Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының




НазваниеҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
страница1/6
Дата конвертации07.02.2016
Размер0.92 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish524758_1164.doc
  1   2   3   4   5   6


күші жойылды - ҚҚА № 225 27.10.2006ж.


ҚРӘМ № 3991 26.12.2005ж.тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ


Алматы қаласы 2005 жылғы 26 қараша № 408


Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті

жүзеге асыру ережесін бекіту туралы





Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.

2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Агенттік Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 273 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3831 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы», «Активтерді басқарушылар қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктеріне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберсін.

5. Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1) 2007 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімге өз қызметін Ереженің 35-тарағында көзделген талаптарға сәйкес келтірсін;

2) 2008 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімге өз қызметін Ереженің 36-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келтірілсін.

6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

Төраға Б. Жәмішев





Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы № 408 қаулысының

1-қосымшасы



Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру


ережесі


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейді.


2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) әртараптандыру – зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін заңнамалармен рұқсат берілген әр түрлі қаржы құралдарына орналастыру;

2) баға тәуекелі – қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы рыноктарындағы жағдай өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдары портфелі құнының өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

3) бэк-офис - негiзгi функциясы қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді орындау, фронт-офистен алынған бастапқы құжаттар негiзiнде қосалқы есепте жасалған операцияларды тiркеу, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы құралдары мен ақшасын есепке алу болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының бөлiмшесi;

4) бэк-тестинг – зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша тарихи деректерді пайдалана және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдісі;

5) валюталық тәуекел – зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі құндылық түріндегі влюталар бойынша позицияларды қайта бағалаудан туындайды;

6) гэп - сыйақы ставкаларының өзгерiсiне ұшыраған немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде өтеуге жататын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының активтерi мен мiндеттемелерiнiң көлемiн салыстыру негiзiнде процент тәуекелiн және өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелiн өлшеу әдiстерi;

7) елдiң (трансферт) тәуекелi - шет мемлекеттiң немесе шет мемлекет резидентiнiң қаржы тәуекелдерiне қатыссыз себептер жөнiнде мiндеттемелер бойынша төлем қабiлетсiздiгi немесе Ұйымның (Қордың) алдында жауап беру ниетiнiң болмауы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

8) кредиттік тәуекел – бағалы қағаз (облигациялар, мемлекеттік міндеттемелер және басқалар) шығару талаптарымен белгіленген мерзімде, сондай-ақ артықшылықты акциялар бойынша (дивиденд төлеу жөніндегі белгіленген міндеттемелерге қатысты) кредиторға (инвесторға) тиесілі негізгі борыш пен сыйақыны заемшының (эмитенттің) төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Кредиттік тәуекелге сондай-ақ своптар, опциондар бойынша және есеп айырысуларды реттеу кезеңінде бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерді әріптестің орындамауына байланысты туындайтын залал тәуекелі кіреді;

9) құқықтық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуы не зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры тәжiрибесiнiң оның iшкi құжаттарына сәйкес келмеуi, ал Қазақстан Республикасы резидент еместерiне қатысты басқа мемлекеттер заңдарының талаптарын бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

10) операция тәуекелi – зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі бақылау ұйымына қойылатын талаптарды бұзуы (сақтамауы) салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Операция тәуекелiне сондай-ақ операция (компьютер) жүйелеріндегі елеулі іркілістердің туындауына байланысты тәуекелдер, белгіленген лимиттердің асып кетуі, бағалы қағаздармен немесе бэк-офис жұмысы барысында операторлардың қателерімен операциялар жасаған кездегі алаяқтық жатады;

11) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелi – зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының өз мiндеттемелерiн орындамауы не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздар өтімділігін жоғалту тәуекелі активтер сияқты олардың тез сатылу қабілеттілігімен, төмен шығасылармен және қолайлы бағалар бойынша айқындалады;

12) проценттiк тәуекел - сыйақы ставкаларының қолайсыз өзгеруi салдарынан туындаған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi, оның iшiнде:

орналастырған активтер мен тартылған мiндеттемелердi (белгiленген сыйақы ставкалары кезiнде) қайтару және өтеу мерзiмдерiнiң сәйкес келмеуiнен шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаты бар құралдардың бiрқатары бойынша алынатын және төленетiн сыйақыны есептеу және түзетудiң түрлi әдiстерiн қолдануға байланысты негiзгi тәуекел;

13) рыноктық тәуекел – қаржы рыноктарының қолайсыз қозғалыстарымен байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Рыноктық тәуекелдің макроэкономикалық табиғаты бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері рыноктық тәуекелдің көздері болып табылады;

14) стресс-тестинг – зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйіне төтенше, бірақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың әлуетті әсер етуін өлшеу әдісі;

15) тәуекелдердi басқару жүйесi - бұл процеске төрт негiзгi элемент кiредi: тәуекелдi бағалау, тәуекелдi өлшеу, тәуекелдi бақылау және тәуекел мониторингi;

16) фронт-офис – негiзгi функциясы қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының бөлiмшесi;

17) “stop-loss” – лимиттерді белгілеу саясаты, қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі.


2-тарау. Инвестиция объектілері


3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - Ұйым) және/немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі - Қор) әрбір жеке Қордың инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерін осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген зейнетақы активтерінің жалпы көлеміндегі мөлшерде (мәміле жасалған күнге инвестицияның ағымдағы көлемін және Қордың кастодианының инвестициялық шоттарындағы ақша қалдығын қосқанда) қаржы құралдарына дербес орналастырады.


3-тарау. Инвестициялау шарттары және тәртібі


4. Зейнетақы активтері есебінен жасалатын мәмілелерді Ұйым (Қор) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы орган қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасайды.

Ұйымның (Қордың) мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін бастапқы ұйымдаспаған рынокта (оларды орналастыру кезінде) Ұйым (Қор) дербес жасайды.

Ұйымның (Қордың) мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін Ұйым (Қор) қайталама рынокта осы тармақтың төртінші абзацында белгіленген жағдайдан басқа жағдайда тек қана бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында жасайды.

Ұйым (Қор) “Акционерлік қоғамдар туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес эмитенттің инвестициялық портфеліндегі бар акциялары үшін төлем талап етуіне болады.

5. Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті, сондай-ақ клиенттер шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы болған жағдайда Қор тек онда басқаруда болған зейнетақы активтеріне және дербес активтерге қатысты брокерлік, дилерлік қызмет көрсетеді.

6. Зейнетақы активтерінің қатысуымен ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында жасалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалуы тиіс. Зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын “кері репо” мәмілелері 30 күннен аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.

7. Ұйымның (Қордың) бір эмитентінің екінші деңгейдегі банктердің біріндегі салымдарға салған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарының инвестиция мөлшері Ұйым (Қор) үшін белгіленген пруденциалдық нормативтердегі белгіленген нормативтерге сәйкес келуі тиіс. Ұйым (Қор) осы бағалы қағаздармен сауда-саттықты сауда-саттық ұйымдастырушы бастапқы рынокта (оларды орналастыру кезінде) уақытша тоқтатқан жағдайда сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып ала алмайды.

8. Ұйымның (Қордың) жеке активтері және Қордың зейнетақы активтері орналастырылған екінші деңгейдегі банктердің біріндегі салымдар бойынша алынған сыйақының жылдық мөлшерлемесі салымның осыған ұқсас мерзімімен инвестицияланған кезеңдегі ұлттық немесе шетел валютасымен номинирленген (салым жөніндегі мөлшерлеме тәуелді валютаға қатысты) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша көрсетілген аппроксимирленген кірістілік ставкасынан төмен болмауы тиіс. Аталған аппроксимирленген кірістілікті қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен сауда-саттық өткізген сауда-саттықты ұйымдастырушының қалыптасқан сауда-саттық нәтижесіне байланысты логарифмдік аппроксимация әдісімен былайша белгілейді:

1) зейнетақылық немесе меншікті активтердің салымға орналастырылған күнінің алдындағы бір апта ішіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютаға номинирленген мемлекеттік бағалы қағаздарына қатыстылығын;

2) зейнетақылық немесе меншікті активтердің салымға орналастырылған күнінің алдындағы бір ай ішіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютаға номинирленген мемлекеттік бағалы қағаздарына қатыстылығын.

Апроксимирленген кірістілік мынадай формула бойынша есептеледі:


I = a*ln(x) + b, мұнда x – салым мерзімі,

 



мұнда

Ii(t) – зерттелетін кезеңдегі белгілі мәндер бойынша процентпен кірістілік;

t – өтелгенге дейінгі күн саны;

n теңестіру коэффициентін анықтаған кезде пайдаланылған кірістілік мәнінің саны.

9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша номиналы ұлттық немесе шетел валютасымен белгіленген осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген жуықтатылған кірістілікті уәкілетті орган апта сайын аптаның бірінші жұмыс күні алматы уақытымен 18.00 және 21.00 сағат аралығында "кiрiстiлiктiң қисық сызығы" түрiнде Интернет желiсiнің уәкілетті органның web-cайтындағы "Активтердi бағалау" бөлiмiнде жариялайды және жаңартады.

Ұйымның (Қордың) меншікті активтерін және Қордың зейнетақы активтерін Ұлттық Банкте немесе екінші деңгейдегі банкте салымға орналастыру мерзімі отыз алты айдан аспайды. Осы мерзім өткенге дейін салым сомасы және ол бойынша сыйақы сомасы Қордың инвестициялық шотына есептелуі тиіс.

10. Қордың кастодиан банктегі инвестициялық шотына, осы Қордың шетелдік кастодиандық банктердегі кастодиан банктің корреспонденттік шотына және халықаралық депозитарий-есеп айырысу жүйесіне қатысушы – шетелдік ұйымдардағы кастодиан банктің шотына түсетін зейнетақы активтері жеті жұмыс күні ішінде ағымдағы шегерімдерді шығарып тастағанда толық көлемде Ұйымның (Қордың) инвестициялауы тиіс.

Қордың аталған шотындағы ақша қалдығы осы ереженің 11-тармағымен белгіленген шектен төмен болған жағдайдан басқа жағдайда осы тармақтың бірінші абзацымен белгіленген талаптар бұзылған кезде, Ұйым (Қор) тәртіп бұзылған күннен кейінгі бір күн ішінде уәкілетті органға осы тәртіп бұзуды жоюдың іс-шаралар жоспарын қоса беріп, осы тәртіп бұзу фактісі және себептері туралы ақпарат жібереді.

11. Қордың инвестициялауға арналған ақша қалдығы Қордың жиынтық ақшасын қосқандағы: кастодиан банктегі инвестициялық шоттардағы; осы Қордың шетелдік кастодиан банктеріндегі кастодиан банктің корреспонденттік шоттарындағы; осы Ереженің 10-тармағының бірінші абзацының талаптарын бұзу фактілері мен себептері туралы уәкілетті органға ақпаратты тәртіп бұзылған күннен бастап бір күн ішінде Ұйымнан (Қордан) талап етілмейтін шетелдік ұйымдардың – халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйесіне қатысушылардың кастодиан банкінің шоттарындағы барынша жоғары мөлшері бір миллиард және одан көп болғанда – зейнетақы активтерінің 1,5% мөлшерін құрайды.

Осы Ереженің 10-тармағының екінші абзацында көрсетілген ақпаратты уәкілетті орган осы Ереженің 10-тармағының бірінші абзацына сәйкес айқындалған мерзім аяқталғанға дейін алуға тиісті. Егер осы мерзім аяқталғанға дейін екі жұмыс күнінен аз қалса, өтініште оны кешіктіріп ұсыну себептері түсіндірілуі тиіс.

12. Ұйым (Қор) зейнетақы активтері инвестициялық басқаруға қабылданған Қор салымшыларының мүдделері үшін ғана әрекет жасайды.

Ұйым (Қор) бірдей ұлттық бірегейлендіру номері бар бағалы қағаздарды Ұйымның (Қордың) инвестициялық басқаруындағы меншікті активтері есебінен және зейнетақы активтері есебінен сатып алу (сату) туралы бір күнде инвестициялық шешім қабылдай алмайды.

13. Егер қандай да болмасын жағдайдың нәтижесінде Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы осы Ереженің 3 және 7-тармақтарында белгіленген жағдайларға сәйкес келмегенде, Ұйым (Қор) мұндай сәйкессіздікті тереңдететін инвестициялық қызметті дереу тоқтатады және бір күннің ішінде уәкілетті органға осы сәйкессіздік фактісі және себептерін оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының қосымшасын қоса ұсыну арқылы хабарлайды.

14. Ұйым (Қор) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметін мыналарды (оның ішінде):

зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібін;

зейнетақы активтерінің қатысуымен мәміле жасау және оларды аяқтауды жүзеге асыру тәртібін;

деректер мен құпия ақпараттың тұтастығын қамтамасыз етуге ішкі бақылау жасау тәртібін айқындайтын ішкі құжаттар негізінде жүзеге асырады.

15. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін берілетін ұсынымдар (бұдан әрі - ұсынымдар) негізінде қабылданады.

16. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібінде мыналар:

1) мыналарды көздейтін ұсынымдарды беру үшін ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тәртібі болуы тиіс:

ұсынымдарды беретін уәкілетті лауазымды тұлғалардың тізбесі;

зейнетақы активтері портфелінің жай-күйін талдау;

инвестиция жасау болжалданып отырған қаржы құралдарына талдаудың болуы, сұрату және кірістілік талаптары;

инвестиция жасау болжалданып отырған қаржы құралдарына байланысты тәуекелдерді талдау;

уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген түрлендіру нормаларын сақтауды талдау;

ұсынымдарды беру кезіндегі өзге де маңызды факторларды талдау болуы тиіс;

2) соларды негізге алып қабылданған ұсынымдар мен инвестициялық шешімдердің бірегей тіркеу журналында тіркелу тәртібі;

3) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы органға кіретін лауазымды тұлғалардың тізбесі;

4) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы органның инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі.

17. Ұсынымда мыналар:

1) берілген күні және ұсыным нөмірі;

2) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі (сипаттамасы);

3) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижесі;

4) инвестициялық шешімнің ұсынылып отырған нұсқалары;

5) ұсынымды берген тұлғалардың қолдары болуы тиіс.

18. Инвестициялық шешімде мыналар:

1) инвестициялық шешімнің қабылданған күні және нөмірі;

2) негізінде инвестициялық шешім қабылданған ұсынымның берілген күні және нөмірі;

  1. аяқталуы тиіс мәміленің түрі;

  2. мәміле аяқталуы тиіс қаржы құралын бірегейлендіргіш;

  3. аяқталуы тиіс мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемінің диапазоны, бағалар және сомалар);

  4. мәміленің аяқталу мерзімі;

  5. мәміленің аяқталуы болжалданатын рыноктың типін (бастапқы немесе қайталама) көрсету;

  6. мәміленің (осындай болған жағдайда) аяқталуы оның көмегі арқылы болжалданатын делдалдың (брокердің) атауы;

  7. мәміленің аяқталуы зейнетақы активтері есебінен болжалданып отырған қордың атауы;

10) ивестициялық шешім қабылдаған тұлғалардың қолы болуы тиіс.

19. Зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасау және олардың аяқталуына бақылау жасау тәртібінде мыналар:

1) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле (осындай болған жағдайда) жасау көмегі арқылы болжалданып отырған делдалмен (брокермен) қарым-қатынас жасау тәртібі;

2) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауды аяқтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тізбесі;

3) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауды аяқтауға бақылау жасау тәртібі;

4) кастодиан банктермен және қорлармен салыстыруды жүзеге асыру тәртібі;

5) ішкі аудитті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауын аяқтау дұрыстығын тексеру және кастодиан банктермен және қорлармен мәміле жасау дұрыстығын тексеру тәртібі және мерзімділігі;

6) ішкі есеп және құжат айналымын енгізу тәртібі болуы тиіс.

  1. Зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауға бақылауды жүзеге асыру үшін мыналарды:

мәміле жасауға қажетті тапсырыстарды есепке алу журналын;

орындалған және орындалмаған мәмілелерді есепке алу журналын;

банк салымының шарттарын есепке алу журналын;

кастодиан банктердің бұйрықтарын тіркеу журналын;

кастодиан банктермен және қорлармен салыстыру актілерін тіркеу журналын толтыруы тиіс.

Осы аталған журналдармен қатар Ұйым (Қор) басқа да қосымша есепке алу журналдарын жүргізуі мүмкін.

  1. Деректер мен құпия ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі ішкі бақылау тәртібінде мыналар:

1) құпия санатқа жататын ақпараттар тізбесі;

2) құпия ақпарат болып табылатын құжаттарды жасау, ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібі;

3) лауазымды қызметі бойынша құпия ақпаратқа рұқсат берілген тұлғалар көрсетілген құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібі;

4) деректердің электронды массивінің сақталуын қамтамасыз ету тәртібі болуы тиіс.

22. Ұйым (Қор) осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген хеджирлеу құралдарын пайдалануы мүмкін. Хеджирлеу құралын пайдалану шегі осы Ереженің 1-қосымшасымен белгіленген хеджирлеу объектісіне (базалық актив) салынған инвестиция мөлшерінің мәні осы Ереженің 23-тармағымен белгіленген талаптарды ескере отырып, осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген мәннен аспауы тиіс.

Осы Ереже мақсаттары үшін хеджирлеу құралы деп осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын қаржы құралдарын түсінуге болады.

Хеджирлеу объектісі (базалық актив) деп осы Ереже белгілеген мөлшердегі зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарын түсінуге болады.

Хеджирлеу деп жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінде бар немесе осыған байланысты бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес анықталған ақшаның түсуін хеджирлеу объектісі әділ құнының өзгеруінің ішінара немесе толық өтемақысын хеджирлеудің бір немесе бірнеше құралдарын пайдалануды түсінуге болады.

Хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру туралы шешімді инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы орган қабылдайды. Осы шешімде мынадай ақпарат:

  1. шешім нөмірі, қабылданған күні;

2) негізінде инвестициялық шешім қабылданған ұсынымның берілген күні және нөмірі;

3) хеджирлеу құралының түрі, оның жасалу мерзімі, көлемі, құны (сыйақылар), хеджирлеу операцияларын жасау жоспарланып отырған рынок көрсетілген хеджирлеу құралының жан-жақты сипаттамасы және осы құралдың басқа да сипаттамалары (талаптары);

4) осы хеджирлеу құралын қолданудан күтіліп отырған нәтижелер;

5) хеджирлеу объектісінің түрін (проценттік, бағалық, валюталық және басқа), сондай-ақ оны бағалау әдістемесін көрсетіп, хеджирлеу объектісінің тәуекеліне (базистік актив) баға беру;

6) қажетті деректемелері көрсетілген (ұлттық бірегейлендіру нөмірі, саны, құны, көлемі, валютасы), сондай-ақ осы хеджирлеу объектісін зейнетақы активтері есебінен сатып алған қордың атауы көрсетілген хеджирлеу объектісі;

7) хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдау үшін пайдаланылған ақпаратты талдау қорытындылары;

8) инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың қолы болуы тиіс.

23. Егер бір хеджирлеу объектісін хеджирлеу үшін хеджирлеудің бірнеше құралдарын қолдану жоспарланған болса, онда қабылданған шешімде хеджирлеу құралының әрбір түрі көрсетіледі. Хеджирлеудің бірнеше құралдарын қолдану кезінде оларды пайдаланудың жиынтық шегі әрбір хеджирлеу құралына қатысты белгіленген хеджирлеу объектісіндегі инвестиция мөлшерінің мәнінен аспауы тиіс.

24. Хеджирлеу операциялары бойынша қабылданған барлық шешімдер Ұйымда (Қорда) инвестициялық шешімдерді есепке алу журналында көрсету жолымен сақталады.

25. Хеджирлеу операциялары аяқталған соң тиісті шешіммен оның аяқталғандығы туралы белгі қойылады және осы хеджирлеу құралының түрін пайдаланудың нақты нәтижесі көрсетіледі.

26. Хеджирлеу операциялары процесі жағдайында хеджирлеу құралының түрін, мерзімін және басқа сипаттамаларын өзгерту қажеттігі туған жағдайда, осы шаралар осы Ереженің 22-тармағының 3), 4), 5) және 7), 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді келтіре отырып, хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру туралы тиісті шешімде көрсетіледі.

27. Хеджирлеу операцияларын, сондай-ақ ол бойынша кірісті және шығынды Ұйымның (Қордың) қаржылық есеп беруінде есепке алу және көрсету қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

28. Осы операцияның хеджирлеу операциясына қатысты екенін растау мақсатында Ұйым (Қор) хеджирлеу операцияларын жүзеге асыратын әр шешімге осы жасалған операциялардың хеджирлеу объектісі бойынша болуы мүмкін шығынның (ала алмаған кіріс) мөлшерін түсіруге алып келетінін растайтын тиісті есеп жасайды.

29. Ұйым (Қор) өз қызметі процесінде Ұйымдағы (Қордағы) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.

30. Ұйымдағы (Қордағы) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы корпоративтік басқаруға, қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүргізу тәжірибесіне, ақпарат жүйелерінің және басқару ақпараты жүйелерінің қызмет етуіне қойылатын осы Ереже белгілеген талаптарға сәйкестікті көздейді.

31. Тәуекелдерді басқару жүйесін және ішкі бақылауды ұйымдастыру Ұйымның (Қордың) осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкестігімен қамтамасыз етіледі.

32. Тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүргізу тәжірибесінің болуы осы Ереженің 4-қосымшасында көрсетілген талаптарға Ұйымның (Қордың) сәйкестігімен қамтамасыз етіледі.

33. Тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде Ұйымның (Қордың) операциялық қызметінің болуына, ақпарат жүйелері мен басқару ақпараты жүйелерінің қызмет етуіне осы Ереженің 5-қосымшасында көрсетілген талаптарға Ұйым (Қор) сәйкес келген кезде жол беріледі.

34. Ұйым (Қор) жыл сайын, есептіден кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей, осы Ереженің 3-5-қосымшаларында көрсетілген талаптардың орындалуын бағалау жөніндегі олар дайындаған есепті уәкілетті органға береді. Осы есепте:

  1. тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылаудың болуына қойылатын талаптар мен талап критерийлерінің толық тізбесі;

  2. тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылаудың болуына қойылатын тәрбір талап пен талап критерийіне Ұйымның (Қордың) сәйкестігі бойынша бағалау, оның ішінде көрсетілген талаптарға Ұйымның (Қордың) жан-жақты айқындайтын сәйкестігі;

  3. Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару жүйесіндегі, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылаудың болуына қойылатын талаптар мен талап критерийлері бойынша кемшіліктер;

  4. тәуекелдерді басқару жүйесіндегі және ішкі бақылаудағы кемшіліктерді жою жөніндегі қажетті іс-шаралар болуы тиіс.

35. Ұйымдар (Қорлар) орындауға міндетті талаптардың негізгі критерийлері осы Ереженің 6-қосымшасында айқындалған.

36. Ұйымдар (Қорлар) орындауға міндетті талаптардың қосымша критерийлері осы Ереженің 7-қосымшасында айқындалған.





Зейнетақы активтерін

инвестициялық

басқару жөніндегі қызметті

жүзеге асыру ережесінің

1-қосымшасы

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы
Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconКредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының icon«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы
Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconСақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница