Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі




Скачать 445.87 Kb.
НазваниеБюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі
страница1/4
Дата конвертации06.02.2016
Размер445.87 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.yesevi.edu.kz/last/dis_sov_ru/ekonomika/avtoreferat/Shadieva.rtf
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің    
2008 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 644 бұйрығымен бекітілген  


 Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі

1-тарау. Жалпы ереже

1. Осы Ереже бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептіліктің нысандарын, кезеңділігін, мерзімін, жасалу мен беру тәртібін анықтайды, олар мынадай:

республикалық, тиісті мемлекеттік бюджеттердің, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттердің атқарылуы туралы (бұдан әрі – бюджеттің атқарылуы туралы есеп);

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы;

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша мемлекеттік мекемелердің туарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түскен түсімдері мен ақша шығыстары жоспарларының атқарылуы туралы;

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен түсімдер және ақшаны жұмсау туралы;

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегі туралы;

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің дебиторлық берешегі туралы есеп түрлерін қамтиды.

2. Мың теңгеде жүзеге асырылатын есептерді қалыптастыру. Есеп көрсеткiштерiнiң бөлшек бөлiгi нақты бiрден онға дейiнгi белгiмен көрсетiледi және бүтiн бөлiгiнен үтiрмен бөлiнедi.


2-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және беру тәртібі


1. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру


3. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жасайды.

4. Бюджеттің атқарылуы туралы есеп кассалық негізде жүзеге асырылатын есепті кезең үшін тиісті бюджеттің түсімдері мен шығыстары бойынша барлық операцияларды көрсетеді.

5. Бюджеттің атқарылуы туралы есеп Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде анықталған бюджет құрылымы, бюджет түсiмдерi сыныптамасының, Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджет шығыстарының функционалдық, экономикалық сыныптамасының кодтары бойынша қалыптастырылады және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне сәйкес жасалады.

6. Мерзімділігі бойынша бюджеттің атқарылуы туралы есеп ай сайын және жыл қорытындысы бойынша жасалады. Бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп былайша қалыптасады.

7. Бюджеттің түсімдерін қамтитын бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімдері бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, ішкі сыныптары және ерекшеліктері бойынша деректерді қамтиды.

8. Бюджет шығыстарын қамтитын бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімдері функционалдық топтар, функционалдық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджет шығыстары сыныптамасының бюджеттік бағдарламалары бойынша деректерді қамтиды.

Бюджеттің шығыстарын қамтитын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімдері функционалдық топтар, функционалдық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар, бюджет шығыстары сыныптамасының кіші бағдарламалары бойынша деректерді қамтиды.

9. Бюджеттің атқарылуы туралы есеп түсімдердің бөлімі, кіші бөлімі, санаты, сыныбы және ішкі сыныбы бойынша, бюджет шығыстарының бөлімі, кіші бөлімі, функционалдық тобы, функционалдық кіші тобы, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі, бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама бойынша аралық қорытындыларды қамтиды.


2. Бюджеттің атқарылуы туралы есептің құрылымы


10. Бюджеттің атқарылуы туралы есеп өзіне мынадай бөлімдерді (кіші бөлімдерді) қамтиды:

1) кiрiстер (I):

салық түсiмдерi;

салықтан тыс түсiмдер;

негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;

трансферттердiң түсiмдерi;

2) шығындар (II);

3) таза бюджеттiк кредит беру (IІІ):

бюджеттiк кредиттер;

бюджеттiк кредиттердi өтеу;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо (ІV):

қаржылық активтер сатып алу;

мемлекеттiң қаржылық активтерiн сатудан түскен түсiм;

5) бюджеттiң тапшылығы (профицитi) (V);

6) бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану) (VI):

қарыздардың түсiмi;

қарыздарды өтеу;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары;

7) «Бюджет қаражаттарының қалдықтары» анықтамалық бөлiмi:

қаржы жылының басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары;

есептi кезеңнiң соңындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары.

11. I «Кiрiстер» бөлiмi бюджетке түсетiн түсiмдердi көрсетедi және бюджетке түсетiн түсiмдер сыныптамасының бастапқы төрт санаты бойынша бюджетке түсетiн түсiмдердi қамтитын мынадай төрт кiшi бөлiмдерден тұрады: «Салық түсiмдерi», «Салықтан тыс түсiмдер», «Негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер», «Трансферттер түсiмдерi».

12. II «Шығындар» бөлiмi қайтарымсыз негiзде жүзеге асырылатын бюджеттен төлемдердi көрсететiн шығыстардың фукнционалдық сыныптамасының 1-15 функционалдық топтарынан тұрады.

13. III «Таза бюджеттiк кредит беру» бөлiмi қайтарымды негiзде жүзеге асырылатын бюджеттен төлемдер және бұрын берiлген кредиттер бойынша борышты өтеу есебiнен бюджетке түсетiн түсiмдер тиiсiнше көрсетiлетiн «Бюджеттiк кредиттер» және «Бюджеттiк кредиттердi өтеу» кiшi бөлiмдерi арасындағы айырманы көрсетедi.

Таза бюджеттік кредит беру К = (bk - pk) формуласы бойынша анықталады мұнда

К - таза бюджеттік кредит беру;

bk - бюджеттік кредиттер;

pk - бюджеттік кредиттерді өтеу.

14. ІV «Қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо» бөлiмi қаржылық активтердi сатып алуға шығыстар және мемлекеттiң қаржылық активтерiн сатудан бюджетке түскен түсiмдер тиiсiнше көрсетiлетiн «Қаржылық активтердi сатып алу» және «Мемлекеттiң қаржылық активтерiн сатудан түскен түсiм» кiшi бөлiмдерi арасындағы айырманы көрсетедi.

Қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо
S = (nf - pf) формуласы бойынша айқындалады, мұндағы

S - қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо;

nf - қаржы активтерін сатып алу;

pf - қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер.

15. V «Бюджеттiң тапшылығы (профицитi)» бөлiмi кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредит беру және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең бюджеттiң тапшылығын (профицитiн) көрсетедi.

Бюджеттің тапшылығы (профициті) Db(Pb) = D-Z-К-S формуласы бойынша анықталады, мұнда

Db – бюджеттің тапшылығы;

Pb – бюджеттің профициті;

D - кірістер;

Z - шығындар;

К – таза бюджеттік кредит беру;

S – қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо.

Теріс белгісі бар алынған көлем тапшылық, оң бөлгісі бар – бюджеттің профициті болып табылады.

16. VI «Бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)» бөлiмi «Қарыздардың түсiмi», «Қарыздарды өтеу», «Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары» кiшi бөлiмдерiнен тұрады және қарызға алу мен бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары есебiнен бюджеттiң тапшылығын жабуды қамтамасыз етудi немесе қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге бюджет профицитiн, қарыз қаражаттарын, бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтарын жұмсауды көрсетедi.

Тапшылықты қаржыландыру (профицитті пайдалану) мынадай формулалар бойынша анықталады:

Fd (Fp) = N + O – R, мұнда

Fd – бюджеттің тапшылығын қаржыландыру көлемі. Оң белгісі бар бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оның тапшылығының көлеміне сәйкес келеді;

Fp – бюджеттің профицитін қаржыландыру көлемі. теріс белгісі бар бюджет профицитін қаржыландыру мәні оның профицитінің көлеміне сәйкес келеді;

N – алынған қарыздардың сомасы;

O – бюджет қаражатының пайдаланылған қалдықтарының сомасы;

R – қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасы.

17. Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын сомасы O= R- Db (Pb,)-N формуласы бойынша анықталады, мұнда

R, Db, Pb, N осы Ереженің 15, 16-тармақтары формулаларының құрауыштарына сәйкес келеді.

Тапшылықты жабуға (профицитті пайдалануға) пайдаланылатын бюджет қаражаты қалдықтарының сомасы оң белгімен, ал пайдаланылмайтын – теріс белгімен ескеріледі.

18. Кезеңнің соңына бюджет қаражатының қалдықтары есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша пайдаланылмаған қалдық қаражат болып табылады.

19. Бюджет қаражатының еркін қалдықтары – ол:

1) алынған қарыздар бойынша негізгі борышқа қызмет көрсетуге және өтеуге;

2) өткен қаржы жылының тіркелген міндеттерінің өтелмеген бөлігінің сомасына ағымдағы қаржы жылы олар пайдаланбаған дамытуға нысаналы трансферттер қалдығын төмен тұрған бюджетке аударуға;

3) ағымдағы қаржы жылының жоғары тұрған бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын шығыстарын олардың ағымдағы қаржы жылының басында пайдаланылмаған қалдықтарының сомасына қаржыландыруға;

4) іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламалары және дайындау және беру мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтерді және басқа да тауарларды, көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша өткен қаржы жылының тіркелген міндеттемелерінің төленбеген бөлігін қаржыландыруға бөлгеннен кейін қалған жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары.

20. Қаржы жылының басына бюджет қаражаттарының қалдық сомасы есепке қолмен енгiзiледi, ағымдағы қаржы жылының басынан бастап және соңына дейiн өзгерiссiз қалады және ол есептiң анықтамалық бөлiмiнде «Есепті қаржы жылына арналған бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет», «Төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары», «Бюджет түсімдерінің атқарылуы және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер» бағандарында көрсетiледi.

21. Қаржы жылының басында қалдық сомасы бар «Бюджет қаражатының пайдаланылған қалдық сомасы» жолы бойынша есепте көрсетiлетiн сома анықтамалық бөлiмде көрсетiлген есептi кезеңнiң соңындағы жағдай бойынша бюджет қаражаттары қалдықтарының сомасын құрауы қажет. Егер бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтарының сомасында терiс белгi болса, онда оның абсолюттiк шамасы қаржы жылының басына қалдық сомасымен жинақталады, егер оң белгi болса, онда ол қаржы жылының басына қалдық сомасынан алынады.

Есепте «Бюджет қаражатының пайдаланылған қалдықтары» жолында көрсетілген сома «Қаржы жылының басына бюджет қаражатының қалдықтары» жолы бойынша «Бюджет қаражатының қалдықтары» анықтамалық бөлімінде көрсетілген сомадан аспауы тиіс.

22. Есепті кезеңнің соңына бюджет қаражатының қалдықтары мынадай түрде анықталады: Ок = Он – O, мұнда

 Ок - есептi кезеңнiң соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары;

 Он - қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары;

 O - бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

23. «Бюджет қаражатының қалдықтары» анықтамалық бөлімі қаржы жылының басына және есепті кезеңнің соңына бюджет қаражатының қалдықтарын көрсетеді.


3. Бюджеттің атқарылуы туралы есептерді толтыру тәртібі


 24. Бюджеттiң атқарылуы туралы есептер: республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астаналар, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) - барлық алынған, оның ішінде басқа деңгейдегі бюджеттерден түскен түсімдерді және барлық жүргізілген шығыстарды, оның iшiнде жоғары тұрған бюджеттен түскен түсiмдер және басқа да деңгейдегі бюджеттерге берiлген трансферттер есебiнен шығыстарды қамтиды.

25. Төмен тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган жоғары тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынған жергiлiктi бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп осы Ереженің
1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

Жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепте:

1-бағанда мыналардың кодтары толтырылады:

бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы - санаты, сыныбы, iшкi сыныбы, ерекшелiгi;

бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасы - функционалдық тобы, функционалдық кіші тобы, бюджет бағдарламасының әкiмшiсi, бюджет бағдарламасы, кiшi бағдарламасы, ерекшелiгi;

2-бағанда түсiмдер сыныптамасы, бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасы көрсеткiштерiнiң атауы көрсетiледi;

3-бағанда мәслихат бекiткен есептi қаржы жылына бюджет сомасы көрсетiледi;

4-бағанда оның орындалу барысында мәслихат қабылдаған өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып, есептi қаржы жылына нақтыланған бюджеттiң сомасы көрсетiледi;

5-бағанда есептi қаржы жылына түзетiлген бюджеттiң - мәслихатта нақтыланбаған жергiлiктi атқарушы органдар енгiзген өзгерiстер мен толықтырулар ескерiлген бекiтiлген немесе нақтыланған бюджеттiң сомасы көрсетiледi;

6 және 7-бағандарда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен есептi кезеңге түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының және мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасы көрсетiледi. Түсiмдер бойынша 6-баған, шығыстар бойынша - 6 және 7-бағандар толтырылады, бұл ретте 6-бағанда бюджеттiк кiшi бағдарламалардың деңгейiне дейiн (қоса алғанда) төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасы көрсетiледi;

8-бағанда қабылданған міндеттемелер бойынша сомалар көрсетіледі;

9-бағанда төленбеген міндеттемелердің сомасы көрсетіледі;

10-бағанда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен есептi кезеңде  бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер сомасы көрсетiледi;

11-бағанда есептi кезеңге бюджеттiң түсiмдерi мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына есептi кезеңде бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер сомасының пайыздық қатынасы көрсетiледi.

12-бағанда есептi қаржы жылында атқарылған (бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген) бюджеттiң сомасына есептi кезеңде бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер сомасының пайыздық қатынасы көрсетiледi.

26. Республикалық бюджеттiң түсімдері мен шығыстары туралы деректерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті шегінде есептi мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ведомство (бұдан әрі – ведомство) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды.

Республикалық бюджеттiң ай ішіндегі түсімдері мен шығыстары туралы деректерде:

1-бағанда мыналардың кодтары толтырылады:

бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы - санаты, сыныбы, iшкi сыныбы, ерекшелiгi;

бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамалары - функционалдық тобы, функционалдық кiшi тобы, бюджеттік бағдарлама әкімшісі, бюджет бағдарламасы, кiшi бағдарламасы, ерекшелiгi;

2-бағанда түсiмдер сыныптамасы мен бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамалары көрсеткiштерiнiң атауы көрсетiледi;

3-бағанда Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен есептi қаржы жылына арналған бюджеттiң сомасы көрсетiледi;

4-бағанда оның орындалу барысында Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдаған өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып, есептi қаржы жылына нақтыланған бюджеттiң сомасы көрсетiледi;

5-бағанда есептi қаржы жылына түзетiлген бюджеттiң - Қазақстан Республикасының Парламентiнде нақтыланбаған Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзген өзгерiстер мен толықтырулар ескерiлген бекiтiлген немесе нақтыланған бюджеттiң сомасы көрсетiледi;

6 және 7-бағандарда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен есептi кезеңге түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының және мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасы көрсетiледi. Түсiмдер бойынша 6-баған, шығыстар бойынша - 6 және 7-бағандар толтырылады, бұл ретте 6-бағанда бюджеттiк кiшi бағдарламалардың деңгейiне дейiн (қоса алғанда) төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасы көрсетiледi;

8-бағанда қабылданған міндеттемелердің сомасы көрсетiледi;

9-бағанда төленбеген міндеттемелердің сомасы көрсетіледі;

10-бағанда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен есептi кезеңде бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер сомасы көрсетiледi.

27. Шоғырландырылған бюджет – өзара өтелетiн операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың бюджетін, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді бiрiктiретiн мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры.

Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп осы Ережелердің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепте:

1-бағанда мыналардың кодтары толтырылады:

бюджет түсімдерінің сыныптамасы - санаты;

шығыстардың функционалдық сыныптамасы - функционалдық тобы;

2-бағанда бюджет түсімдерінің сыныптамасы, шығыстарының функционалдық сыныптамасы көрсеткіштерінің атауы көрсетіледі;

3-бағанда есепті қаржы жылына арналған бекітілген (түзетілген) сомасы көрсетіледі;

4-бағанда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен есептi кезеңде  бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер сомасы көрсетiледi;

5-бағанда есептi қаржы жылында атқарылған (бекiтiлген, түзетiлген) бюджеттiң сомасына есептi кезеңде бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер сомасының пайыздық қатынасы көрсетiледi.

  1   2   3   4

Похожие:

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылдың шілде айында тіркелген нормативтік құқықтық актілер тізімі
«Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі iconМемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесіне

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі icon«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі туралы
Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджеттік және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық...
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі iconАзаматтық бюджетті жасау әдістемесі
Азаматтық бюджет – бұл тиісті (республикалық немесе жергілікті) деңгейдегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілі бір сапа стандарттарына...
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі iconПӘ 2012 жылғы жоспарының іс-шарасы және мемлекеттік органдардың 2012 жылғы қызметінің тиімділігін бағалау қорытындылары бойынша Сараптама комиссиясының және уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынымдары
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің іс-шаралар жоспары
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі icon2013 жылғы 30 қазан №500 Астана қаласы Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған
Азақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118-бабын iске асыру мақсатында бұйырамын
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі iconІске асыру туралы есепті жасау нысаны мен тәртібін қамтитын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары. Бб 064, 065, 068, 069, 071
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі iconТабиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы
«табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган» деген сөздер тиісінше «уәкілетті...
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру...
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі iconБұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік орган) экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқару...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница