Абдуллаева бижамал аманкелдіқызы Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары




Скачать 494.71 Kb.
НазваниеАбдуллаева бижамал аманкелдіқызы Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
страница1/2
А Б Темирбекова
Дата конвертации27.09.2012
Размер494.71 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kazeu.kz/files/autoreferat/dis_advice2009/DCD140201/author_abstracts/2009/AbdullaevaB
  1   2


ӘОЖ 336.77:334.012.64/.63(574) Қолжазба құқығында


Абдуллаева бижамал аманкелдіқызы


Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу:

дамуы мен жетілдіру жолдары


08.00.10 – Қаржы, ақша айналысы және несие


Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның


авторефераты


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде орындалды



Ғылыми жетекші :






экономика ғылымдарының докторы

Искаков У.М.

Арнайы оппоненттер:





экономика ғылымдарының докторы

Әуелбаев С.Ш.


экономика ғылымдарының кандидаты

Мақыш С.Б.



Жетекші ұйым:




Халықаралық бизнес университеті



Қорғау 2009 жылдың «20» ақпан күні 14.00 сағатта Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне іздену бойынша Д 14.02.01 диссертациялық кеңесінің отырысында өткізіледі, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.


Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.


Автореферат «___» қаңтар 2009 жылы таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, э.ғ.д. А.Б. Темирбекова


Кіріспе


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.

Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін анықтауда қолдануы қажет.

Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несиелеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің талабы.

Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының бiрi болып табылады. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн мемлекет тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi басқару (менеджмент) және қаржының жеткiлiктi болуы шартты жағдай.

Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыруына қажетті қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтан, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыссыздық мәселесі шешіледі немесе жобаның әлеуметтiк мәнiн арттырудың мүмкіндігі туындайды.

Сондықтан, халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі алатын орны ерекше.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеудің ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан батыс елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Атап айтқанда, Д. Кейнс, Р. Кэмпбелл, К. Кондратьев, А.В. Чаянов, Й. Шумпетер, П.С. Роуз, М.А. Гольцберг, Дж. Р. Брик, Э.Дж. Долан. Сонымен қатар, жұмыста Ресей мен Қазақстанның іргелі зерттеушілерінің еңбектері, оның ішінде Е.Ф., Жуков, Л.Н. Красавина, О.И. Лаврушин, О.Б. Баймұратов, Г.Т. Қалиева, Қ.Қ. Ілиясов, Н.Қ. Мамыров, Ғ.С. Сейітқасымов, М.С. Саниев, Н.Н. Хамитов сияқты ғалымдардың және көптеген басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.

Дегенмен, аталған еңбектерде несиелеудің әдістері мен тәсілдері бүгінгі күннің талабына сай жан-жақты қарастырылған деп айту мүмкін емес. Жалпы несиелеу үдерісінде көптеген мәселелер көтеріліп жатқанымен, нақты шағын және орта бизнесті несиелеу мәселелері әлі де болса ғылыми тұрғыда терең негіздеуді талап етеді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсатыҚазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелерін талдау, несиелеу үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар несиелеу үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.

Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:

  • шағын және орта бизнестің экономиканың дамуындағы алатын рөлін көрсету және оның мазмұнын ашу;

  • бизнесті дамытудағы мемлекет тарапынан жүргізілетін қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатына жан-жақты тоқталу;

  • кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін несиелеудің тәжірибелік мәселелерін қарастыру және оған баға беру;

  • шет елдік және отандық несиелеу үдерісінің тәжірибелік мәліметтеріне сүйене отырып шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуге зерттеулер жүргізу;

  • бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен тұжырымдар жасау.

Зерттеу пәні ретінде қазіргі кезде коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді іске асыру барысындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы қарастырылады.

Зерттеу объектісі – Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелеу.

Диссертациялық зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми еңбектері, ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен нұсқаулары болып табылады.


Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

  • шағын және орта бизнес және шағын және бизнесті несиелеу сияқты экономикалық терминдердің ұғымдары зерттеліп және олар бойынша авторлық көзқарастар ұсынылды;

  • Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту факторлары құрастырылып, бір жүйеге келтірілді;

  • шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатының негізгі бағыттары ұсынылды;

  • республикадағы шағын және орта бизнесті дамытуды тежейтін және несиелеуге кедергі болып отырған негізгі факторлар және олармен күресудің іс-шаралары анықталды;

  • коммерциялық банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар келтірілді.

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар. Тақырыпты зерттеу барысында жаңа көзқарастар, ұсыныстар мен тұжырымдар жасалған, оның ішінде маңызды дегендері төмендегілер:

  • «шағын және орта бизнесті несиелеу» анықтамасы оның даму ерекшеліктері;

  • Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту мен оны несиелеудегі кедергі болып отырған негізгі факторлар;

  • мемлекеттің шағын және орта бизнесті қаржы-несиелік және ивестициялық қолдау саясатының негізгі бағыттары;

  • екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жүргізу барысындағы алынған жұмыстың нәтижелерін Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер, сонымен бірге қаржы-несие саласында қызмет атқаратын қаржылық институттардың қызмет етуінде және экономикалық оқу орындарының, қайта даярлау және мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарының оқу үдерісін ұйымдастыру барысында қолдануға болады.

Жұмыстың негізгі нәтижелерінің қолданылуы. Зерттеу жұмысының негізгі қорытындылары мен ұсыныстары халықаралық және аймақтық ғылыми- тәжірибелік конференцияларда баяндалып талқыланды. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: Ұлттық экономика жаhандану жағдайында. Халықаралық ғылыми симпозиум (Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті. Алматы. 2005ж.), Қазақстанда экономикалық ой-сананың дамуы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті. Алматы, 2006 ж.), Экономикалық, саяси және әлеуметтік жаңару жағдайында Қазақстан қоғамының дамуын жеделдету: инновациялық серпіліс стратегиясы. Халықаралық ғылыми практикалық конференция. (Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университеті. Қарағанды, 2006 ж.)

Зерттеу нәтижелерінің жарияланымдары. Зерттеу тақырыбы бойынша 2,5 баспа беттен тұратын 6 ғылыми мақала жарық көрді. Оның ішінде үш мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің нұсқауындағы экономикалық басылымдарда жарияланған.

Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 20 кесте, 12 сурет келтірілген.


Негізгі бөлім


Шағын және орта бизнес – жеке және заңды тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау – оның жалпы экономикалық ой-пiкiр сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендiгiн көрсетедi. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық кезiне дейiн қалай аталғанына қарамастан, ерекше пiкiрлер қалыптасқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң қолынан келе бермейдi. Сондықтан, кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi – бұған деген алғышарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы бар субъектілер жатады.

кәсiпкерлiктiң соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет және ең бастысы – әр кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн, пайдалысын ғана жасайды. Мiне, осы себептен кәсiпкерлердiң басты мақсаты – өз кәсiпорынының пайдасын барынша жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi.

Бірқатар авторлар шағын және орта бизнес монополияланған экономика жағдайында маңызы ерекше бәсекелестік ортаны құрайды деп пайымдайды. Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, шағын және орта бизнес өзінің табиғаты жағынан монополияға қарсы, ол оның қызметінің әртүрлі жақтарында көрінеді. Бір жағынан ол, монополияны қалыптастырушы элементтердің сирек және қозғалыс жылдамдығының жоғары деңгейде болатындығынан монополиялауға аз ұшырайды. Екінші жағынан, тар мамандану және жаңа техниканы пайдалану барысында шағын және орта бизнес ірі корпорациялардың монополистік позицияларын бұзатын, қауіпті бәсекелес ретінде болады.

Шағын кәсіпкерліктің басқа артықшылықтарынан, автолар айналымдылықтың жоғары жылдамдығымен, құрылыс мерзімдерінің қысқартылуымен, негізгі қорлардың жалпы құнындағы белсенді бөлігінің жоғарлауымен, басқару персоналдарын ұстау шығындарының төмендігімен, ірі капиталды тарту қажеттігінің жоқтығымен қамтылған күрделі және ағымдағы шығындардың тиімді қолданылуынан көреді.

Сонымен, кәсіпкерліктің ұсынылған тұжырымының және шағын және орта бизнестің қолдағы бар тұжырымдарын талдау негізінде, шағын және орта бизнестің келесі анықтамасын көрсетуге болады: Шағын және орта бизнес – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген, қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасатын, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріспен басқару үдерісіне жеке қатысуын талап ететін, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту жүйесі болып табылады.

Құрамдас бөлігінің бірі – бизнес инкубаторлары болып табылатын кәсіпкерлік ортаның дамуына ықпал ететін нарықтық инфрақұрлымның қалыптасуы орын алды. Қазіргі уақытта бизнес инкубаторлар 10 облыста құрылған. Жалпы елде 31 бизнес инкубаторлар қызмет атқаруда. Бизнес инкубаторлар территориясында өндірістің түрлі саласында 200-ден астам кәсіпорындар әрекет етуде.

Соңғы кездерде ШОБ-ті қолдауды және дамытуды реттейтін заңнамалық және нормативтік база құрылды. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларын (1992-1994 жж., 1994-1996 жж., 1999-2000 жж., 2001-2002 жж., 2003-2005 жж.) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі нарығы құрылды және шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың институтционалдық шаралары айқындалды.

Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа: кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конститутциялық құқықтарының шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізілді, ол үшін мемлекет қажетті жағдайларды жасады.

Ресми статистика деректері бойынша республикада осы сектор дамуының оң серпіні, шағын және орта бизнес субъектілерінің тұрақты өсуі 2006 жылы 521,5 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері есепке алынған, оларда шамамен 1,2 миллион адам жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жұмыс істейтіндердің жалпы санының 17,6%-ын құрайды.

Экономикасы жаңа дамып отырған елдер үшiн орта және шағын бизнестi жандандыру шешушi рөл атқарады. Кәсiпкерлiк қызмет бұл елдер үшiн дағдарыстан алып шығатын бiрден-бiр сара жол болып отыр. Оның аясында жалпы iшкi өнiмнiң үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi. Бұл индустриалды, дамыған экономикасы бар және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп отырған елдер экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс. Ол бәсекелестiкке сай келе алатын динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтамасыз етiлуiне, оның әлеуметтiк тұрмыс жағдайын көтеретiн шын мәнiндегi қуатты экономикаға жол ашады.

2006 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілері тауарлар сату мен қызметтер көрсетуден 625,5 млрд теңгеге жуық сомада кіріс алды. Елдің жалпы ішкі өнімінің құрылымындағы шағын кәсіпкерліктің үлесі осы жылдың алдын ала жасалған қорытындылары бойынша 2005 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға өсуге және 19,5%-ды құрауға тиіс. Шағын кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік құқықтық негізі құрылды. 2004-2006 жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне шағын бизнес субъектілері үшін салық ауыртпалығын одан әрі төмендетуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Банк секторын тұрақты дамуы қаржылай қызметтер көрсету нарығын дамытуға және шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары активтерінің ұлғаюын ынталандыратын қаржы-кредиттік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Дегенмен, зерттеу барысында шағын және орта бизнес алдында тұрған проблемалардың жеткілікті екендігі анықталды және олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер ететін бірқатар факторларды былайша топтауға болады:


Кесте 1 – Шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер етуші факторлар



Кедергілер

2004 ж.

2005-2006 жж.

  1. Салық саясаты

2

1

  1. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы

1

2

  1. Несие саясаты

4

3

  1. Өнімді өткізу мәселесі



4

  1. Шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі

5

5

  1. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

3

6

Ескерту – ҚР Статистика жөніндегі агенттiгiнiң мәлiметтерi негізінде автормен құрастырылған


Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай Қазақстан нарығында шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі болып отырған мәселелердің бірі – салық саясатының жетілмегендігі. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту факторларын атайтын болсақ онда мына төмендегі жағдайды көруге болады. Аталған мәселелерді салық заңнамасында шешу үшін мыналар қажетті болып келеді:

  • жаңа өндірістік – инновациялық кәсіпорындарға салық салудың жеңілдетілген режимін енгізу;

  • өндірістік сектордағы кәсіпорындардың несиені өтеу кезінде салық салу процедурасын қайта қарау;

  • ынталандырушы салық режимін орындау жолымен шағын бизнеске жанама қаржылық талдау көрсету;

  • салық саясаты шағын кәсіпкерлік субъектілер санының өсуін ынталандырушы, жұмыс орындарының өсуіне, өндірілген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің экономикалық реттеушісі болуы керек.

Шағын бизнес субъектілерінің жұмысына кедергі болатын мәселелердің екінші түрі – жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы. Яғни, АҚШ доллары бағамының тез өзгеретіндігі, макроэкономикалық жағымсыз өзгерістерге байланысты инфляция және жоғары тәуекелдер, әлемдік қаржы дағдарысының орын алуы және т.б.


Сурет 1 – Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары

Ескерту – автормен құрастырылған


Үшінші орында кәсіпкерлер несиені алу кезінде туындайтын қиыншылықтар мәселесі. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған бұл мәселе субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Республика бойынша шағын және орта бизнес субъектілермен жүргізілген анонимді сауалнаманың мәліметтері бойынша, шағын бизнестің алдында тұрған ең негізгі мәселе-несиелік ресурстарға шығу жолының қиындығы.

Төртінші мәселе – шикізатпен қамтамасыз етілуі мен өнімді өткізуі. Өнімді өткізу кезінде қиыншылықтардың пайда болуының бірден-бір себебі – бәсекелестік ортаның жоғарылылығы. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар шағын кәсіпкерліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.

Шағын бизнесті дамытудағы және жұмысбастылық мәселесін шешудегі мемлекеттік саясатты жасап, жүргізу үшін жоғарыдағы факторларды бөліп көрсетуге болады. Аталған факторлар өз кезегінде шағын бизнестің дамуын тежейтіндіктен бірінші кезектегі міндеттерді анықтауға мүмкіншілік береді.


Кесте 2 – Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымының өзгеру деңгейі


Көрсеткіштердің

аталуы

Жылдар

2007/

2002

жылға, %

2002

2003

2004

2005

2006

2007

1. Тіркеуге алынған ШКС саны, соның ішінде:

514,4


331,5


372,5


388,2


408,5


449,9


87,4


шағын кәсіпорындар, мың бірлік

318,4

109,0

110,1

111,7

103,2

114,8

36,0

жеке кәсіпкерлер, мың бірлік

196,0

225,5

262,5

276,6

305,2

335,1

171,0

2. Қызмет ететін ШКС, саны мың бірлік, соның ішінде:

248,2


280,9


329


353,7


382,2


376,4


151,6


- шағын кәсіпорындар, мың бірлік

52,2

58,4

66,5

77,0

77,0

97,1

186,0

3. Тіркеуге алынған субъектілердің жалпы санындағы қызмет ететін ШКС үлесі, %соның ішінде:

48,3


84,7


99,2

91,1



93,7


83,7

173,3

- шағын кәсіпорындар үлесі, %

10,1

17,6

17,9

19,9

18,8

21,6

213,9

4.Тіркелген шағын кәсіпорындардың жалпы санындағы қызмет ететін шағын кәсіпорындардың үлесі, %


16,4


53,6


60,5


69,0


74,5


84,6


515,8

Ескерту – ҚР шағын кәсіпорындары қызметінің негізгі көрсеткіштері, 1 бөлім, 2007 ж. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде автормен құрастырылған


Шағын және орта бизнес қызметін арттырудың негізгі нәтижелері кестеде көрсетілген. 2002 жылды базалық жыл деп алып 2007 жылмен салыстыратын болсақ, соңғы жылдары тіркелген кәсіпорындар мен қызмет ететін бизнес субъектілерінің әлдеқайда азайғанын байқауға болады. Мысалы, тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері 22,6%-ға төмендеген.

2002 жылы тіркеуге алынған ШКС жалпы саны 514,4 мың бірлікке тең болса, оның ішінде шағын кәсіпорындар үлесі 61,9 %, жеке кәсіпкерлер, соның ішінде шаруа (фермерлік) қожалықтары 38,1%-ды құрайды. Бұл жылы 318,4 мың шағын кәсіпорындар тіркеуге алынды, олардан тек 16,4% ғана қызмет ететіндер. Көріп отырғандай, жыл ішінде «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» негізгі заңдарды қабылдау нәтижесінде ШКС санының күрт өсуі байқалады.

2002-2007 жылдар аралығында шағын кәсіпкерлік сферасындағы жұмыс істейтіндер саны 930,7 мың адамнан 1407,6 мың адамға дейін немесе 51,2% көбейді. Жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер санының өсу қарқыны шағын кәсіпорындарға қарағанда жоғары.

Егер, 2002 жылда, яғни базалық жылда қарастырылып отырған субъектілердің жұмыскерлер саны өзара тең болса, онда 2007 жылы жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер саны 715,4 мың адамға тең, ал шағын кәсіпорындарда 692,2 мың адам, ол жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер санынан 23,2 мың адамға жоғары.

Көп өңірлерде кәсіпкерлердің біліктілігі мен оларды оқыту проблемасы шешілмеген күйде қалуда. Жүргізілген талдау шағын кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары өткен жылдардың тәжірибесі негізінде жүйелеу жолымен экономикалық, құқықтық және институтционалдық – құрылымдық реформаларды тереңдету қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретiн субъект – екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды тұлғаларды және қысқа мерзімді несиелеуді жақтайтыны – тарихи қалыптасқан жағдай. Қазақстандық шағын және орта бизнес субъектілерінің екiншi деңгейдегi банктерден коммерциялық несиелер алуы кәсіпорындарды дамыту үшін қаражаттарды толықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып табылады. Алғашқы құрылу кезінде шағын бизнес несиесіз өз жұмысын атқара алмайды.

Қазіргі кездегі республикадағы шағын және орта бизнесті несиелеуді дамытуға кедергі болып отырған негізгі факторлар мыналар:

  • несие алу барысындағы шарттардың қатал болуы;

  • несиенің мерзімі мен пайыздық ставкаларының бизнеске қолайсыздығы;

  • несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтылығы және оны сақтандыру қажеттігі;

  • коммерциялық банктердің кепілге қоятын талаптарының жоғарылығы;

  • әлемдік несие нарықтарындағы дағдарыстар әсерінен несиелік ресурстарға қол жеткізу қиындықтары және коммерциялық банктердің жеке ресурстарының аз болуы;

  • мемлекеттік инвестициялық-несиелік институттардың ресурстарының тиімсіздігі;

  • мемлекеттің казына қоры арқылы шағын және орта бизнесті несиелеуге бөліп отырған қаражатының аз болуы және оның шарттарының қолайсыздығы.

Банктер кез келген уақытта, қарыз алуға ниет бiлдiрген субъектiлердi несиелеген кезде пайда болатын несиелiк тәуекелге ұшырайды. Жалпы отандық несиелеу тәжірибесі көрсеткендей банктердің кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде келесідей факторлар өз әсерін тигізеді (3-кесте).

Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.

Шағын және орта бизнестің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Өйткені, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар дайындауда қиыншылықтар жеткілікті.


Кесте 3 – Банктердің кәсіпорындарды несиелеуге әсер ететін факторлардың топтамасы


Банк тұрғысынан

Кәсіпорын тұрғысынан

1. Кепілзатпен қамтамасыз етудің болмауы

1. Несиеге деген жоғары пайыздық мөлшерлеме

2. Несиені қамтамасыз етудің өтімсіздігі

2. Несиелердің қысқа мерзімділігі

3. Қарыз алушы-кәсіпорынның қанағаттанғысыз қаржылық жағдайы

3. Несиені өтеу кезінде жеңілдік кезеңінің жоқтығы

4. Қарыз алушы-кәсіпорынның ақпарат

тық жабықтығы

4. Құжаттарды дайындау процедурасының ұзақтығы

5. Қарыз алушы-кәсіпорынның нақты несие тарихы туралы ақпараттарға қол жетпеушілік

5. Кепілдің бағалау құнын оның нарықтық құнынан кемітіп көрсетуі

6. Банк менеджерлерінің ұзақ мерзімді несиелермен жұмыс істеу тәжірибесінің жоқ болуы

6. Кәсіпорын менеджерлерінің ұзақ мерзімді несиелерді рәсімдеу бойынша жұмыс істеу тәжірибесінің жоқ болуы

Ескерту – автормен құрастырылған


ҚР Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, қарастырылған алты жыл аралығында, ШКС берілген несиелердің ағымдағы портфелі 145,4 млрд теңге құрады. Қысқа мерзімді несиелер үлесі 55,9%, орта және ұсақ мерзімді несиелер – 44,1%-ға тең. Қысқа мерзімді несиелер үлес салмағының жоғарылығы екінші деңгейдегі банктердің тез айналатын сауда-делдалдық операцияларды несиелеудегі қызығушылығын көрсетеді.

Орта және ұзақ мерзімді несиелердің төменгі үлесі өндіріс және ауыл шаруашылық секторын қаржыландыру қызығушылығының жоқтығын көрсетеді, ол кепілдікке қойылатын мүліктің жоқтығына, несиелерді алудағы құжаттарды реттеу қиыншылықтарына және банктердің басқада талаптарына байланысты. Жалпы алғанда 2002-2007жж. аралығында ШКС несиелеу өсу үрдісіне ие болып келді


Кесте 4 – ШКС несиелеудің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейі

Көрсеткіштердің аталуы

Жылдар

2002

2003

2004

2005

2006

2007

Экономика салалары бойынша барлық несиелер, млрд теңге

с.і. – ШКС

71,6


22,9

93,4


24,3

148,8


39,9

276,2


74,2

489,8


122,0

672,4


145,4

Несиелеу мерзімдері бойынша ШКС несиелері, млрд теңге

- қысқа мерзімді

- ұзақ мерзімді



20,1

2,8



17,7

6,7



20,4

19,5



40,1

34,1



60,2

61,8



67,6

77,8

ШКС барлық несиелері,млрд теңге

- ұлттық валютада

- шетелдік валютада


13,0

9,9


17,1

7,2


2,3

17,6


40,7

33,5


75,4

46,6


53,2

92,2

Ескерту – Қазақстанның ұлттық банкінің 2002-2007 жылдардағы жылдық есептері мәліметтері негізінде автормен құрастырылған

Қарастырылған аралықта елдің экономикасына бағытталатын несиелердің жалпы сомасының базалық кезеңмен салыстырғанда 2007 жылы 71,6 млрд теңге-ден 672,4 млрд теңгеге дейін немесе 9,4 есеге, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері 22,9 млрд теңгеге немесе 6,3 есе өскенін көреміз. Несиелеу аумағының күрт кеңейуі біріншіден 1997-1998 жылдары субъектілердің нормативті-құқықтық базасын дайындаумен; екіншіден, ШКС тез қарқында өсуімен түсіндіріледі. Елде қысқа мерзімді несиелеу көлемдерінің 20,1 – 67,6 млрд тг немесе 47,5 млрд теңге сомасына жоғарыласа, өз кезегінде орташа және ұзақ мерзімді несиелеу 2,8-ден 77,8 млрд теңге немесе 75,0 млрд теңге ұлғайды.

%


Сурет 2 – Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу динамикасы, %

Ескерту – ҚР ҰБ-ның Статистикалық бюллетені мәліметтері бойынша автормен құрастырылған


Сонымен қоса, ұлттық валютада несиелеу көлемдері 13,0-ден 53,2 млрд теңге дейін немесе 309,2%, ал шет елдік валютада несиелеу көлемдері 9,9-дан 92,2 млрд теңге дейін немесе 9,3 есе өседі. ШКС белгілі бөлігі несиелерді шетелдік валютада алуды ұнатады. Сөйтіп, 2004 жылы ұлттық валютадағы несиелердің үлесі 36,6% тең болды, ал шетелдік валютада 63,4%. Осыған қарамастан, ШКС бөлінетін несиелердің үлес салмағы 31,9-тен 21,6% дейін төмендеді.

Соңғы екі жылда Республиканың бюджеттік қаржыларынан шағын кәсіпкерлік мұқтаждарына 50 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, әрбір облыс пен аудандар экономиканың осы секторын жергілікті бюджеттерден қаржыландыруды жүзеге асыруда.

Азия даму банкінің (АДБ) қаржылық бағыты аймағында 67 жоба 37,7 млн АҚШ долларына қаржыландырылады. ЕБРР займын игеру басында 20285 жоба 139,98 млн АҚШ долларына қаржыландырылды, оның 58,3% – микро несиелер (1915 жоба 81,57 млн АҚШ долларына) және 41,7% шағын несиелер (1134 жоба 58,41 млн АҚШ долларына). АДБ несиелік қаржыларына ауыл шаруашылық кісіпкерлерінің кең қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында несиелерді беру құрылымы өзгертілді, яғни нақты несиелердің сомасынан айналым қаржыларын толықтыруға бағытталатын, несиелер үлесі 20-дан 60%-ға дейін ұлғайтылды.

Сондықтан, екінші деңгейдегі банктердің жүргізіп жатқан несие саясатының арқасында да соңғы жылдары шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген несиелер көлемінің қарқынды өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік туды: республикада ЕДБ-нің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің жиынттық мөлшері 2007 жылдың ақпан айында 205 322 млн теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің аймақтары бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне берген несиелерінің құрлымында дербес кәсіпкерлік қаласы – Алматы ең үлкен орынды алады. Ресми статистика мәліметтері бойынша (2007 ж.) Алматы қаласында 27677 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішінде сауда саласында – 13764 (50,3%), өнеркәсіпте – 2742 (9,8%), құрылыста – 2661 (9,5%), көлік пен байланыста – 1820 (6,5%), қонақ үйлер, мейрамханалар және басқа да қызмет түрлері – 6690 (23,8%).

Жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелгендер – 2060 адам, 2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48%-ға көп. Бұл аталған сандар Алматы қаласында шағын және орта бизнестің қарқынды дамуын қөрсетіп отыр. Алайда республиканың басқа да аймақтарында даму жағдайлары байқалуда.

Қарастырып отырған мерзім аралығында екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелер құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ. Мәліметтерден көріп отырғанымыздай, екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелерінің жартысынан астамы сауда саласындағы кәсіпорындарға жұмсалды.




Сурет 3 – 2007жылдағы екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелері, %


Ескерту – екінші деңгейдегі банктердің материалдары негізінде автормен құрастырылған


Сауда қызметі шағын кәсіпорындарға неғұрлым қол жетерлік, себебі үлкен капитал жұмсалымын, тауарлы-материалды запастарды қажет етпейді, сондай-ақ ақша қаражаттарының тез шалымдылығын қамтамасыз етеді.

Қазақстандық коммерциялық банктер жалпы 2007 жылы 57 млрд теңге көлемінде несие берді. Шағын және орта бизнес субъектілеріне тиетін үлес 20-30%-дан аспайды. Мысалы: 2006 жылғы есептегенде барлық деңгейдегі борыштар сомасы 1,5 трлн теңгеге жеткен. Сондықтан банкер нақты секторды несиелеудің орнына құнды қағаздар нарығында қызмет еткенді дұрыс көреді. Шағын және орта кәсіпкерлікті жетілдіру және оның рөлін көтеру дамыған елдерге ғана емес, сонымен бірге Азия, Африка және Латын Америкасына көптеген дамушы мемлекеттеріне тән екендігін атап өту қажет. Қазіргі кезде дамушы мемлекеттердің едәуір бөлігінің экономикалық саясатының негізгі бағыты экономикасы дамыған елдер тәжірибесі мысалында ұсақ өндірісті дамыту және оның орта және ірі кәсіпкерлікпен байланысын нығайту болып табылады.

5-кесте мәліметтері бойынша, экономикасы дамыған елдерге қарағанда негізгі капиталдың мөлшері 30-40 есе төмен, дамушы елдерде ұсақ бизнес 2-5 есе жоғары. Ұлттық өндірушілердің жалпы санындағы ұсақ кәсіпкерлердің үлесі өнеркәсібі дамыған елдердің сәйкес көрсеткішінен 1,5 есе жоғары. Сондай-ақ, ЖІӨ, халықты жұмыспен қамтудағы шағын кәсіпорындардың үлесі дамыған елдердегі нәтижеге жақындауда. ҚР шағын және орта кәсіпорындар қызметінің барлық көрсеткіштерінің арасында тек ұлттық өндірушілердің 92,7% үлесі дамыған елдер шамасына сәйкес келеді. ҚР шағын және орта кәсіпкерлігінің қалған көрсеткіштері дамыған елдермен қоса, дамушы елдермен қол жеткен көрсеткіштер деңгейінен төмен.


Кесте 5 – Даму деңгейі әртүрлі елдердегі шағын және орта кәсіпорындар шектерінің орташа есептелген критерийлері және олардың экономикадағы алатын орны


Көрсеткіштердің аталуы

Дамыған елдер

Дамушы

елдер

Қазақстан

Республикасы

1. Жұмыскерлердің саны

( адамға дейін)

500

50

50

2. Негізгі капитал (мың АҚШ доллары)

170-190

5,0

-

3. Максималды жылдық

айналым (мың АҚШ доллары)

150-200

300-1000

-

4. Ұлттық өндірушілердің

жалпы санындағы үлесі (%)

60-80

90-98

92,7

5. ЖІӨ құрудағы үлесі (%)

50-60

20-40

16,3

6. Ұлттық жұмыс бастылықты

қамтамасыз етудегі үлесі (%)

60-70

40-50

10,3

Ескерту – автормен құрастырылған


Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруды жандандыру отандық экономиканы дамытудың ең өзекті мәселелерінің бірі. Себебі, олар арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген мәселелерін шешеді: өндіріс өнеркәсібін модернизациялауды және кеңейтеді, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығарады, жұмыс орны санын өсіреді, халықтың әл-ауқатының жалпы деңгейін көтереді.

Барлығына мәлім, шет мемлекеттердің тәжірибелері көрсеткендей, кәсіпорынды қаржыландырудың кең таралған көздерінің бірі – коммерциялық банктердің жеке инвестициялары болып табылады. Банктiк несиеге деген сұраныс күннен-күнге өсуде, ал оған шағын бизнес субъектiлерiнiң қол жеткiзе алмауы көкейтестi мәселелердiң бiрi болып отыр. Әлеуметтiк-экономикалық ақпарат және жобалау институты жүргiзген сауалнама бойынша Қазақстанның шағын бизнес субъектiлерiнiң 84% несиеге тәуелдi екендiгiн көрсеткен. Сондай-ақ осы институттың мәлiмдеуi бойынша банктен алынатын несиелер мына мақсаттар үшiн жедел қажет:

  • айналым қаражаттарын толықтыру – 63,5 %;

  • құрал-жабдықтарды ауыстыру және жөндеу – 42,9 %;

  • ғимараттарды салу және жөндеу – 25,4 %;

  • жалақыны өтеу – 3,2 %;

  • жал және коммуналдық қызметтердi өтеу – 2,1 %.

Банктер алдында тұрған бiрден-бiр мәселе несиелiк саясатын түзету ғана емес, сонымен қатар несиелеу процесiн ұйымдастыру мәселесiн де шешуi керек сияқты. Көбiнесе отандық коммерциялық банктердiң шағын бизнестi несиелеуде – мынадай тәжiрибесiн, яғни жобалық қаржыландыру мен активтермен несиелеуiн айта кеткен жөн. Нәтижесiнде қамтамасыз етiлген несие-табысты бизнеске, жақсы қаржылық көрсеткiштерi бар белгiлi бiр қарыз алушы типiне несие берiледi. Бұл шын мәнiнде өте қатаң талап, көптеген қарыз алушылардың мұндай талапты несие түрiне қол жеткiзуi мүмкiн емес. Осыған қарамастан банк несиелерiнiң 70% стандартты деп алынса, ал қалған 30% күмәндi және үмiтсiз несиелер қатарына жатқызылады.

Осы ретте шағын және орта бизнес үшiн қаржы көзi болып екінші деңгейдегi коммерциялық банктер мен қорлар табылса, шағын және орта бизнестi жандандыру үшiн берiлетiн несие әдiстерiн жетiлдiрiп қана қоймай, сол шағын бизнес субъектiлерiне қарыз қаражаттарды алу мен табу көздерiн iздестiрудi де ойлау қажет. Бүгiнгi күнi Қазақстан шағын және орта бизнестi несиелеу бағытындағы өзiнiң азғана жиған тәжiрибесi бойынша шағын бизнес субъектiлерiмен банктерден алынған қаржы-қаражаттарын тиiмдi пайдалана алмай отырғаны белгiлi. Ал, халықтан әр түрлi қаражат тарту (жергiлiктi деңгейде) өзiнiң корпоративтi бағалы қағаздарын шығару, басқа да iрi компаниялар субъектiлерiмен бiрiккен консорциумдар құру, мүмкiн шағын бизнестi басқарудың жетiлуiне, акционерлiк ұжымдық шешiм түрiнде орта бизнес кәсiпорындарына айналуына жол ашылатын едi. Бiрақ, бұл жағдайда кәсiпорынның өзіндік тәжiрибесi мен меншiктi бағалы қағаздары жоқ болғандықтан тағы да қиындыққа кездеседі.

Республикамыздағы тағы бір мәселе шағын кәсіпкерлікке қаржылық көмек көрсетуде географиялық дисбаланс байқалады. Өйткені қаржының басым бөлігі Алматы (62%), Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе областарында жергілікті органдардың шағын бизнеске көңіл аудармауы мен төмен қолдауына байланысты жалпы берілген несиелердің (1,5%). Ал, Алматы облысының үлесіне барлық банктік несиелердің 13%, Шығыс-Қазақстан – 6%, Жамбыл облысының үлесіне небәрі 1%. Ал, екінші қалалар мен ауылдың шағын және орта кәсіпорындары несиелік ресурстарға өте зәру болып отыр, яғни несие ресурстары аймақтық жобалардан тыс қалып отыр. Өйткені коммерциялық банктердің аймақтармен байланысы және аймақтық кіші және орта жобаларды қаржыландыруға олардың ынтасы жоқ.

Сонымен қатар, банктік нормативтер де шағын бизнесті қаржыландыруға олардың ынтасы төмен. Қазіргі кезде аймақтарда: ұсақ сауда орнын, тамақтандыру саласы сияқты өте қарапайым жобалар ғана ұсынылады.

Елде отандық шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін қызметі инновацияны енгізумен, өнім экспортымен байланысты, ШОБ субъектілері жеңілдетілген несиелеу сияқты қолдау түрін әрі қарай тарату және кейбір жағдайларды іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті субмердігерлік және лизингті белсенді қолдану үшін жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік ұлттық экономикада елеулі рөл атқара бастайды.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті несиелеудің және қаржыландырудың мынадай жүйесін құруды ұсынуға болады:

  1. Ең басты міндет – ол шағын және орта кәсіпорындарын несиелеу мен қаржыландыру көлемін ұлғайту;

  2. Елдің барлық аймақтарында несиелік мекемелердің желісін кеңейту бойынша нақты шараларды қолға алу;

  3. Шағын бизнес субьектілерінің қарыз қаражаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін құру үшін Үкімет, өкіметтің аймақтық органдары шағын және орта бизнес кәсіпорындары алатын несиелердің кепілдендірілген жүйесін құру;

  4. Банк қызметін қайта құру керек. Мемлекеттің шағын және орта бизнесті несиелеу мен қаржыландыру бойынша саясатын жүргізуге маманданған банктер мен қаржы ұйымдарының жүйесін қалыптастыру;

  5. Қарыз алушының несиелік тарихын жинақтайтын несие бюросын құру қажет.

Аталған мақсаттарды орындау үшін шағын кәсіпорындарға берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде бюджеттің барлық деңгейдегі қаражаттарын бөлу керек. Сонымен қатар, соманың қайтарымдылығына кепіл беретін сақтандыру қорының жүйесі болуы шарт.

Шағын және орта бизнесті несиелеуді қолдауда кешендік көзқарастың қажеттілігі ұзақ мерзімдік тұрақтылықтың кепілі бола алады.

Мемлекеттік қолдау мен реттеуді бір ізді әлеуметтік әділеттік принципі орнығуы тиіс. Шағын және орта бизнесті несиелеуді өзінің дамуына байланысты алғышарттар мен мүмкіндіктерге қарай ырғақты дами отырып, әрдайым мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж.

Олар:

  • тұтынушылық тауарлар мен қызметтер ассортиментін көбейту және өндіріс көлемін ұлғайту;

  • халыққа қажет тауарлар мен қызметтердің өндірісін шұғыл ұйымдастыру;

  • экономиканың мемлекеттік секторының тиімсіз өндірісін (аз сериялы, бөлшек) қолға алып, өнім шығару және осының есебінен ірі кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру;

  • қосымша әрі көмекші өндірісті жандандыру;

  • нарық сұранысына ыңғайлы және шұғыл жұмыс істейтін өнім түрлерін шығару арқылы қоғамдық өндірістің көлемін ұлғайтып, халықтың әл-ауқатының артуына ықпал ету;

  • жаппай жұмыссыздықты ауыздықтауға көмектесу;

  • экономикадағы бәсекелестікті дамыту тағы басқалар жатады.

Қазақстанның танымал экономист-ғалымдары шағын кәсіпкерліктің мәселелерін терең қарастырғанда, оның өтпелі экономикадағы маңызын белгілеп берді.

Сонымен қатар, біздің ойымызша, шағын кәсіпкерлікті Қазақстанда дамытудың бірден-бір жолы – бұл сала аралық шағын кәсіпорындар құру, аймақтық салалық құрылымды жетілдіруде шағын кәсіпкерліктің рөлін көтеру арқылы олардың арасындағы сапалы біркелкі үйлестіру жұмыстарын ұйымдастыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштерін қалыптастыру, нарықтық экономикасы тұсында көп деңгейлі шағын кәсіпкерлікті дамытуды жеделдету шараларын дайындау жатады.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық шарттарын жетілдіруде кәсіпкерліктің құқын қорғау жөніндегі заңдарды түсіндіретін аймақтарда арнайы семинарлар жүргізу, кәсіпкерлер арасында анкета жүргізу, фермерлер, шағын және орта бизнес өкілдері, шаруашылық субъектілерінің басшылары үшін еңбек туралы, монополияға қарсы заңдар жөнінде түсініктемелер беруді ұйымдастыру қажет. Кәсіпкерлікті ақпараттармен және мамандармен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік негізін жастарға үйрету, ақпараттық-түсіндірме және әдіснамалық көмек көрсету, шағын кәсіпкерлікті тіркеу, қаржыландыру және салық салу курстарын бизнес-инкубаторларда ұйымдастыруда өз жалғасын табуы керек.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуда өнеркәсіпте, саудада, құрылыста, көлік шаруашылығында, жалпы алғанда экономиканың барлық секторларын жандандыру, халықтың қолөнері, туризмді дамыту шараларын әзірлеу және жүзеге асыру маңызды орында болуы тиіс.

Импорт алмастыру бағдарламасына сәйкес кәсіпорынның босаған алаңдарында шағын бизнес кәсіпорындарын орналастыру арқылы тауарлардың жаңа түрлерін өндіру жөнінде ұсыныстар кәсіпорын бағдарламаларына енгізілуі тиіс.

  1. Шағын кәсіпкерліктің сыртқы ортасының факторларын басқару дегеніміз – шағын кәсіпорынның қызметіне аса қажетті сыртқы ортаның жаңа элементтерін (мысалы, ірі және кіші бизнес арасындағы кооперациялық байланыстар жүйесі) құрып, бүгінгі күнге дейін қалыптасқан факторларының озығын жетілдіру және келеңсіздеріне тосқауыл қою.

  2. Жекелеген шағын кәсіпорындарға тікелей қолдау көрсету – арнайы инфрақұрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда:

    • қаржылық институттар (шағын кәсіпкерлікті қолдау қорлары, арнайы банктер, қаржы сақтандыру қорлары);

    • лизинг компаниялары;

    • бизнес-инкубаторлар, технопарктер, кластерлер, өнеркәсіп компаниялары және тағы басқалары;

    • шағын кәсіпкерлікті дамытудың агенттіктері мен орталықтары;

    • технологияларды тарату орталықтары;

    • ақпараттық қамтамасыз ету қызметтері;

    • оқу орталықтары;

    • бухгалтерлік, аудиторлық, жарнамалық, маркетингтік, көлік және басқа да қызметтер көрсету жөніндегі арнайы фирмалар, мамандар таңдауға жәрдемдесетін агенттіктер.

3. Қолдау жүйесінің ұйымдастырылуы мен жетілдірілуі-қолдау көрсетудің нақты стратегиялық бағыттарын анықтаумен тығыз байланысты. Қолдау жүйесін ұйымдастыруда мемлекеттік бақылау құрылымдары мен олардың қызметіне бақылау жасаудың тәртібін белгілеп алудың маңызы ерекше. Жүйенің басым бағыттарын ырғақты дамыту арқылы кең қанатты интеграциялық өркендеуге қол жеткізуге әбден болады.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесінің жоғарыда қарастырылған үш деңгейінің арасында да тығыз байланыс бар. Республикалық деңгейдегі шағын кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары құқықтық нормативтік және әдістемелік көмек көрсетіп қоймай, аймақтық, және жергілікті деңгейдегі қолдау құрылымдарына тікелей қаржылар аудару арқылы да жәрдемдесуге тиіс.

Республикалық шағын кәсіпкерлікті дамыту шараларын жетілдіру үшін:

  • салықтық есеп қағидалары мен төлеу процедуралары, салық салу базасын, салықтың түрлерін анықтауға қатысты салық заңдарына өзгерістерді жылына бір реттен жиі емес мемлекеттік бюджетті қабылдауға байланысты енгізуді шектеу және оны күнтізбелік жыл басына енгізу;

  • қаржы операцияларын қолма-қолсыз есеп айырысу жөніндегі барлық қаржы операцияларын жүргізуге мұрындық болатын салық ставкаларын азайту және соған сәйкес тиісті салықты төлеуді жетілдіру;

  • несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық мәні зор шағын өндірістік кәсіпорындар үшін пайыздық ставкаларды төмендету арқылы отандық өндірістерді ынталандыру және сапасы төмен арзан қолды тауарларды тасып әкелуге тосқауыл қою;

  • шағын кәсіпкерлікті несиелендіру механизмдерін жетілдіру үшін лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен бірге, кепілдік қорларды құру және өзара несиелендіруді қалыптастыру жолдарын ұсынамыз.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты- олардың әлеуметтік-экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету. Біздің пікірімізше, мемлекеттік қолдаудың бағыттары бойынша бірнеше нақты шараларды іске асыру қажет.

Бірінші шара – шағын кәсіпкерліктің мүдделерін қорғайтын салық реформасын жасау керек, атап айтқанда, біріншіден, экономиканың бұл секторына мемлекет тарапынан таза фискальдық көзқарасты өзгерту; екіншіден, тиімді инвестициялар тарту үшін салық жеңілдіктерін енгізу.

Кәсіпкерлерді мемлекет қылмыстық құрылымдардан қорғауы тиіс. Сонымен қатар, кәсіпкерлер өздерінің қоғамдық ұйымдарын мемлекеттік, аймақтық, жергілікті деңгейлерде құрып, өз-өздерін кәсіби жүйе арқылы қорғай алса құба-құп. Құқық қорғау органдары мен кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің арасындағы тығыз қарым-қатынасты жан-жақты қолдап-қорғаған жөн.

Шағын кәсіпкерлікті құқықтық қолдауда қолданыстағы заң құжаттары талаптарының сөзсіз орындалуын және олардың мазмұнының ведомстволық ережелермен бұрмаланбауын қамтамасыз ету қажет.

Кәсіпкерлердің тауар өткізу нарығын кеңейту үшін мемлекет мұқтаж өнімдерді шығаруға оларды тікелей қатыстыру керек. Мемлекет мұқтаж өнімдерді шығаруға шағын кәсіпкерлік нысандары үшін міндетті түрдегі кіші квота енгізу – тауар өткізу нарығындағы шағын кәсіпорындардың тұрақтылығын нығайта түседі. Сондай-ақ ойға қонымды протекционизм мен импортқа квота енгізу де шағын фирмалардың «тынысын кеңейте түспек».

Екінші шара-шағын кәсіпкерлікке қаржылық жәрдем беретін арнайы қаржылық қорларды құру. Бұл қорлардың шағын кәсіпорындардың қаржылық қауқары мен «ірге тасына» қарай, тіпті, несие алуға кепілдік бере алатындығы мақұл.

Үшінші шара-монополияға қарсы күрес, әділетті бәсекелестік орнату, тұтынушылар құқығын қорғау, осыларды іс-жүзінде жетілдіру үшін республика бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жүйесін жасау.

Расында, шағын кәсіпкерлікті экономиканың мықты буынына айналдыру үшін оның қуатты инфрақұрылымдары ауадай қажет.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдаудың ең соңғы – үшінші Мемлекеттік бағдарламасына байланысты пікірімізді мейлінше жұмсақтап жеткізе отырып, еліміздің белгілі ғалымдарының ой-пікірлері негізінде әзірленген шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жүйесін ұсынып көрейік .

Әлемдік дамыған елдерінде шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау саясатының басты мақсаты – қолайлы орта қалыптастыру. Бұл негізде мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарық инфрақұрылымының дамуы, интеллектуалды меншікті қорғаудың тиімді жүйесі; жеңілдетілген әкімшілік шаралар, салық каникулдары тағы басқалары басты нысанаға алынады.

Салалық министрліктер мен комитеттердің өз қызметтерін шағын кәсіпкерлікке қатысты тиімді ұйымдастыруы арқасында ведомстволық қолдау көрсетуге әбден болады. Бұл шараға ірі отандық кәсіпорындар мен трансұлттық компаниялар да қатыса алады.

Шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін несиелеудің жаңа схемаларына көшіп, инвестициялық климатты дамыту керек. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қажетті инфрақұрылымдарын құру-мағынасы терең мәселе. Айталық, шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының тікелей міндеттерінің бірі-осындай құрылымдар қалыптастыру болатын. Өкінішке орай, бұл Дамыту қоры халықаралық ұйымдардың қаржыларын тартумен ғана айналысуда. Бұл Дамыту қоры кәсіпкерлердің қолы жетпейтін «Қытай қорғанына» ұқсас құрылымға айналды.

Егер мемлекет тікелей қаржы-қаражат бөліп, шағын кәсіпкерлікке көмектесе алмаса, мемлекеттік тапсырысты қатыстырып, әсіресе, өндірістік саланы дамытуға сөзсіз ықпал ете алады.

Біздің ойымызша, Дамыту қоры өзінің тікелей міндеттерімен бірге мынадай мәселелерді шұғыл шешу керек:

  • жергілікті билік органдарымен қарым-қатынас орнату арқылы жылжымайтын мүліктер мен ғимараттар алу. Сол аймақтардан бизнес-орталықтарын ашып, кәсіпкерлерге нақты ақылы-кеңестер көрсету, бизнес-жоспарлар әзірлеуге жәрдемдесу және несиелер бөлу;

  • шағын кәсіпкерлер басқа қаржы институттарынан несиелер алғанда, оларға кепілдік беруді тәжірибеге енгізу және Дамыту қорынан несие алуға қажетті құжаттардың тізімін барынша ықшамдау қажет.


frame1



Сурет 4 – Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік жүйесі


Ескерту – автормен құрастырылды


Шетелдік нарықтық экономиканың тәжірибелері шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдауда лизингтік және франчейзингтік қарым-қатынастардың қолайлылығын да дәлелдеді. Біздіңше, шағын кәсіпорынның ірі орталық және шетелдік компаниялардың құрал-жабдықтарын, қаржы-қаражаттарын, технологияларын пайдалану арқылы дамуы да тығырықтан шығудың бір жолы іспетті.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуда лизингтік несиелендіру көмегімен өндірісті қалыпқа келтіруге болатыны шетел тәжірибелерінен белгілі. Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды. Лизинг 100% несиелеуді ұсынады, кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді. Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады. Мұның барлығы шағын кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесін қосады.

Шағын кәсіпкерліктің табысты дамуы елдегі қолайлы әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және саяси еркі қалыптасқанда ғана мүмкін болады. Өз кезегінде ерікті қолдау мен нығайту шағын кәсіпкерліктің кең ауқымды дамуына жол ашады.


  1   2

Похожие:

Абдуллаева бижамал аманкелдіқызы Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары iconГ. Н. Чистякова орталық Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық қызметінің түрлеріне сараптама жасалып зерттеулер жүргізіліп, екінші деңгейдегі банктердің...
Абдуллаева бижамал аманкелдіқызы Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары iconШағын және орта кәсіпкерліктің жай-күйі
Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2011 жылғы 1 тамыз Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жай-күйін сипаттайтын...
Абдуллаева бижамал аманкелдіқызы Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары iconӨнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық МӘселелер және экология жөніндегі тұРАҚты комиссия
Сіп, шағын және орта бизнес, аграрлық сала, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану және табиғатты пайдалануды реттеу...
Абдуллаева бижамал аманкелдіқызы Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары iconСтуденттердің Өзіндік жұмыстары
Дөңгелек стол. Тақырыбы: “Қазақстандағы және шет елдердегі шағын және орта кәсіпорын мысалдары”
Абдуллаева бижамал аманкелдіқызы Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары icon1. Бизнестің және әлеуметтік маңызды жобалардың инновациялық саласына инвестиция мен шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарту бойынша имидждік жұмысты ұйымдастыру
...
Абдуллаева бижамал аманкелдіқызы Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары iconА. Ясауи университетініњ хабаршысы, №1-2, 2010
ШАҒын және орта кәсіпорындарды дамытудағы бизнес-инкубаторлардың ЖӘне технопарктердің ролін талдау
Абдуллаева бижамал аманкелдіқызы Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары iconШағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін КазАгро
«Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін «КазАгро» Ұлттық басқару холдингі акционерлік...
Абдуллаева бижамал аманкелдіқызы Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары iconШығыс Қазақстан облысындағы шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау туралы
Шығыс Қазақстан облысының 2011 жылғы 1 сәуірдегі шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер саны 2010 жылғы уқсас кезеңнен 1%...
Абдуллаева бижамал аманкелдіқызы Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары iconФ кгму 4/3-06/01
«xx ғасырдағы Қазақстанда медицина және денсаулық сақтаудың дамуы. Орталық Қазақстандағы медицинаның дамуы» тақырыбы
Абдуллаева бижамал аманкелдіқызы Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары iconМазмұны
Республикасы Статистика агенттігінің 2010-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының «Статистикалық әдіснамалар мен нұсқаулықтарды...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница