1-тақырып. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары




Скачать 209.48 Kb.
Название1-тақырып. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары
Дата конвертации27.09.2012
Размер209.48 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://portal.vkgu.kz:1010/5894/4.doc




2-БӨЛІМ. ДӘРІС КЕШЕНІ


1-БӨЛІМ. ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Глоссарий (анықтама, сөздік)

Технология – табиғи және жасанды жолмен алынған шикізаттарды өндіріс және халық тұтынатын өнімдерге өңдеу әдістері мен үрдістерін зерттейтін ғылым саласы.

Шығын коэффициенті – бір массалы немесе көлемді дайын өнім алу үшін қажетті шикізаттың санын белгілейтін көрсеткіш.

Айналу немесе жанасу дәрежесі – реакциялық қондырғыдан реагенттің бір жүріп өткендегі өнім шығымы.

Материалдық баланс – стехиометриялық заңға бағынып, материалдық есептеме негізінде құрылатын технологиялық көрсеткіш.

Химиялық реакторлар – диффузия, жылу алмасу, араластыру т.б. секілді физикалық құбылыс химиялық өзгеріс тудыруға қажетті жағдай жасайтын, нәтижесінде белгілі массадағы немесе көлемдегі негізгі өнім алынатын аппаратты атайды.

Өндірістік пештер – отынның жануы немесе электр энергиясын қолданып, заттарды жылумен өңдеу арқылы физикалық немесе химиялық өзгерістерді жүзеге асыру.

Катализ – катализаторлық заттардың реагенттермен аралық химиялық реакцияға түсу арқылы катлиз процесін өзінің құрамын қайта қалпына келтіру арқылы аяқтап, реакция жылдамдығын өзгерту.

Кенді флотациялық жолмен байыту – кен құрамындағы пайдалы компоненттерді суға жұғымдылығына байланысты қоспадан бөліп алу.

Судың кермектілігі – 1 литр судағы кальций және магний иондарының мг-эквивалент мөлшері.
1-тақырып. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары

Дәріс мақсаты: студенттерді химиялық технология анықтамасы, оның жіктелуі, негізгі ұғымдары мен заттардың қозғалу бағытымен таныстыру

1. Технологияның жіктелуі.

2. Химиялық технологияда қолданылатын негізгі ұғымдар.

3. Заттардың және энергияның қозғалу бағыты.

Технология табиғи және жасанды шикізаттарды тұтыну және өндіріс заттарына айналдыратын негізгі әдістер мен процестерді зерттейтін ғылым. Технология механикалық және химиялық болып екіге бөлінеді. Машиналар мен аппараттарда жүретін операциялардың тізбекті сипаттамасы технологиялық кесте деп аталады. Химиялық технологияда өндіріс өнімділігі, өнім сапсы, аппарат интенсивтілігі, өнімнің өз құны, материалдық және жылу балансы және т.б. негізгі ұғымдар қолданылады. Химико-технологиялық процесс әрекеттесуші компонентті реакция зонасына әкелу, химиялық реакция, өнімді реакция зонасынан әкету сияқты физикалық және химиялық сатылардан тұрады.заттардың және энергияның бағыты: тік немеес параллелді, қарама-қарсы және қилысу бағыты бойынша жүреді.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. химиялық технология анықтамасы;

  2. химиялық технологияның негізгі ұғымдарына сипаттама бер;

  3. материалдық баланс деген не?

  4. химико-технологиялық процестердің негізгі сатысын сипатта;

  5. заттардың және энергия қозғалысын сипатта.

  6. химико-технологиялық процесс сатыларын сипатта;

  7. гомогенді және гетерогенді технологиялық процестер деген не?

  8. технологиялық процестердегі тепе-теңдікке мысал келтір;

  9. технологиялық процесс жылдамдығын сипатта.

Силлабус соңындағы негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді пайдалану ұсынылады.

2- тақырып: Химиялық технологияның негізгі заңдылықтары. Реакторлар

Дәріс мақсаты: химиялық технологияның негізгі заңдылықтары мен реакторлар түрлерін қарастыру.

1. Химико-технологиялық процесс туралы ұғым және оның жіктелуі;

2. Технологиялық процестегі тепе-теңдік;

3. Технологиялық процестің жылдамдығы;

4. Реакторлар.

Химиялық технология процестері химиялық реакция қатысында жүретін – химиялық және физикалық болып, жүретін реакция бойынша тотығу-тотықсыздану, қышқылдық негіздік, қайтымды, қайтымсыз, жай, күрделі, кинетикалық және диффузиялық салады жүретін болып бөлінеді. Технологиялық аппараттарды жүретін технологиялық процестер гомогенді және гетерогенді болып жіктеледі. Химиялық процестер қайтымды және қайтымсыз болады. Қайтымсыз реакциялар аяғына дейін толық жүреді, ал, қайтымды реакциялар тура және кері бағытта жүретіндіктен оларға тепе-текдік орнау тән болады. Химиялық технологиядағы тепе-теңдік Ле-Шателье принципіне бпғынады. Технологиялық процестердің жылдамдығы реакцияның кинетикалық немесе диффузиялық салада жүретініне байланысты. Жылдамдық әсер етуші массалар заңына бағынады.

Химиялық реакторлар деп – диффузия, жылу алмасу, араластыру т.б. секілді физикалық құбылыс химиялық өзгеріс тудыруға қажетті жағдай жасайтын, нәтижесінде белгілі массадағы немесе көлемдегі өнім алынатын аппаратты атайды. Реакторға дейін орналасқан аппараттар шикізатты химиялық өңдеуге арналса, реактордан кейінгілері реатордан шыққан өнімді бөлуге негізделген. Реакторға: жоғары өнімділік пен интенсивтілік, жоғары өнім шығымы мен процестің жоғары селективтілігі, жылуды терең пайдалану, технологиялық режим тұрақтылығы, жұмыс қауіпсіздігі, бағасының арзандығы секілді талаптар қойылады. Реакторлар: операция сипатына, әрекеттесуші массаның фазалық құрамына, процестің жылу эффектісіне, қысымға, араластыру дәрежесіне, температуралық режимге байланысты әр түрге бөлінеді. Өндіріс орындарында идеалды шығару, араластыру және аралық операциялы реакторлар моделі жиі кездеседі. Идеалды шығару реакторында барлық бөлшектер белгіленген бағыт бойынша арттағы ағым, алдыдағын толық ығыстыра отырып, қозғалады. Идеалды араластыру реакторында реагент бөлшектері (ион, молекула, қатты зат түйіршіктері) белгілі уақытта аппаратқа түсіп, қатты араластыру арқылы басқа бөлшектермен бірге аппараттан шығады.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. химико-технологиялық процесс сатыларын сипатта;

  2. гомогенді және гетерогенді технологиялық процестер деген не?

  3. технологиялық процестердегі тепе-теңдікке мысал келтір;

  4. технологиялық процесс жылдамдығын сипатта.

  5. Реакторлар деген не? Оның қандай түрлері бар?

Силлабус соңындағы негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді пайдалану ұсынылады.

3 – тақырып: Шикізат. Энергия. Су

Дәріс мақсаты: шикізаттың түрлері, жіктелуі, шикізатты байытуға дайындау және кенді флотациялық әдіспен байыту, энергия түрлері мен негізгі көздері, судың кермектілігі және өндірісте суды дайындау әдістерін қарастыру.

  1. Шикізаттың жіктелуі.

  2. Кенді байытуға дайындау.

  3. Суды жұмсарту және оның негізгі әдістері.

  4. Химия өнеркәсібінде қолданылатын энергия түрлері мен негізгі көздері.

  5. Экзотермиялық процестер жылуын қолдану.

  6. Энергияны регенерациялау және қайта пайдалану.

Шикізат технологиялық процестің негізгі элементі болып табылады. Шикізат қолданылуына байланысты әр түрлі жіктеледі. Мысалы: шығу тегіне байланысты минералды, өсімдік тектес және жануар тектес, агрегаттық күйіне байланысты қатты, сұйық және газ, құрамына байланысты, бейорганикалық және органикалық т.б. шикізатты қолданбас бұрын оның құрамындағы пайдалы компоненттің мөлшерін арттыру керек сондықтан оны байытады. Кенді байыту үшін оны алдын-ала байытуға дайындайды. Байыту механикалық, физикалық және химиялық болып бөлінеді.

Химия өнеркәсібінде жүретін процестер энергияны бөлу, сіңіру немесе энергияны басқа түрге ауыстыру арқылы жүреді. Химия өндірісінде қолданылатын энергия түрі технологиялық процесске тәуелді болады. Электр энергиясы электролиз, электрохимия және электромагнит процестерінде пайдаланылады. Химия өнеркәсібінде электр энергиясын шикізатты жару, ұсақтау, араластыру, үрлегіш жұмысы және компрессорға қажетті механикалық энергияға айналдырады. Жылу энергиясы химиялық реакциялармен қатар жүретін физикалық процестерді жүзеге асыру үшін қолданылады.

Су – химия өнеркәсібінің негізгі компоненті болып табылады. Сондықтан ондағы судың маңызы өте зор. Суды өндірісте қолдану үшін оның сапасы кейбір талаптарға сай болуы керек. Кермектілікті анықтау - өндірісте қолданылатын суға қойылатын талаптың бірі болып табылады. Сондықтан судың кермектілігін суды қолданбас бұрын жою керек. Оның физикалық және химиялық әдістері бар.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. химия өнеркәсібіндегі энергия көздеріне сипаттама Бер;

  2. химия өнеркәсібіндегіэлектр энергиясы қандай процестер үшін қолданылады?

  3. химия өнеркәсібіндегі жылу энергиясын сипатта;

  4. өнеркәсіптегі энергияның маңызы неде?

  5. технологиялық процесте қолданылатын шикізаттың анықтамасы, жіктелуі және маңызы;

  6. шикізатты байытуға дайындау қандай процестерден тұрады?

  7. кенді байытудың қандай түрлері бар? Оның сипаттамасын бер;

  8. кермектілік деген не? Және оның түрлері;

  9. кермектілікті жою әдістерін сипатта.

Силлабус соңындағы негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді пайдалану ұсынылады.

4 - тақырып: Каталитикалық процестер және жанасу аппараттары

Дәріс мақсаты: каталитикалық процестердің теориялық негіздері, катализатор түрлері, гомогенді және гетерогенді катализ бен жанасу аппараттарының түрлерімен таныстыру.

1. Катализ маңызы, қолданылу саласы. Каталитикалық процесс негізі мен түрлері.

2. Гомогенді және гетерогенді катализ.

3. Қатты катализаторлар қасиеті. Жанасу массалары.

4. Каталитикалық процестердің технологиялық режимі.

Катализ деп – катализаторлық заттардың реагенттермен аралық химиялық реакцияға түсу арқылы процесті өзінің құрамын қалпына келтіру арқылы аяқтап, химиялық реакцияның жылдамдығын өзгертуін айтады. Реагенттің және катализатордың фазалық құрамына байланыстыкаталитикалық процестер гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді.

Катализатордың реакция жылдамдығын арттыруы реагенттер мен катализатордан аралық тұрақсыз комплекстердің түзіліп, химиялық реакция жүріп өткеннен кейін реакция өнімінің және катализатордың қайта қалпына келуіне негізделген. Бірақ, катализ процесінде негізгі реакциядан басқа қосымша реакциялар да жүретіндіктен катализатор құрамы уақыт өте келе өзгеріп, активтілігі жойылады. Катализатор активтілігі деп – оның реакцияны жыламдата алатын мөлшерін айтады. Активтілік катализатор құрамына, өлшеміне және беттік сипатына технологиялық режим жағдайына тәуелді. Катализатор активтілігі жанасу немесе каталитикалық улар деп аталатын қоспалардың әсері нәтижесінде де жойылады. Катализаторлардың улануы оның бетіне удың сорбциялануы нәтижесінде іске асатындықтан, қайтымды және қайтымсыз улану түрлері болады.

Гомогенді каталитикалық процестер табиғатта кең таралған. Белоктың синтезделуі, зат алмасу процесі, күрделі эфир этерификациясы, метанның формальдегидке тотығуы бұған мысал бола алады. Гомогендідегі каталитикалық механизм - әрекеттесуші заттар мен катализатор арасында бөлініп алынатын немесе аналитикалық тәсілмен анықталатын аралық қосылыстырдың түзілуіне негізделген. Гомогенді катализ жылдамдығына: катализатор активтілігі, температура және араластыру интенсивтілігі әсер етеді.

Гетерогенді катализ гомогендіге қарағанда өндірісте кең тараған. Гетерогенді каталитикалық процесс – газ тәрізді заттар мен қатты катализатор арасындағы реакцияға негізделген. Қатты катализатор - ішкі кеңістігі жақсы дамыған кеуекті қатты дене. Қатты катализаторлар көптеген технологиялық талаптарға сай болуы керек, атап айтқанда: берілген реакцияға активті, каталитикалық уларға тұрақты, бағасы арзан, механикалық бері, термиялық тұрақты, белгілі дәрежеде жылу өткізгіш және т.б. сондықтан катализаторлар бір ғана заттан емес, жанасу массасы деп аталатын күрделі механикалық қоспадан тұрады. Жанасу массасы негізгі 3 бөліктен: катализатор, активатор және тасымалдағыш немесе трегер.

Кез келген технологиялық процестегі негізгі көрсеткіш: қондырғының өнімділігін сипаттайтын процестің жүру жылдамдығын және шикізаттың қолданылу тереңдігін анықтайтын – дайын өнім шығымы. Каталитикалық процестер жүзеге асатын химиялық реакторлар жылдамдығы: катализатор активтілігіне, температураға, әрекеттесуші заттың концентарциясы мен табиғатына және қысымға тәуелді болады.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Катализдің реакция жылдамдығын арттыруы қалай жүзеге асады?

  2. Гомогенді катализ процесін сипатта;

  3. Гетерогенді катализ процесін сипатта;

  4. Қатты жанасу массаларына қойылатын талаптар қандай?

  5. Жанасу массалары қандай бөліктерден тұрады?

Силлабус соңындағы негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді пайдалану ұсынылады.

5 – тақырып: Күкірт қышқылын алу

Дәріс мақсаты: күкірт қышқылының қасиеті, оны алу әдістері, соның ішінде жанасу әдісімен алу технологиясын қарастыру.

1. Күкірт қышқылының қасиеті, қолданылуы.

2. Күкіртті шикізат түрлері.

3. Күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу.

Күкірт қышқылы химия өнеркәсібінің маңызды өнімі болып табылады. Ол әр түрлі өндіріссаласында қолданылады. Күкірт қышқылын нитроздық және жанасу әдісімен алуға болады. Екі әдісте де күкіртті шикізатты өндірістік пештерде жандырып, түзілген күкіртті газды циклон аппарат пен электрофильтрден тазалаудан өткізеді. Егер күкірт қышқылы нитроздық әдіспен алынатын болса, газ ары қарай арнайы тазалаудан өтпей бірден тотықтырылып, сумен абсорбцияланып, қышқыл алынады. Ал, егер күкірт қышқылы жанасу әдісімен алынатын болса, күкіртті газ арнайы тазаланудан өтеді артынан ванадий оксидімен тотықтырылып, күкірт қышқылымен абсорбцияланып, қышқыл алынады.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. күкірт қышқылының қасиеті мен алыну әдістері қандай?

  2. күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу қандай сатылардан тұрады?

  3. күкірт қышқылын жанасу әдісімен алудың технологиялық процесін сипатта;

  4. күкірт қышқылының қандай түрлері бар?

Силлабус соңындағы негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді пайдалану ұсынылады.

6 – тақырып: Аммиак синтезі. Азот қышқылы өндірісі

Дәріс мақсаты: азотты алу және азотты сутек қоспасынан аммиакты синтездеу, азот қышқылын алу технологиясын қарастыру.

1. Атмосфералық азотты байлау әдістері

2. Аммиак синтезі. Азотты-сутек қоспасын алу әдістері

3. Азот қышқылы өндірісі.

Атмосфералық азотты байлау әдістері доғалық, цианамидтік, аммиакты болып бөлінеді. Байланған азоттың ішіндегі маңыздысы аммиак болып табылады. Аммиак синтездеу үшін азотты-сутек қоспасын алу керек. Ондағы сутегін кокс газынан және судан алуға болады. Аммиак синтезінің физико-химиялық негізі мен технологиялық режимі. Аммиак алудық технологиялық кестесі. Аммиак синтезі колоннасының құрылысы. Азот қышқылы минералды қышқылдардың ішіндегі маңыздысы болып табылады. Азот қышқылын аммиакты тотықтыру арқылы алады. Бұл процесс көптеген факторларға тәуелді. Мочевина – азотты тыңайтқыштардың ішіндегі қалдықсызы болып табылады.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. атмосфералық азоты байлау әдістері қалай орындалады?

  2. аммиак синтезі қандай сатылардан тұрады?

  3. аммиак синтезінің технологиялық процесін сипатта;

  4. азот қышқылын алу технологиясын сипатта;

  5. азоты минералды тыңайтқыш түрлеріне не жатады? Және оларды алу технологиясына анықтама бер.

Силлабус соңындағы негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді пайдалану ұсынылады.
7 – тақырып: Минералды тыңайтқыш және улы химикаттар технологиясы

Дәріс мақсаты: фосфатты шикізат түрлері, оны химиялық әдістермен өңдеу, минералды тыңайтқыштар, оның түрлері, жіктелуі, оларға қойылатын талаптар, жәй және қос суперфосфат тыңайтқышын және фосфор қышқылын алу технологиясын қарастыру.

1. Фосфатты шикізат түрлері және негізгі кен орындары.

2. Табиғи фосфаттарды қышқылдық, термиялық және гидротермиялық өңдеу

3. Фосфорды электротермиялық әдіспен алу.

4. Минералды тыңайтқыштар және олардың жіктелуі.

5. Қос суперфосфат және аммоний фосфатын алу технологиясы.

6. карбамид синтезі.
Фосфор тірі ағза және өсімдік үшін маңызы зор элементтер тобына жатады. Оның жер қыртысындағы мөлшері әрбір өніммен бірге кетіп отыратындықтан фосфорлы тыңайтқыштар ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Фосфатты шикізат түрлері және негізгі кен орындары Қазақстанда көптеп кездеседі. Табиғи фосфаттардың қышқылдық, термиялық және гидротермиялық өңдеу әдістері кеңінен қолданылады. Фосфорды электротермиялық әдіспен алу кең жолға қойылған. Онда әр түрлі пеш түрлері қолданылады. Фосфор фосфор және полифосфор қышқылдарына өңделінеді.

Фосфорлы тыңайтқыштар құрамына байланысты топырақта әр түрлі дәрежеде ериді. Сондықтан өсімдік оны әр түрлі сіңіреді. Фосфорлы тыңайтқыштар алу үшін фосфорит пен апатит кені қолданылады. Олар жай және қос суперфосфатқа өңделінеді. Бұл процестің принципиалды негізі фосфоритті немесе апатитті минералды қышқылдармен өңдеу болып табылады.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. фосфорлы шикізаттардың қандай түрлері бар және Қазақстанда фосфориттердің кен орындары қай облыстарда орналасқан?

  2. табиғи фосфаттарды термиялық жолмен өңдеу әдістері қалай жүзеге асады?

  3. фосфор қышқылын алу технологиясын сипатта.

  4. фосфорлы тыңайтқыштар қалай жіктеледі?

  5. фосфорлы тыңайтқыштарға қандай талаптар қойылады?

  6. жәй және қос суперфосфат қалай алынады?

Силлабус соңындағы негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді пайдалану ұсынылады.

2-БӨЛІМ. БАЙЛАҒЫШ ЗАТТАР МЕН ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Глоссарий (анықтама, сөздік)

Термопластикалық полимерлер – құрылымы сызықты полимер немесе сополимер.

Полимеризация реакциясы – мономер молекулаларының қосылып, құрамы бастапқы мономерге сәйкес полимер молекуласының түзілу процесі.

Целлюлоза – құрылысы талшықты болып келетін өсімдік жасушасының қабырға бөлігін құрайтын клетчатка.

Гемицеллюлоза – целлюлозадан тұратын бірақ одан тізбек ұзындығының аздығымен және химиялық тұрақтылығының төмен болуымен ерекшеленетін полисахарид.

Лигнин – жасуша қабырғасына қаттылық және серпімділік қасиет беретін целлюлозамен салыстырғанда көміртегі саны аз болып келетін ароматикалық сипаттағы күрделі органикалық зат қоспасы.

Жоғары молекулалық қосылыстар – барлық компонентті біріктіретін қоспаға иілгіштік, қалыпқа келу, электроизоляция, антикоррозиялық қасиетін беретін маңызды қосылыс.

Қоспалар – пластикалық массаға белгілі бір физикалық қасиет беретін қатты заттар.
8 – тақырып: Силикаттар технологиясы

Дәріс мақсаты: Силикат өнімдерінің түрлері, силикат технологиясында жүретін процестер, гипстік байлағыш заттарды алу, портландцемент өндірісін қарастыру.

  1. Силикат өнімдерінің түрлері мен қолданылуы;

  2. Силикаттар технологиясында жүретін процестер. Гипстік байлағыш заттарды алу;.

  3. Байлағыш заттардың қату теориясы.

  4. Портландцемент: құрамы, қасиеті және өндірісі. Цементтің қату теориясы.

Силикаттар технологиясында жасанды жолмен әр түрлі минералды заттарды немесе олардың қоспасын және шыны алу қарастырылады. Көптеген силикаттарға: химиялық тұрақтылық, отқа төзімділік, шикізаттың арзандығы тән.

Силикатты шикізаттар табиғатта: саз, мергель, ізбестас, бор, доломит, кварцты құм, табиғи шпат, нефелин, гипс, т.б. түрде кездесетін тау жыныстары түрінде болады. Силикат өнеркәсібінің маңызды салаларына: керамика, отқа төзімді материалдар алу, байлағыш заттар, шыны, ситалдар өндірістері жатады.

Байлағыш заттар деп – ұнтақ тәрізді минералды заттардың сумен араластырғанда пластикалық затқа ауысып, біраз уақыт өткеннен кейін тас тәрізді денеге айналуын атайды. Пайдалануына байланысты байлағыш заттар: ауада қататын, гидравликалық, қышқылға төзімділер болып бөлінеді. Гипс ірі немесе ұсақ кристалдан тұратын тау жынысына жатады. Гипстің байлағыштық қабілетін алу үшін термиялық өңдеу арқылы оны жартылау сусыз және сусыз формаға ауыстыру қажет.

Байлағыш заттардың қату теориясы Ле-Шателье зерттеуіне, яғни қату барысында гидролиз және гидратация процесінің жүруіне сүйенеді. Артынан Байков теориясы шығып, қату процесі 3 кезеңнен тұратындығы: оның суда еріп, ертіндіні қанықтыруы, жартылай гидраттың ұсақ кристалдары дигидраттың ұсақ кристалдарына айналып, ертіндіні аса қаныққа ауыстыруы, ұсақ кристалды коллоидты жүйе қайта кристалданып, ірі кристалдарға ауысып, тұнбаға түсуі анықталды.

Портландцемент – ұнтақталған клинкерді гипспен немесе басқа қоспамен араластыру арқылы алатын гидравликалық байлағыш зат. Клинкерді – құрамына ізбестас, саз, мергель, домналық шлак т.б. компоненттер кіретін ұсақ дисперсті шламды қыздыру арқылы алады. Портландцемент қасиеті клинкер құрамымен анықталады. Портландцемент өндірісі клинкер алу, гипс және т.б. қоспаны қосып, оны ұнтақ күйге ауыстыру процесінен тұрады. Цемент алудың 3: құрғақ, ылғалды, және комбинирленген әдістері бар.

Цементтің қатуы 3 сатыдан: сумен араласқан цементтің еруі, коллоидация – цемент компоненті сұйық фазада ұсақ бөлшек түрінде таралуы, ұсақ бөлшектердің пластикалық массаға ауысып, кристалдарға айналуы.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. силикат өнімдерінің қолданылуы мен түрлерін сипатта;

  2. байлағыш заттар деген не?

  3. қату теориясын сипатта;

  4. портландцемент алу технологиясы қандай?.

Силлабус соңындағы негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді пайдалану ұсынылады.
9 – тақырып: Хлор және сілті өндірісі

Дәріс мақсаты: электрохимиялық әдіс негізін, электролиз әдісімен хлор және күйдіргіш натр алу технологиясын қарастыру.

1. Тұз ерітінділері мен балқымалары электролизінің теориялық негіздері.

2. Хлор және күйдіргіш натр өндірісі.

3. Кальцинирленген сода алу технологиясы.

Электрохимиялық процесс деп – химиялық процестің электр тоғы көмегімен жүруін атайды. Сулы ертінділердің электролизі металды бөлмей немесе олардың катодта бөлінуі арқылы жүреді. Натрий хлоридінің сулы ертіндісінің электролизі нәтижесінде хлор, сутегі және күйдіргіш натр (каустикалық сода) алынады. Процесс фильтрлік диафрагмасы бар ванналарда іске асады.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. электролиз процесі деген не?

  2. өндірісте хлор алудың технологиясын сипатта;

  3. натрий хлоридінің сулы ерітіндісінің электролизі қандай талаптарды сақтау арқылы жүреді?

Силлабус соңындағы негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді пайдалану ұсынылады.

10 – тақырып: Отын. Отынды өңдеу

Дәріс мақсаты: отын анықтамасы, жіктелуі, түрлері және өңдеу технологиясымен таныстыру.

1. Отын туралы ұғым. Отынның жіктелуі.

2. Қатты отынды өңдеу әдістері.

Отын деп – жылу энергиясының негізгі көзі және химия өнеркәсібі үшін шикізат болып табылатын табиғи немесе жасанды жанғыш органикалық заттарды атайды. Отын агрегаттық күйіне байланысты қатты, сұйық және газ болып бөлінеді. Қатты отын жанғыш органикалық массадан және жанбайтын минералдық бөлікпен ылғалдан тұрады. Қатты отынды өңдеу үшін оны ауасыз кеңістікте жоғары температурада ұстайды. Бұл процесс кокстеу деп аталады. Кокстеу процесі кезінде кокс газы, тас көмір смоласы, шикі бензол және шайыр асты суы түзіледі.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Отын деген не? Және оның түрлеріне сипаттама бер;

  2. қатты отынды өңдеу қандай сатылардан тұрады?

  3. пиролиз деген не?

  4. кокстеу технологиясын сипатта.

Силлабус соңындағы негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді пайдалану ұсынылады.

11 – тақырып: Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу

Дәріс мақсаты: мұнай, оны өндіру және өңдеу технологиясын қарастыру.

1. Қазақстан Республикасының мұнай қоры.

2. Мұнайдың құрамы және қасиеті.

3. Мұнайды өңдеудің физикалық және химиялық әдістері.

Мұнай 83-87% көміртегіден және 12-14 % сутегіден тұратын күрделі қосылыс. Мұнай отын және шикізат ретінде кеңінен қолданылатындықтан кез келген мемлекет үшін оның маңызы өте зор. Қазақстан Республикасы мұнай қорына бай. Оның негізгі бөлігі Батыс Қазақстанда шоғырланған. Республикада мұнай өңдейтін үш зауыт жұмыс жасайды. Мұнайды өңдеуге дайындауда оның құрамынан еріген газдар, минералды тұздар, су және механикалық қоспаларды бөліп алады. Мұнайды өңдеу әдістері алынатын өнім түріне байланысты: отындық – мотор отынын алу, отынды-майлы – отын және майлағыш заттар алынатын және мұнайхимиялық процесс нәтижесінде отын мен майдан басқа химия өнеркәсібіне шикізат ретінде қолданылатын олефин, ароматикалық және қаныққан көмірсутектер алынатын болып жіктеледі.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстанда қандай ірі мұнай Кен орындары бар?

  2. мұнайдың құрамы менг қасиеттеріне сипаттама бер;

  3. мұнайды өңдеудің қандай әдістері бар?

  4. мұнай өңдеу технологияларына сипаттама Бер.

Силлабус соңындағы негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді пайдалану ұсынылады.
12 – тақырып: Органикалық қосылыстар технологиясы

Дәріс мақсаты: органикалық синтез өкілдерінің алу технологиясын қарастыру.

  1. Өндірістік органикалық синтез.

  2. Органикалық синтездің негізгі өкілдерін алу технологиясы.

Өндірістік органикалық синтез. Оның дамуы және маңызы. Синтез – газ өндірісі. Метанол синтезі, ондағы физико-химиялық процестер, қолданылатын катализаторлар. Метанол негізінде жүретін синтез. Формальдегид алу, оның физико-химиялық негізі, қолданылатын катализатор, технологиялық кестесі. Этил спиртін тікелей және күкірт қышқылды гидратация әдісімен алу. Процестің физико-химиялық негізі және технологиялық кестесі. Ацетилен алу және оны өңдеу. Процестің физико-химиялық негізі, шикізаты, технологиялық кестесі. Ацетиленді гидратациялау арқылы және этиленді тікелей тотықтыру арқылы ацетоальдегид алу. Карбон қышқылы өндірісі.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. синтез – газ өндірісінің технологиясына сипаттама бер;

  2. метанол синтезінің физико-химиялық процесі қандай?

  3. сірке қышқылын алудың технологиясын сипатта;

  4. карбон қышқылы өндірісінің технологиясын сипатта.

Силлабус соңындағы негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді пайдалану ұсынылады.
13 – тақырып: Жоғары молекулалық қосылыстар технологиясы

Дәріс мақсаты: ЖМҚ анықтамасы, жіктелуі және оның негізгі өкілдерін алу технологиясын қарастыру.

  1. ЖМҚ жайлы жалпы ұғым және оларды алу әдістері.

  2. Синтетикалық талшық алу технологиясы

  3. Пластикалық масса түрлері және қасиеті.

  4. Пластикалық масса алу технологиясы.

  5. Каучук түрлері және қасиеті.

  6. Жасанды каучук алу технологиясы.

ЖМҚ жайлы жалпы ұғым және оларды алу әдістері. Химиялық талшық алу. Химиялық талшықтың маңызы, ерекшелігі және сипаттамасы. Целлюлоза және вискозды талшық алу технологиясы. Синтетикалық талшық алу. Полиамидті талшық, капрон және нейлон алуда қолданылатын шикізаттар, өндіріс ерекшелігі, талшықтарды қалыпқа салу, олардың қасиеттері және қолданылу саласы.

Термопластикалық және термореактивті пластмасса түрлері. полимеризациялық пластмасса. Полиэтилен. Төмен, орта және жоғары қысымда полиэттилен алу өндірісі, қасиеті және қолданылу саласы. Поливинилхлорид. Оны суспензиялық және эмульсиялық әдіспен алу, қасиеті және қолданылу саласы. Полистирол: алу әдісі, қасиеті және қолданылуы. Фторопластар: алу әдісі, қасиеті және қолданылуы.

Табиғи және жасанды каучук сипаттамасы. Каучуктың құрылысы және қасиеті. Алу әдісі. Изопренді каучуктер. ИЖК және ИЖК-3 алу әдістері. Бутадиенді каучук: алу әдістері. Термиялық тұрақты (силиконды каучук және фторкаучук) каучуктер: қасиеті, қолданылу саласы. Каучуктен резина алу. Вулканизация, резинаның ескіруі және онымен күресу. Резина қасиеті және қолданылуы.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. жоғары молекулалық қосылыстар және оның жіктелуі;

  2. химиялық талшықтың түрлері және оларды алу технологиясы қандай?

  3. жасанды талшықтың қолданылу саласы қандай?

Силлабус соңындағы негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді пайдалану ұсынылады.

14 – тақырып: Пластикалық масса өндірісі

Дәріс мақсаты: пластикалық масса түрлері, жіктелуі және жасанды талшық алу технологиясын қарастыру.

  1. Пластикалық масса түрлері және қасиеті.

  2. Пластикалық масса алу технологиясы.

Термопластикалық және термореактивті пластмасса түрлері. полимеризациялық пластмасса. Полиэтилен. Төмен, орта және жоғары қысымда полиэттилен алу өндірісі, қасиеті және қолданылу саласы. Поливинилхлорид. Оны суспензиялық және эмульсиялық әдіспен алу, қасиеті және қолданылу саласы. Полистирол: алу әдісі, қасиеті және қолданылуы. Фторопластар: алу әдісі, қасиеті және қолданылуы.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. пластикалық масса деген не? Олар қалай жіктеледі?

  2. пластикалық масса алуға қойылатын талаптар қандай, оның физико-химиялық негізі?

  3. поливинилхлорид және полистирол алу технологиясын сипатта;;

  4. пластикалық массаның қолданылу саласы.?

Силлабус соңындағы негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді пайдалану ұсынылады.

15 – тақырып: Каучук өндірісі

Дәріс мақсаты: каучук түрлері, қасиеті және алу технологиясын қарастыру.

  1. Каучук түрлері және қасиеті.

  2. Жасанды каучук алу технологиясы.

Табиғи және жасанды каучук сипаттамасы. Каучуктың құрылысы және қасиеті. Алу әдісі. Изопренді каучуктер. ИЖК және ИЖК-3 алу әдістері. Бутадиенді каучук: алу әдістері. Термиялық тұрақты (силиконды каучук және фторкаучук) каучуктер: қасиеті, қолданылу саласы. Каучуктен резина алу. Вулканизация, резинаның ескіруі және онымен күресу. Резина қасиеті және қолданылуы.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. каучук деген не және оның түрлері қандай?

  2. каучуктың құрылысы мен қасиетіне сипаттама бер;

  3. изопренді каучукті алу технологиясын сипатта;

  4. резина алу технологиясы қалай жүзеге асады?

Силлабус соңындағы негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді пайдалану ұсынылады.

Похожие:

1-тақырып. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары iconДиссертациялық Кеңес
Химиялық технологиялардың процестері мен аппараттары жөніндегі ғылымның негізгі мақсаттары, оның жаңа технологиялық процестерді және...
1-тақырып. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары iconМазмұндары: статика, нүкте кинематикасы, қатты дененің қарапайым қозғалыстары және нүкте динамикасының негіздері
Тақырып. Статиканың негізгі ұғымдары және аксиомалары. Үш күш туралы теорема. Байланыстар және байланыстардың реакциясы. Күшті құраушы...
1-тақырып. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары icon1-БӨлім. Химиялық термодинамика. Ерітінділер. Химиялық кинетика. Глоссарий (анықтама, сөздік)
Физикалық химия – химиялық процестер мен химиялық құбылыстардың өту заңдылықтарын зерттейтін ғылым
1-тақырып. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары icon2 тақырып. Педагогикалық әсер ету – педагогикалық технологияның объектісі ретінде. Сабақты өткізу формасы
Студенттердің оқытушымен бірге өзіндік жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар (45 сағат)
1-тақырып. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары icon6М011600 – География және 6М060900 – География мамандықтарына магистратураға қабылдау емтиханының
Морфоқұрылым мен морфомүсін ұғымдары. Материктер мен мұхит түбі макрорельефінің негізгі кескіндері
1-тақырып. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Топырақтағы химиялық заттарды нормалаудың ғылыми негіздеріне және топырақтағы экзогенді химиялық заттарды нормалаудың негізгі...
1-тақырып. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары iconПологиясының негізгі ұҒымдары жоғары оқу орындарының тіл мамандықтары студенттеріне арналған «Типологиялық зерттеулер негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал Павлодар
О. Қ. Жармакин филология ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы пму профессоры
1-тақырып. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары icon«сертификаттау» Сертификаттаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары
Сәйкестік шкаласы. Өндірушінің және тұтынушының тәуекелдері. Сертификаттауды дамытудың жағдайы және негізгі даму бағыттары: Сәйкестікті...
1-тақырып. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары icon8 тақырып. Халықаралық технологияның берілуі
Заттанған (жабдықтар, агрегаттар, технологиялық бағыттар және басқалар) және заттанбаған формадағы (әр түрлі тектегі технологиялық...
1-тақырып. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары iconХимиялық қозғалыс заттың химиялық құрамы мен құрылысы өзгере жүретін өзгерісі. Сондықтан зат құрамы мен оның химиялық структурасы қозғалыстың химиялық
Химиялық қозғалыс заттың химиялық құрамы мен құрылысы өзгере жүретін өзгерісі. Сондықтан зат құрамы мен оның химиялық структурасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница