Экономика- қоғамдағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарының жиынтығы




Скачать 170.33 Kb.
НазваниеЭкономика- қоғамдағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарының жиынтығы
Дата конвертации27.09.2012
Размер170.33 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://portal.vkgu.kz:1010/5162/4.doc
2. Бөлім ДӘРІСТІК КЕШЕН


ГЛОССАРИЙ:

  1. Экономика- қоғамдағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарының жиынтығы.

  2. Экономикалық заңдар- бұл тұрақты, құбылыстар арасында қайталанатын байланыс.

  3. Негізгі экономикалық субъектілер: экономикалық жүйеге араласатын рыноктық негізгі элементтнр, яғни мемлекет, фирма және жеке адам (жанұя).

  4. Рынок- сұраныс пен ұсынысты біріктіретін жүйе.

  5. 3аңдылық - бұл тұрақты, құбылыстар арасында қайталанатын байланыс.

  6. «Инновация» ағылшын тiлiнен аударғанда - жаңалық енгiзу, жаңашылдық деген ұғымды бiлдiредi. Яғни, жаңа өндiрiстiк үрдiстi, өнiмдi немесе қызметтi игеру, әйтпесе жаңалықты инвестициялау деген ұғымды бiлдiредi.

  7. Методология –бұл зерттелетін мәселенің нақты құрылымы.

  8. Маржинализмм - француздың «margnyl» сөзі, қазақша «шекті» деген ұғым 1870 жылы жаңа экономикалық ілімнің методологиялық негізі болды. Жаңа классикалық ілім - шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті өнім, шекті шығындар категорияларын өмірге әкелді.

  9. Институционализм - 19 ғасырдың 30-жылдары Америкада қалыптасты. Институционализм өкілдері – қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басты күші институттар деген.

  10. «Ұлы депрессия» - XX ғасырдың 30-жылдары капиталистік дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде экономикалық дағдарыс болды.

  11. Неолиберализм - 20 ғасырдың 30-жылдары неолиберализм экономиканың негізгі бағыты ретінде пайда болды. Өкілдері – экономиканы мемлекеттік реттеуді шектей отырып, ерікті баға құру принципін экономиканы либерализациялауды жақтады.

  12. Ұйым – бұл адамдар тобы, олардың қызметі жалпы мақсатқа жетуuе арнайы түрде бағытталған

  13. Бизнес – жеке бастың, мекеменің пайдасын арттыруға бағытталған іс, кәсіпкерлік, сауда.

  14. Биржа – ақша-сауда ісін жүргізетін мекеме. Бұл жаппай көпшілік қолды стандартты не үлгі түріндегі тауарларды көтерме нарықта стау, мұнда бағалы қағаздар да, шетелдік валюта да сатылады.

  15. Бәсекелес - әдетте, бәсекеге өзара жекелеген адамдар, топ-тоқа бөлінген адамдар тоды және фирмалар мен кәсіпорындар түседі. Бәсекелестердің әрекет етуі әр түрлі сипатта болуы мүмкін. Шаруашылықтар арасындағы бәсеке – бұл жұмыс нәтижесін жақсартуға бағытталады.

  16. Жетілген бәсекелес нарық – бұл нарықтағы бағаны өзгерте алмайтын, саны өте көп, көлемі шағын фирмалар жұмыс істейтін нарықтық құрылым.

  17. Өндіріс- бұл тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті өндіріс факторларын қолдану процесі.Өндіріс процесінде қолданылатын факторлардың бәрән екі топқа бөліп қарастырамыз.Олар өндірісте материалдық түрде қолданылатын өндіріс факторлары жер, шикізаттар мен материалдар, өндіріс құрал-жабдықтары, ғимараттар-капитал ресурсы түрінде, ал жұмыс күші (еңбек) және кәсіпкерлік қабілет- еңбек ресурсы болып табылады.

  18. Монополия (грек: «монос»-бір, «полео»-сатамын) жеке өндіруші тауар нарығын бақылап және сол нарықта үстемдік жүргізуін айтады. Монополияның мақсаты – нарықта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкіндігінше жоғары табыс алу.

  19. Олигополиялық бәсеке (грек сөзі: аздаған сату) – дегеніміз нарықта бірнеше үлкен фирмалардың үстемдік етіп жұмыс істеуі. Оған тән – бірнеше фирмалардың болуы, өндірілетін өнім стандартталған (біртекті) немесе дифференцияланған (біртекті емес) болады, бағаға бақылау жасалады, фирмалардың салаға кірерінде үлкен кедергілер жасау, әсіресе баға бәсекелестігі біркелкі болмайды.

  20. Барлық адамдар бірге тұтынатын экономикалық игіліктерді таза қоғамдық игіліктер дейді.

  21. Әрқайсысы жеке – жеке бағаланылатын және сатылатын экономикалық игіліктерді таза жеке игіліктер дейді.

  22. Ресурстар – бұл игіліктерді өндіруге кететін факторлар болып табылады. Экономикалық ресурстар деп тауар өндіруге жұмсалатын барлық табиғат беретін, адманың еңбегімен жасалған және адамның өзі жатады.

  23. Кез-келген өндіріс процесі өндіріс факторларының нақты сандық және сапалық үйлесімін талап етеді.Оны технология деп атайды.

  24. Кәсіпкерлік –белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын.

  25. Негізгі экономикалық субъектілер: экономикалық жүйеге араласатын рыноктық негізгі элементтнр, яғни мемлекет, фирма және жеке адам (жанұя).

  26. Аймақ - географиялық, табиғи-климаттық, демографиялық, әлеуметтiк-экономикалық, ғылыми-техникалық белгілері бойынша ерекшеленетін әкімшілік – территориялық бірлік

  27. Өтпелі экономика дегеніміз әлеуметтік –экономикалық дамуын өзгертетін экономика.

  28. Өтпелі кезең дегеніміз ескі экономикалық жүйе құлдырап жаңа экономикалық қатынастар пайда болатын ұзаққа созылмайтын уақыт кезеңі (10-15 жыл).

  29. Болжам дегеніміз – белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми дәлелді пікір.

  30. Экономикалық болжауды нақты жүзеге асыратын жоспарлау дегеніміз – белгілі бір мақсатты, іс-әрекетті жүзеге асыру үшін нақты әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, құрылатын шаралар жиынтығы. Жоспарлау экономикалық сфераны ғана қамтиды.

  31. Бағдарлама дегеніміз – белгілі бір мақсатты жүзеге асыру үшін қолданылатын ресурстары, мерзімі шектелген нақты және комплексті шаралар жиынтығы.

  32. Экономикалық өсу дегеніміз - қоғамдық өндірістің ұлғайып , дамуының нәтижесінде ұлттық табыстың көбеюі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы.

  33. Мультипликатор дегеніміз – инвестиция көлемінің өзгеруінің жиынтық кіріс көлемінің өзгеруіне әсерін сипаттайтын сандық көрсеткіш.

  34. Акселератор – жиынтық кіріс көлемінің өзгеруінің инвестиция көлемінің өзгеруіне әсерін сипаттайтын сандық көрсеткіш.

  35. Агро-өнеркәсіптік кешен дегеніміз – ауыл шаруашылқ шикізатын өндіру мен өңдеумен айналысатын салаларының жиынтығы.

  36. Инвестиция – кәсіпкерлік объектілеріне пайда алу мақсатында салынатын материалдық және интеллектуалды құндылықтардың жиынтығы.

  37. Өндірістік инфрақұрылым - өндіріс процестерінің тікелей сыртқы жағдайларын қамтамасыз ететін салалар кешені.

  38. Әлеуметтік инфрақұрылым – жұмыс күшін ұдайы өндірумен байланысты салалар кешені: денсаулық сақтау, білім беру, жеке сауда, жолаушылар тасу көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру, демалысты ұйымдастыру т.б салалар.

1-модуль

Дәріс №1. Дәріс тақырыбы Аймақтық саясат: қалыптасуы, принциптері

Дәріс жоспары:

1. Аймақтық саясаттың мәні.

2. Аймақтық саясат: қалыптасуы, принциптері.

Аймақтың дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды қамтамасыз ету.

Аймақтық саясатты қалыптастырудың негіздері:

  1. Мемлекеттік аймақтық саясатты қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру (тұрғындар тығыздығы ( адам/км2), қалалық және ауылдық тұрғындардың арақатынасы, олрдың кірістің бір жанға шаққандағы деңгейі, тұтыну бағаларының индексі, жұмыссыздардың саны, жұмыссыздық деңгейі)

  2. Аймақтық саясатты қалыптастырудың маңызды негіздердің бірі елдің өндіргіш күштерді дамыту мен орналастыруды тиімділеудің объективті қажеттілігі құрайды.

  3. Мемлекеттік аймақтық – экономикалық саясаттын қалыптастырудың анықтаушы факторы ретінде республикадағы тоқырап қалған ауыл шаруашылығы аудандарын, шағын және орташа қалаларын айтуға болады.

Бүгінгі күні Қазақстанда аймақтық сипатындағы да үш мәселені шешудің қажеттілігі бар: әлеуметтік артта қалған, жекелеген шалғайдағы аудандар, тоқыраған шағын және орташа қалалар және арнайы экономикалық аймақ.Осы мәселелерді шешеу салық салу, кедендік режим, протекция механизмдерін қалыптастыруда бағдарламалы мақсатты көзқарасты және олардың басыңқылығын жалпымемлекеттік қабылдауды талап етеді.

Негізгі әдебиеттер: 23, 4, 5, 6, 7, 8.

Қосымша әдебиеттер: 9, 6, 15, 19.


Дәріс №2. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының аймақтық саясатын жүзеге асырудың әдістемелік негіздері

Дәріс жоспары:


1. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатын құрылымы.

2. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының бағдарламалық - әдістемелік астары

Мемлекеттік әлеуметтік – экономикалық саясаттың аймақтық аспектісі бүгінгі күні ғылыми зерттеулердің ең әлсіз зерттелінген объекті болып табылады. Оның негізгі себептері: а) халық шаруашылығы мәселелерін жоспарлы шешудің қағидалары мен әдістерінен бас тарту; ә) өндіргіш күштерді тиімді орналастыру жөніндегі зерттеулерді азайту; б) шаруашылық пен әлеуметтік үрдістерді басқарудағы орталық және жергілікті басқару органдардың функционалды міндетттемелерді өзара бөлісудегі ретсіздік.Аймақтық саясат халықтың өмір сүру деңгейі, табысы, жұмыс бастылығы, аймақтардың әлеуметтік – экономикалық даму деңгейінде айқын шиеленісуіне әкелмеуіне байланысты жалпымемлекеттік шешімдерді қабылдау мен іске асыру сияқты мәселелерді қарастырады. Аймақтық саясатты қалыптастырудың негіздері:

  1. Мемлекеттік аймақтық саясатты қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру (тұрғындар тығыздығы ( адам/км2), қалалық және ауылдық тұрғындардың арақатынасы, олрдың кірістің бір жанға шаққандағы деңгейі, тұтыну бағаларының индексі, жұмыссыздардың саны, жұмыссыздық деңгейі)

  2. Аймақтық саясатты қалыптастырудың маңызды негіздердің бірі елдің өндіргіш күштерді дамыту мен орналастыруды тиімділеудің объективті қажеттілігі құрайды.

  3. Мемлекеттік аймақтық – экономикалық саясаттын қалыптастырудың анықтаушы факторы ретінде республикадағы тоқырап қалған ауыл шаруашылығы аудандарын, шағын және орташа қалаларын айтуға болады.

Бүгінгі күні Қазақстанда аймақтық сипатындағы да үш мәселені шешудің қажеттілігі бар: әлеуметтік артта қалған, жекелеген шалғайдағы аудандар, тоқыраған шағын және орташа қалалар және арнайы экономикалық аймақ.Осы мәселелерді шешеу салық салу, кедендік режим, протекция механизмдерін қалыптастыруда бағдарламалы мақсатты көзқарасты және олардың басыңқылығын жалпымемлекеттік қабылдауды талап етеді.

Негізгі әдебиеттер: 31, 23, 4, 5, 6, 7, 8.

Қосымша әдебиеттер: 21, 35, 20, 22.


Дәріс № 3 Дәріс тақырыбы: Аймақтық саясатты жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі

Дәріс жоспары:

1. Шетел экономикасын аймақтық реттеудің мәні және әдістері.
2.Нарықтық экономикасы дамыған әртүрлі елдердегі аймақтық саясатты жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі.


Шет елдер тәжірибесін ғылыми қорытындылау қажеттілігі келесі жағдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкіндігі туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің механизмдерін түйістіруге мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мұндай толықтыру мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға, әлемдік шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерін ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік –экономикалық прцестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін үйренуден шығатын қорытынды: көптеген алдыңғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары ретінде халық шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау мен жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады. Сыртқы, ішкі және оларға сәйкес факторлардың біртіндеп шиеленісуі, мемлекет тек ғылыми негізделген экономикалық мақсаттарға жетуде, әрқашан тарихи жағдайды ескеруді талап етеді. «Ұлы дағдарыс жылдары» жылдары алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің нарықтық экономиканың өзін-өзі толық реттей алмайтындығына көздері жетті және де туындаған қиындықтарды уақытында шешу тек әлеуметтік экономикалық өмірге мемлекеттің араласуымен жүзеге асатынын түсінді.

Шет елдерде нарықтық экономикасымен қоса кәсіпорын және фирмалардың жоспары маңызды роль атқарады. Біздің ойымызша республикадағы қазіргі жағдайда, шетелдік өндіріс сфераларын жеңідікпен несиелеу және осы несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған мемлекттің бақылау қызметтерін күшейту тәжірибесін қолданған жөн.

Шет елдерде нарықтық экономикасымен қоса кәсіпорын және фирмалардың жоспары маңызды роль атқарады. Біздің ойымызша республикадағы қазіргі жағдайда, шетелдік өндіріс сфераларын жеңідікпен несиелеу және осы несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған мемлекттің бақылау қызметтерін күшейту тәжірибесін қолданған жөн.

Негізгі әдебиеттер: 23, 4, 11, 32.

Қосымша әдебиеттер: 58, 69, 59.


Дәріс № 4. Дәріс тақырыбы: Бюджеттік саясаттың аймақтық аспектілері

Дәріс жоспары:


1. Бюджет – саясатын қолдану ерекшеліктері.

2. Бюджеттік саясаттың аймақ экономикасын реттеудегі ролі

Мемлекеттік қаржы жүйесі арқылы саяси- экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаржыларды жинақтап пайдаланады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің қаржылық жоспары, шығысы мен табыстарының балансы. Бюджет мынадай үш қызмеь атқарады:

1) Бөлу қызметі, мемлекеттік бюджетарқылы ұлттық табыстың 20-60 % қайта бөлінеді.

2) Бақылау қызметі, бюджет ресурстарының қозғалысы экономиканың қаржылай жағдайын көрсетіп, оны бақылау мүмкіндігі туады.

3) Реттеуші қызметі, мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысының өзгеруін, жұмыссыздық деңгейінің азаюын, өндірістің құлдырауын жеңілдетіп отырады, былайша айтқанда, экономиканы тұрақтандыруға жағдай жасайды.

Несие жүйесі дегеніміз жеделдіктің, қайтарымдылықтың, төлемділіктің негізінде ақша құралдарын беру және тартумен айналысатын несие-қаржы мекемелерінің жиынтығы. Ал несие дегеніміз қарыз капиталының қозғалысы. Ақша-несие жүйесінің орталығы болып банктік жүйе саналады, ол екі деңгейден құралады:

Негізгі әдебиеттер: 34, 8, 6, 3, 45, 31.

Қосымша әдебиеттер: 81, 76,63, 12, 39.


Дәріс № 5 Дәріс тақырыбы: Аймақтардағы инновациялық – индустриалдық даму

Дәріс жоспары:



1. Аймақтық инновациялық саясаттың принциптері мен негізгі міндеттері

2. Аймақтың экономикасының инновациялық аспектілері.
3. «2003–2015ж.ж.арналған индустриалды – инновациялық даму стратегиясын» талдау.

Инновация - кәсіпорың жұмысының тиімділігін арттыруға әсер ететін шаруашылық жүргізуші субьектілердің стратегиялық дамуын мақсатты жетілдіру.

Инновациялық қызмет көп мөлшерде ғылыми- техникалық ойларды жеткізумен, нарықтық сұранысқа ие болатын нақты өнімге және технологияға дейін жетілумен байланысты. Нарықтық экономиканың құрылу шарттарында инновациялық қызметті жетілдіре басқарудың қажетті шарттары, инновациялық кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

Қазақстанның 2003 - 2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясында өңдеушi және ғылыми сыйымды жоғары технологиялык индустрияға аса зор көңiл бөлiнiп жатыр. Елдің экономикалық тәуелсiздiгi технологиялық даму деңгейiнен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдiк экономикадағы мемлекеттің ролi мен оның мәнi, инновация мен өзгерiстердiң негiзгі қозғаушы күшi- жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етiлетiндігiмен анықталады. Казiргi заманғы техника өндiріс технологиясынан бөлек ажыратылып қарастырылмайды. Ол тек нақты технологиямен қатар қолданылады және сол арқылы көрiнiс табады, яғни технология ғылыми- техникалық прогрестің қозғаушы күшi болып саналады.

Индустриалды - инновациялық қызметтi басқару мақсаты — жаңа идеяларды қолдау, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімдi нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады. Инновациялық үрдiстерге тең жоғары дәрежедегi динамикалық, анықсыздық, қарсы факторлардың көп болуы менеджметтi күрделендiредi. Сондықтан индустриалды-инновациялық қызметтi басқаруда жағдайдың күрделiлiк сипатын, бәсекенi, тәуекелдi ескеру қажет.

Негізгі әдебиетер: 47, 4,5,6,21.

Қосымша әдебиеттер: 55, 67, 42, 9.


2 модуль

Дәріс № 6 Дәріс тақырыбы: Аймақтық саясаттың конъюнктуралық,, құрылымдық бағыттары

Дәріс жоспары:



1. Аймақтық саясаттың конъюнктуралық бағыттары

2. Аймақтық саясаттың құрылымдық бағыттары
Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыста екені белгілі. Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

  • Мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;

  • Ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;

  • Шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы.

Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық – салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету – мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды.Қалыптасқан пікір бойынша инвестиция құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуальдық құндықтардың барлық түрлері енеді. Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық емес активтерді ( жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, лицензиялар) ұлғайту үшінде жұмсалады.

Негізгі әдебиеттер: 15, 5,6,7,21,57.

Қосымша әдебиеттер: 42, 6,7,21,10.


Дәріс № 7. Дәріс тақырыбы: Аймақтық инвестициялық саясат

Дәріс жоспары:


1. Аймақтық инвестициялық саясаттың принциптері мен негізгі міндеттері.

2. Аймақтағы инвестициялық іс-әрекеттің тиімділігін жоғарылату тәсілдері.

3. Шетел инвестицияларының аймақ экономикасындағы ролі.


Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыста екені белгілі. Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

  • Мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;

  • Ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;

  • Шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы.

Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық – салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету – мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды.Қалыптасқан пікір бойынша инвестиция құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуальдық құндықтардың барлық түрлері енеді. Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық емес активтерді ( жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, лицензиялар) ұлғайту үшінде жұмсалады.

Негізгі әдебиеттер: 44, 21,5, 25,63,69.

Қосымша әдебиеттер: 47, 6,7,21,5.


Дәріс № 8. Дәріс тақырыбы: Аймақтардағы өндірістік инфрақұрылымның дамуы

Дәріс жоспары:


1. Өндірістік инфрақұрылым жайлы жалпы түсінік.

2. Транспорт және байланыс салаларының әлеуметтік-экономикалық ролі.

3. Өндіріс құралдары рыногінің мәні..

Қоғамдық өндіріс екі үлкен сферадан тұрады. Оның біріншісіне – қоғамның материалдық-заттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын салалар жататын болса, екіншісіне - оның материалдық емес сұраныстарын қамтамасыз ететін салалар жатады.

Экономиканың дербес сферасы болып, инфрақұрылым, материалдық-заттық өндірістен қоғамдық еңбек бөлінуінің тереңдеуіне және оның сыртқы жағдайларын қамтамасыз етуге деген сұраныстың өсуіне байланысты бөлініп шықты. Кәсіпорындардың сыртқы жағдайлары біркелкі болмағандықтан, инфрақұрылым салалары да біркелкі емес. Сол себепті, инфрақұрылымды төрт түрлі ірі салалар тобына бөлуге болады:

1. Өндірістік инфрақұрылым - өндіріс процестерінің тікелей сыртқы жағдайларын қамтамасыз ететін салалар кешені. Оған жук тасу көлігі, көтерме сауда, электрмен, газбен, сумен қамтамасыз ету, қойма шаруашылығы, байланыс, информацияны өңдеу салаалары және іскерлік қызметтер сферасы жатады. Іскерлік қызметтер сферасы жарнама мен маркетингтік қызмет көрсетуді, жалға алу мен лизингті, басқару, инвестициялық саясат т.б. жөнінде консультациялық қызмет көрсетуді, инжирингті қамтиды.

2. Әлеуметтік инфрақұрылым – жұмыс күшін ұдайы өндірумен байланысты салалар кешені: денсаулық сақтау, білім беру, жеке сауда, жолаушылар тасу көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру, демалысты ұйымдастыру т.б салалар.

3. Экологиялық инфрақұрылым – адам тіршілігінің зиянды жақтарынан қоршаған ортаны қорғау, қоғам өндірісі дамуының экологиялық жағдайларын қамтамасыз ету сфералары мен инженерлік құрылыстардың кешені.

Көлік кешенінің экономикалық маңызы оның орындайтын қызметіне байланысты. Көлік кез келген өндірістің айрылмас бөлігі болып саналады және ол қоғамдық еңбек бөлінуінің негізгі материалдық базасы боп есептеледі. Көлік жүйесі тасымалдау жұмыстарын атқаруда бірімен-бірі тығыз байланысты болатын әр түрлі көлік түрлерінің кешені.

Негізгі әдебиеттер: 21, 7,8,60,67

Қосымша әдебиеттер: 20, 40, 21.


Дәріс № 9. Дәріс тақырыбы: Әлеуметтік сфераны реттеудегі аймақтық саясаттың ролі

Дәріс жоспары:


1. Әлеуметтік саясаттың мәні.

2. Аймақтардағы әлеуметтік теңдік мәселесі және халықты әлеуметтік қорғау.

3. Әлеуметтік сфераны реттеудегі аймақтық саясаттың ролі

Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілік факторларын қарастырғанда әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлу қажет. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты бұл қоғам өмірінің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні – қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғамдық мүліктерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық хал- ахуалмен тығыз байланыста болады.

Әлеуметтік саясаттың негізгі қызметтері мынада: қоғамдағы әлеуметтік теңдікті сақтау, әлеуметтік қорғау жүйесін, тұрғындардың әл-ауқаты мен табыстарды өсуіне мүмкіндік жасау. Осы орындайтын қызметтеріне байланысты келесі талаптарды шешу керек: 1) Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру. 2) Тұрмысы нашар тұрғындарға әлеуметтік көмек жасау. 3) Тұрғындардың барлығы білім алуы, медициналық көмек, әлеуметтік сақтандыру мәселесін шешу.

Көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей енгізілетін медициналық сақтандыру жүйесі тек елдің тұрақты экономикалық дамуы кезеңінде ғана кең етек жаяды. Кері жағдайда бұл жүйенің енгізілуі халыққа кепілдік мединциналық қызмет етудің құлдыаруына әкеледі. Білім беру саласының мемлекеттік секторын реттеудің негізгі құралы оның дамуын ағымдық және ұзақ мерзімдік жоспарлау жатады. Бұл жоспарларда жоғарғы оқу орындарының материалдық техникалық базасын нығайту мен оның дамуын бюджеттік қаржыландыру көрсеткіштері көрініс табады. Жалпы білімнің дамуын мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңдық, құқықтық актілеріне негізделеді. Қоғамдық өмірдің ерекше өрісін мәдениет, өнер, бұқаралық ақпарат құралдары құрайды.

Негізгі әдебиеттер: 21, 6, 7, 17, 14, 19.

Қосымша әдебиеттер: 4, 22, 27, 36, 13.


Дәріс № 10. Дәріс тақырыбы: Қазақстанның табиғатты қорғау кешенінің аймақтық мәселелері

Дәріс жоспары:

1. Қоршаған ортаның әлеуметтік – экономикалық мәні.

2. Табиғатты қорғау кешенінің аймақтық мәселелері

3. Шығыс-Қазақстан облысының экологиялық жағдайына сипаттама.

Табиғатты орынды пайдалану – бұл шаруашылықты жүргізудің оның энергетикалық және шикізаттық сарқылмастығына адамға биологиялық түр және саналы әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қажетті мекендеу орталарының параметрлерін сақтаумен үйлесімділікте қол жеткізілетін жүйесі. Қазіргі экология қоршаған ортаны сақтау мен табиғи ресурстарды орынды пайдалану – табиғатты қорғау туралы кешенді ғылымның негізі болып табылады. Табиғи сиымдылықты азайтудың бірнеше бағыттары бар:

  • экологиялық зиянды өнімдеоді жою мен қалдықты өнімдері көп өндіріс орындарының санын азайту арқылыөндіріс салаларын өзгерту;

  • екінші реттік шикізаттарды барынша қолдану үшін әр түрлі өндірістердібіріктіру, материалдық шикізаттар, өнімдер мен қалдықтар ағындары тұйықталған өндіріс бірлестіктерін құру;

  • ресурс үнемдейтін және қалдығы аз жаңа технологияларды қолдану арқылы ескі өндіріс технологияларын ауыстыру;

  • өндірістік циклге ескіргеннен кейін қайтып келу мүмкіншілігі бар сапасы жоғары жаңа өнімдер жасап шығару;

  • қалдықтарды жою, тазарту, залалсыздандыру технологияларын жақсарту.

Өндірістің табиғи сиымдылығын азайту үшін осы шаралардың барлығын толық түрде қолдану керек.

Мемлекеттік экологиялық саясаттың негізгі құралы деп экологиялық заңдылықты түсінеміз.

Қазіргі кезеңде экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысында экологиялық факторларды ескермей әлеуметтік – экономикалық міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Адамның жақсы өмір сүруі үшін ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін дамыған технологияларды талап етеді.

Негізгі әдебиеттер: 42, 1, 5, 30, 31.

Қосымша әдебиеттер: 11, 12, 52,21.






Похожие:

Экономика- қоғамдағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарының жиынтығы iconЭкономика- қоғамдағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарының жиынтығы
Негізгі экономикалық субъектілер: экономикалық жүйеге араласатын рыноктық негізгі элементтнр, яғни мемлекет, фирма және жеке адам...
Экономика- қоғамдағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарының жиынтығы iconЭкономика- қоғамдағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарының жиынтығы
Негізгі экономикалық субъектілер: экономикалық жүйеге араласатын рыноктық негізгі элементтнр, яғни мемлекет, фирма және жеке адам...
Экономика- қоғамдағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарының жиынтығы iconТақыры Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің теориялық аспектілері
Кәсіпкерлік құқық – кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін және де коммерциялық емес құқытарды, мемлекет пен қоғамның мүддесін қамтамасыз...
Экономика- қоғамдағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарының жиынтығы iconАймақтық экономикалық саясаттың басымдылықтары
Агро-өнеркәсіптік кешен дегеніміз–ауыл шаруашылқ шикізатын өндіру мен өңдеумен айналысатын салаларының жиынтығы
Экономика- қоғамдағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарының жиынтығы icon«Акционерлік қоғамдағы экономика және басқару» пәні бойынша
«Мемлекеттік және жергілікті басқару», 520830 «Экономика» мамандықтарының студенттеріне арналған
Экономика- қоғамдағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарының жиынтығы iconФ кгму 4 /3- 04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Дәрістың мақсаты: Студенттерге қоғамдағы саясатың орның және қоғамның саяси көзқарасына тоқталып, саясаттанудың қоғамдағы бағыттарын...
Экономика- қоғамдағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарының жиынтығы iconОрганизация методической работы в соответствии с госо 2006 года
Сабақтың мақсаты: Студенттерге қоғамдағы саясатың орның және қоғамның саяси көзқарасына тоқталып, саясаттанудың қоғамдағы бағыттарын...
Экономика- қоғамдағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарының жиынтығы iconЖұмыстардың және жұмысшы мамандарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Кен және ұнтақты пайдалы қазбаларды өндіру және байыту; Кенді агломерациялау; Тау-кен шикізатын өндіру және байыту; Құрылыс материалдарын...
Экономика- қоғамдағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарының жиынтығы iconЭкономика және Бизнес факультеті
Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған...
Экономика- қоғамдағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарының жиынтығы icon2008 жылғы 1 желтоқсанға арналған Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік тіркелімінің жергілікті
Газды немесе магистральді және (немесе) бөлу құбырлар бойынша газды конденсатты сақтау және тасымалдау, газды бөлу орнатқыштарын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница