Власова Т. В., Велеско М. В. Практикум по физической географии материков




НазваниеВласова Т. В., Велеско М. В. Практикум по физической географии материков
страница2/3
Дата конвертации27.09.2012
Размер0.58 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://portal.vkgu.kz:1010/5983/5.doc
1   2   3

АФРИКА

Материк туралы қысқаша мәліметтер

Африка-Атлант және Үнді мұхиттары жағалауына шайып жатқан жалғыз материк. Экватор сызығы тура ортасын кесіп өтеді. Жер көлемі жағынан Евразиядан кейінгі материк (30,3 млн.км).1869 жыл Суэцк каналы қазылғанға дейін Евразия мен Африка құрылыстың тұтас бөлігін құрады. Африкада дүниедегі ең ұзын өзен (Нил, 6671 км), ең ірі шөл (Сахара), ең биік вулкан (Килиманджаро, 5895 м) және дүние жүзіндегі ең ірі алмаз кен орындары орналасқан.

Африка территориясында 50-ден астам мемлекеттер бар, халық саны мөлшермен 60 миллиондай. Халықтың өсімі жағынан Африка Әлемнің басқа елдерінің алдында келеді.

14-тақырып. Африканың орографиялық және гипсометриялық жағдайы және тектоникалық құрылымы

Сабақтың мақсаты: Африканың морфологиялық ерекшеліктерінің оның геологиялық тарихы мен тектоникалық құрылымы мен байланысын анықтау.

Қолданылатын құралдар:

  1. Географиялық атлас (орта мектеп мұғалімдеріне арналған). – М.: ГУГК, 1980-1986.

  2. Забродская М.П. Физическая география Африки. – М. Учпедгиз,1963.

  3. Дүниежүзінің физикалық-географиялық атласы. М.:ГУГК,1964

  4. Атлас Африки.М,ГУГК,1968

1-тапсырма. Африканың географиясы мен гипсометриялық ерекшеліктері.

  1. Төмендегі мәліметтерді пайдалана отырып, Африканың гипсометриялық қисық сызығын сызыңдар:

Биіктік, м Африканың жалпы ауданынан % алғанда

200 м төмен 9,8

200-500 м 39,0

500-1000 м 28,1

1000-2000 м 19,5

2000-3000 м 2,6

3000-нан биік 1,0

  1. Гипсометриялық қисыққа талдау жасау.

2-тапсырма. Африканың тектоникалық құрылымы.

  1. а) Африканың контур картасына Африка платформасының шекаралары мен қатпарлану аймақтарын түсіру. Шартты белгілермен синеклизаларды, антеклизаларды, қалқандарды көрсету.

Синеклизалар: Тандуф, Мали-Нигерия, Ливия-Египет, Чад, Конго, Калахари, Окованго, Карру.

Антеклизалар: Ахаггар, Регибат, Леоно-Либерия, Тибести, Шығыс Африка, Ангола.Қалқандар: Нубия-Аравия, Орталық Африка

б) Контур картаға герциндік тау жүйелері: Қап және Дракон тауларын, альпілік тау жүйелері-Атлас тауларын тиісті шартты белгілермен түсіру.

в) Оротектоникалық карта-схемаға Африканың шығысындағы Эритрея және Шығыс Африка рифтілік жарылу сызықтарын түсіру.

г) Орындалған карта-схемаға Африкадағы вулкандарды қызыл түсті жұлдызшылармен түсіру.

3-тапсырма. Африканың минералдық облыстары.

Басқа материктердің ішінде Африка материгі көптеген минермлдың қорымен, кен орындарының көптігімен ерекшеленеді, мысалы: алмаз, алтын, кобальт, титан, хромит,марганец рудасы, сурьма, фосфорит, мыс, асбест, уран және мұнай мен темір рудалары.

  1. Контур картаға Африканың төмендегі минералдық-шикізат облыстарының шекарасын және әр облыс бойынша кездесетін пайда қазбаларды тиісті шартты белгілермен түсіру.

Солтүстік Африканың минералдық-шикізат облысы (құрамы Марокко, Тунис, Алжир, Ливия, Египет мемлекеттері кіреді): мұнай, фасфорит, газ, марганец және темір рудалары.

Шығыс Африка минералдық-шикізат облысы (Судан, Эфидофия, Сомали, Кения, Уганда, Танзания, Мозамбик, Мадагаскар): алтын, алмаз мыс, уран.

Оңтүстік Африканың минералдық-шикізат облысы (ОАР, Набимия, Ботсвана, Зимбабве, Малави, Лесото, Свазиленд): платина, алтын, сурьма, титан, мыс, темір және марганец рудалары, асбест, тас көмір.

Орталық Африканың минералдық-шикізат облысы (Заир, Конго, Габон, Ангола, Замбия, Руанда, Бурунди, Экваторлық Гвинея, Камерун, ОАР, Чад: мыс, кобальт, алтын, уран, алмаз, марганец рудалары, мұнай, боксит, алмаз.

Батыс Африканың минералдық-шикізат облысы (қалған территорияларымен): темір және марганец рудалары, алмаз, алтын, боксит.

Құрастырылған схеманы Африканың оротетектоникалық схемасымен салыстыра отырып талдау жасау.

15-тақырып. Африканың климаты және климаттық ресурстары

Сабақтың мақсаты: Африканың климаттық жағдайының ерекшеліктерін, климаттық аудандастыру схемасын, агроклиматтық ресурстарын картографиялық, анықтамалық және әдебиеттерді пайдаланып оқып-үйрену.

Қолданылатын құралдар:

  1. Географиялық атлас (орта мектеп мұғалімдеріне арналған). – М.: ГУГК, 1980-1986.

  2. Дүниежүзінің физикалық-географиялық атласы. – М.: ГУГК, 1964.

  3. Африканың атласы. – М.: ГУГК, 1968.

  4. Забродская М.П. Физическая география Африки. – М.:Просвещение, 1973.

  5. Хромов В.Е., Петросянц М.А. Метеорология и климатология. – М., 1994.

1-тапсырма. Африканың климат құраушы факторлары және климатының қалыптасуы.

  1. Африканың тақырыптық климаттың карталарына талдау жасау:

а) Материктің географиялық орнының, сыртқы бейнесінің, жер бедерінің климат қалыптасуына тигізетін әсерлерін анықтау.

б) Радиациалық баланс картасына талдау жасау. Рациялық баланстың Африка табиғатының кеңістікте таралып орналасуына тигізетін әсеріне баға беру.

в) Жыл маусымдары бойынша Африка территориясындағы ауа қысымы мен маусымдық желдер бағытының қалай өзгеретіні анықтау.

Пассаттық желдердің және экваторлық-муссондық желдердің әсеріне көбірек ұшырайтын территориялардың климат жағдайына талдау жасау.

2-тапсырма. Африканың климат типтері және олардың сипаттамасы.

1. «Жылдық жауын-шашынның мөлшері» картасы бойынша тұрақты және көп мөлшердегі жауын-шашын аймақтарын (гумидті тропиктік), ауыспалы-ылғалды тропиктік және құрғақ климатты аймақтарды бөліп қарастыру.

Оқулықтағы «Африка метеостанциялары бойынша жауын-шашын мен буланудың жылдық мөлшері» кестесін пайдаланып, Алжир, Мурзук, Бамако, Дебуджа, Табора, Уолфиш-Бей, Харар, Порт-Элизабет метеостанциялары бойынша жауын-шашын мен буланудың біріккен диаграммаларын салу; берілген мәліметтер бойынша әр станция бойынша ылғалдану коэффицентінің мөлшерін анықтау.

Жеке тапсырмалар:

1. Төмендегі аудандардың біріне кешенді климаттық сипаттама жасау: Эфиопия таулы қыраты; Сомали түбегі; Мадагаскар аралы; Солтүстік Гвинея жотасы; Ангола; Калахари; Атлас таулары.

16-тақырып. Африканың ішкі сулары

Сабақтың мақсаты: климаттың және жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты өзен және көл жүйелерінің орналасу ерекшеліктерін анықтау, оларға сипаттама беру.

Қолданылатын құралдар:

  1. Географиялық атлас (орта мектеп мұғалімдеріне арналған). – М.: ГУГК, 1980-1986.

  2. Атлас Африки. – М.: ГУГК, 1968.

  3. Забродская М.П. Физическая география Африки. - М.: Просвещение, 1973.

  4. Дмитриевский Ю.Д. Внутренние воды Африки и их использование. – Л., Гидрометео издат, 1967.

  5. Лесненко В.К. Мир озер. – М.: Просвещение, 1989.

1-тапсырма. Африка территориясындағы өзендер мен көлдердің таралып орналасуы.

  1. Физикалық карта бойынша Африка территориясындағы өзен, көлдердің таралып орналасу заңдылықтарын анықтау.

  2. Картографиялық, анықтамалық құралдар мен географиялық әдебиеттерді пайдаланып, Ніл өзеніне сипаттама беру (жазбаша түрде).

Сипаттамада Ніл аңғарының геоморфологиялық ерекшеліктерін, зоналық-климаттық жағдайын, су режимін, гидротехникалық құрылыстарды, шаруашылықтағы маңызын көрсету.

  1. Физикалық карта бойынша Африкадағы көлдердің топтасқан аудандарын анықтау. Шығыс Африканың Ұлы көлдер тобының географиялық жағдайы мен конфигурацияларын рифтілік зонамен байланыстыра отырып сипаттау. Құрастырылған сипаттамада көлдердің гидрологиялық, морфолитриялық ерекшеліктеріне тоқталу.



17-тақырып. Африканың табиғат белдеулері мен зоналары. Физикалық-географиялық аудандастыруы

Сабақтың мақсаты: Африка материгіндегі географиялық зоналық заңдылығын анықтау; физикалық-географиялық аудандастыру схемасына талдау жасау.

Қолданылатын құралдар:

  1. Географиялық атлас (орта мектеп мұғалімдеріне арналған). – М.: ГУГК, 1980-1986.

  2. Забродская М.П. Физическая география Африки. – М.; Просвещение, 1973.

  3. Забродская М.П. Фактор пространственной дифференциации материков. На примере Африки. – Воронеж, 1983.

  4. Дүниежүзінің физикалық-географиялық атласы. – М.: ГУГК, 1964.

1-тапсырма. Африканың контур картасына географиялық белдеулер мен табиғат зоналарын түсіру. Климаттық картамен салыстыра отырып, талдау жасау.

Картаға қосымша ретінде әрбір зона бойынша қосымша сипаттама даярлау; сипаттамадағы мынандай жағдайларға тоқталу: зоналық географиялық орны, территориялық құрамы; климаты, өздерінің су режимі, өсімдік, топырақ түрлері, жануарлар дүниесі, жерді пайдалану түрлері, ауыл шаруашылығы. Картаны талдауда мынандай сұрақтарға жауап беру:

  1. «Географиялық зоналылық» дегеніміз не?

  2. Ол қандай факторларға байланысты?

  3. Африканың төменгі ендіктерінде географиялық зоналылық қалай байқалады?

  4. Материктің солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі географиялық зоналылықтың айырмашылықтары.

  5. Африка саванналары, олардың айырмашылықтары қандай?

2-тапсырма. Африканың тропиктік шөлдерінен (сахара) физикалық-географиялық сипаттама беру.

Бұл тапсырманы семинар түрінде өткізуге болады.

Семинардың жоспары.

  1. Сахара-жер шарының ең үлкен шөлі

  2. Тропиктік шөлдердің климаттық ерекшеліктері.

  3. Сахарадағы шөлдердің түрлері. Эргтер, хамадалар, сериралар, регилер. Тропиктік шөлдердің геоморфологиялық аудандастырылуы.

  4. Сахарадағы тіршілік. Өсімдігінің иегізгі ерекшеліктері. Жануарлар дүниесі Оазистер.

  5. Сахара табиғатының әркелкілігі. Сахараның физикалық-географиялық облыстары-Батыс, Орталық, Шығыс, Ніл Сахарасы.

ОҢТҮСТІК АМЕРИКА

Қысқаша мәліметтер:

Оңтүстік Америка басқа материктерден толығымен оқшау орналасқан. Материктің конфигурациясы үшбұрышқа ұқсас. Жер көлемі-18,3 млн. кв. км. Халқы-300 миллиондай адам. Жер бетіндегі ең ылғалды материк. Сонымен бірге мұнда жылдар бойы жауын-шашын бір тамбайтын Атакама шөлі бар. Батыс жағалауында дүниежүзіндегі ең ұзын Анд тау жүйесі орналасқан (9000 км). Материктің ең үлкен өзені-Амазонканың бассейні 7 млн.кв.км.,500-ден астам салалары бар.

18-тақырып. Оңтүстік Американың жер бедері мен тектоникасы.

Негізгі табиғи ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: Оңтүстік Америка материгінің жер бедері мен тектоникасыналық талдау жасау, табиғи ерекшеліктеріне салыстырмалы сипаттама беру.

Қолданылатын құралдар:

  1. Географиялық атлас (орта мектеп мұғалімдеріне арналған). - М.: ГУГК, 1980-1986.

  2. Дүниежүзінің физикалық-географиялық атласы. - М.: ГУГК, 1964.

  3. Лукашова Е.Н. Южная Америка. – М.. Угпедгец, 1958.

  4. Дорст Ж. Южная и Центральная Америка. – М., Прогресс, 1977

1 тапсырма. Оңтүстік Американың оротектоникалық схемасы.

1. Контур карта ежелгі Оңтүстік Америка платформасының шекарасын көрсетіп, ондағы қалқандар мен синеклизаларды шартты белгілер арқылы көрсету:

а) Гвиан;

б) Батыс Бразилия;

в) Шығыс Бразилия қалқандары

Оринока ойпаты

Амазонка ойпаты

Парнаибо ойпаты

Парана ойпаты

Ла-Плата ойпаты синеклизалары.

  1. Гвиан және Бразилия таулы қыраттарының биік нүктелері мен олардағы негізгі сьерраларды контур картада көрсету.

Сьерра-ду-Мар, Сьерра-да Мантикейра, Сьерра-ду-Эспиньясу, Шапада-Диамантина, Мату-Гросу қыраты, Сьерра-Пакараима

  1. Контур картаға палеозой қатпарлану аймақтарын түсіріп, негізгі сьерраларды көрсету:

Сьерра-дель-Тандиль, Сьерра-да-Левантана.

  1. Контур картаға кайназой қатпарлану аймағын, Анд тауларының орографиялық элементтерін түсіру.

а) Солтүстік Анды 10 дейін.

б) Экватор Анды 10 -140 о.е дейін.

в) Орталық Анды 140-280 –о.е дейін.

г) Оңтүстік Анды 280 о.е. оңтүстікке қарай.

2-тапсырма. Оңтүстік Американың табиғи ерекшеліктерін Африкамен салыстыра отырып қарастыру.

Бұл тапсырманы Оңтүстік Американың табиғатын салыстырмалы түрде өз бетінше оқып-үйрену мақсатында жазбаша орындауға болады. Ол үшін мынандай пункттер ұсынылған:

  1. Оңтүстік Америка мен Африка Гондвананың бөліктері.

  2. Оңтүстік Америка мен Африкадағы мезокайнозойлық қатпарлану белдеулері.

  3. Оңтүстік Америка мен Африканың жер бедерлерінің қалыптасуындағы жаңа тектоникалық процестер мен жанартау атқылаудың ролі.

  4. Материктердің климаттық жағдайлары мен ішкі суларының таралуындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктер.

  5. Африка мен Оңтүстік Американың органикалық дүниесініңң қалыптасу тарихы. Өсімдік және жануарлар құрамындағы өзгешеліктер. Зоналық топырақ түрлері.

  6. Материктердегі негізгі жергілікті халықтар мен нәсілдер.

Бұл жұмысты орындағанда библиографияны студенттер өздері құрастырады.

19-тақырып. Оңтүстік Американың климаты мен ішкі сулары

Сабақтың мақсаты: Материктің негізгі климат типтерін, климат құраушы факторларын анықтау және өзен жүйелерінің территориялық таралып орналасуын климат пен және жер бедерімен байланыстыра отырып қарастыру.

Қолданылатын құралдар:

  1. Географиялық атлас (орта мектеп мұғалімдеріне арналған). – М.: ГУГК, 1980-1986.

  2. Дүниежүзінің физикалық-географиялық атласы. - М.: ГУГК, 1964.

  3. Хромов С.П. Метеорология и климатология для географических факультетов. – М., Гидрометеоиздат,1983

  4. Лукашова Е.Н. Южная Америка.-М., Учпедгиз,1958

1-тапсырма. Оңтүстік Американың климаттық карталарына талдау жасап, мынандай сұрақтарға жауап беру:

  1. Климаттық белдеулердегі бойынша ауа айналымының сипаты қандай?

  2. Климаттық белдеулер бойынша жылдық жауын-шашын мен ылғалдық жағдайы қалай өзгереді?

  3. Қоңыржай, субтропиктік, тропиктік белдеулердің ішкі айырмашылықтары қандай?

2-тапсырма. Мына станциялар бойынша дүниежүзінің географиялық атластарын және климаттық анықтамалықтарды қолданып, кесте толтыру.

5-кесте




Салыстыру көрсеткіштері

Гуакиль

Икике

Вальпараисо

Каракас

Форталеза

Монте-видео

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Географиялық коодинаталары



















2

Теңіз деңгейіне биіктігі



















3

Климаттық белдеу



















4

Ең суық айдың температурасы



















5

Ең жылы айдың темпер



















1

2

3

4

5

6

7

8

6

Жылдық орташа темпер



















7

Жылдық орта-ша жауын-шашын



















8

Ылғалдану коэффициенті



















3-тапсырма. Контур картаға климаттық белдеулер мен облыстардың шекараларын белгілеу. Контур картаға қосымшада: климаттық белдеулер мен облыстардың атын, жыл маусымдары бойынша басым желдердің түрлерін, қаңтар мен шілденің орташа температураларын, жылдық жауын-шашын мөлшерін, құрғақ және ылғалды айлардың санын көрсету.

4-тапсырма. Анықтамалық материалдарды пайдаланып Оңтүстік Американың ірі өзендерінің кестесін құрастыру. Ондағы графалар Евразия, Солтүстік Америка өзендерінің кестесіндей. Мына өзендерді енгізу қажет: Амазонка, Риу-Негру, Мадейра, Тапажос, Шингу, Токантинс, Парана, Сан-Франциску, Оринока, Уругвай.

5-тапсырма. Амазонка өзенінің сипаттамасын мына жоспар бойынша құрастыру:

1. Амазонка өзен жүйесінің ерекшеліктері (бастауы, құяр сағасы, Амазонка бойындағы жер бедері);

2. Амазонканың құрылымы, ірі салалары;

3. Амазонка өзенінің су алабының жоғарғы, орта және төменгі ағыстардағы ерекшеліктері.

6.Амазонка өзенінің су балансы Нил, Нигер, Конго өзендерінің су баланстарымен салыстыру. Ол үшін кестені пайдалану.

6-кесте

Амазонка және Африканың ірі өзендерінің су балансы

Өзен

Бақылау пункті

Жауын-шашын, мм

Булану, мм

Анонс, мм

Ағыс коэф-фициенті %

1

2

3

4

5

6

Амазонка

Манаус

1422

787

635

45

Амазонка

Обидус

1575

1041

534

34

Амазонка

Сағасы

1626

1143

483

30

1

2

3

4

5

6

Нил

Сағасы

820

792

28

3

Нигер

Сағасы

1250

1048

202

16

Конго

Сағасына таяу

1510

1163

347

23

20-тақырып. Оңтүстік Американың физикалық-географиялық аудандастырылуы

Сабақтың мақсаты: Оңтүстік Американың физикалық-географиялық аудандастыру схемасын оқып-үйрену. Жеке физикалық географиялық аудандарға сипаттама беру.

Қолданылатын құралдар:

  1. Географиялық атлас (орта мектап мұғалімдеріне арналған). – М.: ГУГК, 1980-1986.

  2. Дүние жүзінің физикалық-географиялық атласы. - М.: ГУГК, 1964.

  3. Лукашева Е.Н. Южная Америка. – М. Учпедгиз, 1958.

  4. Дорст Ж.Южная и Центральная Америка. – М.: Прогресс, 1972.

1-тапсырма. Дүние жүзінің физикалық-географиялық атласын пайдаланып, контур картаға Оңтүстік Американың жеке субконтиненттері мен физикалық географиялық аудандарының шекарасын түсіру. Олардың ішіне тиісті түстермен физикалық-географиялық формулаларын жазу. Олардың мазмұнын шартты белгілерде көрсету: субконтинет пен физикалық-географиялық ауданның аты, физикалық-географиялық формуласы, негізгі табиғи ерекшеліктері, морфоструктуралары мен морфомүсіндердің басым түрлері; климат; өсімдіктер жамылғысы мен топырағы; табиғи ресурстары; жерді пайдалану түрлері, территорияның мемлекеттік (саяси) картасы;

  1. Физикалық-географиялық субконтиненттері:

а) Батыс Анды: б) Андысыз шығыс:

Батыс Андының құрамына төмендегі аудандар кіреді.

Солтүстік-Батыс Анды; Орталық Анды, Экваторлық Анды, Чили-Аргентина Андысы, Патагония Андысы.

Андысы шығыс: Бразилия таулы қыраты, Гвиан таулы қыраты, Ориноко ойпаты, Ішкі жазықтары, Амозония ойпаты.

Аталған физикалық-географиялық аудандар бойынша қималар салуға болады.

АВСТРАЛИЯ

Қысқаша мәліметтер

Австралия (лат.australius-оңтүстік)-жер шарындағы ең кіші материк. Жер көлемі 7,6 млн.кв.км, халқының саны 17 млн. жуық. Басқа құрылық бөліктерінен өте алыс орналасуына байланысты өсімдік, жануарлар дүниесінде өте көп ерекшеліктер бар. Эквалиптердің ғана жүздеген түрі кездеседі,бұл материкте ехидна, үйректұмсық, кенгуру, қалталы ою-коала т.б. эндемиктік жануарлар мекендейді. Сондықтан Австралияны материк-қорық деп те атайды.

21-тақырып. Австралияның климаты және биогеографиялық ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: Оңтүстік жарты шардың тропиктік белдеулеріндегі климат қалыптасуының заңдылықтарын анықтау. Биогеографиялық элеметтеріне сипаттама беру.

Қолданылатын құралдар:

  1. Географиялық атлас (орта мектеп мұғалімдеріне арналған). - М.: ГУГК, 1980-1986.

  2. Кист А. Австралия и острова тихого океана. – М.: Прогресс, 1980.

  3. Хромов С.П. Метеорология факультетов. - М., Гидрометоиздат, 1983.

  4. Воронов А.Г. Дроздов Н.Н., Мясо Е.Г. Биогеография мира. – М.: Высшая школа, 1985.

  5. Лебедев А.Н., Ходанова В.П. и др. Климаты Австралии. – Л, 1917.

  6. Мухин Г.М.Австралия и Океания. – М., 1967.

1-тапсырма. 1. Картографиялық құралдарды пайдаланып, Австралия материгінің климаттық жағдайларына талдау жасау. (термика, жауын-шашын, булану, радиациялық баланс т.б.)

2. Климаттың континенталдық типі мен құрғақ ландшафт түрлерінің басым болу себебін түсіндіру.

3. Географиялық атластағы «Өсімдіктер картасы» бойынша Австралиядағы негізгі өсімдіктер түрлерінің таралуын анықтау.

4. Өсімдіктер және топырақ картасы бойынша кесте құрастыру:


7-кесте

Табиғат зоналары

Өсімдік формацияларының түрлері

Негізгі өсімдік түрлері

Негізгі топырақ түрлері

Бұл кестеге қосымша ретінде оңтүстік тропик бойымен физикалық-географиялық қима салу және оны талдау.

Бұл қиманы ұсақ масштабты карталардың негізінде салуға болады.

Физикалық-географиялық қиманың негізі – гипсометриялық қима. Бұл қимада: а) төменгі жағында ежелгі Австралия платформасының фундаментін (бояу түсімен), рельефтің морфоқұрылымдық түрлерін (штрих сызықтармен); б) жоғарыда - өсімдік пен топырақ түрлерін (түсті сызықтармен), климат көрсеткіштерін (цифрлармен); табиғат зоналларының шекараларын түсіру керек.

Қимаға талдау жасау.

2-тапсырма. Австралияның жануарлар дүниесі. 1. Контур картаға Австралияныңзоогеографиялық аудандастыру схемасын түсіру. Ең алдымен, Австралия зоогеографиялық облысының шекарасын түсіру. Содан соң бұл зоогеографиялық облыстың құрамындағы аудандарды бөлу.

  1. Австралия.

  2. Жаңа Зеландия.

  3. Папуас

  4. Гавай аралдары

  5. Полинезия аралдары

2. Аталған зоогеографиялық аудандардағы эндемиктік жануарлар мен құстардың, бауырымен жорғалаушылардың тізімін жасау.

3. Әрбір зоогеографиялық аудандарды картадан көрсете білу және оларға қысқаша сипаттама беру.

АНТАРКТИДА

Қысқаша мәліметтер

Материк толығымен дерлк Оңтүстік поляр шеңберінің ішінде орналасқан. Жер көлемі 14 млн км2. Орташа биіктігі бойынша материктердің ішінде 1-ші орын алады (2000 м).

Антарктиданың мұз қабатында жер бетіндегі тұщы су көлемінің 90% жинақталған.

Бұл материктің климаты өте қатаң, жер бетіндегі ең төменгі температура тіркелген (-89,2сС) (Восток станциясы).

Антарктида тұрақты тұрғын халықтар жоқ. Халықаралық келісімге байланысты материк территориясы тек бейбіт ғылыми зерттеу мақсаттарына қолданылады.

22-тақырып. Антарктиданың табиғаты

Сабақтың мақсаты: Картографиялық материалдар мен Антарктида материгі бойынша географиялық әдебиеттерді пайдалана отырып, материктің табиғатына, зерттелуіне сипаттама беру.

Қолданылатын құралдар:

  1. Географиялық атлас (орта мектеп мұғалімдеріне арналған). – М.: ГУГК, 1980-1986.

  2. Марков К.К. и др. География Антарктиды. – М., 1968.

  3. Трешников Ф.Ф. История открытия и исследования Антрактиды. – Л., 1980.

  4. Слевич С.Б. Антрактида в современном мире. – М.: Мысль, 1985.

  5. Дубровин Л.И. Берега ледяного континента. – М.: Знание, 1974.

1-тапсырма. Антарктиданың географиялық жағдайының, өлшемдері мен сырт бейнесінің сипаттамасын беру.

  1. Антарктиданың географиялық номенклатурасын оқып-үйрену.

  2. Антарктиданың контур картасына Д.Куктың (1772-1775 жж.), Ф.Ф. Беллинсгаузен мен М.П. Лазаревтің (1819-1821 жж.), Р.Скотт пен Р.Амундсеннің, Э.Шеклтонның, Д.Моусонның саяхаттарының маршруттарын түсіру. Контур-картаға сонымен бірге қазір жұмыс істеп тұрған ғылыми станцияларды түсіру.

  3. Антарктиданың жағалау сызығын көрсететін секторлық диаграмма сызу оған төмендегі кестедегі мәліметтерді пайдалану:

  4. Қажетті әдебиеттерді пайдаланып, Антарктиданың өсімдік және жануарлар дүниесіне сипаттама беру.

8-кесте

Жағалау түрлері

Жағалау сызығының ұзыдығы, км

Жалпы жағалау ұзындығынан пайызбен алғанда, %

Шығыңқы мұздықтар

Шельфтік мұздықтар

Материктік мұз тосқауылы

Ашық жартасты жағалау

2860

13660

11090

2420

9,5

45,5

37,0

8,0

2-тақырып. Антарктида мен Антарктика табиғаты

Сабақтың мақсаты: Антарктида мен Антарктика табиғатын қазіргі зертттеу материалдарына сүйене отырып, оқып-үйрену.

Қолданылатын құралдар:

1. Антарктиданың физикалық қабырға картасы.

  1. Симонов И.М. Оазисы Восточной Антарктиды. – М., Гидрометеоиздат, 1971.

  2. Слевич С.Б. Антарктида в современном мире, М., 1985.

  3. Марков К.К., Бардин В.И., Лебедев В.Л. География Антарктиды. – Л., 1968.

Сабақты семинар түрінде жүргізуге болады.

Семинардың жоспары:

  1. Антарктика,Субантарктика және Антарктида түсініктері. Олардың шекаралары

  2. Оңтүстік мұхитты бөлу мәселесі туралы. Оның су бөліктерінің жылулық және динамикалық режимі.

  3. Антарктика материгінің өлшемдері мен шекаралары. Геологиялық құрылымы.

  4. Материктің мұз астындағы жер бедері. Мұз қабаты.

  5. Антарктиданың климаттық аудандастырылуы.

  6. Антарктиданың қазіргі мұз басуы, оның атмосферамен, дүниежүзілік мұхитпен байланысы.

  7. Антарктиданың органикалықдүниесі, оазистері.

  8. Материкті зерттеудегі халықаралық келісімнің нәтижелері.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ

Қысқаша мәліметтер

«Дүниежүзілік мұхит» терминін алғаш ғылымға енгізген Ю.М. Шокальский (1917).
1   2   3

Похожие:

Власова Т. В., Велеско М. В. Практикум по физической географии материков iconБилеты экзаменов по географии за курс основной школы
Предлагаемые Вашему вниманию билеты для устного экзамена по географии за курс основной школы включают в себя вопросы и задания по...

Власова Т. В., Велеско М. В. Практикум по физической географии материков iconПрограмма вступительного экзамена по специальности “6N0609 География” По физической географии
Основные критерии для типологии стран. Экономико-географическая характеристика стран Восточной Европы

Власова Т. В., Велеско М. В. Практикум по физической географии материков iconКафедра физической географии мира и образовательных технологий паспорт учебной дисциплины «биогеоценология» Специальная дисциплина для студентов специальности «География»
Особое внимание уделяется изучению устойчивости биогеоценозов и ее регуляторных механизмов

Власова Т. В., Велеско М. В. Практикум по физической географии материков iconНанесение маршрутов путешествий Магеллана и Колумба, названий материков и океанов. Тема: Эпоха великих географических открытий
Урок Практическая работа Нанесение маршрутов путешествий Магеллана и Колумба, названий материков и океанов

Власова Т. В., Велеско М. В. Практикум по физической географии материков iconПояснительная записка Муниципальный этап олимпиады по географии для учащихся 7 го класса проводится в один тур, включающий два раунда тестовый и аналитический
Целью тестового раунда является проверка знаний географической номенклатуры, основных понятий, терминов, определений, изучаемых в...

Власова Т. В., Велеско М. В. Практикум по физической географии материков iconСпецкурс для студентов бакалавриата 1-ого курса Объем учебной нагрузки: 30 часов лекции, 6 часов семинары
Цель лекционного курса – изучение физической, исторической, социальной, культурной, политической и экономической географии Германии...

Власова Т. В., Велеско М. В. Практикум по физической географии материков iconПрограмма курсов по выбору предпрофильной подготовки для учащихся 9 классов «экологический практикум школьника»
Практикум обладает значительным потенциалом для социализации школьников, развития их самостоятельности, становлению гражданской ответственности...

Власова Т. В., Велеско М. В. Практикум по физической географии материков iconПрактикум по истории Отечества
Практикум по истории Отечества/Под ред. Е. М. Харитонова/ Сост. О. И. Кожура, В. А. Симоненко, С. В. Хоружая. – Краснодар: кгау,...

Власова Т. В., Велеско М. В. Практикум по физической географии материков iconНаучного интереса: «Проблемы социально-экономического развития России и государств СНГ в период перехода к рынку»
Большакова Нина Матвеевна – доцент кафедры экономической географии кгпу, зам декана по учебной работе факультета географии

Власова Т. В., Велеско М. В. Практикум по физической географии материков iconФундаментальные проблемы общей теории физической культуры
Теория и методика физического воспитания, спортивной тренировки, оздоровительной и адаптивной физической культуры

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница