«Спорт және өнер» факультетінің «Музыкалық білім және бейнелеу өнері»




Название«Спорт және өнер» факультетінің «Музыкалық білім және бейнелеу өнері»
страница5/13
Дата конвертации19.09.2012
Размер1.8 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://okmpi.kz/sites/default/files/downfiles/muzkaftezis.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Қазақ халқының ән және әншілік өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру.


Қашақова Т.106-10к топ студенті

Ғылыми жетекшісі: Арипбаева Л.Ш.


Қазақ халқының музыка өнері- толғау, терме, нақлият әндер және жаназалау, үйлену, еңбек, шаруашылык, кәсіп, тұрмыс салт әндері. Қазақ халкының музыкалык шығармашылығы өзінің санғасырлар бойындағы дамуында музыка тілінің бейнелеу құрамы жағынан негізінен, екі бағытта вокалдық және аспаптық музыка түрінде калыптасты. Бірінші - терме сарынды және кең тынысты созып айтатын шалқымалы әннің түрлері де, екіншісі - домбыра, қобыз және баска үрлеп ойнайтын аспаптарда орындалатын, көбінесе, белгілі бір оқиғаға байланысты болып келетін күйлер. Кеңес өкіметіне дейінгі дәуірдегі қазақ қоғамындағы рухани өмірінің маңызды белгілі ауыз екі музыка мәдениетінің, объективтік жағдайларда қалыптасуы, сондай-ақ көшпелі өмір және ауыл тұрмысының көптеген тұрақты дәстүрлері халық музыка өнері кайраткерлерінің бірнеше түрін калыптастырды. Олар - ақындар, жыршы-жыраулар, әншілер мен өлеңшілер, күйшілер мен ертекшілер, сықакшылар және басқалар. Әдетте, олар көбінесе өзінің негізгі өнеріне қоса басқа да бірнеше өнердін иесі еді. Арнаулы «композитор» деген термин ол кезде болған жок. Себебі оның творчестволык халыққа тарауы өзінің әншілік, күй-шілік-орындаушылық шеберлігіне байланысты болатын. Қазақ халқының музыкалық өнері жайлы мәлімет беретін ертеректегі еңбектің бірі 1795 жылы басылып шыққан капитан И.Г.Андреевтің «Орта жүз қырғыз кайсақтары туралы.Кеңес өкіметіне дейінгі қазақ музыкасының зерттеушілері өз еңбектерінде музыкалық фольклордың өміршеңдігін баяндағанымен, халық өнерінің профессионал кайраткерлері туралы аз да, сирек жазды. Ал, төменде аттары аталған бірнеше әншілер мен күйшілер, халық музыкасының көптеген классикалык шығармаларының авторлары XIX ғасырда өмір сүргендері аян. Олар; Құрманғазы Сағырбаев /1806-1879/, Дәулеткерей Шығаев /1820-1887/, Біржан сал Қожағұлов /1832-1894/, Мұхит Мералиев /1847-1918/, Абай Құнанбаев /1845-3904/, Жаяу Мұса Байжанов /1835-1929/, Тәттімбет Қазанғапов /1815-1862/. Ықылас Дүкенов /1843-1916/ және басқалар.Олардың шығармалары халыктың рухани мүддесіне сан келген сүйікті шығармалары болды, бірак оларлың жиналуы және жазылынып алынуы тек кеңес өкіметі кезінде ғана жүзеге асырылды. Қазан төнңкерісіне дейін қазақ даласында кәсіби музыкалық білім беру жуйесі жоқ болатын, соған қарамастан республиканың түкпірлерінде /Петропавл, Орынбасар/ музыкалық үйірмелер /хор, оркестр/ жұмыс істеді. Оған қатысушылар нота сауатын білмеседе хор бірнеше дауысқа бөлініп айтылды. Қазан тоңкерісіне дейін қазақ халқыны бай музыкалық мұрасы шетел және орыс саяхатшыларының да назарына іліккен. Қазан төңкерісінен соңғы кезеңде де республикамызда музыкалық үйірмелер жұмысын жалғастыра берді. Жиырмасыншы жылдары Орта Азия және Қазақстанның, музыкалық фольклорын жинауға ерекше ықылас көрсетіле бастады. Белгілі музыка зерттеушісі әрі жинаушысы А.В.Затаевич казақ даласын аралап, жүріп, екі мыңға жуык ән-күйлер жазып алған. А.В.Затаевич «Қазақ халқының мың әні». 1931 жылы «Қазақтың бес жүз әні мен куйлері» бұл күнде де тарихи маңызы зор еңбектер болып отыр. М.Горький, А.Затаевичтің еңбегін жоғары бағалай келіп, қазақтың ән-күйлері болашак композиторлар үшін творчествоның кайнар көзі екенін айткан еді. Басылым ерекшелігі - мұнда көптеген белгілі халык әндерінің сөздері табылып, жазылған еді.А.Затаевич бастаған үлкен істі отызыншы жылдары Д.Мацуцин. Б.Ерзакович, Е.Брусиловский, А.Жұбанов, Л.Хамиди. бертін келе М.Төлебаевтың жалғастырып, ән - күйлерімізді нотаға түсіріп, ел игілігіне айналдырғанын сүйсіне еске аламыз.

Қазақ Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, өнертану ғылымының докторы, республикаға еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор, музыка зерттеушісі, профессор Б.Г.Ерзакович өзінің бар күш жігерін табиғи қабілетін қазақ музыкасы өнеріне жұмсауды максат тұтты. Б.Г.Ерзакович аз уақыт ішінде бес жүзге жуық ән-күй жазып алып, оның екі жүзден аса әуенін әншілердің фортепианоның сүйемелімен айтуына лайыктап еңдеді. Ол мұнымен ғана қанағаттанып қоймай, халык әншіерін бұдан да мол жинап алу мақсатымен респүблика облыстарына жиі-жиі сапарға шығып тұрды. Сөйтіп, ол Семей, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Ақмола жене Қарағанды облыстарын түгелге жуық аралап шығып, орасан бай қазынаны 2500-ден астам ән мен күйді нотаға түсірді, біразын радио таспаларға жазып алды. Б.Г.Ерзаковичтің өзі жинақтаған казақтың ән мен күй туындыларына, оның орындаушыларына алғаш рет толық сипаттама бергендігін ерекше атай өткен жөн. Экспедиция кезінде халыкпен қоян-қолтык араласа жүрген Б.Г.Ерзакович қазақ музыкасының Кенен Әзірбаев, Естай Беркімбаев, Шәкір Әбенов, Қали Байжанов, Жүсіпбек Елебеков секілді аса дарынды өкілдерімен де тығыз қарым-қатынаста болды. Атақты Естай ауылында болған сәтінде былай әңгімелеген: «Табиғатында өте байсалды, өз әндерімен өзге авторлардың әндерін салмақты саздылыкпен шыркайтын Естай әйгілі "Қорланды" орындағанда бөлекше толкып кетеді екен. Тіпті радиоға жазу кезінде де әннің шарықтай шырқалатын түстарында көзіне жас үйірілді. Тегі, жас шағында қалын мал төлей алмай сүйіктісімен айырылған жан трагедиясы оны өмір бойы толкытып етсе керек». Б.Г.Ерзакович отызыншы жылдардың өзіндеақ өзі жинақтаған көптеген халық әндерін музыкалық аспаптар сүйемелінде орындауға лайықтап өңдеді. Мұндай андер сол кезде радиодан көп орындалып жүрді. Ал елуінші жылдардан бастап оларды жүйелі түрде зертгеуге кірісті. Зерттеуші ғалымның терең білімінің аркасында дүниеге келген «Қазақ халқының ән мәдениеті» монографиясы, «Қазак совет халық әндері» атты музыкалық - этнографиялық жинағы жарық көрді. Турмыс салт әндері адам баласының өмірге келіп ержетіп, есеюі, қаза болуы сияқты елеулі кезеңдерге, уақиғаларға байланысты туындаған. Нәрестенің өмірге келуі, әр шаңырақты қуанышқа толтырып, шілдехана жасалып, ат қойылған. Кіндігі түскен баланы 5-6 күннен соң бесікке салып, түрлі ырым-жоралғылар жасалған. Ал бесікке салынған баланың өсіп жетілуінде бесік жырларының тәрбиелік маңызы айрықша болады. Бесікке салынған бөбек анасының сүйіспеншілікке толы, жанға жағымды нәзік әуеніне балқып, тәтті ұйкыға кетеді. Бесік жырларының құрылымы карапайым болғанымен, сазы жан тебірентер мамыражай, әрі көркем болып, жас сәбидің нерв жүйелеріне, жалпы психикасына жағымды әсер етіп, көңіл-күйін орнықтырады. Ананың бесіктегі нәрестесін уата отырып айтқан игі тілектері, болашақка деген жақсы үміттерін сүтімен, әлдиімен ерте бастан-ақ құлағына кұйылып ержетеді. Балалар мен жастардың өндері көшпелі өмір сүрген халықтың күделікті тіршілігіне байланысты туыңдаған. Балалардың өздеріне қоршаған табитаттағы жан-жануарлармен, кұстардың дыбысын, іс-әрекеттерін қызық көріп бейнелегендері "Асау мәстек", "Қоғый гөк", "Соқыр теке" және сол сияқты турлі ойын элементтерінде кездеседі. Осы ойындардың өндері де бала табиғатына сай, ойнақы, көңілді, ширақ болып келуі олардың музыкалық-эстетикалық кабілеттерімен, мәнерлеп ән салу дағдыларын дамытуға септігін тигізіп отырған. Ал "Камажай" сияқгы жастардың ауыл арасындаға той-томалақ, алдыбақан және басқа ойындарында айтылатын әндері оларды әсерге бөлеп, әнге деген ынта-ықыласын канағаттандырып, сүйіспеншілігінг арттырады. Балалар мен жастар әндерінін бәріне тән ерекшеліктері олардың, ойнақылығы, эмоциялық көңіл күінің көтеріңкілігі, дидактикалык; мән мағынасы күнделікті оку тәрбие жұмыстарында пайдалануға өте қолайлы жағдай жасады.


Қазақстанда хор өнерінің дамуы

Орындаған: 106-18 тобының студенті Пірман Ғ.

Ғылыми жетекші: С.Кененбаев


Балалар біздің үмітіміз болашағымыз. Бүгінгі мектептің алдына қойылған міндет адамгершілік эстетикалық тәрбие берудің сапасын арттыру. Оқушыларға көркемдік эстетикалық тәрбиені халықтың ұлттық мұрасымен байланыстыра отырып, айтарлықтай жақсарту әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын, өнер шығармашылығын тыңдап қастерлеп бағалай білуге қалыптастыра білуі қажет. Оқушылардың музыкаға деген ынтасы мен сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу. Бірлесе хор мен ән айту, би билеу музыкалық қабілеттерін (ырғақ, есте сақтау) қалыптастыруымен қатар ортақ табысқа, қуана білуге эстетикалық талғам сезімдерін тәрбиелейді. Олардың мына тұрғыда мектептегі эстетикалық аймақтық мәдени ерекшеліктері, өз ұлтының мәдениетін жете білу.

Қазір бастауыш сыныптарға арналған экспериментті бағдарламамамен жұмыс істеуде. Оларды атап айтсам Елім-ай, Мұрагер бағдарламалары. Бұл бағдарламалардың негізгі мақсаттары жас балғындардың өз халқының ғасырлар бойы дамып қалыптасқан рухани өмірін терең түсініп, оған қызығушылығын арттыру. Он да поэтикалық мәдениеттің түрлеріне: айтыс, қисса, жыр т.б. жатады. Кезінде екіауыз өлең білмейтін қазақ болмаған. Яғни бүкіл қазақ даласын әнге бөлеп тұрғандай сауыққой халықпыз. Олай болса жас ұрпақты сол өнерге тәрбиелеу міндетіміз. Музыкалық бейнелер, суреттер, әсерлі әуені жағымды сазы арқылы патриотизм сезімін, отанды сүйуге адамгершілікке т.б. тәрбиелеу хор жетекшісінің міндеті.

Мектепте сыныптан тыс музыкалық жұмыстардың ең көбірек тараған түрі хор үйірмесі. Хор үйірмесіне белсене қатысу балалардың музыка тілін жақсы түсінуіне әсерін тигізеді. Балалардың өз орындауына жауапкершілігі артып, әншілік шеберлікке дағдылана бастайды. Хор шығармаларын көркем орындау шеберлігі оқушылардың сол шығарманы жете терең түсінуіне ән хор дағдыларын меңгеруіне байланысты жүзеге асады. Әр шығарманы өз мәнінде орындау баланың музыкаға деген ынтасын, сезімін шеберлігін тәрбиелейді. Міне осындай жұмыстар жүргізу арқылы эстетикалық тәрбие беріледі. Хор үйірмесінің негізгі мақсаты оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту, музыкалық ой-өрісін кеңейту. Сонымен қатар, оқушылардың ән сабағынан алған білімдерін жетілдіру хор сабағының міндеті.

Сондақтын да хор үйірмесінде, ән сабағында өтілген әндерді қайталамай, күрделі шығармаларды репертуарлық жоспарына енгізіп, жоғарғы музыкалық талаптарға сай орындаттыруы тиіс. Балалар хорының орындаушылық сипаты жас ерекшеліктеріне байланысты вокалдық орындау мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Хор ұйымдарында балалардың жас ерекшеліктеріне көп мәселелердің байланысты екенін ұмытпай, естен шығармау дирижерлардың міндеті. Міне осыған байланысты хор үйірмесі жас шамасына қарай 3-топқа бөлініп ұйымдастырылады:

  1. Кіші класс оқушыларының хоры, кішкентайлар хоры 1-2 сынып кейде 3-сыныпты қосуға болады.

  2. Орта класс оқушыларының хоры 3-4 сынып.

  3. Жоғары класс 5-7 сынып, кейде 8-10 сыныптар.

Хордың мұндай топқа бөлінуіндегі негізгі мақсаты балалардың дауысында болатын мутацияны еске ала отырып, олардың дауысының өсуімен қалыптасуына зиян келтірмеу. Хордың мұндай топқа бөлінуіндегі тағы бір пайдасы жас шамаларына қарай репертуарды лайықты таңдауға яғни, көлемі мазмұнының олардың ой-өрісіне лайықты, дауыс диапазонының дәл болуы ескеруге мүмкіншілік жасайды. Дегенмен кейде мектептің ондағы сыныптағы оқушыларының санына байланысты және мұғалімдердің мүмкіншіліктеріне байланысты хор үйірмесін 2-топқа бөліп ұйымдастыруға болады. Кішкентайлар хорына 1-4, орташалар хорына 5-8 қатысуға болады.


«ГҮЛДЕР»


107-18 тобының студенті Қамбарова Ш.

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Калыков А.Ш.


Кескіндеме өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырады, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме жасап, дами берді.

Кескiндеме бейнелеу өнерiнiң негiзгi түрiне жатады. Кескiндеме – көрерменнiң ойы мен сезiмiне жағымды әсер ететiн, жазықтық бейне бояу арқылы жасалатын көркем шығарма. Ертедегi гректердiң аңызы бойынша кескiндеме грек қызының өз сүйген жiгiтiнiң қырынан қараған бейнесiн қабырғаға салуынан шыққан дейдi.

Кескiндеменiң бiрiншi ерекшелiгi ол үш өлшемдi кеңiстiктi бояулар ерекшелiктерi арқасында екi өлшемдi көрсете бiлу. Француз ойшылы Дени Дидро: «Кескiндеме көз арқылы оймен берiлетiн өнер» дейдi. Өнер адамы өмiрiнiң бiр бөлiнбейтiн бөлiгiне айналады. Суретшi шығармалары – бұл шығарылған сурет сияқты – шындық өмiрiнiң көрiнiсi.

Өнер шығармаларына қарай отырып бiз адамдардың қай дәуiрiнде өмiр сүргенiн, немен айналысқанын, мәдени деңгейiн аңғарамыз.

Кескiндеме өнерiнiң арқасында өткен уақыт үнемi бiзбен бiрге, ол бiзбен бiрге өмiр сүрiп бiздi қанаттандырып отырады.

Кескiндеме өнерi адамға үлкен күшпен әсер етедi, тәрбиелiкке, мәдениеттiлiкке, мейiрiмдiлiкке тәрбиелеп, сұлулық әлемiне жетлейдi. Суреттi талантты адам сан алуан жақтарын көрсетедi, шығармашылық негiзде адамзаттың жарқын болашағы, арманы жинақталған. Болмаса эстетикалық рухани байлық, мұралар жасалмаған болар едi. Кескiндеме қарапайым өмiрге басқаша көзбен қарауға көмектеседi. Суретшi өз шығармасын бейнелегеннен кейiн бiз оны өнердiң сиқырлы призмасы арқылы қабылдаймыз

Бұл суретшiнiң өмiрге тек қарап қана қоймай, өмірдегі құбылыстардың iшкi мағынасын түсiнiп көре алуында. Суретшi жан дүниесiнде шындық өмiр тек қарапайым түрде ғана емес, өте бiр керемет сұлулықты, өмiр сұлулығымен байланысты бейнелейдi.

Бейнелеу өнерінің натюрморт жанры ұғымы «Натюрморт» өлі, жансыз дене дегенді білдіреді. наторморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, ондағы бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін тіпті халықтың тұрмыс тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге болады.

Натюрморт - өнердiң дербес жанры ретiнде XVII ғасырда Голландияда және көршi Фландрияда (қазiр бұл Бельгияның бiр бөлiгi) туып, кеңiнен дамыды. Натюрморт бiзге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмiрiнде, суретшiнiң оларға деген көзқарасын ашып бередi.

Майлы бояулармен тығыз, қою салынған голланд натюрморттарында көбiне сан түрлi тағамдар: нан, жемiстер, әдемi кесiлген майлы ет, жабайы аң-құстар, хрусталь бокалдардағы немесе күңгiрт сәуле шашатын күмiс кубоктардағы шарап бейнеленедi. Мұндай картиналарды салған адам, рухани нәзiк талап талғам деңгейiнiң иiсiн де бiлмейтiн саудагер немесе қала шонжары суреттегi дәмдi, мол тағамға ғана қызығатын, өйткенi оның өмiрiнiң басты қызығы да тамақ құлқы болатын.

Натюрморт тұрмыстық жанрмен қатар бiраз уақыт кескiндеменiң қосалқы түрi деп есептелiнiп келдi.

Мен өз шығармашылық жұмысымда берекелі дастарханды бейнелегiм келдi, осы дастархан арқылы мен адамның жан дүниесiн өмiрге деген құштарлығын көрсете бiлудi алдыма мақсат етiп қойдым. Адам өмiрінде денсаулық басты байлық болғандықтан сол байлықты қолдан шығарып алмас үшін адам әрдацым азықтанып отыру керек. Ал шығармашылық жұмысымдағы бейнеленген дастарханның өзiндiк бiр мән – мағынасы бар.

Жұмыс жазуда көптеген суретшiлердiң жұмыстарымен танысып көп iзденуiме тура келдi.

Натюрморт жанрында жұмыстар орындаған атақты суретшiлер жұмыстарына сүйендiм. Олардың түстiк үйлесiмдiлiгiне, колоритiне, композициясына көңiл бөлдiм.

Мысалы А.Ғалымбаеваның «Дастарханы», М.Врубельдiң «Райхан гүлiн», Т.Тоғысбаевтың «Дала интерьерiндегi натюрморт», А.Ф.Подковыровтың «Гүлдi шеңгел», Ү.Әжиевтiң «Пион гүлi» атты натюрморт жұмыстарын жан-жақты қарап iздендiм.


Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы

Орындаған: 106-18 тобының студенті Пірман Ғ.

Ғылыми жетекші: Құлбаев А.


Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы (1.4.1925, Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылы - 15.10.1998, Алматы, Алматы облысы Жамбыл ауданында жерленген) - композитор, дирижер, домбырашы. Қазақстанның (1975) және КСРО (1984) халық артисі, Қазақстанның Халық Қаһарманы (1998). Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан. 1949-50 жылдарында Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы), 1950-52 жылдары Мәскеу консерваториясын (профессор Н.П.Аносовтың класы бойынша) оқыды. 1952-61 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрының дирижері, 1960-64 жылдары Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрінің бае дирижері болып қызмет атқарды. 1968-81 жылдары «Қазақфильм» киностудиясы музыкалық редакциясының бас редакторы, 1981-98 жылдары өзі ұйымдастырған «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблінің көркемдік жағын басқарды. Еркін төгілген әсем әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық пафос пен динамикалық серпін - композитор шығармаларына тән қасиет. Н.Тілендиев - «Ортеке» балет-поэмасының (1957) және «Менің Қазақстаным» (1959) кантаталарының, «Достық жолымен» балетінің (1958, Л.Б.Степанов және Е.Манаевпен бірге), «Алтын таулар» операсының (1961, С.Қожамияровпен бірге), оркестрге арналған «Поэма» (1962), «Ата толғауы» (1975), «Алтын дән», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман», «Махамбет», «Көш керуен» поэмалары мен «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс салтанаты» (1975) атты увертюралардың, 400-ден астам ән мен романстардың авторы. Ол 50-ден астам драмалық спектакльдерге, 19 көркем фильмге («Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым - Қожа», т.б.), 17 мультипликациялық фильмге («Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан», т.б.), 14 деректі-хроникалық фильмге («Академик Сәтбаев», «Ыбырай Алтынсарин», т.б.) музыка жазды. Алматы консерваториясының құрметті професеоры (1995) болған. Қазақстан Мемелекеттік сыйлығының (1978) иегері. 1999 жылы Алматы қаласында композитор есімімен көше (бұрынғы Софья Ковалевская атындағы), «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблі (2000) аталады және ол тұрған үйге (Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 96-үй) мемориалдық тақта орнатылды. Отан ордені, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

«Отырар сазы» - Қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық халық музыкалық аспаптары оркестрі. 1980 жылы Қазақ филармониясы жанынан Н.Тілендиев ұйымдастырды. Алғаш шағын ансамбль ретінде жұмыс істеді; 1982 жылдан оркестр. Мұндағы қос ішекті, үш ішекті домбыралар, қобыз, сыбызғы, саз сырнай, жетіген, шаң қобыз, асатаяқ секілді ертеден белгілі музыкалық аспаптардың орындауындағы шығармалар өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Кейіннен оркестрдің аспаптар құрамы кең шанақты және шіңкілдек домбыралар, нар қобыз, жез қобыз, мес қобыз, (сазген), аса шертер, адырна, даңғыра, т.б. музыкалық аспаптармен толықтырылды. Репертуарында халық күйлері («Кеңес», «Салкүрең», «Сарыөзен»), халық композиторларының (Тәттімбеттің «Қос басар», «Сарыжайлау», «Сылқылдақ»; Сүгірдің «Кер толғау», «Бес жорға»; Ықыластың «Ерден күйі», «Қамбар батыр»), осы заманғы қазақ композиторларының (М.Төлебаевтың «Еске алу»; Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», «Аңсау», «Көш керуен»; К.Күмісбековтің «Фараби сазы», «Қорқыт күйі») шығармалары бар. Оркестр 1984 жылы Алматы қаласында өткен Бүкілодақтық фестивальға қатысты. 1985 жылы Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы Үлкен концерт залында өткен шығармашылық концертте жоғары кәсіби орындаушылық шеберлігін танытты. Оркестр Бүкілодақтық Комсомол сыйлығының лауреаты (1985).

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы (1925-1998)-қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы.

Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі.

Нұрғиса

Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО-ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н. 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Туындылары

Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам муызкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

«Спорт және өнер» факультетінің «Музыкалық білім және бейнелеу өнері» iconБілім бағдарламасы: 5В010701-Дизайн, бейнелеу өнері және сызу, 5В010702-Кескіндеме, бейнелеу өнері және сызу Базалық пәндер – 10 кредит
Азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Х. Досмұхамедов атындағы атырау мемлекеттік университеті педагогика және өнер...

«Спорт және өнер» факультетінің «Музыкалық білім және бейнелеу өнері» icon«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Cызу пәнін оқыту әдістемесі»
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты және тип тік оқу бағдарламасының негізінде жасалған

«Спорт және өнер» факультетінің «Музыкалық білім және бейнелеу өнері» icon«Бейнелеу өнері, музыка және хореографияны оқыту әдістемесі»
Ақбаева Ш.Ә. Бейнелеу өнері сабағында // Қазақстан мектебі. 2000. №56-59 б

«Спорт және өнер» факультетінің «Музыкалық білім және бейнелеу өнері» iconЛекция 51 Семинарлық сабақтар. 34 СӨЖ. 17 ОбсөЖ. 18. Барлық сағат 120. Ағымдағы бақылау саны кредит бойынша. Барлық ұпай. 100( кредитке.) Құрастырған оқытушы Сапарбаева.Ұ.Ә. Оқу-әдістемелік кешені. «Бейнелеу өнері тарихы және теориясы»
Аталған пәнді оқып үйрену “Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі” Қазақстан өнер тарихы және т б пәндерін меңгеруге көмектеседі

«Спорт және өнер» факультетінің «Музыкалық білім және бейнелеу өнері» iconАқтөбе қаласында 2011 жылғы 6 шілдеде «Астана Күні» мерекесіне дайындық және
«Астана бала әлемінің қиялында» бейнелеу өнері мен сәндік – қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі

«Спорт және өнер» факультетінің «Музыкалық білім және бейнелеу өнері» iconЛекция: 30 сағат
Музыкалық психология және музыкалық білім берудің психологиясы ” пәні бойынша 050106 “Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін...

«Спорт және өнер» факультетінің «Музыкалық білім және бейнелеу өнері» iconТанирбергенов Медеубек Жұматайұлы жоғАРҒы оқУ ОРЫНДАРЫНДА ГРАФИКАНы оқытудың теориялық ЖӘне әдістемелік негіздері
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі ( бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі бейнелеу өнері )

«Спорт және өнер» факультетінің «Музыкалық білім және бейнелеу өнері» iconДене тәрбиесі және спорт пәндері кафедрасы Шәдиев Әмірхан Арнаулы оқу орындарындағы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары Шымкент 2011ж
Темірханов М. Т. – Академиялық инновациялық университет. «Спорт және психология» факультетінің деканы, п.ғ. к., доцент

«Спорт және өнер» факультетінің «Музыкалық білім және бейнелеу өнері» iconБекітемін филология, журналистика және өнер факультетінің
Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған

«Спорт және өнер» факультетінің «Музыкалық білім және бейнелеу өнері» iconЖалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған «Бейнелеу өнері» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 17 б
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница