Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана




Скачать 434.5 Kb.
НазваниеШығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
страница1/2
Дата конвертации27.09.2012
Размер434.5 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.arhiv.vko.gov.kz/kaz/files/calendar2011.doc
  1   2

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана

Ақпараттық-библиографиялық бөлім

Шығыс Қазақстан облысы Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы





Сіздердің жаңалықтарды білуге деген құмарлықтарыңызды қолдаймыз

және көмектесеміз!


Шығыс Қазақстан облысының

Семей аймағында 2011 жылы

аталып өтілетін және еске алынатын

күндер тізбегі








Семей – 2011 ж.


Құрастырушылардан:


Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана 1999 жылдан бері «Семей аймағында аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегін» электронды түрде дайындап шығарады.

Әдебиеттерді насихаттауда және еліміздегі өрнекті оқиғаларды хабарлауда көрсеткіштің алатын орны ерекше. Мұнда туған өлкеміздің тарихы, экономика және мәдениет саласындағы көрнекті оқиғалар туралы, еңбегі сіңген белгілі жеке тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар берілген.

Көрсеткіш үш бөлімнен тұрады:

Негізгі бөлімге алынған жұлдызшамен белгіленген даталар тізбегіне қысқаша анықтама жазылып, әдебиеттер тізімі берілген.

Екінші бөлімге «Айы, күні белгісіз оқиғалар мен жеке тұлғалар» туралы анықтамалар мен әдебиеттер әріптік ретпен берілген.

Үшінші бөлімге «Анықтамалар мен әдебиеттері берілмеген, еске алынып өтілетін оқиғалар» және семейлік Кеңес Одағыынң батырларының мерейтойлық тізбегі енгізілді.

Күнтізбек аталып өтілетін даталардың әріптік көрсеткішімен жабдықталған. Құралды құрастыру жұмысы 2010 жылдың сәуірінде аяқталды.

Құрастырушылар: Ақпараттық–библиографиялық бөлімнің меңгерушісі З.Мағауина және Семей қаласындағы Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының бөлім меңгерушісі Т.Түсінбаева.

Күнтізбе мұғалімдерге, кітапханашыларға, өлкетанушыларға, өлкесін танып білгісі келетін пайдаланушыларға көмекші құрал ретінде арналған.

Күнтізбе туралы айтпақ пікірлеріңіз болса, мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады:

490050

Абай көшесі, 86

Абай атындағы әмбебап кітапхана

Ақпараттық-библиографиялық бөлім

Телефон: 56-10-76

E-mail: semeybib@yandex.ru


071405

Абай көшесі, 84

ШҚО Семей қаласы Қазіргі заман

тарихын құжаттандыру орталығы

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі

Телефон: 52-06-07

E-mail: zdnivko-semey@rambler.ru


*2 қаңтар Жазушы Медеу Сәрсекенің туғанына

75 жыл (1936)


*5 қаңтар Жазушы, ғалым, абайтанушы

Қайым Мұхамедханұлының туғанына

95 жыл (1916-2004)


*2 ақпан «Дариға-ай» жастар театрының құрылғанына

10 жыл (2001)


*1 наурыз Ақын Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл

(1901-1994)


*16 маусым Әнші Мәдениет Ешекеевтің туғанына

75 жыл (1936 -1997)


*3 тамыз Әнші Дауыл Қайроллиннің

туғанына 65 жыл (1946-2002)


*5 тамыз «Қайнар» университетінің ашылғанына

15 жыл (1996)


*11 тамыз Семейдің қаржы-экономикалық

техникумына 80 жыл (1931)


*15 тамыз Ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбайдың туғанына

60 жыл (1951)


*29 тамыз Семей атом полигонының жабылғанына

20 жыл (1991)


*10 қазан Жазушы Ғазиз Сапаевтың туғанына

85 жыл (1926)


*11 қазан Жазушы Роллан Сейсенбаевтың туғанына

65 жыл (1946)


*15 қазан Қазақстанның Халық артисі

Тұратай Иісованың туғанына

80 жыл (1931-1994)


*15 қазан Сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың

туғанына 60 жыл (1951)


*22 қазан «Казполиграф» АҚ-ның құрылғанына

70 жыл (1941)


*5 қараша Халық жазушысы Тұрсынхан

Әбдірахманованың туғанына 90 жыл

(1921-2003)


20 қараша Халық әртісі Бекен Имахановтың туғанына

75 жыл (1936)


*27 қараша Жазушы Сәду Машақовтың туғанына

105 жыл (1906-1996)


*29 қараша «Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы»

қоғамдық бірлестігінің Семей филиалының

құрылғанына 10 жыл (2001 жыл)


Семей қаласындағы «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған балет мектебінің ұйымдастырылғанына 15 жыл (1996 жыл)


Айы, күні белгісіз оқиғалар мен жеке тұлғалар


Ғалым-биолог Жұмахан Күдериннің туғанына 120 жыл (1891-1938)


Журналист, қоғам қайраткері «Қазақ тілі газетінің бас редакторы

Мәннан Тұрғанбаевтың туғанына 125 жыл (1886-1937)


Ақын, аудармашы Тұрағұл Ибрагимовтың туғанына 135 жыл (1876-1934)


Ақын Ақылбай Абайұлының туғанына 150 жыл (1861-1904)


Ақын Әріп Тәңірбергеновтің туғанына 155 жыл (1856- 1924)


«Қазақ тілі» газетінің редакторы Шәймерден Омарұлы Тоқжігітовке

110 жыл (1901-1937)

Атақты би, кемеңгер ойшыл Әнет бабаның туғанына 385 жыл (1626-1723)

Анықтамалар мен әдебиеттері берілмеген, еске алынып өтілетін оқиғалар:


5 қаңтар Сазгер Арғынбек Ахметжановтың

туғанына 75 жыл (1936)


7 қаңтар Семей қалалық теледидар және

радиохабарлар комитетіне

45 жыл (1966)


8 қаңтар Қоғам қайраткері,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі

Хафиз Матаевтың туғанына 80 жыл (1931)


21 қаңтар Әнші Роза Байдалинаның туғанына

75 жыл (1936)

22 ақпан Семейде «Білім» қоғамының құрылғанына

60 жыл (1951)

9 наурыз Семейде мәдениет және тарихи

ескерткіштерді қорғау қоғамының

құрылғанына 40 жыл (1971)


14-15 наурыз Семей қаласында әйелдердің

1-губерниялық сиезінің ашылғанына

90 жыл (1921)


18 наурыз Газ аппаратура заводына

65 жыл (1946)


25 наурыз Қалалық денсаулық сақтау бөліміне

85 жыл (1926)


1 сәуір Орталық кітапхананың құрылғанына

35 жыл (1976)


30 сәуір Жазушы С.Оразалиновтың туғанына

70 жыл (1941)


20 шілде Жазушы А.Жүнісовтің туғанына

85 жыл (1926)


21 шілде Ақын Валерий Зубовтың туғанына 55 жыл

(1956)


29 шілде Өлкетанушы В.Н.Кашляктың туғанына

60 жыл (1951)


26 қыркүйек Саяси жер аударылушы, зерттеуші, Абайды

досы Е.П.Михаэлистің туғанына 170 жыл (1841-1913)

тамыз Семей қаласында бизнес

колледжінің құрылғанына 65 жыл (1946)

26 тамыз Семейдің аяқ-киім фабрикасына

70 жыл (1941)


1 қыркүйек Ақын Виктор Ступаковтың туғанына

75 жыл (1936)


19 қыркүйек Семейдің былғары-мех бірлестігіне 65 жыл

(1970)


қыркүйек ақын Семен Анисимовтың туғанына 100 жыл

(1911-1970)


30 қараша Әнші Мапруза Өтеуленованың туғанына

50 жыл (1961)


2 қаңтар Жазушы Медеу Сәрсекенің туғанына 75 жыл (1936)


Жазушы Медеу Сәрсеке 1936 жылы 2 қаңтарда Абыралы ауданының Қайнар кеңшарында туған. Орта мектепті 1953 жылы бітіріп, Қазақтың Политехникалық инстиутына түсіп, білім алып шыққан соң журналистикаға келеді. «Лениншіл жас» газетінде жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі болып қызметін бастайды.

Кейіннен Семейге келіп, зауытқа инженер болып қызмет етеді. Өндіріс пен жазушылықты қатар алып жүреді. Әрине, басты қызметі әдебиет болды. «Ғажайпы сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі» мен «Жетінші толқын» ғылыми фантастикалық туындыларын жарыққа шығарды. Өзі ортасында жүрген өндірістің қилы-қилы сырларын, онда еңбек ететін адамдар туралы күрделі шығармалар жазады.

Ол алтын, күміс ақтарған, мырыш тасқындатқан кенді Алтайдың тіршілік-тынысын, өмір ағысын суреттейтін «Жаңғырық» романын жазады.

Кейіннен жалғасы ретінде «Көмбе» романын жазады.

2002 жылы академик Қ.Сәтбаев жайлы орыс тілінде «Планета Сапаева» және «Через тернии» кітаптары оқырманға жол тартқанда саналы ғұмырын қазақтың Қанышына арнаған белгілі жазушы Медеу Сәрсеке атақты ғалымды әлемнің 112 еліне танытқан сутеткер еді.

Жазушы тағы да бір есімді оқырмандарына танытып отыр. Ол «Ғибратты ғұмыр» сериясымен «Ебіней Бекетов» атты күрделі еңбек еді. Мұнда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, біртуар ғалым Ебіней Арыстанұлы Бекетовтің қиын да, қилы тағдыры, ғұмыр тарихы туралы сыр шертеді.


Әдебиеттер:




Сәрсеке М. Газетпен бірге есейдім // Семей таңы.-2009.-3 желтоқсан.-5 б.

Сәрсеке М. Тамыры тереңге жеткен: ғұлама ғалым, әйгілі әдебиетші, ақын, аудармашы, сыншы Ебіней Бекетов туралы // Семей таңы.-2005.-18 наурыз.

Сәрсеке М. Абай тойы.- Алматы: Атамұра, 1996.-288 б.

Сәрсеке М. «Ақылды адам арманмен егеспейді: «Бес тұғыр» жинағы туралы // Семей таңы.-2000.-1 қыркүйек.

Сәрсеке М. Қазақтың Қанышы: Роман эссе .- Алматы: Атамұра, 1999.-592 б.

Сәрсеке М. Тарақты және Қаракесек шежіресі.- Алматы: Атамұра, 1995.-272 б.

Бәшей К. Ұлыны ұлықтаудың үлгісі // Ертіс өңірі.-2004.-22 қаңтар.-27 .

М.Сәрсекенің «Сәтбаев» ғұмырнамасы Мәсеуден шықты // Дидар.-2003.-27 желтоқсан.-2 б.

Сәрсеке М. Сәтбаев әлемінің сыры // Семей таңы.-2002.-6 қыркүйек.-4 б.


5 қаңтар Жазушы, ғалым

Қайым (Ғабдулқайым) Мұхамедханұлының

туғанына 95 жыл (1916-2004)


Абайтанушы, ғалым, жазушы Қайым Мұхамедханұлы 1916 жылы 5 қаңтарда Заречная Слабодка деп аталған қазіргі Жаңасемей ауданында дүниеге келді.

Қайым Мұхамаедханұлының ғылыми еңбегінің басты бағыты Ұлы Абайдың өлмес өшпес мол мұрасын зерттеумен байланысты. 1951 жылы қорғаған “Абайдың әдеби мектебі” кандидаттық диссертациясы, Абайдың ақындық айналасы, Абай шығармаларының текстологиясы жайында монографиялары әдебиеттану ғылымына қосылған маңызды туындылар. Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арнап Республикалық Абай қоры шығарған 4 томдық “Абайдың ақын шәкірттері” және “Абай мұрагерлері” жинақтары да абайтанудағы төтенше жаңа құбылысқа айналды.

Қайым аға ұлы Мұхтардың сынынан өткен бірегей шәкірті еді. Ұстаз ұстанған идеялық танымын қарсыластарынан қорғау жолында тізерлеп өлгенше, тік тұрып өлуді артық көрді. Осы ерлігі үшін 25 жылға халық жауы атанып, тамұқтың отына да түсті. Бәрібір әділет жолы жеңді.

Қайым Мұхамедханұлы – ақын. 1938 жылы Жамбылдың әдеби қызметінің 75 жылдығына арналған республикалық ақындар сайысында “Жамбыл” атты толғауы бас жүлдені жеңіп алды, ал 1945 жылы Қазақ ССР мемлекеттік гимнінің авторы болуы ақынның шыққан биігін әйгілейтін межесі, ірі табысы.

Ғалымның ғылыми мақалаларының ішінде «Бұхар жырау» (1982), «Махамбет шығармаларының текстологиясы» (1986), «Уәйіс Шондыбаев шығармаларының текстологиясы» (1988), «Ақын Шәкәрім» (1988), «Ахмет Байтұрсынов», «Мағжан Жұмабаев», «Жүсіпбек Аймауытов» т.б. атап өтуге болады.

Жазушы Қайым Мұхамедханұлының драмалық шығармалары бір төбе. Драматургтың “Перне” (1944), “Майданнан майданға (1947), “Комиссар Ғаббасов” (1960), “Ер Білісай” (1974) атты туындылары – қоғамдық ортадағы түрлі тартыстарды көрермен назарына қалтқысыз жеткізген сүбелі дүниелер. Олар әркез республикалық, облыстық театр сахналарында қойылып келеді.

Қайым Мұхамедханұлы - түпнұсқа иесінің ойын тереңінен танып, тебірене толғайтын шебер аудармашы: У.Гаджибековтың “Аршин мал алан”, Ш.Камалдың “Хажы әпенді үйленеді” пьесаларын , татар поэзиясының классигі Ғ.Тоқайдың өлеңдерін, сондай-ақ Н.Карамзиннің “Сормаңдай Лиза” хикаятын өлеңмен аударып, әдебиетіміздегі аударма жанрының дамуына үлкен үлес қосты.

Саналы өмірінің жартысынан астамын Семей педагогикалық институтында ұстаздық еңбекке арнаған Қайым ағаның бұл салада атқарған ісі де абыройлы, айрықша жемісті. Қайым аға 1938 – 1941 жылдары аталған институттың филология факультетінде оқып, үздік бағамен аяқтайды да, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына оқытушы болып қызмет істеуге хұқ алады. Қырық жылдан астам ақ ордамызда білім мен тәрбиенің дәнін егіп, адамгершілік нұрын төккен ұлы ұстаз қолынан қаншама ұрпақ сусындады.

Әдебиеттер:


Мұхамедханов Қ. Тарта көр Семейімнің топырағы: Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, мақалалар, арнаулар.-Семей,2010.-144 б.

Мұхамедханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында.-Алматы, 2010.-164 б.

Мұхамедханов Қ. Абай кітабын алғаш шығарған Ілияс Бораганский.-Алматы,2009.-64 б.

Алаш арыстарының соңғы тұяғы: Қ.Мұхамедхановқа 6 қыркүйек күні ескерткіш орнатылды // Семей таңы.-2010.-7 қазан.

Исаұлы А. Ғылым жұлдызы // Семей таңы.- 2001.-26 қаңтар.-3 б.

Жоламанова П. Өшпес із қалдырған // Семей таңы.-2009.-17 маусым.-2 б.

Жұртбай Т. Абайдың інісі, Алаштың ірісі // Ертіс өңірі.-2005.-12 мамыр.-28 б.

Жұртбай Т. Ғылым тәуелсіз болмай мемлекет мұратқа жетпейді / Зекенұлы Қ. // Ертіс өңірі.-2010.-24 қараша.-10-11 б.

Қайым туралы сөз /Құраст.Қ.Мұхамедхановтың отбасы.-Астана: Фолиант,2006.-376

Қасымжанұлы С. Қайым туралы сөз // Жас қазақ.-2010.-5 ақпан.-8 б.

Қайым Мұхамедханов туралы қазанама // Дидар.- 2004.-3 шілде; Семей таңы.-9 шілде.-3 б.

Мақанқызы К. Қайсар рухты қазаққа ескерткіш // Ертіс өңірі.-2010.-13 қазан.-8 б.

Нұрқасым Қ. Пилондар образы: (Ескерткіш туралы) // Ертіс өңірі.-20010.-22 желтоқсан.-12 б.

Сейсенұлы Д. Алаш арыстарының соңғы тұяғы // Егемен Қазақстан.-2009.-7 қараша.-6 б.

Смағұлова Е. «Адам боп жер астына кірдің де, тас мүсін боп шыға келдің»: (Ескерткішке арналады) // Семей таңы.-2010.-14 қазан.-1 б.

Чушекова Ж. Қазақтың қайсар ғалымы: (Ғалымның 95 жылдығына орай Алматыда өткен дөңгелек үстелден кейінгі жазылған мақала) // Семей таңы.-2010.-5 қаңтар.-3 б.


2 ақпан «Дариға-ай» жастар театрының құрылғанына

10 жыл (2001)


«Дариға-ай» жастар театры – Семей қаласының әкімі Н.Омаровтың шешімімен 2001 жылдың 2 ақпанында құрылды. Өнер академиясынан келген бір топ мамандар Семей қалалық М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің «Театр өнері» бөлімін ашуы халықты елең еткізді. Профессор Дариға Тұранқұлованың бастауымен сол актерлік бөлімді бітірген түлектерінің күшімен құрылған өнерлі жастар театры халыққа кеңінен танылып, үлкен жетістіктерге жетісті.

Театр шығармашылығы жан-жақты. Онда шетел, қазақ классикалық шығармаларынан бастап, осы заманның өзекті тақырыптарын қамтитын юмор-сатиралық қойылымдарды сахнаға шығарды.

Театрда Д.Исабековтың «Әпке» пьесасы, М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» атты поэтикалық көрінісі, Желтоқсан оқиғасына байланысты «Ызғарлы желтоқсан» әдеби-сазды қойылымдары сахналанып, қаламыздың нағыз рухани мәдени ортасы екенін дәлелдеп берді.

Республикалық «Тазша бала» конкурстарының лауреаты, 2002 жылы Астанада өткен республикалық әзіл-сықақ конкурсының лауреаты атанды.

Бұл театрдың ерекшелігі – сөз және пластика, классика және юмор, сатира, ән-би жанры тоғысқан жан-жақты өнерлі жастар топтасқан ұжым. Олар әр түрлі бағдарламалармен Шығыс Қазақстан өңірінде, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және ауылдарда болып үлкен жетістіктерге жетісті.


Әдебиеттер:


Айтыбаев А. Семейдегі жастар театры // Егемен Қазақстан.-2003.-31 желтоқсан.-7 б.

Зүкенов М. Дариғаның мектебі // Семей таңы.-1999.-7 қаңтар.

Тілеубекова М. Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ // Үш анық.-1998.-наурыз.


*1 наурыз Ақын Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл

(1901-1994)


Шәкір Әбенов 1901 жылы 1 наурызда Абай ауданының Құндызды ауылында туған.

Әкесі - Әбен қажы баласын 5-6 жасынан ауыл молдасына оқытып, Семейде Приходская мектебін тәмамдатқан. Кейіннен Уфа қаласына жіберіп, Ғалия медресесінде оқыған. 13-14 жасында Семейге оралып мешітте істейді, ез бетімен мүсылманша кітаптар оқиды.

1916 жылы Семейдегі ер балалар гимназиясына оқуға қабыладанады. Нақ осы жылы ол қазақтың белгілі ақыны С.Торайғыровпен танысып, оның өлеңдерін жатқа айтатын болған. Орыс ақындары А.Пушкин, М.Лермонтов жырларымен алғаш сусындауы да осы кез. Осы кезде революция басталып, жас бозбала сол дүбірге ден қойып кетеді.

1921-1926 жылдары атқамінер белсенділер қатарына қосылып, Мақаншы жақта кеңсе қызметін атқарады. 1929-30 жылдары ауылдарды кеңестендіру кезінде өз пікірін білдіру кезінде қудалауға ұшырап, Алматыға кетеді. Мұнда С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин сияқты әдебиеттің майталман ақындармен бірге жырлаған ақын рухани азық алып еліне Мақаншыға оралады.

1937 жылы Алматыда "Әдебиет және искусство" журналында "Қозы Көрпеш Баян сұлу" дастанының Ш.Әбенов жырлаған нұсқасы жарық көреді. Сабырбай, Дулат, Жанақ, Түбек ақындардың мұраларын жаздырып, қолжазба қорына тапсырады. Жамбылдың әдеби хатшысы болып қызмет жасайды. Тағы да қуғынға ұшыраған соң, сұранып 1941 жылы соғысқа кетеді. Соғыста бір аяғынан жараланып, еліне қайтады, Отан соғысынын 1-дәрежелі орденімен марапатталады.

Ғасырға жуық жасап, заманның қилы-қилы қыр-сырына қаныққан сұңғыла ақын өз жырларына көбіне махаббат пен әділдік, ерлік пен ездік, адалдық пен арамдық, адамгершілікті өзек етуден еш айнымайды.

"Қозы Көрпеш -Баян сұлу", "Таңшебер Жапал", "Кейпін батыр", "Ана махаббаты", "Алданған қыз","Патша мен байғыз", "Қорқыт қобызы" аңыз толғауларын, мысал-өлеңдерін жазады.

Шәкір ақынның "Қозы Көрпеш — Баян сұлу" дастаны жай жыр ғана емес, жеке адамдар қарым-қатынасы, тағдыры арқылы қазақ елін, яғни тұтас бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-санасы мен ғұрып-дәстүрін, жан-дүниесін, арманын қамтып суреттейтін, өлеңмен жазылған роман, шынайы эпикалық шығарма. Мұнда қазақ өлкесінің ұлан-ғайыр қиырлары, ең бастысы революцияға дейінгі көшпенді қазақ қауымының өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы нақты адамдар аясында жан-жақты бейнеленген",- деп жазады С.Байжан-ата ақын жырлары туралы.

Шәкір ақынның тағы бір ерекшелігі - домбыра, қобыз, гармон аспаптарын құбылта ойнаумен қатар, өлең мәтінін де өзі жазып, әнін де өзі шығарған сазгердің "Алтай аруы" Құндызды ауылының той-думанының көркі. Туған жерінде ақын мұражайы ашылды, ақын атынан бата берді.

Ақынның шығармашылығын зерттеуде бұған дейін Сапар Байжан ата XX ғасырдағы казақ поэзиясының еркін тұлғасы Шәкір Әбенұлының қос томдық шығармалар жинағын өз қолымен даярлап, ақын шығармашылығы туралы монография жазған еді.

2001 жылы "Жер кіндігі - Жидебай" атты кітабы Елорда баспасынан шықты. Онда ақынның өмірбаяны мен өлең-дастандары берілген.

Ш.Әбенов Республика Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған. "Халықтар достығы" орденінің иегері. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың ант беру рәсімінде бірінші бата берген ақсақал.

Артына мол шығармашылық мұралар қалдырған, арқалы ақын, сазгер, көнеден қалған мұраны қастерлеп өткен Ш.Әбенов 1994 жылы қазан айында дүниеден етті.


Әдебиеттер:


Айтұлы Н. Ғасырдың кәзі тірі куәгері // Қазақ әдебиеті. 1992.-17 қаңтар.

Әбенов Ш. (Қазанама) // Қазақ әдебиеті. - 1994. - 4 цараша. -146.

Байжан-ата С. "Өлсең де өнер емес, өмір өлер... " немесе ақын жайлы сыр

// Абай. -1999. -№1. -52-55 бет.

Ғалымов Е. Шәкір ата ауылы - өнердің қайнар көзі // Ертіс өңірі. - 2004.-8

қаңтар

Кемелбаева А. Ш.Әбеновтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" дастаны // Абай. - 2001. - №4. - 31 б.


16 маусым Қазақстанның халық әртісі, әнші

Мәдениет Ешекеевтің туғанына

75 жыл (1936-1997)


Ешекеев Мәдениет 1936 жылы 16 маусымда бұрынғы Семей облысының Жаңасемей ауданы Құрманқожа ауылында туған.

1954 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Мөдениет колхозында жұмысшы болып еңбек етті. 1955 жылы Алматы қаласында Республикалық көркемөнерпаздар байқауында ерекше көзге түсіп, әншілік дарынын танытты. 1956 жылы атақты әнші Жүсіпбек Елебековтің шәкірті ретінде «Қазақконцертке» шақырылды. Сол жылдан бастап 1975 жылға Семей облыстық Ә.Қашаубаев атындағы филармониясында еңбек етеді. Ешекеевтің әсем үнді, кең диапозанды, лирико-драмалық тенор дауысты. Әншінің шығармашылығында қазақтың халық әндерінен бастап Абайдың, Біржанның, Ақанның, Жаяу Мұсаның, Балуан Шолақтың, Естайдың, Әсеттің, Кеннің, Шәмшінің, Б.Сыбановтың т.б.әндері бар.

М.Ешекеев әсіресе, Абайдың музыка мұрасын кең насихаттаушы ретінде танымал әнші. Әнші «Құлақтан кіріп бойды алар» - ұлы Абайдың музыкалық мұрасынан, «Ән көңілдің ажары», «Ән өзегі» атты халық әндерімен, халық сазгерлерінің шығармаларынан тұратын концерттік бағдарламалар дайындап концерттік сапармен Қазақстанның барлық облыстарының халықтарының алдында өнер көрсетті. Сонымен қатар Ресейде, Моңғолияда да өнер керсетті.

Атақты әнші Ж.Елебековтың шәкірті М.Ешекеев арқа өңірінің Біржан сал бастаған әншілік мектебінің жалғастырушы ірі тұлғасы деп айтуға болады.

Әншінің орындауындағы «Жиырма бес», «Сұржекей» тағы басқа қазақтың халық шеберлікпен орындап қазақ радиосының алтын қорына жазылды.

«Абайдың барлық төл шығармалары мен Абай өлеңдеріне жазылған әндерді түгелдей дерлік орындайтын Мәдениет пен Жәнібек Кәрменов» - дейді Абай музейінің Бас шырақшысы Т.Ибрагимов.

Халқымыздың біртуар таланттарының бірі Жәнібек Кәрменов кезінде былай деген еді: «...Мәдениет – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, қанына сіңген әншілік дәстүрдің жалғасы. Бұдан кейін де жалғаса жатар. Әзірше Мәдениет жалғыз...»

Қазақстан өнерін дамытудағы ерекше еңбегі үшін М.Ешекеевке 1981 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», 1987 жылы "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атақтары берілді. Шын өнер иесі халқымен бірге мәңгі жасайды.


Әдебиеттер:


Елеуғожин Б. Әнші бақыты // Семей таңы.-1992.-27 қазан.

Ешекеев М.Қазақ ССР-нің Халық артисі атағын беру туралы // Семей таңы.-1987.-6 май.

Ибрагимов Т. Домбыралы ән // Толқын толғау.-Алматы: «Өнер», 2000.-269-283 б.

Мәдениет Сейітжанұлы: Қазанама //Қазақ әдебиеті.-1997.-12 тамыз.

Шыңғысұлы Б. Жүсіпбектің шәкірті // Семей таңы.-1976.-15 январь.


3 тамыз Әнші, Қазақстан Республикасына

еңбегі сіңген әртіс

Дауыл Қайроллиннің

туғанына 65 жыл (1946-2002)


Дауыл (Жайлаухан) Кайроллин -1946 жылы 3 тамызда Шығыс Қазақстан облысының, Күршім ауданы Құйған ауылында туған. Еңбек жолын 1962 жылы туған жерінде жұмысшы болып бастады. Жайлаухан бала кезінен өнерге бейімділігін байқатып, көркемдік үйірмелерге белсене қатысады.

1969 жылы Семейдің М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің ән бөлімін 1973 жылы бітіріп, облыстық филармонияға әнші болып қызметке тұрады. Білімін көтеру мақсатында 1984-1990 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ән факультетінде білімін жетілдіреді. Онда өнер жұлдыздарынан көп өнеге аып,. Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Р.Абдуллиндермен бірге сахнаға шықты.

Алтайдың шың құздарынан нәр алып, саф ауасымен тыныстап, мөп-мөлдір бұлақтарының мұздай суын ішіп өскен, табиғат сыйлаған талантын тер төге жүріп ерінбей еңбектеніп дамытқан Дауыл консерваторияны бітіргенде мемлекеттік комиссия бірауыздан оған Абай атындағы опера және балет театрына қалуға ұсыныс жасаған болатын, бірақ әнші өзінің туған жерінде еңбек етуді қалады.

Дауылдың дауысы лирикалық баритон, толық диапозонды, әдемі тембрлі, сирек кездесетін дауыс. Ол орындаған халық әндері, халық композиторларының әндері, қазіргі әндер мен орыс және шетел сазгерлерінің классикалық шығармалары тыңдарман көңілінен шығып, жүрегінен орын алған.

Әнші бас оркестрмен, симфониялық және "Отырар сазы" оркестрлерімен, хор капелласымен ТМД елдерінің барлығын аралады, Украинада, Молдавияда, Әзербайжанда өткен республикамыздың әдебиет, мәдениет және өнер онкүндіктерінде өнер керсетті. Д.Қайроллин әншілігімен қатар, ұстаздықты алып жүріп, шәкірт тәрбиеледі.


Әдебиеттер:


Ибрагимов Т. Толқын толғау.-Алматы:Өнер, 2000.-360 б.

Имабанбаева А. Ән құдіреті // Ертіс өңірі.-2010.-27 қаңтар.-17 б.

Қамбаров Ж. Алысқа жетелеген асқақ ән // Семей таңы.-1996.-2 қараша.

Мұхамедова Р. Өмірін әнмен өрнектеген // Арна.-2000.-14 қаңтар.

Мұхамедова Р. Дауыл да өтті-ау, дауылдатып... //Семей таңы.-2003.-28 ақпан.-12 б.


5 тамыз «Қайнар» университетінің ашылғанына

15 жыл (1996)




Семей қаласындағы жоғары оқу орындарының бірі - «Қайнар» университеті студенттерге сапалы білім беруде көптеген жетістіктерге жетіп келеді. Оқу орны студенттерді әлеуметтік қолдауда арнаулы бағдарламаларды басшылыққа алып жұмыс жасауда. Олар Елбасы Н.Назарбаевтың Халыққа Жолдауы, «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарына сүйене отырып «Қайнар университетінің студент жастарын әлеуметтік бағытта қолдау» бағдарламасын дайындады. Мақсаты – студент жастарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін құқықтық, экономикалық және психологиялық жағадйлар жасау.

Университетте осы бағдарлама аясында көптеген жеңілдіктер қарастырылған, яғни материалдық, моральдық қолдау көрсету, жас студент отбасыларын, әлеуметтік аз қамтылған және талантты жастарға грант бөлу шаралары жүзеге асуда.

Басқа жоғары оқу орындарынан ерекшелігі – «Қайнар» университетінде «Студент дауысы» деген атпен қабырға газетінде оқу орнының әр түрлі және қызықты өмірі көрнекілікпен жазылып тұрады.

Ойластырылған тәрбие жұмысының арқасында студенттер тек қана маман болып қалыптаспайды, сондай-ақ елінің нағыз азаматы, социумның мүшелері.

«Қайнар» уиверситеті алыс және шетел ЖЖО-мен серіктестік байланыстары даму үстінде. Соңғы екі жыл ішінде университет 15 Ресей, Қырғыз, Қытай университеттері және институттарымен халықаралық қызметтестік келісіміне қол қойды.


Әдбеиеттер:


Маусынбаева Л. Жастарға әлеуметтік қолдау парызымыз // Семей таңы.-2009.-23 шілде.-3 б.

Смағұлова Е. Студенттерді қолдау оқу орнының басты мақсаты // Семей таңы.-2010.-10 маусым.-4 б.

Төлеуғалиев С. Кісілігі жоғары ұстаз: (ЖОО-ның директоры Л.Маусымбаева туралы) // Ертіс өңірі.-2010.-6 қазан.-13 б.

Шустова Е.П. «Қайнар» (Семей) университетінің халықаралық істерінің дамуы // Семей таңы.-2009.-16 шілде.-3 б.


11 тамыз Рымбек Байсейітов атындағы Семей

қаржы –экономикалық колдежіне 80 жыл

(1931)


Семей қаласындағы қаржы-экономикалық колледжі сапалы кәсіби білім беретін республикамыздағы саналы оқу орындарының бірі.

1931 жылдың 11 тамызында Қазақ ССР қаржы наркоматының қаулысы бойынша Семейдегі өлкелік қаржы курстары Семей қаржы-экономикалық комбинат деп аталды. 1933 жылы бірінші рет 15 қаржы мамандығы бойынша білім алып шықты. Барлығы 1941 жылға дейін 579 маман иесі техникумды бітірді.

1941 жылдан бастап Семей қаржы экономикалық техникум деп аталды, 1944 жылдан бастап 1960 жылға дейін Семей қаржы техникумы, ал 1960 жылдан бастап Қазақ ССР қаржы министрлігінің Семей қаржы – экономикалық техникумы деп аталды.

1984 жылы техникум жаңа оқу корпусына көшті, жаңа кабинеттік жүйесі оқу процесінің ұйымдастыруын жақсартты.

1992 жылы техникум Қазақстан Республикасының Білім минситрлігіне қарады, 1993 жылдың 19 мамырынан бастап қайта Қаржы минситрлігіне қарады. 1994 жылдың 31 қаңтарында техникумға экономика саласының білгірі, ғалым, мемлекет қайраткері Р.Байсейітовтың аты берілді.

1996 жылдың наурызынан техникум қаржы экономикалық колледжі болып аталды. Қазіргі оқу бағыты нарықтық экономиканың жаңа стандарттары бойынша жүргізіледі. Колледжде студенттердің білімін көтеру және ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға тәрбиелеу мақсатында Байсейітов шыңын бағындырушылар мектебін ашты.

Заман талабына сай, уақыт ағымынан қалмау мақсатында коллдеж компьютермен жабдықлған. Оның ішінде бір сынып толықтай мультимедиалық-дыбыстық және ақпараттық жүйеде жұмыс істейді.

Коллдеж видеотекасындамұғалімдердің жүздеген лекцияларының, Мәскеу жоғары оқу орындарының, Қазақстан экономистерінің жинақталған видеокассеталары бар.

Кітапхан қоры өте бай, өз оқырмандарын білім нәрімен қанағаттандыра

алады. Қазіргі уақытта коллдежде Медиатеке – 2005 бағдарламасы қабылданған. Коллдеж оқушыларына сапалы білім беріп қана қоймай, саналы тәрбие беріп шығарады. Коллдежді бітіргендер білімді маман ғана емес, білікті ұйымдастырушы, өмірге бейім, жинақы азамат болып шығады.


Әдебиеттер:


Әбділманова Ш. Байсейітов Рымбек Смақұлы.- Алматы: 2003.-272 б.

Білікті білім ордасы // Семей таңы.-2000.-ақпан.

Ермек С. Дәрісханаға халық жазушысының аты берілді // Семей таңы.-2010.-14 қазан.-3 б.

Мусин Р. Мамандар даярлаудың маңызын ойластырсақ // Семей таңы.- 1974.-26 сентябрь.

Қожаев Қ. Талапты жерге нұр жауар // Ертіс өңірі.-2004.-15 желтоқсан.-24 б.

Шебалина С. Техникумға – 50 жыл // Семей таңы.-1981.-23 сентябрь.


*15 тамыз Ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбайдың туғанына

60 жыл (1951)


Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай 1951 жылы 15 тамызда қасиетті топырақ – Семей өңірі Абай ауданының Шаған ауылында дүниеге келді.

Абай ауданының бұрынғы Қызылту совхозы, қазіргі Тоқтамыс ауылының орта мектебін бітірген соң, 1974 жылы Алматыдағы университеттің журналистика бөлімін бітіргеннен бері қаламгерлікпен шұғылданып келеді.

Журналист. Публицист. Ақын. Сыншы. Прозашы. Ғалым. Үстаз. Қайраткер. Үлтын сүйетін үлтшыл азамат. Абайтанушы.

Тұрсын өмір табалдырығын журналист болып аттағанмен, әдебиет есігін ақын болып ашқанын біреу білсе, біреу білмес. «Замандасым, сырласым» атты тырнақалды жинағынан кейін жарыққа шыққан жыр жинағы «Қоңыр қаз» (1978) бен «Жүрегімде жұмыр жер» деп аталады. Бірақ ақын өзінің айтарын өлеңге сиғыза алмасын сезді де көркемсөз саласына бет бұрды. Соның нәтижесінде «Бесқарагер» (1982) және «Жер-бесік» (1985) атты прозалық жинақтар дүниеге келді. Осы екі кітапқа кірген шығармалардың қай -қайсы да кейіпкер жан-дүниесінің толқынына, сезім-сырына, іштей психологиялық иірімге құрылған классикалық үлгідегі көркем шығармалар. Бүл көркем шығармалар арқылы қаламгер прозаға өзінің үлкен дайындықпен келгенін дөлелдеді.

Ол «Жұлдыз» журналының сын бөлімінде табан аудармай он жыл істеді. Ондағы сыншылдық жазу оны әуезовтануға алып келді. Ұзақ жылғы ізденістерден соң М.Әуезовті барынша толық ашқан және «Оқыған азамат», «Қаралы сүлу», «Көксерек» сияқты әңгіме-повестердің жазылу тарихын жан-жақты талдаған «Бесігіңді түзе» роман-эссе дүниеге келді. Осыдан кейін суреткердің «Қилы заман» повесін қолға алып, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты архив құжаттарын пайдалана отырып, жарыққа шыққан «Бейуақ» атты тарихи еңбегі мен ұлы жазушының сол бір қудалану жылдарындағы сүреңсіз оқиғалардан сыр толғайтын «Талқы» атты зерттеу кітабы жарыққа шықты. Осы аталған үш еңбек Әуезовтің өмірі мен шығармашылығьш арқау ете отырып жазылған шоқтығы биік дүниелер.

Жазушы тәуелсіздіктің жырын жырлап, ұлт тағдыры, ел тарихы туралы проблемалық һәм танымдық мақалаларды көп жазды. Көне түркі батырлары туралы «Дулыға» атты тарихи әфсаналардан тұратын екі томдық ғылыми көркем еңбек жазып шығарды, мұнда көне түрік жұртының екі мың жылдық тарихы баяндалады.

Көркем шығармалары мен зерттеу еңбектері әлемнің 15 тіліне, ал ғылыми еңбектері ЮНЕСКО-ның ресми тілдеріне аударылған ғалым, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай Қазақстан Жазушылар Одағының Ш.Құдайбердіұлы атындағы «Алаш» және І.Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтардың иегері. Қазіргі уақытта Астанадағы «Отырар» кітапханасының ғылыми орталығының директор

Әдебиеттер:


Жұртбай Т. Ғылым тәуелсіз болмай мемлекет мұратқа жепейді / Зекенұлы Қ. // Ертіс өңірі.-2010.-24 қараша.-10 б.

Омашұлы Н. «Сүре сөз»: (Ғалымның шыққан кітабы туралы) // Қазақ әдебиеті.-2006.-19 мамыр.-12 б.


29 тамыз Семей атом полигогының жабылғанына

20 жыл (1991)


Семей атом полигоны бүкіл әлем назарын аударып отыр. Бұл күндер қазақстадықтардың мәңгі есінде.

1940 жылдың соңында Семей аймағында ядролық сынақтар жүргізу үшін 18 500 шақырым жер бөлінді. Абыралы ауданы таратылып, көптеген тұрғындар ата-бабасын қызғыштай қорып келген жерін тастап басқа жаққа көшуге мәжбүр болды. Сөйтіп біздің өңірде Семей атом полигоны құрылды.

1949 жылғы 29 тамызда әлемде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат жетіде 38 метр биіктікте қуаты 20 килотонналық алғашқы ядролық сынақ өткізілді. 1953 жылы 12 тамызда әлемде ең бірінші рет термоядрролық бомба сынақтан өтті, ал 1955 жылғы 22 қарашада сутегі бомбасы сыналды.

1949 –1989 жылға дейін 40 жыл ішінде Семейден 120 шақырым жердегі полигонда 458 ядролық жарылыстар, 88 әуе, 30 жер үсті, 340 жер асты жарылыстары жасалған екен. Олардың қуаты бірнеше килотоннадан 1,5 мегатоннаға дейін жетті. Осы кезең ішінде 500 мыңнан астам адам ионды сәуле алды.

1987 жылғы 17 ақпандағы кезекті жарылыс кезінде атмосфераға улы газдар шығып кетті.

Осы жарылысты тоқтатуға тиым салуға үн қосқан қайраткер, ақын О.Сүлейменов болды. Антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының ұйымдастыруымен сол жарылыстың ауызына құм құйылды. Бүгінде «Невада-Семей» қозғалысының ұйымдастырылуы бүкіл әлемде бебйбітшілікті қорғау және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне Қазақстанның қосқан үлесі зор екенін, бұл әлем бойынша елеулі оқиға екенін айтуға болады.

Бәрінен бұрын, Қазақстан өзінің ядролық қаруға қарсы мемлекет екенін сөзбен емес, іспен дәлелдей білді.


Әдебиеттер:


Жолымбет Қ. Адамзат тарихындағы айтулы қадам // Ертіс өңірі.-2009.-24 маусым.-8-9 б.

Қажыбекова Қ. Елдік пен ерлікке пара-пар // Семей таңы.-2009.-3 қыркүйек.-3 б.

Мұздыбай С. «Невада-Семей» қозғалысына 15 жыл // Ертіс өңірі.-2004.-11 наурыз.-8 б.

Мұқатай Ж. ХХІ ғаыр – ядролық қарусыз // Дидар.-2004.-13 қараша.-5

Нұғманбекова Р. Полигон аймағының жарасы қашан жазылады? // Дидар.-2004.-16 қазан.-2 б.

Шарапиева Л. Н.Назарбаев: «Қасіреттен көз ашып, серпілген Семейдің келешегі кемел» // Семей таңы.-2009.-25 маусым.-1 б.


10 қазан Жазушы Ғазиз Сапаевтың туғанына

85 жыл (1926)


Тарбағатайдың Ақмектебінде дүниеге келген жазушы тағдырдың жазуымен жеті жасында әке-шешесімен Қытайға өтті.

17 жасында атамекенін аңсаған жасөспірім жігіт қайтадан Қазақстанға келеді. Туған жеріне, туған өлкесіне Ғазиз Сапаев Ұлы Отан соғысының тұсында, ауыр шақта келді. Ол бірден еңбекке араласып, бір жағынан оқып орта білім алады.

Семейдегі мұғалімдер институтын бітірген болашақ жазушы он жылдан астам уақыт мектепте мұғалімдік қызмет атқарды.

1959 жылы тамыз айында облыстық «Семей таңы» газетіне қызметке ауысты. Содан табан аудармай 1981 жылға дейін істеп, зейткерлік демалысқа шықты.

Ғазиз Сапаев 1960 жылдан Журналистер, 1974 жылдан Жазушылар Одағының мүшесі. Баспадан жеті повесі мен екі драмасы жарық көрді. Екі пьесасы Семейдің Абай атындағы музыкалы драма театрында жарық көрді. «Тойым-той», «Қиын екен қыз дегенің» драмалық шығармалары мыңдаған көрерменге ұсынылды.

Жазушының жеке кітап болып шыққан «Жыл Жемісі», «Менің көгершінім», «Гүлдана», «Туған жерден алыста» ,»Сағыныш» повсетер мен әңгімелер жинақтарының авторы. Жақында ғана шыққан «Сағыныш» романы Шыңжаңда өткен он жылдық өмірін (1933-1943) шынайы баяндайды.


Әдебиеттер:


Сапаев Ғ. Гүлдана: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1977.-171 б.

Сапаев Ғ. Жол үстінде.- Алматы: Жазушы, 1989.-216 б.

Сапаев Ғ. Жыл жемісі.- Алматы, 1963.

Сапаев Ғ. Менің көгершінім.- Алматы: Жазушы, 1969.- 68 б.

Сапаев Ғ. Туған жерден алыста .-Алматы: Жалын, 1983.-208 б.

Сапаев Ғ. Сағыныш.- Алматы: Фолинат, 2002.-344 б.

Сапаев Ғ. Ақын болуды аңсадым // Семей таңы.-2001.-31 тамыз.-4 б.

Сапаев Ғ. Журналистік жолда // Семей таңы.-2004.-3 желтоқсан.-11,15

Есейген Есен ортамызға орлады // Семей таңы.- 2003.-13 маусым.-2 б.

Қарт қаламгер // Семей таңы.-2001.-5 қазан.-2 б.


11 қазан Жазушы Роллан Сейсенбаевтың

туғанына 65 жыл (1946)




Роллан Шәкенұлы Сейсенбаев 1946 жылы Семейде туған. 1970 жылы Семей инженер-технологиялық институтын бітірген. Іскер жас жігіт облыстық комсомол комитетінде, қалалық атқару комитетінде қызметтер атқарған.

М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғарғы курсты бітірген.

Қазақ жазушысын өз жұрты ғана емес, өзге жұрт та таныды. Оның «Тау басында түсйіскен жол», «Түнгі диалог», «Сағынтып жеткен жаз еді» кітаптары қазақ оқырмандарына қазақ тілінде жетті. Жазушы жиырма жылдан астам уақыт Мәскеуде Жазушылар Одағы қазақ әдебиетінің өкілі болып қызмет атқарады. «Всего одна ночь», «Если хочешь жить», «Дни октября», «Трон сатаны» т.б. кітаптары орыс, ағылшын тілінде шықты.

Төрткүл дүниеге Абайды танытуды алдына мақсат етіп қойды. Абай арқылы қазақты бүкіл әлемге танытты. Шетелде Абайды он бес тілге аудартты. 1995 жылы Лондон қаласында «Абай үйі» ашылды.

Роллан Сейсенбаев тек проза ғана емес, драмалық шығармалар да жазды. Оның «Өзім іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы драматургтердің Бүкілодақтық конкурсында жүлдеге ие болды.


Әдебиеттер:


Сейсенбаев Р. Өмір қымбат, Отан одан да қымбат // Парасат.-1995.-№ 5.-13 б.

Сейсенбаев Р. Адамдарды ізгілік біріктіреді // Семей таңы.-1991.-12 сәуір.

Сейсенбаев Р. Азамат жазушы // Өркен.-1993.-2 қаңтар.-10 б.

Сейсенбаев Р. Ұлы мұралар ұрпаққа жетеді // Егемен Қазақстан.-2002.-13 сәуір.-6 б.

Жұртбай Т. Елі үшін еңіреген жүрек // Қазақ әдебиеті.-2006.-20 қазан.-11 б.

Зекенұлы Қ. Жазушымен кездесу // Семей таңы.-2001.-9 ақпан.-5 б.


15 қазан Қазақстанның Халық артисі

Тұратай Иісованың туғанына

80 жыл (1931-1994)


Тұратай Иісова 1931 жылы 15 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаракестек ауылында дүниеге келген.

Актрисаның өнерге деген жолы күтпеген жерден басталды. Оның негізгі мақсаты мұғалім болатын. Тағдырдың жолымен өнер жолына қалай түсіп кеткенін өзі де байқамай қалды. 1949 жылы көркемөнер учлищесіне режиссер Асқар Тоқпановтың класына қабылданады. Оны бітіргеннен кейін Алматыдағы М.Әуезов атындағы драма тетарына қабылданып, үлкен Е.Өмірзақов, Қ.Қуанышбаев, С.Майқанова т.б.өнер майталмандарымен еңбек етті.

1956 жылдан өмірінің соңына дейін Семей қазақ музыкалық драма тетарында актриса болып қызмет атқарды. Иісованың орындаған рольдері арасында Еңлік, Қарлыға, Әйгерім, Ақтоқты, Әлиман, Жәмила (Ш.Айтматовтың «Ана – Жер ана», «Жәмила»), Д.Исабековтің Әпкесін, Ә.Тәжібаевтың «Майрасындағы» Майра, «Мөлдір махаббаттағы» Бәтес тағы басқа классикалық, комедиялық, трагедиялық бейнелерді шебер сомдауда жұлдызы жарқырай түсті.

Сахна шебері, Қазақстанның Халық артисі Т.Иісованың өнердегі жолы өз көрермендерінің есінде.


Әдебиеттер:


Жұманов Б. Сахна гүлі // Қазақстан әйелдері.-1961.-№ 12.-23 б.

Қамбаров Ж. Актриса жолы: (Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі Т.Иісованың шығармашылық портреті) // Семей таңы.-1982.-8 май.

Қамбаров Ж. Сан сырлы сахна.-Алматы, 2004.-260 б.

Мұхамеджанова Б. Жол алға асықтырады // Семей таңы.-1977.-6 май.


15 қазан Сазгер, Қазақстан Республикасының

еңбек сіңірген мәдениет қызметкері

Тұрсынғазы Рахимовтың

туғанына 60 жыл (1951)


Сазгер Тұрсынғазы Рахимов өз өнерімен қалың қауымды сүйсінтіп жүрген әнші, сазгер. 1994 жылы сазгердің «Сәби болғым келеді» деген атпен әні шықты.

Әр әннің өз тағдыры, өз дауысының бояуы, жүрек лүпілі болады. Иісі қазақ жұртының қан тамырындай бүлкілдеген сол бір нұрлы айшықтың ішінде сазгердің де өз үні бар. Оның әндерінің жол табуына себепкер болған адам – ақын Мұқағали Мұқатаев.

Әншінің ақиық ақын М.Мақатаевтың «Нені аңсаймын», «Дариға, домбырамды берші маған», «Дұшпаның бар ма дейсің», «Қырықта дәнеңе жоқ», «Аягөз ару», «Санаулы күн», «Ғашықпын», «Я жаратушы Аллам», «Қазағым-ай» сынды бірнеше өлеңдеріне ән жазды.

Сазгердің «Батыр баба – Қабанбай», «Ән атасы - Әміре» Әсетке арналған «Сағынбасқа не шара», Жәнібек Кәрменовке арналған «Ақ бөкен» атты әндері әншінің шын жүрегінен туған.

100-ге тарта әннің авторы сазгер шығармышылығымен жемісті еңбек етуде.


Әдебиеттер:


Рахимов Т. Нені аңсаймын.-Өскемен: Медиа-Альянс, 2004.-180 б.

Дүйсенбек Ә. Сәби сезім, сыршыл жүрек // Егемен Қазақстан.-2004.-3 шілде.-8 б.

Иманбаева А. «Сәби боғым келеді»... // Мәдениет.-2010.-№ 4.-17-19 б.
  1   2

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана iconШығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
Абай атындағы әмбебап кітапхана 1999 жылдан бері «Семей аймағында аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегін» электронды...

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана iconШығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2012 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана 1999 жылдан бері «Семей аймағында аталып өтілетін және еске алынатын күндер...

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана iconА. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана директоры
Азаматтардың ақпаратқа құқығын қамтамасыз ете отырып, кітапхана оқырмандарға Интернетті пайдалануды ұсынады

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана icon2010 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының, облыстық Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театры Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арнап
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының, облыстық Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театры Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арнап,...

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана iconБюллетень новых поступлений библиографический указатель, отражающий информацию о текущих поступлениях за 1-ый квартал 2012 года
Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана қорына 2012 жылдың бірінші тоқсанында келіп түскен жаңа...

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана iconЖ. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап
Азақстан республикасының мемлекеттік нышандары туралы казақстан Республикасы Президентінің Жарлығы: [1996 ж. 24 қантар] //Егемен...

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана iconОқырман конференциясы 20-22 қыркүйек
Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында 2011 жылы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында жазушы...

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана iconШығыс Қазақстан облысының білім
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 3 шілдедегі №4/49-V, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде...

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана iconА. С. Пушкин атындағы шығыс қазақстан облыстық кітапханасы
Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. Астана : Фолиант, 2011. 304 б

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница