Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және




Скачать 30.21 Kb.
НазваниеЖеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және
Дата конвертации07.02.2016
Размер30.21 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish207771_8006.doc


Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және

(немесе) ақша құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу

немесе Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі


2010 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары «Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартты ратификациялау туралы» 2011 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 389 Заңымен ратификацияланған Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) i қол қойды. Шарт жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің шекаралары арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын үшінші елдерге әкелуі немесе үшінші елдерден әкетуі үшін бірыңғай тәртіпті белгілейді.

Шарттың нормаларына сәйкес «Валюталық реттеу және валюталық бақылау» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына өзгерістерii енгізілді, оған сәйкес қолма-қол шетел валютасын, қолма-қол ұлттық валютаны, құжаттандырылған бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан әкетуді Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда резиденттер мен резидент еместер шектеусіз жүзеге асырады.

Жеке тұлғалар жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасына тең немесе одан аспайтын қолма-қол шетел және (немесе) қолма-қол ұлттық валютасын (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін кедендік декларациялаусыз Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге құқылы.

Жеке тұлғаның жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел және (немесе) қолма-қол ұлттық валютасын (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органында мiндеттi түрде кедендік декларациялануға жатады.

Кедендік декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі және мақсаты туралы мәліметтер көрсетілген, әкелінетін немесе әкетілетін қолма-қол шетел валютасының, қолма-қол ұлттық валютаның және жол чектерінің бүкіл сомасына жазбаша нысанда кедендік декларация беру арқылы жүзеге асырылады.

Жеке тұлғаның ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді (жол чектерінен басқа) Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органында мiндеттi түрде кедендік декларациялануға жатады.

Тазартылған құйма алтынды, сондай-ақ заңды төлем құралы болып табылатын бағалы металдардан жасалған монеталарды Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылмайтын аумақтан немесе аумаққа Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



i Шарттың мәтіні, сондай-ақ Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 287 шешімімен бекітілген жолаушы кеден декларациясының нысаны және оны толтыру тәртібі Кеден одағы Комиссиясының мына ресми сайтында бар:

http://www.tsouz.ru/MGS/MGS11/Pages/P_51.aspx

http://tsouz.ru/KTS/KTS17/Pages/R_287.aspx).

Шарттың негізгі талаптары ҚР Ұлттық Банкінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 2 Баспасөз-релизінде ұсынылған

ii «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 530-IVҚРЗ Заңы




Похожие:

Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және iconЕурАзЭҚ-на қатысушы мемлекеттерде жеке тұлғалардың ақша қаражатын трансшекаралық аударымы туралы
Алынған статистикалық деректердің талдамасы Қоғамдастық елдерінен 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы жеке тұлғалардың трансшекаралық...
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және iconҚолма-қол ақшасыз төлемдер және ақша аударымдары бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі (қолма-қол ақшаны пайдаланумен салыстыру)
Талдау жасалып отырған кезеңдегі қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының жалпы көлемі
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және iconҚазақстаннан қанша қолма-қол ақша алып шығуға болады?
Ш долларынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын немесе ұлттық валютаны алып кіру немесе алып шығу Қазақстан Республикасының...
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және iconҚолма-қол шетел валютасын алу (есептеу) және пайдалану
Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырудың ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы...
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және iconҚазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы
Екеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін...
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің
Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның...
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және iconҚазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың...
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының жеке және заңды тұлғалардың бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп
Жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі ҚРҰБ) және оның аумақтық филиалдарына жеке және заңды тұлғалардың...
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және iconЖеке тұлғалардың валюталық операциялары бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізу тәртібі туралы
Заңына өзгерістер енгізілуіне сәйкес «Валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір...
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп
Анда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі ҚРҰБ) және оның аумақтық филиалдарына (бұдан әрі аф) жеке және заңды тұлғалардың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница