Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың 2010 жылдағы қорытындылары туралы АҚпарат мал шаруашылығы




Скачать 43.33 Kb.
НазваниеКатонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың 2010 жылдағы қорытындылары туралы АҚпарат мал шаруашылығы
Дата конвертации06.02.2016
Размер43.33 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://katon-karagay.vko.gov.kz/kz/files/agro_01.doc
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың 2010 жылдағы қорытындылары туралы АҚПАРАТ


Мал шаруашылығы

2011 жылдың 1 қаңтарында ауданда 35 768 мың ірі қара ( өткен жылғы сәйкес мерзімнің 99,8 %), 81192 қой мен ешкі- (99,7%), 3614 мың шошқа

( 89,4%) , 20508 жылқы (98,3 %), 6280 марал ( 100%), 78,4 мың үй құстары

( 103,7%) бас тіркелді.

Ауылдық округтер мен шаруашылықтардан ауданның статистика бөліміне түскен мәліметтерге сай, 2010 жылы ауданда 12564 тонна ет (2009 жылғы деңгейдің 109 пайызы), 42256,7 тонна сүт ( 103 %), 8635,5 мың дана (101,6% ) жұмыртқа-, 183,9 тонна жүн ( 102,2 %), өндірілді.

2010 жылы ауданның мал шаруашылығын қолдауға 44,7 млн теңгенің субсидиясы бөлініп, оның 40,2 млн теңгесі (90 пайыз) игерілді. Оның ішінде ауданда құрылған 12 мал бордақылайтын алаңдарда 168 тонна ет өндіріліп, 13,5 млн теңге субсидия игерілді.




Ауданда марал шаруашылықтарында -4 жылқы және қой шаруашылықтарында бір-бірден, барлығы 6 асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылған

Белқарағай ауылдық округіне 500 бас «байс» қойлары әкелініп, асыл тұқымды тағы бір шаруашылық құру жұмысы қолға алынды. «Хорс», «Құрмет» шаруа қожалығы «жәбе» асыл тұқымды жылқы шаруашылығын, «Қарлығаш» ШҚ- асыл тұқымды марал шаруашылығын құрумен айналысуда.

Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары асыл тұқымды малдарды ауданға әкеліп, мал тұқымын асылдандыруға өз үлестерін қосуда. Қазіргі кезде ауданның көптеген ауылдық округтеріне асыл тұқымды бұқалар, айғырлар әкелініп, мал тұқымы асылдандыруда.

Ауданның омарта шаруашылығын дамытудың арнайы бағдарламасы қабылданды.



Ветеринария саласы

2010 жылдан бастап республиканың ветеринария саласында өткізілген реформаларға сай, ауданның ветеринария жүйесі қайта құрылды.

Ауданның бас мал дәрігері, 13 ауылдық округтердегі ветеринария жөніндегі барлық мамандар қабылданып, өз қызметтерін атқаруда.

Республикалық бюджеттен 026 «Эпизоотияға қарсы» бағдарламасы бойынша бөлінген нысаналы трансферттерді уақытымен игере отырып, аса қауіпті ауруларға қарсы ветринариялық шараларды іске асыру мақсатында «Катонқарағай ауданының ветеринариялық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылды. Аталған кәсіпорын ауданның 26 лицензиялы мал дәрігерлерімен келісім-шарт жасай отырып, 2010 жылға жоспарланған ветеринаиялық шараларды орындады.

Ауыл шаруашылық малдарын бірегейлендіру жұмысы жолға қойылды, әр ауылдық округке арнайы бірегейлендіру бағдарламасы енгізілген компьютер алынды.

Аудан орталығында және Катонқарағай ауылында жұмыс істеп тұрған мал сою цехтарына қосымша 17 мал сою алаңдары іске қосылды.

Мал көмінділерін салуға аудан бюджетінен 1 миллион 400 мың теңге қаржы бөлініп, оған 7 объект салынды. Бұл объектілер малдың аса қауіпті жұқпалы аурулары шыққан кезде, мал өлекселерін, немесе олардың қоршаған ортаға қауіпті органдарын залалсыздандыру үшін қажет.

2010 жылы қаңғыбас иттерді жоюға 510 мың теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күнге дейін 1200 қаңғыбас ит пен мысықтар құртылды.

Ауданда 3 ветеринарлық дәріханалар жұмыс істейді, 2011 жылы әр ауылдық округте шағын дәріханалар ашу жоспарланды

Ауданның АӨК дамытуда егін саласының үлесі зор болды.

2010 жылы ауданда 185 мың тонна шөп, 4200 тонна пішендеме, 15,3 мың тонна сүрлем дайындалды. Дайындалған мал азығы ауыл шаруашылық малдарын қыстатуға толығымен жеткілікті.

Облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тапсырмасына сай жұмыстар атқарылып, өткен жылы 2009 жылмен салыстырғанда ауданның егістік көлемі 2,3 пайызға артты.



2010 жылы аудан бойынша жалпы егістік көлемі 67933 гектарға жетті, оның ішінде дәнді дақылдар 16621,6 га , майлы дақылдар 18422 га, бір-және көпжылдық шөптер 14079 га, картоп 1333 га, көкөніс 191 га жерге егілді. Ауылдық округтерден статистика бөліміне түскен ақпараттарға сай, биыл ауданда 16 681,6 га алқаптың дәнді дақылдары орылып, бункерлік салмақта 23 231 тонна, немесе таза салмақта 20 937 тонна астық қамбаға түсті. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі әр гектардан 13,9 центнерді құрады. Аудан бойынша 19552 тонна картоп, 4361 тонна көкөніс жиналды. Оруға жататын 18422 га күнбағыс алқабы орылып, оның орташа өнімділігі гектарынан 8,5 центнерді құрап, 15560 тонна күнбағыс дәні алынды.

Астықтың, күнбағыс дәнінің дүние жүзіндегі және еліміздегі бағасының оңды конъюнктурасы шаруашылықтардың көптеген қаржы мәселелерінің шешімін табуына көмегін тигізді.

Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың бастамасына сай, «Туған жер- алтын бесігім» атты акцияға қатыса отырып, 2010 жылы облыс орталығында және Семей қаласында 18,6 млн теңгенің тауарлары саудаланған 3 ауыл шаруашылық жәрмеңке өткізілді. Осындай 12 жәрмеңкелер Катонқарағай ауданында ( 20,5 млн теңгенің тауарлары сатылды) ұйымдастырылды.

«КазАгроҚаржы» АҚ арқылы ауданға жалпы құны 133,2 млн. теңгені құрайтын 17 жаңа техника лизинг арқылы алынды. Ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру жұмысы жалғастырылып, аудан бойынша 193 ұсақ шаруа қожалықтары 26 ірі ауылшаруашылық құрылымдарының құрамына кіріп, қарапайым серіктіктестік негізінде жұмыс атқарып келеді.

Аудан көлемінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен қайта өңдеушілердің бірлестігі- «Шығыс Нарын» ауылдық тұтынушылар кооперативі (басшысы Біткембаев Дархан) құрылды.

2011 жылдың көктемгі дала-егістік жұмыстарын жүргізуге аудан бойынша 5400 тонна тұқым (100 пайыз) салынып, тексеруден өтуде.

Ылғалресурссақтаушы технологиямен 11 080 га алқапқа тұқым себілді, «Калинин» ЖШС-і ауданға «Джон Дир» сепкіш комплексін алып, қолдану нәтижесінде шаруашылықта ауданның басқа ауылдық округтерінің көктемгі дала-егістік жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік туды.


Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу.

Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін 109 шағын цехтар құрылған, оның ішінде 23 наубайхана, 29 күнбағыс майын өндіру, 2 панты өнімдерін дайындайтын, 1 сүт өңдейтін, 1 ұн тарту, 1 сусын шығарумен айналысады.



Ауданның экономикасын дамытуға ауылдық қаржы институттары елеулі үлес қосуда.

Аудандағы «Катонқарағай» несиелік серіктестігінің қорынан 10 млн. теңгенің қаражаты 13 ауылшаруашылық құрылымдарына құйылды. Жыл бойы ауданның «Мұзтау-несие» несие серіктестігі арқылы 11 млн 828 мың теңгенің қаражатын 38 адам игерсе, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қоры» АҚ арқылы 21 млн теңгенің микронесиесі 42 адамға берілді.

Похожие:

Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың 2010 жылдағы қорытындылары туралы АҚпарат мал шаруашылығы iconКатонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың
Ауылдық округтер мен шаруашылықтардан ауданның статистика бөліміне түскен мәліметтерге сай, 2011 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ауданда...
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың 2010 жылдағы қорытындылары туралы АҚпарат мал шаруашылығы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау
...
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың 2010 жылдағы қорытындылары туралы АҚпарат мал шаруашылығы iconКатонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың
Онда біршама әлеуетті экономика топтасқан. Оның дамуы ауданның азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және аудандағы әлеуметтік-экономикалық...
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың 2010 жылдағы қорытындылары туралы АҚпарат мал шаруашылығы iconКатонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің ( бұдан әрі- «Бөлім») миссиясы мен көзқарасы
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың 2010 жылдағы қорытындылары туралы АҚпарат мал шаруашылығы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін...
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың 2010 жылдағы қорытындылары туралы АҚпарат мал шаруашылығы iconПриозерск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ала бойынша ауыл шаруашылық өндірісімен (мал шаруашылығын дамытумен) 62 шаруашылық оның ішінде 59 жеке қосалқы шаруашылығы, 2 шаруа...
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың 2010 жылдағы қорытындылары туралы АҚпарат мал шаруашылығы icon«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұтас алғанда облыс ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіп кешенін...
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың 2010 жылдағы қорытындылары туралы АҚпарат мал шаруашылығы iconКатонқарағай ауданының Акимат
Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының...
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың 2010 жылдағы қорытындылары туралы АҚпарат мал шаруашылығы icon«Өндірістің табыстылығын арттыру жолдары» тақырыбына жазылған Күндізгі оқу бөлімінің 4 курс студенті
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен оның жолдауы бойынша 2003-2005 жж ауылды қайта жаңғырту жылдары жарияланған болатын....
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың 2010 жылдағы қорытындылары туралы АҚпарат мал шаруашылығы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары
Жыл сайын әрбір бағытқа арналған және өңірлердің бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница