Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
страница1/4
Дата конвертации07.02.2016
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.damu.kz/content/files/BiznestZholKartasy2020auly.doc
  1   2   3   4
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Жергілікті атқарушы органдар ай-сайын, есептіден кейінгі айдың 15-күніне Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі 

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 13 сәуірдегі

301 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Бизнестің жол картасы 2020»

бағдарламасы

 

1. Бағдарламаның паспорты

 

Бағдарламаның атауы

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

 

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы

 

Әзірлеуші 

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

 

Бағдарламаның мақсаты

Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру

 

Бағдарламаның міндеттері

1. Жаңа биз нес-бастамаларды қолдау

2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру

3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

 

Іске асыру мерзімі

2010 - 2020 жылдар

 

Нысаналы индикаторлары

Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:

жыл сайын кредиттерді жалпы сомасы кемінде 400 млрд. теңгеге арзандату;

2015 жылға:

ЖІӨ-нің құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту;

жалпы экспорт көлемдегі шикізат емес сектордың үлесін кемінде 40 %-ға ұлғайту;

шикізат емес экспорттың көлемін өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндіріс көлемінің кемінде 43 %-ына ұлғайту;

өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту

 

Қаржыландыру көздері мен көлемі

2010 жылға арналған республикалық бюджетте 30 млрд. теңге көзделген. Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланады

 

2. Кіріспе

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.

Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.

Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән беріледі.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:

жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - Банктер) Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;

уәкілетті мемлекеттік орган мен арнайы белгіленген комиссия және кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік беру және (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі бойынша шешім қабылдайды;

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекет тарапынан барлық келісулерді жергілікті деңгейде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Бағдарламаның үйлестірушілері орындайды.

Акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобалар бойынша банктер кредиттерінің пайыздық ставкаларды субсидиялауға жатпайды.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне (бұдан әрі - кәсіпкерге) Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.

Мемлекеттік даму институттары, сондай-ақ қаржы институттары ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауды алатын кәсіпкерлер кредиторы болып табылатын қарыздар субсидиялауға жатпайды.

Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттен қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушылар болып табылуы мүмкін.

Жергілікті атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде осы Бағдарламаның ережелерін ескеретін болады.

Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдар және Бағдарламада пайдаланылатын терминдер:

Мемлекеттік комиссия - «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия;

өңірлік үйлестіру кеңесі - облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері құратын және басқаратын жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысатын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - ӨҮК);

уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі;

жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші - іске асыруға жауапты болатын облыстың, Алматы және Астана қалаларының әкімі айқындайтын, кәсіпкерлер үшін Бағдарламаны жергілікті жерлерде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

қаржы агенті - «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, ол Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асырды:

пайыздық ставканы субсидиялау шеңберінде банктерге қаржы қаражатын аудару;

Бағдарлама шеңберінде кредиттерге кепілдік беру;

борышкерлер бойынша Мемлекеттік комиссия отырыстарына берілетін материалдар бойынша ұсынымдар әзірлеу;

Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеу;

кредиторлар комитеті - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы әрбір жеке борышкер үшін кредитор банктердің өкілдерінен қалыптастыратын комиссия;

өтінім беруші - Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және инвестициялық жобаны Бағдарлама шеңберінде іске асыруға мүдделі кәсіпкер;

қатысушы - Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша Банктің, ӨҮК-тің немесе Мемлекеттік комиссияның оң шешімі бар кәсіпкер;

борышкер - кредит(тер) және басқа да міндеттемелер бойынша міндеттемелерді төлеу жағынан қиындыққа ұшыраған кәсіпкер;

экспорттаушы - өндірілетін өнімнің 10 %-дан астамын экспорттауды жүзеге асыратын кәсіпкер.

Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламалар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің:

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039;

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулыларын асыру шеңберінде іске асырылатын іс-шаралар.

 

 

3. Ағымдағы жағдайды талдау

 

Мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел дамыту көзделіп отыр.

Бұл ретте экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторларындағы ұлттық холдингтер, отын-энергетика кешенінің және металлургия өнеркәсібінің жүйе құраушы компаниялары бастамашылары болып табылатын ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар, шағын және орта кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістер құру үшін оларды дамыту Мемлекеттік бағдарламаның басымдығы болып табылады.

Шағын және орта кәсіпкерлік халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі.

Осыған байланысты кредиттерге кепілдік беру және кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау сияқты құралдар айтарлықтай танымал және экономиканың қандай да бір секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл құралдар коммерциялық банктердің кредиттік және ілеспе тәуекелдер себебінен экономиканың қандай да бір секторына салуға асықпай отырған едәуір қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді.

Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет.

Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің бұл құралдары бюджет заңнамасын жетілдіру шеңберінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының
  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы icon4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы
Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №176 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы
Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница