Кекилова ляззат муратбековна




Скачать 337.29 Kb.
НазваниеКекилова ляззат муратбековна
страница1/3
Дата конвертации07.02.2016
Размер337.29 Kb.
ТипДиссертация
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/kekilova.doc
  1   2   3


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті


ӘОЖ 339.9:351.711 (574+519.5) Қолжазба құқығында


КЕКИЛОВА ЛЯЗЗАТ МУРАТБЕКОВНА


Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқаруды

жетілдіру бағыттары

(Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея қарым-қатынасы мысалы негізінде)


6M051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы


бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


Рефераты


Қызылорда, 2012

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалды





Ғылыми жетекші:




экономика ғылымдарының кандидаты,

доцент Рысмаханова Г.Ж



















Ресми оппонент:




экономика ғылымдарының кандидаты

Темирова А.Б.











Диссертация 2012 жылы маусымның «25» күні сағат 10.00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А, 408 к.


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.




КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғам пайда болған сәттен бастап әлем елдерінде мемлекет түсінігі пайда болды. Мемлекет осы қоғамның дамуына қарай жетілдіріп, дамып отырды. Мемлекеттер арасында сауда пайда болған сәттен бастап мемлекеттің сыртқы экономикасын реттеу мәселесі де алға қойылды. Сыртқы экономикалық қатынастар мәселесі дүниежүзілік саясаткерлер мен экономистердің, халықаралық ұйымдардың, жалпы азаматтық қоғам арасында тек зерттеу объектісі ғана емес, елдің экономикасын басқарудың тәжірибелік әдістерінің негізгі меселелерінің бірі ретінде қарастырылып келді. Сыртқы экономика – елдің әл-ауқатының ең негізгі көрсеткіші.

Ерте заманнан келе жатқан мемелекеттің сыртқы экономикалық жағдайы әлем мемлекеттерінің экономикасын реттеуде басты мәселеге айналды. Шет елдермен тұрақты экономикалық қарым-қатынасты орнатуға тырысқан Қазақстан Республикасы сыртқы инвестицияны тартуды көздеп, елдің тауарларының әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігінің кемшіліктеріне тап болып, экспорттық тауарларды шығаруда біраз кедергілер кездестірді. Осы таңдау елімізде жұмыс істеп жатқан әр түрлі шетелдік компаниялардың елге тигізер пайдасы мен тиімділігін алу мүмкіндіктеріне негізделеді.

Сыртқы экономикалық қызметтің мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті элементтердің бірі мемлекет, экспорттық және импорттық тауарлар мен шет елдік инвестициялар ағымы болып табылады.

Еліміздің экономиксының өркедеуі мен дамуының маңызын ескере отырып, Н.Ә.Назарбаев өз халқына экономикалық-әлеументтік аспектілерге қатысты жолдауында «Қазақстан 2030» стратегиясын орындауға алғы шарттар жасау. Бұл 2030 — дағы стратегиялық жоспарда мемлекетімізді нарықтық экономикаға көшіру мен еліміздің әл — ауқатын дамыту, тұрғындардың әлеументтік жағдайын жақсарту көзделген. Бұл мақсаттарға жету үшін мемлекетіміз көп шаралар қолдануда. Соның бірі сыртқы экономикалық қызметті дамыту. Бұл жерде оның тек ұлттық валютада ғана емес, сондай — ақ шетелдік валютада  да ресурстарды қалыптастыру көзделген. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің 2010 жылғы халыққа жолдауында «Әртараптандыру жөніндегі біздің жоспарларымызды іске асыру үшін бір ғана мемлекеттік ресурстар жеткіліксіз болатыны анық. Оның негізгі көзі тікелей шетелдік инвестициялар болуы тиіс. Менің халықаралық сапарларым барысындағы негізгі мәселелердің бірі Қазақстанға инвестициялау мәселесі болды. Көптеген мемлекеттер біздің экономикаға ресурстар салудың мәні бар деп біледі.

Бүгінде Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, сондай-ақ француз, итальян, ресейлік компаниялардан 20 миллиард доллар көлемінде инвести­циялар тарту туралы мәселелер шешілді, және
бұл қаражатты шикізаттық емес секторға жұмсалып, индустриялық бағдарламаның, инфрақұрылым мен бірлескен кәсіпорындардың ондаған нысандарын іске қосуды қамтамасыз етеді.
“Батыс Қытай-Батыс Еуропа” автома­гистраліне 3 миллиард долларға жуық көлемінде және елдің батысынан оңтүс­тігіне қарай тартылатын газ құбырына 2 миллиард доллар инвестициялар тарту мәселелері шешілді.» - деп дағдарыс уақытында халықты ел игілігі үшін еңбек етуге шақырды

Қазіргі жағдайда шетелдік компаниялармен бірлесе жұмыс істеу мақсатында кооперативтер елеулі рөл ойнайды. Соңғы кезде елімізде корпоративті басқару мәселелеріне реттеуші мемлекет тарапынан да, нарыққа қатысушылардың өздерінің тарапынан да ерекше назар аударыла бастады, нормативтік негіз жасала бастады, шет елдік басшылармен конференциялар өткізілуде, мәселелер талқыланып, өз шешімін іздестіруде.

Қазіргі таңда Қытай, АҚШ, Албания, Корея сияқты Қазақстанның ең ірі инвесторлары көптеген капитал салып, қаражат бөліп жатыр. Осы елдердің ішінде Оңтүстік Корея саясаты Қазақстан Республикасы үшін көптеген инвестициялық көмек көрсетуде. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық қарым-қатынасты реттеу мен жақсарту, жалпы Қазақстанның сыртқы экономикасын жетілдіру мен инвестиция тарту - мәселенің өзектілігі осы жұмыстың тақырыбын, сонымен бірге зерттеу объектісін таңдауымның негізі болды.

Мәселенің ғылыми зерттелуінің дәрежесі. Әлемдік экономикада мемлекеттік басқару мен жалпы реттеу бағыттарының негізгі қағидаларын қазіргі заманғы және бұрынғы экономист ғалымдардың еңбектерінде анық көрсетілген: А.Смит, Дис Сакс, Дж. Тобин, П. Самуэльсон мен В. Столпер, Хекшер-Олин, А.В. Торкунов, В. И.Кушлин, С. Ронен, Т.А. Фролова, Пол Р.Кругман, М.Обсфилд, Мишкин, Питер П.Джефферсон, Алексей Байер, Дэвид Рикардо, Фридрих Хайек, М. Фридман, Д. Стиглиц және басқалары табылады.

Қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында мемлекетті халықаралық экономика тәжірибесіне сүйеніп, басқаруға М.Брамович, Д.Наркотт, Г.Самуэльсон, М.Тодарадо, М.Брейде, С.Койберле, В.Леонтьев, М.Миллер, Ф.Модильяни, Г.Маркович, У.Шарп, Ж.Дербе, Г.Саймон, Дж.Хикс Бочаров В.В, М.В Ивошин, Хан Анбаунд, Ким Ки Хван, , Пузакова Е. П., Хес О. және тағы басқалары өз еңбектерінде қарастырған.

Отандық экономист – ғалымдардың келесідей еңбектерінде Нәдірбек Әпсәләмов, Қазиқан Исабеков, Өмірзақ Сұлтанов, Нурланова. Н.К., Киреев А., Н.К.Мамыров, Ержанов А.Б., Сатубалдин С.Е.Аймагамбетова, А.Алимбаева, У.Баймуратова, Н.Мамырова, А.Сатыбалдина, Б.Сыздыкова, О.Сабдена, К.Жуйрикова, К.Ильясова, Ш.Купешева, К.Мельникова, А.Джуманова, Н.Нурлановой, Б.Мырзалиева, С.Тажибаева, Р.Каренова, А.Утарова, У.Шалболовой, Б.Исабеков және басқалар нарықтық реформаға ғылыми негізде көлемді үлес қосты.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты. Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметін реттеудегі Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның арасындағы осы заманғы экономикалық байланыстарын басқару жүйесін талдай отырып, бәсекеге қабілетті болудың негізгі факторы ретінде қарастырып, экономикалық мәселелердің шешімін табуға бағытталған теориялық және тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер шешу қажет:

  • қазіргі заманғы ақпараттық-инновациялық экономика жағдайында мемлекеттің сыртқы экономиканы басқарудың мәнін ашу;

  • Қазақстан мен Оңтүстік Корея байланысын зерттеу мен басқаруды қарастыру;

  • сыртқы экономикалық қызметті реттеу барысында Оңтүстік Корея инвестицияларын тартудың тиімді жолдарын қарастыру;

  • Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы экспортты-импортты тауар айналымына талдау жүргізу;

  • Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметінің Оңтүстік Кореямен бірлесе жұмыс істеуінің ақпараттарына сүйене отырып ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу нысаны – Қазақстан Республикасының мен Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық қатынастар.

Зерттеудің пәні – Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық байланыстарды жетілдіру мен дамытуда қалыптасқан экономикалық мәселелер жиынтығы болып табылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы келесі ұйғарымдардан тұрады:

  • Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің түрлі тәсілдері ұсынылды;

  • Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің жалпы ережелерін қарастырылды;

  • Сыртқы экономикалық қызметті реттеуде тиімді жағдайлар ұсынылды;

  • Қазақстан Республикасы мен шетелдік, оның ішінде, Оңтүстік Корея компанияларымен бірлескен кооперацияларының тиімсіз жақтарын анықтау мен ұсыныс берілді.

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:

  • Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің деңгейін бағалаудың кеңейтілген көрсеткіштер жүйесі;

  • Сыртқы экономикалық көрсеткіштерінің Қазақстан экономикасына әсерін анықтаудың экономикалық үлгісі;

  • Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін жетілдірудің басым бағыттары және оларды жүзеге асыру жолдары.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Президенттің Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Отандық және шетелдік басылымдардағы ғалым-экономистердің еңбектері, ҚР статистика Агенттігінің, Корейлік «Косис», «КOTRA», «KOICA» статистика агенттігінің, Қазақстан Республикасы статистика бойынша Ұлттық агенттігінің ресми мәліметтері мәліметтері алынды.

Зерттеу нәтижелерінің ғылыми-тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыста алынған ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін басқарудың негізгі бағыттарын анықтайтын нормативтік және әдістемелік құжаттарды өңдеу кезінде, республикадағы сыртқы қызметті реттеуде тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеуде және сыртқы істер мемлекеттік органдары мен мекемелердің тәжірибелік қызметінде қолданылуы мүмкін. Орындалған зерттеуде ұсынылған сыртқы экономикалық қызметті реттеудің деңгейін бағалау әдістемесі осы мәселе бойынша қолданыста бар ғылыми – әдістемелік әзірлемелерді кеңейтеді және толықтырады, белгілі болған сыртқы экономикалық қызметтің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басым бағыттар аймақ деңгейінде жасалатын сыртқы экономиканы реттеу мен инвестицияларды тарту жөніндегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға негіз болады.

Зерттеу жұмысы нәтижесінің сыннан өтуі мен жариялануы. Диссертациялық жұмыс нәтижелерінің негізгі тұжырымдамалары мен қорытындылары Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде, жоғары оқу орындарында өткізілген халықаралық, облыстық ғылыми конференцияларда баяндалып, талқыланды.

Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары, қорытындылары мен ұсыныстары келесі халықаралық және республикалық конференцияларда баяндалған: «Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қатынастарын мемлекеттік реттеу» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика» факультетінің 20-жылдығына арналған «Тәуелсіздік туы – экономикалық өрлеу» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы» жылдығына арналған жас ғалымдардың еңбектерінің жинақтары (Қызылорда, 2012); «Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы орнатылған қарым-қатынастар» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына арналған жас ғалымдардың еңбектерінің жинақтары (Қызылорда, 2012); Халықаралық конференция «Современные научные достижения» мақала - «Влияние таможенных пошлин на внешнеэкономическую деятельность Республики Казахстан» 42 бет, , 25.01.2012ж., Чехия, Прага; Халықаралық конференция «Европейская наука XXI века» мақала - «Торгово-экономическое сотрудничество между Казахстаном и Южной Кореей» 58 бет, , 05.05.2012ж. Польша.

Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 0,68 шартты баспа табақ 4 ғылыми мақала жарияланды.

Жұмыстың құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс 86 бет көлемінде баяндалған және ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан және 4 кестеден, 14 суреттен құралады.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Сыртқы экономикалық қызмет деп сыртқы экономикалық байланыстың белгілі бір аспектісі, кәсіпорындар мен ұйымдардың дербес өндірістік-коммерциялық қызметінің саласы түсініледі. Дербестік шетелдік әріптесті, экспорттық-импорттық мәміле үшін тауар номенклатурасын таңдаудан, баға белгілеуден, сыртқы экономикалық қызметтің түрлерін анықтаудан көрінеді. Сыртқы экономикалық қатынастардың түрлеріне сыртқы сауда, халықаралық инвестициялық ынтымақтастық, халықаралық өндірістік кооперация, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық, валюталық-қаржылық және несиелік операциялар жатады.

Сыртқы экономикалық қызметтің әдіснамалық негіздері. Әлемнің бардық елдері халықаралық қатынастардың экономикалық басымдылық сипатын анықтайтын ортақ экономикалық заңдар бойынша дамиды. Сыртқы экономикалық саясат – бүл сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері. Сыртқы экономикалық саясатты мемлекет сыртқы экономикалық қызметін реттейді.

ΧΥΙΙ-ΧΥΙΙΙ ғасырларда доктрина-меркантилизм – елдегі сауданың дамуы мемлекеттің араласуын қажет етті.

Бірақ мемлекеттің араласуы кейбір кедергілер келтірді. А.Смиттың «Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу» атты еңбегінде жеке мүдде көздеген нарық жүйесі өзін өзі реттеуге қабілетті екенін байқатты. Бұл мүдде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы күші ретінде көрінеді. Адам Смит пікірінше, экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деді.

Осы тұжырымға қарама-қайшы Дж.М.Кейнстің пікірінше, нарық экономикасында мемлекеттің рөлі айрықша деді. Мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысты теңестіретін негізгі құрал екенін дәлелдеді.

ΧΧ ғасырдың соңына қарай әлемдік тәжірибеде мемлекеттің белсенді реттеуші рөлінсіз тиімді нарықтық экономика жоқ және болуы мүмкін емес деген даусыз қорытынды жасады. Әлемге белгілі экономист Л.Малкерн: «Менің ойымша, кез-келген ел үшін мемлекеттің экономикадығы рөлін қате айқындаудан жаман ешнәрсе болуы мүмкін емес» деген. Мемлекеттің сыртқы экономикасын реттеуді толығырақ ашып көрсету үшін бес түрлі үлгі арқылы қарастырылды:

  • Меркантилизм. Бұл үлгіде мемлекеттің экономикаға белсенді араласуын жариялады;

  • физиократтар басты идеялар белгіледі. Физиократтардың негізгі өкілі Франсуа Кенэ жорамалдарының бірі: «байлық көзі мен – сыртқы сауда емес, жер және еңбек»деді;

  • Кейнсияндық теория - сыртқы экономикада тауарларды артық өндіру сұранысты арттырады деп тұжырымдады;

  • Неоклассикалық теорияда инфляцияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға және кәсіпкерлерге салық жеңілдіктерін беруді ұсынды;

  • Марксистік үлгі - мемлекеттің экономикалық қызметі, біріншіден, өндіріс пен тұтынуды қоғамдық ұйымдастыруы мен экономикалық секторда билеуші орган ретінде қаралды.

Қазіргі заманда қолданылатын мемлекеттің нарықтық үлгілерінің бірнешесін атап өтуге болады.

  • Американдық үлгі. Бұл үлгі «капитализмнің либералдық үлгісі» деп аталады;

  • Жапониялық үлгі. Жапония барлык мүмкіндіктерін «бейбіт мақсатқа», яғни, өнеркәсіптің экономикалық «потенциалын» өсіруге жұмылдырған еді;

  • Неміс үлгісі. Экономикаға мемлекеттің зор әсер ету;

  • Шведтік үлгі. Бұл үлгінін, айырмашылықтары:

  • әлеуметтік бағытталу,

  • мүліктік теңсіздіктің төмендегі,

  • жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендерге қамқорлық жасау.

  • Француздық үлгі. Бұл үлгіге мемлекеттік кәсіпкерліктің жоғарғы дәрежесі тән. Капиталдың қорлануына мемлекет белсенді қатысады.

  • Оңтүстік Кореялық үлгі. Бұл үлгінің ерекшелігі — мемлекет экономиканың дамуына өте зор әсер етеді.

  • Қытайлық үлгі. Шаруалар өндірілген өнімдердің бір бөлігін келісім арқылы мемлекетке тапсырады, келесі бөлігін — салықты өтеу үшін тапсырады.

Сыртқы саудада «фритретерствоны» (еркін сауда) немесе «протекционизмді» (өз тауар өңдірушілерін қолдау)талдап алудағы ымырасыздық өткен заманғы уақыттардың еншісінде  қалды

Сыртқы экономиканы қызметті реттеуде мемлекет үлкен рөл ойнайды. Мемлекеттің сыртқы экономика қызметін реттеу әр түрлі формалар мен тәсілдерден тұрады. Реттеудің бастапқы формасы келесідей болып келеді:

  1. Сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;

  2. Салық салу:

  3. Инвестициялау;

  4. Сыртқы қарыз алу;

  5. Сыртқы берешек;

  6. Экспортты субсидиялау немесе қаражаттандыру.

Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді кіріктіреді. Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады, яғни сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттік монополиялау қойылуы мүмкін (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға). Лицензия – тауарды, валютаны, ақпаратты сыртқа шығару мен сырттан алып келуге берілген рұқсат түрі. Квота – сыртқы экономикалық қызметке арналған жалпы өндіріс көлемінің бір бөлігі. Жанама немесе экономикалық реттеy тәсілі басқа тәсілдерге қарағанда әсерлі және әлдеқайда дамыған сыртқы экономикалық байланыс болып келеді. Оған жататындар: салық, сонымен қатар, кедендік салық, валюта бағамы, әлемдік бағалар, сыртқы қарыз кредиттері, облигация бағамы, және басқа да бағалы қағаздар мен төлем құралдары.

Шет елдік ақша бағасымен көрсетілген валюталық бағам немесе ұлттық ақша бірлігінің бағасы, отандық бағаларды шет елдік бағамен тығыз байланыстырады. Валюталық бағамның ауытқуы отандық тұтынушылар үшін сырттан келген тауарлардың бағасын өзгертіп отырады, керісінше, шет елдік тұтынушылар пайдаланатын отандық тауарлар бағасын өзгертеді.

Сыртқы экономикалық байланыстардың ең басты құралы болып салықтар саналады; мұндағы салықтар – әдеттегі салықтар мен арнайы салықтар – біріккен кәсіпорындар табысына (пайда) салынатын салықтар, кедендік баж салығы(экспорт пен импортқа салынатын салық).

Мемлекетттік органдар, мемлекеттік аппарат, мемлекетаралық ұйымдар сыртқы экономикалық қызметті реттеу барысында аса маңызды көңіл бөледі.

Сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметті жылдам және қарқынды реттеуде Президент жарлығы аса маңызды орынды алады.

Сыртқы экономикалық қызметті реттеуде Үкімет негізгі рөлді атқарып, нормативті актілерді жүзеге асыру негізінде және сыртқы экономикалық қызмет сферасында министрліктер қызметін айқындап қана қоймай, еларалық келісім-шарт жасауда да аса маңызды рөл атқарады.

Сауда министрлігі сыртқы экономикалық қызметті реттеуші органдардың бірі болып саналады. Келесідей қызметтер жүктеледі: сыртқы экономикалық саясат стратегиясын қалыптастырып оларды орындауда сыртқы экономикалық қызметті реттеуде жұмыс атқаратын субъектілердің осы стратегия мен келісім-шарттың орындалуын қадағалап отыруына ықпал жасау; бірегей валюталық, кредиттік, бағалық саясатты орнату; сыртқы экономикалық қызметті реттеудегі барлық заңдар мен талаптардың дұрыс орындалуын қамтамасыз етуін қадағалау; сыртқы экономикалық қызметті реттеу мен дамыту мақсатындағы әр түрлі еларалық комиссиялармен ынтымақтастық құру; әртүрлі елдермен сыртқы сауда келісімдерін жасау мен қорытындылау; экономика министрлігі, қаржы Министрлігі және басқа да министрліктер мен ведоствалармен сыртқы экономикалық қызметті координациялау мен келісу; сыртқы экономикалық қызметінде бейтарифтік реттеу орнату. Тағы бір сыртқы экономиканы реттеуші орган Орталық банктің негізгі қызметтері болып: валюталық операциялардың барлық түрлерін көрсету, шет елдік валюта мен бағалы қағаздарды айналымы қадағалап, нормативтік актілерді қадағалау, валюталық операцияларды орындау үшін басқа банктерге лицензия беру саналады.

Сыртқы экономиканы реттеуде инвестициялау да айтарлықтай орын алады.Табиғи ресурстарының бай болуы Қазақстанда кездеседі, және басқа да шетелдіктер пікірінше, Қазақстан Республикасының инвестициялық климатының болашағы ашық болғанмен, тұрақты емес. Инвестиция саласына тигізетін кейбір теріс жақтары төмендегі кестеде көрсетілген. (Сурет 1)

Осының ішіндегі екі фактор таза экономикалық болмағанмен, республикаға инвестиция түсіміне әсер етеді.

Шетелдік инвесторлар үшін салықтың жеңілдігі маңызды емес, оның мемлекет пен инвестор үшін экономикалық тиімділігі мен күтімді тұрақтылығы маңыздырақ.

Мемлекеттің экономиканы реттеудегі саясатының бірі – бағаны реттеу. Нарық жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу белгілі бір жүйемен жүргізіледі:

  1. Үкімет органдары тарапынан бағаларды бақылап отыру;

  2. Бағаға жанама әсер ету;

  3. Бағаны белгілеу мен тұрақтандыру процестерінде мемлекеттік араласу;

  4. Бағадағы жетекшілік;

  5. Бағаға тікелей мемлекеттік әсер ету.















Ескерту 1 – әдебиет негізінде автордың құрастыруы


Сурет 3 – Қазақстан саясатының инвестиция саласына тигізетін кейбір теріс жақтары


Сыртқы экономикалық қызметті басқарудың маңызды мүшелері болып Президент – мемлекет басшысы саналады. Президент - Қазақстанды сыртқы нарықта көрсетіп, сыртқы саясаттың негізгі бағытын анықтайтын тұлға.

Қазақстан Республикасының Парламенті заңдық функцияларды орындайтын ең жоғарғы өкілетті орган болып саналады.

Үкімет – жүйелік пен инвестициялық саясатты басқарады; халықаралық келісімдерді өткізу мен келісімге отыру туралы шешімдерді қабылдайды.

Сыртқы экономиканы арнайы басқаруды қызметін реттеу органы болып Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі саналады; Энергетика, Индустрия және сауда министрігі; Сыртқы істер мииистрлігі; Қазақстан Республиасының Қаржы Министрігінің сыртқы қарыздар Комитеті; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі; Қазақстан Республикасының сауда-кәсіп палатасы;Қазақстанның халықаралық кәсіпорындармен серіктестігін реттейтін экспорт жөніндегі Кеңесі. Қазақстан Республикасының Қаржылық Министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып сыртқы қарыздар Комитеті саналады. Сонымен қатар, Кедендік органдар Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жүйесінің органы болып саналады.

Сыртқы экономикалық комплекске қатысушыларға белсенді себептесуге көмекші кәсіпорындар қатысады. Оның ішіндегі Сауда–өнеркәсіп палатасы. Сауда–өнеркәсіп палатасы және оның филиалдары өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар мен өндірістік кооперацияларға көмек көрсетіп, әлемдік нарықтағы сыртқы сауда оперцияларын жасауда кеңес беріп, маркетинг пен инженерлік қызметтерге ақпарат береді.

Республиканың сыртқы экономикалық қызметті мен Қазақстанның басқа шетелдік және халықаралық мекемелермен байланысын реттеудің арнайы органы Сарапшылар кеңесі орталық және өкілдік органдардың шетелдік кәсіпорындармен серіктестігін реттеуші болып, кеңестер мен ұсыныстарды, халықаралық конвецияларға, келісімдерге, пактілерге қосылуын реттейді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзім ішінде кең масштабты серіктестікті жан-жақты дамытуда қазақ-американдық байланыс үлкен орын алды. 14 ақпан 1994 жылы Вашингтонда Президенттер Б.Клинтон мен Назарбаев қол қойған “Демократиялық серіктестік туралы Хартия”көрініс тапты.

Соңғы жылдары Қазақстан-Корей арасындағы байланыста үлкен прогресс байқалды. Әуе, темір жол, авторассада көлік қызметі түзетілді; екі жақты байланысты дамыту мақсатында қажет база құрылды.Екі ел де өнімді ынтымақтастықты өндіріс, инвестиция, сауда, табиғи өнімдерді өңдеу, ғылым, технология, ауылшаруашылығы мен транспорт сфераларында дамытуға келісті.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғалы Оңтүстік Азия елдері - Үндістан мен Пакистанмен, Орталық Шығыс – Түркия мен Иран елдерімен, Алмания, Франция, Австрия, Қытай, АҚШ елдерімен қарым-қатынас құрды.

Қазақстан Республикасының Президенті қолдаған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын шетелдік ұйымдар қаржыландыруда. Оның ішінде – Ислам банкі, Еуропаның реконструкция және даму банкі, Бүкіләдемдік банкі сияқты банктер өз инвестиция үлесін салуда. Бұл жоба негізінен 2010-2013 жылдарға арналған. Мысалы Халықаралық реконструкция мен даму банкінің инвестиция көлемі 2 125 000 000 АҚШ долларын құрайды. Және Қазақстан сыйақымен негізгі қарызды әр жылдың мамыр мен қараша айларында төлеуі қажет.

Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас байланыстары басталғалы инвестиция көрсеткіштері едәуір өзгерген. Көріп отырғанымыздай, 1993 жылы ешқандай инвестициялау болмады. Бірақ 1994 жылы 0,543 млн. АҚШ.долл. құрады. Келесі жылы, 1995жылғы көрсеткіш бойынша инвестициялау көлемі күрт өскен, 270,47 млн. АҚШ.долл. құрады. Бұны екі ел арасындағы 15 мамыр 1995 жылғы серіктестік туралы Декларацияға қол қоюымен инвестиция көлемі алдыңғы жылдармен салыстырғанда, күрт өскен. 1996 жылы 442,59 млн. АҚШ.долл., 1997 жылы 720 млн. АҚШ.долл. құрап, 1996 жылмен салыстырғанда 38,5 %-ға өскен. 1998 жылы 31,9 млн. АҚШ.долл. құрап, 1997 жылмен салыстырғанда 95 %-ға төмендеген. 1999 жылы 28,7 млн. АҚШ.долл. құрап, 1998 жылмен салыстырғанда 0,4 %-ға төмендеген. 2000 жылы 56,8 млн. АҚШ.долл. құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 49 %-ға жоғарылаған. 2001 жылы 67,9 млн. АҚШ.долл. құрап, 16 %-ға өскен. 2002 жылы 45,6 млн. АҚШ.долл. құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 32 %-ға төмендеген. 2003 жылы 86,3 млн. АҚШ.долл. құрап, 2002 жылмен салыстырғанда 47 %-ға өскен. 2004 жылы 72,5 млн. АҚШ.долл. құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 15 %-ға төмендеген. 2005 жылы инвестиция көлемі 57,6 млн. АҚШ.долл. құрап, 20%-ға төмендеді. 2006 жылы 248,8 млн. АҚШ.долл. құрап, инвестиция көлемі шамамен 78%-ға едәуір өсті. 2007 жылы 232,3 млн. АҚШ.долл.-мен 6%-ға азайған. 2008 жылы 891,1 млн. АҚШ.долл. көрсетіп, 2007 жылмен салыстырғанда 74%-ға өсті. 2009 жылы 184,8 млн. АҚШ.долл. құрап, 79%-ға өте қатты төмендеп кетті. 2010 жылы 299,9 млн. АҚШ.долл.-мен 38%-ға көбейген. Ал өткен жылы 338,9 млн. АҚШ.долл. құрап, айтарлықтай 11%-ға жоғарылады. (Сурет 2)

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас бұрынан келе жатыр.


Ескерту 2 - Invest Korea мәліметтері бойынша автордың құруы


Сурет 2 - Оңтүстік Кореяның Қазақстан Республикасына инвестициялау көрсеткіштері

  1   2   3

Похожие:

Кекилова ляззат муратбековна iconФедоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Уалиахметова Ляззат Нұрмұхамбетқызы Сабақтың тақырыбы
Бірінші қатарға «ы» әрпі бар,екінші қатарға «і» әрпі бар сөздерді мәтінне теріп жазу
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница