Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады




Скачать 302.31 Kb.
НазваниеДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады
страница1/3
Дата конвертации07.02.2016
Размер302.31 Kb.
ТипДиссертация
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/wakdat.doc
  1   2   3


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті


ӘОЖ 368.01(574) Қолжазба құқығында




Шакдат салтанат


Қазақстан Республикасында сақтандыру рыногін мемлекеттік реттеу мәселелері


6М051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы


бойынша экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


Рефераты


Қызылорда, 2012

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалды





Ғылыми жетекші:




экономика ғылымдарының кандидаты

Бекхожаева А.К.




























Ресми оппонент:




экономика ғылымдарының кандидаты

Садвакасова К.Ж.





















Диссертация 2012 жылы маусымның «25» күні сағат 10.00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде экономика магистрі академиялық дәрежесін алу үшін диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А, 408 к.


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.


КІРІСПЕ


Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Рыноктік экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың әлеуметтік тұрғыдан маңызды, қарқынды дамушы секторларының бірі болып табылады. Сақтандыру жүйесі түрлі жағдайлардан туындаушы тәуекелдерге қарсы тұрудың тиімді құралын қалыптастырады. Азаматтарға және ұйымдарға олардың мүліктік мүдделерін қорғауға кепілдік бере отырып, ол қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандыру бюджетті табиғи, техногендік немесе әлеуметтік төтенше жағдайлардан туындайтын шығындардан босата отырып, сонымен бірге сақтандыру ұйымдары экономикаға шоғырландыратын қаржыны инвестициялау көзі ретінде де мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.

Қазіргі кезде елімізде өмір мен мүлікке зиян келтіруге алып келетін өндірістік және әлеуметтік салалардың түрлі қолайсыз факторлар әсеріне берілу дәрежесінің жоғарылығы жағдайында, халықтың болашаққа деген сенімділігінің төмендеуі жағдайында сақтандыру қызметінің рөлі ерекше маңызды болып табылады.

Сақтандыру бұл Қазақстан экономикасындағы дамып келе жатқан салалардың бірі болып отыр. Сақтандыру ісі қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық әдістермен басқару мен реттеудің құралы болып табылады.

Сақтандыру қызметінің бір ерекшелігі ол тек қана кәсіпорындар мен азаматтардың мүлкін сақтап қана қоймайды, сонымен бірге елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу секілді қызметтерді атқару болып табылады. Сондықтан да, рыноктік экономикасы дамыған елдерде сақтандыру әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі экономиканың басыңқы стратегиялық секторларының бірі болып табылады.

Қазақстанда рыноктік шаруашылыққа көшіп, рыноктік қатынастардың белең алуымен бірге жеке меншік дамыды, онымен қатар сақтандырудың да рөлі артып отыр, алайда отандық сақтандыру қызметінің халыққа және кәсіпкерлерге көрсетіп отырған сақтандыру қызметтерінің аясы тар, тиімділігі аз болып отырған жайы бар.

Сақтандыру қызметі рыногының жеткіліксіз дамуы сақтандыру компанияларының қолында шоғырланған капиталдың аздығынан, жалпы қазақстандық тұрғындардың сақтандырудың мәдениетінің жетіспеушілігінен, ең бастысы халықтың сақтандыру компанияларына деген сенімділігінің төмендігінен болып отыр. Сондықтан да сақтандыру рыногын дамыту үшін мемлекет тарапынан саланы қолдау мен ынталандыруға қатысты бірқатар экономикалық, қаржылық, әкімгершілік шараларды қабылдау қажеттілігі туындайды.

Қазақстандық нарықтағы сақтандыру компанияларының дамуын тежеуші факторларға сол сияқты ұсынылатын сақтандыру қызметінің аздығы мен олардың бірін-бірі қайталауы, халықтың табыс деңгейінің төмендігі, сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігінің аздығын жатқызуға болады.

Аталған жайттардың барлығы сақтандыру рыногін мемлекет тарапынан реттеудің бағыттарын жетілдіру қажеттілігін айқындайды және зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектiлердiң мүдделерін қаржылық әлеуметтiк және өзге де тәуекелдерден қорғаудың тиiмдi тетігі және ұзақ мерзiмдi iшкi инвестициялардың сенiмдi көзi ретінде сақтандырудың экономикадағы орны мен рөлін, оны мемлекеттік реттеуді жан-жақты зерттеу өте маңызды.

Сақтандыру қызметінің ұлттық экономикадағы, әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны, маңызы, сақтандыру қызметін ұйымдастыруға қатысты көптеген отандық және шет елдік экономист ғалымдардың еңбектері бар. Олардың арасында отандық ғалымдар К.К. Жүйріков, У.Б. Баймұратов, Маянлаева Г.И., Сембеков А.К., В.Д. Мельников, Жолдасбаев С.Е., Құрманов А., ресейлік ғалымдар Шахов В.В., Рейтман Л.И., Адамчук Н.Г., Комарова Н.М. т.б. көптеген ғалымдар бар.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың теориялық негіздері мен ұйымдастырушылық-экономикалық аспектілерін кешенді-жүйелік зерттеу және Қазақстанның сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеу үдерістерінің даму нысандары мен оны жетілдіру бағыттарын жасақтау, теориялық, ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарын негіздеу болып табылады.

Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі айқындалады:

  • сақтандырудың мемлекеттік реттеу объектісі ретіндегі рөлін анықтау;

  • сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесіндегі орнын нақтылау;

  • сақтандыруды мемлекеттік реттеудің мәнін, түрлері мен формаларын және тетіктерін бағалау;

  • Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісінің дамуына талдау;

  • сақтандыру қызметін ұйымдастырудағы индустриалды дамыған елдер тәжірибесін отандық экономикада пайдалану мүмкіндігін қарастыра отырып зерттеу;

  • сақтандыру қызметін жетілдіру мақсатында мемлекеттік реттеу бағыттарын жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасау.

Зерттеу нысаны – елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму факторы ретінде қоғамдағы тұрақтылықты жүзеге асыратын Қазақстанның сақтандыру рыногі болып табылады.

Зерттеу пәні – рыноктік шаруашылықтық қатынастардағы Қазақстанның сақтандыру қызметінің ұйымдастырушылық-экономикалық және мемлекеттік басқару аспектілері болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік негізі отандық және шет елдік экономикалық ғылыми мектептердің қаржы саласы, оның ішінде сақтандыру секторы экономикасының теориясы және сақтандыру қызметі саласындағы ғылыми зерттеулері қалайды. Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, заңдық және құқықтық актілері, халықаралық ұйымдармен келісім-шарттар және басқа да ресми деректер пайдаланылды.

Зерттеу үрдісінде экономикалық статистикалық салыстыру, жүйелі талдау мен болжау, экономикалық-математикалық үлгілеу, құрылымдық, әлеуметтік және т.б. әдістер пайдаланылды.

Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау Комитетінің, Статистика жөніндегі агенттігінің, Қаржы министрлігі, басқа да министрліктер мен ведомстволардың мәліметтері мен ресми құжаттары, сақтандыру қызметін ұйымдастыруға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегілерді құрайды:

  • сақтандырудың мемлекеттік реттеу объектісі ретіндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесіндегі алатын орны тұрғысынан теориялық негіздеме берілген;

  • сақтандыруды мемлекеттік реттеу формалары анықталған;

  • инвестиция және жинақтау көзі, сонымен қатар жинақтау қоры рөлін орындай отырып, өндіріс процесінің бөлінбес элементі болып табылатын сақтандыру қызметінің ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіндегі орны мен мәні дәлелденген;

  • Қазақстанның сақтандыру қызметі саласындағы мемлекеттік реттеу үдерістерін жетілдіруге байланысты мәселелер кешенінің шешілуі

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  • сақтандыру қызметінің ерекшелігі мен тәуекелден қорғау институты ретіндегі экономикалық мәні ашылды;

  • қазақстандық сақтандыру рыногінің қалыптасу барысы;

  • еліміздің сақтандыру ұйымдарының дамуындағы негізгі мәселелер;

  • сақтандыру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар.

Зерттеудің ғылыми – тәжірибелік мәні. Диссертациялық жұмыста келтірілген ұсыныстар, зерттеулер нәтижелері мен теориялық тұжырымдарды отандық сақтандыру жүйесін мемлекеттік реттеуде және халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу іс-шараларын жүзеге асыруда, орта және қысқа мерзімді мемлекеттік немесе өңірлік даму бағдарламаларын даярлауда пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ, тәжірибе жүзінде баяндалған материалдарды Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі, қаржылық саясат және сақтандыру саласында қызмет етуші, қоғамдық-саяси өмірдегі сақтандыру мәселелерімен айналысушы қазақстандық ұйымдар мен ведомстволар макро- және микроэкономикалық шешім қабылдауда өз қызметтері барысында қолдана алады. Сонымен бірге, диссертациялық зерттеудің ғылыми нәтижелерін экономикалық өсім факторларын, әлеуметтік-экономикалық саясатты зерттеуде «Сақтандыру қызметін ұйымдастыру», «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі», «Қаржы», «Ақша.Несие.Банк», «Қаржы нарықтары және делдалдық» курстары бойынша дәріс оқуда және практикалық сабақтарда кеңінен пайдалануға ұсынылады.

Зерттеу нәтижелерінің апробациясы мен өндіріске ендірілуі Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланды.

Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары келесі халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалған: «Европейская наука 21 века - 2012» (Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Польша, 2012), Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-інің 75 жылдығына арналған жас ғалымдардың еңбектерінің жинағы, Қызылорда, 2012), Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-інің «Экономика» факультетінің 20 жылдығына арналған халықаралық конференция материалдары, Қызылорда, 2011, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ базасындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (Приориеты индустриально-инновационного развития Приаральского региона, Қызылорда, 2012).

Ғылыми-зерттеу нәтижелері Қызылорда қаласындағы «Цесна Гарант» сақтандыру компаниясының кешенді жұмыс жоспарын жасақтауда, сақтандыру жүйесіндегі мемлекеттік және өңірлік саясаттарды өңдеу мен жүзеге асыруға қатысты іс-шараларды қабылдауда, сақтандыруды ақпараттандыру, сақтандыру саласына халықаралық стандарттарды енгізу және сақтандыру қызметтерін көрсету бағдарламаларын жүзеге асыруда қолданылды.

Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша жалпы көлемі – 1,06 шартты баспа табақ 4 ғылыми еңбек халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда жарияланған.

Диссертацияның құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және 12 сурет, 4 кестеден тұрады. Жалпы көлемі – 92 бет.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері. Дамыған рыноктік экономикада сақтандыру экономикалық тұрақтандырғыш және кездейсоқ жоғалтулардан қорғану тетігі рөлін атқарады. Сақтандыру халық шаруашылығының түрлі салаларын, түрлі төтенше жағдайларда өндірістік үдерістің үздіксіздігін қажылық қамтамасыз етуді, сол сияқты азаматтардың әл-ауқаты деңгейін сақтандыруды ұйымдастыру үшін қолданыла алады. Сонымен бірге, сақтандыру қаржы-несиелік қатынастардың аясына енгізілген, тиісінше, оның өзі ұдайы өндіріс үдерісіне ықпал ету қабілеттілігіне ие болып табылады.

Өзінің жоғары әлеуметтік-экономикалық маңыздылығына байланысты, сақтандыру Қазақстан Республикасындағы мемлекет назарындағы объекті болуы тиіс. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін кең ауқымды теориялық база қажет.

Біздің ойымызша, «сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеу», «сақтандыру қызметін мемлекеттік ретету» және «сақтандыру ұйымдарын мемлекеттік реттеу» түсініктері келесі арақатынаста айқындалаы. Бірінші түсінік кең ауқымды, себебі ол бүкіл сақтандыру рыногына біртұтас жүйе ретінде, оның барлық субъектілері мен олардың арасындағы өзара әрекеттестік үдерісіне қатысты. «Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу» түсінігі – салыстырмалы түрде тар мағынадағы түсінік, себебі ол сақтандыру рыногының сақтандыру операцияларын жүргізуге тікелей байланысты субъектілерінің өміріндегі болып жатқан үдерістерге қатысты. «Сақтандыру ұйымдарын мемлекеттік реттеу» бір жағынан, өз қызметін лицензия негізінде жүзеге асырушы сақтандырушыларға қатысты болса, екінші жағынан олар жүргізетін тек сақтандыру операциялары ғана емес, сонымен бірге инвестициялық қызметіне де, өзіндік бағалы қағаздардың эмитенті ретіндегі қызметіне де және т.б. қатысты.

Мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде сақтандыру рыногы біртұтас жүйе болуы керек. Сақтандыру рыногындағы сатып алу-сату пәні арнайы тауар – сақтандыру қызметі болғандықтан, реттеуге аталған қызметті өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынастардың түрлі жақтары жатады және де мемлекеттің әрекеті осы қатынастардың барлық қатысушыларының экономикалық мүдделерінің балансына қол жеткізу мақсатына қызмет етуі тиіс. Осыған байланысты, біз сақтандыру рыногын арнайы тауар – сақтандыру қызметінің айналыс аясы ретінде қарастырамыз. Сақтандыру рыногын сақтандыру қызметіне сұранысты туғызушылар (сақтандырылушылар) мен ұсынысты туғызушылардың (сақтандырушылар) мүдделерін біріктіруші экономикалық тетік деп анықтай аламыз.Сақтандыру рыногының құрылымы 1 суретте берілген.












Сақтандыру делдалдары

сақтандырылушылар

Рыноктік инфрақұрылым

Ескерту – автордың құрастыруы

Сурет 1 – Сақтандыру рыногінің құрылымы

Сақтандыру экономикалық өмірдің түрлі салаларын қамтитындықтан, сақтандыру рыногы сақтандырылушылар мен сақтандырылғандардың қабылдаған тәуекел сипатына, сақтандырушылардың жауапкершілік көлеміне және т.б. қарай түрлі топтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да сақтандыру рыногын сыныптау қажеттілігі туындайды. Зерттелген әдебиетте қорытындылай келе, көптеген бағыттарды салыстыра отырып, негізіне түрлі белгілер мен критериилерді енгізе отырып, сақтандыру рыногын сыныптаудың келесі тізбегін ұсынамыз (Сурет 2).











  1. Сақтандыру қатынастары бойынша (тікелей сақтандыру; қайта сақтандыру)

  2. Сақтандыру формасы бойынша (ерікті сақтандыру; міндетті сақтандыру)

  3. Қор жинақтау функциясына қарай (өмірді сақтандыру; басқа сақтандыру түрлері)



  1   2   3

Похожие:

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақ тілі кафедрасында орындалды
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Диссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті және...
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Диссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті және...
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен ҚорқытАта атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Гуманитарлық-педагогикалық институтының «Педагогика және психология»...
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады iconҚұрылыс кешендеріне инвестиция тартудың экономикалық тиімділігі
Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады
Болашақ педагогтардың қазақ халық музыкасы арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады
Облыстағы агроландшафттардың техногенді ластану жағдайында кешенді мелиорациялардың режимдерін негіздеу
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады iconМатназаров қуатбай жаңабергенұлы аймақта құрылыс кәсіпорындарына сапа менеджменті
Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница