Астана қаласы




НазваниеАстана қаласы
страница1/7
Дата конвертации27.09.2012
Размер0.85 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://portal.telecom.kz/download/000docs/Ustav_081110_kaz.doc
  1   2   3   4   5   6   7
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы

Акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысы шешімімен

Б Е К І Т І Л Г Е Н



2008 жылғы 15 тамыздағы № 37-хаттама


(12.07.2010ж. жағдай бойынша)


«Қазақтелеком»

акционерлік қоғамының

Ж А Р Ғ Ы С Ы


Астана қаласы


2008 жыл

Осы Жарғы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексіне сәйкес жаңа редакцияда әзірленді және бұдан әрі Қоғам деп аталатын "Қазақтелеком" акционерлік қоғамын ұйымдастыру мен іс-әрекеттерінің құқықтық негіздерін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер



1-бап. Қоғамның атауы және орналасқан жері


1. Қоғамның толық ресми атауы:


1) қазақ тілінде: «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы


2) орыс тілінде: Акционерное общество «Казахтелеком»


3) ағылшын тілінде: Joint Stock Company «Kazakhtelecom»


2. Қоғамның қысқартылған ресми атауы:


1) қазақ тілінде: «Қазақтелеком» АҚ


2) орыс тілінде: АО «Казахтелеком»


3) ағылшын тілінде: JSC «Kazakhtelecom»


3. Қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 31.


4. Қоғам Басқармасының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 31.


2-бап. Қоғамның заңдық мәртебесі

1. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша Қоғам заңды тұлға болып табылады, өзінің дербес балансы бар, өзінің атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелене және атқара алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.


2. Қоғам өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, негізгі мақсаты акционерлерінің мүддесі үшін табыс табуды көздейтін коммерциялық ұйым болып табылады.


3. Қоғамның ұйымдық – құқықтық нысаны – акционерлік қоғам.


4. Қоғамның меншік нысаны – жекеменшік.


5. Қоғам Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы 17 маусымдағы № 666 қаулысына сәйкес құрылған және Ұлттық компания мәртебесіне ие. Қоғамның осы тармақта көрсетілген құқықтық мәртебесінің шеңберінде құқықтары мен міндеттерін атқару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қоғам Жарғысымен белгіленеді.


6. Қоғам «Қазақтелеком» Ұлттық акционерлік компаниясының құқықтық мирасқоры болып табылады (шаруашылық серіктестігін, акционерлік қоғамды немесе компанияны мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1994 ж. 26 қарашада берген № 57473 куәлік).


7. Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында акционерлік қоғамдар үшін қарастырылған барлық құқықтарды, сондай-ақ 1996 ж. 05 қарашадағы № 000001 лицензияға және оның 1997 ж. 31 мамырдағы қосымшасына, сонымен қатар, 2004 ж. 28 мамырдағы № АБА 000001 лицензияға сәйкес берілген байланыс операторы құқықтарын пайдаланады.


8. Қоғамның мөрлері, банкілерде есеп-шоттары, оның ішінде валюталық есеп-шоттары бар, тауарлық белгісі, логотипі және басқа да фирмалық деректемелері болуы мүмкін. Қоғамның барлық деректемелері мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді. Мемлекеттік және орыс тілдері Қоғамның жұмыс тілдері болып табылады. Қажет болған жағдайда Қоғам құжаттары басқа да тілдерде дайындалуы мүмкін.


9. Қоғам қорғану құжаттарын, «ноу-хау» технологияларын, басқа да зияткерлік шығармашылық жұмыс нәтижелері құқыларын сатып алуға және иелік ету мен пайдалану құқығын беруге, сондай-ақ өзінің иелігіндегі мемлекеттік құпияларды, қызмет бабындағы ақпаратты, коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын Қоғам құпияларын сақтауды қамтамасыз етуге құқылы.


10. Қоғам еншілес және тәуелді заңды тұлғалар құруға, сондай-ақ осы Жарғыда және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған тәртіппен Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде басқа да заңды тұлғалардың жарғылық капиталдары мен іс-әрекеттеріне қатысуға құқылы. Қоғам және еншілес/тәуелді ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынас Қоғамның және оның еншілес/тәуелді ұйымдарының тиісті органдары арқылы бекітілген корпоративтік рәсімдер аясында жүзеге асырылады.


11. Қоғам сондай-ақ мыналарға:

1) Қоғамда тиісті құрылымдық өзгерістер жүргізуге;

2) Қоғам атынан мүліктік және қаржылық операциялар атқаруға сенімхаттар мен кепілдемелер және жүргізілетін мәмілелер мен операциялар бойынша міндеттемелер беруге;

3) Қазақстан РРРРРРРРррРр Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған тәртіппен Қоғам тарапынан көрсетілетін байланыс қызметтеріне тарифтер қалыптастыруға;

4) азаматтық-құқықтық жауапкершілік пен Қоғамның қызметінде пайда болатын кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыруға құқылы.


12. Қоғам Қазақстан РРРРРРРРррРр Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттеріне ие болады.


3-бап. Қоғамның филиалдары мен өкілдіктері


1. Қоғам заңды тұлға болып табылмайтын, Директорлар кеңесі бекітетін Ережелер негізінде іс-қимыл жасайтын филиалдар мен өкілдіктер (құрылымдық бөлімшелер) құруға құқылы. Қоғамның нормативтік құжаттарын, сондай-ақ филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін оңтайландыру және біріздендіру мақсатында Басқарма Қоғамның филиалы/өкілдігі туралы үлгі ереже әзірлеуге құқылы. Бұл ретте, Қоғамның филиалдары және өкілдіктері туралы ережелерді тікелей бекітуді Директорлар кеңесі атқарады.


2. Филиалдың ұйымдық құрылымын Қоғам Басқармасы бекітеді. Филиалдың (өкілдіктің) ішінде құрылымдық бірліктерді құру және тарату Қоғам Басқармасының шешімі негізінде атқарылады.


3. Филиалдың (өкілдіктің) іс-әрекеттерін басқаруды Басқарма тағайындаған тұлғалар жүзеге асырады. Филиалдың (өкілдіктің) басшысы Басқарма алдында жауап береді және Қоғам Басқармасы Төрағасынан алған Бас сенімхат негізінде іс-қимыл жасайды. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басқа да басшы қызметкерлерін тағайындау тәртібі филиал (өкілдік) туралы ережемен белгіленеді.


4. Қоғам филиалдарының және өкілдіктерінің қызметі үшін жауап береді.


4-бап. Қоғамның және оның акционерлерінің жауапкершілігі


1. Қоғам өз акционерлерінің мүліктерінен оқшауланған мүлікке ие және өзінің міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі мүлік шегінде жауапкершілік арқалайды.


2. Қоғам өз акционерлерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Акционерлер Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қоғам іс-әрекеттеріне қатысты залалдарға өз иелігіндегі акциялардың құны шегінде тәуекел етеді.


3. Қоғам мен оның акционерлері арасындағы мәмілелер кәдімгі коммерциялық негізде жасалады.


4. Қазақстан Республикасы Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал Қоғам Қазақстан Республикасының міндеттемелері бойынша жауапты емес.


5-бап. Қоғамның қызмет мерзімі


Қоғамның қызмет мерзімі шектелмейді.


2-тарау. Қоғам қызметі


6-бап. Қоғам қызметінің негізгі мақсаттары


1. Қоғам өз қызметін мына мақсаттарда жүзеге асырады:


1) коммерциялық қызметтен пайда табу және оны акционерлердің мүддесіне пайдалану;

2) Қазақстан Республикасы аумағында қазіргі заманға сай телекоммуникация желілерін құру және оларды әлемдік телекоммуникация желісімен ықпалдастыру;

3) Қазақстан Республикасы аумағында және шетелдерде пайдаланушыларға телекоммуникация қызметтерінің барлық түрлерін ұсыну.


2. Қоғам қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, іскерлік этикасының жалпы қабылданған қағидаттарымен (дәстүрлерімен), Корпоративтік басқару кодексімен, Листингтік ережелермен, шарт міндеттемелерімен және осы Жарғымен жүзеге асырылады.


7-бап. Қоғам қызметінің түрлері


1. Қоғам Қазақстан Республикасының байланыс операторы ретінде жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілерін және жекеменшік телекоммуникация жүйелерін құру, құрастыру, пайдалану және оларға техникалық күтім жасау қызметтерін жүзеге асырады, Халықаралық Электр байланысы Одағының Регламентіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа мемлекеттердің Байланыс әкімшіліктерімен, компаниялармен, пайдаланушылармен, халықаралық ұйымдармен есеп айырысу құқығымен жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісі операторының, оның ішінде қалааралық және халықаралық байланыс операторының міндеттерін атқарады.


2. Мыналарды ұсынады:

  1. таксофон желісі, телеграф байланысы мен АТ-50 және Телекс абоненттік телеграфтау желісі, деректер беру қызметтері, оның ішінде арналар мен пакеттерді коммутациялау қызметтерімен бірге, жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісінің дыбыстық байланыс базалық қызметтерін;

  2. телекоммуникация қызметтерінің барлық түрлерін тарату үшін арналар мен байланыс жолдарын, оның ішінде цифрлыларын жалға беру;

  3. қосымша қызметтер көрсету, оның ішінде, конференц-байланыс, сөздік пошта, хабар күту, шақыру күту, шақыру жіберу, шақыруларды бұғаттау, шақыруларды селективтік қабылдау, шақырушы абоненттерді идентификациялау, шақыруларды іріктеу, жедел шақыру, қайта шақыра отырып нөмірді теру, деректер банкі қызметтері, бейнеконференциялар өткізу, интерактивтік ақпарат құралдары қызметтері, “клиент сервер” типті жүйелерді пайдалану және жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілері немесе жеке телекоммуникация жүйелері арқылы көрсетілуі мүмкін басқа да қызметтерді;

  4. ақпараттық–анықтамалық қызметтердің және операторлар арқылы қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерінің, сондай-ақ шұғыл қызметтерге (01, 02, 03, 04, 051) хабарласу қызметінің барлық түрлерін көрсету;

  5. бағдарламалық өнімдерді, жабдықтарды, консалтинг қызметтерін жеткізуді қоса алғанда, ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді енгізу және сервистік қызмет көрсету бойынша қызметтер.


3. Жоғары технологиялық байланыс қызметтерін ұсыну:


  1. зияткерлік байланыс желісі қызметтерін, кадрларды қайталап көрсету қызметтерін көрсету;

  2. интернетке коммутациялап кіруді ұсыну қызметтерін көрсету;

  3. бөлектелген арналар арқылы интернетке кіруді ұсыну қызметтерін көрсету;

  4. мөлдір цифрлы арналарды ұйымдастыру;

  5. VPDN (жеке коммутацияланған виртуальды желілер) қызметтерін ұсыну;

  6. бейнеконференцбайланыс қызметтерін ұсыну;

  7. басқа да жоғары технологиялық байланыс қызметтері.




  1. Сымсыз байланыс қызметтерін көрсету:

1) барлық пейджингтік және басқа ұқсас сымсыз деректер мен хабарлар беру қызметтерін енгізу, пайдалану, қабылдау және беру;

2) барлық жеке-дара байланыс қызметтері мен барлық жеке-дара байланыс жүйелерін, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген транкингтік ұтқыр жүйелерді және стандарттардың ұялы байланыс қызметтерін қоса отырып, бірақ бұлармен шектеліп қоймай, енгізу, пайдалану, қабылдау және беру.


5. Спутниктік байланыс қызметтерін ұсыну:

Телекоммуникацияны пайдаланушыларға спутниктік байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында радиожиілік спектрі мен геостационарлық және төменорбитальдық байланыс спутниктерінің орбиталарын пайдалану.


  1. Телекоммуникация саласында технологиялық жұмыстарды жүзеге асыру:

  1. жалпы республикалық, магистральдық және халықаралық байланыс жолдарын жобалау, құрылысын жүргізу және пайдалану;

  2. инженерлік-іздестіру, ғылыми-зерттеу, сараптау, жобалау-конструкторлық жұмыстар;

  3. құрылыс-құрастыру, жөндеу және іске қосу-келтіру жұмыстары;

  4. инновациялық жұмыс;

  5. телекоммуникация саласындағы метрологиялық жұмыс;

  6. байланыс арналары арқылы ақпараттың барлық түрлерін толассыз беруді ұйымдастыру, жұмыстың сенімділігі мен сапасын арттыру және телекоммуникация желілерін тиімді пайдалану;

  7. Қоғамның телекоммуникация желілерін дамыту және жаңғырту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

  8. телекоммуникация ғимараттары мен объектілерінің күрделі құрылысын ұйымдастыру;

  9. байланыс қызметтерін пайдаланушылардың мүдделеріне сай желінің трактілері мен арналарын ұтымды түрде бөліп таратуды, басымдылықпен бөлуді, сондай-ақ, резервте сақтауды қамтамасыз ету;

  10. Қоғамның телекоммуникация желілерін қалыптастыру;

  11. Қоғамның телекоммуникация желілері жұмысының сапасы туралы ақпарат жинау және талдау;

  12. телекоммуникация құралдарын пайдалануды жетілдіру;

  13. телекоммуникация объектілерін, олардың өндірістік-экономикалық жағынан тиімділігін арттыру мақсатында қайта құру;

  14. желінің жай-күйіндегі және Қоғамның байланыс желісін нөмірлеудегі өзгерістер туралы пайдаланушылар мен байланыс операторларын хабардар ету;

  15. телекоммуникация бойынша халықаралық жобаларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;

  16. әртүрлі операторлармен және байланыс қызметін пайдаланушылармен өзара есеп айырысуды жүзеге асыру;

  17. Қоғамның мүддесі үшін халықаралық телекоммуникациялық және басқа да ұйымдар мен бірлестіктерге қатысу;

  18. жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілерінің немесе Қоғам пайдаланатын жеке желілердің көмегімен кез келген басқа қызметтерді көрсету.


7. Қоғамның мүлікті орталықтандырылған басқару бойынша басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруы:

  1. Қоғамға заңнамалық тәртіппен көзделген рұқсат етілген сыртқы экономикалық іс-әрекеттер атқару;

  2. сауда-сатып алу, делдалдық және коммерциялық жұмыстар;

  3. менеджмент, маркетинг, инжиниринг;

  4. ақпараттық, сервистік және басқа да Қоғам үшін тыйым салынбаған қызметтерді көрсету;

  5. Қоғамның және басқа да заңды, жеке, оның ішінде шетелдік тұлғалардың қаржылық қаражаттарын Қоғамның телекоммуникация желісін дамытуға жұмылдыру және шоғырландыру;

  6. Қоғамның құрылымдық бөлімшелері арасындағы шаруашылық және өндірістік өзара қарым-қатынастарды реттейтін нормативтер әзірлеу;

  7. ішкі және сыртқы рынокта Қоғамның бағалы қағаздарын шығару және сату;

  8. мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу және сату;

  9. Қоғамның қаражаттарын салалық және аймақтық бағдарламалар мен жобаларға инвестициялау;

  10. төте және портфельдік инвестициялау;

  11. Қоғам қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін алдыңғы қатарлы технологиялар, бірлескен өндірістер құру мақсатында өз қаражаттарымен басқа заңды тұлғалардың іс-әрекеттеріне қатысу;

  12. еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жұмыстарын ұйымдастыру;

  13. телекоммуникация құралдарына сервистік күтім жасау жүйесін құру;

  14. құрылымдық бөлімшелерді материалдық - техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

  15. ғимараттарды, құрылғыларды, технологиялық және арнайы көлікті, механизмдерді, энергетикалық жабдықтарды белгіленген ережелер мен нормаларға сәйкес ұстауды қамтамасыз ету;

  16. қабылданған бағдарламаларға сәйкес Қоғам кадрларын дайындаудың және қайта дайындаудың тиімді жүйесін енгізу;

  17. әріптестерді іздестіру және олармен Қоғам мүддесіне сай шарттар жасасу;

  18. Қоғамның жылжымайтын мүлкін басқару, мүліктік құқық мүддесінің сақталуы және қорғау бойынша шараларды іске асыру.

  19. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да қызметтер.

  1   2   3   4   5   6   7

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Астана қаласы iconАстана қаласының білім басқармасы
Ақын Мұхтар Шаханов, Төлеген Айбергеновтың қызы Айбергенова Хорлан Төлегенқызы, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы,...

Астана қаласы iconАстана қаласы бойынша Салық департаменті бастығының
...

Астана қаласы icon2010 жылғы «29» желтоқсандағы №22-1286қ қаулысымен бекітілген Астана қаласы Білім басқармасының
Астана қаласы Білім басқармасының халықаралық және республикалық симпозиумдар, конференциялар, семинарлар мен форумдар өткізу орталығы...

Астана қаласы iconНазар аудараныз аукцион!!!
Шс астана қаласы, 5 шағын аудан, 23 үй, 118 пәтер, стн 620200251598, бсн 050340000633 конкурстық басқарушысы борышкердің конкурстық...

Астана қаласы icon«Тіл және қоғам» мамандандырылған альманағын шығаруға қызмет көрсетудің баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттама Астана қаласы 2008 жыл «27» мамыр
Азақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі» ғимараты, «А» блогы

Астана қаласы iconАстана қаласы бойынша
Салықтық шағымдар мен салық заңнамасын түсіндіру басқармасы (бұдан әрі Басқарма) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық...

Астана қаласы iconБекітемін Астана қаласы бойынша
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті» мм бағалы ұсыныстарды...

Астана қаласы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің
Астана қаласы бойынша Табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне 38 реттеліп көрсетілетін қызмет...

Астана қаласы iconБекітемін: «Қазпочта» АҚ ОҚоф директоры
Казпочта АҚ (010000, Астана қаласы, Әүезов к., 13 ү.) Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 24 үй

Астана қаласы iconАстана қаласы бойынша Салық департаментінің
Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық Комитетінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстваларымен,...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница