2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту




Скачать 330.21 Kb.
Название2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту
страница1/4
Дата конвертации07.02.2016
Размер330.21 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kazcosmos.gov.kz/doc/files/str_plan/otr_op_10-14_kz.doc
  1   2   3   4



Қазақстан Республикасы Үкіметінің

«_____» ___________

№ ____ қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН




2010-2014 жылдарға арналған

Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту

жөніндегі салалық бағдарлама














1. Бағдарламаның паспорты


Атауы

2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі салалық бағдарлама.





Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

Салалық бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган





Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі.


Бағдарламаның

мақсаты

Толыққанды ғарыш саласын құрудың бірінші кезеңін іске асыру


міндеттері

1) Мақсатты ғарыш жүйелерін құру;

2) Жерүсті ғарыш инфрақұрылымын дамыту;

3) Ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту;

4) Ғарыш жүйелерін пайдаланудың мақсатты жобаларын іске асыру;

5) Ғарыш саласы үшін кәсіптік кадрлар даярлау және біліктілігін арттыру;

6) Ғарыш саласының шарттық, құқықтық және нормативтік-техникалық базасын құру.


Іске асыру мерзімі (кезеңдері)


2010 – 2014 жылдар.

Нысаналы

индикаторлар



  1. ЖҚҚ 2015 жылға қарай кемінде 85,0 млрд. теңгеге өседі.
    2. 2015 жылға қарай экспорт кемінде 15,0 млрд. теңгеге өседі.

3. Бекітілген спутник байланысы арналарына еліміздің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі - 80 %, жоғарыдәлдікті спутниктік навигация қызметін көрсетуге (Қазақстан аумағын жабу %) - 30 %.

4. Тұтынушыларға берілетін ғарыш деректерінің жалпы санындағы қазақстандық ЖҚЗ ҒЖ деректерінің үлесі - 50 %.


Қаржыландыру көздері мен көлемдері


Бағдарламаны іске асыруға 2010 – 2014 жылдары республикалық бюджет қаражаты, шетелдік инвестициялар бағытталады.

2010 – 2014 ж.ж. арналған бағдарламаны іске асырумен байланысты қаржы шығындары 182,4 млрд. теңгені құрайды, соның ішінде республикалық бюджеттен - 118,3 млрд. теңге, бюджеттік несие - 14,1 млрд. теңге, бюджетте көзделмеген шығыстар – 50,0 млрд. теңге.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланады.


2. Кіріспе


XXI ғ. Қазақстанның жетістігі — бұл оның саяси және экономикалық әсер, мәдени және адамгершілік тартылыс орталығы ретінде қалыптасуы. Бұл жаңа даму шептеріне серпіліс, өмір мен қауіпсіздіктің жаңа сапасын бекіту. Ғаламдық динамикалық бәсекелестік жағдайында елімізге табыс идеологиясы, Қазақстанның табысты жобасы әрі оның құрылысының бағдарламасы ауадай қажет. Мемлекет Басшысы Н. А. Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауы — міне осы қазақстандық табыс идеологиясының берік негізі, мықты фундаменті. Бұл құжаттың зор тарихи мағынасы, болашақ өзгерістер қуаты және мемлекеттік дамудың күшті энергетикасы бар.

Құжат Үкімет пен Қазақстан қоғамының алдында орасан зор міндеттер қояды, оларды іске асыру дүниежүзінің жоғары дамыған және бәсекеге аса қабілетті мемлекеттердің таңдаулы клубына алып шығады. Бәсекеге қабілеттілік – Қазақстанның әлемдік экономика мен қауымдастыққа табысты ықпалдасу жолы, сондықтан Қазақстанды индустриаландыруды халықаралық нарықтардың талаптары мен шарттарына жауап беретін негізінде жаңа тәсілмен қамтамасыз ету қажет.

Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, жоғары технологиялық индустрияның негіздерін құрудың тиімді жолдарының бірі ғарыш қызметін дамыту, елдің ғарыш бағдарламасын іске асыру және ғарыш технологияларын өнеркәсіптік өндіріске енгізу болып табылады. Дүниежүзінің жетекші елдерінің экономикасында ғылымды қажетсінетін, ресурстарды сақтайтын технологиялар мен өндірістер рөлі өсуінің тұрақты үрдісі байқалатыны сөзсіз.

Өте үлкен аумағымен және бай қорларымен Қазақстан үшін космонавтика – бұл геосаяси, экономикалық және ғылыми-практикалық мүдделер аясы. Онысыз елімізде бірыңғай ақпараттық кеңістік құру, оның табиғи ресурстарын зерттеу және ұтымды пайдалану, экологиялық мониторинг жүргізу өте қиын. Бұл ретте көптеген жағдайларда ол ұсынатын мүмкіндіктерге балама жоқ. Ғарышты игеру адамдарға байланысты және көп арналы телевизиялық хабар таратуды, түрлі объектілердің орналасқан жерін жоғары дәлдікпен табуды және олардың қозғалысын басқаруды, метереология және басқаны ұйымдастыруда негізінде жаңа міндеттерді шешудің шексіз мүмкіндіктерін ашты.

Осы салалық бағдарлама (Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті Қазақстанның ғарыш саласын құру стратегиясын іске асыру мақсатында әзірленді. Ол болашақта даму әлеуетімен ғарыш техникасын ғылыми зерттеулерден техникалық пайдалануға және коммерциялық қолдануға дейінгі технологиялық тізбекті толық қамтитын барлық элементтерді құруды көздейді.

Ғарыш саласы жобаларының ұзақ мерзімділігі мен ғылымды қажетсінуін ескере отырып, тиісті Бағдарламаны қабылдау сала құрылысына қатысушылардың, соның ішінде ғарыш қызметтерін алуға мүдделі мемлекеттік органдардың және шаруашылықпен айналысатын субъектілердің барлық күшін біріктіруге мүмкіндік береді.


3. Ағымдағы жағдайды талдау


Қазіргі кезеңде дүниежүзіндегі ғарыш қызметі және оның ғылыми-өндірістік базасы ғаламдық экономиканың дамудың әмбебап заңдылықтарына және үрдістеріне бағынатын, табиғи қызмет ететін саласы болды. Бұл ретте ғаламдық экономиканың ғарыш секторы динамикалық және тұрақты дамуын көрсетеді.

Жалпы әлемдік ғарыш қызметінің құрылымында мынадай негізгі сегменттер мен стратегиялық бағыттарды айырып көрсетуге болады:

байланыс және хабар тарату спутниктік жүйелерінің қызметтері;

Жерді қашықтықтан зондтау жүйелерінің қызметтері;

іске қосу қызметтерін көрсету;

ғарыш аппараттарының (ҒА) өндірісі);

ғарыш жүйелерінің жерүсті, соның ішінде навигациялық жабдығының өндірісі және пайдалану.

Космонавтиканың дамуының жалпы үрдістері Қазақстан Республикасына дүниежүзілік ғарыш нарығында өз орынын белсенді іздеуді талап етеді, ол мыналарға байланысты:

1) біріншіден, нарықта көшбасшылық орынды алып отырған, қарсы маркетингтік саясат жүргізіп отырған және нарықты өз араларында бөліп алған ғарыш қызметінің негізгі қатысушылары (АҚШ, РФ, Еуропа ғарыш агенттігі, Жапония, ҚХР, Үндістан, Израиль) арасындағы өсіп келе жатқан бәсеке;

2) екіншіден, қазақстандық бағдарлама дүниежүзілік бірлестіктің әр түрлі экономикалық-индустриялық даму деңгейіндегі мемлекеттерінің ғарыш қызметіне белсенді қосылуының аясында дамып жатыр.

Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың бірінші нәтижелері Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығымен бекітілген «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын (Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру кезінде алынды.

Бұл бағдарламаны іске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

ҒА ЖБК құру және «KazSat-1» байланыс және хабар тарату спутнигін ұшыру жобасы іске асырылды;

«Байқоңыр» ғарыш айлғында экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ҒЗК, ЖҚЗ және ғылыми мақсаттағы, жоғарыдәлдікті спутниктік навигация ғарыш жүйелерін құру техникалық ұсыныстары мен ТЭН әзірленді;

«Орбита» радиополигонының техникалық құралдары және Алматы қаласында «Космостанция» эксперименттік базасы жаңғыртылды;

Халықаралық ғарыш станциясының бортында ғылыми зерттеулер мен эксперименттер жүргізудің кешенді бағдарламасы әзірленді;

Ғарыш кеңістігінің радионавигациялық мониторингі, жоғары атмосферадағы оптикалық құбылыстарды зерттеу саласында және шетелдік ғалымдармен бірлескен басқа да зерттеулерде бірқатар ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді;

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш мониторингі жүйесінің негізгі инфрақұрылымын, зымыран-ғарыш кешендерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық қауіпсіздігінің мониторингі жүйесін дамыту бөлігінде жұмыстар жүргізілді және белгілі нәтижелер шығарылды.

Сонымен, Қазақстанда ғарыш саласын қалыптастыру үшін маңызды объективті алғышарттар бар. Сондай-ақ бұл алғышарттарға жоғары технологиялар саласында серпілісті қамтамасыз ету қажеттілігі, экономиканың, ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктері және, ең бастысы меншігінде дүниежүзіндегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағының болуы жатқызылуы тиіс.

Қазақстанның жерүсті ғарыштық инфрақұрылымына ғарыш айлағымен қатар Аққөл қаласындағы байланыс ҒА жерүсті басқару кешені, ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы (ҒТ АКТБ), ғарыш инфрақұрылымын қабылдау және өңдеу екі орталығы, ғарыш сәулелерінің станциясы, ғылыми зертханалар, астрономиялық обсерватория жатады.
  1   2   3   4

Похожие:

2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту iconҚазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама бойынша шұғыл есеп
Бекітілген спутниктіқ байланы арналарына еліміздің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі 80 %
2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту iconҚазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама бойынша шұғыл есеп
Бекітілген спутниктіқ байланы арналарына еліміздің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі 80 %
2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту iconҚазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама
Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген...
2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту iconҚазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту iconПостановление правительства р еспублики казахстан
«Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан...
2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту iconҚазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 − 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 − 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан...
2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту iconҚазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница