Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны




Скачать 413.58 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны
страница1/4
Дата конвертации07.02.2016
Размер413.58 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/proekt_sp_kaz.doc
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы Үкіметі

2008 жылғы «___» _________№ ___

мақұлдады


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары


Астана қаласы 2008 жыл

Мазмұны




Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің миссиясы мен көкжиегі




Ағымдағы ахуалды талдау




Қызметтің стратегиялық бағыттары, Қаржы министрлігі дамуының стратегиялық мақсаттары мен негізгі нысаналы көрсеткіштері




Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің функционалдық мүмкіндіктері




Қосымша: негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінінің 2008-2010 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары әзірленген Қазақстан Республикасы бағдарламалық құжаттарының және өзге нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі





Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің миссиясы


Экономикалық өсуге жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік қаржы жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу.


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің көкжиегі


Мемлекеттің қаржы ресурстарын және мүмкіндіктерін жұмылдыруды, бөлу мен тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін үздік халықаралық практикаға сәйкес жаңғыртылған мемлекеттік орган.


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметінің 2008 – 2010 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары


1. Қаржы ресурстарын жұмылдыру

2. Мемлекеттің қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен басқаруды қамтамасыз ету

3. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру

4. Мемлекеттік қаржымен аралас салаларды дамытуға жәрдемдесу


Ағымдағы ахуалды талдау


«Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Үкімет алдында қазақстандықтардың өмір су сапасының өсуіне және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттерді қойды.

Қазіргі уақытта халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі даму үшін экономиканың тұрақты өсуін қолдау қажет. Ол қазіргі әлемде үздік ғылым мен ақпараттық технологияларға негізделген экономиканың қазіргі заманғы үлгісіне көшкен жағдайда ғана мүмкін.

Қойылған міндеттерді шешуде бюджеттік жүйеге маңызды рөл тиесілі. Еліміздің басты экономикалық ведомстволарының бірі және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ең алдымен салық салу, бюджеттің атқарылуы, бюджеттердің атқарылуы туралы есеп пен есептілік саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты бірқатар проблемаларды шешу қажет.

Салық салу саласында мынадай проблемаларды шешу қажет:

- салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыру және жеке шоттарын жүргізу кезінде;

- салық есептілігін электрондық түрде берген және жеке шоттарға қашықтықтан қатынауды ұйымдастыру кезінде;

- ҚҚС бойынша электрондық камералдық бақылауды жүзеге асыру кезінде;

- «Салық аудитін электрондық бақылау» (САЭБ) біріктірілген салықтық ақпараттық жүйенің (БСАЖ) мамандандырылған құрауышының көмегімен салық тексерулерін жүргізу және тексеру рәсімдерін құжаттандыру кезінде;

- жұмыс істемейтін салық төлеушілердің банктік шоттарында ақшалай қорлардың қозғалысы туралы ақпаратты алу жөнінде екінші деңгейдегі банктермен жұмыс істеу кезінде автоматтандырылған өзара іс-әрекеттің болмауы болып табылады;

- салықтық әкімшілік жүргізудің ақпараттық жүйелерін қолданудың тиімділігіне теріс әсер ететін ақпараттық технологияларды ағымдағы пайдалану кезінде.

Сондай-ақ ведомстволық тіркеуді жүзеге асыратын органдарға халықтан түсетін құжаттарды өңдеудің мониторингін, дұрыстығын, толықтығы мен уақтылығын жүзеге асыратын бірыңғай жүйенің болмауы, сондай-ақ серверлік және коммуникациялық жабдықты орналастыру үшін бөлінген жеткілікті жабдықталмаған үй-жайлар бөлігінде.

Сондықтан бірінші бағыт ретінде қаржы ресурстарын жұмылдыру бөлінді, оның мақсатына нәтижелік көрсеткіштеріне, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету кіреді.

Осы бағытты іске асыру үшін салықтардың жиналуын арттыру және олардың бюджетке барынша түсуін қамтамасыз ету, салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін электрондық бақылауды енгізу және уәкілетті органдармен өзара іс-әрекет ету кезінде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану қажет.

Жыл сайын экономиканы дамытуға бағытталған бюджет қаражатының көлемі өсіп отырғандығын ескере отырып, оларды пайдалану нәтижелері және басқару барынша тиімді және айқын болуы тиіс, осыған байланысты екінші стратегиялық бағыт болып мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды және басқаруды қамтамасыз етуді анықтау шешілді.

Осы бағыттың шеңберінде ішкі бақылау қызметінің жұмысын жақсарту, мемлекеттік активтерді, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, үкіметтік талаптар мен міндеттемелерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету, нәтижелік көрсеткіштеріне, бюджеттердің атқарылуы туралы есептілікке және т.с.с. әсер ететін факторларына талдау жүргізу арқылы бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы жоспарланады.

Көрсетілген бағыттың мақсаттарына бюджеттің атқарылу нәтижелігінің көрсеткіштеріне әсер ететін факторларды талдау енеді.

Осы бағытты іске асыру үшін республикалық бюджеттің уақтылы және тиімді атқарылуын қамтамасыз ету, бюджеттің атқарылу мониторингі процесінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-әрекет ету, бюджеттің атқарылу бөлігінде бюджет заңнамасын жетілдіруді қамтамасыз ету қажет.

Айталық, бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы бөлігінде мынадай проблемалар бар:

- бюджеттік бағдарламаларды тиімсіз іске асыруға әкеп соқтыратын бюджетті атқару кезінде бюджеттік рәсімдердің көп сатылығы мен күрделігі (бюджеттік бағдарламалардың іс-шаралары бойынша шешімдер қабылдаудан түпкі есептеулерге дейін);

- бюджеттік бағдарламаларды уақтылы орындау проблемасы күрделі болып қалып отыр. Мемлекеттік органдарға әкімшілік әрекет ету шараларын күшейту арқасында осы мәселеде бюджеттік тәртіпті кейбір арттыруға қарамастан, бюджеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыру үшін мерзімдер мен ресурстарды жоспарлауда жетіспеушіліктер орын алып отыр.

Қазіргі уақытта қаржылық бақылаудың тиімділігіне әсер ететін жекелеген проблемалар бар. Ең алдымен, бұл соманы өтеуге анықтау өлшемдеріне қатысты, өйткені заңнамада заңсыз пайдаланылған қаражатты өтеу ұғымдары мен рәсімдері нақты анықталмаған.

Қазіргі уақытқа дейін екінші шешілмеген проблема бақылау объектілерінің анықталған жолсыздықтарды жою жөніндегі өкімдерді уақтылы орындамауы болып отыр. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне тиісті бап енгізу жолымен мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының шешімдерін орындамағаны үшін жауапкершілік шараларын белгілеу қажет.

Бұдан басқа, бүгін мемлекеттік қаржы ресурстарының жеткілікті үлкен көлемі қайта құрылған даму институттарына, сондай-ақ елдің стратегиялық даму жоспарларын іске асыру шеңберінде аралас капиталы бар корпорацияларға жіберіліп отыр, бұл оларды Үкімет тарапынан бақылаудың шеңберінен іс жүзінде шығарып жібереді, соның салдарынан көрсетілген активтер «бұлыңғыр аймақта» болуы мүмкін. Бұл қаржылық бақылаудың жаңа құралдарын құру және тиісті органдардың өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігін туындатады.

Алайда аралас капиталы бар кәсіпорындарды басқару тарапынан бірқатар проблемалар бар, оның ішінде мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдарды (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді) басқару органдарында мемлекеттің мүддесін білдіретін лауазымды тұлғалар тарапынан мемлекеттік активтерді жеткілікті тиімді басқармау. Бұдан басқа, мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлері Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталғаннан қарағанда кең, сондай-ақ бәсекелес ортаға берілген.

Кейбір ұйымдардың шығынды қызметінің нәтижесінде жеке капитал мөлшерінің азаюы болды, ол шаруашылық жүргізу құқығында берілген мемлекет активтері құнының және мемлекетке тиесілі акциялардың баланстық құнының азаюына әкеп соқтырды.

Бірқатар ұйымдарда талап ету мерзімі бір және одан асатын жыл бұрын басталған дебиторлық берешек бар. Мұндай ахуал ұйымдардың қаржы жағдайына барынша теріс әсер етеді.

Жекелеген мемлекеттік органдар бірнеше қайта ұйымдастырулардан кейін оларға бұрын ведомстволық бағыныста болған ұйымдармен байланысын жоғалтты, олардың қызметі туралы ақпараты жоқ, жұмыс істемейтін ұйымдарды бірыңғай Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімінен шығаруды қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдамайды.

Сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыруға немесе таратуға, коммуналдық меншікке беруге байланысты Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар уақтылы енгізілмейді.

Бұдан басқа, бүгінгі күні мемлекеттік органдар тарапынан тиісті бақылаудың болмауы және оларға ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамауы салдары болып табылған проблемалар пайда болды.

Қазіргі уақытта көптеген компаниялар мемлекеттік меншікте қалып отыр және қазақстанның экономикасында маңызды рөл ойнайды, олардың бірқатары басқа ұйымдардың табысты жұмыс істеуі үшін қажет инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.

Сондықтан осы мемлекеттік компаниялар қызметінің тиімділігі Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңызды мәнге ие.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Үкіметі мақсат қойды – бұл мемлекеттік компанияларды қызмет тиімділігінің барынша жоғары деңгейіне шығару. Мемлекеттік холдингтік компанияны құру тұжырымдамасының негізіне Сингапур, Испания, Ұлыбритания сияқты елдердің халықаралық тәжірибесі салынды.

Бүгінгі күні акциялардың мемлекеттік пакеттердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестеріне кірістердің, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігі аударымдарының түсімдері мемлекеттік активтерді басқару саласындағы қазіргі ахуалға сүйене отырып қалыптастырылды. Бұл ретте осы көрсеткіштер ұлттық холдингтерге, ұлттық басқарушы компанияға, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға және бәсекелес ортаға берілетін мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін бекіткеннен кейін ғана түзетілуі мүмкін.

Осы бағытқа қол жеткізу шеңберінде мемлекеттің қатысуы бар компанияларда корпоративтік басқарудың дүниежүзілік стандарттарын енгізу, мемлекеттік жеке серіктестікті дамыту үшін мемлекеттік активтерді пайдалану жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру жөніндегі жұмыс тиісті тізбені қалыптастырғаннан және бекіткеннен кейін мүмкін болады.

Соңғы жылдары мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлеріне берілетін қаражат көлемінің артуына байланысты бюджетаралық қарым-қатынастарды топталған кодтардың толық көлемімен қамтамасыз ету үлкен мәнге ие. Осыған байланысты, бюджеттердің атқарылуы туралы дұрыс және шынайы есептілікті алу, оны беру жөніндегі қызметтерді сапасын жақсарту үшін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен өзара іс-әрекет етуді күшейту жолымен бірыңғай бюджеттік сыныптаманы жетілдіру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен әдістемелік және түсіндіру жұмыстарын жетілдіру талап етіледі.

Бюджет жүйесінің және бүкіл бюджет процесінің айқындылығын арттыру мәселесінің маңыздылығына сүйене отырып, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңына сәйкес оларды заңды тұлғалардың есептілігіне арналған талаптарға жақындату үшін бюджеттік есептіліктің құрамы мен мазмұнынан қойылатын талаптарды біріздендіру қажет.

Екінші жағынан бюджеттің атқарылуынан басқа Қаржы министрлігінің маңызды функциясы жоғары тұрған органдардан бастап заңды және жеке тұлғаларға дейін алушылардың жеткілікті кең аясына түрлі сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беру болып табылады.

Осыған байланысты, үшінші стратегиялық бағыт бөлінді – шегінде басқа қызметтермен қатар ХҚЕС енгізу, кедендік ресімдеу мен қазынашылық қызмет көрсетудің сапасын арттыруды бөліп көрсетуге болатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру.

Бірнеше жылдар бойы республиканың қазынашылық жүйесі бюджеттік рәсімдердің атқарылуын қатаң бақылайтын барлық деңгейдегі мемлекеттік қаржыны тиімді басқару үшін ақпараттық негіз болып табылатын қарқынды дамып отырған қаржы институты ретінде өзін көрсете білді.

Қазіргі уақытта қазынашылық жүйеде мынадай проблемалар туындап отыр.

1.1 Соңғы жылдары бюджеттердің көлемі елеулі арттырылып отыр, тиісінше қазынашылық жүйесінде өңделетін құжаттардың көлемі де артады. Осы бағыттағы негізгі проблема құжаттарды өңдеудегі және трафиктің өсуіне және жүйенің өнімділігіне жүктеменің артуына байланысты есептілік нысандарын беруде іркілістер болып табылады.

1.2 Ел экономикасының қарқынды дамуына, мемлекеттік қаржының ахуалын талдауды жүргізу қажеттілігіне байланысты мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жетілдіру және қаржылық есептілікті жасау қажет.

ХҚЕС енгізу саласында Министрлік ХҚЕС көшу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз етті. ХҚЕС 2006 жылғы нұсқасының аударылуы жүзеге асырылды және мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланды, ХҚЕС әдістемелік нұсқаулықтар әзірленді. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» жаңартылған ҚР Заңын іске асыруға бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін одан әрі дамытуды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілер әзірленді.

Аудиторлық қызметті нормативтік құқықтық қамтамасыз ету «Аудиторлық қызмет туралы» бірінші Заңның қабылдануымен 1993 жылы бекітілді. 2006 жылғы 5 мамырда «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа Заң (бұдан әрі - Заң) қабылданды, ол Халықаралық аудит стандарттарына (ХАС) көшуді көздейді, кәсіби ұйымдардың көбі кәсіби ұйымдарды аккредиттеу ұғымын енгізеді.

Заңды іс жүзінде іске асыру қазақстандық аудиторлық қызметтер нарығында білікті мамандардың жетіспейтіндігін, аудиторлық қызметтерге бағаның өсуін, соның салдарынан аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетін субъектілердің арасында тепе-теңсіздікті анықтады. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң әзірленді.

Кеден кодексін қабылдаумен Қазақстан сыртқы саудаға қатысушылардың мүддесіне неғұрлым өркениетті, айқын және арналған кеден заңнамасы бар мемлекеттердің қатарына кірді.

Сонымен бірге, кеден органдарының әлеуетін көтеру үлкен инвестицияларды ғана емес, кеден және басқа органдар лауазымды тұлғаларының және СЭҚ қатысушыларының жұмысын жетілдіруге бағытталған іс-шараларды да талап етеді.

Осыған байланысты, ағымдағы сәтке өзекті мәселе кедендік ресімдеудің мерзімін қысқарту болып отыр. Ресімдеу мерзімдерінің тұрақты мониторингіне қарамастан, кеден органдары өздерінің сенімсіздік білдіру өкілеттіктеріне байланысты бір уақытта құжаттамалық және жеке бақылауды қолдануды жалғастыруда.

Қазіргі уақытта кеден органдарының бар жүйесі жүктерді жаппай бақылауды жүзеге асырады, онда қағаздық декларациялау кезінде әуре-сарсаң орын алады, кеден органдарының лауазымды тұлғалары негізінен жүктер мен құжаттарды тексеруге бағдарланады, бұл өз кезегінде лауазымды тұлғалар тарапынан субъективті сипаттағы іс-әрекеттер үшін мүмкіндіктер жасайды.

Болашақ даму үшін басымдық сауда-саттыққа жәрдемдесуге және қызметтер көрсетуге бағдарланған сапалы жаңа ортаны құру үшін кеден рәсімдерін жетілдіру және лауазымды тұлғалардың мінез-құлық этикасы болуы тиіс. Кеден органдарының қызметі жаңғыртудың ауқымы мен жүрісін бір уақытта жеделдете отырып, бар жетістіктердің негізінде дамуы тиіс. Болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден қызметі СЭҚ қатысушыларға басқа заманауи кеден әкімшіліктері беретін қызмет көрсету деңгейіне жете алмайды, бұл елдің тұтастай алғанда бәсекеге қабілетін аз ете алады.

Бұдан басқа, Дүниежүзілік банк сарапшыларының бағалауы бойынша шығындар мен кірістердің ара қатынасы халықаралық стандарттардың талаптарымен салыстырғанда әлі де өте жоғары, ал кеден қызметінің өнімділігі орташа шығыс Еуропа деңгейінің 50%-ын ғана құрайды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдаланудың ағымдағы ахуалы телекоммуникациялардың қанағаттанарлықсыз өткізу қабілеті мен әлсіз техникалық жарақтандыру шарттарында ҚР кеден органдарының сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-әрекетін ұйымдастырмай кеден рәсімдерінің бір бөлігін автоматтандыруды білдіреді.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамыту және енгізу, кеден органдарында бар ақпараттық жүйелерді жетілдіру үшін бүгінгі таңда проблемалық мәселелердің бірі жүйелік-техникалық мүмкіндіктердің жеткіліксіздігі болып табылады.

Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тетігінің болмауы және қолданыстағы заңнама кеден органы лауазымды тұлғасының кедендік бақылаудың барлық нысандарын қолдану үшін жағдай жасайды, ол заңдылықтың сақталуына ықпал етеді және лауазымды тұлғаны СЭҚ теріс пиғылды қатысушыларының заңсыз әрекеттері үшін жауапкершіліктен босатпайды. Көрсетілген себептер тауарлардың еркін қозғалуына кедергі келтіреді және тауарларды уақытша сақтау кезінде СЭҚ қатысушылардың шығындарын арттырады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруі шеңберінде республикада зияткерлік меншік құқықтарын қолданыстағы қорғауды қамтамасыз ету проблемасы барынша өзекті болып отыр.

Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамытудың басым бағыттарының бірі кеден инфрақұрылымының материалдық-техникалық базасын және объектілерін жетілдіру және нығайту жөніндегі жұмыс болып табылады.

Осылайша, сауда саясатын алдағы ырықтандыру жағдайларында кеден қызметі жұмысының барлық құрауыштары халықаралық стандарттарға сәйкес келтірілуі, нормативтік құқықтық актілер қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде біріздендірілуі, кедендік ресімдеу кезінде электрондық құжат айналымы енгізілуі, Кеден Одағы елдерінің, сондай-ақ басқа мемлекеттердің кеден қызметтері арасында ынтымақтастық пен ақпарат алмасу жетілдірілуі тиіс.

Және де, құжатта ең соңғы бағыт мемлекеттік қаржымен аралас салаларды дамытуға жәрдемдесу анықталды. Бұл іске асырылуы Қаржы министрлігінің тарихи анықтамасынан тікелей туындамайтын, алайда жағдайларға байланысты оның құзыретіне жатқызылған қызмет түрлері. Бұл бағытта да мәселелер бар.

Банкроттау рәсімдерін жүргізу бірқатар проблемаларға ұшырап отыр. Айталық, таратылған ұйымдардың жалпы көлемінде мүлкі жоқ, салық органдарымен байланысын жоғалтқан ұйымдар басымдыққа ие. 2002 жылдан бастап 16 278 ұйым таратылды, оның ішінде 13 828 ұйым немесе 85% мүлкі жоқ (бос) болған. Банкроттау рәсімдері «мүшкіл» халге жеткізілген және жұмыс істемейтін, мүлкі іс жүзінде жоқ кәсіпорындарға қолданылады, қорытындысында тарату кезінде кредит берушілер талаптарының көбі өтелмей қалып отыр.

Бұл аз емес деңгейде қасақана және жалған банкроттық фактілеріне байланысты. Қасақана және жалған банкроттық проблемасы ұйымдар мүлкінің негізгі салмағының қорытындысы бойынша басшылардың немесе құрылтайшылардың заңсыз әрекеттеріне кредит берушілердің, оның ішінде мемлекеттің уақтылы әрекет етпеуінен туындайды.

Осыған байланысты, борышкерлердің активтерді заңсыз шығаруына және қасақана банкроттыққа қарсы әрекет ету тетіктерінің бірі ретінде сырттай байқау институтын кеңінен қолдану қажет.

Осылармен қатар, ең алдымен күш оңалту және сырттай байқау рәсімдерін қолдану жолымен төлем қабілетсіз кәсіпорындарды қаржы-экономикалық оңалтуға, төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталатын болады.

Қазіргі уақытта қазақстанда бағалы қағаздар нарығы әлі жеткілікті дамыған жоқ. Негізгі проблемалардың бірі айтарлықтай тартымды ұйымдардың көп санына қарамастан бағалы қағаздардың еркін айналымда болмауы болып табылады. Осы ұйымдар акцияларының бақылау пакеттері негізінен ұйымға бақылауды жоғалтуға мүдделі емес ірі инвесторлардың қолына шоғырландырылған. Осының салдарынан, нарықта бағалы қағаздардың шектеулі саны айналымда.



1-стратегиялық бағыт. Қаржы ресурстарын жұмылдыру

1-мақсат
  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны icon2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есебі
Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны iconҚазақстан Республикасында Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы 2008 жылғы...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінiң 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны iconЗайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы
Шығыс Қазақстан облысы. Зайсан ауданындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны iconҚазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған
Елдің 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны icon2010-2012 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2010-2012 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің миссиясы және алдағы уақытта көрінуі 1
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница