5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу




Название5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу
страница1/6
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.73 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kmg.kz/upload/company/np_akty_rk/kz/Tekhnikalyk_retteu_turaly_KR_zany.doc
  1   2   3   4   5   6
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 27.07.2012 17:27:36


Техникалық реттеу туралы
2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1- 16 баптар)

2-тарау. Техникалық регламенттер

(17-19 баптар) 

3-тарау. Стандарттау. Жалпы ережелер

(20- 25 баптар)

4-тарау. Сәйкестікті растау

(26- 34 баптар)

5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу

(35- 36 баптар)

6-тарау. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау

(37-43 баптар)

7-тарау. Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жауаптылығы

(44- 45 баптар)

8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

(46- 47 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «мен қадағалау», «мен қадағалауды» деген сөздер алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми танитын рәсім;

2) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын, ресми танылған сәйкестікті бағалау объектілері;

5) аудит (сәйкестікті растау саласындағы) - сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін жүйелі, тәуелсіз құжатталған талдау, сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің, сапа менеджменті жүйелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;

2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарт - белгіленген және арнайы пайдалану мақсатында әскери мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін, мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектеулі мәліметтерден тұратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бекітілген нормативтік-техникалық құжат.

6) беруші - өнім беретін, қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

7) дайындаушы (орындаушы) - өнімді кейіннен иеліктен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін, сондай-ақ өтеулі және (немесе) өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар;

8) инспекциялық бақылау - сертификатталған өнімнің, процестің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асыратын тексеруі;

9) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары;

11) қауіп-қатер - зардаптарының ауырлық деңгейі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтіру ықтималдығы;

12) мемлекеттік стандарт - уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді стандарт;

13) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың жиынтығы;

14) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі - техникалық регламенттерді, стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты;

15) мүдделі тараптар - қызметі техникалық регламенттерді әзірлеумен тікелей байланысты жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтары, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;

16) міндетті сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі органдардың қатысуымен өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау нысаны;

17) негізге алынатын стандарт - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарт;

18) өнім - процестің немесе қызметтің нәтижесі;

19) өнімді, көрсетілетін қызметті бірдейлендіру - белгілі бір өнімді, көрсетілетін қызметті ерекшелейтін белгілері бойынша біржақты тануды қамтамасыз ететін рәсім;

20) өнімнің және процестердің қауіпсіздігі (бұдан әрі - қауіпсіздік) - қауіпті фактордың іске асу ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейінің ұштасуын ескере отырып, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін қауіп-қатердің болмауы;

21) өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері;

22) өңірлік стандарт - стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;

23) өтінім беруші - сәйкестігін растау үшін өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестікті растау саласында) өтінім берген заңды тұлғалар;

24) процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;

25) сәйкестік белгісі - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі;

26) сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат;

27) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

28) сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

29) сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;

30) сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;

31) сәйкестікті растау - нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;

32) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

33) сәйкестікті растау нысаны - нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы;

34) сәйкестікті растау саласындағы құжат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация;

35) сәйкестікті растау схемасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері;

36) сәйкестікті растау, тауар шығарылатын мемлекетті анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман;

37) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім;

38) стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат;

39) стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;

40) стандарттау жөніндегі нормативтік құжат - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат;

41) стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым - географиялық немесе экономикалық бір ғана өңірдің стандарттау жөніндегі тиісті органдары қызметіне қатысу үшін ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым;

42) стандарттау жөніндегі техникалық комитет - бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзірлеу және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңесші орган;

43) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрі - зертхана) -зерттеулерді, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;

44) техникалық кедергі - техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан туындайтын кедергі;

45) техникалық регламент - өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт;

46) техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу;

47) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры мемлекеттік органдардың техникалық регламенттерінің, стандарттарының және өз құзыреттері шегінде қалыптастыратын өзге де құжаттарының мамандандырылған қорларының жиынтығы;

48) техникалық сарапшы - сәйкестігі расталатын объектіге қатысты арнаулы білімі немесе тәжірибесі бар жеке тұлға;

49) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші - техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің жіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат;

50) уәкілетті орган - техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

51) ұлттық стандарт - шет мемлекеттің стандарттау жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;

52) ұйым стандарты - ұйым бекіткен стандарт;

53) үйлестірілген стандарт - техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт;

54) халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу iconПеречень принятых ст рк
Сәйкестікті бағалау. Минералдық тыңайтқыштарды енгізуге арналған машиналардың сәйкестігін растау жөніндегі нұсқау
5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу icon«сертификаттау» Сертификаттаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары
Сәйкестік шкаласы. Өндірушінің және тұтынушының тәуекелдері. Сертификаттауды дамытудың жағдайы және негізгі даму бағыттары: Сәйкестікті...
5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу iconТұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау
Асына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін...
5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу icon«Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызметтер
Валюталық операция және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау жөніндегі мемлекеттік қызметтерді (бұдан әрі – мемлекеттік...
5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу iconБухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру
«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»
5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу icon«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Республикасының Үкіметі айқындайтын және аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға
5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу iconЖүк көтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі
Осы Талаптар жүк көтергіш машиналар мен тетіктерді, жүк қармауыш органдарды, құралдар мен ыдыстарды жобалауға, құруға, дайындауға,...
5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу iconКіріспе 1 тарау. Нарықтық экономикадағы маркетингтің мәні және негізгі концепциялары
Рахат” АҚ өндірістік маркетингтік іс әрекеттерін дамыту жөніндегі ұсыныстар мен нұысқалар
5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу icon«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница