Тіл күніне арналған




Скачать 49.52 Kb.
НазваниеТіл күніне арналған
Дата конвертации27.09.2012
Размер49.52 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://37.astana-mektep.kz/files/Тил кунине арналган.doc
Тіл күніне арналған

«Абайдың – асыл мұралары»


/Тәрбиелік іс – шараның әдістемелік жоспары/


Дайындаған: Шапиева Ж.Ж.

Сабақтың тақырыбы: Абайдың – асыл мұралары.


Сабақтың мақсаттары:


Білімділік:

Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі мен шыңармашылығын білу;


Дамытушылық:

Абайдың өскен ортасы, шығармашылығы туралы айта білу, мәнерлеп оқу, жатқа айту, ән айту.


Тәрбиелік:

Халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшыл, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері, әндері мен қарасөздерінің таралуын насихаттау. Бүгінгі ұрпақтардың Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.


Сабақтың түрі:

Ашық тәрбие сабағы.


Жұмыс түрі:

Әдеби ән – күй композиция


Әдістері:

Іздендіру, мәнерлеп оқу, жатқа айту, ән айту.


Көрнекіліктері:

Абайдың портреті, Абайдың өлеңдер жинағы, М.Әуезовтың «Абай жолы» атты төрт томдық кітабы, қарасөздері, плакатқа жазылған нақыл сөздер, қабырға газеті, рефераттар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Әнұран орындау.


ІІ. Кіріспе бөлім.

Жүргізушілер сөзі.


ІІІ. Негізгі бөлім.

  1. «Өнегелі өмірбаян».

Абайдың өмірбаянын оқу.


  1. «Ұлы ақын».

а) Абайдың ақындық жолына тоқталып өту.

ә) Абайдың әндерін мәнерлеп оқу.


3. «Абай - аудармашы».

а) Ақынның орыс тілінен аударған өлеңдері туралы қысқаша баяндама жасау.

ә) Аударған өлеңдерін мәнерлеп оқу.


4. «Абай - философ».

а) Абайдың қарасөздеріне қысқаша тоқталып өту.

ә) Қарасөздерін өз сөздерімен оқып беру немесе мазмұндау.


5. «Абай -сазгер».

а) Абайдың жазған әндеріне шолу.

ә) Әндерін орындау.


6. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясына тоқталып өту.


7. «Абайға арнау».

а) Басқа ақын жазушылардың Абайға арнап жазған өлеңдерін оқу.

ә) Оқушылардың өздері шығарған өлеңдерін тыңдау.


8. Бекіту.


І жүргізуші:

Армысыздар, құрметті оқушылар, ұстаздар!

Бүгін Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі.

Алғаш рет 1998 жылы 21 мен 27 қыркүйек аралығында Тілдер мерекесінің апталығы Республика бойынша аталып өтті. Содан бері жыл сайын Тілдер күні үлкен ресми іс – шаралар жүргізу дәстүрге айналған. Тіл халықпен бірге дамиды. Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұратымыз – ана тіліміз – қазақ тілі.


ІІ жүргізуші:

Бүгінгі біздің өнеге сағатымыз Абай шығармашылығының таралуына арналады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, Абай біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», – деп бағалаған.

Абай туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің бастауы, қамқоры. Ұлы Абай бабамыздың өмірі мен шығармашылығын, әсем әндерін кейінгі ұрпақтары жақсы біледі. Өнегелі өрендер бүгінгі сабаққа үлкен даярлықпен келіп тұр. Олай болса мереке құтты болсын! Той тойға ұлассын!


І жүргізуші:

Парасатты болып туған

Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұра қылған

Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған

Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған

Бүкіл елдің Абайы,–

дей отырып, бүгінгі «Абайдың асыл мұрасы» атты сабағымызды ашық деп жариалаймыз.


ІІ жүргізуші:

«Өнегелі өмірбаян».

Ақынның ата қоныс жері қандай?

Ата – баба, әулеті, тегі қандай?

Ақынды тебіренткен, күңіренткен,

Ұшқан ұя,ортасы, елі қандай?


а) Ақынның өмірбаяны.


І жүргізуші:

«Ұлы ақын».

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.


а) Ақындық жолына тоқталып өту.

ә) Абайдың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу.


ІІ жүргізуші:

«Абай – аудармашы».

а) Ақынның аудармашылығы туралы мәлімет.

ә) Аударған өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу.


І жүргізуші:

«Абай – философ»

а) қарасөздеріне қысқаша тоқталып өту.

ә) қарасөздерін мәнерлеп оқу немесе мазмұндау.


ІІ жүргізуші:

«Абай - сазгер»7

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй...


а) Абайдың сазгерлік жолына тоқталып өту.

ә) Әндерін орындау.


І жүргізуші:

«Абай жолы» эпопеясы – М.Әуезовтың басты кітабы. ЮНЕСКО – ның шешімімен 1995 жылы Абайдың 150 жылдығына арналған той ақынның туған жері Семей өңірінде аталып өтті. Елбасы Жидебайдағы мереке кезінде «Зерде» кітабына: «Абайдың сөзі – қазақтың бой тұмары. Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі – бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді. Абайдай данышпан перзентті дүниеге әкелген қазақ халқы ата – бабаларының арманы болып келген ел тәуелсіздігін көзінің қарашығындай сақтайтындығына, қорғайтынына сенемін. Ылайым, халқымыз Абай армандаған өмірге жетсін деп тілеймін», – деген қолтаңба қалдырды.


ІІ жүргізуші:

Ұлы ақынға арнау.

а) Басқа ақын – жазушылардың Абайға арнап шығарған өлеңдерін оқу.

ә) Оқушылардың өздері шығарған өлеңдерін тыңдау.


І жүргізуші:

Халқым сүйер Абайды,

Таңдандырар талайды.

Ұлы ақынды еске алып,

Жүрсеңіздер жарайды, –


деп бүгінгі сабағымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Тіл күніне арналған iconОблыс әкімі Қ. Бозымбаевтың 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиындағы

Тіл күніне арналған iconАудан әкімі Х. Н. Омаровтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыста

Тіл күніне арналған icon«Айгөлек» сауықтыру лагерінің ашылуы және 1-маусым балаларды қорғау күніне арналған сатанатты жиыны

Тіл күніне арналған iconМенің Отаным Қазақстан. Ведущий 1: 
...

Тіл күніне арналған iconМенің Отаным Қазақстан. Ведущий 1: 
...

Тіл күніне арналған iconҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында
Р мемлекеттік Орталық музейі 2011 жылдың 1 қазанында Алматы қаласының барлық зейнеткерлерін Халықаралық қарттар күніне арналған «Сізге...

Тіл күніне арналған iconПрограмма праздничных мероприятий «Жұулдызы жарқыраған Тәуелсiздiк»
Сіздің назарыңызға ҚР-ның Тәуелсіздік күніне арналған бағдарламаны танысу және орындау үшін жіберіп отырмыз, мекеме ұжымының белсенді...

Тіл күніне арналған icon1 «Аналар – асыл жандар» мерекелік кеші
Бүгінгі 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – асыл жандар» атты мерекелік кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер

Тіл күніне арналған iconҚыз: Самал жел, сен неге ызғарлысың? Шынарлы биік қара тау, неге үндемейсің? Әлде менен шошынып тұрсың ба? О, жасаған, кешіре гөр, сені тастап кетіп барам жүгізуші
Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-тәу етер киелі ұғым» атты әдеби-сахналандырылған қойылымымызды бастауға...

Тіл күніне арналған icon«Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты 1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне арналған ертеңгілік Мақсаты
Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері,...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница