Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы




Скачать 363.86 Kb.
НазваниеОқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
страница2/4
рінова Б А
Дата конвертации27.09.2012
Размер363.86 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://lmk.lis-edu.kz/fzone/files/
1   2   3   4

Қашаған Күржіманұлы

«Атамекен», «Есқали сұпыға айтқаны», «Байларға», «Қонақ кәде», «Оразалыға», «Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңдері. Дастандары: «Атамекен», «Адай тегі» (1 сағат)

Қашаған өлеңдеріндегі ізгілік қасиеттердің дәріптелуі, халық мұратының жырлануы және әділетсіздіктің сыналуы.

Қашаған өлеңдеріндеі басты тақырыптың бірі – бұқара өкілдерінің адамгершілігімен жырлау.

Дастандарында халықтың көне тарихымен шежіресін толғауы.

Пәнаралық байланыс. Тарих ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы әлеуметтік жағдай.

Сыныптан тыс оқуға: «Ізім», «Бота» өлеңдері.

Әдебиет теориясы: Толғау туралы ұғымды жалғастыру.


Абай Құнанбаев (10 сағат)

«Жаз», «Күз», «Желсіз түнде жарық ай», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Мәз болады болысың», «Сегіз аяқ», «Ескендір» (дастан) (5 сағат)

Абайдың өмірі, шығармашылық жолы. Ұлы ақын өлеңдерінің құдіреті туралы, Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Ақынның тіл байлығы.

Қара сөздері:бесінші сөз, жетінші сөз, он бірінші сөз, он бесінші сөз, он сегізінші сөз, жиырма бесінші сөз, отыз бірінші өз.

Абай қара сөздерінің көтерген мәселелері, даналық ойлары, насихаттары, пікір жағынан өлеңдерімен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі.

«Ескендір» дастаны. Дастанның тақырыбы, идеялық-көркемдік маңызы.

Әдебиет теориясы: Әдебиеттің халықтығы туралы. Лирика ұғымы.

Пәнаралық байланыс: Музыка. «Абай» операсынан фрагменттер. Бейнелеу өнері. Ә.Қастеев «Жас Абай».

Тарих. ХІХ ғасырдағы Қазақстан.

Орыс әдебиеті. А.С.Пушкин шығармалары.


Шәкәрім Құдайбердіұлы

«Жастарға», «Дүние мен өмір», «Бір Аллаға сыйынған арам өлмес», «Ақындарға», «Кәрілік туралы», «Еңлік – Кебек» дастаны (5 сағат)

Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылық жолы. Түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгеруі, дүние жүзі мәдениетімен таныс болуы. Шәкәрімнің өнер – білім, адамгершілік, болашақ, махабат туралы лирикалық өлеңдері.

Шәкәрім – Абай шәкірті, ұлы ақынның орыс, шығыс поэзиясындағы оған әсері. Ақын шығармасындағы азаматтық әуен. Әлеуметтік өмірдегі кесапат кесірді, кертартпалықты әшкерелеуі, әділдікті, ақиқатты бейбіт тіршілікті жырына арқау етуі. Шынайы адал махаббатты жырлауы. Ақын лирикасындағы нәзік те терең психологизм.

«Еңлік-Кебек» дастаны. Дастанда ақынның демократиялық-гуманистік көзқарасының көрінуі, кейіпкерлер бейнесін даралап берудегі шеберлігі поэма оқиғасының терең драматизмге құрылуы.

Әдебиет теориясы: Дастан туралы ұғым.

Пәнаралық байланыс: Театр. «Еңлік-Кебек» пьесасы.


Шәңгерей Бөкеев

«Бұл дүние пәнилығын етеді екен», «Қайран жерім», «Ғылым», «Қосаяқ», «Құйрық атып күлия», «Қашқын» поэмасы. (2 сағат)

Шәңгерейдің өмірі мен шығармашылық жолы. Оның өз өмірінің әр қилы кезеңдерін бейнелей отырып, замана тынысын, тіршілігін шебер бейнелеп көрсетуі туралы. Ақынның табиғат құбылыстарын көркемдеп сурететуі. Шәңгерейдің аудармашылығы.

Әдебиет теориясы: Кейіптеу ұғымын тереңдету. Аударма шығармалар ұғымы.

Сыныптан тыс оқуға: Шәңгерейдің достық, махаббат жайлы өлеңдері оқушы таңдауына ұсынылады.


Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

«Хал-ахуал», «Ғибратнама», «Шайтанның саудасы», «Сарыарқа кімдікі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашасыз».

Дастандары: «Гүлшат – Шеризат» (2 сағат)

Мәшһүр Жүсіп шығармаларында орын алған білім, жер мәселесі, сөз бостандығы. Халық бостандығы мәселелері.

Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін – дастандар мен хикаялары, тарихи жырларды («Көрұғлы», «Ер Көкше», «Сайын батыр» т.б.) жинап, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөже т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұрасын хатқа түсіріп қалдыруы.

Мәшһүр поэмалары – ертегі, аңыз негізінде жазылған сюжетті, әңгімелі шығармалар.

Әдебиет теориясы: дастан туралы.

Сыныптан тыс оқуға: Айтыстары.


Нарманбет Орманбетұлы

«Көпті көрген көнемен», «Шал қайғысы», «Замана», «Сарыарқа сайран жерім-ай», «Ғылым туралы» (1 сағат)

Өмірі мен шығармашылығы, отарлық езгі, өктемдікке қарсы үн көтерген, ұлттық болмыс, ұлттық тәуелсіздікке үндеген ақын.

Нарманбет өлеңдерінен ұлы Абай рухының айқын аңғарылуы.

Нарманбет мұрасының көп уақыт жабық жатуы.

Сарыарқа – ақын жырларының өзекті пафосы.

Әдебиет теориясы: Әдебиеттің қоғамдық мәні.


Жамбыл Жабаев.

Ақындар шығармашылығына шолу (3 сағат)

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениетіндегі әнші-ақындар шоғыры. Ақындық, әншілік, композиторлық – әрқайсысы жеке-жеке өнер.

Жаяу Мұса Байжанов, Мұхит Мералыұлы, Ақан Қорамсаұлы, Үкілі – Ыбырай Сандыбайұлы, Балуан Шолақ Баймырзаұлы, Әсет Найманбайұлы, Мәди Бапиұлы, Иман Жүсіп, Естай Беркімбайұлы, Сегізсері (Мұхамедханапия) Баһрам Шақшақов, Біржан Қожағұловтар тума талант, табиғи дарын иелері.

Поэзия, музыка тарихында, әншілік-өнер саласында мол мұра қалдырған өнер қайраткерлері.


Біржан сал Қожағұлұлы

«Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Ақтентек», «Сырғақты», «Жанбота», «Көкек» әндері. «Біржан – Сара» айтысы (3 сағат)

Үш жүздің ардақты әншісі Біржан – әнді шығарушы, әрі орындаушылығымен қатар әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын.

Біржан – сол заманның бай, болыс-билеріне бас имеген ақын. Біржан әндерінің белгілі бір жағдайға, тақырыпқа байланысты туатындығы.

Пәнаралық байланыс: Театр «Біржан – Сара» операсы.


Ақан Қорамсаұлы

«Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», «Асыл мен жасық», «Жақсы мен жаман», «Құлагер», «Ләйлім шырақ», «Маңмаңгер», «Сырымбет», «Балқадиша» (3 сағат)

Ақан – қазақтың әнші – ақындар тобының көрнекті өкілі. Ақанның өмірінен мәлімет. Ақан – ақын, әнші, сазгер. Ақанның әлеуметтік өмірге тереңдеуі, заман жайлы толғаулары, жастарды өнерге үндеуі.

«Құлагер» ақын трагедиясы. Ақынның өзіндік сөз саптауы.

Әдебиет теориясы: Махаббат лирикасы туралы ұғымды кеңейту.

Пәнаралық байланыс: тарих: ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның мәдениеті.

Театр. Ғ.Мүсірепов. «Ақан сері – Ақтоқты» Әдебиет С.Жүнісов «Ақан сері» романы.

Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасы.

Сыныптан тыс оқуға: «Қарлығаш», «Ғайни».


Әсет Найманбайұлы

«Қор болмас зерек адам ақылы бар», «Үлкен Ардақ», «Кешубай», «Перизат», «Арғынмын, атым Әсет – арындаған». Дастандары: «Салиха – Сәлмен» (2 сағат)

Әсет – ойға жүйрік, көркем сөзге шебер, тілге бай ақын. Өз тұстастарымен ұқсастығы, айырмашылығы, әкелген жаңалықтары әдеби дамуға ықпалы бар қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге көзқарасы, халықтың ой-сезімін, санасын, тұрмысын бейнелеуінде көрген ақын-әншінің әдебиет тарихындағы орны.

Пәнаралық байланыс: А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары»

Сыныптан тыс оқуға: «Адамның жасы жөнінде», «Тоты»

Әдебиет теориясы: Әдебиеттің тегі мен түрлері

Көркем шығарма. Шығарманың тақырыбы. Идеясы, сюжеті, композициясы, көркем бейнелері. Шығарманың тілі, суреткердің стилі. Аударма әдебиеті ерекшеліктері (2 сағат)


Әдебиет танытушылар (2 сағат)

Әдебиеттанудың сөз өнерін, тарихи – әдеби үрдісті, әдебиет дамуының заңдылықтарын, көркем шығармаларды, жазушылардың шығармашылық ғұмырнамасын зерттейтін ғылым екендігі.

Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық алатын орнын анықтайтын әдбиеттану ғылымының негізгі бір саласы. Сынның әдебиет тарихы және теориясымен байланысы.


10-сынып бағдарламасына енген ақын-жазушылар жайлы сын-зерттеулер:

  1. М.Базарбаев, Ә.Дербісалин. «ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары».

  2. М.Қаратаев. «Эпостан эпопеяға». Алматы, 1969

  3. М.Базарбаев. «Әдебиет және дәуір». Алматы, 1966

  4. Б.Кенжебаев. «ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті». Алматы, 1976

  5. М.Әуезов. «Әр жылдар ойлары». Алматы, 1959

  6. Т.әбдірахманов. «Ағартушы ақындар жайында».

  7. С.Мұқанов. «Жарқын жұлдыздар». Алматы, 1964.

  8. Ә.Дербісалин. «Ы.Алтынсарин жазушылық қызметі туралы». Алматы, 1971

  9. С.Қирабаев. «Өнер өрісі». Алматы, 1995

10. З.Ахметов. « Абайдың ақындық әлемі» Алматы, 1995

11. М.Мырзахметов. « Абай жүрген ізбен» Алматы, 1995

12. А. Нұрқатов. « Абайдың ақындық дәстүрі».

13. Ш. Сәтбаева. « Шәкәрім Құдайбердиев» . Алматы 1990

14. Р. Сыздықова .« Абайдың сөз өрнегі». Алматы, 1992

15. Бес ғасыр жырлайды. ІІ том. Алматы, 1989.

16. Қ. Жұмалиев. « ХVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті». Алматы, 1967. ІІ бөлім.

17. Б.Әбдіғазиев. « Асыл арна». Алматы, 1992

18. С.Мақпыұлы. « Қазына». Алматы, 2004

19. Қ.Раев « Өсиетнаме». Сын-зерттеулер. ІІ кітап. Дулат тағылымы. Алматы: Раритет, 2003


Шығармаларды оқып, талдауға – 58 сағат

Шығармашылық жұмыстар – 6 сағат

Сыныптан тыс оқылған шығармалар жайлы әңгіме – 4 сағат


11-СЫНЫП


ХХ ғасырдың бас кезінде әдебиет.

Жалпы шолу. ( 1 сағат)

ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанның тарихи – әлеуметтік жағдайы

1905-1907ж. Буржуазиялық-демократиялық революцияның, бірінші империялистік соғыстың және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің ел өміріне әсері, әдебиет, мәдениет дамуына ықпалды. Әдеби бағыттар жайлы.


Ахмет Байтұрсынов

«Қырық мысал», «Маса», «Әдебиет танытқыш» ( 3 сағат)

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ әдебиеті, мәдениеті, тарихындағы ірі тұлға, аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы. «Маса»

Жинағындағы өлендердің енжарлыққа қарсы курес ашуға шақырған

Ұран ретіндегі сипаты, ақынның ағартушылық ойлары. Халықтың ой-санасың оятудағы мәні

Аудармалары. «Қырық мысал» .

«Әдебиет танытқыш» - тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы ірі еңбек.


Спандияр Көбеев

«Қалың мал» романы ( 2 сағат)

Спандияр Көбеев қазақ халқының ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХ ғасырдың алғашқы жартысы ішіндегі бүкіл әлеуметтік өмірін көзімен көрген ағартушы, оқытушы, ақын, аудармашы.

Әдебиет теориясы: Роман туралы ұғым.

Қосымша оқуға: « Орындалған арман»


Міржақып Дулатұлы

Өлеңдері: «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян қазақ», «Бақытсыз Жамал» ромманы ( 3 сағат)

Өмірінен мәлімет. « Оян қазақ» жинағындағы өлеңдерде М.Дулатұлы уағыздаған азаттық идеялардың ағартушылық, адамгершілік бағыты.

«Бақытсыз Жамал» романы - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романның бірі. Романда суреттелген әлеуметтік теңсіздік, қазақ әйелдерінің аянышты тағдыры. Жамал бейнесінің релистік сипаты, автордың адм психологиясын беру, композиция құрі шеберлігі .

Әдебиет теориясы: Көркем әдебиет туралы.


Жүсіпбек Аймауытов

«Ақбілек» романы, «Шернияз пьесасы» (3 сағат)

Өмір жолы, шығармашылық мұрасы, қағамдық-әлеуметтік қызметі. Жүсіпбек Аймауытов – дарынды жазушы, драматург, аудармашы, серкесөз шебері, психология және педагогика ғылымдары саласында да осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған іргелі еңбектер қалдырған ірі ғалым, оқулықтар авторы.

«Ақбілік» романы. Романның негізгі тақырыбы – аласапыран жылдардағы қазақ ауылының өмір шындығы. Адамдар тағдырындағы өзгерістерді берудегі жазушының суреткерлік қарымының кеңдігі. Бас кейіпкер Ақбілек күйзелісінің әлеуметтік ұлттық психилогиялық негізі. Романдағы басқа да кейіпкерлер. Жазушының табиғат суреттеуіндегі шеберлік.

Пьесаларына жалпы шолу. «Шернияз» пьесасы. Пьесаның тақырыбы – қазақ жастарының қоғам өміріне араласуы.

Әдебиет теориясы: Роман туралы ұғымды кеңейту.

Қосымша оқуға: «Қартқожа» романы.


Сұлтанмахмұт Торайғыров

«Туған еліме», «Тұрмысқа», «Таныстыру», «Қамар сұлу» романы.

(3 сағат).

Сұлтанмахмұттың өмірі мен ақындық жолы.

Лирикасы. Ақын поэзиясындағы азаматтық сарын, еліне деген сүйіспеншілік, әлеуметтік қайшылықтарды суреттеу. Сұлтанмахмұт өлеңдеріндегі оқу-білім тақырыбы.

«Қамар сұлу» романы. Романдағы әлеуметтік, адамгершілік проблемалары. Ахмет пен Қамар. Сатиралық бейнелер. Романның әдеби-тарихи маңызы.

Әдебиет теориясы: Сыншыл реолизм. Лирикалық кейіпкерлер.


Мағжан Жұмабаев

«Туған жерім Сасықкөл», «Туған жер», «Сен сұлу», «Күміс нұрлы ай», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін», «Сағындым», «Шолпы», «Сырдағы Алашқа» (өлеңдер мұғалімінің не оқушының таңтауында). Поэмалары: «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы». (3 сағат).

Өмірі мен шығармашылық жолы. Мағжан өлеңдеріндегі халықтық рух, азаматтық әуен, ағартушылық-демократиялық сарын. Мағжанның табиғат, махаббат лирикасы. Мағжан лирикасындағы ақынның өз бейнесі.

Әдебиет теорясы: Лирика туралы.


Сәбит Дөнентаев

«Заман кімдікі?», «Бозторғай», «Балалық», «Ой», «Тарих тоңы», «Портфель», «Бір адвокат мінезімен». Прозасы. Фельетондары. (1 сағат).

С.Дөненбаевтың өмірі мен жазушылық қызметін мәліметін (өткен сыныпта оқылған шығармашылығына сүйеніп).

С.Дөнентаев сюжеттік шағын өлеңнің сатираның шебері, журналист.

Әдебиет теориясы: аллегория, сатира туралы ұғымдарды кеңейту.

1916 жылғы көтеріліс туралы өлең-жыр үлгілері. Шолу (1 сағат).

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған әдебиет. Оның әдебиеттік демократтық дәстүрлермен байланысы. Омар Шипин. «Аманкеді батыр» дастаны, Иса Дәукебаев. «Бекболат поэмасы», Б. Берденов. «1916 жыл», Жамбыл Жабаев. «Зілді бұйрық».

Әдебиет теориясы: Әдебиеттің халықтығы туралы.


1930-1960 жылдардағы әдебиет

Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетіне жалпы шолу. (2сағат)

Еліміздің тарихындағы ірі оқиғалар суреті. Әдеби –мәдени дамулар. Өндіріс тақырыбы. Қазақ әдебиеті Ұлы Отан соғысы жылдарында.


Сәкен Сейфуллин

«Жайлауға көшу», «Сыр сандық», «Көкшетау» поэмасы. (3 сағат)

Өмір жолы, шығармашылығы, жеке тұлғасы (шығармасына сүйене отырып). Өлеңдерінің реалисттік сипаты, демократиялық-ағартушылық бағытта,тақырыптық байлығы, суреткерлік шеберлігі. Ақын және төңкерілісі.

«Көкшетау» поэмасының компазитциялық құрылымы. Ертегі, аңыздарда негізделген оқиға тұстары. Тұтқын қыз, Адақ образдары. Поэмадағы Абылайхан. Табиғатты суреттеу. Сұлу мүсіндік бейнелер.

Сәкен- қазақ мәдениеті мен тарихында қайталанбас өзіндік орны бар, азамат, күрескер ақын, бұрмаланған идеологиға негізделген тоторитарлық қоғам құрбаны.

Қосымша оқуға: "Тар жол тайғақ кешу".


Бейімбет Майлин

«Азат әйел», «Көңіл айту» өлеңдері. «Майдан» пьесасы (2 сағат).

Өмірінен мәлімет. Майлин шығармашылығының басты тақырыбы-қарапайым еңбек адамы, қазақтың қалың бұқарасының қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі жаңалықтарға байланысты сана-сезімдегі өзгерістері, рухани ояну, өсуі. Майлин- шағын әңгіме жанрының майталманы.

Роман, хикаяттарына жалпы шолу. Майлин-драматург.

Әдебиет теориясы: Оқиғалар мен кейіпкерлер, көркемдеуші құралдар.

Қосымша оқуға: Әңгімелері (мұғалімнің ұсынуы бойынша).

1   2   3   4

Похожие:

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы iconОқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық гуманитарлық бағыттағы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы iconОқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы iconОқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы iconОқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы iconОқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы iconОқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы iconОқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы iconОқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 2–4 сыныптарына арналған
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы iconДүние жүзі тарихы жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы iconҚҰҚЫҚтану негіздері жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница