«Азаматтық қорғау туралы»




Название«Азаматтық қорғау туралы»
страница1/15
Дата конвертации08.02.2016
Размер1.69 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minjust.kz/sites/default/files/GZ_ot_22.06.2012_kaz.DOC
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


Қазақстан Республикасының Заңы


«Азаматтық қорғау туралы»


Осы заң Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларын жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдың алдын алуға және оның салдарын жоюға, төтенше ахуал аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастыру қағидаттарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервін қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.

Еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік, ғарыш кеңістігін пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік, автомобиль және темір жол бойынша қозғалыс қауіпсіздігі, ішкі су көлігі қозғалысының қауіпсіздігі, энергия және энергия үнемдеу объектілерінің қауіпсіздігі саласындағы, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы әуе көлігінің ұшу қауіпсіздігін құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасымен жүзеге асырылады.


1-бөлім. Жалпы ережелер


1-тарау. Негізгі ережелер


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар


Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі – әкімшілік бірлік аумағында орналастырылған барлық шұғыл жедел қызметтер іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз ететін күштердің, телекоммуникациялық жабдықтардың бағдарламалық және аппараттық құралдары мен көлік құралдарының ұйымдастыру-техникалық бірігуі кіретін уәкілетті орган құрған қызмет;

2) авария – ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтардың және құрылыстардың зақымдануы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауiптi заттардың шығарындысы;

3) авариялық-құтқару жұмыстары – төтенше ахуалдар аймағындағы адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды іздеу және құтқару, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше ахуалдар аймағында және соғыс әрекетін жүргізу кезінде табиғи ортаны қорғау, оларға тән қауіпті факторлардың ықпал етуін оқшаулау және басу немесе олардың әсер ету қаупін мейлінше ең аз деңгейге дейін жеткізу бойынша іс-әрекеттер;

4) авариялық-құтқару құралымы – авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе аттестатталған авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін құрылым;

5) авариялық-құтқару қызметі – негізін авариялық-құтқару құралымдары құрайтын функционалды түрде бірыңғай жүйеге біріктірілген төтенше ахуалдардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;

6) адамдар жаппай жиналатын объект – бір мезгілде жүз және одан да көп адамның келуіне мөлшерленген сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, ғибадат ғимараттарының, көңіл көтеру орындарының, көліктің барлық түрлері вокзалдарының ғимараттары, құрылыстары және үй-жайлары, сондай-ақ бір мезгілде жиырма бес және одан да көп адамның келуіне мөлшерленген денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараттары мен құрылыстары;

7) азайтылмайтын қор – Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары қорының тұрақты сақталатын көлемi;

8) азаматтық қорғаныс – соғыс қақтығыстары кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден халықты және ел аумағын қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрама бөлігі;

9) азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері – басқа әскерлер мен әскери құралымдардың дербес-ұйымдық бірлігі болып табылатын, төтенше ахуалдар және соғыс қақтығыстары кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден халықты және ел аумағын қорғауға арналған мемлекеттік мекемелер;

10) азаматтық қорғаныстың қорғау құрылысы – халықты қазіргі зақым келтіру құралдарынан қорғау үшін арнайы мақсатталған инженерлік құрылыс (жеке тұрған және қоса салынған паналарға, радиацияға қарсы жабындарға бөлінеді).

11) азаматтық қорғау – азаматтық қорғаныс, оның ішінде террористік актілерден туындаған төтенше ахуалдардың алдын алу және олардың салдарын жою іс-шаралары кіретін төтенше ахуалдар аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, халықты, объектілер мен аумақты қорғауды қамтамасыз етуге, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға, сақтауға және пайдалануға бағытталған бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін жалпы мемлекеттік іс-шаралар кешені;

12) азаматтық қорғау күштері – азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, авариялық-құтқару қызметтері және құралымдары, оның ішінде әскерилендірілген тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы және газдан құтқару, суда құтқару, жедел-құтқару, мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері, шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі, азаматтық қорғау құралымдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авиациясы, қадағалау, жағдайды бақылау және болжау қызметтері;

13) азаматтық қорғау құралдары – халықты қорғау үшін және азаматтық қорғау күштерін жарақтандыру үшін қолданылатын материалды-техникалық мүлік;

14) азаматтық қорғау қызметтері – азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауға арналған республикалық, облыстық, аудандық, қалалық басқару органдары және азаматтық қорғау күштері жүйесі;

15) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау –жеке және заңды тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған уәкілетті органның өз құзыреті шегіндегі қызметі;

16) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтық қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

17) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авиациясы – азаматтық қорғау міндеттерін шешу үшін пайдаланылатын әуе-көліктік құралдар;

18) азаматтық қорғау іс-шаралары – төтенше ахуалдар және соғыс қақтығыстары кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден халықты және ел аумағын қорғауға бағытталған инженерлік, радиациялық, химиялық, медициналық, өртке қарсы, көліктік, материалдық, техникалық, гидрометеорологиялық және басқа да қамтамасыз етудің алдын ала және жедел іс-қимылдары;

19) азаматтық қорғаудың басқару органдары – төтенше ахуалдар және соғыс қақтығыстары кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан, бейбіт және соғыс уақытында туындайтын қауіптерден халықты, объектілер мен ел аумағын қорғау жөніндегі іс-шаралар кешеніне басшылықты жүзеге асыратын және оның орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ұйымдары;

20) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі – төтенше ахуалдар және соғыс қақтығыстары кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан соғыс және бейбіт уақытында туындайтын қауіптерден халықты, объектілер мен ел аумағын қорғау бойынша іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;

21) азаматтық қорғаудың хабардар ету жүйесі – адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыру, қалыптасқан жағдайда іс-қимылдар тәртібі туралы мемлекеттік басқару органдары мен халықты ақпараттандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар жиынтығы;

22) аккредиттеу – уәкілетті органның өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелді тәуелсіз бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау бойынша заңды тұлғаның құқықтылығын ресми тануы;

23) аккредиттеу аттестаты – заңды тұлғаның өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелді тәуелсіз бағалауды жүргізу бойынша жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын уәкілетті орган беретін құжат;

24) «Баршаңыздың назарыңызға!» хабардар ету дабылы – дыбыстық және сөз сөйлеу форматында сиреналар мен басқа дабыл құралдарымен берілетін халықты хабардар етудің бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа ақпарат қабылдау құралдарын іске қосуға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті;

25) басқару пункттері – азаматтық қорғауды басқаруды жүзеге асыратын органды орналастыруға және оның жұмысын қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік органдардың техникалық құралдармен, тіршілікті қамтамасыз ету элементтерімен арнайы жабдықталған және жарақталған құрылыстары немесе көлік құралдары;

26) броньнан шығару – материалдық құндылықтарды кейiннен қайта салмай не оларды кәдеге жарату (жою) мақсатында, босқындарға көмек, гуманитарлық көмек көрсету, нарыққа реттеушілік ықпал ету және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше ахуалдардың салдарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектi шараларды қабылдау үшiн материалдық құндылықтарды кейiннен сала отырып, мемлекеттiк резервтен шығару;

27) ерікті өрт сөндіруші – ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркелген өрттің алдын алу және (немесе) оны сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде тікелей қатысатын азамат;

28) жергілікті хабардар ету жүйесі – объектіде және елді мекендері бар немесе осы объект авариясы салдарының ықпалына ұшыраған жекелеген мекендері бар іргелес аумақтарда хабардар етудің автоматтандырылған дабыл беруін қамтамасыз ететін бағдарламалық және аппараттық құралдар, телекоммуникациялық жабдық пен көліктік құралдар кешені;

29) жұмылдыру резервi – жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, гуманитарлық көмек көрсету, бейбiт уақытта табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше ахуалдардың салдарын жою бойынша бiрiншi кезектi шараларды қабылдау үшiн қажеттi және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар қоры, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;

30) залал келтіруші – авариялар себептерін тергеу комиссиясы белгілеген әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан техногендік сипаттағы төтенше ахуал болған немесе заңсыз әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) техногендік сипаттағы төтенше ахуал болған жауапты заңды немесе жеке тұлға;

31) зардап шегуші – табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше ахуалдың туындау нәтижесінде денсаулығына немесе мүлкіне залал келтірілген заңды немесе жеке тұлға.

32) инцидент – қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процестiң режимінен ауытқуы;

33) кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі – қауіпті өндірістік объектілерге тәулік бойы қызмет көрсетуге арналған, дара басшылық қағидатымен әрекет ететін және оны басшылыққа алатын, қауіптілігі жоғары жағдайларда құтқарушылардың денсаулығы мен өміріне төну қаупі бар профилактикалық және авариялық-құтқару жұмыстарын атқаратын қызмет;

34) қауіпті өндірістік фактор – қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, инциденттер кезінде туындайтын жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян келтіретін физикалық құбылыс;

35) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық құрылыстары – тау-кен, байыту, металлургиялық өндірістердің қалдықтары болып табылатын минералдық түзілімдердің, сұйықтықтардың, қоспалар мен ауыр металлдардың жиналуына арналған жасанды технологиялық инженерлік құрылыстар;

36) қоныстану аумағы – тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсіптік объектілерді орналастыруға арналған елді мекен аумағының бөлігі;

37) құтқару – көмек көрсету және төтенше ахуал аймағынан (орнынан) адамдарды эвакуациялау бойынша шаралар жиынтығы немесе төтенше ахуалдар салдарының ықпалынан адамдарды қорғау;

38) құтқарушы – авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен жеке тұлға;

39) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объект иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз қызметі нәтижесінде үшiншi тұлғаға келтiрген залалын өтеу мiндетi;

40) материалдық құндылықтар – номенклатурасын (тiзбесiн және көлемiн) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін уәкiлеттi органның алдына қойылған мiндеттердi қамтамасыз етуге арналған қажетті тауарлар;

41) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке беру – материалдық құндылықтарды сатып алу және (немесе) оларды мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiне тиеп жөнелту (жеткiзу);

42) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке салу – материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервте сақтау үшiн қабылдап алу;

43) материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервтен шығару – материалдық құндылықтарды жаңарту, қарызға беру, броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен алып қою;

44) материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру – материалдық құндылықтарды тиеу мен түсiрудi қоса алғанда, мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтайтын бiр пунктінен басқа пунктке материалдық құндылықтарды тасымалдау;

45) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет – өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдарда, объектілер мен елді мекендерде өртпен байланысты бірінші кезекті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына аттестаттаудан өткен басқару органдары, заңды тұлғалардың күштері мен құралдары;

46) мемлекеттік инспектор – азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға;

47) мемлекеттiк материалдық резерв (бұдан әрi – мемлекеттiк резерв) – жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және олардың салдарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектi шараларды қабылдауға, босқындарға көмек көрсетуге, гуманитарлық көмек көрсетуге және нарыққа реттеушiлік ықпал жасауға арналған материалдық құндылықтар қоры;

48) мемлекеттік өртке қарсы қызмет – өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді ұйымдастыруға, өрттерді сөндірумен байланысты бірінші кезекті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте құрылған облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының басқару органдары, күштерi мен құралдарының жиынтығы;

49) мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы – мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру мен сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

50) мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру – мөлшерi мен сапасы бiрдей, ұқсас материалдық құндылықтарды белгiлi бiр шарттармен мемлекеттiк резервке кейiннен қайтара отырып, материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығару;

51) мемлекеттiк резервтi жаңарту – мөлшерi бiрдей және сапасы ұқсас материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервке бiр мезгiлде немесе уақыт өте оларды сақтаудың белгiленген мерзiмдерi аяқталғанға дейiн мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды шығару;

52) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi – мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды және оған байланысты қызметтер көрсетудi шарт негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

53) объект – жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкі, мемлекеттік мүлік, оның ішінде ғимараттар, құрылыстар, құрылымдар, техникалық қондырғылар, жабдық, агрегаттар және азаматтық қорғау саласындағы талаптар белгіленген немесе белгіленуі тиіс өзге мүлік;

54) операция жасау – мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын беру, сақтау және шығару;

55) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк – жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерінен қорғалу жағдайы;

56) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестат – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындауға заңды тұлғаның құқығын растайтын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган беретін құжат;

57) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестаттау – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның заңды тұлғаның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындау бойынша құқықтығын ресми тануы;

58) өрт – жеке және заңды тұлғалардың өмiрi мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне зиян, материалдық залал келтiрілетiн бақылаусыз жану;

59) өрт депосы (бөлім, жеке бекет) – өрт техникасының және техникалық қызмет көрсетудің үй-жайлары, өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының және байланыс пунктінің қызметтік және қосалқы үй-жайлары орналастырылған, өрт сөндіру автомобильдері және өрт сөндіруді ұйымдастыру мен жүзеге асыруға, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өрт сөндіру-техникалық жарақ орналасқан өртке қарсы қызмет объектісі;

60) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу – өрт және өнеркәсіптік қауiпсiздiк саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындамау немесе тиісті орындамау;

61) өрт қауiпсiздiгi – адамдардың, мүлiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өpттeрден қорғалу жағдайы;

62) өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелді тәуелсіз бағалау – объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін немесе сәйкессіздігін анықтау бойынша кәсіпкерлік қызмет;

63) өрт қауiпсiздiгi шаралары – өрт қауiпсiздiгi талаптарын орындау бойынша іс-қимылдар;

64) өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары – өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген техникалық және (немесе) әлеуметтiк сипаттағы арнайы шарттар;

65) төтенше ахуалдар салдарын жоюға байланысты бірінші кезекті авариялық-құтқару жұмыстары – төтенше ахуалдар кезінде адамдарды, мүлікті құтқару және эвакуациялау, зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша іс-қимылдар;

66) өрт сөндіру-техникалық өнімі – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы техникалық, ғылыми-техникалық және зияткерлік өнім, оның ішінде өрт сөндіру техникасы мен жабдығы, өрт сөндіру жарақтары, отты сөндіретін және оттан қорғайтын заттар, арнайы байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базасы, сондай-ақ өрттерді алдын алудың және оларды сөндірудің өзге құралдары;

67) өртке қарсы ерікті құралымдар – дала өрттерін, сондай-ақ ұйымдарда және елді мекендерде өрттің алдын алу және оны сөндіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылатын қоғамдық бірлестіктер;

68) өртке қарсы қызмет гарнизоны – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі уәкілетті органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер, уәкілетті органның білім беру ұйымдары, ерікті өртке қарсы құралымдар;

69) өртке қарсы режим – өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын алдын алуды және өрттерді сөндіруді қамтамасыз ететін азаматтардың жүріс-тұрысының белгіленген ережелері, өндірістік және шаруашылық қызметті ұйымдастыру тәртібі, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды (аумақтарды), өндірістік және арнаулы жабдықты күтіп ұстау шарттары;

70) сақтау нормативтері – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптар;

71) сарапшы ұйым – өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелді тәуелсіз бағалау бойынша қызметті жүзеге асыруға белгіленген тәртіпте аккредиттелген ұйым;

72) суда құтқару қызметі – су айдындарында төтенше ахуалдардың алдын алуға, суда құтқару, су асты-техникалық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге арналған басқару органдары, күштер мен құралдар;

73) табиғи сипаттағы төтенше ахуалдар – қауіпті табиғи құбылыстар (геофизикалық, геологиялық, метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрогеологиялық қауіпті құбылыс) табиғи өрттер, iндеттер, эпизоотиялар, энзоотиялар, панзоотиялар, ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң және ормандардың кеселдермен және зиянкестермен зақымдануы нәтижесінде туындаған төтенше ахуалдар;

74) тапсырыс беру – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын беру және шығару үшін өнiм берушiлер мен тұтынушыларды таңдау;

75) техникалық басшы – ұйымның технологиялық процесіне басшылықты жүзеге асыратын тиісті жоғары техникалық білімі бар маман;

76) техникалық құрылғылар – машиналар, жабдықтар және дербес маңызы бар өзге де конструкциялар;

77) техногендiк сипаттағы төтенше ахуалдар – қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері, көлiк авариялары және басқа авариялар, өрт (жарылыс), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық жағынан қауiптi заттарды тарататын (тарату қаупi бар) авариялар, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердiң бұзылуы, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр-энергетика және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авариялар туғызған төтенше ахуалдар;

78) төтенше ахуал – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға нұқсан келтіруге, орасан материалдық шығынға және халықтың тiршiлiк әрекетiнiң бұзылуына алып келуi мүмкiн немесе алып келген аварияның, қауiптi табиғи құбылыстың, апаттың, зiлзаланың немесе өзге апаттың салдарынан белгiлi бiр аумақта туындаған жағдай;

79) төтенше ахуал аймағы – төтенше ахуал қалыптасқан аумақ;

80) төтенше ахуалды жою басшысы – төтенше ахуал салдарын жою бойынша жұмыстарға басшылық жасайтын бас өкімші және жауапты тұлға;

81) төтенше ахуалдарда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету – Үкімет белгілеген тәртіпте төтенше ахуалдарға арналған нормалар мен нормативтер бойынша төтенше ахуалдар аймақтарында, эвакуациялау бағыттарында және эвакуацияланғандарды орналастыру орындарында адамдардың өмірін сақтау және денсаулығын қолдау үшін мейлінше қажетті жағдайларды жасауға және қолдауға бағытталған азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарының уақыты, ресурстары және өткізу орындары бойынша өзара байланысқан іс-шаралар жиынтығы;

82) төтенше ахуалдар салдарын жою кезіндегі кезек күттірмейтін жұмыстар – авариялық-құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, төтенше ахуал аймағындағы халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасау бойынша қызмет;

83) төтенше ахуалдардың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және төтенше ахуалдардың туындау қаупін мүмкіндігінше азайтуға, сондай-ақ адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, материалдық шығындар туындаған жағдайда олардың мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені;

84) төтенше ахуалдардың жiктемесi – төтенше ахуалдарды оларды адам денсаулығы мен өмірі, тіршілік әрекетінің бұзылуы, материалдық залал өлшемі үшін қауіптілігіне сәйкес кластарға жатқызу тәртібі;

85) төтенше ахуалдардың салдарын жою – авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды, сондай-ақ төтенше ахуалдар туындағанда төтенше ахуалдар аймағындағы адамдардың өмiрiн құтқаруға және денсаулығын сақтауға, халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған халықты эвакуациялауды жүргізу, материалдық шығындар көлемiн азайту, төтенше ахуалдар аймағын оқшаулау, оларға тән қауіпті факторлар іс-қимылдарын тоқтату, сондай-ақ табиғи сипаттағы төтенше ахуалдар нәтижесінде азаматтар мен ұйымдарға келтірілген залалды өтеу;

86) тіршілікті қамтамасыз ету объектісі – оларды пайдалануды тоқтату (тоқтата тұру) елді мекендер мен аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдары қызметінің бұзылуына әкелетін денсаулық сақтау, телекоммуникация, байланыс, газбен, энергиямен, жылумен, сумен жабдықтау және су бөлу ұйымдары;

87) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері – уәкілетті орган берген өкілеттігі шегінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалауды атқаратын белгілі бір әкімшілік аумақта құрылған мемлекеттік мекеме;

88) уәкілетті органның жедел резерв – белгілі бір номенклатура мен көлемдегі техника және материалдық құндылықтар, оның ішінде дәрі-дәрмек құралдары, медициналық мақсаттағы бұйымдар қоры;

89) уәкілетті органның шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі – төтенше ахуал аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге, төтенше ахуалдарды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауға, қалпына келтіруге және оңалтуға арналған кәсіби медициналық авариялық-құтқару қызметі;

90) эвакуациялық органдар – халықты, материалдық құндылықтарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндірістік қызметті және тіршілікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуациялық-қабылдау комиссиялары;

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Похожие:

«Азаматтық қорғау туралы» iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген...
«Азаматтық қорғау туралы» iconҚазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14 тармақшасына сәйкес бұйырамын
«Азаматтық қорғау туралы» iconАзаматтық қорғау және тұрмыстық қайғылы оқиғалар
Сабақтың мақсаты: Азаматтарға төтенше жағдайлар болған уақытта қорғануды үйрету, зілзала, су тасқыны, қар көшу және өрттің пайда...
«Азаматтық қорғау туралы» icon«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 12-бабының 41 тармақшасына
Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м а. 2014 жылғы 27 мамырдағы №256 бұйрығы
«Азаматтық қорғау туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы
Оқушыларға бала құқықтарын оқыту ресурсы Бала құқықтары туралы конвенция және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»...
«Азаматтық қорғау туралы» iconАзаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру
Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш берушiге азаматтық...
«Азаматтық қорғау туралы» iconҚоршаған ортаны қорғау аумағындағы электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы №1033 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы...
«Азаматтық қорғау туралы» iconҚазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн аттестациядан өткiзу туралы үлгi ереженi бекiту туралы
Азақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қаулы етемiн
«Азаматтық қорғау туралы» iconҚмму ф. 4/3 – 08/02
Тақырыбы: Қ р азаматтық және отбасы құқығының негіздері. Медициналық қызметтің түрлері. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау
«Азаматтық қорғау туралы» iconҚоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген әдістемелік құжаттарды бекіту туралы
Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі №100-п «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген әдістемелік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница