Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы




Скачать 492.97 Kb.
НазваниеҚазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы
страница1/3
Дата конвертации06.02.2016
Размер492.97 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://vmo.kst-goo.kz/images/stories/kazahskii/seminary/s1.doc
  1   2   3
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы жөніндегі әдістемелік ұсыныстар


Осы ұсыныста тексеру жүргізу барысында назар аударуды қажет ететін бақылау-тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру әдістемесі, тексеру жұмысының негізгі бағыттары, іс жүргізу және мұрағат ісінің мәселелері көрсетілген.

Әдістемелік құрал Кәсіподақтың сайланбалы органдарына, бақылау-тексеру комиссияларының мүшелеріне арналған.


МАЗМҰНЫ:


  • Кіріспе.

  • Кәсіподақтың қаржы жұмысы.

  • Тексеру комиссиясы қызметін реттеудің нормативтік құқықтық, жарғылық мәселелері.

  • Кәсіподақ ұйымдарында іс жүргізудің жеке мәселелері.

  • Тексеру нәтижелерін ресімдеу.


I. КІРІСПЕ



Кәсіподақ ұйымдары бақылау-тексеру органдарының дұрыс, ең бастысы пәрменді жұмысын ұйымдастыру – қазіргі кезеңдегі олардың қызметіндегі өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе қазіргі таңда, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» жаңа Заңын тәжірибелік жүзеге асыру кезеңінде аса маңызды болып отыр.

Саладағы барлық кәсіподақ ұйымдарының негізгі міндеттері ретінде 2014 жылдың 9-қазанында өткен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Съезі қаржы жүйесін әрі қарай нығайту мен тұрақтандыруды анықтады. Съезд кәсіподақ бюджетінің қаражатын толықтыру мен орынды жұмсауға жауапкершілікті арттыру, аумақтық ұйымдар деңгейінде жарғылық міндеттерді жүзеге асыруға кәсіподақ қаражатын нығайту жұмысын жалғастыру жөнінде міндеттемелер қойды.

Кәсіподақтың, оның бастауыш және аумақтық кәсіподақ ұйымдарының өкілеттік және әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіптік мүдделерін қорғау жөніндегі қызметінің тиімділігін арттыру Кәсіподақтың қаржы саясатына, барлық деңгейдегі кәсіподақ құрылымының қаражатын анағұрлым тиімді және орынды жұмсауға басты назар аударуды талап етеді.

Кәсіподақтың бастауыш және аумақтық ұйымдарының сайланбалы кәсіподақ органдары жинақталған тәжірибені ескере отырып, қазіргі таңда кәсіподақ ұйымдарының қаражатын жарғылық қызметтерді жүзеге асыруға, сайланбалы кәсіподақ органдары қызметінің нәтижелілігін арттыруға, сондай-ақ кәсіподақ жұмысын кадрлық қамтамасыз етуге, кәсіподақ ұйымдарының ақпараттық базасын нығайтуға, ақпараттық жұмыстың жаңа түрлерін дамытуға, кадрлар мен активті оқытуды, кәсіподақ ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіруге күш салып отыр.

Барлық деңгейдегі басқарушы органдардың қызметіне тиісті бақылаудың болмауы, тексерулер жүргізуге формальды қарау, әдетте, кәсіподақтар туралы заңнаманы, көптеген Кәсіподақ Жарғысын бұзушылықтарға, қаржы-шаруашылық қызметінде жекеленген теріс пайдаланушылықтарға әкеп соғады.

Қазіргі таңда барлық кәсіподақ мүшелері салалық кәсіподақтың құрылымына кіретін кәсіподақ ұйымдарының қызметін қатал және озық бақылауға мүдделі болулары қажет деген тезистің растығына көзіміз жетіп отыр.

2014 жылдың 9-қазанында өткен Кәсіподақтар Съезінің шешімдерін ескере отырып, кәсіподақтың басқарушы органдары мен бақылау-тексеру органдарының мүшелері, салалық Кәсіподақтың Жарғысымен анықталған кәсіподақ ұйымдары қызметінің барлық бағыттарына тиісті бақылауды қамтамасыз ететін бірыңғай жүйені құрулары қажет.

Бақылаудың бірыңғай жүйесін құру арқылы:

- бірыңғай нормативтік базаны жетілдіру;

- кәсіподақ бюджеті баптарының бірыңғай классификациясын, жоспарлау және есеп беру әдістемесін енгізу;

- қаржы құжаттары формаларының біртұтастығы, кәсіподақ жүйесі ішіндегі барлық звенолардың қаржылай есебінің қол жетімділігі;

- мүшелік жарналардың міндетті аударылуын қадағалау және мүшелік кәсіподақ жарналарын есептеу мен төлеуге қатысты қажетті ақпараттарды ұсыну қамтамасыз етіледі.

Қазіргі таңда Кәсіподақтың бақылау-тексеру органдарының жұмысын ҚР Бас Кеңесімен бекітілген Қазақстан кәсіподақтары Федерациясының қаржы саясатының Тұжырымдамасында көрсетілген негізгі принциптерге сәйкес құрған жөн.

II. КӘСІПОДАҚТАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖҰМЫС


Кәсіподақ қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі қаржылық жұмыс болып табылады.

Қаржылық жұмысқа «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Жарғысымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген мүшелік кәсіподақ жарналары мен басқа да кәсіподақ бюджетінің кірістерін жұмсау және есептілікті, сайланбалы кәсіподақ органдарының, бухгалтерлік есеп ұйымдарының шотына қаражаттардың түсуін, жинауын ұйымдастыруды қосатын сайланбалы кәсіподақ органдарының ұйымдастырушылық-қаржы шараларының жүйесі жатады.

Кәсіподақ қаржы жағынан тәуелсіз, өз мүлкі бар. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес қоғамдық ұйымдағы мүшелік кәсіподақ жарналарының да меншік иесі заңды тұлға ретінде сол қоғамдық ұйымның өзі болып табылады. ҚР Азаматтық кодексінің 106-бабы 1-т.сәйкес қоғамдық бірлестіктерге қатысушылардың (мүшелерінің) осы бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздерi мүшелерi ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттерi бойынша жауап бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейді. Кәсіподақ мүшесінің мүшелік кәсіподақ жарнасы ретінде Кәсіподаққа төлеп отырған қаражатқа құқығы жоқ.

Мүшелік кәсіподақ жарналарынан құрылатын Кәсіподақ қаражаты жарғылық нормаларға сәйкес, Кәсіподақ Жарғысымен, мүшелік ұйымдардың жарғыларымен көзделген тәртіпте Кәсіподақтың, оның барлық құрылымдық звеноларының (бастауыш және аумақтық кәсіподақ ұйымдарының) қызметтерін қаржылай қамтамасыз етуге бағытталады.

Аталған заңнамалық нормаларға және Кәсіподақ Жарғысының нормаларына сәйкес кәсіподақ ішіндегі құрылымдар (кәсіподақ ұйымдары) арасында қаражаттарды бөлу жоғарыдан төмен сайланбалы алқалық кәсіподақ органдарының немесе кәсіподақ конференцияларының, съездерінің шешімдерімен жүзеге асырылады.

Кәсіподақ Жарғысына сәйкес кәсіподақ мүшесі айлық жалақысынан, шәкіртақысынан ай сайын 1% мөлшерде мүшелік кәсіподақ жарнасын төлеп тұрады.

Кәсіподақ ұйымының ақшалай қаражаты, Кәсіподақ ұйымының (Комитеттің, Кеңестің, Атқару комитетінің Пленумымен) сайланбалы уәкілетті алқалық органының шешімімен бекітілген смета негізінде жұмсалады.


Уәкілетті органның ұйымдастыру-қаржы жұмысының

негізгі бағыттары:


- мүшелік кәсіподақ жарналарын жинауды және сақтауды қамтамасыз ету;

- уәкілетті органның мәжілісінде бір күнтізбелік жылға арналған кәсіподақ бюджетінің табыс және шығыс сметасын құрып бекіту;

- кәсіподақ ұйымы сметасының орындалуын ұйымдастыру;

- кәсіподақ ұйымының сайланбалы органы аппаратының штатын қаржылай қамтамасыз ету;

- кәсіподақ кадрлары мен активін оқытуды, сайланбалы кәсіподақ органының ақпараттық, әдістемелік және басқа да ұйымдастырушылық қызметін қаржылай қамтамасыз ету;

- кәсіподақтың құрылымдық ұйымдарындағы кәсіподақ қаражатының жұмсалуына қаржылай бақылауды қамтамасыз ету;

- кәсіподақтың қаражатын үнемді, тиімді және орынды жұмсау жөніндегі шараларды дайындау;

- ұсыныстар дайындап, мүшелік кәсіподақ жарналарын аударым түрінде жинау туралы ережені өңірлік келісімдер мен ұжымдық шарттарға енгізу;

- бюджет қаражатын мәдени-бұқаралық жұмысқа, кәсіби мерекелерді, «Жыл мұғалімі», «Білімдегі көшбасшы» және т.б. байқау-сайыстарды өткізуге бағыттау туралы өңірлік келісімдерге ұсыныстар дайындау;

- кәсіподақ ұйымындағы ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың есебін жүргізу;

- жартыжылдыққа және күнтізбелік жылға арналған кәсіподақ бюджеті сметасының орындалуы туралы қаржылық есепті құрып, оны өкілетті органның комитетіне бекітуге енгізу;

- белгіленген нысандар бойынша салық органдарына қаржылық есептер;

- мүшелік ұйымдардың, филиалдардың, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының және т.б. бақылау-тексеру комиссияларының жұмысына жәрдемдесу.


Кәсіподақтың сайланбалы алқалық органының сметасы


Кәсіподақ ұйымдары Кәсіподақтың Жарғысына сәйкес өз қаржылық жұмысын сметалар негізінде құрады.

Кәсіподақ ұйымының сметасы – кәсіподақ ұйымының қарамағына тиісті бір күнтізбелік жылға түсетін ақшалай қаражаттарды қалыптастыру мен пайдаланудың қаржылық жоспары.

Кәсіподақ органының сметасы кәсіподақ комитетінің келешектегі жұмыс жоспары және оның жарғылық міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі тұрақты комиссялары негізінде әрбір күнтізбелік жылға бекітіледі.

Сметаның жобасын Кәсіподақ ұйымының атқарушы органы алдын ала талқылап, қарайды және кәсіподақ ұйымының өкілетті органына бекітілуге енгізіледі.

Уәкілетті орган жоғарғы кәсіподақ органдарымен анықталған жағдайлардан басқа, сметаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгертулер енгізуге құқылы (жоғарғы сайланбалы кәсіподақ органына қаражаттарды аудару пайызы, сондай-ақ қаржылық жұмыстың бағыттары (көрсеткіштері) бойынша қаржылық шығындардың шектеулі нормалары).

Сметаның баптары абсолюттік цифрлармен де, кәсіподақ ұйымының жалпы табысына пайызбен де көрсетіледі.

Смета кәсіподақ ұйымындағы екі маңызды қызметті атқарады:

- өкімдік (қаражаттардың тиісті шығынына құқық беріледі, өйткені сметаны кәсіподақ ұйымының тиісті уәкілетті органы бекітеді);

- тәртіптеу (шығындарды тәртіптеп, кәсіподақ ұйымының қаржы қызметін реттейді).

Смета табыс және шығыс бөлімдерінен тұрады.

Кәсіподақтың Жарғысына сәйкес кәсіподақ ұйымдарына олардың қарамағындағы қаражаттарды пайдалануға кеңінен еркіндік берілген.

Сметаларды құру кезінде кәсіподақ комитеттері басшылыққа алатын негізгі принциптер:

  • орынды;

  • ұтымды;

  • үнемді;

  • жарғылық қызметке бағыттылық.

Сонымен қатар, Кәсіподақтың Жарғысына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тиісті жоғарғы кәсіподақ ұйымдарының сайланбалы алқалық кәсіподақ органдары Кәсіподақтың құрылымына кіретін кәсіподақ ұйымдарындағы қаражаттың орынды жұмсалуына, қаржылық жұмыстың жағдайына ішкікәсіподақтық (ведомстволық) бақылауды жүзеге асыруға құқылы (тексерулер жүргізу, қаржылық жұмысты талқылау және сайланбалы кәсіподақ органдарының мәжілістерінде басқарушылық шешімдерді қабылдау, тәуелсіз аудит жүргізу).


III. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ

НОРМАТИВТІК-ЖАРҒЫЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


Кәсіподақтағы бақылау-тексеру комиссиясы Кәсіподақ Жарғысымен, мүшелік ұйымдардың жарғыларымен, кәсіподақтың тиісті құрылымы туралы ережелермен (филиал туралы, бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы), Кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиялары туралы Ережемен белгіленеді.

Бақылау-тексеру комиссиясының негізгі міндеті кәсіподақ бюджетінің сметасын орындау жөніндегі кәсіподақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметінің құжаттамалық тексерулерін жүргізіп, сонымен қатар кәсіподақ органдарының қызметіндегі жарғылық нормалардың қадағалануына, кәсіподақ статистикасының анықтығына, іс жүргізу мен істердің өтуінің дұрыстығына, съезде, кәсіподақ конференциясында, жиналыста айтылған сын ескертулер мен ұсыныстардың орындалуына, кәсіподақ мүшелерінің пікірлері мен шағымдарының уақытында қаралуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Бақылау-тексеру комиссиясы өз қызметі жөнінде кәсіподақ ұйымының сайланбалы кәсіподақ органымен қатар жиналыста, конференцияда, съезде есеп береді.


Тексеру комиссиясының жұмыс тәртібі


Бақылау-тексеру комиссиясы мен олардың сандық құрамын сайлау тәртібін кәсіподақ ұйымының жиналысы, конференциясы және съезі анықтайды. Бақылау-тексеру комиссиясы өз құрамынан төрағаны ашық дауыс беру арқылы сайлайды.

Бақылау-тексеру комиссиясы бұрын өткізілген тексерулер нәтижесі бойынша ұсыныстардың орындалуын, тексерулер жүргізу мерзімін анықтайтын жоспар бойынша жұмыс жасайды. Қажет жағдайда қаржылық жұмыстың жеке учаскелерін тексеру жоспарланады. Жұмыс тәртібін, тексерулер жүргізу тәртібі мен олардың нәтижелерін, сондай-ақ алдыңғы тексерулер бойынша ұсыныстардың орындалуын комиссия өз мәжілістерінде қарайды.

Комиссия мәжілісі қажет жағдайда өткізіледі.

Кәсіподақ органының құжаттамалық тексерісі соңғы тексеріс күнінен бастаған мерзімге, кемінде жылына бір рет, ал маңызды қателіктер мен теріс пайдаланушылықтар анықталған жағдайда қаржы-шаруашылық қызметінің тексеру жүргізілген мерзіміне де жүргізіледі.

Қажет жағдайда бақылау-тексеру комиссиясы кезектен тыс (жоспардан тыс) тексерулер жүргізеді. Құжаттамалық тексерулер кәсіподақ жиналыстары, конференциялары мен съездерінің алдында өткізіледі.

Тексерілетін кәсіподақ органы бақылау-тексеру комиссиясының ұсынысымен келіспеуі мүмкін, бірақ ол бақылау-тексеру комиссиясының ұсынысын жоққа шығаратын шешім қабылдай алмайды. Кәсіподақ органы мен бақылау-тексеру комиссиясының арасында мұндай жағдайда туындаған келіспеушіліктерді жоғарғы сайланбалы кәсіподақ органы немесе тиісті кәсіподақ ұйымының жоғарғы басқару органы болып табылатын кәсіподақ жиналыстары, конференциялары мен съездері қарайды.

Жоғарғы кәсіподақ ұйымының бақылау-тексеру комиссиясы тексеру комиссиясына қатысты басқарушы органның төменгі кәсіподақ ұйымы болып табылмайды.

Кәсіподақ тікелігі бойынша бақылау-тексеру комиссияларының өзара қарым-қатынастары әріптестік, өзара көмек және өз қызметтерін жүзеге асыруда қолдау көрсету принциптері негізінде құрылады. Жоғарғы кәсіподақ ұйымының бақылау-тексеру комиссиясы төменгі ұйымның тексеру комиссияларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетіп, жоғарғы кәсіподақ органының шешімі бойынша төменгі кәісподақ органдарының қызметіне тексерулер жүргізе алады.

Төменгі аумақтық кәсіподақ ұйымы мен оның сайланбалы кәсіподақ органдары мүшелік жарналарды толық мөлшерде аудару туралы шешімді 3 айдан артық орындамаған жағдайда, кәсіподақ ұйымы комитетінің бастамасы бойынша бақылау-тексеру комиссиясы Кәсіподақ Жарғысын бұзған ұйымның бақылау-тексеру комиссиясымен бірге оның қаржылық қызметіне талдау жасап, Кәсіподақ Жарғысына сәйкес шара қабылдау үшін ұсыныс енгізе алады.

Конференциялар арасындағы мерзімде бақылау-тексеру комиссиясы жоғарғы кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының басшылығымен жұмыс жасайды.


Тексеру комиссиясы жұмысының негізгі бағыттары мен мазмұны


Бақылау-тексеру комиссиясы кәсіподақ ұйымында төмендегідей нормативтік-жарғылық және құрылтай құжаттардың болуын тексереді:

- кәсіподақтың Жарғысы;

- мүшелік кәсіподақ ұйымының Жарғысы;

- филиал туралы Ереже;

- бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы Ереже;

- заңды тұлғаны, филиалды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

- БСН болуы;

- банктік қызмет көрсету шартының болуы.

Бақылау-тексеру комиссиясы кәсіподақ ұйымында Кәсіподақтың Атқару Комитетімен бекітілген Есептік саясаттың болуын тексереді.

Есептік саясат төмендегідей негізгі бөлімдерден тұрады:

а) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру (бухгалтерлік есеп қандай тәсілмен жүргізіледі, ұйым бухгалтерлік есептің қандай көрсеткіштерін пайдаланады);

б) бухгалтерлік есептік әдістемесі (мақсаттық түсімдердің, негізгі қаражаттар мен материалдық-өндірістік қорлардың есебі);

в) салық салу мақсаттары үшін есептік саясат.

Есептік саясатта:

- бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары;

- шаруашылық қызмет фактілерін ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының формасы;

- түгендеуді жүргізу тәртібі;

- құжат айналымының тәртібі;

- шаруашылық операцияларын бақылау тәртібі көрсетілуі тиіс.


Кассалық операцияларды жүргізу тәртібін тексеру


Бақылау-тексеру комиссиясы кассалық операциялардың қолма-қол ақшалай қаражаттармен жұмыс тәртібі туралы қолданыстағы талаптар мен ережелерге сәйкес дұрыс жүргізілуін тексереді.

Тексеру басталғанға дейін бақылау-тексеру комиссиясы:

1. Бухгалтер-кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың болуын тексереді.

2. Банктік шоттың шартын талдап, ұйымның кассадағы қалдық лимитін қадағалауды тексереді.

3. Кассалық кітаптың, кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеу журналының дұрыс жүргізілуін, кіріс және шығыс ордерлерін ресімдеу тәртібін, заңды тұлғалар арасындағы қолма-қол ақшалар есебін тексереді.

Кассаны тексеру кезінде кассадағы ақшалай қаражаттар мен басқа да құндылықтар толық есептеп саналады. Кассадағы ақшалай қаражаттың қалдығы кассалық кітап бойынша есеп деректерімен салыстырылып тексеріледі. Тексеру нәтижесі бойынша комиссия «Қолма-қол ақшалай қаражатты тексеру туралы» актісін жасайды. Кассадағы құндылықтардың жетіспеушілігі немесе артықтығы анықталған жағдайда, актіде олардың сомасы мен туындау себептері көрсетіледі. Акт аумақтық ұйымның кассасындағы ақшалай қаражаттардың нақты болуын (қолма-қол ақшаның, құнды қағаздардың және т.б.) тексеру нәтижелерін көрсету үшін қолданылады. Акт 3 данада жасалып, оған тексеру комиссиясы мен материалдық жауапты тұлға қол қояды.

Актінің бір данасы бухгалтерияға беріліп, екіншісі материалдық жауапты тұлғада, үшіншісі – кәсіподақ ұйымының тексеру комиссиясының істерінде қалады.

Материалдық-жауапты тұлға ауысқан жағдайда акт 3 данада жасалады (материалдық жауапты тұлғаға, құндылықтарды қабылдаған тұлғаға және бухгалтерияға).

Банктің есептік шотындағы ақшалай қаражаттарды тексеру ұйым бухгалтериясының мәліметтері бойынша тиісті шоттардағы қалдық сомалармен, банк көшірмелерінің мәліметтерімен салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.


Қолма-қол ақшалай қаражаттарды жұмсау тәртібін тексеру


Бақылау-тексеру комиссиясы:

1. Қызметкерлерге есеп берілетін соманы беру тәртібі туралы кәсіподақ ұйымының алқалық органы шешімінің немесе кәсіподақ ұйымының төрағасы өкімінің болуын (өкімде есеп беретін тұлғалардың тізімі және аванстық есептерді тапсыру уақыты көрсетілуі тиіс).

2. Кәсіподақ ұйымы уәкілетті органының әрбір жарғылық іс-шараларға бекіткен сметаларының болуын.

3. Есеп беруші тұлғалардың шығындарды растайтын (тауарлық және кассалық чектер, кіріс кассалық ордерлерінің түбіртектері және т.б.) бастапқы құжаттар тіркелген аванстық есептерін тапсыру мерзімін.

4. Жұмсалған сомаларды есептен шығару актісін дұрыс ресімдеуді тексереді.


Мақсаттық түсімдерді қолдану және олардың түсімін талдау


Бақылау-тексеру комиссиясы ұйымның есептік шотына мүшелік кәсіподақ жарналары аударылуының уақтылы және тәртібін тексеруі қажет. Қаражаттарды алу кезінде төлем тапсырмасындағы төлем мақсатында көрсетілетін тұжырымдарға аса назар аударған жөн. Мүшелік кәсіподақ жарналарын аудару кезінде төлем мақсатында «Мүшелік кәсіподақ жарналары (мерзімін көрсету)» деп көрсетіледі.

Жарналарды аударым арқылы төлеу тәртібі заңнамамен анықталған.

Жұмыс беруші кәсіподақ ұйымының шотына қызметкерлердің жалақыларынан кәсіподақ мүшелері-қызметкерлердің арызы болған жағдайда ай сайын және тегін түрде мүшелік кәсіподақ жарналарын аударады. Бақылау-тексеру комиссиясы мұндай арыздардың болуын тексеруі тиіс.

Кәсіподақ ұйымының жарғылық қызметіне кәсіпорындар мен ұйымдардан мақсаттық түсімдерді тексеру кезінде, бақылау-тексеру комиссиясы бөлінген қаражаттардың мақсаттық пайдаланылуының дұрыстығына талдау жасауы қажет (мөлшері, мерзімі, нақты бағдарламалары).

Мақсатсыз пайдаланылған қаражаттар жүзеге асырылудан тыс кірістердің құрамында салық базасын анықтау кезінде ескеріледі.

Бақылау-тексеру комиссиясы аумақтық ұйымның бекітілген сметасына сәйкес жарғылық қызметке жұмсалған шығындарды тексереді.

Бақылау-тексеру комиссиясы кәсіподақтың аумақтық ұйымында кәсіподақтың басқарушы органдарының кәсіподақ бюджетінің қаражатын жұмсау ұтымдылығы бойынша нұсқаулықтарының:

- сайланбалы қызметкерлер мен кәсіподақ органдары аппараты қызметкерлерінің еңбек ақыларын төлеуге - 40 % аспайтын;

- ұйымды ақпараттық қамтамасыз етуге мүшелік кәсіподақ жарналарының кемінде 5 %;

- кәсіподақ активінің біліктілігін арттыруға және оқытуға мүшелік кәсіподақ жарналарының кемінде 10 %;

- мәдени-бұқаралық іс-шараларға 8-10 % аспайтын;

- спорттық іс-шараларға және әсіподақ мүшелерін сауықтыруға 25-30% аспайтын;

- әкімшілік-шаруашылық шығындарға 8-10% аспайтын мөлшерде орындалатынына көз жеткізулері тиіс.


Жалақыны төлеу дұрыстығын тексеру


Бақылау-тексеру комиссиясы:

- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес штаттық қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару туралы өкімдерді, еңбек шарттарын жасасу тәртібін;

- Кәсіподақтың Атқару Комитетінің қаулысымен бекітілген кәсіподақ ұйымының қызметкерлеріне сыйақы беру және еңбек ақыларын төлеу Ережесінің болуын;

- штаттық қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарының тәртібі және оның болуын;

- заңды тұлғалардың кірістеріне салықты есептеу бойынша жеке карточкалардың, дербес шоттарды және әлеуметтік аударылымдарды толтыру тәртібін;

- бір жолғы сыйақылар төлеудің әрбір жағдайы бойынша өкімдердің болуын;

- кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жалақыны төлеуге есептік-төлем ведомстволарын толтыру тәртібін;

- жеке тұлғалардың кірістеріне салықты және әлеуметтік салықты есептеу мен төлеуді;

- зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақы қорына міндетті жарналар бойынша жеке есепке алуды енгізуді;

- еңбек заңнамасына сәйкес еңбекке жарамсыздық қағаздары есебінің дұрыстығын тексереді.


Материалдық және қайырымдылық көмек көрсету, оларды ресімдеудің дұрыстығын тексеру


Кәсіподақ бюджетіндегі маңызды үлестердің бірі кәсіподақ ұйымдарындағы материалдық көмек көрсетуге арналған шығындар, сондықтан тексеру комиссиясы шығындардың бұл бабын мұқият бақылауға алғаны жөн.

Кәсіподақ мүшелеріне ақша беру төлем көзі - кәсіподақ ұйымынан ақшалай қаражатты алатын жеке тұлғаның табысы болып саналады.

ҚР Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағы, 18-тармақшасына сәйкес, «күнтізбелік жыл ішінде әрбір төлем түрі бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1-қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшері шегінде медициналық қызмет көрсетулерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеу үшін, бала туылған кездегі, жерлеуге арналған төлемдер. Көрсетілген табыстар медициналық қызмет көрсетулерді (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) алуды және оларды төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды растайтын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, қайтыс болғаны туралы анықтама және қайтыс болғаны туралы куәлік болғанда салық салудан босатылады».

Кез-келген басқа материалдық көмекке:

  • егер материалдық көмек алушы ұйымның қызметкері болса, онда жалақы сияқты салықтың барлық түрі;

  • егер материалдық көмек алушы ұйым қызметкері болып табылмаса, онда – төлем көзі сияқты (қандай да бір шегерусіз) жеке кіріс салығы салынады.

Әрбір берілген материалдық көмекті ресімдеу ұйым Жарғысының талаптарына сәйкес дайындалған бастапқы құжаттар негізінде және кәсіподақ ұйымының Есеп саясатымен бекітілген нысандар бойынша жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ, осы мақсаттарға бөлінген қаражаттар Жарғы талаптарына сәйкес бекітілген кәсіподақ ұйымының табыс және шығыс сметасымен көзделген сомалардан асып кетпеуі қажет.

Бақылау-тексеру комиссиясы материалдық көмекке арналған шығындардың ұйымның сметасында қарастырылған мөлшерден асып кетпеуін тексереді. Олар тұрақсыз сипатта болып, төтенше жағдайларда төленуі тиіс.

Бақылау-тексеру комиссиясы кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету туралы белгіленген тәртіпте бекітілген ереженің болуын тексереді.

Кәсіподақ мүшесінің арызында оған материалдық көмекке жүгінуге түрткі болған себеп көрсетілуі тиіс.

Кәсіподақ мүшесіне материалдық көмек шығыс кассалық ордері бойынша төленуі қажет.

Мұндай операциялар айналмалы-сальдолық ведомостегі бухгалтерлік өткізулермен тексеріледі.

Кәсіподақ ұйымдары түрлі корпоративтік іс-шараларды өткізеді. Оларды өткізу шығындары:

а) шығындардың мақсаттық бағытын бақылап, бұл шығындарды есептен шығару актісін ресімдейтін бақылау-тексеру комиссиясының құрамын;

б) қолма-қол ақшаға қажетті сатып алулар жасалатын есеп беру арқылы есеп беруші тұлғаларды;

в) іс-шараны өткізуге жоспарланған сомаларды көрсете отырып, іс-шараны өткізуге комитеттің қаулысы немесе өкімімен ресімделеді.

Мұндай жағдайларда есеп беруші тұлғалардың аванстық есептері бойынша жүргізілген шығындардың да сомасы көрсетіліп, іс-шараларды өткізу жөнінде шығындарды есептен шығару актісі жасалады (аванстық есептің № және күнін көрсету).

Бұл мақсаттарға бөлінетін қаражаттар Жарғы талаптарына сәйкес бекітілген кәсіподақ ұйымының табыс және шығыс сметасымен көзделген сомалардан асып кетпеуі тиіс.

Бухгалтерлік өткізулер Кәсіподақтың Есеп саясатымен бекітілген бухгалтерлік есеп шоттарының Жұмыс жоспарына сәйкес стандартты түрде құрылады.

Негізгі қаражаттарды есепке алу дұрыстығын тексеру


Бақылау-тексеру комиссиясы негізгі қаражаттарға мүлікті жатқызу үшін шарттардың қадағалануын тексереді.

Бақылау-тексеру комиссиясы сметаға сәйкес негізгі қаражаттарды алу туралы шешімнің болуын, негізгі қаражаттар есебі бойынша бастапқы құжаттар ресімделуінің дұрыстығын тексереді.

Бақылау-тексеру комиссиясы мүлікті өтеусіз алу және оны өтеусіз пайдалану туралы шарттың ресімделуінің дұрыстығын тексереді.

Бақылау-тексеру комиссиясы айналмалы-сальдолық ведомості бойынша бухгалтерлік өткізулерді құрудың дұрыстығын тексереді. Бұл жерде негізгі қаражаттардың бастапқы құнының дұрыс құрылуына және тозу есебіне басты назар аударған жөн, себебі олар мүлікке салық төлеу үшін салық базасын анықтайды.


Материалдарды есепке алу дұрыстығын тексеру


Бақылау-тексеру комиссиясы материалдарға сатып алынатын немесе алынатын мүліктерді жатқызу дұрыстығын тексереді.

Бақылау-тексеру комиссиясы сметаға сәйкес жарғылық іс-шараларға материалдарды алу туралы кәсіподақ ұйымы шешімінің болуын тексереді.

Бақылау-тексеру комиссиясы материалдарды алу кезінде бастапқы құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын тексереді:

аударым есебі бойынша материалдарды алу кезінде: шот, шот-фактура, банктің көшірмесі, накладной.

қолма-қол ақшаға материалдарды алу кезінде: есеп беруші тұлғаның тауарлық және кассалық чектер қосымшасымен аванстық есебі.

жарғылық іс-шараларға пайдаланылған материалдарды есептен шығару актісі.

Бақылау-тексеру комиссиясы материалдар есебінің дұрыстығын айналмалы-сальдолық ведомості бойынша бухгалтерлік өткізулермен тексереді.


Бухгалтерлік және салық есебі


Шаруашылық қызметін жүргізетін кез-келген заңды тұлға сияқты кәсіподақ ұйымы салық агенті болып табылады. Салық кодексінің 12-бабы 1-т.31-т.сәйкес, «салық агенті - осы Кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықты есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелетін дара кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның ішінде резидент емес заңды тұлға». Яғни, егер кәсіподақ ұйымында қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес салық салынатын объектілер болса, онда салық агенті ретінде осы салықтар мен төлемдерді есептеп, шегеріп және аударуы қажет. Түрлі салықтар мен міндетті төлемдер бойынша уәкілетті органдар салық агенттерінің өздерінің салықтық тіркеу орындары бойынша салық басқармасына белгіленген мерзімде толтырып ұсынатын түрлі салықтық есептерін бекітті.

Мысалы: өз қызметкерлеріне төленетін табыстар бойынша (табыстар СК 163-165,268, 184-баптары бойынша анықталады), кәсіподақ ұйымы «Жеке кіріс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация» 200.00 нысанымен салық есебін тапсыруға міндетті, онда субъектінің жеке кіріс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарнасы, әлеуметтік сақтандырудың міндетті жарнасы бойынша міндеттері анықталады.

Есеп тоқсан сайын тапсырылады.

Ұйым қызметінен алынған табыс бойынша, кәсіподақ «Корпоративтік кіріс салығы бойынша декларация» 130.00 нысанымен есеп беру жылынан кейінгі жылдың 31-наурызына дейінгі есеп беру мерзіміне есеп тапсырады.

Салық есебінен басқа, кәсіподақ ұйымы мемлекеттік статистика органдарынан субъект ақпаратты алатын статистикалық есепті тапсыруға міндетті.

Кәсіподақ ұйымдары бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды реттейтін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуге тиіс коммерциялық емес ұйымға жатады:

  • «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚР 2007 жылғы 28-ақпандағы № 234-III Заңы (29.12.2014 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен);

  • ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 14-қазандағы №1172 қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу ережесі;

  • ҚР қаржы Министрінің 2007 жылғы 23-мамырдағы №185 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары;

- ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі;

  • «Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» ҚР қаржы Министрінің 2012 жылғы 20-желтоқсандағы № 562 бұйрығы;

  • ҚР қаржы Министрінің 2013 жылғы 31-қаңтардағы № 50 «Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» бұйрығы.

Бақылау-тексеру комиссиясы бухгалтерлік есепті тапсыруды тексеру кезінде оның заңнамамен анықталған мерзімде тапсырылғанына көз жеткізуі тиіс.


Кәсіподақ мүшелерінің хаттарын, арыздары мен шағымдарын қараудың дұрыстығын тексеру


Кәсіподақ мүшелерінің арыздары (хаттары) 1 айға дейінгі мерзімде, ал қосымша зерттеп тексеруді қажет етпейтіндері – келіп түскен күнінен бастап кемінде 15 күн ішінде қаралады. Кәсіподақ комитетінің уәкілеттігіне жатпайтын хаттар (арыздар) тиістілігіне қарай 3 күннен кешіктірілмей жіберіледі.

Кәсіподақ органдарының конференциялары мен мәжілістерінде кәсіподақ комитетінің атына айтылған кәсіподақ мүшелерінің ұсыныстары тиісті хаттамаларда тіркеліп, жұмыс ұйымдастырылады және бұл жөнінде арызданушыға ақпарат беріледі.

Орындау мерзімінің басталуы құжатты (хатты) тіркеу күні болып саналады.

Құжат хат-хабар алушыға мәселеге тікелей қатысты жауап берілгеннен кейін орындалған болып есептеледі.

Аумақтық ұйымнан шығатын құжаттар, оларға төраға немесе төрағаның орынбасары қол қойғаннан кейін шығыс хат-хабарлар журналында тіркеледі.

  1   2   3

Похожие:

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы icon«С. Ж. Асфендияров атындағЫ Қазақ Ұлттық медицина университеті қызметкерлерінің КӘсіби одағЫ»
«С. Ж. Асфендияров атындағЫ Қазақ Ұлттық медицина университеті қызметкерлерінің КӘсіби одағЫ» (ҚАЗҰму кәсіподағЫ) ҚОҒамдық бірлестігінің...
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы iconҚазаҚстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Дінтану негіздері Жалпы білім беретін орта мектептің 9-сыныбына арналған бағдарлама
Бұл әсіресе көп конфесcиялы, көп ұлысты қазақстандық қоғам жағдайында өзекті болып табылады. Қазақстанның ұлттық-мәдени мемлекеттілігін...
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы iconҚызметкерлерінің корпоративтік мәдениеті кодексі туралы
Банктің мерейін қолдауға көмектесу және Ұлттық Банк қызметкерлерінің үйлесімді әрі тиімді қызметі үшін бірыңғай адамгершілік-құқықтық...
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2003 ж. 23 маусымдағы (№8 хаттама)...
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы iconЖоғары технологиялық өндірістер үшін мамандарға білім беру және дайындау Исабеков Б. Н. э.ғ. д., профессор
«ұлттың бәсекеқабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады»; «2015 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы білім...
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы iconКөлік және коммуникация саласындағы салалық біліктілік шеңбері
Көлік және коммуникация саласындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі сбш) – саланың еңбек нарығындағы танылатын біліктілік деңгейлерін...
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы iconӘл-Фараби атындағы қАЗҰу оқытушылары мен қызметкерлерінің
Л-фараби атындағы ҚазҰУ оқыту­шылары мен қызметкерлерінің Этика кодексі оқу мен жұмысқа қолайлы саналы және психологиялық ахуал орнатуға...
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы iconВосточно-казахстанский областной институт повышения квалификации и переподготовки работников образования
ШЫҒыс қазақстан облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы iconҚазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің 2013 жылғы тамыз педагогикалық кеңестерінің секция отырыстарының
Азақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында білім...
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы iconОқу жылы дәстүрлі білім қызметкерлерінің тамыз конференциясы, химия, биология және валеология пән мұғалімдерінің секция отырыстары тамыз айында өткізілді.
Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттін жұмыс жоспарына сәйкес химия, биология және валеология пәндері мен қатар оқушылардың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница