4. Машиналар сенімділігі және машина жөндеу




Скачать 34.92 Kb.
Название4. Машиналар сенімділігі және машина жөндеу
Дата конвертации27.09.2012
Размер34.92 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kaznau.kz/attachments/336_6M080600 ATT KAZ.doc
6М080600 – АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ

мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының

БАҒДАРЛАМАСЫ


1. Электр машиналары мен электр жетегі.

Трансформаторлар. Өлшеу трансформаторы, автотрансформаторлар. Асинхронды машиналар. Синхронды машиналар. Тұрақты ток машиналары. Тұрақты және айнымалы тоқтың әмбебап машиналары, микромашиналары. Жұмыс машиналарының механикалық сипаттамалары. Тұрақты және айнымалы тоқ қозғалтқыштарының электрлік- механикалық қасиеттері. Электр жетегінің координаталарын реттеу. Электр жетегі механикасы мен динамикасы. Электр қозғалтқышының қуатын таңдау. Электрлік жетектерді басқару аппаратурасы және автоматты басқару. Электр жетегі жүйесін таңдап алу. Ауыл шаруашылығындағы электр жетегі.

2. Машина пайдалану.

Ауыл шаруашылығының машина паркі және оны ұтымды пайдаланудың жолы. Ауыл шаруашылығында машина агрегаттаудың негізі. Машина-трактор агрегаты мен көлік агрегатының пайдалану қасиеттері және оларды бағалау. Агрегатты сынау және оның пайдалану нормаларын белгілеу. Егіншілікте механикаландырылған жұмысты жүргізу технологиясы. Жұмысқа көлікпен қызмет көрсету. Ауыл шаруашылығы дақылын өсірудің технологиялары мен техникалық құралдары. Өсімдік шаруашылығы өнімін интенсивтік және индустралдық әдістермен өндіру. Машина пайдалану жүйесі. Техника таңдау. Машинаны қабылдап алу және ысылтудан өткізу.

Ауылшаруашылық агрегатты техникалық түзу және технологиялық баптау. Агрегаттың жұмыс орнын ұйымдастыру. Агрегаттың жұмыс сапасын бақылау және оған баға беру. Машинаның техникалық күйіне диагноз қою және мүкісін түзеу. Машинаға мерзімдік техникалық қызмет көрсету және техникалық қадағалау. Машинаға май құю. Техника мен мұнай өнімін және құнды затты сақтау. Техниканы тізіммен шығару және өтілге өткізу. Олардың технологиясы, техникалық құрамы және ұйымдастыру. Машина-трактор паркіне қызмет көрсету жүйесі және оның материалдық- техникалық базасы. Машина пайдалану қызметін ұйымдастыру және жарақтандырылған өндірісті басқару.

3. Мал шаруашылығын механикаландыру.

Мал шаруашылығындағы технологиялық үрдістер. Мал күту жабдықтары. Малға су, жем беру және микроклимат жүйелері. Малды машинамен сауу. Көң тазалау және оны өтілдеуді механикалаандыру. Қойды машиналық қырқу. Мал шаруашылығындағы техника дамуының озық бағыттары. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу өндірісі машина-аппаратарын жіктеу және олардың құрылымы. Шағын наубайхана және құралас жем өндірісінің жабдықтар топтамасы. Сүт өңдеу және сүт өңдеу машиналары мен аппараттары. Мал сою және сою өнімін бастапқы өңдеу технологиялық желісі. Шұжық өндіру желісі. Құс етін өңдеу машинасы мен аппараттары. Қаракөл, тері, жүн және мал шаруашылығының жанама өнімін өңдеудің технологиялық жабдықтары. Мал шаруашылығы машиналарын инженерлік есептеу және олардың тораптары мен агрегаттарының құрылымдық параметрлерін негіздеу.

4. Машиналар сенімділігі және машина жөндеу.

Сенімділіктің физикалық негіздері. Заттардың сенімділігін төмендететін сыртқы және ішкі жайттар. Техника сенімділігін арттырудың негізгі бағыттары. Машиналар мен жабдықтардың жөнделушілігіне қойылатын талаптар. Машиналар жөндеудің теориялық негіздері. Қосылыстар қондыруларын жаңарту әдістері, машиналар мен жабдықтарды жөндеудің өндірістік үрдістері, бөлшектерді пластикалық деформалау мен пісірумен, дәнекерлеумен, балқылаумен, тозаңдатумен, гальваникалық қаптаумен жаңарту технологиялық үрдістері, полимерлік материалдармен жөндеу тәсілдері, типтік бөлшектерді жаңарту және құрастыру бірліктерін жөндеу, технологиялық үрдістерді жобалау, машиналар жөндеуді ұйымдастыру негіздері және жөндеу-қызмет көрсету кәсіпорындарын жобалау. Жөндеу-қызмет көрсету кәсіпорындар жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштері. Машиналар жөндеу мен тозған бөлшектерді жаңартуда қолданылатын жабдықтар. Ағаш өңдеуде қолданылатын станоктар мен аспаптар.

Қолданылған әдебиеттер:


1. Қалықов Б.Р., Исаханов М.Ж., Өмірзақов Ш. Электр машиналары және электр жетегі. Алматы, Сөздік-словарь, 2005

2. ҚалықовБ.Р., Өмірзақов Ш. Электр машиналары. Алматы, 2006.

3. Қоныспай Қ.Қ., Қозыбай А.Қ. Ауыл шаруашылығында машина агрегаттаудың теориялық негізі. Алматы -2000.

4. Байжұманов С.Ж., Никитин В.С., және т.б. Автотрактор және ауылшаруашылық техникасына диагностика жасау мен техникалық қызмет көрсету. Алматы, 2009.

5. Нұртаев Ш.Н., Сапарбаев Е.Т. Мал шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру. Алматы, Агроуниверситет -2006.

6 Атыханов А.Қ., Нұртаев Ш.Н., Жұмадиев Т.Ж. Мал шаруашылығын механикаландыру. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1999.

7. Деграф Г.А., Бисекен А.Б. Машиналар сенімділігі мен жөндеу. Алматы, 2008

8. Балғабайұлы Н., Бисекен А.Б. Оралбаев С.Ж. Машина жөндеу технологиясы пәні бойынша курстық жобалау. Оқу құралы. Алматы. 2009

Похожие:

4. Машиналар сенімділігі және машина жөндеу iconЖҰмыстық бағдарлама экономикалық теория негіздері
«Транспорт, транспорт техникасы және технология»,050712 «Машина жасау»,, 050724 «Технологиялық машина және құралдар», 050402 «Инстументалды...
4. Машиналар сенімділігі және машина жөндеу iconҚҰрылым жасау непздерімен машина бөлшектері машина бөлшектері мен тораптарын жобалау мәселелері
М071300 –«Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығы магистратурасына қабылдау емтихандарының
4. Машиналар сенімділігі және машина жөндеу iconЖөндеу жұмыстарының барысы және олардың қысқа дайындығы туралы
Биылғы 2012 жылы мұрағаттар және құжаттама басқармасына қарасты мына мұрағаттарда ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
4. Машиналар сенімділігі және машина жөндеу iconБұрғылау құбырлары тізбегін көтеріп –түсіру жабдықтары
Скважина ішінде өнім көтергіш құбырларды (нкт),штангілерді, терең сораптар мен басқа да құралдарды көтеріп-түсіру жұмыстарына байланысты...
4. Машиналар сенімділігі және машина жөндеу icon«Конструкциялау негіздері және машина бөлшектері»

4. Машиналар сенімділігі және машина жөндеу icon5В072400 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының студенттеріне арналған
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
4. Машиналар сенімділігі және машина жөндеу iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
В071200 «Машинажасау», 5В071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 5В072400 «Технологиялық машиналар және жабдықтар»,...
4. Машиналар сенімділігі және машина жөндеу iconСтуденттеріне арналған пән бағдарламасы
Металлургия, 050712 – Машинажасау, 050713 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары, 050724 – Технологиялық машиналар және жабдықтар,...
4. Машиналар сенімділігі және машина жөндеу iconТехнологиялық машиналарды жинақтау (монтаждау) және пайдалану
М072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының
4. Машиналар сенімділігі және машина жөндеу iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница