Скачать 140.39 Kb.
|
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 253/8 қаулысымен бекітілді «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы орган «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тұлғасында көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аттестаттау туралы куәлік. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау 4. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш бергенде, белгіленген нысан бойынша өтініш және Қазақстан Республикасы Ауыл шарауашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығымен бекітілген «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін негіздеме болып табылады. 5) Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап немесе порталға жүгінген кезде – 18 (он сегіз) жұмыс күні. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген сәттен бастап оларды қабылдайды және тіркейді, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды – 15 минут; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны анықтайды – 2 (екі) сағат; 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы және аттестациялық комиссия өтініш берушінің ұсынылған құжаттарының толықтығын тексереді – 1 (бір) жұмыс күні; Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, аттестациялық комиссия екі жұмыс күні ішінде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді. 4) аттестациялық комиссия, жергілікті жерге барып, өтініш берушіні және оның құрылымдық бөлімшелерін (болған жағдайда) тексеруді жүргізеді, тексеру нәтижелері бойынша біліктілік талаптарға сәйкестігі тақырыбында тексеру актісі құрастырылады және хаттама түрінде шешім ресімделеді – 8 (сегіз) жұмыс күні; 5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды – 5 (бес) жұмыс күні; 6) қаулы жобасын келісу және оны облыс әкімдігі отырысына шығару – 2 (екі) жұмыс күні; 7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру туралы облыс әкімдігінің қаулысы негізінде аттестаттау туралы куәлікті дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басқармасы басшысының қол қоюы және көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті беру – 1 (бір) жұмыс күні. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаға аттестаттау туралы куәлік беру. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау 8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде келесі құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) қатысады: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы; 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы; 4) аттестациялық комиссия; 5) облыс әкімдігі. 8. Әрбір әкімшілік рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу уақытын көрсетумен әрбір бірліктің әкімшілік рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін және өзара әрекеттесуін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау 10. Мемлекеттік қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді. 11. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібінің сипаттамасы: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап немесе порталға жүгінген кезде – 18 (он сегіз) жұмыс күні; 1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады; 2) 1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН мен паролін енгізуі (авторизациялау процесі); 3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру; 4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы; 5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және нысан талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандартта көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түрде көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы; 6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) тексеру; 7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚның расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; 8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеуі үшін электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) жіберу; 9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының қоса берген стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және негіздерін тексеруі; 10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; 11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ӨЭҮШ АЖОда қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген. 12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 253/8 қаулысына 2-қосымша Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Сауал Көрсетілетін қызметті алушы Павлодар облысы әкімді Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 253/8 қаулысына 3-қосымша «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Портал Аттестациялық комиссия Облыс әкімдігі Көрсетілетін қызметті алушы Ұсынылған құжаттарының толықтығын тексеру, оларды аттестациялық комиссияның қарауына жолдау (1 (бір) жұмыс күні). Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, аттестаттациялық комиссия екі жұмыс күні ішінде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді Бұрышама қою, құжаттарды жауапты орындаушыға жолдау (2 сағаттан аспайды) Көрсетілетін қызметті алушыға тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру туралы облыс әкімідігі қаулысын қабылдау (2 жұмыс күні Ұсынылған құжаттарды зерделеу, жергілікті жерге барып, тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын біліктілік талаптарына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестік деңгейін анықтау, тек-серу актісін құрастыру Құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон береді (15 минуттан аспайды) Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ көмегімен порталда тіркелуді (авторизациялауды) жүзеге асырады Өтініш Көрсетілетін қызметті алушыға тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындау (5 жұмыс күні) Аттестаттау туралы куәлікті дайындау және оны беру (1 жұмыс күні) Электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) жолдау Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі - тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау туралы куәлік Шартты белгілер
|
![]() | 5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы... | ![]() | Сот баллистикалық сараптама Сот баллистикалык сараптама объектілерінін әр алуандығын ескергенде, ол мына түр тармақтарына жіктелуі мүмкін атыс қаруының (оның... |
![]() | Зерттеу сот-сараптама әдістерін жетілдіру жӨнінде Фараби атындағы ҚазҰу- дің криминалистика және сот сараптама кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты | ![]() | «Бекітемін» «Ұлттық сараптама және сертификаттау» АҚ Ақтөбе облысы бойынша «Ұлттық сараптама және сертификаттау» АҚ ТҚко мобильді линия арқылы механикалық транспорт құралдары және олардың... |
![]() | Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары Осы Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін... | ![]() | Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі Осы Ереже бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептіліктің нысандарын, кезеңділігін, мерзімін, жасалу мен беру... |
![]() | Сот биологиялық сараптама Сот-сарапшылық биологиялық зерттеу көбінде жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, халықгар денсаулығы мен адамгершілікке қарсы қылмыстар,... | ![]() | Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)... |
![]() | 1 Сынып оқушыларының әлеуметтік-педагогикалық картасын жасау мен толықтыру. Қыркүйек 2 Оқушылар контингентіне талдау жасау, әлеуметтік құрамын анықтау, әлеуметтік көмек берілетін балалардың тізімін жасау | ![]() | Сақтандыру рыногының кәсіби қатысушылары мен және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерінің құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Архивтерді және құжаттарды басқару жөніндегі комитетінің Орталық... |