Диссертация 2009 жылы




НазваниеДиссертация 2009 жылы
страница1/6
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.88 Mb.
ТипДиссертация
источникhttp://www.iie.kz/userfiles/aikozov.doc
  1   2   3   4   5   6


ӘӨЖ 338.431.6 "20"(574.5) Қолжазба құқында


Айкөзов СЕЙДУЛЛА ИБАДУЛЛАҰЛЫ


Айкөзов С. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар (1991 – 2008 жж.)


07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы еспубликасының)


Тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009


Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазіргі заман тарихы және ғылыми ақпараттар бөлімінде орындалған


Ғылыми кеңесші: тарих ғылымдарының докторы,

профессор Мажитов С.Ф.


Ресми оппоненттер: тарих ғылымдарының докторы,

профессор Байтілен С.А.


тарих ғылымдарының докторы,

профессор Ташенев М.Ж.


тарих ғылымдарының докторы,

доцент Байсарина Қ.Қ.


Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ ұлттық

педагогикалық университеті


Диссертация 2009 жылы « » сағат 14.30-да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).


Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29) танысуға болады.


Афтореферат 2009 жылдың « » таратылды.


Диссертациялық кеңестің ғалым

хатшысы, тарих ғылымдарының докторы Қапаева А.Т.


Кіріспе


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. «Біздің әлі де болса есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек» деп көрсетеді, - Елбасы өзінің Қазақстан халқына арналған 2003 жылғы Жолдауында,- Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек. Бұл үшін агроөнеркәсіп кешенін түлете дамытып, ауылға (селоға) айрықша назар аударылуы, жеткен биігіміз бен жинақтаған тәжірибемізге сүйеніп, ауылдағы ағайындарымызға өмірдің жаңа сапасына жетуіне қол ұшын беретін уақыт туды» [1].

Ауылшаруашылығы – ел экономикасының негізгі буыны, ежелден бар байлығымыздың бастауы. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтануы және дамуы негізінен тікелей байланысты. Осыған байланысты, қазіргі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай ғылыми тұрғыда терең зерделеуді, саланы кешенді дамытудың жолдары туралы жан-жақты дәлелденген қорытындылар мен байыпты ғылыми тұжырымдар жасау мен аграрлық сектордың кеңестік экономиканың кембағалдығынан көрген зардабы, нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде кездескен қиындықтарыдан көрген залалы қарастырылады.

Тақырыптың өзектілігі. «Болашағына сеніммен қарайтын халық, тарихына терең бойлайды» - деген даналық сөз бүгінгі тәуелсіздік пен еркіндік идеология саясындағы еліміз үшін арнайы айтылған секілді. Төл тарихымыздың күңгірт беттерін ашып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа, аршынды сапалық сатыға көтерілуіне қазақ елінің өткен кезеңін зерттеу, зерделеу бүгінгі күннің талабы. Себебі, тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында түбірлі жұмыстар атқарылды.

Отандық тарих ғылымының өзектілігі – кеңестік тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында түбірлі жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – мемлекеттің аграрлық секторды реформалаудағы мемлекеттік саясат. Қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі негізгі, әрі өзекті мәселелердің бірі осы салада нарық қатынасын қалыптастыру, халықты отандық азық-түлік, өнеркәсіпті шикізат өнімдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз ету, өндірістің тиімділігін арттыру, бәсекелікке төтеп беретін өнім өндіру және әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру болып отыр. Сол үшін аграрлық секторда бірінші кезекте шаруашылықты жүргізу тетіктерін (механизмін – А.С) қалыптастыру және дамыту аса қажетті қозғаушы экономикалық күштің негізіне айналуда.

Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына арналған 2008 жылғы Жолдауында, «Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктерімен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды» - деп атап көрсетті [2].

Мемлекеттің халық шаруашылығының барлық салаларының ішінде ауыл шаруашылығында біразға созылған экономикалық дағдарыстан шығуы бірте-бірте өз нәтижесін беріп келеді. Дегенмен, өндірістің негізгі саласының бірі, – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әйтседе, шикізат мәселесін шешетін халық шаруашылығындағы өнім өндіру мен оның өсімі әлі де болса төмен деңгейде. Өндірістерде қалыптасқан жағдайларды сараптай және талдай келе аграрлық сектордағы шешілмей жатқан мәселелерді зерттеу, ауыл шаруашылық пен өндірістің экономикалық негізіне әсер ететін іс-шараларды (тиімділігін көтеретін, бәсекелікке лайықты өнім өндіру т.б.) жүзеге асыру нарық жағдайындағы өзекті мәселелердің атаулысы болып отыр.

Міне, осындай жағдайда «Қазақстан-2030» Стратегиясы ауылшаруашылығын көлемді өзгерістерге жетелейді. Стратегияны жүзеге асыру мақсатында саланы дамытудағы мемлекеттің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы мен қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10-шілдедегі №1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауыл аумақтарын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналаған мемлекеттік бағдарламасы, 2004 жылғы 19-наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көзделген Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. индустриалды-иновациялық даму Стратегиясы, сондай-ақ, Елбасының қолдауымен 2003-2005 жылдардың «Ауыл жылы» деп жариялануы, «Астық туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», егіншіліктегі «Тұқым шаруашылығы туралы» заңдар өмірге келуі ауыл тұрғындарын әлеуметтік қолдауға бағытталған ауқымды іс-шаралар болып табылады.

Сонымен бүтіндей алғанда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру агроөнеркәсіптік кешеннің жағдайын жақсартып қана қоймай, дамытудың 2006-2010 жылдарға бағытталған тұжырымдамасының негізінде 2006-2008 жылдары бірінші кезекті шаралары жүзеге асырылды.

Сондықтан, Қазақстан Республикасы үшін аграрлық сектор республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін айқындаушы күштердің бірі болып отыр.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өз алдына ұлттық мемлекет қалыптасып, шаруашылық жүргізудің әкімшілік әдіспен аралас нарықтық экономика қағидаларына ауысу үрдісі байқалды. Әрине, бұл жылдардың қиыншылығы мен ауыртпалығы аз болған жоқ. Әсіресе, өтпелі кезеңде орын алған қиындықтар зардабы ауыл шаруашылығына, бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың табиғаты, негізгі себептері мен одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті, көкейтесті мәселе Республика Президентінің еңбектерінде, түрлі Заң және атқарушы органдардың күнделікті іс-тәжірибелерінің күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ ел экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының әлеуметтік мәселлелерін, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге байланысты аграрлық саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтайтын теориялық және практикалық мәселелерді одан әрі зерттеп-зерделеу керектігі ешбір күмән тудырмайды.

Социалистік қоғамнан шыққан өзге елдердегі сияқты, Қазақстан Республикасында өткізіліп жатқан аграрлық реформалардың басты мазмұны әкімшілік-әміршілдік тәсілге негізделген бір экономикалық жүйеден нарық қатынастарына негізделген екінші экономикалық жүйеге көшу. Оның негізінде экономикалық жүйенің іргетасының өзі – мемлекеттің меншікке монопольды құқығынан бас тартып, оның басым бөлігін жеке және заңды тұлғаларға беруді ойластырған меншік қатынасы жатыр.

Нарықтың өзгеру нәтижесінде аграрлық саланың шаруашылық тетігі терең өзгерістерге ұшырайды. Ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастың барлық субъектілерінің экономикалық мүдделерінің рөлі артады. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығын реформалауда шаруашылық жүргізудің басымырақ нысаны болып табылатын, өндірісті тиімді жүргізуді қамтамасыз ете алатын және табыстарды әлеуметтік әділеттілікпен бөле алатын ауылшаруашшылық бірлестіктерінің маңызды рөліне тиесілі.

Осындай қарапайым бірлестіктердің бірі, - кооперация өзінің бір ғасырдан астам уақыттан бергі тәжірибесі оның нарықтық экономиканың заңдары мен қағидаларына сүйене отырып тауарлы ауылшаруашылық өндірісін қалыптастырудағы ерекше маңызын ашып берді.

Әлемдік тәжірибеде ауыл шаруашылығы дамуының үш жолы бар: жеке фермерлік, ірі кәсіпорындар және кооперация жолымен шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің бірлескен шаруашылық қызметін жүргізуі. Осы үш жолдың біздің елімізде алдыңғы екеуі жақсы жолға қойылғанымен, көлемі жағынан шағын, айналымдық қаржысы тапшы, жағдайы ортадан төменгі дәрежедегі шаруаларды кооперациялау жолы мемлекет тарапынан қолдау көрмей келеді.

Ұзақ жылдар бойы елімізде аграрлық саладағы кооперацияның теориясы мен тәжірибесінің дәстүрлі ғылыми-зерттеу ісін жүргізудің мүмкіндігі болмады. Бұрынғы КСРО-ның ғылымы мен тәжірибесінде кооперация десе колхоздар алға тартылды және оған Казпотребсоюз (Қазақстан тұтынушылар одағы –А.С) жүйесі қосылды, өйткені тек осылар ғана ауылшаруашылық бірлестіктерінің ең жоғары, жетілдірілген түрлері деп есептелді. Бұл толық дәлелденбеген қағида және адасулар оның қайта өрлеуі мен дамуы жолында кедергі болды.

Қазіргі экономикасы, ғылымы мен техникасы, ақпараты мен пікір алмасу үрдісі қарқынды дамып келе жатқан қоғамда басқаруды бұрынғысынша орталықтандыра берудің мүмкін еместігі күн санап дәлелденіп келді. Сондықтан 2003 жылдың 4-сәуіріндегі Парламент палаталарының бірлескен отырысында жария етілген Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында демократияны және жергілікті басқаруды жетілдіру мәселелерінің жан-жақты көрініс табуы жәйдан-жәй емес.

Осындай ерекшеліктерге байланысты тақырыптың мынадай өзектілігі айқындалады:

- біріншіден, Кеңес дәуіріндегі қалыптасқан ауыл шаруашылығындағы агроөнеркәсіптік кешен, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі отандық тарихтың ажырамас құрамды бөлігі ретінде үнемі назар аударуды қажет етеді. Себебі, тарихи жағдайлармен қалыптасып, іс-жүзінде атқарылған жоспарлы шаруашылықтан қазіргі кезеңдегі аграрлық сектордағы нарықтық қатынастарға бейімдеп түбегейлі қайта қалыптастыруда өзіндік ерекшеліктерге ие болу себебінен реформалау қажеттігі туындады. Сол себептен, бұл мәселені қазіргі заманғы әдістемелік тұрғыда қайта бағалауды қажет етеді.

- екіншіден, аграрлық реформаның орындалуындағы жергілікті және аймақтық өзін-өзі басқару мекемелерінің қалыптасқан жүйесінің кешегісі, бүгінгісі және ертеңгі жағдайларын сыни көзбен талдау барысында халықтық мүдде тұрғысынан дамытумен байланыстыра қарастыру. Бұл мәселеге тәуелсіздік идеологиясы тұрғысынан назар аударылар болса онда тарихи танымның игілігіне айналатын нәтижеге қол жеткен болар еді. Нарықтық жағдайында өндірістік қатынастарды, экономикалық ынталандыруды және шаруашылық механизмдерін жүргізуді сол кезеңінде жетілдіріп отырмаса, қомақты күрделі қаржыларды пайдалануда ауыл шаруашылығында тиімді нәтиже бермейді.

Тақырыптың өзектілігінің үшінші қыры – қазіргі әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар барысында, кеңестік кезеңдегі аграрлық реформалардың өзгеруі оның әлеуметтік, саяси күйзелістерге ұшырауы мен жүзеге асуы тұрғысындағы ұйымдастыру-құқықтық заңнамаларын қабылдау және осы міндетті шешуде жаңа әдістемелік тәсілдің маңызы арта түседі деп ойлаймыз.

Тарих ғылымының зерттеу саласында ауыл шаруашылығындағы аграрлық реформалардың қалыптасуының кейбір бөліктерін ішінара зерттеу еңбектері кездескенімен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағында жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі мен өзекті мәселелері толығымен, тұтастай зерттелген жоқ. Зерттеу тақырыбын таңдауымыздағы себебі осыдан келіп шыққан. Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасының оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағындағы аграрлық секторды реформалаумен жүзеге асу барысын кешенді зерттеген алғашқы еңбек болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан реформалар мен жүзеге асыруға бағытталған заңнамалар мен нарықтық жағдайдағы жергілікті шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуы үрдісін ғылыми тұрғыдан талдау арқылы оны басқаруды жетілдіру міндеттерін іске асыру бағытында тұжырымдар мен ұсыныстар жасау болып табылады. Себебі, бұл мәселе жеке тақырып ретінде зерттелген жоқ. XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы ауыл шаруашылығындағы аграрлық сектордағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен реформалау барысына қатысты зерттеулер сипаты, мазмұны жағынан өте күрделі болды. Тақырыптың тарихнамасының күрделі сипат алуының бірнеше себептері бар.

Біріншіден, тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары ауылшаруашылығындағы қайта құрудың бағдарламалық мақсаты, әлеуметтік-саяси негізі, ұйымдық-құқықтық заңнамалары және жергілікті басшылықтар мен өзін-өзі басқару мекемелері өзіндік ерекшеліктерге ие тарихи құбылыс болатын. Сондықтан да ол аймақтық оқшаулауға көнбейтін республикалық тұрғыдан сабақтастырып қарау қажеттігі туындады. Міне, осы күрделі сипат жүргізілген зерттеу жұмыстарының барынша әралуандылығына негіз болды.

Екінші себеп – қоғамдық-саяси көзқарастар жүйесінің өзгермелілігінен туындайды. Қазіргі кезеңдегі жағдайда, жоспарлы шаруашылықтан нарықтық қатынастар қалыптасып жатқан аграрлық секторда, бірқатар объективті және субъективті қиыншылықтар болуына қарамай, ауыл шаруашылығында реформалар жүргізуде салалық саясатын жетілдірудің икемді тәсілдерін қолдану жөніндегі тарихшы ғалымдардың, А.Б. Тұрсынбаев, Г.Ф Дахшлейгер, К. Нүрпейіс, Б.А Төлепбаев, М.Т. Кенжебаев, Ж. Жумабеков, М.Ж. Ташенев, Ә.Н. Құдайбергенов, Г. Халидуллин, Р. Исатаев, Ж.Б Әбілқожин, И.Ш. Шамшатов, С.А Байтілен, С Жолдасов, И.А. Берденова, К. Рыспаев, Қ.Қ. Байсарина, С.И. Иманбердинаның ғылыми зерттеу жұмыстары бар. Сондай-ақ, ауыл село еңбеккерлерінің өндіріс саласындағы еңбектерін зерттеумен қатар, олардың әлеуметтік, мәдени саласын зерттеген Х. Абжанов, М.Х. Асылбеков, М.Б. Тәтімов, экономика ғылымы саласындағы Л.Е Әбділдина, И.Ю Бенке, К.Ж Жарекешев, Б.З Зиябеков, Х.Е Ертазин, Ж.О Ихданов, С.М Касымов, М.Д. Тінәсіл, және де бірқатар авторлар өз жұмыстарында көрсетуде.

Алайда зерттеулердің кооперация проблемасы әлемдік ғылым үшін жаңалық емес. Оны зерттегендер қатарында Р.Оуэн, Ш.Фурье, Ф. Райффейзен, Ф. Лассаль, Н.Г. Чернышевский, К. Маркстар болды. Ал ресейде ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселесімен Н.П.Макаров, П.П.Маслов, А.А.Николаев, С.Н.Прокопович, М.И.Туган-Барановский, А.В.Чаянов, А.Н.Челинцев, А.И.Чупров, К.А. Пажитнов, Н.Д. Кондратьевтер жете шұғылданды.

Кеңестік кезеңнің аяғы-нарық экономикасына көшу мерзімінде ауыл шаруашылығын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан зерттеуде Президентіміз Н.Ә. Назарбаев, мемлекет қайраткері Д.А. Қонаевтің, Б.М. Тұрсынбаев, С.А. Терешенко, Ж. Кәрібжанов, сөйлеген сөздері мен ой толғау еңбектері және естеліктері назар аудартады.

Демек, әр кезеңнің, әр ағымның тақырыпқа қатысты зерттеулерінің деректік, әдістемелік негізі әртүрлі болғандықтан олардың арасында бір-біріне қарама-қарсы бағалар да кездеседі. Бұндай жағдайда мәселені кешенді түрде қарастырып, тарихи тұрғыда салыстыра бағалау қажеттігі туады.

Дегенмен, ауыл шаруашылығында қалыптасып отырған нарықтық қатынастар жағдайында халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартудағы аграрлық реформаның сәйкестік мәселелері әрі қарай талдауды қажет етеді. Зерттеулер көрсеткендей, бұл салада шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайына сай келетін теориялық және әдіснамалық негізі жеткілікті дәлелденбеген.

Еліміздің аграрлық саласындағы осы процестердің әрі қарай даму заңдылықтарын айқындау, оны одан әрі кешенді талдау, қазақстандық және шетелдік тәжірибелерді сыни қорыту мен әдіснамалық және ғылыми-тәжірибелік бағалауда жаңа тәсілдер мен дәстүрлі емес шешімдер іздеу өте маңызды.

Бұл жұмыс нарық қатынасы жағдайында Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторындағы ауылшаруашылық өндірісінде, кооперативтік және кооперативтік емес ұйымдық-құқықтық кәсіпорындарды заңнамалық қамтамасыз етілуі мен ауылдық өндіріс пен аймақтық басқаруды жетілдірудің өзекті мәселелерін қоса алғанда, аграрлық реформаны жүзеге асырудың теориялық-әдіснамалық және тәжірибелік жақтарын кешенді зерттеуді мақсат тұтқан бастапқы еңбек болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты ауыл шаруашылығындағы аграрлық реформалардың қалыптасып жүзеге асуы және оның тарихи тәжірибесі мен өзекті мәселелерінің теориялық-әдістемелік концепциясы негізінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында тиімділікпен жүзеге асыруды негіздеу болып табылады. Бұл мақсат мынадай міндеттерді орындау арқылы нақтыланған:

- аграрлық реформалардың қалыптасуымен жүзеге асуының теориялық-әдістемелік негіздерін талдау;

- жүргізілген аграрлық реформалардың тарихи тәжірибиесінің маңызы мен рөлін айқындау және олардың айырмашылығын анықтау;

- тақырыптың қолданбалық және заңнамалық астарын ашып беруге
көмектесетін отандық және шетелдік әдебиеттерге ғылыми талдау
жасау;

- меншік пен шаруашылық жүргізудің көптүрлілігіне өту тәсілдерін зерттеу мақсатында өтпелі кезеңдегі аграрлық саясатты зерделеу, сонымен бірге ұйымдық-құқықтық заңнамаларының қалыптасуы, жергілікті тұрғындар мен Қазақстан мемлекетіндегі әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз етудегі сәйкестігін талдау;

- нарық жағдайында республика агроөнеркәсіп кешеніндегі ауылшаруашылық бірлестіктерінің негізгі бағыттары мен шаруашылық тәсілдерін анықтау;

- ауыл шаруашылығында шаруашылық жүргізудің тетіктерінің нысандарын жіктеу;

- болашақта аграрлық саланы дамытуда ауылшаруашылық бірлестіктерінің ықпал етеуін талдау;

- ауыл шаруашылығындағы дамытудағы мемлекеттік қолдау көрсетудің басты бағыттарын анықтау;

- ауылдық өндіріс пен аймақтық басқару қызметін талдау және алдағы мерзімде оны жетілдіру үшін қандай шаралар атқарылу кажеттігін анықтау;

- ауылшаруашылық бірлестіктерінің түрлері мен қызметіне талдау жасау,
оның жаңа түрлерін ұсыну үшін дәлелдер келтіру және алдағы кезде
олардың шаруашылық жұмысын жетілдіру жолдарын ұсыну:

- аграрлық реформаны орындаудағы жергілікті және аймақтық өзін-өзі басқару мекемелерінің қызметіне талдау жасау және алдағы кезде қалай ұйымдастыру керектігін негіздеу;

- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтық басқару мекемелерінің қызметін елімізде қалыптасқан жүйелік тұрғымен байланыстыра қарастыру;

- жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті шаруашылықты
басқару түсініктерінің аражігін ажырата көрсету үшін тиісті
заңнамалық құжаттарға талдау жасап, оларды ұдайы жетілдіріп отыру
керек екендігін дәлелдеу;

Диссертацияның ғылыми жаңалығы. Өткізілген зерттеулердің жаңалығы ауыл шаруашылығындағы жүргізілген реформалардың барысын Республиканың өзге өңірлеріндегі тәжірибе мен нарықтық қатынастар жағдайына орайластыра отандық тарихта ауыл шаруашылық реформасының қалыптасуы мен жүзеге асу тәжірибесі мен зертелген аймақтың ерекшеліктерін талдау арқылы іс жүзінде қолданылатын ұсыныстар жасау. Осы кезге дейін тақырыптың бұл аспектісі отандық және шетелдік тарихшылар тарапынан қолға алынбаған болатын. Осыған байланысты зерттеу жұмысының мынадай ғылыми маңыздылығы мен жаңалықтарын атап көрсетеміз:

- Қазақстанда ауыл шаруашылығы реформаларының алғышарттары мен шынайы қажеттілігі, аграрлық сектордың нақты және үдерісті даму мүмкіндіктерін, теориялық және әлемдік тәжірибені алғаш рет тарихи талдау, қорыту арқылы айқындалды;

- аграрлық реформалардың әлеуметтік даму үрдісіндегі әсері мен негізгі бағыттары көрсетілді;

- аграрлық реформалардың Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында іске асуының қажеттілігі айқындалды;

- аграрлық реформаларды жүргізудегі ұйымдастырушы-құқықтық заңнамаларға талдау жасалынды;

- жергілікті басшылықтар мен қоғамдық мекемелердің құрылымдық жетілдірілуі жөнінде ғылыми тұжырымдар жасалды;

- аграрлық реформалардың жергілікті тұрғындар мен мемлекеттегі әлеуметтік қажеттілікті қамтамасыз етудегі сәйкестігіне талдау жасалынды;

- Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалардың іске асуының әлеуметтік-экономикалық нәтижелері жіктелді;

- жүйелік тәсілдеме жолымен ауылшаруашылығындағы дағдарысты жою және ауылшаруашылық өндірістік кешенін дамытудың тұжырымдамалық моделі жасалды;

- аграрлық саладағы ауылдық өндіріс пен аймақтық басқаруды жетілдірудің тиімділік көрсеткіштер жүйесі ұсынылды;

- ауыл шаруашылығы ұйымдарының ұйымдық-құқықтық нысаны жүйесінде өндірістік бірлестіктерінің орны мен рөлі көрсетілді;

- Қазақстаның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының жекеленген аудандарындағы ауыл шаруашылығы өндірісінде коммерциялық емес ұйымдар құрудың тиімділігін көрсететін ұсыныстар дайындалды;

- аграрлық салада коммерциялық емес несиелік кооперативтердің қажеттілігі, қызмет ету үрдісі мен даму стратегиясы анықталды;

- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының бірлестіктерінің қызметін реттейтін заңдар талданды; оның өзге елдердің заңдарымен жалпы ұқсастықтары, айырмашылықтары анықталды; осы саладағы заңдарды одан әрі жетілдіру шаралары ұсынылды.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалар тақырыбының хронологиялық кезеңінің бастауы 1991 жыл болып белгіленді. Себебі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы жергілікті басшылықтар мен қоғамдық мекемелердің әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттарының жоспарлы шаруашылықтан нарықтық қатынастарға түбегейлі бет бұру кезеңі негіз болып, зерттеу кезеңі 2008 жылмен шектелген.

Диссертацияның практикалық құндылығы ретінде Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалар тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен жүзеге асу тұрғысында бай деректік материалдар негізінде жасалынған негізгі тұжырымдар мен қорытындыларды, алынған нәтижелерді ғылыми еңбектер, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар дайындауға, сол сияқты әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы болашақ доктор, магистр, бакалаврлары үшін Отан тарихының теориялық және әдістемелік мәселелеріне байланысты арнайы курстар дайындауда қолданылатындығын айтуға болады. Сол сияқты зерттеу жұмысында қалыптасқан әдістемелік тәсілдер, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалардың жүзеге асу барысын жан-жақты зерттеп, Қазақстанның өзге аймақтарымен салыстырып саралап, тарихи таным нысанына айналдыруға мүмкіндік береді.

Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Отандық тарихнамада Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында аграрлық реформалардың тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен жүзеге асуына қатысты арнайы зерттеулердің болмауы және тарихи таным қағидаларының өзгеруі тақырыптың деректік негіздерін сұрыптаудың біршама күрделі сипатын айқындады. Осыған байланысты зерттеу жұмысының деректемелік негіздері бірнеше бағыттарға топтастырылды. Атап айтқанда: ауыл шаруашылығына қатысты республикалық және облыстық статистикалық жинақтар; аграрлық реформаның ұйымдастырушылық-құқықтық заң актілері; республикалық, облыстық және аудандық мерзімдік басылымдар мен ғылыми журналдар.

Деректік негіз ретінде мұрағат материалдары пайдаланылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты Қ-5 (Қырғыз АКСР-і Кеңестерінің Орталық атқару комитеті), Қ-279 (1927-28 жылдардағы Қазауылодақ), Қ-2199 (01.12.1985-20.12.1990 жж. Қаз КСР-нің мемлекеттің агроөндіріс комитеті), Қ-2270 (29.04.1991 жылғы Қаз КСР-нің Азық-түлік және ауылшаруашлық министірлігі), Қазақстан Президентінің мемлекеттік мұрағаты Қ – 5-Н (Аграрлық мәселлелер бөлімі), Қ-7 (Қаз КСР-нің халық шаруашылық комитеті ), Қ-708 (Қаз КСР-нің мемлекеттің агроөндіріс комитеті), Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағаты Қ-21, 150, 282, 399, 851), Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының (Қ. 40). Қызылорда облысытық мемлекеттік мұрағатының 367-қоры, (Қызылорда облысының экономикалық комитеті), 585-қоры, (Қызылорда облысының статистикалық және талдау басқармасы), 589-қоры, (Қызылорда облысының ауыл шаруашлылық басқармасы) құжаттық деректері пайдаланылды.

Аталған мұрағат қорларының құжаттары мен деректік материалдар авторға зерттеу барысында кеңестік тарихнамадағы ауыл шаруашылығының бірлестіктері мен агроөнеркәсіп кешеніне қатысты мәліметтерді талдап, оған ғылыми баға беруге мүмкіндік жасады.

Сол сияқты зерттеу мақсатына сай Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі және облыстық статистикалық басқарманың жылдық есептері, Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық Министрлігінің ағымдық мұрағаттары (Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігінің 1991-1995 жылдар кезеңіне берген есептік мәліметі. – Алматы, 1995.), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетінің хабарламалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк хабарламасы (23.07.2007 ж. N 12208/ 1277), Облыстық ауыл шаруашылық департаментінің мәліметтері, Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы (Оперативтік мәліметтер 1994-2004жж.), Казақ ССР заңдарының Жинағы (1937-1968 жылдар) Алма-Ата, 1968) т.б. дерек көзі ретінде қолданылды.

Қазіргі кезеңдегі нарықтық қатынастың даму барысы мен тәуелсіздіктің өткен жылдарында ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен тың ойларды түйіндеген мерзімдік басылымдардың «Егемен Қазақстан», «Заң», «Казахстанская правда», «Предприниматель и права», «Нұр-Астана», «Жетісу», «Оңтүстік Қазақстан», «Сыр бойы», «Ақ жол» «Знамя труда» газеттермен бірге «Международный сельскохозяйственный журнал», «Қаржы-қаражат», «Ақиқат», «Қазақ тарихы» журналдарында қоғамдық-саяси үдерістің мазмұнын айқындайтын құнды деректер жарияланады.

Сол сияқты мемлекет қайраткерлерінің еңбектері де тақырып мазмұнын ашуда маңызды дерекcөз болмақ.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- Қазақстан Республикасындағы кедейшілік және жұмыссыздықпен күрестің тарихи мәселелеріне теориялық талдау жасауда аграрлық реформалау концепциясы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуға өзіндік ықпал тудыратын ерекшелікті ескеруді қажет етеді;

- ауыл шаруашылығының жоспарлы шаруашылықтан нарық қатынас жағдайдағы қайта құруды дамытудағы теориялық-әдістемелік мәселелері;

- агроөнеркәсіп саласындағы көп укладты экономиканың қажеттілігі, оның рөлі, теориялық және әлемдік тәжірибедегі шаруашылық механизмін жүргізудегі дамуына талдау;

- аграрлық реформаларды орындауда республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағындағы жергілікті басшылықтар мен қоғамдық мекемелерді құрылымдық жетілдіру бағыттары;

- жергілікті және аймақтың өзін-өзі басқарудың елімізде қалыптасқан жүйесінің кешегісі және бүгінгісі сыни көзбен келгендегі жағдайларын ауыл шаруашылығын халықтық мүдде тұрғысынан дамытумен байланыстыра қарастыру;

- мемелекеттің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы жүргізген аграрлық саясатының әлеуметтік бағыттарында жергілікті мемлекеттік басқарумен жергілікті шаруашылықты басқару түсініктерінің аражігін ажырата көрсету үшін тиісті заңнамалық құжаттарға талдау жасап, оларды ұдайы жетілдіріп отыру керек екендігін дәлелдеу;

- ауыл шаруашылығын дамытуда жасалынған бағдарламаларда агроөнеркәсітік кешенді дамытуда мемлекеттік қолдаудың басым бағыттарын айқындау;

- селолық өндірістік және өндірістік емес ауылшаруашылық бірлестіктерінің тиімдірек модельдері ұсыну;

- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының жекеленген аудандарындағы ауылшаруашылығы өндірісінде коммерциялық емес ұйымдар құру, жерді бірлесіп өңдейтін қызмет етуші коммерциялық емес кооператив және кооперативтік негізде техниканы бірлесіп пайдалану мен мал дәрігерлік, несиелендіру жіне су пайдалануға арналған кооператив құрудың тиімділігін көрсететін ұсыныстар дайындалды.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында ғылыми зерттеудің әдістемелік негізін жалпы диалектикалық танымдық әдістермен қатар, тарихи логикалық, жүйелік, салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістер қолданылды. Зерттеудің теориялық негізін Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалаудың қалыптасуымен жүзеге асуына байланысты ғылыми еңбектері мен мақалалары және ондағы тұжырымдар, сонымен қатар, тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер және ұйымдық-құқықтық заң актілері құрайды.

Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері мен қорытындылары ғылыми монографияларда, Алматы, Семеи, Шымкент қалаларында өткен халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды. Зерттеу жұмысының мазмұнына сәйкес 2 ғылыми монография, 30 мақала Қарғызстан, Өзбекстанда жарық көретін басылымдарда жарияланды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған тізімге енген 5 түрлі басылымда 10 мақала 3 шетелдік басылымдарда, сондай-ақ 17 мақала әртүрлі республикалық басылымдар мен республикалық және халықаралық ғылыми конференция материалдарының жинақтарында жарық көрді.

Диссертация ҚР БҒМ ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазіргі заман тарихы және ғылыми ақпарат бөлімі мен Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің кеңейтілген мәжілісінде талқыланып қорғауға ұсынылды (хаттама №3, 2009 жыл, 04 маусым).

Диссертацияның құрылымы. Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге байланысты диссератциялық жұмыстың құрылымын кіріспе, 4 тарау және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі құрайды.

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Диссертация 2009 жылы iconҚарқаралы ауданының
«2009 жылы азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы» №1...
Диссертация 2009 жылы iconДиссертация 2009 жылы «01»
Жұмыс Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті химия факультетінің химиялық технология және экология кафедрасында...
Диссертация 2009 жылы icon«Балдырған» ясли бақшасы 2009 жылы қаңтар айында пайдалануға берілді. 2009 жылы 26 наурыз күні бала бақша өз жұмысын бастады. Алғашқыда «Балапан», «Құлыншақ»
«Балдырған» ясли – бақшасы 2009 жылы қаңтар айында пайдалануға берілді. 2009 жылы 26 наурыз күні бала бақша өз жұмысын бастады. Алғашқыда...
Диссертация 2009 жылы iconДиссертация 2009 жылы «24»
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Диссертация 2009 жылы iconДиссертация 2009 жылы
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Диссертация 2009 жылы iconДиссертация 2008 жылы «7» қарашада сағат 16. 00-де Қр бжҒМ
Тіл білімі институты жанындағы 10. 02. 02 – қазақ тілі және 10. 02. 06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының...
Диссертация 2009 жылы iconАвтореферат 2010 жылы «15»
Диссертация 2010 жылы «3» шілде сағат 10. 00-де М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының...
Диссертация 2009 жылы iconДиссертация «17» «сәуір»
Диссертация «17» «сәуір» 2008 ж сағат 16. 30 Халықаралық Бизнес Университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу...
Диссертация 2009 жылы iconДиссертация 2012 жылы
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің «Физика және фоә»...
Диссертация 2009 жылы icon2009 жылы атқарылған жұмыстар
Жоспар бойынша 2009 жылдың 13 наурызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница