Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері




НазваниеҚосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері
страница1/4
Дата конвертации08.02.2016
Размер430 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://dreamlair.ucoz.com/_ld/0/65___.doc
  1   2   3   4

2008 ж.




МАЗМҰНЫ


Кіріспе....................................................................................................................


I бөлім. Салық туралы ұғым және салық жүйесін ұйымдастыру

1.1 Салықтардың экономикалық мазмұны....................................................

1.2 Салық элементтері мен жіктелуі.................................................................

1.3 Қазақстан Республикасы салық салу принциптері.................................


II меншікке салынатын салықтар

2.1 Жер салығын төлеушілер және салық салу объектілері........................

    1. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері.....................................

    2. Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері.....


III Мүлік салығы

3.1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы......................

3.2 Жеке тұлғалардың мүлік салығы..............................................................


Қорытынды


Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе

Салық есебі – мемлекеттік бюджет пайдасына салық міндеттемесін алу және салық салу негізін анықтау мақсатындағы бухгалтерлік есеп қағидасында қалыптасатын ұйым қызметінің қаржылық-экономикалық жүйесіндегі ақпараттың маңызды, буыны. Біздің республикасындағы салық есебінің пайда болуы отандық экономиканы реформалау кезеңімен байланысты. 1995 жылдың 1-шілдесіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» жарлығы салық салу туралы дәстүрі түсінікке өзгеріс енгізді. Бухгалтерлік есептің қызметі салық төлемдерін дұрыс есептеу бойынша міндеттерге жеткілікті байланысты болмады, өйткені алым мен салықтың жаңа түрлері пайда болды. Осыған орай пайда болған қайшылықтар салық салу жүйесі мен есебінің оңтайлы өзара іс-қимылының проблемаларын шығарды, сондай-ақ шаруашылық қызметіндегі қалыптасқан жағдайға қолдануға болатын ережелерді әзірлеудің қажеттілігін туындатты. Осының әсерінен қазіргі уақытта бухгалтерлік есеп «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заң және бухгалтерлік есептің стандарттары негізінде, ал салық есебі Қазақстан Республикасы Салық кодексінің II тарауындағы нормаларының шартына сүйене отырып, әкімшілік құқық негізінде қалыптасты, сондықтан есептің екі түрін толық болу қажеттігі пайда болды.

Бухгалтерлік есеп ұйымының шаруашылық қызметінің экономикалық мәні мен қаржылық нәтижесін ең толық және нақты еөрсетуді, ал салық есебі – шаруашылық қызметі әкімшілік талаптарына толық сәйкес келетін бюджетке міндетті аударылуға тиісті ұйым табысының болжамды табысын анықтауды қарастырады.

Есептің дербес екі түрінің бухгалтерлік және салық есептің қосарласа жүруі – ұйымның есеп жүйесі алдында әр түрлі міндеттерді тудырды. Ол мыналар:

  • салық мақсаты үшін есептік деректердің қайта жасалуы мен белгілі бір түзетулерді енгізу;

  • салық салу жүйелі есеп шеңберінде дайын деректерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін бухгалтерлік тәртіпті деректермен толықтыру.

Салық салу бойынша нормативті құжаттарда бухгалтерлік есептің тек

іс жүзіндегі әдістерін пайдалана отырып, орындалуы мүмкін болмайтын салық салу бойынша талаптардың көптеген мөлшері жеткілікті. Бұл өз кезегінде салық есебін жүргізудің қажеттілігіне алып келеді.

В.К. Радостовец «Салық есебі» – бұл салық төлеушінің

бюджетке төлемібойынша есеп айырысуының есебі емес, бұл салық төлеуші салықтық жыл ішінде жүргізуге міндетті табыстардың есебі мен шегеру, яғни салық салынатын табыстың есебін шығаратын жедел есептің жаңа түрі. Сонымен бірге, көптеген шегеру мен бірқатар табыстар бухгалтерлік есепке кірмейді» деп жазған.


I Салық туралы ұғым және салық жүйесін ұйымдастыру

1.1 Салықтардың экономикалық мазмұны


Салықтар тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды. Салықтардың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады. Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған.

Салық – заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асыратын бюджетке төленетін міндетті төлем. Салық – белгілі бір объектілерден төленетін төлем. Салық дегеніміз – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.

  1. Өндіріп алу тәсілі немесе салықтарды салу объектісі бойынша:

  • тікелей салықтар;

  • жанама салықтар.

Тікелей салық – тікелей табыс, немесе меншік иеленушілерін алынады.

Оған жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік салығы.

Жанама салық – тауар бағасына қосылады және тауар сатқанда тұтынушылардан өндіріп алынуы. Мәселен, қосылған құн салығы, акциз салығы. Жанама салықтар – тауарлар мен қызметінің бағасы арқылы алынады. Олар тауар бағасын арттырады. Өйткені тауар бағасына немесе қызметке, тарифке үстеме түрінде қосылады және сатып алушы төлейді.

Жанама салықтар былайша бөлінеді:

  • әмбебап жанама салықтар;

  • жеке жанама салықтар;

  • қазыналық монополия;

  • кедендік баж

  1. Әмбебап жанама салықтар

Бұл берілген жеңілдіктерді қоспағанда, барлық тауарлардан алынады.

  1. Жеке жанама салықтар.

Бұл тауарлардың белгілі бір түрінен алынады. Бұл салықтар акциз деп

аталады. XX ғасырға дейін күнделікті сұраныс тауарларына акциз салынып келді.

  1. Қазыналық монополиялық салықтар.

Мұнда тауарлардың басым бөлігін мемлекет өндіреді. Егер мемлекеттердің өзі тауарды өндірсе және өткізсе, онда тауарды өткізуден түскен барлық түсімнен сауда шығындары шегерілген сомаға салық салынады.

  1. Кедендік баж.

Бұл – мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы мемлекеттік

шекарадан өткізер кезде тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан алынатын ақшалай төлемдер.

Нақты және дербес салықтар.

Тікелей салықтар нақты және дербес салықтар болып бөлінеді.

Нақты салықтар деп (ағылшн. сөзі, real - мүлік) – мүлікке салынатын салықты атаймыз.

Нақты салықтарға қатыстылар:

  • мүлік салығы;

  • көлік құралдары салығы;

  • жер салығы.

  1. Дербес салықтар (кейде жеке деп аталады) деп – салық

төлеушілердің табыстарына салынатын салықтарды атауға болады. Сонымен бірге салықтарды объектілердің экономикалық бергілері бойынша балама бөлуге болады:

  • тұтынуға салынатын салықтар;

  • табысқа салынатын салықтар.

Тұтынуға салынатын салықтар мұнда белгілі бір тауарларға салық салынады. Табысқа салынатын салықтар төлеушілердің әр түрлі табыстарынан түскен ақша қаражаттарына салық салынады.

Жергілікті салықтар деп жергілікті бюджетке түсетін салықтар атаймыз. Жергілікті бюджет – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалық бюджеті. Салықтарды пайдалану ретінде немесе тәртібіне қарай:

  • жалпы салықтар;

  • мақсатты салықтар болып бөлінеді.

Жалпы салықтар – бір қазынаға түсетін және жалпы бір мақсатқа жұмсалатын салықтар.

Мақсатты немесе арнайы салықтар – бұл белгілі бір мақсатқа арналған салықтар.

7. Заттай және ақшалай салықтар. Салықтарды төлеуге байланысты затпен, немесе ақшалай салықтар болып бөлінеді. Заттай салық – салықтарты затпен немесе тауар түрінде төлейді.

Ақшалай салықтар – ақша түрінде төлненеді. Қазіргі кезде бүл салық салушылардың кең қолданылатын нысаны болып саналады. Қазақстан Республикасының салық кодексінде «Салық ақша түрінде төленсін» деп атап көрсетілген.

8. Заңды және жеке тұлғалардың салықтары.

Салық субъектілеріне қарай немесе салықты төлеушіге байланысты былайша топтауға болады:

  • заңды тұлғалардың салықтары;

  • жеке тұлғалардың салықтары.

Аралас салықтар деген де болады, яғни салықты әрі заңды тұлға, әрі жеке тұлға ретінде төлейді. Қазақстан Республикасында аралас салықтарға:

  • қосылған құн салықтары;

  • акциз салықтары;

  • жер салықтары;

  • әлеуметтің салықтар жатады.

9. Жай және төтенше салықтар:

Салықтардың қолданылу қызметтеріне орай жай және төтенше

салықтар деп те бөлінеді.

Жай салықтар – мемлекеттің күнделікті қызмет барысында қолданылады.

Төтенше салықтар – мемлекеттік шығындардың деңгейлерінің көбеюіне орай қосымша табыстарды қажет еткен жағдайда, форс-мажор кезінде қолданылады. Форс-мажор - өзара шарт талаптарының орындалмау себептері орындаушыға байланысты болмаған жағдайларда, әдетте осы себептерді көрсету үшін пайдаланылатын термин.

10. Қызметақылы және қызметақысыз салықтар.

Салықты есептеу және төлеу субъектісі бойынша салықтар:

  • қызметақылы;

  • қызметақысыз деп бөлуге болады.

11. Активті және пассивті салықтар.

Активті салықтар салу төлеушілердің ағымдағы шаруашылық және

өндірістін қызметтерінің нәтижесінде салық салынатын объект, салық базасы және төлем көзі анықталады.

Пассивті салық кезінде салықтар объектілері және салықтың іс-әрекет салық төлеушілердің белгілі бір қызметтерінің нәтижесінде алынған түсім, табыс, пайдаға байланысты болмайды.

12. Үлестірме және сандықтар. Сонымен қатар салықтарды салық төлеушілердің арасында бөлуге байланысты былайша бөлуге болады:

- үлестірме (репартиционды, контингенттеу);

- сандық (үлесті).

13. Тұрақты және біржолғы салықтар салық төлеушілердің меншігіндегі мүліктерге немесе табыс табудағы қызметтерін белгілі бір мерзім аралығында тұрақты түрде салық салынып отырады. Ал біржолғы салықтар кейбір жағдайларға байланысты туындайды.

Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады алынады. Салықты материалдық тұрғыдан алғанда – бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық натуралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).

Салықтың материалдық белгілі – салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.

Материалдық салықтық қатынастар ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді. Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық – салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қозғалысы болып саналады.

Сонымен салықтардың мазмұны мынандай:

* материалдық категория жағынан – бұл белгілі бір ақша сомасы болса;

* экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;

* заңдық категория жағынан, бұл заң жұзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.

Салықтардың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:

  • Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі:

  • Салық – ақшалай нысанда төленеді:

  • Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады:

  • Салық – баламасыз сипатта болады:

  • Салық – салықты салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады:

  • Салық – тұрақты экономиканың қатынас туғызады.

Салықты жоспарлау – салық міндеттемелерін заңды қысқарту әдістері. Активтерді және табысты ұтымды орналастыру, қаржыларды инвестициялау мен жинау мәселелері салықты жоспарлаудың кезеңі болып табылады.

Салық теориясы – салықтың маңызы мен қызметі туралы ғылыми білім және ұғымдардың жүйесі, мемлекеттік қаржы қызметіндегі олардың рөлі. Салық несиесі – салықты төлеу мерзімінің өзгеруін өрнектейтін жеңілдік.

Салық рыногы – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы.


1.2 Салық элементтері мен жіктелуі


Салық элементтері – салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы. Салықтың бірнеше элементтері бар, атап айтқанда:

  • салық субъектісі

  • салық объектісі

  • салық көзі

  • салық мөлшері

  • салық жеңілдіктері

  • салық ставкасы

  • салық кезеңі

  • салықты есептеу тәртібі

  • салық есептілігі

  • салықты төлеу тәртібі

  1. Салық субъектісі

Салық субъектісі – заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты төлеушілерді атаймыз. Салықты төлеушілер:

  • қызметкерлер - өз еңбегімен материалдық және материалдық емес игілігін жасайтын, сонымен бірге белгілі бір тұсім алатындар, яғни жеке тұлғалар:

  • шаруашылық субъектілері – капитал иелері, яғни заңды тұлғалар.

Салық төлеуші – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға. Тұлға – жеке тұлға және заңды тұлға болып бөлінеді: жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекетінің азаматы, азаматтығы жоқ адам. Салық тасымалдаушылар – іс жүзінде салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, соңғы салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы немесе шет мемелекеттің заңдарына сәйкес азаматтық, оның ішінде шаруашылық құқықтар мен міндеттер субъектісі ретінде әрекет ететін ұйым немесе кәсіпорын.

  1. Салық объектісі

Салық объектісі – салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетін қарастырады, мәселен: табыс, мүлік, тауар, мұра, жер және т.б. аталғандар салық төленеді.

  1. Салық көзі. Салық көзі – салық төлеу үшін белгіленген және

қолданылатын ақша қаражаттары, бұл жалақы, кіріс, дивидендтер, яғни салық кеден төленетіндігін анықтау.

Макроэкономикалық деңгейде салық төлеушінің негізгі көзі ретінде ұлттық табыс қатысады. Салық төлеушілердің салық төлеу үшін негізінен 5 көзі бар:

  • табыс;

  • қор және жинақ;

  • өндірістік капиталдың ақша бөлігі, айналым қаражаттары қорын қоса алғанда;

  • қаражаттар, мүлікті өткізуден түскен, оның ішінде өндірістік капиталдың мүліктік бөлігі, негізгі қорды қосқанда;

  • қарыз қаражаттары.

Табыс – ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, көсіпорынға, мекемеге немесе жеке тұлғаға тұсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар. Салық төлеушілердің, яғни жеке және заңды тұлғалардың салық төлеу көздерінің айырмашылықтары бар.

Салық төлеушінің табыстары, бұл кімнің табысы болып саналатынына байланысты болады және бірнеше нысандары бар;

  • тауарды (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс;

  • дивидендтер, рента;

  • сыйақы, ұтыстар, роялти;

  • жалақы, зейнетақы, стипендия, сақтандыру төлемдері.

  1. Салық мөлшері.

Салық мөлшері – салық төлеушінің табысына қарай алынатын соның сомасын білдіреді және ол шекті жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді.

Салықтың шекті мөлшері – табыстың әр қосымша бірлігінен түскен үстеме салықты білдіреді, мәселен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке тұлғалардың мүлік салығы.

  1. Салық жеңілдіктері.

Салық жеңілдіктері – төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және басқа да факторларды ескеріп, заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару. Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату.

  1. Салық субъектілері бойынша жеңілдіктер.

  2. Салық объектісі бойынша жеңілдіктер.

  3. Салық базасы бойынша жеңілдіктер.

  4. Салық ставкасы бойыншажеңілдіктер.

  5. Салық кезеңдері бойынша жеңілдіктер.

  6. Салықты есептеу тәртібі бойынша жеңілдіктер.

  7. Салық төлеу тәртібі бойынша жеңілдіктер.

Проференциялар – үшінші елге қатысты емес бір жақты тәртіпті немесе өзара қатынас басында бір мемлекеттің екіншісіне беретін айрықша жеңілдіктер.

  1. Салық ставкасы.

  2. Салық кезеңдері.

  3. Салықты есептеу тәртібі.

Негізінде салықты есептеудің 5 кезеңі бар:

  • бірінші – салық салынатын объектісіне есепке алу

  • Екінші – салық салу объектісінен салық базасын есептеу

  • Үшінші – салық ставкаларын қолдану

  • Төртінші – салық жеңілдіктерін қолдану

  • Бесінші – салық сомасын есептеу

  1. Салық есептілігі салық төлеуші және салық агенті салық органдарына

табыс ететін, салық міндеттемелерін емептеу туралы ақпараты бар құжаттама. Салық жіктелуі:

Салықтар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:

  1. Өндіріп алу тәсілі немесе салық салу объектісі бойынша тікелей және жанама салық;

  2. Тікелей салықтар: нақты және дербес салықтар:

  3. Объектінің экономикалық белгілері бойынша: тұтынуға және табысқа салынатын салықтар:

  4. Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша үйлесімді, үдемелі және кемімелі салық:

  5. Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай республикалық және жергілікті салық:

  6. Пайдалану ретінде қарай – жалпы және мақсатты салықтар:

  7. Салықтарды төлеуге байланысты: заттай және ақшалай салықтар:

  8. Салық субъектілеріне қарай: заңды және жеке тұлғалардың салықтары:

  9. Салықтардың қолдану қызметтеріне орай: жай және төтенше салықтар:

  10. Салықты есептеу және төлеу субъектісі бойынша: қызметақылы және қызметақысыз салықтар:

  11. Салық базасының пайда болуы және салықты төлеу көзіне қарай: активті және пассивті салықтар:

  12. Салықтарды салық төлеушілердің арасында бөлуге байланысты: үлестірме және санды салықтар:

  13. Салықтардың төленуіне қарай тұрақты және біржолғы салықтар.


  1   2   3   4

Похожие:

Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері iconКөлік құралдары салығының салық төлеушілері
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу...
Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері iconКөлік құралдарына салық
Салық Кодексінің 365 бабына сәйкес, бірыңғай жер салығын төлеушілер бойынша, бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген,...
Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері iconЖеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі
Салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады
Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері iconЖеке табыс салығы және мүлік бойынша өткен кезеңдер үшін салық есептілігін (декларацияны) жасау кезінде бірқатар қателердің анықталуына байланысты
Кердің салық салынуы тиіс, Салықкодексінің 156-бабында көзделген түзетулер есепке алынған кірістері мен Салық кодексінің 166-бабында...
Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері iconЛекция: 45 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Лектор: Туремуратов а жетісай 2009 «Салық және салық салу»
«Есеп және аудит» 3-курс студенттеріне 6 семестрде “Салық және салық салу” пәніне типтік оқу жоспарына сәйкес 3-кредит (135 сағат)...
Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері iconҚорытынды Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе
Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі,...
Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері icon4. 2 Пәннің тақырыптық мазмұны
Салық салу мәселесі, оның меркантилизмге қатынасы, кольбертизм саясатынын критикасы. Физиократтар. Физиократтардың теоретикалық системасы....
Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері iconТапсырылды деп есептелетiнін
Салық комитетімен 2010 жылдың 1 тоқсаны үшін қосылған құн салығы бойынша 2010 жылдың 5 шілдесі жағдайына қатысты тапсырылған декларациялар...
Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері iconМазмұны
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып...
Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері icon1 бөлім. ҚОсылған қҰн салығының экономикалық МӘНІ
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница