2010 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы




Скачать 100.78 Kb.
Название2010 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Дата конвертации07.02.2016
Размер100.78 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.oskemen.vko.gov.kz/rep/rep-2010-3-1-1-kz.doc


2010 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы


Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнім өндірісінің көлемі 130,6 млрд. теңгені, немесе 2009 жылдың сәйкестендірілген кезеңіне 141,4 %-ды құрады. 2010 жылдың қаңтар-маусым айларына тапсырма-жоспар 47,5 %-ға артық орындалды.

Өнеркәсіп құрылымында жоғары өсім қарқыны өсімі 43,8 %-ды құрайтын өңдеуші саласы. Сонымен қатар металлургиялық өндірісте (60,9 % -ға), машина жасауда (62 % -ға), электрмен қамтамасыз етуде, газ беруде, пар және ауа кондиционированиясында (26,1 % - ға ) және сумен қамтамасыз етуде (43,2 % - ға), азық-түлік өнімдері өндірісінде өндіріс көлемінің артуы байқалуда (9,9 % - ға).

Сонымен бірге химиялық өнеркәсіпте (49 %-ға), ағаш және тығын жасайтын бұйымдар өндірісінде (25,7 %-ға), тоқыма және тігін өндірісінде (10 %-ға) өндіріс көлемінің азаюы болды.

Индустриализациялау Картасына енген 8 жобаны іске асыру жүргізілуде.

«Эскор» АҚ кәсіпорын базасында «Могилевлифтмаш» РУП-мен бірге лифтілерді құрастыру өндірісін құру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген. Зауытты пайдалануға енгізу 2010 жылдың желтоқсан айында күтілуде.

Теплофондарды, мұнара крандарды және көшелерді жарықтандыру шырақтарын жинауды ұйымдастыру мәселесінде жұмыстар атқарылуда. Негізгі тапсырыс берушілердің бірі қалалық бюджеттік бағдарлама әкімгерлері.

Ай сайын 147 кәсіпорындар бойынша қахақстандық қамту мониторингі жүргізіледі.

Облыстық деңгейде маусым –шілде айларында қаланың 15 ірі кәсіпорындарына қосылған «Казцинк» ЖШС, «Өскемен ТМК» АҚ, «Арматур зауыты» АҚ және «Востокмашзавод» қазақстандық қамту үлесін арттыру бойынша шараларды іске асыру туралы Бас келісімге қол қойылды, соның ішінде экспортқа жұмыс істейтіндер: «ҮМЗ», «Өскемен конденсатор зауыты» «Орика-Казахстан», «Кэмонт».



Негізгі капиталға инвестициялар 2010 жылдың қаңтар-маусым айларына 20 млрд. теңгеге игерілді, ол 2009 жылдың сәйкестендірілген кезеңіне 67 % құрады және тапсырма-жоспардан 71,0 %.

2009 жылдың деңгейіне дейін инвестицияны игеру бойынша көрсеткіштердің орындалмауының негізгі себебі негізгі капиталда инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көздері, ағымдағы жылы өздерінің инвестициялық жобаларын іске қосу-реттеу жұмыстары бойынша жүзеге асыратын кәсіпорынның меншік қаражаттары болып табылады. Жабдықтарды орнатудағы соңғы жұмыстарды аяқтауда инвестицияларды игеру айтарлықтай аз қажет етіледі.


Тұрғын үй құрылысы

Іске 3,2 мың. ш.м. тұрғын үй енгізілді, бұл 2009 жылдың ұқсас кезеңіне 22,5% - ды құрайды және тапсырма-жоспардан 8,1 %. Пайдалануға тұрғын үйлерді беру бойынша жоспарды орындамаудың негізгі себебі бұл – мердігерлермен құрылыс мерзімін сақтамау, жұмысты дұрыс ұйымдастырмау, құрылысқақатысу үшін меншік қаражаттардың жоқтығы. Сонымен қатар жабдықтаушылар мен екінші мердігердің алдында берешектердің болуы. Нәтижесінде 19 тұрғын аудандағы 1 позициялы монолитті тұрғын үйді пайдалануға беру мерзімі 2010 жылдың наурыз айынан 2010 жылдың маусым айына түзетілген (5,8 мың ш. м.).

2010 жылы Өскемен қаласында тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында келесі нысандарды пайдалануға беру жоспарлануда:

– 21,9 мың шаршы метр ауданымен 19 тұрғын ауданда көпқабатты 4 монолитті тұрғын үйлер;

– 8,1 мың шаршы метр ауданымен Молдағұлова көшесі бойындағы 2-і бес қабатты үйлер;

– жалпы 6,2 мың шаршы метр ауданымен 22 тұрғын аудандағы жеке салудағы 81 үй.

«Нұрлы-Көш» бағарламасын іске асыру аясында келесі нысандардың құрылысы басталды:

– бірінші кезектегі 28 тұрғын аудандағы тұрғын үйлер кешені;

  • 600 орынға арналған;

– 280 орынға арналған бала-бақша.


Тіршілікті қамтамасыз ету мәселелерін шешуде

2010 жылы көрсетілген қызметтерге берешектерді өтеу үшін жергілікті атқарушы органдардың резервінен «Жаңа Согра» МКК кейінге қалдыруға келмейтін шығындарына 5,0 млн. теңге және техника алуға (экскаватор) – 5,5 млн. теңге бөлінді.

2010 жылы лифті шаруашылығын қалпына келтіруге 70,0 млн. теңге көлемінде қаражаттар бөлінді. Жөндеу үшін 11 лифты анықталды.

2010 жылы сыртқы жарықтандыру желілерін ұстауға 98,0 млн. теңге, электр энергиясын төлеуге 42,3 млн теңге бөлінді.


Ауыл шаруашылығы

1029,9 тонна ет (2009 жылдың сәйкестендірілген мерзіміне 99,2 % және тапсырма-жоспарға 94,1 %), 2639,1 тонна сүт (2009 жылдың сәйкестендірілген мерзіміне 94,7 % және тапсырма-жоспарға 95,1 %), 878,8 мың дана жұмыртқа (2009 жылдың сәйкестендірілген мерзіміне 95,9 %) өндірілді.


Шағын бизнес

Шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындар саны (заңды тұлғалар) 7062 бірлік, олардың ішіндегі әрекет ететіні – 4263 (2009 жылдың ұқсас кезеңіне 100,1 % және тапсырма-жоспардан 94,4 %).

2010 жылдың қаңтар-маусым айларындағы мемлекеттік бюджетке кәсіпкерлік қызметтер субектілерінен түсімдер 10,1 млрд. теңгені (2009 жылдың ұқсас кезеңіне 130,7%) құрады, соның ішінде: жергілікті бюджетке – 2673,1 млн. теңге (2009 жылдың ұқсас кезеңіне 111,4 %), қалалық бюджетке– 1232,1 млн. теңге (2009 жылдың ұқсас кезеңіне 119,0 %).


Тұтынушы баға

Өскемен қаласы бойынша тұтынушы тауарлар мен қызметтерге баға және тарифтердің жинақ өсім қарқыны 2009 жылдың желтоқсан айымен 2010 жылдың маусым айы бойынша 106,0 % құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңінен 2,8 %-ға жоғары. 2010 жылдың маусым айына бағаның жинақ өсім қарқыны – 100,8 % құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңінен 1,0 %-ға жоғары.

2010 жылдың қаңтар–маусым айларына азық-түлік тауарлар тобы бағасының өсім қарқыны 105,9 %-ды құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңінен 3,9 %-ға жоғары. Маусым айына – 99,3 %, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңінен 0,2 %-ға жоғары.

2010 жылдың мамыр айынан 2010 жылдың маусым айындағы кезеңге 66 негізгі азық-түлік өнімдерінің атауларынан 11 атау бойынша бағаның артуы тіркелді. Ең үлкен бағаның өсуі келесі тауарларға тіркелді: жармаларға (қарақұм) – 1,5 %-ға, тазартылған тауықтар – 3,2 %-ға, сарымсақ – 7,7 %-ға, қызылша – 8,4 %-ға, сәбіз – 4,2 %-ға.

13 атау бойынша бағаның төмендеуі тіркелді. Жұмыртқаға баға – 19,7 %-ға, шикі сүтке – 11,6 %-ға, жаңа піскен қияр және қызанаққа – сәйкесінше 24,7 %-ға және 21,4 %-ға, қантқа – 4,3 %-ға, кілегейге – 3,1 %-ға төмендеді.

42 азық-түлік түрлері бойынша баға өзгеріссіз қалды.

2010 жылдың қаңтар-маусым айларына азық-түлік емес тауарлар топтарына өсім қарқыны 105,7 % құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңінен 0,7 %-ға төмен. 2010 жылдың маусым айына – 100,2 %, бұл 2009 жылдың сәйкес 0,1 %-ға төмен.

Азық-түліктік емес тауарлар тобы бойынша 35 негізгі атаулардан бағаның артуы 11 атау бойынша тіркелді: жазғы туфли – 2,3 %-ға, әйелдер туфлиі – 1,0 %-ға, қыздар туфлиі – 1,0 %-ға, бензин АИ-80 – 4,7 %-ға, бензин АИ - 93 – 1,2 %-ға.

24 атау бойынша баға өзгеріссіз қалды.

Қызмет көрсету мен тарифтер бойынша 2010 жылдың қаңтар-маусым айларына өсім қарқыны – 106,6 %-ды құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңінен 5,6 %-ға жоғары. 2010 жылдың маусым айына – 102,8 %, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңінен 2,7 %-ға жоғары.

Қызмет көрсету бойынша 33 негізгі атаудан бағаның өсуі 7 атау бойынша тіркелді: қабір қазу және жабуға төлеу – 9,5 %-ға, ер адамдардың аяқ киімін жөндеу – 1,5 %-ға, әйел адамдардың аяқ киімін жөндеу – 1,0 %-ға, ерлердің шашын қырқыу – 1,9 %-ға.

26 атаудың бағасы өзгеріссіз қалды.

Баға өсуінің себебі:

1. Азық-түлік өнімдерін сақтау мен жеткізуге әсерін тигізетін ауа райының қолайсыз жағдайы, басқа аймақтардан қысқы мерзімдерде жабдықтаушылармен бағаны жоғарлатып әкелуі.

2. Қалада көкөніс және картоп сақтайтын қоймалардың жоқтығы аталған азық-түлік өнімдер түрлеріне бағаны тұрақтауға мүмкіндік бермейді.

3. Транзиттік жолдардың жоқтығы әкелетін тауарлар бойынша қосымша көлік шығындарын қосуға алып келеді.

4. Қырғыз шекарасын жабу қол жетімді баға бойынша халық тұтынатын тауарлады және жеміс-көкөніс өнімдерін әкелу тоқтатылды.

5. Облыстың басқа аудандарымен салыстыру бойынша тұрғындардың жоғары кірістер деңгейін қарастыратын облыстық орталық статусы.


Инфляцияға қарсы шаралар:

736 сауда нысандарының иелерімен негізгі азық-түлік тауарларға 5 % – 10 % асырмай сауда үстеме ақысымен тарату туралы меморандумдар жасалды.

Қаланың 7 дүкенінде әлеуметтік баға бойынша азық-түліктік тауарлар сатылатын бөлімдер ашылады.

Сауда желілерін орнату үшін Қытайдан тауар өндіретіндер тартылды (22-24 сәуірде «АльшемАли» рыногында жәрмеңке өтті).

«Ертіс» ШҚ ЖШС 18 сауда павильондары шұжық өнімдерін тарату бойынша қызмет жасайды.

Сүт өнімдерін тарату бойынша «Багратион» ЖШС 10 жылжымалы павильондар қызмет жасайды.

«Шығыс-сүт» қауымдастығымен және «Арзан» толайым маркетімен тауар өндірушінің бағасы бойынша сүтті, айранды таратуды қарастыратын «Қол жетімді баға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Осылайша, негізгі азық-түлік тауарларына (күріш, қарақұмық, «Шедевр» күнбағыс майы, жұмыртқа, қант) «Арзан» толайым маркетінде 2 % сауда үстеме ақысын қолданумен таратылады.

«Черемшанская птицефабрика плюс» ЖШС, «Черемшанский бройлер» ЖШС, «Усть-Каменогорская птицефабрика» АҚ және олардың дилерлерімен ішкі рынокты қанағаттандыру және құс еті мен жұмыртқаға бағаны тұрақтандыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалған.

«Арзан Сауда» ЖШС негізінде бірінші қажетті тауарларға бағаны ұстау бойынша «Сауда одағы» жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні оған қосылуға қаланың 15 сауда кәсіпорындарынан өтініштер түсті.


Салық және бюджет

2010 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 32,3 млрд. теңге немесе жоспардан 109,7 % құрады және 2009 жылдың сәйкес кезеіне 129,4 %.

Қалалық бюджеттің кіріс бөлігіне 8690,8 млн. теңге түсті немесе жоспардан 100,5 % (41,4 млн. теңге – жоспардан тыс).

Меншік кірістер бойынша түсімдер 3895,6 млн. теңгені құрады немесе жоспардан 101, % және тапсырма-жоспардан 99,5 %.

2010 жылдың 1 шілдедегі жағдайы бойынша бюджетке барлық деңгейде берешектер 6541,8 млн. теңге сомасында қалыптасты, бір айда 314,1 млн. теңгеге төмендеді, жыл басымен салыстырғанда 5376,1 млн. теңгеге артты. Жергілікті бюджетке түсетін салықтар бойынша берешектер 135,3 млн. теңгені құрады, бір айда 41,2 млн. теңгеге төмендеді, жыл басымен салыстырғанда 2,6 млн. теңгеге артты.

Бюджеттің кіріс бөлігінің болжам көрсеткіштерін орындау мақсатында экономиканың нақты секторында еңбекақыны қорын арттыру және мүлікке салық салудағы резервтерді табу бойынша алгоритімдердің іс-шаралары орындалуда. Ағымдағы жылдың наурыз айынан 162 кәсіпорынға хронометражды тексеру жүргізілді (жоспардан 100 %), сонымен қатар 87 кәсіпорын қарастырылған бюджеттің кіріс бөлігін толтыру бойынша 17 жұмыс тобының отырысы өтті . Өткізілген жұмыстар нәтижесінде 2010 жылдың 6 айына жергілікті бюджетке қосымша 220,1 млн. теңге сомасында резервтер түсті.

Бюджеттің шығыс бөлігі 9318,0 млн. теңге сомасында немесе жоспарға 91,3 %-ға орындалды.


Әлеуметтік сала

2010 жылдың 1 маусымдағы жағдайы бойынша Өскемен қаласында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар санының 64,5 %-ды құрайтын 7539 балалар контингентімен 31 мектепке дейінгі мекемелер саналуда.

Ағымдағы жылы бала-бақшаның үш ғимараты мақсатты пайдаланумен қайтару, мемлекеттік серіктестік аясында екі бала-бақшаны салу, 31 мектепке дейінгі шағын-орталықтар және жеке меншіктегі бала-бақшаны ашу жоспарлануда.

Нәтижесінде 2010 жылдың 1 қаңтарына (3532 өтініш) қалыптасқан кзектілікті жоюға мүмкіндік беретін мектепке дейінгі балалар үшін 3655 орын дайындалатын болады, соның ішінде: 1530 орын – бала-бақшаларда, 2125 орын – шағын-орталықтарда,

Қаланың 25578 төмен деңгейдегі азаматтарына 181,9 млн. теңге сомасында материалдық және натуралдық көмек көрсетілді, соның ішінде: жалпы 13,7 млн. теңге сомасында тұрғын-үй көмегі 1919 адам санындағы жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген 1603 отбасыға; жалпы 4,3 млн. теңге сомасында – 374 адам санындағы 150 жағдайы нашар отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді; жалпы 3,2 млн. теңге сомасында – 504 бала санымен 288 отбасы адамдарының 18 жасқа дейінгі балаларына жәрдемақы төленді.


ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне көмек көрсету

17,6 млн. теңге көлемінде 612 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, 60,7 млн. теңге сомасында 2973 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтарға коммуналдық төлемдерді төлеуге материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар Ауғанстандағы соғыста қайтыс болған 10 отбасына 280,0 мың теңге сомасында, Қазақстан Республикасы мен облыс алдында еңбегі сіңген 298 арнайы зейнеткерлерге 3,5 млн. теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді.

Жұмыспен қамту және еңбек нарығы

2010 жылдың қаңтар-мамыр айларында орташа айлық еңбекақының өсімі 2009 жылдың сәйкестендірілген кезеңіне 110,3 %-ды (62,6 мың теңге) құрады.

Жұмыс істеушілер саны 4,1 %-ға (105,4 мың адам) азайды.

Жұмысыздар деңгейі 0,8 % құрады (2009 жылдың сәйкестендірілген кезеңіне. – 1,3 %).

2010 жылдың 1 шілдедегі жағдайы бойынша ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 853 адамға азайды және 1235 адамды құрады.

Жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша:

– 4849 адам жұмысқа орналастырылды немесе келгендердің 61,2 % және тапсырма-жоспардан 150,3 %:

– қоғамдық жұмысқа – 845 адам жіберілді (22,5 млн. теңге шығындалды);

– оқуға және қайта даярлауға – 1661 жұмыссыздар жіберілді (7,3 млн. теңге шығындалды);

– әлеуметтік жұмыс орындарына – 1531 адам жіберілді (53,9 мың теңге шығындалды);

– жастар тәжірбиесіне қатысқандар – 440 адам (14,7 млн. теңге шығындалды).

2655 жұмыс орны құрылды немесе 2009 жылдың ұқсас кезеңіне 102,1 % және тапсырма-жоспарға 105,6 %.

2010 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша орта және ірі кәсіпорындардың еңбекақыларындағы берешектер 61,8 млн. теңгені құрады, өткен аймен салыстырғанда 8,0 млн. теңгеге артты, сонымен қатар жыл басына қарағанда 55,4 млн. теңгеге қысқарды. Солардың ішінде еңбекақы бойынша кешіктірілген берешектер 33,9 млн. теңгені құрады және өткен аймен салыстырғанда 1,3 млн. теңгеге төмендеді, жыл басынан – 72,5 млн. теңге..


Ағымдағы жылы «Жол картасы» бойынша іс-шараларды іске асыруға 2799,0 млн. теңге қарастырылған, соның ішінде 1800,3 млн. теңге сомасында республикалық бюджеттен ағымдық трансфертттер, 998,8 млн. теңге – қалалық бюджеттен ортақ қаржыландыру.

2010 жылдың 1 шілдесіне игеру 1027,4 млн. теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджет бойынша – 805,9 млн. теңге (аударылған қаражаттың 97,3 %), жергілікті бюджет бойынша – 221,5 млн. теңге (93,5 %). Нақты жұмысқа орналасқандар – 1256 адам (жоспардан 43,2 %).

2010 жылдың 1 шілдесіне 81 жоба бойынша конкурстар өткізілді (жоспардан 92,1 %).

Бюджеттік бағдарлама әкімгерлері кесіндісінде орындалу келесі жағдайда қалыптасты:

1. ТҮКШ, жолаушылау көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша игеру 838,7млн. теңге (бағдарлама бойынша барлық тиесілі қаражаттардан 81,6 %), 603 жұмыс орыны құрылды (жоспардан 29,6 %).

Соның ішінде жұмысқа жіберу бойынша:

– жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру, қаланы жақсарту нысандарының жұмысы – 556,5 млн. теңге, 254 жұмыс орыны құрылды (жоспардан 18 %);

– жолдардың орташа жөндеуі – 282,2 млн. теңге, 350 жұмыс орыны құрылды (жоспардан 55,6 %).

2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша – 6,2 млн. теңге (бағдарлама бойынша барлық тиесілі қаражаттардан 0,6 %), 29 жұмыс орыны құрылды (жоспардан 100 %).

3. Білім беру бөлімі бойынша игеру 182,5 млн. теңге (бағдарлама бойынша барлық тиесілі қаражаттардан 17,8 %), 624 жұмыс орыны құрылды (жоспардан 73,9 %).


Қалада санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы қанағатты болып саналады. Жыл басынан барлығы санитарлық ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін 4639,8 мың теңге сомасына айыппұл салынды, 9 нысандар бойынша қызметтер тоқтатылды, 31 адам жұмыстан шығарылды. Екі айдың ішінде 65 рұқсатсыз қосылған қоқыс тастайтын жерлер жойылды, 1653 куб.м. қоқыстар шығарылды.

2010 жылдың қаңтар-маусым айларына Өскемен қаласының аумағында жалпы қылмыс жасағандар бойынша ашылғандар пайызы 4,5 % артты және 56,3 % құрады.

Қалада есепті кезеңде толығымен тыныш қоғамдық-саяси жағдайлар сақталды.


Похожие:

2010 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы icon2012 жылдың 9 айына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Азық-түлік өнеркәсібінде өндірістің көлемі 16,7 млрд теңге деңгейінде қалыптасты, тик – 139,1 %
2010 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы icon2011 жылдың қаңтар-наурыз айларына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Жылдың қаңтар-наурыз айларына қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 91,5 млрд теңге сомаға немесе ұқсас кезеңге 136,6 өнім өндірілді....
2010 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы iconӨскемен қаласының 2011 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы
Неркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 432,8 млрд теңгеге жетті, бұл 2010 жылдың ұқсас кезеңінен 40,7 жоғары. Табиғи индекс көлемі 123,9...
2010 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы icon2012 жылға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Азық-түлік өнеркәсібінде өндірістің көлемі 23,1 млрд теңге деңгейінде қалыптасты, тик – 135,4 %
2010 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы iconБотақара кенті
Есептік жылдың қорытындылары бойынша ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
2010 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы icon2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы
Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы әлемдік тауар нарықтарындағы конъюнктураны және жаһандық дағдарыс жағдайында...
2010 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы icon2010 жылғы 1 шілдеге аудан бюджетіне түскен салықтар мен басқа да төлемдер 110,9 млн теңге немесе 110,1 пайызға орындалды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 104,1
Ауданның 2010 жылғы 1 жарты жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы
2010 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы icon2011 жылға қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға міндеттер туралы
Ала әкімі С. Ш. Тәукебаевтың Өскемен қаласы тұрғындарының алдында есеп беру кездесуіндегі баяндамасының тезистері
2010 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы iconОблыстың 2014 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы
Облыс әкімі А. Мұхамбетовтің «Облыстың 2014 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы»...
2010 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы iconАстана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық жай-күйін сипаттайтын маңызды индикаторлардың тізбесі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница