес субъектілерін оқытуды ұйымдастыру, ақпараттық және әдістемелік қолдауды дамыту, кәсіпкерлік қызметті насихаттау;

6) шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау іс-шараларын жаппай және кешенді іске асыру.


Бағдарламаны іске асыру мерзімі


2009-2011 жылдар

Қаржыландыру көлемдері және көздері

Аудандық бюджет қаражатынан 2009-2011 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметті қолдауға байланысты әр түрлі іс-шаралар өткізуге қаржыландыру көлемі аудандық бюджеттен 600,0 мың теңгені құрайды. Жыл сайын шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге ескерілген қаражат бөлу шегінде мемлекеттік бюджет, түрлі қаржы ұйымдарының несиелері, мемлекеттік және халықаралық гранттар, заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен.

Күтілетін нәтиже

2008-2011 жылдарға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2027 бірлікке өседі, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім, тауар, жұмыс пен қызмет көрсетуі 56 пайызға артады, шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндердің саны 450 адамға артады.




2. Кіріспе


Аталған Бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауына, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуының стратегиялық жоспарының көрсеткіштеріне сәйкес әзірленді.

Бағдарламаны іске асыру ауданда шағын бизнестің дамуын ынталандыру үшін жағымды жағдайлар жасауды, кәсіпкерлік бастамаларды іске асыруды, жаңа технологиялық өндірістерді енгізуді, шығарылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды, отандық тауар өндірушілерді қорғауды қамтамасыз етуі қажет.

Осы Бағдарлама ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары мен механизімдерін белгілейді.


3. Шағын кәсіпкерліктің даму жағдайына талдау

2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда 1957 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Кәсіпкерліктің жеке түрлеріне тоқталатын болсақ, ауданда 27 шағын кәсіпорындар жұмыс істеп, бюджетке 95211,0 мың теңге салық түсті.

Патенттік жүйемен жұмыс істейтін кәсіпкерлердің саны 2007 жылы 362 болса, 2008 жылы 410-ға өсіп, немесе 13 пайызға көбейіп, бюджетке 11511,0 мың. теңге салық төлеп, 2007 жылмен салыстырғанда 76 пайызға артты.

2008 жылы ықшамдалған декларациямен жұмыс атқаратын 253 кәсіпкер тіркеліп, оның 200–і тұрақты жұмыс атқарып, осы саладан түскен салық 19456,0 мың теңге болып, 2007 жылмен салыстырғанда 25 пайызға өсті.

Жалпы түрде жұмыс атқаратын жеке тұлғалар саны 2008 жылы 46 болып, 6843,0 мың теңге салық төлеп, 2007 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артты. Аудан базарларында 44451 талон беріліп, 6890,4 мың теңгенің салығы түсті. Зайсан қаласында орналасқан 7 базардың 3-і өндірістік, 4-і аралас тауарларды саудалайды.

Шаруа қожалықтарының саны 2009 жылдың 1 қаңтарына 1186-ға жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға көбейді. Бюджетке түскен салық түсімдерінің сомасы 41122,0 мың теңгені құрап, өткен жылдан 2 есеге артты.

2007 жылы барлық шағын кәсіпкерлік субьектілерінен түскен салық- 62159,0 мың теңгеге орындалса, 2008 жылы 95211,0 мың теңге салық төленіп, былтырғы жылдан 53 пайызға артты.

Шағын бизнесті дамытуда оң серпін байқалады. 2008 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда тіркелген шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарының саны 19 %-ға өсті. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 31,2 %-ға, салық түсімдерінің көлемі 53 %-ға артты. 2008 жылы ауданның шағын кәсіпкерлік саласында 169 жаңа жұмыс орны құрылды.

2009 жылдың 1 қаңтарына аудан халқына шағын бизнес саласынан 7 базар, 158 сауда орны, 4 тойхана, 22 кафе, 8 асхана, 12 шаштараз, 5 тігін шеберханасы, 6 аяқ киім жөндеу шеберханасы, 7 қонақ үй, 3 көпшілік монша, 4 фото салон, 1 косметикалық қызмет көрсету салоны, 1 аудио- видео жөндеу шеберханасы, 2 ұялы телефон жөндеу шеберханасы, 4 компьютерлік қызмет көрсету орны, 3 тіс емдеу кабинеті, 8 жанар-жағар май құю станциялары, 1 пима басу шағын цехы, 22 наубайхана, 2 халыққа қызмет көрсету орталығы, 8 автокөлік жөндеу шеберханасы, 17 дәріхана, 2 ветеринарлық дәріхана қызмет көрсетеді.

2008 жылы ауданымызда 8 сауда дүкені , 1 сауда үйі, 1 кафе, 2 халыққа техникалық қызмет көрсету орталықтары (техникалық қызмет көрсету, автожуу, автодүкен, кафе, сауна), 1 аяқ- киім жөндеу шеберханасы, 2 тойхана және аудандық муниципалдық базар іске қосылды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау мақсатында Зайсан ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 213,9 млн. теңгенің 10 бизнес-жобалары ұсынылып, 2008 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалы және екінші деңгейдегі банктер арқылы үш кәсіпкер 166,9 млн. тенгенің және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ арқылы екі кәсіпкер 12,9 млн. теңгенің несиесін алды.

Аграрлық секторды дамыту бойынша: ауданда жалпы өндірілетін өнімнің 72,8 пайызын ауылшаруашылығы құрайды, оның ішінде 75,1 пайызы мал шаруашылығы, 24,9 пайызы егістікке тиесілі. Бұл салада өндірілген өнім былтырғыдан 4,2 пайызға артып, 4 млрд 159 млн. теңгені құрайды. Барлық қаржы көздерінен 319,8 млн. теңге субсидия, несиелер, қосымша қаржылар игерілді.

«Зайсан- Несие» ЖШС- гі арқылы 2007 жылы 23 шаруа қожалығына – 52,6 млн. тенгенің, 2008 жылы 12 шаруа қожалығына- 14,3 млн. тенгенің несиесі берілді.

Ауданда кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға 2008 жылы 10 жер учаскелері мен 14 әртүрлі объектілер салуға рұқсат берілді. Аудандық «Достық» газетінде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың және дамытудың іс- шаралары туралы халықты ақпараттандыруға, кәсіпкерлік қызметтің оң тәжірибесін насихаттауда 33 мақала жарияланды.

ИСО – 9001 Халықаралық сапа стандартымен ауданда «Зайсан Сулары» ЖШС-гі, «Балық Продукт Восток» ЖШС-гі, ВКРЭК АҚ-ның және РГКП «Казахавтодор» филиалдары жұмыс жасайды.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Бағдарламаның басты мақсаты ауданның шағын кәсіпкерлігін серпінді және кешенді дамытуды қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу арқылы мынандай міндеттерді шешу болжанады:

Кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтік- құқықтық базаны жетілдіру және мемлекеттік органдардан кәсіпкерлік қызмет бойынша келісулер мен рұқсатнамаларды алу үдерістерін, есеп пен бақылауды оңтайландыру жөнінде ұсыныстар беру;

Шағын бизнесті қаржыландыруға бағытталған несиелік қаражатты алуға ықпал жасап, көмек көрсету;

Экономиканың нақты секторында шағын кәсіпкерлікті дамыту, қазіргі заманғы технологиялардың негізінде шағын бизнес субъектілерінің қызметін ұйымдастыру;

Шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының тиімділігін арттыру;

Шағын бизнес субъектілерін оқытуды ұйымдастыру, ақпараттық және әдістемелік қолдауды дамыту, кәсіпкерлік қызметті насихаттау;

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау іс-шараларын жаппай және кешенді іске асыру.


5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері:

1) Шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық жағдайларын жетілдіру, кәсіпкерлікті дамытуда кедергілерді жою;

2) Шағын кәсіпкерлікті қаржылық- несиелік және инвестициялық қолдау;

3)Индустриялық-инновациялық бағыттағы кәсіпкерлікті дамыту. Шағын кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

4) Шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту;

5) Шағын кәсіпкерлікке оқыту, ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау;

6) Өңірлік даму.

5.1. Шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық шарттарын жетілдіру, кәсіпкерлікті дамытуда кедергілерді жою

Шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық шарттарын жетілдіру, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігі жөнінде мемлекеттік шараларды жүзеге асыру қажеттілігі жеделдетілген экономикалық даму, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету міндетіне қол жеткізуге байланысты кәсіпкерлікті дамыту басымдығымен ескеріледі.

Кәсіпкерліктегі әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі жұмыс тобы мен кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметіне қоғамдық ұйымдарды, кәсіпкерлік бірлестікті, қорларды құру және тарту жоспарланып отыр.

Жұмыс тобы шеңберінде мынадай бағыттардағы жұмыс жандандырылады:

Рұқсат беру, келісу, тіркеу, бақылау, жою және тағы басқа кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

Тіркейтін, рұқсат беретін, бақылайтын және кәсіпкерлердің қызметіне қатысты өзге де міндетті әкімшілік функцияларды жүзеге асыратын аудандық мемлекеттік органдардың бизнеспен өзара әрекеттестігін жетілдіру жолдары:

  1. нормативтік-құқықтық актілерде ескерілмеген қосымша құжаттарды талап ету тәжірибесін алып тастауды ұсыну;

  2. белгіленген нормалар шегінде кәсіпкерлердің қажетті құжаттарды алуға жұмсайтын уақытты қысқартылуына ықпал жасау;

  3. кәсіпкерлерге мемлекеттік және өзге де рұқсат беру құрылымдарының қызметі,

қажетті құжаттар беру тәртібі туралы ауқымды ақпарат беруді қамтамасыз ету;

  1. азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуді жетілдіру, мемлекеттік органдардың

өкілдері мен кәсіпкерлердің арасындағы қатынастың жалпы мәдениетін арттыру.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілері жобаларына сараптама өткізу мақсатында Зайсан ауданындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесінің қызметі қамтамасыз етіледі, ресми түрде тіркелген кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктігін құру және аккредиттеу жөніндегі жұмыс жүргізуді жоспарлау.

Осыған байланысты, кәсіпкерлік-қоғамдастықтар арасында мемлекеттік органдарда мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестікке шоғырлану жөнінде ақпараттық және консультациялық жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.


5.2. Шағын кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік және инвестициялық қолдау

Ауданда несиелік ресурстарды мақсатты орналастыру, инвестициялар тарту, лизингтік қарым-қатынасты дамыту мәселелерін қамтитын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі жұмыс жалғасады. Аталған бағытта іске асырылатын шаралардың негізгі міндеті кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік қамтамасыз ету жүйесінің деңгейлерін қалыптастыру болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру кезеңінде шағын кәсіпкерлікті қаржыландырудың деңгейлік жүйесінің элементтерін дамытудағы негізгі бағыттар:

Бүгінгі күні банк секторының қаржылық қызметімен қамтылмаған халықтың, соның ішінде ауыл халқының жекелеген топтарының қаржылық-несиелік ресурстарға қол жетімділігі мәселесін шешу мақсатында шағын несиелік ұйымдар құру және кеңейту қажет. «Ауылшаруашылығын қаржылық қолдау қоры» акционерлік қоғамының облыстық филиалы желісі бойынша ауданның ауылшаруашылығы өнімін өнімдерін өндірушілер мен жеке жұмыс істейтін халыққа мақсатты несие беруді жалғастыру жоспарланып отыр.

Кәсіпкерлік дамуының айналым қаражаты және өтімді кепіл жетпейтін кезеңінде болып отырған жағдайдағы кәсіпкерлерге тиісті көмектер көрсетуді ұйымдастыру.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы қосымша шағын және орта бизнеске берілетін несиелерге кепіл болу механизмдерін енгізуді жоспарлап отыр;

Белгілі тәжірибесі және жағымды несиелік тарихы бар кәсіпкерлер үшін инновациялық және инвестициялық жобаларды қаржыландыру, ол «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Даму институттары, сондай-ақ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының қаржылық қолдауы арқылы жүзеге асады. Мұндай жобаларды іске асыру жоғары технологиялық өндірістердің, өндірісті әртараптандыру үшін қосымша капиталдың пайда болуына және лизингтік қарым- қатынастарды дамытуға жағдай жасайды.

Облыстық бюджет және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы қаражатынан екінші деңгейдегі банктер арқылы кәсіпкерлердің басым жобаларына несие беру бағдарламасын іске асыру жалғасады.


5.3. Индустриялық- инновациялық бағыттағы кәсіпкерлікті дамыту, шағын кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Ауданның экономикалық дамуының болашағына қол жеткізу үшін жаңа технологиялық өндірістер мен қызметтерді игеру арқылы нақты секторда шағын кәсіпкерліктің маңызын арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажет. Аталған бағытта іске асырылып жатқан мемлекеттік қолдаудың негізгі міндеттері:

Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары өндіретін өнімдерді сатуға жәрдем көрсету;

Шағын кәсіпкерлік субъектілері шығаратын өнімдердің қолданыстағы халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келуін қамтамасыз етуін ұйымдастыру;

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірістік және инновациялық қызметін қаржылық-несиелік қолдауға ықпал жасау;

Қазіргі заманғы жоғары технологиялы, ғылымды қажет ететін өндірістер мен инновациялық қызмет ұйымдастыру мәселелерінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін алып жүруін қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Негізгі міндеттерге сүйене отырып, аталған бағытта жүзеге асыратын шаралар:

өндірістік және қызметтер көрсету бағытындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көрмелерін, жәрмеңкелерін, конкурстарын өткізуді ұйымдастыру, маркетингтік қызметтердің қызметін қамтамасыз ету;

түсіндіру жұмыстары, семинарлар өткізу арқылы шағын және орта бизнес кәсіпорындарына халықаралық сапа стандарттарын енгізуге жәрдем көрсету жөніндегі жұмыс жүргізу;

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік меншіктегі бос объектілер мен ғимараттарды сату, жалға және сенімді басқаруға беру жөнінде ұсыныстар беру;

кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін пәтерлерді қайта жоспарлауға және жер учаскелеріне рұқсат беру жөнінде ұсыныстар беру;

шағын кәсіпкерліктің инновациялық жобаларын тікелей қаржыландыру бойынша даму институттарымен өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету;

шағын кәсіпкерлікті инвестициялық қолдауды дамыту;

инновациялық бағыттағы шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымы нысандарының тиімді қызметін ұйымдастыру болып табылады.


5.4. Шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту

Шағын кәсіпкерліктің өндіріс және көрсетілетін қызметтер көлемін арттыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті жағдай инфрақұрылымды дамыту, оның тиімділігін арттыру болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағымды жағдайлар құруда қоғамдық бірлестіктердің рөлі үлкен маңызға ие. Бүгінгі күні қоғамдық бірлестіктер азаматтардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында құрылып, жұмыс істейді, кәсіпкерлікке түрлі қызмет көрсетеді, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша қызметті жүзеге асырады. Осыған байланысты мемлекеттік құрылымдар мен шағын кәсіпкерлік бірлестігінің, соның ішінде аудандық үкіметтік емес ұйымдарының арасында әлеуметтік жобаларды іске асыру шеңберінде өзара әрекеттестігі бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.


5.5. Шағын кәсіпкерлікке оқыту,

ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау

Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелеріндегі мемлекеттік басымдықтарды іске асыру мақсатында ауданда мынадай негізгі бағыттар бойынша іс-шаралар жүргізу жоспарланып отыр:

Ақпараттық-консультациялық қызмет бағытында қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері нысандарының жұмысын жетілдіру;

Ақпараттық материалдар (брошюралар) басып шығару, интернет-сайттарға беру, соның ішінде кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігінің қатысуымен оқыту курстары мен семинарлар өткізу, кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз етудің өзге де түрлерін өткізу арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету және жандандырудың қажетті талабы кәсіпкерлік қызметке оң көзқарасты қалыптастыру, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жариялап отыру болып табылатын кәсіпкерлік қызметті насихаттау.

Қоғамдық санада кәсіпкерлік бастамаларға азаматтардың оң көзқарасын қалыптастыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту идеясын кеңінен тарату жөніндегі насихаттық жұмыстың негізгі бағыты:

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту мәселелерін жариялау жөніндегі ақпараттық жұмысты жандандыру;

Жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлік ынтымақтастығының өзара әрекеттестігін кеңейту, ақпараттық - насихат жұмыстарына кәсіпкерлердің бірлестігін тарту;

Облыстың өткізуге жоспарланған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдері мен қызметтерінің көрмелері мен конкурстарына қатысуды ұйымдастыру;

Жеңімпаздар мен лауреаттарды көтермелеу талабымен «Шағын кәсіпкерлік саласындағы үздік кәсіпкер» жыл сайынғы өткізілетін облыстық конкурсқа аудан кәсіпкерлерінің қатысуын ұйымдастыру және аудан деңгейінде өткізу;

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың көкейтесті мәселелері бойынша кездесулер, жұмыс кеңестерін өткізу.

Кәсіпкерлікті насихаттау жөнінде өткізілетін іс-шаралар шеңберінде әйелдер мен жастар кәсіпкерлігіне назар аудару жоспарланып отыр.

Азаматтардың жаңа экономикалық талаптарға бейімделуін қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтудағы маңызды мәселе азаматтарды өз бизнесін бастап, дамытуға мүмкіндік беретін шағын кәсіпкерлік кәсіптері мен мамандықтарына дайындау және қайта даярлау болып табылады. Сондықтан бұл бағыттағы негізгі шаралар мыналар болып табылады:

Жұмыссыздарды жұмыс істеуге немесе шағын кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беретін кәсіпкерлік мамандықтарына оқыту;

бизнес-құрылымдарды кәсіпкерлік қызметтің көкейкесті мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру.


5.6. Өңірлік даму

Шығыс Қазақстан облысының шағын кәсіпкерлігін дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы негізінде Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлігін дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы әзірленіп, бекітіледі.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамытудың кешенді шараларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің Елбасының 2009жылғы «Қазақстан жаңару мен дамуға» атты жолдауын іске асыруға арналған бағдарламасына, жол картасына сәйкес ауданның және әр қала, ауылдық округтерінің «Дағдарыс жағдайында әлеуметтік – экономикалық дамуға бағытталған іс-қимыл жоспары» жасалып, бекітілді.

Кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың аудандық бағдарламасының орындалуын бақылау мақсатында шағын кәсіпкерліктің даму жағдайының, бағдарламаның негізгі іс-шараларының орындалуының тоқсан сайынғы мониторингісін жүргізу көзделуде.


6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

Аудандық өңірлік бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту іс-шараларын қамтамасыз етуге жыл сайын ескерілетін қаражатты бөлу шегінде мемлекеттік бюджет есебінен, қаржы ұйымдарының несиелері есебінен, кәсіпкерлердің өз қаражаты және заңнамада тиым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады. 2009-2011 жылдар кезеңінде кәсіпкерлік қызметті қолдауға байланысты әр түрлі іс-шаралар өткізуге аудандық бюджет қаражатынан қаржыландыру көлемі 600,0 мың теңгені құрайды .


7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны іске асыру мерзімі аяқталғаннан кейін бағдарламада ескерілген шараларды іске асыру нәтижесінде: 2008-2011 жылдарға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санының 2027 бірлікке өсуі, шағын бизнес субъектілерінің тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді көрсетудің 56 %-ға артуы, шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер санының 450 адамға артуы күтіледі.


8. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының

шағын кәсіпкерлігін дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға

арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспары




Іс-шара

Аяқтау үлгісі

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжанған шығындар,

мың теңге

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық жағдайларын жетілдіру, кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілерді жою

1

Кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі аудандық жұмыс тобының жұмысын қамтамасыз ету

Мәжіліс хаттама-сы

АКжСЭББ, қала және ауылдық округтерінің әкімдері

Тоқсан сайын

-

-

2

Зайсан ауданындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің қызметін қамтамасыз ету

Мәжіліс хаттама-сы

АКжСЭББ, қала және ауылдық округтерінің әкімдері

Тоқсан сайын

-

-

2. Шағын кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік және инвестициялық қолдау

3

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қаражатынан екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие алуларына ықпал жасау

Аудан әкіміне ақпарат

АКжСЭББ, ААШБ, қала және ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын,

ІV тоқсан

-

-

4

Кәсіпкерлерге шағын бизнес жобаларын қаржыландырудың мүмкін бағыттары мен механизмдері туралы ақпарат беруді қамтамасыз ету

Аудан әкіміне ақпарат

АКжСЭББ, ААШБ, қала және ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын,

ІV тоқсан

-

-

5

Шағын бизнес жобаларын қаржыландыру кезінде кәсіпкерлерге жәрдем көрсету және қажетті консультациялық көмек көрсету

Аудан әкіміне ақпарат

АКжСЭББ, ААШБ, қала және ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын,

ІV тоқсан сайын

-

-

3. Индустриялық-инновациялық бағыттағы кәсіпкерлікті дамыту,

шағын кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

6

Даму институттары қаражатынан қаржыландыру кезінде шағын кәсіпкерлік жобаларын ілгері жылжытуға жәрдем және қажетті көмек көрсету

Аудан әкіміне ақпарат

АКжСЭББ, ААШБ, қала және ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын,

IV тоқсан

-

-

7

Аудан кәсіпорындарында халықаралық сапа стандарттарын енгізуге жәрдем көрсету

Аудан әкіміне ақпарат

АКжСЭББ, ААШБ, қала және ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын,

IV тоқсан

-

-

8

Мемлекеттік меншіктегі пайдаланылмайтын нысандарды шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүлікті жалға алуға (жалға алу) немесе сенімді басқаруға беру жөніндегі жұмысты жалғастыру

Аудан әкіміне ақпарат

АҚБ, қала және ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын,

IV тоқсан

-

-

9

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін пәтерлерді қайта жоспарлауға және жер учаскелеріне рұқсат беру жөнінде ұсыныстар беру

Аудан әкіміне ақпарат

АКжСЭББ, АЖҚБ, қала және, ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын,

IV тоқсан

-

-

11

Өнеркәсіп кәсіпорындарының, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатындардың қатысуымен жәрмеңкелер, көрмелер өткізуді қамтамасыз ету

Аудан әкіміне ақпарат

АКжСЭББ, ААШБ, қала және ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын

IV тоқсан

-

-

12

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) жеткізуде шағын кәсіпкерлік субъектілерін барынша көп тарту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру. Шағын бизнес субъектілері жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу көлеміне мониторинг жүргізу

Аудан әкіміне ақпарат

АКжСЭББ, АҚБ, қала және ауылдық округтерінің әкімдері

Тоқсан сайын


-

-

4. Шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту

13

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы, соның ішінде индустриялық-инновациялық бағыттағы нысандарды құру, одан әрі жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Аудан әкіміне ақпарат

АКжСЭББ, қала және ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын,

IV тоқсан

-

-

5. Шағын кәсіпкерлікке оқыту, ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау

14

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың ақпараттық жүйесін дамытуды қамтамасыз ету

Аудан әкіміне ақпарат

АКжСЭББ, қала және ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын,

IV тоқсан







15

«Шағын бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкері» облыстық конкурсына аудан кәсіпкерлерінің қатысуын ұйымдастыру және аудан деңгейінде өткізу

Аудан әкіміне ақпарат

АКжСЭББ, қала және ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын,

IV тоқсан

2009 ж. -200,0 мың теңге,

2010 ж. – 200,0 мың теңге,

2011 ж. – 200,0 мың теңге

Аудандық бюджет

17

Халыққа шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту шаралары туралы ақпарат беруді қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметтің оң тәжірибесін насихаттау

Басы-лымдар мен хабар-лар

АКжСЭББ, АІСБ, қала және ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын


-

-

18

Жұмыссыздарды шағын бизнеспен айналысуға мүмкіндік беретін мамандықтарға оқытуды ұйымдастыру

Аудан әкіміне ақпарат

АКжСЭББ, АЖҚжӘББ,

қала және ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын

IV тоқсан

-

-




Барлығы, соның ішінде










600,0







Аудандық бюджет










600,0






Зайсан аудандық мәслихат хатшысы Н.Бейсенов


Ескерту:

1) Болжанған шығын сомалары тиісті қаржы жылында нақтылауға жатады.

2) Аббревиатуралардың мағынасы:

АКжСЭББ – аудандық кәсіпкерлік және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі,

ААШБ – аудандық ауыл шаруашылық бөлімі,

АЖҚБ – аудандық жер қатынастар бөлімі,

АҚБ – аудандық қаржы бөлімі,

АІСБ – аудандық ішкі саясат бөлімі,

АЖҚжӘББ – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі


Похожие:

Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы iconКатонқарағай ауданы кәсіпкерлік бөлімінің 2011 жылдың 2 жартыжылдығында атқарған жұмысы
Катонқарағай ауданында кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту...
Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы iconБағдарламаның негізгі жасаушысы
Зайсан ауданындағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың 2008-2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы icon2008-2011 жылдарға арналған Зайсан ауданының білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы Зайсан қаласы
Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы iconЗайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы
Бағдарламаның атауы: Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты
Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы icon«Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени...
Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы iconЗайсан аудандық мәслихатының
Зайсан ауданының 2006-2008 жылдарға арналған "электрондық әкімшілік" құру туралы бағдарламасы
Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы iconЗайсан аудандық мәслихатының
...
Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы icon«Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница